Киім дизайны


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

КИІМ ДИЗАЙНЫ

Жоғары оқу орындарында «Киім дизайны» мамандығы Республика бойынша соңғы жылдары даму қарқыны өсе бастады. Тәуелсіздігімізді алғалы бері Қазақстан Республикасының егеменді ел болуы нәтижесінде көптеген жоғары оқу орындарында өзгерістер жасалынып, студенттердің білімін дамыту мақсатында елбасының Н. Ә. Назарбаевтың жасаған тұжырымдамасында былай делінген «Жоғары білім білім беру мақсаты -қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанасын, және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» /1/. Көркем-конструкторлық білім, яғни бейнелеуші -суретші киім дизайнерінің мақсаты, өзінің жобаланған үлгілерін іс жүзінде жүзеге асыру мақсат етіледі. Қазіргі жаңа қоғам талаптарына сай студент жастарды ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеу, жоғары дәрежеде білім беру, еліміздің көркейіп дамуына ғылым мен білімнің қосатын үлесі зор. Болашақ дизайнерлерді дайындау - суреттеу процесінің теориялық және практикалық негіздерін мұхият зерттеумен тікелей байланысты. Бұл мамандықты игеру үшін білім мен ғылымның барлық салаларын жетік меңгеру және студент жастарға оны жеткізу мақсат болып көзделеді. Әрине, шығармашылық қабілеті жоғары, ойлау, ойластыру, өзінің ойындағы идеясын қағаз бетіне түсіру дизайнерінің жобасын өмірге әкелудегі алғашқы сатылары болып есептеледі. «Дизайн» мамандығында студенттердің өз талғамы бойынша өзінің өмірге деген көзқарасы дүние танымының кең түрде ашылуына үлес қосатын қиялы болып табылады. «Киім дизайнері» мамандығы соңғы жылдары дамуда, бұған дейін Республикамызда «Тігін бұйымдарын конструкциялаушы», «Тігін бұйымдарының технологы» мамандығына көп көңіл бөлінген. Ал, бірақ әрбір киім үлгісінің әсемдігін, оның көркем шешімін табу киім дизайнерінің қолында екенін ұмытпау керек, өйткені киім үлгісінің конструкторлық шешімін таппастан бұрын, оның технологиялық өңделуінің процесін анықтамастан бұрын, оның көркемдік шешімінің дұрыс табылуын алғашқы жолға қою қажет. Көркем - конструкторлық білім, бұл екі бөлек, бірақ бір жаңалықтың, демек әсем көркемделген үлгінің бірегейленуінің нәтижесінде пайда болатын керемет әйел қауымының немесе адамзаттың тұтынатын қажеттілігіне айналады. Болашақ киім дизайнері мамандығы студенттерін тек сурет, эскиздерімен шектеп қоймай, ол киім үлгілерінің әрі қарай дамуына, конструкторлық, технологиялық өңдеулерін қарастыруды міндет ету. Өйткені, киім саласында жоғары оқу орнында үш түрлі мамандыққа бет бұрған, яғни киім үлгілерінің көркемдік шешімін табушы, демек киім дизайнерлері, одан кейін киім үлгісінің конструкторлық шешімін табушы сызбада көрсету, жобалау, демек, тігін бұйымдарының конструкторы болса және соңғы әрлеуден, өңдеуден өткізу, киім үлгісінің технологиялық шешімін табушы ретінде «Тігін бұйымдарының технологы» маманы болып табылады. Міне, бір киім үлгісін жасау үшін, қанша сатыдан өтіп, және қанша маманның қолынан өтті десек болады. Бірақ қазіргі таңда біз өзіміздің жоғары оқу орнында «Киім дизайнері» мамандығын дайындаушы ретінде көркем-конструкторлық білімді студенттерге іскерлікпен қалыптастыруды көздеп отырмыз. Демек бір маманның өзі, яғни киім үлгісінің көркем шешімін тауып қана қоймай, оның конструкторлық шешімін дәл тауып екі саланың байланыстылығын эскиз жобаларында техникалық тілде өз деңгейінде меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Міне, осындай нәтижелер көркем-конструкторлық шешімнің, бұл мамандық үшін алдыңғы қатарда болуын міндеттейміз.

Болашақ киім дизайнерлері әлемдік деңгейдегі дизайнерлер қатарына қосылу алдағы қойылған мақсат болу керек, өйткені Егеменді еліміздің болашағының қарқынды дамуына сән әлемінде алатын орны болса, яғни Қазақстан Республикасының атақты киім дизайнерлерінің орны толған ортаға айналуы әбден мүмкін. Егер жоғары оқу орындағы оқу үрдісінде педагогикалық теория мен практиканың біртіндеп күрделенетін педагогикалық ситуацияларымен оны шешу әдістерін үлгілейтін тұтас жүйелік интеграциясын ұйымдастырса, болашақ мамандардың көркем-конструкторлық білім алу мазмұны мен іскерлігін қалыптастырудың механизмдері меңгеріліп, көркем-конструкторлық білім арқылы студенттерге болашақ маман ретінде өздерін кәсіптік дәрежеде көрсете білуі алға қойылған.

Кез-келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымы деңгейіне байланысты болатындықтан Республика халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігін мақсат ретінде көрініс" табады.

Болашақ киім дизайнерлері өз мамандығының иесі ретінде танымал болуы, оның шығармашылық жолдағы дұрыс шешімдері, киім үлгілерінің жинағын жобалауда әрбір салынған сызықтарды конструкторлық тұрғыдан қарағанда дәл шешімін айқындау, оны салынған эскиздерге түсіне, матаның фактурасына байланысты сыбайластығын дұрыс жолға қою мақсат етіледі.

Студент жастардың сезім, ақыл-ой дүниесі өте кең, соған байланысты шығармашылық жұмыстарды, яғни бұйымды көркемдеу, оның шешімін дәл табу, әрбір киім үлгісін дүниеге әкелгенде, оның ішінде табиғат сұлулығының кереметінен алынған, немесе тылсым дүниенің ғажайып көріністерінен туындайтын әсемдік үлгілердің көркем шешімдерін көрсете алу әрбір болашақ маманның қолынан жасалатын эскиздер болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизайнның даму кезеңін сипаттау
Интерьер дизайны
Айқас кестесі техникасында бойжеткен қыздарға арналған камзол үлгілерінің ерекшеліктері
Африка мәдениетіне тән дәстүрлі түстер мен маталарды қарастыру
Мектепте Дизайн өнерін оқыту
Фантастикалық стильдегі цирк костюмдерінің ерекшеліктері
Костюм формасын үйлестірудің заманауи әдістері мен әдістерін зерттеу
Батик техникасында жасалған аксессуарлар
Француз романтикалық стилінің сән белгілері
Дизайнның жобалау концепциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz