Криминалистика пәнінен дәрістер



1.лекция. Тақырыбы. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгіұғымдары.
2.лекция.. Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
3.лекция. Тақырыбы. Криминалистикалық болжаулар және тергеу жоспарының түсінігі және олардың өзара байланысы.
4.5.лекция. Тақырыбы. Адам өлтіру және дене жаракатын салу қылмыстарын тергеу әдістемесі.
6.лекция. Тақырыбы. Ұрлықтың қылмыстарын тергеу әдістемесі.
7.8.лекция Тақырыбы. Тонау және қарақшылық жолмен жасалған мүлікті талан.таражғасалуды тергеу ерекшелігі.
9.10.лекция Тақырыбы. Алаяқтық қылмысын тергеу әдістемесі.
11.лекция Тақырыбы. Қорқытып алушылық қылмыстарын тергеу әдістемесі.
12.13.лекция Тақырыбы. Бөтен мүлікті иелену және ысырап ету қылмыстарын тергеу әдістемесі.
14.лекция Тақырыбы. Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі.
15.лекция Тақырыбы. Өрт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды тергеу әдістемесі.
Қылмыстардың әрбір жеке түрлері бойынша анықтауға жататын мән-жайлар шеңбері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес баптарымен анықталады. Заң нормалары мен тергеу тәжірибелерін басшылыққа ала отырып, криминалистикалық әдістеме тергеушіге қылмыстардың әрбір түрі немесе тобы бойынша анықтауға жататын мән-жайлардың қатарын нақтырақ анықтауға мүмкіндік беретін ұсыныстарды өңдеп жетілдіреді. Анықтауға жататын мән-жайлар Қылмыстық іс жүргізу кодекстің сәйкес баптарының диспозициясы мен қылмыстық процестегі дәлелдеу пәні элементтерінің механикалық үйлесімділігі ғана емес екендігін нақты ескертіп өткеніміз жөн. Аталған санаттар қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық құқық ғылым салаларына жатады, криминалистика ғылымымен толықтырылады, өңделеді, жетілдіріледі және де соның негізінде жаңа сапаға ие болады.
Қылмыстардың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесінің құрылымы мен мазмұны.
Әртүрлі қылмыстарды тергеу әдістемесіне арналған окулықтар мен монографияларда құрылымның толықтығы мен кезектілігін қамтамасыз ететін материялдар ұйғарылып қабылданған нақты бір схемамен беріледі.
Қылмыстардың нақты бір түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің типтік құрылымына сәйкес жеке әдістемеден келесілер көрініс табуы қажет:
• нақты қылмыс түрін (тобын) тергеу кезінде анықгауға жататын жағдайлар;
• нақты бір қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы;
• қылмыстық істі қозғау және берілген санаттағы іс бойынша тергеудің алғашқы кезеңін жоспарлау ерекшеліктері;
• тергеудің әрбір кезеңіндегі туындайтын типтік ситуацияларына, сондай-ақ тергеушінің әрекетінің тақтикалық және ұйымдастыру мен басқа да шараларының ерекшеліктеріне байланысты тәртіп ережелері (багдарламасы, алгоритмі);
• берілген сипаттағы істер бойынша арнайы білімдерді қолдану ерекшеліктері;
• қоғамның көмегін пайдапану ерекшелігі;
• қылмыстың берілген түрін тергеу кезінде тергеушінің анықтау аппараттарымен өзара байланысын үйымдастыру;
• сәйкес санаттағы істі тергеуге байланысты материалдары бойынша тексеріс жұмыстарын ұйымдастыру.
1. Криминалистика / Под ред. И.Ф. Герасимова, Л.Я.Драпкина. М.,1994.
2. Криминалистика / Под ред. Н.П.Яблокова, В.Я. Колдина М.,1990.
3. Криминалистика / Под ред. Н.П.Яблокова.,1995.
4. Криминалистическая энциклопедия / Сост. А.Ф.Аубакиров, Р.С.Белкин, С.Ф.Бычкова, А.Я.Гинзбург, Алматы, 1995.
5. Белкин Р.С. Криминалистика .Криминалистическая энциклопедия М.,1997.
6. Жәкішев Е.Г. Криминалистік тактика. Алматы, 1997.
7. Криминалистика / Жакишев Е. Алматы 2004
8. Белкин Р.С., Крминалистика ; проблемы, мтенденции, перспективы. М.,1988.
9. Жәкішев Е.Г. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және методологиялық негіздері. Алматы , 1991.
10. Е.Қайыржанов. Ардақ Шакенов, Жекелеген қылмыс түрлерін тергеу ерекшеліктері (оқу құралы) Алматы, 2007.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   
14. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

1-лекция.
Тақырыбы. Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгіұғымдары.
Жоспары:
1. Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелері
2. Қылмыстың жекелеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы мен
міндеттері
3. Қылмыстардың жекелеген түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінің пәні
мен қағидалары
4. Криминалистикалық әдістеменің құрлымы мен негізгі ұғымдары

Лекция мақсаты: студенттерге жалпы теориялық білім беру және
криминалистика саласында практикалық тәжірибе жинауға баулу.

Лекция мәтіні: Қылмыстардың әрбір жеке түрлері бойынша анықтауға жататын
мән-жайлар шеңбері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне
сәйкес баптарымен анықталады. Заң нормалары мен тергеу тәжірибелерін
басшылыққа ала отырып, криминалистикалық әдістеме тергеушіге қылмыстардың
әрбір түрі немесе тобы бойынша анықтауға жататын мән-жайлардың қатарын
нақтырақ анықтауға мүмкіндік беретін ұсыныстарды өңдеп жетілдіреді.
Анықтауға жататын мән-жайлар Қылмыстық іс жүргізу кодекстің сәйкес
баптарының диспозициясы мен қылмыстық процестегі дәлелдеу пәні
элементтерінің механикалық үйлесімділігі ғана емес екендігін нақты ескертіп
өткеніміз жөн. Аталған санаттар қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық құқық
ғылым салаларына жатады, криминалистика ғылымымен толықтырылады, өңделеді,
жетілдіріледі және де соның негізінде жаңа сапаға ие болады.
Қылмыстардың жекеленген түрлерін тергеу әдістемесінің құрылымы мен
мазмұны.
Әртүрлі қылмыстарды тергеу әдістемесіне арналған окулықтар мен
монографияларда құрылымның толықтығы мен кезектілігін қамтамасыз ететін
материялдар ұйғарылып қабылданған нақты бір схемамен беріледі.
Қылмыстардың нақты бір түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің
типтік құрылымына сәйкес жеке әдістемеден келесілер көрініс табуы қажет:
нақты қылмыс түрін (тобын) тергеу кезінде анықгауға жататын жағдайлар;
нақты бір қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы;
қылмыстық істі қозғау және берілген санаттағы іс бойынша тергеудің алғашқы
кезеңін жоспарлау ерекшеліктері;
тергеудің әрбір кезеңіндегі туындайтын типтік ситуацияларына, сондай-ақ
тергеушінің әрекетінің тақтикалық және ұйымдастыру мен басқа да шараларының
ерекшеліктеріне байланысты тәртіп ережелері (багдарламасы, алгоритмі);
берілген сипаттағы істер бойынша арнайы білімдерді қолдану
ерекшеліктері;
қоғамның көмегін пайдапану ерекшелігі;
қылмыстың берілген түрін тергеу кезінде тергеушінің анықтау
аппараттарымен өзара байланысын үйымдастыру;
сәйкес санаттағы істі тергеуге байланысты материалдары бойынша тексеріс
жұмыстарын ұйымдастыру.
Жеке әдістеменің бұл құрылымы криминалистикалық әдістеменің жалпы
ережелерінің құрылымы сияқты типтік болып табылады; бұған осы және басқа да
анықтаулар жатады. Жеке әдістеме толық деңгейде өнделіп жетілдірілген деуге
болады, ол қазіргі криминалистика тарауларының барлық талаптарына жауап
береді және оның ары қарай дамуының базасын құрайды.
Тергеу әдістемесінің мазмұнына кіретін негізгі дәрежелерге -
қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы, типтік тергеу ситуациясы,
тергеу кезендері, арнайы білім жатады. Криминалистикалық сипаттама
түсінігінің көлемді болуына байланысты оны біз бөлек тарауда қарастырамыз.
Ал арнайы білім үшінші бөлімде жеке көрсетілген.
Тергеу ситуациясы - тергеудің белгілі бір кезеңінде қолданылатын
тергеушінің қолындағы тергеу ісіне маңызды ақпараттар (дәлелдемелер, сондай-
ақ процесуалдық емес жолмен алынған мәліметтер). Тергеу ситуациясының
мазмұны келесілерден турады: іс бойынша жиналған дәлелдемелерден; тергеу
үшін маңызды басқа да ақпараттардан; алынған ақпаратгардың қайнар көзі
туралы мәліметтерді алудан.
Бұл фактілі мәліметтер жиынтығы өз кезегінде тергеліп отырған оқиғаның
нақты кезеңінің бейнесін толық әрі обьективті түрде сипаттайды және
тергеуші оны бағалай отырып өзінің кейінгі жүргізетін тергеу әрекетін
анықтауға мүмкіндік береді.
Тергеу ситуациясын багалау оның мазмұнына кіре ме деген сұрақтардың
туындауына байланысты көптеген пікір-таластар болуда. Кейбір авторлардың
пікірлері бойынша тергеу ситуациясының түсінігіне міндетті түрде
субьективтік жағдайды бағалау кіреді және ол бір-бірімен байланысты екі
бөлімнен тұрады - фактілік және перспективті (тергеудің алдагы болашағы).
Бұл авторлардың пікірлерінше перспективті бөлім тергеудің нақты жағдайын
тергеушілердің бағалауы мен олардың алдында тұрған мәселелерді анықтаудан
және көздеген мақсатына жету үшін белгілі бір әдіс-тәсілдерді тандауларынан
тұрады. Тергеу ситуациясының маңызды элементі болып тергеушінің өзі
табылады; тергеушінің санасында қалыптасқан жағдайға байланысты
перспективті бөлімнің қалыптасуы, ең алдымен тергеушінің өзінің талпынысына
байланысты келесі жағдайдағы фактілік бөлімге өтеді. Барлық жағдайда
тергеуші алдымен тергеу барысын талдауы тиіс, іс бойынша жиналған қандай да
бір мәліметтерді бағалай отырып, соның негізінде өзінің кейінгі жүргізетін
тергеу әрекеттерін жоспарлауы қажет. Тергеушінің алда тұрған мәселелерді
шешуі, іс бойынша жиналған дәлелдемелер мен басқа да қолда бар деректерге
байланысты болады. Нақты сөзбен айтқанда тергеудің алдағы барысы және
алынған мәліметтер өзара үзіліссіз диалектикалық байланыста болады.
Дегенімен де ситуация салыстырмалы жеке категория ретінде тергеу
ситуациясының мазмұнына кірмейді және оның шеңберінен тыс Тергеу
ситуациясының шеңберінен тыс қарастырылады. Тергеу ситуациясының сипатын
анықтаған кезде міндетті түрде алдымен обьективтік негізі бар факторларға
сүйену қажет. Тергеуші бағалайтын факторлар мен ситуацияларды түл~ас
қарастырғанда әртүрлі бағалауы мүмкін (ол жағдайдың шын мәніне сәйкес,
дұрыс және толық бағалауы немесе субьективті қателесуі мүмкін); әртүрлі
лауазымды тұлғалар (мысалы: тергеуші мен тергеу бөлімінің бастығы немесе
прокурор) тергеу барысы мен нәтижесін әртүрлі бағалаулары мүмкін, бірақ
одан тергеу ситуациясы өзгермейді. Іс бойынша анықталған мәліметтер мен
тергеу барысында жиналған нақты жағдайлар - тергеушінің немесе басқа да
лауазымды тұлғалардың оларды қалай бағалауына қарамастан өзгермейді. Қандай
да болмасын бір құбылысты бағалауда, оның сипатын анықтау мен даму көрінісі
бұл құбылыс мазмұнына кіре алмайды.
Әрине, тергеуші тергеу барысын үздіксіз талдай отырып өз жұмысын
бағалайды, соның негізінде жоспарын өзгертіп, көзделген (белгіленген)
тергеу әрекеттерінің тақтикасын түзетеді.
Барлық жағдайларда жұмыстың сипатына қарамастан, оны жүргізу барысын
бағалауда жасаған алдын ала қорытынды және субьектінің (орындаушы)
әрекетінің перспективі (алдағы болашағы) осы жұмыстың бір бөлігі немесе
оның қорытындысының көрсеткіші бола алмайды. Кез-келген дерек, оқиға,
құбылыс материалдық санат ретінде танылады, ал оны қандай да болмасын
трғаның бағалауы, соның ішінде бұл деректің немесе оқиғаның пайда болуына
тікелей қатысты тұлғалардың бағалауы - ойлау санаты. Сондықтан да деректі
субьективтік бағалау бұл деректің мазмұнына кірмейді, принципиалды түрде
жол берілмейді.
Бұл мәселеге байланысты профессор Р.С. Белкиннің көзқарасына ерекше
тоқталып еткеніміз жөн. Оның тергеу ситуациясына: тергеу ситуациясы - бұл
Нақты тергеу жүргізіліп жатқан кездегі мән-жайлардың жиынтығы, яғни
дәлелдеу процесі жүргізіліп жатқан кездегі мән-жай - деп түсінік береді.
Сонымен тергеу ситуациясының мағынасы кең - оған тергеу барысы мен
нәтижесіне әсер ететін барлық жағдайлар кіреді.
Осыған сәйкес тергеу ситуациясының компоненттері анықталады. Олардың
қатарына төмендегілер жатады:
психологиялық сипаттағы компоненттер: тергеуші мен оған қарсылас тұлғаның
арасындағы даудың нәтижесі, іс бойынша тергеушінің, тұлғалардың
психологиялық касиеттерінің көрінісі және т.б.;
ақпараттық сипаттағы компоненттер: тергеушінің (қылмыстың жасалу жағдайы,
іздестірудегі обьектінің жасырылған орны және т.б. жөнінде)
мәліметтендірілуі; тергеушіге қарсы позициядағы және іске қатысты өзге де
трғалардың (мысалы: табылған және табылмаган дәлелдемелер жөнінде
тергеушінің және куәлердің хабардар екендігі жөнінде, тергеліп отырған іске
байланысты тергеушінің пікірі жөнінде және т.б.) мәліметтендірілуі;
процесуалдық және тақтикалық сипаттағы компоненттер: іс бойынша өндірістің
жағдайы, дәлелдемелер және олардың қайнар көздері, бұлтартпау шараларын
қолдану мүмкіндігі, қылмыстық іске қатысты тұлғаларды бір-бірінен беліп,
оқшаулау (изоляциялау), нақты бір тергеу әрекеттерін жүргізу және т.о.;
материалды және ұйымдастырылған-техникалық сипаттағы компоненттер: кезекші
белім мен жедел-тергеу тобының арасындағы қатынастың болуы; ішкі істер
органдарының тіркеу аппараттары аркылы ақпарат жеткізуші құралдардың болуы
және т.б.
Бұл пайымдау, бір қарағанда өте дәлелді болып көрінеді. Шынында
тергеушінің психологиялық жағдайы, оның білімділік дәрежесі, тәжірибесі
және т.б. жағдайлар тергеу барысына әсерін тигізетіндіктен олар тергеу
ситуациясына кіруі тиіс. Мысалы: егер тергеуші шаршаған немесе тергеу
барысында міндетті түрде анықтауға қажетті қойылатын сұрақтарды дұрыс қоюды
білмеген жағдайда тергеу әрекетін тиісті деңгейінде жүргізе алмайды, бұл
дегеніміз қажетті мәліметті ала алмау деген сөз, нәтижесінде тергеу ісі
шиеленісіп тығырыққа тірелуі мүмкін. Тергеу ісін жүргізу барысы мен оның
нәтижесі көбіне тергеушінің техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуіне,
жедел-іздестіру аппараттарымен өзара байланыс деңгейіне және т.б.
байланысты. Дегенімен де тергеушіні және оның жұмысының нәтижесіне тікелей
немесе жанама әсер ететін факторларды тергеу ситуациясының элементі ретінде
қарастыру дұрыс емес.
Тергеу ситуациясы мәселелерін өңдеу келесідей тәжірибелік мақсатты
-белгілі бір қылмыстың түрі мен тобын тергеу кезінде жинақталған типтік
ситуацияларын анықтауды және соның негізінде жасалған кылмысқа сәйкес
тергеу әдістемесі бойынша ұсыныстар жиынтығын өңдеп жетілдіруді көздейді.
Тергеу ситуациясының түсінігі мен мазмұны осы мәселелерге жауап беруі шарт.
Берілген криминалистикалық категорияның түсінігі мен мазмұнынан тергеу
ситуациясын типтендіру мүмкіндігі көрініс табуы тиіс. Егер де барлық
компоненттерін қосатын болсақ, ситуацияны типтендіру мүмкін емес.
Бір топты - тәуекелге бойұрғыш, шешімді, өзіне нык сенетін тергеушіге
ұсынуға болмайды және басқа топты - өте шешімді, бірақ терең пікірлі,
ойлампаз және сақ тергеушіге ұсынуға болмайтындыгы айдан анық; бір
ұсыныстар - сангвиник-тергеушілерге арналса, ал басқалары меланхолик-
тергеушіге арналады; бірі оқиға болған жерге автокөлікпен баруды ұйғарса,
екіншісі ол жерге еріксіз жаяу жетуі мүмкін және т.б. Тергеушінің
қызметіндегі нақты бір іске байланысты туындайтын сансыз әртүрлі
интеллектіні, физикалық және психологиялық ерекшеліктері, тіршіліктегі
ситуациялық жағдайды және басқа да жағдайларды ешкандай әдістеме типтендіре
алмайды, Криминалистика гылымының ережелері - тергеушінің шығармашылық
ізденісін әдеттік стандартты пайдалануға, оның кэсіби дайындылығына, жаңа
криминалистикалық техника жабдықтарын игеретіндігіне, анықтама органдары
мен қажетті мамандардан кеңес, көмек алу мүмкіндігіне, қажет болған
жағдайларда қызметтік көліктерді пайдалану мүмкіндіктеріне және т.б.
негізделе отырып қалыптастырылады. Әрине мұнда дерексіздік (абстрақция)
орын алады, шынайы өмірде тергеушінің өзі және оның жұмыс жағдайы барлық
уақытта стандартқа сәйкес келе бермейді. Бірақ мұндай дерексіздіктер
ғылымда қашып құтылуға болмайтын жағдай және заңға сиымды болып табылады.
Сонымен, тергеу ситуациясы криминалистикалық категория ретінде көлемі
бойынша тәжірибеде жинақталатын ситуациямен сәйкес келуі мүмкін емес. Бр
түсініктің мазмұны өте тар көлемде қарастырылып, сонымен қатар тергеушінің
жеке басына қатысты факторлар, оның техникалық қамтамасыз етілуі, жұмыс
жағдайы және т.б. қарастырылып отырған түсінікке кірмейді. Өйткені бұл
тергеу ситуациясын типтендіруге мүмкіндік бермейді. Тергеу ситуациясының
мазмұнына тек бір ғана - ақпараттық факторлар тобын кіргізу тиімді болып
табылады, тәжірибе көрсеткендей, бұл факторлар тобы қылмыстарды тергеу
барысында қолданылатын нақты ұсыныстарды өндеуге жеткілікті.
Тергеу ситуациясын әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады.
Барынша тергеуге тиімді топтастыруларға мыналар жатады: типтік және нақты
ситуациялар; іс бойынша тергеу барысында жалпы жинақталган және жеке тергеу
әрекеттерін жүргізу кезіндегі ситуациялар; қайшылықты және кайшылықсыз
ситуациялар.
Типтік ситуациялар - белгілі бір қылмыс түрі немесе тобын тергеудің
нақты бір кезеңіндегі жинақталған ақпараттар көлемі мен мазмұнына тән
ситуациялар. Ұрлық және басқа да қылмыстарды тергеудің алғашқы кезеңіне
келесідей үш типтік ситуациялар тән:
қылмыскер қылмыс жасау үстшде ұсталды;
қылмыскер ұсталмады, бірақ оған іздестіру әрекетін жүргізуді
ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей, ол жайында белгілі бір ақпараттар бар;
қылмыскер ұсталмады және ол жөнінде ешқандай мәліметтер жоқ (мысалы:
қалтадан ұрлаған кезде).
Ал зорлау қылмыстарын тергеудің алғашқы кезеңіне мынандай 2-типтік
ситуациялар тән болуы мүмкін:
жәбірленуші қылмыскерді біледі және оны іздестіруге мүмкіндік
беретіндей мәліметтер бере алады;
жәбірленуші қылмыскерді танымайды және ол жөнінде ешқандай деректер бере
алмайды (егер жәбірленушіні зорлау тосыннан (кенеттен) болып, ол
қылмыскерді дұрыстап көре алмаған жағдайда) және т.б.
Нақты ситуаиияларга - белгілі бір қылмыстық істі тергеу кезіндегі
жинақталған аьуалдар жатады. Олар типтік ситуацияға сәйкес келуі де,
келмеуі де мүмкін.
Қылмыстық істі тергеу кезінде толық жинақталған ситуациялар барлық
жағдайда да қайшылықты болып табылады. Ал жеке тергеу әрекетін жүргізу
барысында жинақталған ситуациялар қайшылықты немесе қайшылықсыз да болуы
мүмкін.
Қылмысты тергеу кезендері. Ұзақ жылдық тәжірибе негізіне сүйене отырып
криминалистер тергеу кезеңін алғашқы және кейінгі деп екі кезеңге бөліп
қарастырады.
Тергеудің алғашқы кезеңінде тергеуші төмендегідей негізгі мәселелерді
шешіп алуы қажет:
қылмыстық істі козғауга байланысты шешім қабылдау кезіндегі
мәліметтер негізінде қылмыстық оқиға туралы жасалған жалпы типтік
болжауларды тексеру;
зерттеуге жататын деректерді анықтау;
жоғалып немесе жойылып кетуі мүмкін дәлелдемелерді кейінге
қалдырмай жинау және бекіту; қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды
іздестіру және ұстау үшін қажетті шараларды дер кезінде қолдану;
қылмыспен келтірілген залалдардың орнын толтыруға байланысты жедел шаралар
қабылдау;
қылмыстың жасалуына мүмкіндік туғызған мән-жайларды анықтауға байланысты
жұмыстарды жүзеге асыру;
Тергеудің кейінгі кезеңінде істің барлық мән-жайларын толық анықтау
мақсатында дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалауға байланысты
жүргізілетін жұмыс әрі қарай жалғастырылады.
Тергеудің алғашқы және кейінгі кезеңдері тергеушінің алдына қоятын
міндетгерімен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар, тергеудің алғашқы
кезеңінде тергеушінің уақыты тығыз болғандықтан көп жағдайларда (әдетте)
жазбаша жоспар құрмастан жылдам қарқындықпен жұмыс істейді. Тергеудің
келесі кезеңінде, тергеушінің жұмыс істеу қарқыны төмендеп, бәсеңдейді.
Тергеудің алғашқы кезеңінде тергеуші кейінге қалдыруға болмайтын барлық
тергеу әрекеттерін орындап, іске дәлелдемелік маңызы бар материалдарды
жинап бітіріп, оларды талдап, зерттеп, тексеруге және іс бойынша тергеу
жоспарын толық құруға кіріседі. Әрине бұл шекара шартты болып табылады;
кейде алғашқы кезең мынандай жағдайларда аяқталуы мүмкін, мысалы: сезіктіні
ұстағаннан кейін тергеуді ары қарай жүргізу бағытын анықтайтын іске маңызды
қандай да бір дәлелдемелер алынған жағдайларда.
Криминалистикада тергеудің алғашқы және кейінгі кезендеріне байланысты
жекеленген қылмыстардың әрбір нақты түрлері бойынша - тергеу әрекеттерін,
жедел және ұйымдық шараларын жүргізу шенберіне және олардың кезектілігіне
қатысты ұсыныстар өнделіп қалыптастырылган.
Кейінгі жылдары криминалистер өз еңбектерінде тергеу кезеңдерін
әртүрлі және бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырып жүр. Әрине бұлай бөліп
қарастырған да өте орынды. Қылмыстық іс қозғау кезеңдері көптеген іс
категорияларына тән, тергеу барысында тергеушіге келіп түскен оқига
жөніндегі қылмыстың белгілері бар материалдарға тексеру жұмыстары
жүргізіледі. Бөтеннің мүлкін иелену үйымдасқан топ болып жасалған қылмыстар
бойынша және басқа да тергеу істерін аяқтау мен айыптау қорытындысын
шығарудың өзіндік дербес кезеңдері бар. Қылмыстың басқа түрлерінде жоғарыда
аталған екі кезендерге бөліп қарастыру барынша қолайлы болып табылады.
Криминалистикалық әдістеменің жалпы ережелеріне қатысты негізгі сұрақтарды
білу, меңгеру өте қажет. Онсыз тәжірибеде тергеушіге кездесетін әртүрлі
қылмыстарды тергеуде, қылмысты тез ашуға және тергеуді нәтижелі жүргізуге
көмегін тигізетін жеке әдістемелік ұсыныстарды шығармашылық игеру мен
пайдалану мүмкін емес.

ТЕКСЕРУ (БАҚЫЛАУ) СҮРАҚТАРЫ
• Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің ұғымы
мен міндеттері
• Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің пәні
мен кағидалары
• Криминалистикалық әдістеменің құрылымы мен негізгі ұғымдары

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Криминалистика Под ред. И.Ф. Герасимова, Л.Я.Драпкина. М.,1994.
2. Криминалистика Под ред. Н.П.Яблокова, В.Я. Колдина М.,1990.
3. Криминалистика Под ред. Н.П.Яблокова.,1995.
4. Криминалистическая энциклопедия Сост. А.Ф.Аубакиров, Р.С.Белкин,
С.Ф.Бычкова, А.Я.Гинзбург, Алматы, 1995.
5. Белкин Р.С. Криминалистика .Криминалистическая энциклопедия
М.,1997.
6. Жәкішев Е.Г. Криминалистік тактика. Алматы, 1997.
7. Криминалистика Жакишев Е. Алматы 2004
8. Белкин Р.С., Крминалистика ; проблемы, мтенденции, перспективы.
М.,1988.
9. Жәкішев Е.Г. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және
методологиялық негіздері. Алматы , 1991.
10. Е.Қайыржанов. Ардақ Шакенов, Жекелеген қылмыс түрлерін тергеу
ерекшеліктері (оқу құралы) Алматы, 2007.

2-лекция.
Тақырыбы. Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
Жоспары:
1. Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
2. Криминалистикалық сипаттаманың элементері

Лекция мақсаты: студенттерге жалпы теориялық білім беру және
криминалистика саласында практикалық тәжірибе жинауға баулу.

Лекция мәтіні: Қылмыстарды тергеудің жекелеген әдістемесі олардың
криминалистикалық сипатгамасымен тығыз байланысты. Көптеген ғылыми
мақалаларда, ҚР-ның және жақын шетелдердегі қорғалған кандидаттық және
докторлық диссертацияларда криминалистер аталған түсініктерге байланысты
өздерінің пікірлерін дұрыс деп есептейді.
Алғаш рет "криминалистикалық сипаттама" түсінігі Ленинград мемлекеттік
университетінің профессоры П.И. Люблинский 1927 жылы ұсынды. Ол
криминалистикалық сипаттаманы криминалистикамен қатар, сот медицинасы,
криминалдық психологиядан құралатын ілім ретінде қарастырды. Осылардың
негізінде қандай да бір оқиғаның криминалистикалық сипаттамасы қалыптасуы
қажет. Ол үшін П.И. Люблинский ''не, қайда, қашан, кім, кімнің көмегімен,
неге, қандай әдіспен" деген классикалық рим формуласын қолданды. Осы кезден
бастап, кеңестік криминалист ғалымдар тергеу тәжірибесін зерттей және
жалпылай отырып, жекелеген қылмыс түрлеріне тән белгілермен, бірқатар
заңцылықтарды анықтады.
1966 жылы В.А. Сергеев криминалистикалық өзгешеліктері бар
қылмыстардың ерекшелігін криминалистикалық сипаттама деп атауды ұсынып, бр
түсініктің күрделі құрылымға ие екендігін атап көрсетті.
1967 жылы А.Н. Колесниченко барлық қылмыстарға криминалистикалық
маңызы бар жалпы белгілер тән екендігін айтты. Профессор С.П. Митричев
қылмыстарды зерттеу кезінде криминалистикалық маңызы бар типтік
белгілерге назар аудару қажет деп есептеді. Аталған зерттеулердің әрқайсысы
қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасының элементтерін өз
тұрғысынан бөліп көрсетті.
1974 жылы Мәскеулік мемлекеттік университетінің заң фақультеті
ұйымдастырған криминалистика кафедра меңгерушілерінің бүкілодақтық семинары
болып өтті. Аталған семинарда барлық қатысушыларға жекеленген қылмыс
түрлерінің криминалистикалық сипаттамасын оқып зерттеу, сондай-ақ оны
тергеу әдістемесінің құрамдас бөлігі ретінде қарау және криминалистиканың
оқу бағдарламасына енгізу ұсынылды. Қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасы - криминалистикадағы жеке теориялық ілім болып табылатындығын
атап өткен жөн.
Барлық криминалистер криминалистикалық сипаттаманы қылмыстың
ақпараттық үлгісі (моделі) және қылмыстардың белгілерінің жүйесі ретінде
қарастырады. Мамандардың пікірлері бойынша, криминалистикалық сипатта-маның
тәжірибелік маңызы - оның ғылыми негізделген нұскауларды жасауға,
тергеушінің дұрыс бағытталған қызметін қалыптастыруға, тергеудің неғұрлым
обьективті жолдарын, әдіс-тәсілдерін тавдауға, сондай-ақ жекелеген тергеу
әрекетгерін жүргізудің тақтикасын анықтауға мүмкіндік беретіндігінде.
Криминалистикалық сипаттама түсінігінің күрделілігіне барлық
криминалистер мойындады. Совдықтан, криминалистикалық сипаттама қандай
элементтерден тұратындығына келетін болсақ, ол элеменггердің саны жөнінде
бірыңғай ойлар қалыптаспаған. Криминалистикалық сипаттама түсінігі
мазмұнының күрделілігін оңай дәлелдеуге болады, бірақ оның кұрамына қандай
элементтерді енгізу туралы осы уақытқа дейін біртұгас көзқарас айтылмаған.
Криминалистикалық сипаттама түсінігінің қалыптасуының алғашқы кезеңіне
кейбір авторлар оның қатарына қылмыстың қылмыстық-құқыктық, процесуалдық
сипаттамаларын енгізеді. Атап айтсақ, И.А. Возгрин криминалистикалық
сипаттама осы екі сипаттамадан құралу қажеттігін ерекше атап көрсеткен.
Дегенмен де, кейінірек ол өз көзқарасын өзгертіп, төмендегілерді
криминалистикалық сипаттама элементтері қатарынан шығарып тастады:
бастапқы ақпараттың сипаттамасын;
қылмыстық қол сұғушылықтың пәні туралы мәліметтерді;
қылмысқа дайындалу, орындау, оның ізін жасыру әдістері мен олардың
қылмыстық әрекеттерінің зардабы жөніндегі мәліметтерді;
қылмыскер мен жәбірленушінің тұлғалық ерекшеліктері туралы
мәліметтерді;
қылмыстың неғұрлым кеңінен тараған ниет-себептері туралы жалпылама
мәліметтерді.
Р.С. Белкиннің, И.Ф.Пантелеевтің, А.Ф.Савкиннің пікірлері бойынша,
түрлік криминалистикалық силаттаманы қалыптастыру кезінде қылмыстық-
құқықтық сипаттаманы ескеру қажет деп санайды, Бірақ бұл қылмыстық-құқықтық
сипаттаманы криминалистикалық сипаттаманың құрылымына енгізудің негізі
болып табылмайды. Осы пікірді профессор Г.А.Мозговых та ұстанады. Оның ойы
бойынша, дәлелдеу пәні туралы мәселеге де көңіл аудару қажет. Бұрынырақ
криминалистикалық сипаттама туралы ілім қалыптаспай тұрып, жеке әдістемеге
дәлелденуге жататын мән-жайларды енгізу дұрыс деп есептеген. Қылмыстардың
криминалистикалық сипаттамасын жеке әдістемеге енгізгеннен кейін дәлелдеу
пәні арқылы криминалистикалық маңызы бар белгілерді айқындаудың қажеттілігі
жойылды.
И.Ф. Пантелеев, А.Ф. Савкиндер өз еңбектерінде: "дәлелдеу пәні мен
түрлік криминалистикалық сипаттама - әр түрлі түсініктер" деп өте орынды
керсеткен. Дәлелдеу пәнінің түсінігі сот дәлелдемелер теориясына тән және
ол дәлелденуге жататын маңызды мән-жайлардың қажетті жиынтығын көрсетеді.
Дәлелдеу пәні мен криминалистикалық сипаттама арасында дәлелдеу теориясы
мен қылмыс туралы ілім арасындагыдай байланыс бар.
Қазіргі уақытқа дейін криминалистикалық сипаттама элементтерінің саны
туралы бірыңғай көзқарас жоқ. Бірақ типтік криминалистикалық сипаттамада
мынадай элементтерді бөліп көрсетуге болады:
қылмыс жасау тәсілі;
қылмыстық қол сұғушылықтың пәні;
қылмыскер мен жәбірленушінің ерекшеліктері;
қылмыс механизмі.
Криминалистикалық сипаттаманың осы және өзге элементтері түрлік
криминалистикалық сипаттамада неғұрлым жан-жақты қарастырылса, соғұрлым бұл
түсінік тәжірибеде үлкен бағаға ие болады.
Криминалистикалық сипаттама - қылмыстарды табу, тергеу және алдын
алудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс анықтауға ықпал ететін кылмыс туралы
мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Криминалистикалық сипаттаманың мазмұнына белгілі бір категориядағы
қылмыстарды жасаудың элементтері, осы элементтердің арасындағы кримина-
листикалық маңызы бар байланыстар туралы мәліметтер жатқызылады.
Криминалистикалық сипаттаманың ақпараттық негізін тергеу тәжірибесін
зерттеу нәтижелері құрайды.
Криминалистикалық сипаттама туралы ілім - криминалистикалық әдісте-
менің құрамдас бөлігі болып табылады. Криминалистикалық сипаттаманың жалпы
ережелері - криминалистикалық әдістеменің жалпы теориялық бөлімінің маңызды
жағы. Ал жекеленген қылмыс түрлерінің Криминалистикалық сипаттамасы осы
қылмыстарды тергеудің Криминалистикалық әдістемелерінің құрылымдық
элементі.
Қылмыстардың Криминалистикалық сипаттамасы туралы ілімді қалыптастыру
- криминалистика ғылымының дамуына да, тергеу тәжірибесінің одан әрі
жетілдірілуіне де ықпал етеді.
Криминалистикалық сипаттаманы тәжірибелік колданудың негізгі
бағыттары:
қылмысты ашу, болжаулар жасау:
қылмыскер тұлғасы туралы болжау жасау;
қылмыс туралы ақпараттың мүмкін болатын шеңберін дұрыс анықтау үшін із
қалдыру механизмі туралы мәліметтерді табу жөніндегі жұмыстарды қолдану;
тергеушінің тергеу әрекеттерін (сезіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден
жауап алу және т.б.) жүргізу кезінде тақтикалық әдіс-тәсілдерін анықтау
үшін;
тиімді және дұрыс тақтикалық шешім қабыдцау үшін.
Әрі қарай, Криминалистикалық сипаттама тергеу әдістемесінің барлық
мазмұнына енгізіледі және қандай да бір жеке тергеу ұсыныстарын негіздеу
үшін қолданылады деп ойлауға барлық негіз бар.
Криминалистикалық сипаттаманың элементтері
Қылмыстардың Криминалистикалық сипаттамасында әрбір элемент белгілі
бір мазмұнға ие. Төменде көрсетілетін элементтер профессор Г.А.Мозговыхпен
қарастырылған. Оларға жеке тоқталатын болсақ:
l. Қылмыскердің тулғасы
Қылмыскер тұлғасы - криминологиялық ғылымның негізгі зерттеу
обьектісі. Криминалистика ғылым ретінде қалыптасқан сәттен бастап,
қылмыскердің тұлғасын зерттеу мәселесіне көп көңіл бөлініп келеді. Н.П.
Яблоков қылмыскердің тұлғасын криминалистикалық зерттеуде екі бағытты бөліп
көрсетеді. Бірінші бағыт - әрекеттің түрі, орны мен уақытын, қылмыстық қол
сұғушылықтың пәнін ескере отырып белгісіз қылмыскердің тұлғасы туралы
мәліметтерді алуды қарастырады. Екіншісі - субьект тұлғасының кримина-
листикалық тұрғыдан бағалау мақсатында сезіктінің немесе айыпталушының
тұлғасын зерттеу. Аталған екінші бағыттың жалпыланған ғылыми нәтижелері
қылмыскер тұлғасының типологиялық ерекшеліктері туралы ақпаратты
қалыптастыруда маңызы ерекше. Қылмысты тергеу процесінде белгісіз
қылмыскердің тұлғасын криминалистикалық зерттегенде оқиға болған жерден
табылған материалдық іздерді зерттеу жолымен, сондай-ақ жәбірленуші мен
куәлардың көмегімен қылмыс жасаған тұлғаның биологиялық, физиологиялық,
кэсіби белгілері есепке алынады. Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
үшін қылмыскердің элеуметтік, демографиялық, психологиялық қасиеттері де
үлкен маңызға ие. Атап айтсақ:
өмірбаян сипатындағы мәліметтер (жасы, жынысы, ұлты, білімі, отбасы
жағдайы);
қоғам өмірінің негізгі салаларында тұлғаның қатысуын сипаттайтын
мәліметтер;
тұлғаның элеуметтік-психологиялық қасиеттері (темперамент, ерік-
сезіктері);
Әр түрлі қылмыстар жасайтын субьектілердің тұлғасы жөніндегі осы
мәліметтерді жалпылау - қылмыскер тұлғасын қылмыстың криминалистикалық
сипаттамасының маңызды элементері ретінде нақтылауға көмектеседі.
2. Жәбірленуші
Кейбір қылмыстар бойынша криминалистикалық талдауда жәбірленушінің
типологиялық ерекшеліктері алдыңғы орынға ие болады. Себебі, жәбірленуші
алдын ала тергеу мен сот мәжілісінің орталық фигурасы болып табылады.
Жәбірленуші тұлғасының ерекшеліктері жөніндегі мәліметтер криминалисти-
калық жоғары маңызға ие. Олар:
жәбірленуші әрекеттерінің қылмыс механизмінің қалыптасуына тигізетін
әсерін анықтауға;
жәбірленушінің тұлғасын, оның қылмыскермен қарым-қатынасын
зерттеуге;
тергеу кезіндегі жәбірленушінің жүріс-тұрысын болжауға;
жәбірленушінің тұлғасы мен жүріс-тұрысымен байланыста болатын
қылмыстың жасалуына итермелеген себептер мен жағдайларды бекітуге;
жәбірленушінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерінің
тақтикалық әдістерін тандауға көмектеседі;
Жәбірленушінің тұлғасы туралы типологиялық мәліметтер жауап алу және
оның қатысуымен өзге тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жәбірленушімен
психологиялық байланыс қалыптастыру үшін маңызы бар.
3.Қылмыс жасау тәсілі
Көптеген криминалистердің пікірлері бойынша, бұл элемент өте үлкен
маңызға ие. Әрбір жекелеген жағдайларда қылмыс жасау тәсілі нақты болады.
Қылмыстық-құқықтық ғылымында қылмыс жасау тәсілі қылмыс құрамының
обьективтік жағын сипаттау үшін қажет. Ал қылмыстық іс жүргізу құқығында бр
элемент қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың бірі және
айыптау қорытындысы мен айыптау үкімінің құрылымындағы міндетті
элементердің бірі ретінде карастырылады.
Криминалистикада қылмыс жасау тәсілі - қылмыс іздерін қайдан, кімнен
іздеуді, ол іздер қандай құ-ралдармен қалдырылғандығы, т.б. мән-жайларды
анықтауға көмектесетін ақпараттың маңызды қайнар көзі болып табылады.
Қылмыс жасау тәсілі - деп қоршаған орта жағдайлары мен қылмыскердің
психофизиологиялық қасиеттерімен анықталған, қылмысқа дайындалу, оны
орындау мен ізін жасыру жөніндегі әрекеттердің жүйесін түсінеміз. Қылмыс
жасау әдісі криминалистикалық сипаттаманың негізгі элементерінің бірі
екендігі туралы барлық криминалистердің пікірі бір болып есептеледі. Қылмыс
жасау әдісін танып-білу - іс бойынша қажетті мән-жайларды танудың кілті
десекте болар.Қылмыс жасау тәсілдері обьективтік және субьективтік
факторлар негізделіп қалыптасады. Обьективтік факторларға қылмыскер қол
сұққан қоғамдық қатынастардың түрі мен сипатын, қылмыскер әрекет еткен
жағдайды, қылмыстық қол сұғушылық пәнінің ерекшеліктерін жатқызуға, ал
субьективтік факторлардың катарына қылмыскер мен жәбірленушінің
психологиялық ерекшеліктерін, қылмыстың ниеті мен мақсатын кіргізуге
болады.
Қылмыс жасау тәсілі күрделі, әрі жинақтаушы ұғым. Қасақана жасалған
қылмыстарға байланысты қылмыс жасау әдісі бойынша мынандай элементті
көрсетуге болады: дайындалу, орындау, оның ізін жасыру әдістері. Ал
абайсызда жасалған қылмыстарда келесідей екі немесе бір элемент орын алуы
мүмкін: орындау немесе орындау және жасыру әдістері.
4.Қылмыс жасау механизмі
Криминалистикалық талдау жасалғанда қылмыс жасау әдісімен бірге,
қылмыс жасау механизмі сияқты түсінік те колданылады. Егер қылмыс жасау
әдісі - қылмыстық нәтижеге жетуге және оның зардабын жасыруға бағытталган
әрекеттер туралы ақпаратты қамтыған жағдайларда қылмыс жасау механизмі
барлық компоненттермен өзара байланыста болатын қылмыстық әрекеттердің
динамикасын көрсетеді. Әрбір жүйе сияқты, қылмыс жасау механизмі белгілі
бір заңдылықтардың әсерімен қалыптасады. Көптеген галымдар криминалисти-
калық сипаттамада элементтің бұл түрін көрсетпейді. Бұл элемент қылмыскер
тарапынан болған әрекеттің көп деңгейлілігімен, қылмыстық әрекетке белгілі
бір қатысушыларды тартумен және көптеген фактілердің әсер етуімен
сипатталады.
5.Бастапқы тергеу ситуациясы
И.Ф. Пантелеев пен А.Ф. Савкин қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасының құрылымындағы осы элементке көп көңіл бөлген. Олар: "Жалпы
алғанда, тергеу ситуациясы - нақ сол сәтте қылмысты тергеу жүзеге асырылып
жатқан жағдайлардың жиынтығынан тұрады" - деп көрсетті. Ол обьективтік және
субьективтік факторлардың әсерімен қалыптасады. Обьективтік факторлар -
тергеудің белгілі бір кезеніңде қолданылатын дәлелдемелік және бағдарлаушы
ақпараттың көлемі мен сипатынан құралады. Ал субьективтік факторлар -
тергеушімен іс бойынша қатысушы тұлғалардың өзара қарым-қатынасының
ерекшеліктері мен психикалық жағдайынан тұрады," - деп нақтылайды.
Профессор Н.А. Селиванов өз еңбегінде: "тергеу ситуациясын тергеу жүргізу
үшін маңызы бар ақпараттың қосындысы ретінде қарастырады".
В.К. Гавло "тергеу ситуациясын белгілі бір тергеу сатысындағы оқиғаның
маңызды белгілерін көрсететін фактілік мәліметтердің жиынтығы," - деп
керсеткен.
Ал Л.Я. Драпкин өз пікірі бойынша: "тергеу ситуациясы тергеушінің өз
әрекетгерін жоспарлайтын өзіндік "ақпараттық үлгі" - деп ұсыныс жасаған.
Әртүрлі қылмыс түрлерін тергеудің бастапқы кезеңіне тән тергеу
ситуациялары өз сипаты мен сапасы бойынша ерекшеленеді. Дегенімен де,
алғашқы тергеу ситуациясы мен ол туралы түсініктер әр түрлі мазмұндағы
түсінік болып табылады. Тергеу ситуациясы - алғашқы, аралық және соңғы
болып бөлінуі мүмкін және қылмыстарды тергеу әдістемесінде елеулі орынға
ие. Криминалистикалық сипаттаманың элементі болып тек бастапқы тергеу
ситуациясы танылуы мүмкін және осы арқылы тергеуші қылмыс белгілерін
анықтау сэтіндегі жагдаймен таныс болады. Осы қылмыстарды тергеудің
әдістемесі тергеудің ең тиімді бағытын тандауда нақты ұсыныстар жиынтығын,
негізделінген ғыльши-техникалық әдістер мен құрал-жабдықтарын және
тақтикалық тәсілдерін қарастырады. Криминалистикалық сипаттамадағы тергеу
ситуацияларын дұрыс бағалау - тергеудің тиімді бағыттарын таңдаудағы
маңызды шарт болып табылады.
6. Қылмыс жасау жағдайы
Қылмыс оқиғалары обьективтік шындық процестерімен және кылмысқа кандай
да бір қатысы бар тұлғалардың жүріс-тұрысымен өзара байланысты болатын:
уақыт, жер және коршаған ортаның нақты жағдайларында орын алады. Қылмыс
жасау жағдайларын анықтау және талдау арқылы кылмыс іздерін, куәларды, т.б.
мән-жайларды анықтау жөнінде өте багалы крими-налистикалық ақпараттарға қол
жеткізуге болады.
Р.С. Белкиннің анықтауы бойынша: қылмыс жасау жағдайы - бұл нақты
өмірлік жағдайлар. Оның құрамына оқиғага қатысушылардың жүріс-тұрысы, осы
қатысушылардың әрекеттеріне ықпал ететін немесе кедергі болатын әр түрлі
жағдайлар кіреді.
Ал В.А. Образцов заң оқулықтарында қылмыс жасау жағдайларының
мазмұнына: "қылмыс жасалған жердің, уақыттың сипаттамасымен қатар, сол
жердің территориялық, климаттық, демографиялық ерекшеліктерін де енгізуді"
Қылмыс жасау жағдайларының элементтерін табу және талдау тергеудіц неғұрлым
тиімді жолдарын анықтау үшін өте бағалы криминалистикалық ақпаратты
ұсынады. Қылмыс жасау жағдайлары туралы осы және басқа да мәліметтерді
талдау және жалпылау нақты қылмысты тергеу барысында қылмыскердің жұмыс
орны мен мекен-жайын анықтауға көмек келтіреді.
7.Қылмыстық қол суғушылықтарының заттары
Қылмыс жасау процесінде қылмыскердің тікелей әсер етеуіне ұшыраған
материалды құнды затгар - қылмыстық қол сұғушылықтың заты болып табылады.
Қылмыстың обьектісіне қоғамдық қатынастар, ал қылмыстың затына осы
қатынастардың дамуын қамтамасыз ететін олардың материалдық көріністері
жатады.
Әртүрлі қылмыс түрлерін жасау кезінде қылмыстық қол сұғушылықтың заты
ретінде төмендегілер табылуы мүмкін:
мүлік (мемлекеттік, қоғамдық, т.б.);
айналымы шектелген заттар (қару, оқ-дәрілер, жарылғыш затгар,
есірткі,психотроптық заттар);
мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер;
тарихи, мэдени тұрғыдан бағалылыгы бар заттар мен қркаттар;
табиғи байлықтар.
Дегенімен де, бұл элемент барлық қылмыс түрлеріне, соның ішінде
бұзақылық, жол-көлік оқиғасы, қоршаған органы ластау қылмыс түрлеріне тән
емес. Қылмыстық қол сұғушылық затының криминалистикалық маңызы, ең алдымен
қылмыс жасау процесінде нақты заттарға қылмыскердің әсер етуімен қамтамасыз
етілетіндігінде. Қылмыстық қол сұғушылық затының ерекшеліктерін білудің
маңызы тергеушіге белгілі бір іздердің түрін тауып, оларды бекітуге бағдар
береді. Қылмыстық қол сұғушылықтың бұдан басқа да ерекшеліктерін білу және
ол туралы жалпылама мәліметтер - нақты қылмыс категориялары туралы
негізделген болжаулар жасауға мүмкіндіктер береді.
8.Қылмыстың материалдық іздері
Іздер - қылмысты ашу үшін қажетті маңызды әдістер болып табылады.
Бірақ барлық криминалисттер криминалистикалық сипаттамаға іздер және оларды
табуға мүмкін болатын жерлер туралы мәліметтерді енгізуге бірдей қарамайды.
Г.А. Мозговых, В.А. Сергеев, Е.Ғ. Жэкішев т.б. ғалымдар: "бұл мәліметтер
криминалистикалық сипаттаммаға енгізілуі тиіс" - деп есептейді. Профессор
Г.А. Мозговых, "әрбір қылмыс түрі іздер түріндегі материалдық зардаптардағы
өзіндік белгілерімен ерекшеленеді," - деп бөліп көрсеткен.
Көптеген типтік іздерді, олардың пайда болу механизмін, жиналуы мүмкін
болатын орындарды танып-білу нақты қылмысты ашудың жолын айқындайды. Қылмыс
жасау кезінде пайда болатын материалдық өзгерістер қылмыс оқиғасымен
себепті байланыста бола отырып, үлкен дәлелдемелік маңызға ие болады.
9.Қылмыстың ниеті және мақсаты
Ниет және мақсат - қылмыс құрамының субьективтік жағының өзара тығыз
байланысты белгілері болып табылады. Сондықтан заңи әдебиеттерде бұл ғылыми
категориялар бірге қарастырылады. Қылмыстық-құқықтық ғылымда ниет деп
кылмыс жасауға итермелеген, қажеттіліктер мен мүдделермен қамтамасыз
етілген тұлғаның саналы түрде көрініс табатын ішкі сезімдерін айтамыз.
Ал мақсат деп қылмыс жасау нәтижесінде қылмыскердің сыртқы өмірінде
болатын өзгерістер туралы тұлғаның ой-пікірін түсінеміз. Ниет әрбір
қылмысқа тән және қызғаныш, кек aлy, көре алмаушылық, жек көрушілік,
бұзақылық немесе пайдақүнемдік сипатга көрініс табуы мүмкін. Мақсат -
қылмыс жасауға итермелей отырып, тұлғаның еркін білдіреді. Қылмыстық жүріс-
тұрыстың шынайы ниеті мен мақсаттарын білу қылмысты тергеу барысында оның
қозғаушы факторларын бекітуге көмектеседі.
10.Қылмыстың салдары
Қылмыстың саддары немесе нәтижесі деп тұлғаның әрекетімен қамтамасыз
етілген және қылмыс құрамының обьективтік белгілеріне жатқызылатын,
қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардағы немесе қоршаған ортада
болған өзгерістерді айтамыз.
Қылмыстық әрекет әр түрлі зиянды және қоғамға қауіпті салдарларды
туындатуы мүмкін. Қылмыс салдары түсінігінің криминалистикалық аспектісі
қылмыс іздері мен белгілерін тауып, оларды зерттеу және іс бойынша
обьективті шындықты бекіту үшін маңызы бар, қылмыс жасауға байланысты
қоршаған ортада болған өзгерістерді де қамтиды. Қылмыстық нәтиже - дене
зақымымен, мүліктік немесе моральдық зиянмен көрініс табуы мүмкін. Қылмысты
тергеу процесінде оның салдары себепті байланыс тұрғысынан жан-жақты
талдануы керек. Бұл аталған элементтің криминалистикалық сипаттама
құрылымындағы маңыздылығын арттырып, нақты қылмыс түрлерін тергеу кезінде
дәлелдеу үшін маңызы бар барлық мән-жайларды жан-жақты бекітуге септігін
тигізеді.
11.Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар
Себеп - бұл тергеуді туындататын құбылыс, оның әрекет етуі салдар
туындау үшін қажетті оқиғалардың белгілі бір дамуын алдын ала анықтайды.
Қылмыс жасауға итермелеген жағдайлар - қылмысты туындатпайтын құбылыс-
процестер, бірақ олар себептің әрекет етуін жеңілдетеді және қамтамасыз
етеді.
Криминалистика ғылымының бір міндеті - оның пәнін анықтай отырып,
қылмысты алдын any болып табылады. Бұл міндетті орындау оның жасалуына
көмегін тигізген себептер мен жағдайларға талдау жасамай мүмкін болмайды.
Сондықтан тергеу процесінде оларды анықтау үлкен криминалистикалық маңызға
ие, себебі оларды танып-білу:
қарастырылып отырған қылмыстың жасалу жағдайларын жан-жақты анықтауға
көмектеседі;
тергеушіге үқсас қылмыстардан сақтандыру жөнінде белгілі бір шаралар
қабылдауға мүмкіндік береді;
себептер мен жағдайларды жалпылау әр түрлі мемлекеттік органдармен және
қоғамдық ұйымдармен жүргізілетін қылмыстан сақтандыру женіндегі шараларды
талдағанда қолданылуы мүмкін;
12.Қылмыс мән-жайлары бойынша көрсетпелерді қалыптастыруга әсер ететін
факторлар
Қылмыстарды тергеу процесінде іс бойынша дәлелдік ақпараттың маңызды
бөлігін тергеуші куәлардан, жәбірленуші, сезікті, айыпталушыдан жауап алу
кезінде алады. Көрсетпелердің қалыптасу процесі 3 кезеңнен тұрады:
қабылдау (восприятие);
есте сақтау (запоминание);
еске түсіру (воспроизведение).
Тергеліп отырған оқиғаның мән-жайлары жөнінде ақпараттарды алу
мақсатында жауап алу кезінде тергеуші аталған факторларды білуі қажет және
көрсетпелерді бағалау кезінде ескереді. Сәйкесінше, шынайы көрсетпелер
алуға бағытталған тақтикалық және психологиялық тәсілдерді қолдануы тиіс.
Сондықтан тергеліп отырған әрекеттің мән-жайлары жөніндегі
көрсетпелердің толықтығы мен шынайылығына әсер ететін факторлар туралы
жалпылама мәліметтер кез-келген қылмыс түрінің криминалистикалық
сипаттамасының маңызды элементі болып табылады.
13. Қылмыс іздерін жасыруға бағытталуы мүмкін әрекеттер
Қылмыс іздерін жасыру бойынша жүргізілетін әрекеттер тергеуге кедергі
жасауға бағытталады және жасыру (утаивание), жою (уничтожение),
инсценировка және жалғандық (фальсификация) түрінде көрініс табуы мүмкін.
Жасыру кезінде қылмысты тергеу үшін маңызды ақпарат тергеушіге беймәлім
болады. Жою - қылмыс іздері мен ол туралы ақпаратты физикалық күш
тұрғысынан жою жөніндегі белсенді әрекеттерден керініс табады.
Инсценировка - қылмыскер, қылмыс құралы және қылмыс жасаудың мән-
жайлары туралы түсініктерді өзгерту мақсатында жүзеге асырылады. Мысалы:
обьектілердің орнын ауыстыру, қылмыс субьектісінің сыртқы көрінісін өзгерту
және т.б. Іздер мен өзге де дәлелдемелік ақпараттың жалғандығы - олар
туралы жалған түсінік калыптастыруға бағытталған. Мысалы: жалған
көрсетпелер беру, жалған куәларды қою, жалған іздер қалыптастыру және т.б.
Тергеушінің қылмысты жасыру тәсілін білуі қылмыскердің айла-тәсілдерін
уақытылы анықтауға, сондай-ақ осы бағытта қолданылып жатқан мүмкін болатын
әрекеттерді алдын алуға септігін тигізеді.

ТЕКСЕРУ (БАҚЫЛАУ) СҮРАҚТАРЫ
• Криминалистикалық сипаттаманың түсінігі және оның тарихи аспектілері
• Криминалистикалык сипаттаманың элементтері

Ұсынылатын әдебиеттер
1. Криминалистика Под ред. И.Ф. Герасимова, Л.Я.Драпкина. М.,1994.
2. Криминалистика Под ред. Н.П.Яблокова, В.Я. Колдина М.,1990.
3. Криминалистика Под ред. Н.П.Яблокова.,1995.
4. Криминалистическая энциклопедия Сост. А.Ф.Аубакиров, Р.С.Белкин,
С.Ф.Бычкова, А.Я.Гинзбург, Алматы, 1995.
5. Жәкішев Е.Г. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және методологиялық
негіздері. Алматы , 1991.
6. Е.Қайыржанов. Ардақ Шакенов, Жекелеген қылмыс түрлерін тергеу
ерекшеліктері (оқу құралы) Алматы, 2007.

3-лекция.
Тақырыбы. Криминалистикалық болжаулар және тергеу жоспарының түсінігі және
олардың өзара байланысы.
Жоспары:
1. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементері және жоспар жасау
техникасы.
2. Тергеушініңжедел-іздестіру, анықтама және басқада оргындармен байланысы.

Лекция мақсаты: студенттерге жалпы теориялық білім беру және
криминалистика саласында практикалық тәжірибе жинауға баулу.
Лекция мәтіні: Қылмыстың тез арада ашылуы, тергеудің сапасы, тергсушінің
істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымдасқан түрде
жүргізілуі тергеудіқ ı белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей
байланысты.
Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін тергеу жоспарын жасау арқылы тергеуші
тергеу барысында шешілетін сұрақтарды толық айқындап алып, осы сұрақтарды
нақтылы қандай : тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да
ұйымдастырушылық шаралар жүргізу арқылы шешуге болатынын анықтап
белгілейді.
Сұрақтар тергеп отырған қылмыстың мән-жайын анықтауға байланысга болу
керек. Сондықтан жоспарға кіретін сұрақтар осы қылмыс жөнінде тергеушінің
ойша жасаған болжауынан туындайды. Тергеп отырған қылмыстың қалай, қандай
жағдайда болғанын тергеуші, әрине, өз көзімен көрген жоқ. Бірақ қылмысты
толық және объективті тергеу үшін тергеуші қылмыстың қалай болғанын ойша
болса да болжап, қылмыстың жасалу жолын көз алдына елестетіп көріп, оның
бейнесін ойша жасап көруі керек. Осындай ойша шығармашылық талдау
процесінің үстінде қылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа
қатынасқан адамдар және де қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары жөнінде
белгілі бір болжаулар пайда болады. Тергеушінің бр ойша талдау арқылы
жүргізетін шығармашылық, белгілі бір сұрақтарды шешуге бағытталған іздеу
процесі логикалық гипотеза әдістеріне негізделеді. Сондықтан тергеу болжауы
логикалық табиғаты жағынан алғанда гипотезаңың бір түріне - жұмыс
гипотезасына жатады.
Болжаудың мазмұны және мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және
жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау — ол нақты қандай қылмыстың
болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталық, оқиға болған жерде
мәйіт табылған жағдайда тергеуші осы оқига жөнінде мына төмендегідей
болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтірді, абайсызда
өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айтқанда, мұндай жалпы болжауда
қандай қылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы
жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке
болжаулар жасалады. Мысалы, қылмысты белгілі бір адамның жасағандығы,
қашан, қай мезгілде және қандай қару пайдаланғандьны жөніндегі, т.б. сұрақ-
болжаулар. Осындай шығармашылық талдаудан гуындаған тергеу болжауларының
бәрі бірдей тексерілуі қажет. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қайсысы
дұрыс екенін біліп аңғаруға болмайды. Сондықтан жасалған болжаулардың бәрін
бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сэтте
шындыққа жатады деп тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол
болжау қате болған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін кешіктіріп
алады.
Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде
туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген
қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары
жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды
және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел-
іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жүргізілетін
жұмыстар белгілі бір кезекпен, тәртіппен, жоспарлы түрде өткізілуі керек
болғандықтан, анықталатын сұрақтарды, тергеу шараларын толық қамтитын
тергеу жоспары жасалады. Тергеу жоспарын осы тұрғыдан алып қарастырсақ, ол
негізінен тергеу болжауын тексеріп, анықтауға бағытталған жоспар екендігі
айқын көрінеді. Сонымен тергеу жоспарының логикалық негізі - тергеу
болжаулары. Тергеу болжауларының, оны тексеруге бағытталған тергеу
жоспарының жалпы бір шығармашылық жұмыстың бірімен-бірі байланысты екі
сатысы екендігі, міне, осымен сипатталады. Тергеушінің шығармашылық ой-
пікірі, Осыған байланысты жасалған болжаулары қағазға жоспар арқылы түсіп,
жоспарда көрсетілген тергеу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады.
Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар
жасау техникасы
Тергеу жоспарын жасау белгілі бір қағидаларға негізделеді. Жоспарды
жасау үстінде тергеушінің міндетті түрде ескеретін шартты қағидалары бар.
Олар: жоспардың жекелігі, нақтылығы, серпінділігі, жоспарланған шаралардың
іске асу айқындығы, заңдылығы және қолайлылығы.
Жоспардың жекелілігі дегеніміз ол жоспардың тіке осы қылмысты ашуға,
іске керектігі не осы іске байланысты сұрақтарды анықтауға бағытталуы және
қылмыстық істі жүргізу үстінде жиналған дәледдемелерге негізделуі.
Анықталатын сұрақтарды, жүргізетін тергеу әрекеттерін және басқа да ұйымдық
жұмыстарын тергеушінің тіке өзінің жоспарлауы оның бұл бағыттағы жріысын
шығармашылық арнаға түсіреді, сонымен катар тергеушінің жауапкершілігін
арттырады.
Тергеу жоспарынын Нақтылыгы дегеніміз - ол анықтауға жататын
сұрақтардың түсінікті және анық болуы, осы сұрақтарды шешу жолдарының
нақтыланып көрсетілуі. Жоспарда жалпы және декларативті сипатта көрсетілген
тармақтардың болмауы шарт. Егер де іс бойынша анықталуға жататын жалпы
сұрақтар болса, олар нақтыланып, анықталып көрсетілуі тиіс. Сұрақтардың
анық көрсетілуі оларды тез арада шешіп, анықтауды жеңілдетеді.Жоспардың
серпінділігі (динамикалық қағидасы) ол тергеудің әр кезеңінде әрқилы тергеу
ситуациясына сай өзгеріп тұруы. Тергеу процесі құбылмалы, әр уақытта
өзгеріп отыратын процестердің қатарына жатады. Тергеу үстінде, әрине, бұрын
жоспарды құрғанда белгілі болмаған мәселелердің, сұрақтардың туындауы
мүмкін. Осылардың бәрін дер кезінде жоспарға кіргізіп жасалған тергеу
жоспары толықтырылып, өзгертіліп отырылады. Сондықтан болған өзгерістерді
дер кезінде енгізіп, қосып отыруға тергеу жоспары бейімді болу керек.
Тергеу жоспарын құрғанда оған іс жүзінде анықтауға болатын сұрақтарды және
белгілі мерзімде нақгылы орындауға мүмкін жұмыстарды, тергеу шараларын
кіргізу қажет. Бұл жоспардың нақты орындалуын қамтамасыз етеді.
Анықталуы жоспарланған сұрақтар іс бойынша жасалған тергеу
болжауларынан туындайды. Осы тергеу жоспарында көрсетілген сұрақтарды
анықтау үшін өткізілуі тиіс жұмыс әрекеттері заңға қайшы келмеуі керек.
Мұны тергеуді жоспарлаудың заңдылық қағидасы деп атайды. Тергеу
әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа ұйымдық жұмыстардың дәлелдеме
алуға нәтижелігін және өткізуге қолайлығын арттыру үшін оларды үлымды
кезекпен өткізетіндей етіп жоспарлау қажет. Бірінші кезекте кідіртпей
өткізуді қажет ететін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары
жоспарлануы тиіс. Бұл тергеудің ықшамды және үйлесімді түрде өтуін
қамтамасыз етеді. Тергеу жоспары белгілі бір элементтерден құралады, осы
қылмыс бойынша жасалған тергеу болжауларына негізделеді және сол
болжауларды тексеруге багытталады. Сондықтан жоспардың бірінші элементі -
осы іс бойынша жасалған тергеу болжаулары. Бұл тергеу болжауларын тексеру
үшін белгілі бір сұрақтарды, мәселелерді анықтауға тура келеді. Сондықтан
тергеу жоспарын құрғанда болжаудан туындаған және соған байланысты
тексеруді қажет ететін сұрақтардың тізбегі жоспардың екінші элементі болып
саналады. Жоспарға кірген сұрақтар тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және
басқа да жұмыстарды жүргізу арқылы анықталып, шешілетін болғандықтан,
орындалатын тергеу шаралары жоспардың үшінші элементі болады.
Жоспарланған жұмыстарды кім және қай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бесінші оқиға
Атыс қаруы
Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негіздері
Қазақстан Республикасындағы сот-медициналық сараптаманың жүйелі құрылуы
Қылмыскердің жеке тұлғасы
Дактилоскопия
Сот медицинасының түсінігі
Қылмыстық құқық ұғымы
Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Пәндер