Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ

Сот билігі - қазақтардың мемлекеттік символы болып табылады. Ұлттық санада да сот билігі халыққа етене жақын тұрған билік саласы болып есептеледі. Би, бүгінгі тілмен айтқанда, судья - ел қамқоры, халық жанашыры әрі ақылшысы бола біледі.

Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты - сот процесіне қатысушылардың «жеңуі», не «жеңілуінде» емес, екі жақтың «жеңілдеп» шығуында еді. Өйткені, оның басты мақсаты - бітім, бітімгершілік болатын. «Дау мұраты - бітім» деген аталы сөз де сол кезден қалған.

Қазіргі күнде біздің еліміздің саяси жүйесінің жаңғыртылуы және демократияның әрі қарай дамуы мемлекет дамуының басым бағыттарының бірі ретінде атап көрсетілген. Бұл кездейсоқ емес, өйткені, бәсекеге қабілеттілік көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның дамуының саяси аспектілерін де анықтай бастады.

Бұдан шығатын қорытынды, Қазақстанда сот өкілдігінің кешенді стратегиясын дәлме-дәл нақтылау мемлекеттік және қоғамдық институттардың алдында тұрған өзекті мәселе болып табылады. Осыған байланысты мемлекет басшысы өз кезегінде Қазақстанның мемлекеттік құрылымы мен саяси жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған елдегі ірі көлемдегі саяси реформаларды жалғастырудың қабылданған бағытын өзгертпейтінін тағы да атап өтті. Сонымен қатар, мұнда саяси жаңғыртуды жүзеге асыру барысында бұл сферадағы әлемдік тәжірибені де, сондай-ақ қазақстандық нақты жағдайды да есепке алу үлкен маңызға ие болатынын ескертті. Жалпы процессуалдық заңға сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АІЖК-і

58 -ба-бының 1-бөлігі) .

Өкілдік - басқа адамның (өкілдік берушінің) атымен бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкілеттік өкілдің әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін. Өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері мен қорғаншылары жасайды (ата-анасы, асырап

алушылар) .

Сотта өкілдік ету дегеніміз - басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан бір тұлғамен процессуалдық іс-әрекеттер жасау.

Сотта өкілдік ету - басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын бір тұлға (сот өкіл етуші), оның себебіне өкілдік берушінің сәйкесті құқықтар мен міндеттер туындайды.

Сотта аталған процессуалдың іс-әрекеттер жасайтын тұғаны сотта өкіл етуші деп атайды. Сотта басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан өкілдік етуге өкілдің құқығын куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз болып табылады.

Сотта өкіл етуші - өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға. Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

Сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен барлық азаматтық істер бойынша соттарда және азаматтық процестің барлың сатыларында болады.

Сот шешімін (үкім және қаулы) орындау кезеңі. Бұл кезеңнін мақсаты мен міндеті - сот үкімін орындауға қатысты болып табылады. Үкімді орындау барысында заңда көрсетілген бірқатар іс жүргізу әрекеттерін қолдануға мүмкіндігі туындап жатады.

Мысалы:

- туған-туыстарын сот үкімінің мазмұнымен таныстыру және оларды сотталушымен жолықтыру;

- сотталушының сырқатына, жүкті болуына байланысты немесе кәмелетке толмаған баласы болуына байланысты сот үкімін орындауды кейінге қалдыру.

Бұл кезеңнін субъектілері мыналар:

- сот төрағасы, прокурор, сотталушы, қылмыстық-атқарушы мекеме әкімшілігі, дәрігерлік комиссия, әскери бөлім тобы, т. б.

Қадағалау ретінде іс жүргізу кезеңі - бұл заңды күшіне енген сот шешімін қайта қарау ісі жөніндегі қылмыстық процестің ерекше кезеңі.

Бұл кезеңде прокурор мен сот төрағасы заңсыз және негізсіз деп танылған сот үкімі мен сот қаулысының заң күшіне енуі туралы шағымдарды, арыздарды қарастырады. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға қарсы қадағалау инстанциясына сәйкес апелляциялық шағым беруге құқығы бар процестің қатысушылары наразылық білдіріп, шағымдана

алады. Наразылықты қабылдауға мыналар құқылы: облыстық және оған теңестірілген сот төрелігінің қадағалау коллегиясындағы Қазақстан Республикасы Бас прокуроры, сондай-ақ қадағалау коллегиясындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары, облыс прокурорлары және оларға тең келетін қадағалау коллегиясындағы прокурорлар.

Қадағалау ретінде іс жүргізу кезеңінің субъектілері: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот төрағасы, облыстық сот төрағалары мен оларға тең келетін сот төрағалары, Жоғарғы Соттың қадағалау коллегиясындағы сот төрағалары және облыстық соттың қадағалау коллегиясы, баяндаушы судья; ҚР Бас прокуроры және олардың орынбасарлары, облыс прокурорлары мен оларға тең дәрежелі прокурорлар; сотталушы, ақталушы, қорғаушы, жәбірленуші, және оның өкілдері, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері.

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т. б. ) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.

Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.

Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілер:

а) сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын-ала азаматтық іс жүргізу

құқықтық нормаларымен белгіленген;

б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына

қатысуға құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғай

алады;

в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы

анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы

керек.

ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі:

1) бұйрық бойынша іс жүргізу істері;

2) талап қоюмен іс жүргізу істері;

3) ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері;

4) ерекше іс жүргізу істері.

Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтыгы: талап арызды (арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т. б.

Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды:

1) өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткен

адамның арызы бойынша;

2) заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен

мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік

басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық

ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша. Азаматтық

іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс

қозғайды және ол бойынша тиісті ұйғарым шығарады.

Азаматтық істерді қарағанда арызды қабылдағаннан кейін судья істі сотқа қарауға әзірлік жүргізеді, оның мақсаты - істі уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның жеке өзі мынандай әрекеттерді жасайды:

1) талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады. Онда жауапкер жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса, қосымша дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

2) қажет болған реттерде, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы жөнінде сұрастырады, оның талапқа қандай қарсылықтары бар екенін және бұл қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

3) үшінші тұлғаларды және өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы мәселені шешеді;

4) іске прокурордың қатысуы туралы мәселені шешеді. Белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі салдарынан өрекет қабілеттілігі жөн деп танылған адамдардың, неке бұзу туралы істері бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын қорғау үшін, сондай-ақ балаларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы жөне қамқоршы органдарын процеске қатыстыру мәселесін шешеді.

Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша ңажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және т. б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.

Заң күшіне еңбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық өндіріс) . Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе, олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ, олардың келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек) соттық қаулы шығарады.

Сот актілерін орындау сатысы. Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы) борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мәжбүрлеу шарасын қолдануымен орындалады (жалпы мерзімі 2 ай) .

Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау сатысы (қадағалау өндірісі) . Сот шешімінің дәлелсіздігі немесе материалдық немесе іс жүргізудің құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға негіз болады. Сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу бөлмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;

2) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық немесе бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;

3) Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толың немесе бөлігіндегі күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды немесе іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;

4) Іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;

5) Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді немесе оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық дәлелді шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот құрамы үш судьядан кем болмауы тиіс. Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады.

Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысы. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады. Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға мыналар негіз болады:

1) іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар;

2) заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дәлелсіз шешім шығаруға негіз болған куәнің біле тұра берген жалған жауабы, сарапшылардың біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы;

3) заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық әрекеттері;

4) сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының бұзылуы. Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор.

Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген. Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттың құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді.

Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан (еңбектік және т. б. ) туып отыратын даулар қаралып, шешіледі.

Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.

Сот төрелегін жүзеге асыруда қоғамның қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-бірінен ажырата білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек.

Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтың реттеу әдістері: императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.

Процессуалдық құқықтық кепілдіктер . Азаматтық процессуалдық нормалардың жүйеленуі: реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу

нормалары. Азаматтық іс жүргізу құқықтық нормалардың құрылымы: гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т. б. ), диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың түрлері.

Сотта өкілдік туындау негіздеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

- шартты;

- заңды;

- жарғысы бойынша;

- қоғамдық;

- ресми.

Шартты өкілдік ету - еңбек шартына немесе тапсырма шартына негізделген өкілдік ету. Мұнда өкілдік беруші (тарап, үшінші тұлға) басқа тұлғаға (өкіл етушіге) сотта оның ісін жүргізуін тапсырады. Азаматтық процесс бойынша тарап немесе үшінші тұлға ретінде қатысатын азаматтық іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды

(ҚР АІЖК-і 58-бабының 1-бөлігі) . Сонымен қатар істің мән-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады (ҚР АІЖК-і 187-бабының 5-бөлігі) .

Өкіл етуші ретінде іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады (ҚР АІЖК-і 59- бабының 7-тармағы) .

Заңды өкілдік ету - заңның тікелей көрсетілуіне негізделген өкілдік ету. ҚР АІЖК-нің 63-бабы бойынша сотта заңды өкілдік ету: әрекетке қабілетсіз (14 жасқа дейінгі, есі дұрыс емес), әрекет қабілетіне толық ие емес (14-18 жаста) немесе әрекетке ңабілеті шектеулі (маскүнемдіктен, нашақорлықтан) азаматтардың жеке және мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ата-аналармен, асырап алушылармен, қамқоршылар немесе қорғаншылармен; - хабар-ошарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша - мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адаммен;

- қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мүрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса - мұралық мүлікті қорғау мен басқару үшін тағайындалған сақтаушы немесе қамқоршымен жүзеге асырылады.

Сонымен заңды өкілдік ету туындау негізі үшін әртүрлі заңды фактілер қажет - туыстық, асырап алушылық, қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауы.

Заңды өкілдер істі сотта өздері жүргізеді немесе басқа өкілге тапсыра алады (ҚР АІЖК-і 63-бабының 4-бөлігі) .

Құрылтай құжаттары бойынша өкілдік ету - төмен тұрған ұйымның арнайлы тапсырмасыз олардың мүдделерін қорғауға жоғары тұрған ұйымның өкілдік ету құқығы.

Қоғамдық өкілдік ету - өз мүшелерінің мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің өкілдік етуі.

Ресми өкілдік ету - тапсырма бойынша өкілдік ету, өз сипаты бойынша заңды өкілдік етуге жақын.

Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік-құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотңа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз - азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары - азаматтық, отбасылық, еңбектік-құқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына

ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14-бабының 1 бөлігінде былай жазылған: "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең". Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі нормативтік актілердің қандай байланысы бар екенін айту қажет: ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы,

Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын (ҚР прокуратурасы туралы, ҚР ҚІЖК, ҚР еңбек туралы, ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы және т. б. ) оқып танысу керек. Оған қоса соттың прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызамыз.

Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы ҚР АІЖК-сі болып

танылады. Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді.

Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚР АІЖК-сі 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін

азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды (ҚР АІЖК-і 4-бабының 2-

бөлігі) .

Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады.

Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе. Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Қазақстандағы азаматтық қорғаныс
Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы
Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы ақпарат
Істі қадағалау сатысында қарау тәртібі, қадағалау сатысы сотының шешімдері
Прокурордың қорытындысын ескерген сот шешімі
Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы
Ерекше талап қою
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері
Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz