Көп мағыналы сөз


Көп мағыналы сөз
Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа да мағынада қолданыла береді. Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер дейді.
Көп мағыналы сөздер көркем шығармаларда жиі қолданылады. Өздерінің шығармаларында ақын-жазушылар кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар алып жұмсай береді.
Екі күймек бір жанға әділет пе,
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.
Ашиды жаның, қайнайды қаның,
Мінездерін көргенде…
Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді шатастыруға болмайды. Көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен байланысты болса, омоним сөздердің мағыналары бір-бірімен байланысты емес, мағыналары бүтіндей бөлек болады.
Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқаңда, тілдің дамуы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, сапасымен де өлшенеді. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі - сөздң көп мағыналығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы (полисе¬мия) дейміз. Сөздің-көп мағыналығы - негізінде сөздік қордағы сөздерге тән касиет. Heгe десеңіз, бұлар - ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, тілде жаңа сөз, тың мағыналар жасауға ұйтқы бо¬лып келе жатқан байырғы тума сөздер. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да қарыштап дамып тұрақтанып әбден қалыптасқан. Сондықтан да бұлар көп мағыналы болып кездеседі: Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезінде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін талай заман өткен сайын, олар бұрынғы меншікті бір мағынасының үстіне жаңадан бір я бірнеше қосымша туыңды мағыналарға ие болған. (Мәселен, қанат алғашында құстар мен шыбын-шіркейлердін ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балықтың жүзу мүшесін, киіз үйдін керегелерін (алты қанат ақ орда), арбаларының үстін кеңейту үшін салынған ағашты (қанаты жоқ шанаға шөп аз сияды) Кеңес өкіметі тұсында ұшақтың қанаты және белгілі бір нәрсенің орналасқан шебі, екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары т. б. ) мағыналарын білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды өзге қосылған жаңа мағына басқа жақтан келіп, өз-өзінен жамала қалмайды. Әрбір жаңа мағына әр сөздің білдіретін мағынасының айрықша қасиетінең түрліше сыр-сипатынан келіп шығады. Сөз өзінің білдіретін затың құбылысын барлыкқ қасиетімен толық бірден қамтып, суреттеп бере алмайды. Егер сөз өзінің білдіретін үғымын барлық ерекшеліктерімен түгел жинақтап, бірден көрсеткен болса, онда сөз ауыспалы мағынада айтылмаған болар еді. Ал сөз ауыспалы мағынада жұмсалмаған болса, онда тілде көп мағыналы сөздердің кездеспеуі мүмкін. Адам өмір шындығын уақыт озған сайын біртіндеп тани берген. Заттың бойындағы барлық ерекше белгілерді біліп болғаннан кейін барып, ұғым дерексізденеді.
Омоним сөздер
Омонимдер(гр. homos - біркелкі, onyma - есім) - шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, тек айтылуы ғана бірдей сөздер.
Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.
Ат - жұмыс көлігі;
Ат - есім, атау;
Ат - етістік (бұйрық рай) .
Бұлар - жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.
Қас деген төрт сөз бар:
қас - адамның қабағындағы қас;
қас - дұшпан, жау;
қас - бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы) ;
қас - ердің қасы
Бұлар да - бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.
Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.
Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.
Жасалу жолдары
Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz