Математика пәнін оқытуда батауыш мектептің оқу үдерісінде тиімді оқытудың әдістерін таңдап алу және ендіру



Жоспар:
І Кіріспе
1.1 Бастауыш мектептің оқу үдерісіндегі оқыту әдістеріне жалпы
сипаттама
1.2 математикалық мазмұнға енетін әдістерге шолу

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Математика пәнін оқытуда тиімді әдістерді талдау
2.2 4.сынып математикасын оқытуда тиімді әдістерді ендіру
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.
Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік «әдіс» - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет» - деген анықтама береді.
Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады.
Оқыту әдісі – оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары – деген де пікір айтылады.
Оқыту әдістері – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
«Әдіске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: «белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет».
Олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсіддері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.
1. Оқу кітаптары - оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтама-лар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.
2. Көрнекі құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық-географиялық карталар т.б.
3. Техникалық құралдар - үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Математика пәнін оқытуда батауыш мектептің оқу үдерісінде тиімді оқытудың
әдістерін таңдап алу және ендіру

Жоспар:
І Кіріспе
1.1 Бастауыш мектептің оқу үдерісіндегі оқыту әдістеріне жалпы
сипаттама
1.2 математикалық мазмұнға енетін әдістерге шолу

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Математика пәнін оқытуда тиімді әдістерді талдау
2.2 4-сынып математикасын оқытуда тиімді әдістерді ендіру

Оқыту әдістері туралы түсінік

Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.
Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру
формаларының біртұтастығы болып табылады.
Әдіс деген сөз гректің metodos деген сөзінен шыққан. Метод деген
ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны
білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік әдіс - мақсатқа қол
жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет - деген
анықтама береді.
Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту
әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және
міндеттерімен анықталады.
Оқыту әдісі – оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында
мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының
тәсіл-амалдары – деген де пікір айтылады.
Оқыту әдістері – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның
арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы
мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында
білім алу жолдары.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде
білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
Әдіске қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: белгілі бір
мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және
іс-әрекет.
Олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның
мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-
тәсіддері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту
әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін
ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық
етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-
тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар
жатады.
1. Оқу кітаптары - оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтама-
лар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.
2. Көрнекі құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер,
фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық-географиялық карталар т.б.
3. Техникалық құралдар - үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер
т.б.
Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана
білуі оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында
Л.Н.Толстой былай дейді: Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп
білуге тырысуға, оларды көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының
сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшілігі
емес, қайта өзімнің сабақ оқытудағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа
тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға
тиісті.
Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын
оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс
істеуі тиіс.
Оқыту процесіңде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең де тиянақты
білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міңдеттерін
шешудегі мүғалімнің басшылық ету тәсілдері, амалдары мен құралдарының
біртұтастығын оқыту әдістері демекпіз.

Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, оларды топтастыру
Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі
мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту
әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір
қалыптаспаған.
Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С.И.Архангельский, С.И.Зиновьев,
Н.В.Кузьмина, Т.А.Ильина, Н.Д.Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне түрліше
анықтама беріп, оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады. Ғылыми
педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.
1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер):
түсіндірмелі хабарлау әдісі;
репродуктивтік әдіс;
проблемалық баяндау әдісі;
эвристикалык әдіс.
2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Данилов, Б.П.Есипов,
Т.А.Ильина):
жаңа білім беру әдісі;
біліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;
Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;
Өзіндік жұмыс істеу әдісі;
білімді тексеру әдісі;
проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
3. Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):
оқу-танымдык, әрекеттерді ұйымдастыру;
оқуға ынталандыру;
оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.
4. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг):
ауызша баяндау әдісі;
есеп шығару әдісі;
өнер құралдарын пайдалану әдісі.
5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай
(В.Оконь):
- жаңа білімді игеру әдісі;
өзіндік білім әдісі;
проблемалық әдіс;
практикалық әдіс;
- көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі. Солардың ішінде
ең көп тарағаны - білім берудің кездеріне сәйкес (И.Т.Огородников,
С.И.Перовский, Е.Я.Голант):
сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
көрнекілік әдістер;
тәжірибелік әдістер.
Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса,
онда білім алу кезі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе мұғалім
оқушыларға білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі
көрнекіліктер болып есептелінеді т.с.с.

Оқыту әдістерінің жіктелуі

Оқытушы оқыту әдістерінің жіктелуіне түрлі жол таба білуі керек. Ғылыми
әдебиеттерінде жіктелудің жиырмадан астам түрі бар.
Осылардың ішіндегі ең кең тарағаны - И.Т.Огородников, Н.А.Сорокин,
Ю.К.Бабанский, Р.Г.Лемберг, т.б. ұсынған оқыту әдісінің жүйеленуі. Олар
оқыту әдістерін үш топқа бөлген.

Оқыту әдістері:

Ауызша Көрнекілік
Практикалық
- Әңгіме - Суретпен сипаттау -
Лабораториялық
жұмыстар
Әңгіме кеңес - Демонстрация - Практикалық
жұмыстар
Лекция
Кітаппен жұмыс

Бұл жүйе білім алудың негізінде, түп нұсқаға негізделген. Бір жағдайда
сөзге сүйенсе, екіншісінде көркемдік бейнеге, ал үшіншісінде қимылға
сүйенген.
Ұсынылып отырған жүйенің тиімділігі оқытушының шеберлігіне, осы үш
әдісті оқыту негізінде тұтас қолдануға тікелей байланысты.
Оқытушының баланың жан-дүниесін білуі де айрықша маңызды. Есте сақтау
қабілетінің толық қабылдаудың негізгі шарты екенін де ұмытпаған жөн.
Оқушылардың таным белсенділігі деңгейіне сай құру. Дидактикалық әдісті
ұстаған педагогтар И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқыту әдісінің бес түрін
ұсынады:

Оқыту әдістері:
1. Түсіндіру әдісі: сипаттау әдісі, әңгіме, лекция, көрсету.
Оқулықпен жұмыс істеу, жазба жаттығулар.
Қайталау әдісі: жаттығу әңгіме, өз сөзімен қайта айту
Проблемалық баяндау әдісі: оқытушының дәлелді түрде баяндауы
экскурсия,
демонстрация
Ізденіс әдісі: эвристикалық әңгіме байқау, жоспар жасау
Зерттеу әдісі: тәжірибе, байқау, класпен жұмыс, құжаттармен жұмыс,
сурет салу.

Бұл жүйеде оқушылардың таным белсенділігінің деңгейіне негіз болады.
Оқыту әдісінің өзі, кей жағдайларда, оқушылардың белсенділігін көтеріп,
сабақты көркемдік арқылы түсіндіруде жай тыңдаудан бастап, зерттеу әдісі
кезіндегі жеке ізденіске алып келеді. Екінші жағынан, бұл әдіс оқушының
жеке бейнесін, оның белсенділігінің қалыптасуын көрсетеді.
Бұл әдістің өмірдегі көрінісінің жарқын мысал ретінде жаңашыл педагог
Т.И.Гончарованың тәжірибесінің алуға болады. Ол өзінің мектептегі алғашқы
жылдарын есіне түсіре отарып оқушылармен қарым-қатынасын былай суреттейді:
Оқушыларға неше түрлі қызықты аңыз, әңгімелерді, тамаша ертегілерді айтып
бергенше асық болдым. Сонша материалдарды жас тыңдаушыла-рыма қалай
жеткізерімді, тарихи заңдылықтарды нақты дәлелдермен қалай түсіндірерімді
ойлағанда қуаныштан өзімді қоярға жер таппадым. Мен балаларға өзімнің бар
білімімді бүгінгі мен бұрынғы туралы түсінігімді, терең ойларымды жайып
салдым - дейді.
Демек, бұл жердегі негізгі әдістің түсіндіру - сипаттау әдісі екенін
кереміз. Әрине, негізгі ауыртпалық оқытушыға түседі, ал оқушылар тек
тыңдаушы рөлін атқарады.
Оқушылардың таным белсенділігін көтеру мәселесіне Шығыс Қазақстан
облысындағы Боран орта мектебінде (директоры ССРО-ның халық мұғалімі
Қ.Н.Нұрғалиев) көп көңіл бөледі. Сабақ үстінде творчестволық зерттеу
әдістерін қолдануға мектептің теледидарлық техникалық орталығы көмек
көрсетеді.
Өзінің білімі мен әдісін жетілдіруге ұмтылған оқытушы барлық жүйенің
қыр-сырын толық меңгеріп ала білу керек. Әр жүйенің алдына қойған мақсаты,
өзіндік ой жүйесі бар, сан түрлі оқыту әдісінің бір қырын ашып көрсетеді.
Оқьпу процесінде оқытушы сол жүйелердің бірнешеуін бір мезгілде қолдануына
да болады.
Түрлі жүйелерді қарастырғанда оқыту әдісінің жеке түрлеріне соқпай өте
алмаймыз (әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс, т.б.).
И.П.Подласый оқу әдісін бес топқа бөледі;
а) Іс-тәжірибе, жаттығу, оқу-өндірістік еңбек, яғни практикалық;
б) Көрнекілік: иллюстрация, демонстрация, оқушылардың бақылауы;
в) Сөздік: түсіндіру, анықтау, әңгіме, лекция, дискуссия, диспут;
г) Кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жаттығу, мазмұндау, конспектілеу,
цитаттау;
д) Бейне таспа әдісі: көріп оқыту, электронды мұғалім, интерактивтер;
Ю.К.Бабанский оқьпу әдісін үлкен үш топқа бөледі:
1-топ. Ұйымдастыру және оқу-таным іс-әрекетін іске асыру әдісі. Олар:
а) оқытудың сөздік әдісі: (дәріс, әңгіме, сұхбат); б) көрнекілік әдісі:
(иллюстрациалау, карталар, плакаттар, іс-тәжірибе жасау); практикалық оқыту
әдісі: (жазба, жаттығу, шеберханада оқыту, лабораториялық жұмыс).
2-топ. Оқыту процесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін ынталандыру әдісі.
Оларға: а) танымдық қызығушылығын арттыру; б) оқыту дискуссиясы; в) білім
беру ситуациясын оқьпудағы талап қою тәсілі; д) мадақтау әдісі.
3-топ. Оқытудағы өзін-өзі бақылау және бағалау әдісі.
а) Оқьпу барысында бақылау жүргізу.
б) Жазба жұмыстарына тексеру жүргізу.
в) Лабораториялық жұмыстарды байқап бақылау.
г) Машина мен бақылау.
д) Өзіндік бақылау жасап бағалау.

Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама

Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да,
оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың
жалпы мақсаттары және міңдеттеріне сәйкес анықталады.
Оқу процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация. Тәжірибелік әдістер:
лабораториялық, ирактикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.
Оқыту процесінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе
мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге
қарағанда жетекші роль атқарады. В.А.Сухомлинский: Сөз - ең маңызды
педагогакалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың... - деп оның
маңызына ерекше назар аударады.
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен
мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін
Ы.Алтынсаринның пікірін келтірейік: Мұғалім балалармен істес болады: егер
олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға
дұрыс түсіңдіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен
сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы
сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен,
қарапайым тілмен түсіңдіру керек.
Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың
таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестерін)
байланысты да әрекет жасайды.
Мұғалімнің оқу материалын ауызша баяндауы көп жағдайда түрлі көрнекі
және техникалық құралдарды пайдаланумен ұштастырылады.
Ауызша баяндаудың тағы бір ерекшелігі, оқытушының түсіндіруі мен
оқушылардың ұғыну процесінің қатар жүруінде. Түсіндіру барысында әңгіме,
әңгімелесу, ауызша-жазба және лабораториялық жұмыстарын қажетіне сай қатар
қолдану керек.
Түсіндіру - оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекгі де
сыңдарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі заңдылықтар мен ережелерді түсіндіру
белгілі дәрежеде логикалық жүйелілікті қажет етеді.
Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгілерін ашып көрсету,
фактілер мен құбылыстарды талқылау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын
түсіндіруінде әрқашанда пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болады.
Түсіндіру әдісінің ең маңызды мәселелері - оқушылардың алдына жаңа
мәселені айқын, ашық етіп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу.
Түсіңдіру әдісінің табысты болуы мұғалімнің нақтылы деректерді қаншама
сәтті қолдана білгендігіне де байланысты.
Түсіндіру әрқашанда заттар мен фактілердің, құбылыстардың мәнін ашу,
қағидаларды түсіндіру, осылардың негізінде оқушыларға жаңа білімді
баяндауда оны терең және түсінікті ұғынуларына мүмкіндік туғызады. Бірақ ол
оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сынып және пән ерекшеліктеріне қарай
өзгеріп отырады.
Әңгіме - мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым
қолайлы тәсілі болып табылады. Сөйтіп, оқушыларға жаңа білімді түсіндірудің
неғұрлым қарапайым және түсінікті түрі.
Әңгіме барысында мұғалім құбылыстарды бірізділікпен көркем суреттей
отыра, өз сөзін әртүрлі көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекі
құралдарды қолдану арқылы жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру
оқушылардың фактілер мен құбылыстарды жақсы түсініп, ұғынуына көмектеседі.
Бұл әдісті қолдану барысыңда мұғалім мен оқушылар арасында диалог пайда
болады. Әңгіме оқытудың түрлі міндеттерін орындауға бағытталады: жаңа
білімді хабарлау, оны бекіту мақсатында қолданылатын әңгіме; өткен
материалды жаңамен байланыстыру, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау
үшін қолданылатын әңгіме.
Әңгіме әдісі көбінесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңінен
қолданылады.
Мұғалімнің сабақта әңгіме әдісін қолдану ұзақтығы, берілетін оқу
материалының сипатына байланысты болып келеді.
Әңгімелесу - мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау,
пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тәсілінде
қолданылады. Сондықтан әңгімелесу оқытудың аса күрделі әдісі болып
есептелінеді. Бұл әдісті нәтижелі пайдалану мұғалімдер тарапынан өте мұқият
дайындықты талап етеді.
Әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың жеке басының қабілетін,
зейінін (т.б. психикалық процестерін), таным ерекшеліктерін танып біледі,
баяндалып отырған немесе өтілген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын
анықтайды.
Әңгімелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тәсілдері қолданылады.
Бұл әдіс, сонымен қатар, сұрақ-жауап тәсілі арқылы да іске асады. Ол үшін
мұғалімнің сұрақтары дәл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға
бағьггталған болуы тиіс.
Дәрісбаян - сөзге негізделген оқыту әдісі ретінде ол өзінің құрылымы,
баяндалатын оқу материалының дәлдігі және сабақтың өн бойында
тыңдаушыларының ойлау қабілетін белсенді етуі жағынан басқа әдістерге
қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Дәрісбаян әдетте жоғары сынып оқушылары арасында көптеп қолданылатын
әдістің бірі. Дәрісбаян барысыңда оқушылар жаңа оқу материалын тыңдайды,
қабылдайды, ұғынады, мұғалім сөзіне зейін қоя тыңдайды, мазмұнын қадағалап
отырады.
Дәрісбаянның басқа ауызша баяндау әдістерінен тағы бір ерекшелігі,
мұғалімнен жаңа білімді баяндамас бұрын оқушыларға оның жоспарымен, қажетті
әдебиеттер тізімімен таныстыруын қажет етеді. Оқушылардың лекция жоспарымен
алдын-ала танысуы, оның мазмұнын баяндауда мұғалімнің ойын жақсы ұғынуға
көмектеседі.
Ол үшін лекция мақсатының идеялық бағыты, оның нақтылығы, берілетін
білімнің оқушыларға түсінікті болуы мұғалімдер тарапынан үлкен шеберлікті
қажет етеді.
Дәрісбаян барысында баяндалған оқу материалының мазмұнын оқушылардың
қысқаша жазып отыруы, оны өз беттерінше қайталап оқуы, дағдылануы да
қажеттілік болып табылады.
Дәрісбаян және әңгіме әдістері оқу материалына жұмсалатын уақытты
үнемдеу жағынан тиімді болғанымен де, оқушылардың өз ойын, пікірін айтып,
кеңес алуға қолайлы жағдай туғыза алмайды. Бұл турасында әңгімелесу
әдісінің мүмкіндігі мол.
Мұғалім дәрісбаянға дайындалу барысында оның мазмұнына, амал-
тәсілдеріне және құрылымына назар аударады. Дәрісбаянның мазмұнын ол оқу
бағдарламасы, оқулық және оқу құралдарына байланысты анықтайды. Бірақ,
бағдарламада көрсетілген барлық мәселелердің ішінен түйінді мәселелерді
айырып, ғылымның соңғы жаңалықтары мен табыстарын озат тәжірибемен
байлаңыстырып, материалдың белгілі бір бөлігін оқушыларға оқулықтан, басқа
әдебиеттерден өздігінен оқып алуға тапсырмалар беріп отыруды оқытушы мұқият
ойластыруы қажет. Сонымен, лекцияның мазмұны, баяндалу формасы, оқьпушы-ның
шеберлігі лекцияның тиімділігін арттырудың кепілі.
Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі - оқушылардың өздігінен жаңа
білімдерді қабылдау, сыныпта алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды
қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады.
Кітап - білімнің сарқылмас қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек
ашып, оқушылардың оны терең игеруіне көмегін тигізеді. Оқулық және кітаптың
көмегімен оқушылар сабақта немесе сабақтан тыс кездерінде түрлі жаттығу
жұмыстарын орындап, мұғалімнің басқаруымен сыныпта алған білімдерін
толықтырып отырады.
Оқушылар оқулықтармен және басқа оқу кітаптарымен жұмыс істей отырып,
белгілі білім жүйелерін меңгереді, өздерінің көзқарастарын қалыптастырады,
ой-өрісін дамытады, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеу оқушы үшін оқытуда күрделі тәсіл болып танылады.
Қазіргі мектеп тәжірибесіне жүгінсек, көптеген жағдайда, оны бітірушілер
арасында кітапты оқи немесе нәтижелі қолдана білмейтіндер кездеседі.
Кітапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың
негізгі ойын, құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекші
идеяларын ашып көрсете немесе өз сөзімен тиянақты баяндай алмау мәселелерін
ұмытпаған жөн. Ол үшін оқушы оқу материалының құрылымымен жалпы танысу, оны
көз жүгірте қарап шығу, содан кейін барып кейбір маңызды бөліктеріне жете
мән беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есінде
сақтауға күш салуға дағдылануы тиіс.
Екінші мәселе, бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға, одан
кейін тез, іштей оқуға, оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру
қажет.
Мәтінмен жұмыс істегенде оқушыларды, оның ең негізгі мазмұнын айтуға,
бөліктерге бөліп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету
керек. Егер оқушы осындай тәсілдерді қолдана білсе, онда ол оқығандарын тек
жаттап алуға дағдыланады.
Кітаппен жұмыс істеудің өзіндік мәнді психологиялық ерекшелігі бар.
Кітап оқу мұғалімнің сөзін тындауға қарағанда оқушының ақыл-ой күші мен
ерік-жігерін көп керек етеді. Ол оқушының өзіндік ойлауын, іс-әрекетін
жандан-дырып, оның білім деңгейін, дүниетанымын арттырады. Қоғамға, өмірге,
адамдар-арасындағы қарым-қатынаста басқаша көзқараспен қарауға тәрбиелейді.
Яғни, ол білім беру көзі ғана емес, сонымен қатар тәрбие құралы.
Дегенменде, оқушының үй тапсырмасын кітап немесе оқулық көмегімен
орындау барысында қажетті уақытты тиімді пайдалану, өзіне-өзі бақылау
немесе есеп беру жұмыстарында айтарлықтай кемшіліктер бар. Барлық оқушылар
бірдей біздің жоғарыда айтқан кітаппен жұмыс жасау тәсілдеріне мән
бермейді, оның талаптарын толығымен сақтамайды. Соның негізінде білім
мазмұны нашар меңгеріледі.
Сондықтан оқушының кітаппен өз бетінше нәтижелі жұмыс істеуін, оның
саналы көзқарасын және өзіне-өзі бақылауды үйрету, ұйымдастырып отыру
мұғалім тарапынан жауапкершілікпен көңіл аударып отыруды қажет етеді.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы
түсінулеріне мүмкіндік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.
Демонстрация (керсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың
нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл
түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы
және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен
таныстыруды кездейді.
Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі,
түсі, формасы, өзара байланысы т.б). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы
немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем
туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.
Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса
жүргізіледі. Приборлар мен нысаңдарды демонстрациялау нәтижесінің табысты
болуы бірнеше жағдайға байланысты болады:
- көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрінуі тиіс;
- оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп,
соңынан нысана алынып тасталуы керек.
Оны оқушыларға алдынала көрсетуге болмайды;
- көрнекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы
бойынша жұмыс істеуі тиіс;
көрсету кезінде мұғалімнің ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға
және көркем сөйлеуін орнықтыруға ықпал етуі тиіс;
оқушыларды бақылау жұмыстары нәтижесіне қорытынды жасай білуге дағдыландыру
т.б.
Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең
ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандаңдырып, қосымша
ақпараттар береді.
Оқушылардың құбылыстарды, процестерді және нысандарды өздері
белсенділік танытып оқып үйренсе, шын мәнісінде бұл әдіс нәтижелі болмақ.
Олар тарапынан мұндай қарым-қатынас оқытуда проблемалық және ізденушілік
жағдайға итермелейді.
Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу
киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп,
эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп
дайданылады.
Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттіне сай табиғи ортада
көрсетуге болады (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар,
өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т.б.).
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті
иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер,
портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.
Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін
мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның негізінде
оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек
бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.
Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын
көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп
соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын
және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу
қажет. Бұған қосымша мұғалімдер көрнекі құралдардың тиімді көлемін де
анықтауы қажет.
Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі. Ол
барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен қолданылады.
Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын
керсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек
операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің
басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің
тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен
іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық,
логикалық ойлау қабілеттерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Компьютерлік ойындардың түрлері
Орта мектепте технология пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Математиканы оқыту процесіндегі индукция мен дедукция
Бастауыш мектепте тест әдісін қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Пәндер