Ұлы Жібек жолының ежелгі тайпалар өміріндегі рөлі



Жоспар:

1. Кіріспе

2. Жібек жолының пайда болу тарихы
3. Ұлы Жібек Жолының тармақтары
4. Ұлы Жібек Жолының ежелгі тайпалар үшін маңызы

5. Қорытынды
Мемлекетаралық экономикалық және мәдени байланыстардың ұйытқысы, кезінде адамзат қоғамының прогрестік дамуына қозғаушы күш болған Жібек жолының он алты ғасырға жуық уақыт бойғы керуені өз тарихын біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдан бастайды. Әр елдегі ғылыми жетістіктің , әдебиет пен өнердің озық туындысының, құнды мәдени мұралар мен өмірлік маңызды тәжірибелердің бір аймақ шегінде оқшау қалып қоймай, әлемдік өркениетпен араласуы, бірін – бірі байытуына, қала мәдениетінің жедел дамуына Жібек жолының әсері зор болған.
Ұлы Жібек жолының жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар болсақ, ондағы жүздесу мен тілдесу қатынастары және сауда - саттық байланыстары б.з. дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғары жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі. Бадахшан лазуриті І мыңжылдықтың ортасында Қытайға жеткізіле бастады.
Үнді мұхиты жалғастырып жатқан «Лазурит жолымен» қатар дүниеге Орта Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңізімен және келген «Нефрит жолы» Шығыс Түркістанды Қытаймен жалғастырды. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.
Біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдықтың орта кезінде « Дала жолы» деген жолдың болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Герадоттың жазбаларына сүйенсек, бұл жолдың сорабы мынандай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген аргиппейлер еліне қарай созылды. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдары кең таралып жатты.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Реферат

Тақырыбы: Ұлы Жібек жолының ежелгі тайпалар өміріндегі рөлі

Орындаған:
Қабылдаған:

Жоспар:

1. Кіріспе
2. Жібек жолының пайда болу тарихы
3. Ұлы Жібек Жолының тармақтары
4. Ұлы Жібек Жолының ежелгі тайпалар үшін маңызы
5. Қорытынды

Кіріспе

Мемлекетаралық экономикалық және мәдени байланыстардың ұйытқысы,
кезінде адамзат қоғамының прогрестік дамуына қозғаушы күш болған Жібек
жолының он алты ғасырға жуық уақыт бойғы керуені өз тарихын біздің
заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдан бастайды. Әр елдегі ғылыми жетістіктің ,
әдебиет пен өнердің озық туындысының, құнды мәдени мұралар мен өмірлік
маңызды тәжірибелердің бір аймақ шегінде оқшау қалып қоймай, әлемдік
өркениетпен араласуы, бірін – бірі байытуына, қала мәдениетінің жедел
дамуына Жібек жолының әсері зор болған.[1]
Ұлы Жібек жолының жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар
болсақ, ондағы жүздесу мен тілдесу қатынастары және сауда - саттық
байланыстары б.з. дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан
лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғары жағынан нефрит кен
орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп,
жөнге келтіріледі. Бадахшан лазуриті І мыңжылдықтың ортасында Қытайға
жеткізіле бастады.
Үнді мұхиты жалғастырып жатқан Лазурит жолымен қатар дүниеге Орта
Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңізімен және келген Нефрит жолы Шығыс
Түркістанды Қытаймен жалғастырды. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен
терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы
таратылып жататын. [2]
Біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдықтың орта кезінде Дала жолы
деген жолдың болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Герадоттың жазбаларына
сүйенсек, бұл жолдың сорабы мынандай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңіз
жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы
етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген
аргиппейлер еліне қарай созылды. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран
кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдары кең таралып жатты.[3]
Жібек жолының пайда болу тарихы.

Жібек өндіру және және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін
біздің дәуірімізге дейінгі І мыңжылдықтан саналып келді. Алайда Чженцзянь
провинциясында, Тайху көліне таяу маңда қазба жұмысын жүргізген қытай
археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдіктер мен жібек
жіптер тапты. Бұл маталар жасы біздің дәуірімізге дейінгі 2750-100 жылдар.
Оларды талдап анықтау жұмысы сол кездің өзінде- ақ, яғни бұдан бес мың жыл
дерлік, жібек жасап шығару кәсібі қарапайым әдістер кезеңін бастан кешіп
үлгергенін көрсетіп берді.
Ұлы Жібек Жолының тарихы жөнінде қытай саяхатшысы Сюань-Цзянь мол
деректер қалдырған. Ол 629 жылы Будданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру
және дін ілімін шыңдап зерттеу үшін Қытайдан Үнді еліне сапар шекті. Ол
Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық жаңалықтарға, діни
мұраттар мен мәдениет жетістіктеріне мұрындық болып тұрған осы халықаралық
жолмен жүрді. Нань – Аньнан шыққан саудагерлердің қоспақ түйелі керуенімен
атақты Гоби шөлін жағалап, Дунган жері арқылы Ұлы айдаһар құмы аталатын
сортаң шөлейтті, Хами мен Тұрфан алқаптарын, Тянь - Шанның солтүстік
бөктерімен мұздық тауларын, шамасы, Мұзұр-Ола жоталарын басып өткен. Сюань
Цзянь мен оның сапарластары Көкмөлдір көлге жетті. Оның Ыстық көл деп
те атауын Есік көлі атауымен салыстырмау мүмкін емес. Саяхатшы осы өзенді
айналып өтіп, Батыстағы шекарасы сонау Қара теңізге дейін созылып жатқан
байтақ мемлекеттің әміршісі – түрік қағаны тұрған Суяб қаласына келеді.[4]

Ежелгі дәуір мен орта ғасырда халықаралық қатынастың күретамырына
айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен Батыстың негізгі сауда
затына айналған жібек бірнеше рет аталды. Жібек жолы ең алдымен Ұлы дала
жолы, Сәйгүліктер жолы, Пілдер жолы Бұлғын және Нефрит (Көктас) жолы деп
сан рет өзгерген. Жібек жолы арқылы қымбат, әрі бағалы жібек маталар,
қолөнер бұйымдары, тұрмыстық бұйымдар, зергерлік бұйымдар, аң терілері
сияқты сауда – саттық тауарлары алдын – ала жоспарлағандай өрбіді.[5]
Біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларды қытай жібегі басқа елдерге,
оның ішінде Батысқа да шығарыла бастады. Алтайдағы пазырық патша
қорғандарының бірінен біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырды көрсететін
феникстер қолымен өрнектеліп тігілген жібек жамылғы табылды. Сондай-ақ,
Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарынан біздің дәуірімізге дейінгі VI-V
ғасырларға жататын қабірлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген жібек
маталар мен шашақтар табылды.
Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтардың көшпелі әулиеттері де
ат салысты. Солардың қатынасаралық көмегімен сол кезде қасқалдақтың
қанындай қымбат тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне тарады. Бұл кезде
жібек Үндістанға да жеткен еді. Оған үндінің синапатто - қытай жібегі
деген сөздері куә, ал бұл сөздер біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда
жазылған, Артхашастра трактатында кездеседі.
Жібек жолы тек біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінен
бастап ғана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал
осының бәрі У Дидің көмегімен Батыс елдеріне жұмсаған князі Чжан Цзянь
бастаған елші керуеннің Хань астанасынан он үш жылдан кейін қайтып оралады.
Ол осы күнгі Ауғанстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі
аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Содан
соң, жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға Жерорта
теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.
Көп ұзамай халықаралық сауда тізгіні Орта Азияның Зеравшан және
Қашқария алқаптарын мекендеген Соғда елінің саудагерлері қолына көшті.
Шығыс Түркістанның Тохар қалаларында және Қытайдың Ланчжау, Дуньхуан,
Чаньан тәрізді қалаларында соғдылықтардың сауда отарлары болды. Мәселен,
Дуньхуанда мыңға тарта соғдылықтар тұрды. Соғдылықтар Жібек жолы келіп
тірелген жерден Жапонияға басып кіріп, жапонның ежелгі астанасы Нарды
биледі. Сондағы храмдардың бірінен соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы
тұр.[6]

Ұлы Жібек Жолының тармақтары

Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғ. орта шенінде Жібек жолы елшіліктің
және сауда - саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.
Жібек жолы біздің дәуірімізге дейінгі ІІ- V ғасырларда, егер Шығыстан
жүре бастасақ, Қытайдың ежелгі астанасы Чаньаннан шығып, Ланчжоу маңындағы
Хуанхэ өткеліне барады да, одан әрі Нань – шаннің солтүстік сілемдерімен
жүріп отырып, Ұлы Қытай қамалының батыс шетінен, Яшма қақпасының шебінен
барып шығады. Осы арадан жалғыз жол екіге айырылып, Тақла- Макан шөлін
солтүстік және оңтүстік жағынан айналып өтіп, үшке айырылады: Солтүстік
тармағы Хами, Тұрфан, Беспалық, Шихо көгал аймақтары арқылы Іле алқабына
жететін; ортадағы жол тармағы Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға, сосын Бедел асуы
арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауынан шығып, Дунхуан, Хотан, Яркенд,
Бактрияларды басып өтіп, Үндістан мен Орта Азия аймағына қарай шырқап
кететін. Бұл Оңтүстік жолы деп аталатын. Ал Солтүстік жолы Қашғардан
Ферғанаға, одан әрі Самарқанд, Бұқар, Мерв арқылы Хамаданға, Сирияға
баратын.
XI-XII ғғ. Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа
қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолдың бұлай ауытқуын бірнеше
себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін
сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағанатының ордалары болды. Екіншіден,
Ферғана арқылы жүретін жол VII ғ. Ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болып
қалған еді.
VII-XIV ғ. Елшілік пен сауда керуендерінің дені Жібек жолымен жүретін.
Сан ғасырлар бойы жол тынымсыз өзгеріп отырған, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
ҰЛЫ Ж БЕК. I ЖОЛЫНЫҢ ТУРИСТ КI ПОТЕНЦИАЛЫ
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
Рабад - шахристаннан тыс жерде орналасқан қала маңындағы қолөнер елді мекендері
Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Жібек жолы
Пәндер