Суицид мәселесі


Ж О С П АР
Кіріспе . . . 3-8
I-ТАРАУ. Э. Дюркгеймнің «Суицид» еңбегіне социологиялық талдау жасау . . . 9-29
I. 1. Суицид девианттық мінез-құлықтың формасы ретінде және оның
типтері . . . 9-16
I. 2. Суицид мәселесін зерттеген ойшылдардың еңбектеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар . . . 17-29
II-ТАРАУ. Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде оның алдын алу шаралары . . . 30-51
II. 1. Батыс елдеріндегі суицид мәселесіне социологиялық шолу . . . 30-37
II. 2. Суицидті алдын алу шаралары . . . 38-51
Қорытынды . . . 52-55
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56-58
Қосымшалар . . . 59-61
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Э. Дюркгеймнің суицид мәселесіне социологиялық талдау». Бұл тақырып қазіргі таңда ең өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені Қазақстан Республикасы - қалыптасуы мен дамуының қиын кезеңін басынан кешіріп отырған, жас егеменді мемлекет. Суицид мәселесі, оның қоғам өміріне зардаптары мен ықпалын, толық негізде қоғам өмірін зерттейтін гуманитарлық ғылымдардың, соның ішінде әлеуметтану ғылымы үшін өзекті және маңызды мәселе болып табылады. Қоғамымыздың аумалы-төкпелі шағында өзін-өзі өлтіру (суицид), нашақорлық, қылмыс, маскүнемдік секілді түрлі керітартпа әдеттердің тым көбейіп, жұқпалы дерт секілді таралуы, олардың әсері мен қауіптілігі - бұл әлеуметтік проблема. Бұл проблеманы зерттеудің өзектілігі осы қоғамымызға жат әрекеттердің біздің елімзде үздіксіз өсуімен және оның қауіптілігінің күшеюімен түсіндіріледі.
Менің диплом жұмысыма бұл тақырыпты таңдап алуымның себебі, осы мәселе бүгінде айтарлықтай зерттеліп біткен жоқ және ол одан әрі зерттеуді қажет етіп отыр.
Бұл мәселеге деген қызығушылықтың артуы да осы девианттық әрекеттерді тудыратын себептерді іздестіруге, әсіресе, бұл мәселеге жастардың көбірек араласуы, оның көбеюін дер кезінде тоқтатуға және алдын алуға, жалпы айтқанда қоғам өміріндегі осы бір дерттің толық шешілуіне өз үлесімді қосуды мақсат еттім.
Әу баста Алла-тағала адамды жаратып, оған жан силады. Діни көзқарастар жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулының пайда болуын, дамуын, өлуін «ұлы күшпен» байланыстырады. Біздің дін бойынша, адамға жан бітіріп өмір силаушы да, ажал жіберіп жанды қайтарып алып, өмірді үзуші де Алланың өзі. Адамның жанын тек Алланың өзі қалаған уақытысында алады екен. Ал адамның өз өмірін тоқтатып, өзін-өзі өлтіруі ислам қағидаларына қайшы келеді. Исламда мұндай адам дозақ отына күйеді деген сенім бар. Десек те, қазіргі біздің қоғамымызда өзіне өзі қол жұмсап, өз еркімен өмірден кетіп жатқандардың саны аз емес. Мұндай әрекеттерге нендей себептер түрткі болғанын көбіміз біле білмейміз.
Өзін-өзі өлтірушілік, суицид латының «sul» өзімді, «caedere» өлтіру деген сөзінен шыққан, яғни, өз омірін әдейілеп қию [1] .
Өзін-өзі өлтіруді жіктеп зерттеу барысында қоғамдағы техникалық өркендеу, информациялық ресурстардың алшақталуы адамның қажеттілігінсіз өсуі, адам бақытының ұлғаюы, адам психикасындағы ауытқушылықтардың көбеюімен қоса жүріп отыратынын байқаймыз. Теріс мінез-құлықтың бір түрі болатын өзін-өзі өлтірушілер жігері мықты адамдар емес, керісінше, өз қиыншылықтарын жеңе алмайтын әлсіз адамдар типі.
Адамзат тарихын басып өткен өркениеттер өзін-өзі өлтіру мәселесін түрлі дүниетанымда қарастырады. Мысалғы, Ежелгі Грецияда бұл мәселені теріс қабылдады және суицидті заң арқылы жазалау керек, тіпті өзін-өзі өлтіруге ниеттеліп, іске асыруға барған адамдардың қолын кесу керек деп есептеді. Ислам дінінде де, христианда да өзін-өзі өлтірушілерді жақтамайды, исламда олардың жаңазасы шығарылмайды, христиан дінінде де бейітке шіркеуге апарылмайды.
Бұл жерде дін осы мәселенің азаюына тосқауыл жасай алмайды. Ал басқа елдерде, мысалы, Қытайда өзін-өзі өлтірушілікке басқаша көзқараспен қарады. Олардың дүниетанымы бойынша, адам өзін-өзі өлтіру арқылы өз жанын азат етеді деп түсіндіріледі.
Үндістанда да осындай дүниетаным қалыптасқан. Ал, Жапонияда мынадай харокира әдет-ғұрып бар: өзін-өзі өлтіру данышпандықтың, шыншылдықтың, тәртіптіліктің биік шыңы деп түсіндірілген. Дегенмен де харокира дәстүрі бойынша, өзін-өзі өлтіру екі түрлі сипатқа ие. Егер адам өмірмен қоштасқысы келсе, жанұя мүшелерін түгел шақырып, бастан-аяқ түгел ақ қиім киіп, ішін күйдіреді, осы кезде баласы немесе жақын досы басын кесуі керек. Бірақ мұның барлығы әдет-ғұрып тұрғысында толық қамтылмайды. Қазіргі күнде дүниежүзілік өркениетте араласқан мәдениеттің көбеюіне байланысты адамға көбіне діни және әлеуметтік-мәдени факторларға қарағанда экономикалық факторлар өз ықпалын тигізіп отыр.
Бұл жағдай қазіргі заманға тән. Қазір өзін-өзі өлтіруді құлдырауды сипаттайтын өркениеттің өркендеу кезеңінің ақыры деп танылатын үлкен қомаларға тән деп есептеу кең таралған. Бұл мәселенің барлық философиялық, психологиялық және әлеуметтік жақтарын әлеуметтанушы Э. Дюркгеймнің «Өзін-өзі өлтіру» деген еңбегінде егжей-тегжейлі айтылған. Ол мына пікірді ұсынады: Өзін-өзі өлтірушілік дегеніміз жәбірленуші адам өзін мәжбүрлеуші етіп те көрсететін, және өз өлімі туралы айғақты соңғы көрген жағдайда айтамыз.
Өзін-өзі өлтірудің түрлері:
Дюркгейм өзін-өзі өлтірудің 4 түрін атап көрсетті:
1. Эгоистік
2. Альтруистік
3. Аномистік
4. Фаталистік
Өзін-өзі өлтіру теріс мінез-құлықтың бір түрі ретінде қаратырылады. Бұл мәселе әрқашан актуальды болған және болып қала береді. Оның себебі біріншіден көптеген елдерде тууға қарағанда өлімнің соны өсіп барады, ал суицид әлемде өлімнің негізгі себептерінің бірі болып отыр. Екіншіден, қоғамдық құлдыраулар үнемі өзін-өзі өлтірудің деңгейіне елеулі әсерін тигізіп отырады. Үшіншіден, бұл әлемдік деңгейдегі мәселесі түбегейлі шешу мүмкін болмай отыр.
Зерттеудің объектісі - жасы 17-ден 25-жасқа дейінгі Қазақстанның студент жастары. Жастарды зерттеу объектісі етіп алуымның көптеген себептері бар. Біріншіден, жастар арасындағы жағымсыз іс-әрекеттер ересек адамдарға қарағанда 2-3 есе жоғары болып келеді. Екіншіден, жастар өмір тәжірибесі аз халықтың осал бөлігі болып табылады. Үшіншіден, жастар басқа жастағы адамдарға басқаның жағымсыз ықпалына тез түсіп қалады. Яғни, біреудің арбауына, алдауына, бір сөзбен айтқанда еліктегіш келеді.
Зерттеудің пәні - жеке тұлғаның суицидтік бағытын айқындау.
Зерттеудің мақсаты - өзін-өзі өлтіруді әлеуметтану ғылымымен қатар, заң, психология, философия ғылымдары да қарастыратын болғандықтан, аталған мәселенің негізгі деңгейлерін нақты әлеуметтану саласы бойынша айқындау және бұл мәселеге қоғамдық назар аудару, түсініктеме мен кеңес беру, суицидтің алдын-алу шараларының әлеуметтік бағдарын анықтау.
Зерттеушілерде мәселенің мазмұнын ашу үшін «өзін-өзі өлтіру», «суицид», «теріс мінез-құлық», «пассивный», «суицидтік көзқарастар», «суицидтік ойлар», «суицидтік ниет, пиғыл» т. б. ұғымдар мен категориялар қолданылады.
- Өзін-өзі өлтіру (суицид) дегеніміз - өзіндік немесе ішкі
эмоциялардың кері немесе жанама әсерінен пайда болатын, жәбірленуші де өзі, жәбірлеуші де өзі болып ақыры өліммен бітетін іс-әрекеттік жағдай;
- Суицид дегеніміз - құлдырау жағдайында өлімнен құтылудың
шынайы мүмкіндіктерінен бас тартуға және өз өмірін өзі тоқтатуға бағытталған адамның өзінің басқаруынсыз мінез-құлқы
- Девиация - қоғам мүшелерінің айыптауынан пайда болған жолын
заңдылықтардан ауытқушылық;
- Пассивті суицидтік көзқарастар - өз өліміне құштарлықтың
негізіндегі ойдан шығарылған немесе фантазиялық ойлар;
- Суицидтік ойлар - бұл суицидтік ойлардың белсенді іске асуға
көшірілген процесі және жоспардың шынайы көрініс бере бастауы. Бұл кезде өзін-өзі өлтірудің әдістері, уақыты және орны ойластырылады.
- Суицидтік ниет-пиғыл - суицидтік ойлар мен оған деген ниеттің
бірігіп, теориядан практикаға ауысады. Бұл кезде девионттық бойынан, сыртқы себептермен, өзін-өзі ұстаушылығынан оның ауытқушылыққа ұшырағанын байқауға болады [2] .
Тақырыптан мынадай гипотеза ұсынуға болады: «Қалыпсыз жағдайлар, материалдық деңгейдің өте төмен болуы», қоғамдық экономикалық құлдыраулар, жанжалдар - қоғамда суицидтік іс-әрекеттердің пайда болуының негіздері болып есептеледі.
Зерттеудің міндеттері:
-Суицидтік мазмұнын ашу;
-Өзін-өзі өлтірудің түрлерін анықтау;
-Жеке тұлғаның суицидтік іс-әрекетінің орындалуының көрінісін айқындау;
-Өзін-өзі өлтіру тәсілдерін талдау;
-Көп жағдайдағы өзін-өзі өлтірушілердің ерекшелігін атап көрсету;
-Өзін-өзі өлтірушілердің статистикасын қарастыру;
-Суицидтің алдын-алу, болдырмау шараларын іздестіру;
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жағымсыз мінез-құлықты әлеуметтік тұрғыдан зерттелуіне көптеген зерттеуші ғалымдарымыз өз үлестерін қосты. Олар, Батыс Европадан француз социологы Э. Дюркгейм, психолог және криминолог Г. Тард, Социолог Р. Мертон, Э. Сатерленд, психиатр З. Фрейд, Философ Э. Фром, Ч. Ломброзо, У. Х. Шелдон, Ч. Беккариа, Н. Смелзер, А. Кемью, және т. б. ұлы ойшылдарымыздың еңбектерін айтуға болады.
Ресей зерттеушілерінен Я. И. Гилинский, В. Н. Кудрявцев, А. А. Габиани, Е. И. Каиржанов, А. К. Катова, И. И. Рогова, И. С. Кон, Ф. М. Достоевский және т. б. ғалымдарымыздың есімдерін атауға болады.
Ал, отандық зерттеушілерден социолог Ш. Е. Жаманбалаева, Д. Қазымбетованың еңбектерін атауға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әрбір тарау екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыстың бірінші тарауында «суицид» девианттық мінез-құлықтың формасы ретінде және оның
типтері, суицид мәселесін зерттеген ойшылдардың еңбектеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар жан-жақты қарастырылды. Ал, жұмыстың екінші тарауында Батыс елдеріндегі суицид мәселесіне социологиялық шолу және суицидті алдын алу шаралары терең зерттелген.
I-ТАРАУ. Э. Дюркгеймнің «Суицид» еңбегіне социологиялық талдау жасау
I. 1. Суицид девианттық мінез-құлықтың формасы ретінде және оның
типтері
Өзін-өзі өлтірушілік, суицид латының «sul» өзімді, «caedere» өлтіру деген сөзінен шыққан, ол - өз омірін әдейілеп қию [3] . Өзін-өзі өлтірушілік деп екі түрлі құбылысты айтуға болады:
Біріншіден, жеке мінез құлықтық акт, өз омірін нақты адамнын қиюы;
Екіншіден, бұл әлеуметтік құбылыс «қоғамның белгілі жағдайының» өңімі және көрсеткіші.
Өзін-өзі өлтірушілік адам қоғамның тарихы секілді өте ертеден келе жатқан құбылыс. Өзін-өзі өлтірушілік - жек акт. Ал, өмірдің мәні - философиялық, дүние танымдық мәселе.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі өзін-өзі өлтірушіліктің себептері белгілі бір заңдылықтарға бағына отырып, әлеуметтану ғылымының зерттеу пәні болып табылады. Өзін-өзі өлтірушілік түрлі қоғамен түрлі кезеңдерде әртүрлі адамгершілік және құқықтық бағаға ие болды. Өзін-өзі өлтірушілік өмірдегі мінез құлықты сематиқалық және психикалық аурулардың зардабы болып табылады.
Өзін-өзі өлтірушілік әлеуметтік құбылыс ретінде, әлеуметтік себептерден туындап отыратындықтан, ең алдымен әлеуметтік зерттеумен түсіндіруді талап етеді.
Өзін-өзі өлтірушілік мәселесін ең алғаш Э. Дюркгейм зерттеді. Ол өзін-өзі өлтірудің әлеуметтік салдарларын қарастырды. Ал, оның ісін жалғастырушы шәкірті М. Халбваксы жасаған әлеуметтік талдауы «таза әлеуметтанулық концепциясын психологиялық факторлармен толықтырулар жасады.
1984-1987 жылдар аралығында 1 миллион ерлі-зайыптыларға жылына орта есеппен 5, 07, ал, 1 миллион бойдақтарға 12, 7 өзін-өзі өлтірушілік сәйкес келген. Бұл екі жас аралығы, екі категориядағы адамдардың өзін-өзі өлтіруге өмірінің әр түрлі сәттерінде барады. Бойдақтар үшін орташа көрсеткіш 25 жас пен 30 жас аралығында болса, үйленгендер үшін 45 жас шамасында болады. Бойдақтарға қарағанда үйленгендер арасында өз-өзіне қол құмсау төмен болады.
Сонымен отбасы, үйлену ерлі-зайыпты болып өмір сүру өзін-өзі өлтірушіліктен сақтайды.
Бойдақтарға қарағанда үйленген адамдарда адамгершілік, өнегелік принциптері жоғары деңгейде болады. Өзін-өзі өлтірушіліктің түрлі типтері болады. Қазіргі кезде ең көп тараған тип - менмендік өзін-өзі өлтірушілік жатады. Менмен адамда езілушілік сары уайымға салынушылық басым болады. Ол өзін бәрінен жоғары қояды. Бәрі оған оның мұқтаждығын қанағаттандыра алмайтындай көрінеді. Өзін-өзі өлтірушілік күн көрсету, зәбірлеу актісі болып табылады. Жалпы ережеге сай, өлтіру ағымы жылдам болады, жеке адамның қадір-қасиетін бағалаған қоғамда өзіне-өзі қол жұмсаушылық сирек болады. Міне сондықтан да төменгі қоғамдағы, жеке адамның іс-әрекетіне онша мән беріп, назар аудармаған қоғамда адам өлімі, өзіне-өзі қол жұмсау жиі кездеседі. Менмендік өзін-өзі өлтірушілікпен адам өлтіру екеуі де антогонистік себептерден болатындықтан, біреуі еркін дамыған жерде, екіншісі еркін дами алмайды. Қазіргі кезде дамыған өркениетті елдер мен ірі орталықтарда ең көп тарағандықтан ол қанды қылмыстарды ығыстырып отырады.
Сонымен, мынадай қорытындыға келуге болады: егерде өзін-өзі өлтірушілік пен адам өлтіру көбінесе кері пропорциональды болып келсе, ол екі қарам-қарсы әлеуметтік ағымды білдіреді. Бұл екеуі де бірін-бірі күн мен түн сияқты, бірінен соң бірі кезектесіп отырады. Сонымен, қоғамдағы ауытқушылық бірдей дәрежеде адам өлтірумен өзін-өзі өлтірушілікті тудырады. Сондай-ақ оның дамуы мен зардаптарының дамуы да азайтады.
Өзін-өзі өлтірушілік жоқ деген қоғам туралы біз естіп, білген жоқпыз. Керісінше, бұл құбылыс қандай деңгейдегі қоғам болмасын кездесіп отырады және оны болмайды, мүлдем болдырмаймыз деп ешкім де айта алмайды. Сонымен, өзін-өзі өлтірушілік Еуропалық болсын, Азиялық болсын кез-келген қоғамдық құбылыстың құрамдас элементі болып табылады.
Адам тарихында өзін-өзі өлтіруге қатысты адамдар мәселесі философиялық көзқарастың үстем болуына тыгыз байланысты. ХІХ ғасырдын аяғына дейін өзін-өзі өлтірушілік құқықтық жағынан құқыққа қарсы әрекет деп түсіндірілсе, ал маральдық жағынан адамның өзі үшін ғана емес, оның бүкіл жанұясына масқара әрекет болып отыр. Ол қылмыс жасағанмен бірдей қарастырылып отыр. Орта ғасырларда өзіне-өзі қол жұмсағысы келгендер өлім жазасына кесілген, ал кейінен түрмеге қамаумен ауыстырылды. Өзін-өзі қол жұмсаушылыққа мынадай формаларды жатқызуға боладың; ішімдікке үйір болу, нашақорлық, емделуге мойын бұрмау, жанжалдар мен төбелестерге қатысу.
Өзін-өзі өлтірушіліктің мінез-құлқы - бұл өзіне өзінің оміріне қарсы алдын ала ойлаған ниетпен жасаған өзін-өзі өлтіруге дейін баратын әрекеттің көптеген типтері жатады.
Өзіне-өзі қол жұмсау бұл әсіресе, 15-39 жас аралығында жиі кезеді, мұндай әрекеттердің көрсеткіші соңғы кездері көптеген елдерде күрт өсіп кетті. Мұндай адамдардың орташа жасы 15 жастан жоғары жас аралығындағы адамдар арасындағы шамамен 100 000 ерекектердің 200-не және 100 000 әйелдердің 350-не келді. Бірақта біріккен корольдік пен Германияда бұл көрсеткіш 70 жылдардың аяғында түссе, Нидрланд, Норвегия мен Филиядияда мұндай көрсеткіш мүлдем құлдырап кеткен, яғни, жылына 3500 Канадалыктар өзін-өзі өлтірушілікке барады [4] .
Өзін-өзі өлтіру - бұл мезгілсіз олімнің басты себебі, адамдар көпнесе өзін-өзі өлтіргенде, тығырықтан шығуға жол жоқ деп есептегенде барады. Мұның басты себебі, үмітімен сенімін жоғалту, адамның батылсыздығы, өзің жападан жалғызбын деп сезінуі жатады.
Әлеуметтанушылардың пікірінше, бұл себептен құтылудың басты жолы әділеттілік және әлеуметтік теңсіздікті болдырмау және т. б. себептерді атап көрсетеді.
Э. Дюркгейм өзін-өзі өлтіруді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыра отырып, мынадай қорытындыға келді:
- әрбір ұрпақ келер ұрпақты өзі түзеуі тиіс;
- адамдардың өзін-өзі өлтіруі мынадай: олар өздерінің заңды талап-тілектері қай жерге келіп тоқтайтыны және біздің әрекетіміздің мақсаты неде екенін жақсы білуінен келіп туындайды [5] .
Э. Дюркгеймнің пікірінше, өзін-өзі өлтіру бұл әлеуметтік құбылыс. Мұның басты себебі реттеушіліктің болмауы. Өйткені, әлеуметтік ереже адамдар өмірін реттеуде маңызды роль атқарады. Тәртіп бұзғанда адамдардың өмірге деген бағыт-бағдары да өзгереді, әлеуметтік нормалардың бұзылуы адамдардың мінез-құлқындағы ауытқушылығы себеп болады.
Орташа есеппен жылына 500-600 мың адам өз өмірін өз еркімен қияды, ол өзіне өзі қол жұмсауға әрекет еткендердің саны бұдан 5-6 есе көп болды.
Бұл құрамы, оның себептерін анықтамас бұрын өзін-өзі өлтіру дегеннің не екенін біліп алуымыз керек. Бұл сөз тіркесі «өз еркімен өзінің өмірін тоқтату» деген мағынаны білдіреді.
Суицидтік мінез-құлық ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді, ішкі суицидтік мінез-құлыққа суицидтік мағынасыз ойлары, қайғыру, мәнсіз елестер. Сонымен қатар суицидтік тенденциялар, үмітсіз клиенттер жатады. Бұл деңгейге жету 3 тәжірибелік баспалдақтан өтумен байланысты болады:
1. Пассивті суицидтік ойлар өз өліміне деген құштарлықты (бұл жерде өзін-өзі өлтіруге емес) қамтиды. Яғни, суицидтік мінез-құлыққа ие болған адам. Өлу жақсы емес пе? Ұйықтап адам кейін оянбау өмір қиыншылығы мен азабынан құтқарады - деген ойлармен шырмалып өлуге құштар болады.
2. Өлімге деген құштарлықтан кейін пайда болатын екінші баспалдық суицидтік мінездің активті түрі болып табылады. Бұл кезеңде адам өзін-өзі өлтіруге жоспар құрады, яғни өзін-өзі өлтірудің тәсілдерін, уақыттын, орнын ойластырады.
3. Үшінші кезеңде, адам жоғарыдағы 2 кезеңді басынан өткеріп ішкі ниетті сыртқы мінез-құлықпен байланыстырады, яғни, бұл кезеңдегі адамның мінезінен және жүріс-тұрысынан өзін-өзі өлтіруге бағытталған ниетін анық байқауға болады.
Суицидтік ойлардың пайда болғаннан бастап оның шынайы орындалуына дейінгі кезеңді суицид алдынғы кезең деп атайды. Оның ұзақтығы кейде бірнеше минут болса (жедел суицид), кейде бірнеше ойларға (созылмалы суицид) созылуы мүмкін. Процестің айқындалуының ұзақтығына немесе қысқалығына қарамастан, жоғарыда сипатталған белгілер адам бойынан көрініс табады. Әрине, бұл сол адамның темпераменттіне тікелей байланысты болады.
Суицидтік мінез-құлықтың сыртқы көріністеріне суицидтік әрекеттер (өзін-өзі өлтіруге ақталу) мен суицидтің орындалып бітуі (өзін-өзі өлтіруі) жатады. Суицидтік әрекеттер дегеніміз әлі де болса өлім процесіне жетпеген өз өмірін тоқтатуға деген ерікті мақсаттылық. Бұл процесс даму барысында екі фазаға ие: назар аударатын немесе назар аудармайтын болып бөлінеді.
Өзін-өзі өлтірудің типологиясына келер болсақ, өзін-өзі өлтірудің көптеген түрлері мен әдістері бар, солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік.
Э. Дюркгейм өзінің «Өзін-өзі өлтіру (әлеуметтік этюд) » деген еңбегінде өзін-өзі өлтірудің көбеюіне не азаюына бірден-бір әсер ететін әлеуметтік ортаның түрлі жағдайларын нақтылап талдаған. Олар: діни сенім, жанұя, саяси өмір т. б. Өзін-өзі өлтірудің себептеріне орай, олар эгоистік, альтруистік және аномистік болып бөлінеді.
Эгоистік өзін-өзі өлтіру. Индивид өзінің жеке «менін» қоғамдық «меннен» жоғары қойып, оған қарсы қоятын болса, индивид пен қоғам арасында келіспеушілік наразылық, ренжушілік сезімдер пайда болып, мағынасыз қоғамнан өзін алшақтатқысы келіп, өз өмірін өзі үзеді. Егер бұл индивидуалды сипатқа ие болатын болса, оны эгоистік өзін-өзі өлтіру деп атауға болады.
Коллективтік байланыс, қоғамның ұйымшылдығы өзін-өзі өлтіруге кедергі жасайды. Егер қоғамның ұйымшылдығы әлсіресе, онда индивид әлеуметтік өмірден бас тартып, өзінің жеке ұстанымдарын бәрінен, тіпті қоғамнан да жоғары қояды. Дюркгеймнің пікірінше, қоғамның әлеуметтік құлдырауы кезінде өзін-өзі өлтірудің де саны өседі. Бұл мәселенің статистикасының жоғары болуына саяси жағдайлар мен үлкен соғыстар да әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz