Қазақ тіліндегі ырықсыз етістік пен ағылшын тіліндегі ырықсыз етістіктің айырмашылығы


Ырықсыз етіс
Қазіргі әдеби тілдегі тәсіл - ырықсыз етіс тұлғасының үстіне барып өзгелік етіс қосымшасының жалғануы - тіл құрамындағы элементтердің қолданыс тұрғысынан да, семантикалық жағынан да жіктелісінің нәтижесі болса керек. Олай болса, говорлық ерекшелік тіргіз сондай жіктелістің әлі толық болмаған кезінің қалдығы. Ырықсыз етіс қосымшасы - л (-ыл, іл ) V-VIII ғасыр ескерткіштерінде мынадай орындарда қолданылған: өзінің тура мәнінде - ырықсыз етіс мәнінде: табғачда адырылты, қанланты (Т) . Өздік етіс мәнінде қолданылады: білге Тонуқуқ бен өзүм Табчғач іліңе қылынтым (Т) . - л тұлғалы етістіктер ескерткіштер тілінде кейде бірле шылау сөзімен қосарлана жұмсалады: Табғач будун бірле түзелтім. Оғуз будун тоғуз татар бірле тіріліп келті (Т) . Бұл мағыналық мәнерлердің қайсысы да қазақ тіліндегі осы тұлғалы етістіктердің бойынан ұшырасатындар. Қазіргі қазақ тілінде айрылу етістігі / айыр түбінен ырықсыз тұлғалы болсада, өздік етістік мәнінде қолданыла алатын мәлім. Мен жолдасымнан айырылдым дегенде айрыл ырықсыз етіс мағынасын береді. Сөйтіп, тіліміздегі кейбір етістіктер ырықсыз тұлғалы бола тұра, контекст ыңғайына қарай өздік етіс қызметіндеде ұшырасады. Сонымен қатар, жиыл т. б. етістіктер қолданыс ретіне қарай бірде ырықсыз мәнін берсе, бірде бастауыштың өзгеруіне қарай ол мәннен айрылып қалады. Ондай ынғайды қазақ тілінде етістік жетегіндегі есім сөз көмектес жалғаулы болуыда ұшырасады: Жанат Сәбитпен қосылды т. б. Махмут Қашққари - л аффиксінің мынандай қызметін көрсетеді:
1. Жаңа етістік жасайды.
2. Ырықсыз етіс жасайды.
3. Салт етістіктен ырықсыз етіс жасайды.
4. “дербес” етістік жасайды.
Қашққари айтып отырған - л аффиксінің бірінші қызметін желінді етістігінң құрамындағы - л аффиксінің мәнімен шендестіруге болар еді. Қазақ тілінде Же етістігінің ырықсыз етіс тұлғасы жел емес, желінді. Сонғы тұлға - л аффиксінің мағынасының көмескіленуінен кейін қалыптасуы мүмкін. V-VIII ғасыр жазбалары тілінде сирек, ал Қашққари сөздігінде қалыптасқан тәсіл ретінде - Қ, - К(-сық, -дық ) аффикстері ұшырасады. Ұйғұр жазуының ескерткіштерінде: оқын, урсуқмыш (оқпен ұрылған) . Қашқари көрсететін бұл аффикстер қазіргі қазақ тілінде етек алған құбылыс емес. Алайда, олардың ізін кейбір сөздер құрамыннан ұшыратуға болады. Қазақ тілінде соқтығу, аптығу, шаптығу тәрізді естістіктер, тантық тәрізді бірен-сәрең қимыл есімдері бар. Осылардың құрамын талдап көрейік: Соқтық, аптық, шаптық - тантық (танты, танып кетті етістіктермен салыстыр) . Бастапқы түбірлер сабақты етістіктер, тық (немесе, алғашқы сипаты дық ) . Қосымшасы арқылы салтқа айналған, яғни пассиф қимылды білдіретін болған. Осымен байланысты V-VIII ғасыр жазбаларында ұшырасатын олурсуқ, олурсук, (отыру, отырған куй) қимыл есімін және тұтсық (тұтылу) урсуқ ( оққа тап болу ) . Етістіктерін еске алған жөн. Егер - сық (оның варианты дық, тық ) . Аффиксі актив етістікті пассивке айналдыратынын ескерсек, келтірілген фактілердің тарихи тұрғыдан осы аффикспен байланыстылығын көруге болады. Көне түркі тілінде, Маловтың фактілеріне қарағанда, - сық аффикңсі туынды етістіктер жасаған. (Малов та йоқсық - жоқ болу, алсық -алдану, ал- қулық, залымдық, арсық- алданушы, ар-алдау, аздыру сөздерін келтіреді. Осыдан бұрын айтылғандай, жалпы етіс аффикстерінің қайсысы да өздерінің алғашқы қолдану кезеңінде сөз жасаушы аффикстер болғаны белгілі. Ырықсыз етіс мәнін берген (пассив қимылды білдірген) - сық аффиксі қазақ тілінде, сонымен, форма жасаушы қосымша (немес, етіс қосымшасы) мәнінде емес, жеке етістіктер құрамында сөз жасаушы элемент ретінде ғана кездеседі.
Ырықсыз етіс дегенде біз амал әрекеті орындаушы бастауыш қызметінде қлданылмайтын не амал - әрекет өздігінен орындалатындай көрінетін етістік формасын түсінеміз. Қазақ тілінде ырықсыз етістер өздік етіс сияқты етістіктің түбіріне 1) - ыл, - іл, - л және 2) - ын, -ін, - н қосымшаларын қосу арқылы жасалынады. Ырықсыз етістің өзгелік етістен айырмашылығы сол, өздік етіс мағынасында - ыл, - іл, -л қосымшасы сирек қлданылысы, ырықсыз етіс мағынасында ол өте жиі қолданылады, оның негізгі қызметі болып табылады. Екінші айырмашылығы сол, түркі тілдерінің көпшілігінде - ыл, - іл, - л мен -ын, -ін, -н ырықсыз етіс қосымшасы деп саналса біршама тілдерде - ыл, - іл, - л өздік етіс қосымшасы деп есептелінбейді. Жоғарыда өздік етіс пен ырықсыз етістер ертеректе мағына жағынан өз ара байланыста болған дедік. М. Қашқаридің пікірінше өздік етістікпен ырықсыз етістік:
а ) Салт және сабақтылықпен мағына жағынана байлынысты;
ә) Бұл екі етістіктер өзара мағыналары сбайлас;
б) екеуі қабаттасып бірінің үстіне екіншісі қосыла береді;
Түркі тілдеріндегі етіс қосымшалары ұзақ уақыт бойына дамып, өзінің мағынасында, формасында өзгерткендігі анық. Бұдан өздік етісте, ырықсыз етісте шет жатқаны жоқ. Орхон - енесей жазба ескерткіштерінен бастап қаз іргі түркі тілдерінің материалдарын салыстырып қарайтын болсақ кей тілдерді есепке алмағанда, барлығындада олардың диялектилерінде қосымшасы екі етістіктің (өздік және ырықсыз етістік) қосымшасы болып келетәіні анық олардың неше фонемалық варианттарға ие болатындығы жеке тілдердің дыбыстық заңдылықтарына тікелей байланысты. Ал олар өздерінің негізгі мағыналарын сақтай отырып, кейінгі тілдердің даму сатысында бірнеше мағыналық рентерге ие болатындығы, ол мағыналық рингтер біртіндеп екі етістің арасының ашылуына ықпал тигізетіні анық. Қазіргі түркі тілдерінің грамматикаларында өздік етістікпен ырықсыз етістерді ажыратқанда мағыналарына сүйінетіндегі құпия емес. Яғни өздік етісте амал әрекет орындаушылардан басталынып соның өзіне қайтады не өзі үшін істелінгендігін білдіреді. Ырықсыз етісте болса, амал әрекетті орындаушы сырттан болады да, грамматикалық субъект бастауыш қызметін атқармай амал әрекеттін объектісі болатын сөз грамматикалық бастауыш қызметін атқарады. Етіс категориясымен байланысты етістіктердің семантикасынан талдау жасағанда, өздік етістіктер.
- объектімен субъектімен ара қатынасын ашу керек.
- Етіс қосымшаларынң көне түркі тіліндегі мағынасын анықтау керек болады.
- Өздік және ырықсыз етіс қосымщалары ретінде бір морферманың кейінгі кездерде екі ажырау себебін анықтау керек.
Өздік етістікпен ортақ етістің мағынасы мен қосымшаларының қолданылу табиғаты мүлде басқаша, екуі екі түрде қалыптасқан. Өздік, ырықсыз, етістің қосымшалары бір негізде дамыған. Тіпті қазіргі күннің өзіндеде оларды ажырату қиынға қосағатын кездері бар. Мысалы: Бала орнынан тұрып, арқасына қарай керілді және үйдің артында құлындар байлайтын желілер керілген десек, керілді етістігі екі сөйлемдеде тұлға жағынанда мағынасы жағынанда бірдей көрінуі мүмкін. Негізінде олардың мағынасын айырмашылық бар бірінші мысалымыздағы керілу балаға тән де белгілі бір объектіні талап етпейді. Бұл жағынан ол бала жылады, бала ойнады дегендегі бастауышпен баяндауыштың арсындағы байланыспен тең дәрежедегі байланыс жасап тұр. Ал екінші мысалымыздағы бастауыш - желі баяндауыш - керілген . Логикалы жағынан желі өз өздігінен керілу мүмкін емес. Оны екінші біреу (желінің иесі) керуі қажет. Бірақ тілдік логикада ол сәл басқашалау қасиетке ие болып тұр. Желі керілді дегенде субъектіде, обьектіде желі сөзі болып саналады да обьекті мен субьекті тең түседі, амал әрекет өзідігінен орындалғандай болып көрінеді. Субьект (бастауыш) пассив қызметін атқарады. Ал өздік етісте болса субьект актив яғни амал әрекетке тікелей қатысушы қызметін атқарады. Осы актив пассив қызметін білдіру Б. А. Серебренниковтың пікірінше өздік етістікпен ырықсыз етістіктің бөлінуіне алып келген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz