Криминологияда нақты-социологиялық әдістерді қолдану


Криминологияда нақты-социологиялық әдістерді қолдану
Нақты-социологиялық әдістер, ягни әлеуметтік қубылыстарды орын мен уақыттың нақты жагдайларында және олардың нақты көрініс табуында зерттеу әдістері криминологиялық зерттеулерде маңызды орын алады. Бул әдістер кешенімыналарды қамтиды:
- Құжаттарды зерттеу;
- Анкета және сұхбат түрінде сұрақ беру;
- Байқау жүргізу (тікелей немесесырттай) ;
- Эксперимент.
1. Құжаттарды зерттеу.
Криминологиялық зерттеу жүргізгенде әр түрлі құжаттарды зерттеуге тура келеді, олар: статистикалық есептер, істердің материалдары, қылмыстар туралы арыздар мен оларға қайтарылған жауаптар, шағымдар, бақылаушы органдардың материалдары, сот-медициналық сараптама орталығының, бұқаралықа қпарат құралдарының материалдары. Сонымен қатар,
аймактардың төлқүжаттары, әлеуметтік-экономикалықталдау- дың жинақтап қорытылған нәтижелері, қылмыскерлікке жөне онымен байланысты кұбылыстарға бұрын жүргізілген зерттеу- лердің нәтижелері және басқа да құжаттар зерттеледі.
Қылмыстық істерді немесе өзге құжаттарды зерттеудің бағ-дарламасы жасалынады. Зерттеудің тиісті нәтижелері өнделеді және олардың негізінде қандай да бір зандылыктың бар екендігі туралы тұжырым жасалады.
2. Сауалнама
не сырттай (анкета арқылы), не бетпе-бет (сүхбат арқылы) жүргізіледі. Бірінші жағдайда сұрақтар көрсетілген анкета жасалынады. Егер сұрактарда «жабық» сипат болса, онда олар- ға «иә», «жоқ» немесе «білмеймін» деген жауаптар беріледі. Ал, «ашық» түрдегі сұрақтарға кез келген нысанда жауап беріледі.
Мұндай сұрақ-жауаптарды өндеуде қиындықтуындайды. Оларды, негізінен, зерттеудің алғашқы кезеңінде, жауаптардың қан-дай болатындығын алдын ала болжау қиын болған жағдайда пай-даланады, онда алдымен жауаптардың болуы мүмкін вариантта-рын анықтау және анкетаның «жұмыс қабілеттілігін» тексеру
үшін: сұрақтар түсінікті ме, оларға жауап берілген бе, әлде жал-
тарып кеткен бе және т. б. аныктау үшін «пилотажный» деп аталатын сұрак-жауап жүргізіледі. Немесе «ашық» сұрактарға берілуі мүмкін жауаптар «тізбегі» ұсынылып, «еске салудан» кашу керек болған жағдайда койылады. Мысалы, кейбір сотталғандарға сұрақ койылғанда, егер мәселе ашығынан болса, олар моральдың көпшілік кабылдаған нормаларына өздерінің теріс көзкараста екендігін ашық айтқан. Егер жауаптардың «тізбегі» берілсе онда олар «дұрысырак» жауап беруге тырысады. Бірақ барлығы ондай емес.
Ұсынылған жауаптар «тізбегінің» артында жауаптың ұсыныл-ғаннан басқа нұсқасын тандау керек болса және ол нұсканы ай-қындауға өтініш болса, онда жауаптар «тізбегі» «ашық» болады. «Жабықтізбекте» жауап нұсқаларының барлығы түгел беріледі.
Анкетада бірін-бірі толықтыратын қосымша сұрақтар бола-ды. Сол себепті кейде «ашық» және «жабық» сұрақтар жиынтығы пайдаланылады.
Әдетте, криминологиялык зерттеулерде сұралатын адамның аты-жені мен мекенжайы көрсетілмейтін анонимдік деп аталатын сұраулар да болады. Бұл анкетада «шағын төлкүжаттың» болуы қарастырылған, яғни онда жасы, жынысы, жұмысы туралы сүрак-тардың және сұралғанды сипаттайтын басқа да мәліметтердің бо-луымүмкін.
Анкетаны құрастырғанда оның артынан ЭЕМ-де өңделетінін ескеру керек. Сұхбаттасу дегеніміз қылмыс жасаған адаммен, немесе оның туыстарымен, немесе кұкық қорғау органдарының қызметкерлерімен, сондай-ақ баска адамдармен әңгімелесу.
Криминологиялық зерттеулерде сотталғанмен жеке сұхбатта-су, анкеталық сұрақтарға қарағанда, толығырақ нәтиже береді, кылмыстықіс-әрекеттіңсебептері мен мақсатын, оныңтәрбиесі мен өмір салтын аиықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сұра-лушы өзінің жеке ұстанымын жария еткісі келмесе, оны анкета арқылы білуге болады. «Үжымдық сұхбат» деген де өзін жақсы жағынан көрсетті, мысалы, онда бірнеше, «әдетте, оннан көп емес» адаммен кездесу болады, оларға зерттеуші өздері байқап жүрген қылмыскерліктің жайы, оңдағы өзгерістер, қабылданған шаралар-дың нәтижелілігі, қылмыскерліктің өсу немесе азаю себептері жайында айтуды етінеді. Мысалы, мұндай сұхбат қандай да бір ұйымның бір топ кызметкерлерімен, немесе белгілі бір ауданның немесе үйдің бір топ тұрғындарымен, немесе колониядағы соттал-ғандармен, немесе прокуратураның, полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен жүргізіледі. Егер зерттеуші алдын ала сұрақ-тарды кұрастырып, оларды кандай ретпен кою керектігін жоспар-ласа ғана ондай сүхбаттан жақсы нәтиже күтуге болады. Ол сұрак-тар окылмайды, еркін әңгімелесу арқылы беріледі. Сұхбат нәти-желері, әдетте, артынан жазылып алынады, сонан соң өнделеді.
3. Байқаудың бірнеше түрі бар.
Социологиялық зерттеулердегі байкауларға карағанда крими-нологияда байқау өрісінің және оның нұсқаларының біршама ерекшеліктері бар.
Мысалы, байқаудың үш негізгі рөлін бөліп алуға болады: 1) байқаушы - қандай да бір қызметке катысушы (қызметті және оған қатысушыларды байқап жүреді) ; 2) шындығында байқаушы (ол өзін қызметін байқауы тиіс субъектілермен қатынаста байкау-шы ретінде сезінеді) ; 3) қамтылған байқаушы (жұмысқа орнала-сады не өзін бақылаушы ретінде көрсетпей бір жерлерде жүреді, бақылауы тиіс кызметке қатыспайды, бақылауды сырттай жүргізеді) .
Қылмыстық кызметті алатын болсақ, онда қылмыстықтопқа, ұйымға кірген криминологті көзге елестету керек. Бірақ мұндай топқа кіру қылмыс жасауға міндетті түрде қатысумен байланыс-ты. Кдтыспаған жағдайда зерттеуші әшкереленіп, одан ауыр зар-дап шегуі мүмкін. Заң криминолог-зерттеушіні кылмыстық жа-уаптылықтан жөне жазадан босатуды қарастырмайды. Зерттеу тиісті іс-әрекетті қылмъю деп танымау үшін де негіз бола алмайды, мыса-лы, аса қажеттілік жөне кажетті корғаныс жағдайларында.
Жаза өтеу орындарында қамтылған байкау, көбіне, көрсетілген қиындықтармен, сондай-ақ сотталғанның мәртебесін жасырын алудағы киындықтармен байланысты.
Қамтылған байқауда кұқық қорғау органдарының оперативтік қызметкері, тергеуші, прокурор, судья, адвокат. еңбекпен түзеу мекемесінің қызметкері ретінде болған пайдалы. Бүл тұрғыдан алғанда криминолог үшін оның құқық корғау органдарында, сот-тарда жұмыс істеп алған тәжірибесінің маңызы зор.
Байқаудың басқа да түрлеріпайдаланылады. Мысалы, қалалар-дың бірінде кәмелетке толмағандар қылмыскерлігін зерттегенде оған қатысушылар ретінде заң оқу орындарының студенттері кам-тылған. Олар зерттелетіндердің құрдастарындай еді. Дискотека-ларға, басқа да сауықтыру орындарына барғанда олардың баска-лардан айырмашылығы болмады, сондықтан кұкық бұзушылардың демалу кезіндегі әрекетгерін, әр түрлі топтар арасындағы өзара байланысты, олардың жүріс-тұрысын байкауға мүмкіндік болды.
4. Эксперимент. Профессор Дюверженің айтуынша, «экспе-римент жасауды арандатылған байкау деуге болады». Отандык әдебиетте экспериментке «эксперимент жасаушының баскаруын-дағы кейбір факторлардың ықпалымен объектінің өзгеретін жағ-дайына бакылау жасау және дәйекті тіркеу болатын зерттеу әдісі» деген аныктама беріледі.
Криминологияда экспериментаясы екі катынаспен шектелген. Бір жағынан, кылмысты арандатуға жол берілмейді. Зерттеуші қылмысқа арандатушы, көмектесуші ретінде немесе басқадай рөлде қатысқаны үшін босатылмай-ды. Екінші жағынан, қылмыскерлікпен күрес женіндегі шаралар заңға, моральдің көпшілік қабылдаған нормаларына негізделуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, занды мүдделерін, ұлттық және діни сезімдерді бұзуға тиіс емес.
Болжаулау әдістерін де бөліп алуға болмайды. Әдебиетте олар фондық және профильдік болып бөлінеді. Фондық әдістер осы тарауда айтылған әдістер кешенін пайдалана отырып кажетті ақпа-раттык база күрады. Профильдік әдістер дегеніміз - экстраполя-ция, модельдеу, эксперттік бағалау әдістері. И. В. Бестужев-Лада-нь[ң орынды көрсеткеніндей, болжаулау, ол «болашақ жайында айтпау, қандай да бір құбылыстың және процестіңдаму перспек-тивасын қазіргі ғылым құралдарының көмегімен ұдайы зерттеу».
Криминологиялық зерттеулердің әдістемесі
Өткен параграфтарда аталған барлық әдістер практикада жи-ынтықталып қолданылады. Ал олардың жиынтығы зерттеудің пәніне, объектісіне жөне мақсатына байланысты. Зерттеу багдар-ламасы жасалғанда сұрақтардың мынадай топтары бөлініп алына-ды: 1) зерттелуге жататын проблемаларды баяндап жазу; 2) әде-биеттің және алдыңғы зерттеулердің ескере отырып оның күйін суреттеу, оны зерттеудің кажеттігін негіздеу; 3) жорамалдау; 4) зерттеу әдістемесі мен алынған мәліметтерді жинақтап қорыту әдістемесі.
... жалғасыМысалы, жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы нақты жасалған қылмыстартуралы мәліметтерді ресми қылмыстықста-тистика қаншалықты толық көрсететіндігін зерттегенде әдістердің мынадай жиынтығы пайдаланылады: зертгеу; сот-медициналык сараптаманың Республикалык оргалы-ғының тірі адамдарды куәлендіру және мәйіттер сараптамасының нәтижелері туралы материалдарын зерттеу; азаматтарға сауал кою; ауруханалардың, травматология пунктерінің материалдарын зерт-теу; денсаулық сақтау, кұкық қорғау органдарының қызметкер-лерінен сұрау; сақтандыру компанияларының материалдарын зерт-теу және олардың қызметкерлерінен сұрау.
Кәмелетке толмаған құкық бұзушылардың жеке басының ерекшеліктерін зерттегенде және олардың көзқарастары мен на-нымдары өз құрбыларының кезқарастары мен нанымдарынан өзге-ше ме деген мәселені анықтағанда анкетамен сұрау әдісі, ал олар-дың нәтижелерін өндегенде бейнелерді тану өдісі пайдаланыла-ды. Атап айтқанда, ЭЕМ жадына сұралғандардың қандай да бір құқықтық жағдайды қалай бағалайтындығы, өмірде жетістік деп нені санайтындығы, ол жетістікке жетудің қандай маңызды жол-дары бар екендігі туралы мәліметтер енгізілген болатын. Анкета-дағы сұрақтарға берілген жауаптар негізінде ғана ЭЕМ жібі түзу құрбылары арасынан кәмелетке толмаған қылмыскерлерді 80% жағдайда дұрыс анықтады. Сонан соң зорлық-зомбылық қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардан 86% жағдайда бас пайдасы үшін қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарды дұрыс ажыратты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz