ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері, жүйесі



1.ҚР Конституциялың құқығы және заң ғылымының саласы. 2.Конституциялық құкыктың нормалары, институттары мен принциптері.
3.ҚР Консгиіуциясының жалпы сипаттамасы.
4.Адам мен азамат жагдайының ҚР.дағы конституциялык негіздері.
Конституциялың құқығы және заң ғылымының саласы. Конституциялық құқық — ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. ¤йткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.
Конституциялық құқықнормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқықнормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметгік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:
1. Міндеттеу әдісі;
2. Тыйым салу әдісі;
3. Рұқсат ету әдісі;
4. Тану әдістерді қолданылады.
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да катысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілетгігін белгілеу кезінде де қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ғ.Сапарғалиев. ҚР Конституциялық құқығы. Алматы 1998
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 ж.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясы (ғылыми-құқықтық комментарий) Алматы 1998 ж.
4. З.О.Ашитов. "Егеменді Қазақстан құқықтары"
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.
6. Құқықтық Мемлекеттің концепциясы. Аюпова З.К., Сабикенов С.А., А., 1996.
8. Конституциялық құқық ғылымының негізгі мәселелерін талқылау. Михалева Н.А., Мемлекет және құқық.
10. Жаңа шетел Конституциясы. М., 1992.

Қосымша әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев. ХХІ ғасыр қарсаңында. Алматы 1996.
2. 1991 жыл 26-шы желтоқсандағы ҚР-ның "Иммиграция туралы" заңы.
3. 1991 жыл 16-шы желтоқсандағы ҚР-ның "ҚР-сы мемлекеттік тәуелсіздігі" туралы конституциялық заңы.
4. 1991 жылғы 20-шы желтоқсандағы ҚР-ның "ҚР-ның азаматтары туралы" заңы.
5. Конституциялық норма және құқықтық қатынас. Лучин В.О., М., 1997.
6. ҚР Конституциялық құқығы. Шопин В.Д. (Оқу -әдістемелік нұсқау).

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері, жүйесі.

1.ҚР Конституциялың құқығы және заң ғылымының саласы. 2.Конституциялық
құкыктың нормалары, институттары мен принциптері.
3.ҚР Консгиіуциясының жалпы сипаттамасы.
4.Адам мен азамат жагдайының ҚР-дағы конституциялык негіздері.

1.ҚР Конституциялың құқығы және заң ғылымының саласы. Конституциялық құқық
— ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен
сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің
нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы
қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы
реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.
Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық
қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет
және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге
асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.
Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік
мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән
мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін
ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық
қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін
емес. ¤йткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай
саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін,
реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.
Конституциялық құқықнормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол
мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық,
әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық
құқықнормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты
реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана
реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси,
экономикалық, әлеуметгік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады,
белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық
қатынастарды реттейді. Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін
төмендегідей:
1. Міндеттеу әдісі;
2. Тыйым салу әдісі;
3. Рұқсат ету әдісі;
4. Тану әдістерді қолданылады.
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да
катысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілетгігін белгілеу кезінде де
қолданылады.
Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі — тану әдісін де қолданады. Кеңестік
кезеңнен кейінгі конституциялық құқықжөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің
қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс обьективті фактордан
— адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың
тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық
нормалары қалайша құқықның қайнар көзі ретінде сипатталады:
1. ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық зандардың негізі болып
табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның
құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық
нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып
табылады.
2. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің
барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды
қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы
қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек
қоғамдық катынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР
Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық
нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
3. Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР
Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында
қолданылады. ҚР-да қабылданған зандар және басқа нормативтік актілер
Конституциядан бастау алуы және оған кайшы келмеуі тиіс. Егер олар
Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға
жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін
қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.
4. ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-
ақ құқықтың басқа да салаларның бастауы ретіндегі мәні мынада, онда
халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру,
дүниежүзілік кауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі
табандылығы тікелей көрініс тапқан.
5. Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі
заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам
өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары,
құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.
6. Сондай-ақ, Конституция констуциялық құқықтың басқа бастауларынан
өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудын, ерекше тәртібін белгілеуімен де
ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі
заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен
туындайтын мәнімен сипатталады.
7. ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры — онда оның басқа
қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй зандары, Презеденттің
нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ
заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық
нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар
жатады. ҚР конституциялық зандарының өзіндік ерекшелігі — олар
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның
құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық зандарын қабылдаудағы
іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім
қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.
Конституциялық құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады. Ғылым
ретінде конституциялық құқыққа өз пәні, өз бастаулары, оны оқып-үйренуге
өзіндік бағыт-бағдар тән. Ғылым конституциялық құқықты құқықтық ғылымның
бір бөлігі ретінде қарастыратындықтан, ол салалық ғылымдардың қатарына
жатады. Конституциялық құқықғылымы конституциялық құқықтың қалыптасу, даму,
қызмет ету зандылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық зандылыкқа
сүйенетін негізгі ұғымдар мен санаттарды қалыпттастырады және
конституциялық құқықтың құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анық-
тайды. Конституциялық құқықғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік
құрылыс нысандарын, ҚР мемлекеті механизмін, мемлекетгік органдардың өзара
қарым-қатынасының, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Ол
конституциялық құқықтың мәнін, нормалары мен институттарының бағыттарын
және оны жүзеге асыруға байланысты процестерді зерттейді. Осындай
жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесінде конституциялық-құқықтық қатынастар
туады, өзгертіледі және токтатылады. Сондықтан конституциялық құқықғылымы
конститущмлық-құқықтық қатынастардың сипатын және табиғатын, олардың басқа
салалық құқықтық қатынастармен салыстырғандағы ерекшеліктерін зерттейді.
Конституциялық құқықғылымы реттелетін қоғамдық қатынастардың конституциялық-
құқықтық нормалар әрекетінің тиімділігін зерттейді, ондай тиімділік
әлсіреген жағдайда оны күшейту үшін ұсыныстар жасайды.
Аталған ғылым мәртебесі конституциялық заң арқылы белгіленетін
мемлекеттік органдардың қызметін зерттейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттік
органдар, оқшауланған күйде емес, олардың өзарабайланысы деңгейінде
зерттеледі. Мұнда, сондай-ақ конституциялық-құқықтық нормалардың тиімділігі
де қарастырылады. Конституциялық құқықғылымы құқықтық нормалардың
тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың
құқықтық реттелу шегін обьективті түрде зерттейді. Былайша конституциялық-
құқықтық нормалармен реттелуі мүмкін қоғамдық қатынастарды жалпылама
анықтауға болғанмен, іс жүзінде олар реттейтін қоғамдық қатынастар шегін
белгілеу оңай емес. Нәтижесінде конституциялық-құқықтық нормалар өз
табиғатында құқықтың басқа салаларының нормаларымен реттелуі тиіс
қатынастарды қоса барынша кең көлемдегі қатынастарды реттеуі мүмкін немесе,
керісінше айталық, өзінің әлеуметгік мәніне орай солар арқылы реттелуі тиіс
қоғамдық қатынастар конституциялық-құқықтық нормалардың назарынан тыс
қалдырмауы мүмкін. Ғылым мұндай мәселелердің жауабын іздеп, табуы тиіс.
Конституциялық құқық ғылымы халық өкілдігі, ұлттық, халықтық және
мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен кұрылым, әкімшілік-аймақтық
бөлініс нысандары сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды.
Жергілікті өкілетті және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесі де
осы ғылым зерттейтін пән. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар көзі
ретінде айрықша назар аударады. Аса маңыздылардың қатарына мемлекетгік
органдардың үйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық қағидалаРын
зерттеу жатады.
Конституциялық құқықғылымы адам мен азаматтың құқығы, шетел азаматтары,
конституциялық нормалардың адам құқығының халықаралық құқықнормаларымен
өзара байланысы проблемаларын зерттеуге айрықша назар аударуы тиіс.
Конституциялық кұқық ғылымы оның пәні болып табылатын аталған обьектілерді
зерттейді. Ол оларды социологиялык, тарихи, логикалық және басқа әр түрлі
әдістерді қолдана отырып, ғылыми методологиялық қағидалаРға сүйене отырып
зерттеледі. Конституциялық зандылықты оқып-үйрену, оның әлеуметгік
табиғатын, бағытын ашып көрсету, іс жүзінде қолданылуын қарау негізінде
ғылым теориялық ережелерді, тұжырымдарды, тұжырымдамаларды қалыптастырады.
Бұл ережелер тек ғылымның дамуы үшін ғана емес, сонымен бірге зандылықты
жетілдіру, мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту үшін де маңызды.
Конституциялық құқықғылымы тұтас құбылыс болғандықтан оның түжырымдамалары,
теориялық ережелері өзара байланыста болып қана қоймайды, сондай-ақ
біртұтастығымен ерекшеленуі тиіс. Конституциялық құқықғылымының бірлігі мен
тұтастығы теориялық кешендердің шартты түрдегі дербестігін жоққа
шығармайды. Ол дербес зерттелетін мынадай айтарлықтай кешендерден тұрады.
Олардың қатарына, мысалы, билікті бөлінуі, парламентаризм, президентгік
басқару нысандары, сайлау жүйесі, азаматтық, егемендік, мемлекеттіліктің
сипаты мен мәні, халық билігі, азаматтық қоғам тұжырымдамасы, саяси
плюрализм және басқа теориялар жатады. Осы теориялар мен тұжырымдамалардың
қай-қайсысы болсын дербес қалыптасады, бірақ сонымен бірге олар бір-біріне
ықпал етеді.
Ғылым конституциялық деп аталғандықтан, оның қайнар көзі Конституция
болып табылады. Ол Конституцияның негізінде өзінің басты теориялық
ережелерін қалыптастырады. Сонымен бірге жинақталып келіп конституциялық
зандылықты құрайтын: конституциялық зандар, жәй зандар, Президенттің
нормативтік жарлықтары, үкіметтің қаулылары, жергілікті өкілетті
органдардың шешімдері де конституциялық құқықғылымының кайнар көздері болып
табылады.
Конституциялық құқық ғылымының басқа бір бастауы — конституциялық-
құқықтық нормаларды іс жүзінде жүзеге асыру. Нақ іс жүзінде зерттеу ғана
конституциялық-құқықтық нормалардың сыртқы табиғатын ғана емес, сондай-ақ
ішкі мәнін, қолданылу ақиқаттығын түсінуге де мүмкіндік береді.
Конституциялық-құқықтық нормаларды нақ осылай кешенді зерттеу ғана ғылыми
ілім, тұжырымдамалар, идеялар туғызудың негізі болып табылады.
Конституциялық құқық ғылымының келесі бір қайнар көзі — отандық,
сондай-ақ шетелдік ғалымдардың конституциялық құрылыстың философиялық,
зандық, саяси, әлеуметтік және басқа мәселелеріне арналған, осы салаға
тікелей немесе жанамалай қатысты еңбектері ҚР-да қазіргі заманғы
конституциялык, құқық ғылымы тақыр жерде қалыптасып отырған жоқ.
2.Конституциялық құкыктың нормалары, институттары мен
принциптері.Конституциялық кұқықтық нормаларды 1) басқа қүқықтык,
нормалармен ұқсастығы қандай; 2) құқықтың басқа салаларының құқықтық
нормаларынан конституциялық кұқықтық нормалар қалай ерекшеленеді деген екі
бағытта қарастырған жөн. Конституциялық кұқықтық нормаларға құқықтық
нормалардын барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар кабылдайды.
Олар коғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар
басқа да заң нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қорғаушылық қызметті
атқарады. Реттеуші нормаларға құқықтық қатынас мүшелеріне субьективтік
құқық беру және оларға зандық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі
бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Бұл,
әсіресе, Конституцияның азаматтың құқы мен бостандығы туралы бөлімінде анық
көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субьектілер тәртібін, олар тәртіпті
бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен
анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Мұндай конституциялық-
кұкықтық нормалар көп емес. Конституциялық қүқық қорғау нормалары
салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні мейлінше зор, олар
конституциялык құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқы мен бостандығын
қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады. Құқық қорғаушы
нормаларға Президенттің импичменті туралы, үкіметке, оның жекелеген
мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.
Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші
нормаларды өкілетгік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің
айтарлықтай мәні бар.
¤кілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субьективтік құқықты
жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субьектіге (мемлекеттік
органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) қандай да бір жағымды әрекет
жасауға құқықбереді. Осындай құқықберуші нормалар көп мөлшерде азамат-тарға
беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары
туралы конституциялық нормалар. құқықберуші нормаларға ҚР-сы Президентінің,
Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің конституциялық
өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады. Конституциялық зандарға тыйым
салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиеттегі
әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық, Конституция
діни негізде саяси партиялар қүруға, заңсыз қарулы құрамалар
ұйымдастыруғатыйым салады. Тыйым салушы конституциялықнор-малар мемлекеттің
конституциялық негіздерін, зандылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды
көздейді.
Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық
бірлестіктердің, мемлекетгік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер
жасау жауапкершілігін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары
Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да
конституциялық жауап-кершілігін есте сақтаған жөн. Конституциялық-құқықтық
нормалардың басқа құқықсаласының құқықтық нормаларынан ажырататын
ерекшеліктер бар:
1. Конституциялық-құқықтық нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды
реттейді. Конституциялық-құқықтық нормалар адам мен азаматтың құқықтық
мәртебесінің негіздерін бекітуге қатысты конституциялық құрылыс негіздерін
нығайту, мемлекет органдары жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды
реттеуді көздейді.
2. Конституциялық-құқықтық нормалардың үлкен заңдық күші бар. Басқа
құқықтық нормалар Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Барлық басқа
нормативтік актілер Конституция негізінде шығарылады. Конституция
қағидаларына қайшы келетін құқықтық актілердің күші жойылуы тиіс.
Конституциялық нормаларды қорғау құқығы Конституциялық Кеңеске және
Прокуратураға берілген.
3. Материалдық және іс-жүргізуші конституциялық-құқықтық нормалар
өзіндік қырымен ерекшеленеді. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықтан
айырмашылығы конституциялық құқықтың конституциялық нормаларды жүзеге
асырудың жалпы біржақты тәртібін белгілейтін мамандандырылған іс жүргізуші
саласы жоқ. Алайда, бұл конституциялық құқықта іс жүргізетін нормалар жоқ
деген сөз емес. Конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық
қатынастар тобының қай-қайсысының да өзіндік іс жүргізу нормалары бар.
Айталық, Парламенттің заңдар қабылдауының белгілі бір тәртібі, Президент
импичментінің, Парламентке депутаттар сайлауын өткізу, референдум өткізу
тәртібі және басқалары конституциялық нормалармен белгіленеді.
Конституциялық құқықөзіндік мемлекетгік-құқықтық институтқа ие.
Құқықтық норма — құқықтық әлемнің тіні. Ал құқықтық институт құқықтық
жалпылықты, яғни, өздерінің заңдық мазмұнының жақындығы бойынша топтасқан
құқықтық нормалар жиынтығын біддіреді. Құқықтық нормалар конституциялык
құқықсаласын сырттай емес, құқықтық институттар арқылы құрады.
Конституциялық құқықтың конституциялық институттары конституциялық-құқықтық
нормалардың ықпалындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскелерін
реттеуді көздейді. әр құқықтық институт шартты түрде конституциялық
құқықсаласының дербес құқықтық нормалар тобын білдіреді. Құқықтық
институттың шартты түрдегі дербестігі құқықтық реттеудің тұйықталмаған
механизмімен, конституциялық құқықтың басқа да құқықтық институттарымен
байланыста және тәуелділікте екендігімен көрінеді және олардың бәрі өзара
байланыста конституциялық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді.
Конституциялық құқықтың құқықтық институттары қоғамдық қатынастардың
ірі немесе шағын тобын реттей алады. Алайда, бұған қарап, олардың
мәнділігін жоғары немесе төмен деп бағалауға болмайды. әр құқықтық институт
өз учаскесінде құқықтық қатынастарды тиімді реттеуі тиіс. Бұл үшін құқықтық
институт реттелетін қатынастардың барлық қырын қамтитын құқықтық нормалар
кешенін толық меңгеруі қажет. Әрине, ол бірақ рет қайталанатын процесс
емес. Реттеу пәні — қоғамдық қатынас — жанды, серпінді құбылыс. Осыған
орай, оның жағдайын назардан шығармай, тиісінше құқықтық институтты
жетілдіріп отыру керек.
Конституциялық қағидалар түптеп келгенде, Конституция қабылданар кезде
қалыптаскан экономикалық, саяси, әлеуметтік, этникалық факторлармен және
мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық идеяларымен қамтамасыз етіледі.
Сыртқы факторларды: әлем таныған халықаралық құқық нормаларын да назардан
тыс қалдыруға болмайды. ҚР Конституциясында халықаралық мен нормаларын
құрметтейтіндігі атап айтылған. ҚР-сы Конституциясы нормаларын талдау
көрсеткендей, конституциялық қағидаларды айтылу нысандарына қарай екі
топқа: 1) Конституцияда айқындалған; 2) айкындалмаған конституциялық
қағидаларды талдау аясында рәсімделген топтарға бөлінеді. Айтылғандарға
республика қызметіне негіз болатындай қағидалаР мемлекеттік билікті заң
шығару, атқару, және сот тармақтарына бөлу қағидасы жатады.
Қоғамдық келісім қағидасы бірінші орында тұрады. Қоғам әр түрлі
топтарға, таптарға, ұлттарға, тектерге бөлінеді. Мұндай бөліну осы
топтардың біріне-бірі сәйкес келмейтін әр түрлі дүниетанымдары,
көзқарастары, сенімдері барлығын білдіреді. Мұндай ерекшелік көзқарас
қайшылығына түрткі болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты қоғамдық келісімнің
маңызы айрықша. Патриртизм қағиданы негізгі қағидалардың бірі ретінде
есептейді. Патриотизм қазақстан азаматтарының өз Отанына деген
сүйіспеншілігі мен берілгендігін білдіретін, сезімі мен әрекеті.
Қазақстандық патриотизм — ол қазақстанда сандаған жылдардан бері тұратын әр
ұлт адамдарының мүдде бірлігін сезіну, бүл елдің тарихи өткеніне құрметпен
қарау, жаңа мемлекет құрып, азаматтық қоғамды қалыптастырудағы белсенді
қызмет.
Мемлекет өміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді демократиялық жолмен
шешу—ҚР-сы қызметінің негізгі қағидасы. Конституция мемлекет өмірі
мәселелерін демократиялық жолмен шешудің бірқатар әдістерін қарастырған. Ол
— мемлекет өміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді халықтың өзінің
республикалық референдум арқылы шешуі.
Билік бөлу қағидасының маңызды болатын себебі, ол мемлекеттің
ұйымдастырылуын, оның тетіктерін белгілейді. Конституцияда бұл қағиданы
тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибесін
ескеруді, құқықтық мемлекет құруға бағыт ұстауды білдіреді.
Конституцияның үстемдік қағиданы әр қилы әсер етеді. Ең алдымен ол
қазақстанда конституциялық құрылысты орнықтырудан, құқықтық мемлекет құруға
ұмтылудан көрінеді. Конституцияның үстемдігін тану мемлекеттің
Конституцияға, заңға бағыну идеясын білдіреді.
Конституциялық зандылық - ол барлық мемлекеттік органдардың,
лауазымды адамдардың, азаматтардың және олардың бірлестіктерінің ҚР
аумағында конституциялық нормалар мен қағидаларды мүлтіксіз сақтап,
біркелкі қолдану. Айқындалмағандар қатарына демократиялық қағидасы да
жатады. Атқарушы биліктің иерархиялық құрылуы мен қызметі жөнінде. Айталық,
жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне
кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатты тиісті аумақтағы даму
мүддесі мен тұтыну қажетіне сай жүргізуін қамтамасыз етеді.
3.ҚР Консгиіуциясының жалпы сипаттамасы.
ҚР-ның Конституциясы — демократиялык, өркениетті даму жолына түскен
мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция
қоғамдық өмірдің барлық құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция
мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашақ қабағытталған
ұйымдастырылуы мен қызметі қағидалаРын белгілейді. Онда адамдар мен
азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметгік негізі ретінде бүкіл
халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек
конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық
салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік
құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.
1. Конституцияны қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Конституцияда
халықтың, оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезінде де
Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді. Осыған орай халық
еңбекшілерден -жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллигенциясынан
тұратындығы атап көрсетілді. Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік
құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқараска негізделді.
ҚР-ның Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш
рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек
интеллигенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы "еңбекші" термині 1993 жылғы
Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қолданыл-майды. Дегенмен,
Конституцияның екеуінде де халық туралы айтылады. ҚР бүкіл әлеуметтік
қабатын жинақтаған тұтас әлеуметгік-саяси құбылыс ретінде ұғынылады. Осыған
орай, "халық" ұғымы ҚР Конституциясына сәйкес, біріншіден, ол байлык,
жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді,
сөз жок, бүл маңызды конституциялық фактор болып табылады. Конституцияда
мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде танылады. Бұл
мемлекеттің тұрғындардың қандай да болсын бір тобына екінші бір тобын
кемсіту арқылы басымдық бермейтіндігін білдіреді. Мемлекет тиісінше,
олардың әлеуметтік жағдайларына қарай тұрғындардың барлық қабаттарына
қамқорлық көрсетуі тиіс. ҚР-ның Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік
топтарға бөлмей, олардың құқықтарын шектемей конституциялық-құқықтық
қатынастар субьектісі ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көпұлтты
қоғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлык, ұлтгық топтар жатады. Бұл,
мемлекеттегі бүкіл халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын казақ
ұлтына ерекше: құкықтық, саяси, әлеуметгік, экономикалық және мәдени
жеңілдіктер берілмейтіндігін білдіреді.
Қазак тілін мемлекеттік тіл ретінде тану жеңілдіктер қатарына
жатпайды, тек мемлекетгің барлық жерде және қайда да бол-сын үлттык нысаны
бойынша ұлттық болып табылатын сипаты-на жатады. Орыс тілін ресми қодцаныс
тілі ретінде тану да бұл салада жеңіддік берілмейтіндігін көрсетеді.
Сөйтіп, халықты қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп
тану оның мәндік сипатын білдіреді. Сондықтан ҚР-ның 1995 жылғы
Конституциясы: "Біз, Қазақстан халқы осы Конституцияны қабылдаймыз" деген
сөздермен басталады. Қазақ халқы Конституцияны референдумның қорытындысымен
қабылдады. ҚР-ның Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық
референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, халық Конституцияны
қабылдап қана қойған жоқ, ол Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар да
енгізе алады. әрине, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
жобасын Президент Парламентгің карауына бере алады. Алайда, мұндай жағдайда
да халық сырт қалмайды. Парламент халықтың жоғары өкілетті органы,
сондықтан ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды
халықтың атынан қабылдайды.
2. Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп
танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі
мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып
табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы
Қазақстан халқы мемлекетгі құрды, оның басқару және кұрылым нысандарын,
әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін
белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекетгің
құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда
мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, біртұтастық
қағидалаРы нығайтылған. Ол - мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны,
басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық.
3. Конституцияның маңызды ерекшелігі бір жағынан, мемлекеттің, екінші
жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы болып табылады. Бұл
халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы
ретіндегі мәртебесімен байланысты. Ол оның егемендігін барлық
элементтерімен: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес
заңдарымен және басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің,
мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының
негізін қалайды. Конституция қоғамдық: экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік,
діни, жекелік құрылыстың негіздерін анықтайды. Сондықтан мемлекет қана
емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын
жинақтайды. Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі негіздерін
реттей отырып, қоғам өмірінің барлық салаларын қамтымайды.
Конституцияның нормасын бұзу көпұлтты Қазақстан халқының занды еркіне қол
сұғу болып табылады. ¤ркениетті, демократиялық қоғам да Конституцияға, оның
қолданьшуына, тиімділігіне айрықша мән беріледі. Конституцияның мәселесі
екі кезеңнен: 1) оның жобасын әзірлеу, 2) қолдану кезеңінен тұрады.
Бірінші кезеңде Конституцияның қағидалары және нормаларымен бірге оның
қабылданғаннан кейінгі қолданылу механизмі тере-, мұқият ойластырылады.
Бірінші кезекте тұжырымдауға әзірленеді және Конституция нормаларының
мазмұны айқындалады. Сондықтан Конституцияның жобасы Конституцияның
тұжырымдамаларын жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы, адам
құқығы тұжырымдамасы, меншік құқығы тұжырымдамасы және басқалары осындай
түжырымдамалар болып табылады.
Конституцияның түжырымдамаларын маман заңгерлердің, экономистердің
және басқалардың шағын тобы әзірлемеуі тиіс Олардың, мүдделерін анықтап,
Конституцияда оны ескеру үшн оны әзірлеуге әр түрлі партиялардың, қоғамдық
қозғалыстаРдың, таптардың, ұлттардың, әлеуметтік топтардың және басқа
ларының өкілдерін тарту керек. ¤йткені қоғамдық қатынастар дың аталған
субьектілерінің мүдделері обьективті факторлармен елеулі түрде белгіленген.

Мемлекеттілік және тұтастай алғанда қоғам мүддесі қағидалаРына қайшы
келетін идеялар да тұжырымдамалық сипатта ерекшеленуі мүмкін. Мұндай
тұжырымдамалық идеялар конституциялық нормаларда орнықтырылмауы тиіс. Мұның
мысалы ретінде кезінде ұлтаралық келісімге, Қазақстан мемлекетінің түпкі
негізіне нұқсан келтіретінін саналы түрде сезінген немесе сезінбегендердің
табандылықпен ұсынған қос азаматтық туралы қағидасын атауға болады.
Екінші кезең — Конституцияның қолданылуы. Конституция тікелей қолданылады.
Конституция нормаларының тікелей қолданылу көріністерін жеке-жеке
қарастырайық.
1. Конституцияның құқықшығармашылық рөлі еКі бағытта көрінеді.
А. Қандай зандар кабылдау керек екендігін Конституция тура көрсетеді.
Бұл завдар не дәл аталады, не жалпы сипатта көрсетіледі.
Б. Конституция олардың нысандарын көрсете отырып, бірқатар жоғары
мемлекеттік органдардың норма шығармашьшық өкілетгігін белгілейді.
Парламент—зандар, Президент—белгілі бір жағдайларда зандық күші бар
нормативтік жарлықтар, үкімет— нормативтік қаулылар, Конституциялық Кеңес
және Жоғарғы Сот — нормативтік қаулылар қабылдайды.
2. Конституция нормаларының тура қолданылуы барлық мемлекетгік
органдарға, оның ішінде соттардың да қызметіне қатысты. Конституция
нормаларының тікелей қолданылуы ол мемлекетгік органдардын, белгілі бір
жағдайларға байланысты Конституция нормаларын тура және тікелей қолдана
алатындығын (қолдануы қажеттігін) білдіреді.
3. Конституциялық нормаларды тікелей азаматтар мен ұйымдардың өздері
жүзеге асыра алады. Конституцияның көптеген нормалары азаматтарға, олардың
бірлестіктеріне өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі реттеуге мүмкіндік береді.

4. Конституция құқықты, бостандықты және занды мүдделерді қорғауға кең
жол ашады. Азаматтардың өздері Конституцияның нормаларына сүйеніп, өз
құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тиіс.
5. Конституция қоғамдағы өмір салты мен көңіл күйге белсенді ықпал ете
алады. Бұл орайда, мемлекет органдары қызметінің Конституцияда белгіленген
қағидалаРы: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, қазақстандық
патриотизм, қоғам өмірінін мейлінше маңызды мәселелерін демократиялық
өдістермен шешу маңызды рөл атқара алады. Бұл қағидалаРдың тек мемлекеттік
органдарға ғана емес, сондай-ақ барлық азаматтарға да қатысты екендігін
есКеРу керек.
6. ҚР-ның Конституциясы институттық қайта құруларды көздейді. Бұл
нормалар жүзеге асырыла бастады. Біріншіден, прокуратура, екіншіден,
құқыққорғау органдары қайта құрылды, үшіншіден, Конституциялық Кеңес
құрылды, төртіншіден, қос палаталы Парламент қалыптасып үлгерді және ең
бастысы -ҚР-да президенттік басқару жүйесі құрылды. Аталған қайта құрылулар
- конституциялық нормалардың бір жолғы әрекеті емес, олар тұрақты
жүргізілетін және жетіддірілетін болады.
4.Адам мен азамат жагдайының ҚР-дағы конституциялык негіздері.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі негізінен әрекет етуші барлық заң салаларындағы
адам және азамат құқықтарының бірін-бірі толықтырып отыруынан көрінеді.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі өз бойына конституция арқылы бекітілетін
құқықтармен еркіндіктерді қамтиды. Осы қамтылған бөлігі барлық құқықтармен
еркіндіктердің шағын бір бөлігін өз бойына жинақтайды.
Негізгі құқықтармен еркіндіктерге төн заңдық ерекшеліктер мыналар:
1. Конституциялық құқықпен еркіндік, тұлғаның құқықтық мәртебесінің
негізін қалайды және басқа құқықсалаларында бекітілген құқықтардың
барлығына негіз әрі бастау болады.
2. Негізгі құқықтармен еркіндіктер әрбір азамат пен адамға беріледі.
3. Негізгі құқықтармен еркіндіктердің өзіне тән бір сипаты-бұл олардың
ортақтығымен бейнеленеді. Олар барлық адамдар үшін бірдей әрі тең деп
есептеледі.
4. Азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктері өзінің пайда болуы
және қалыптасуымен ерекшеленеді. Оған жалғыз ғана негіз ретінде оның ҚР-ның
азаматтығына қатыстылығы бола алады.
5. ҚР-ның азаматының негізгі құқықтары мен еркіндіктері азаматтың еркі
бойынша алынбайды немесе кері қайтарылмайды. Бұл құқықтароған азаматтығына
байланысты беріледі, бұл құқықтаразаматтығы жоғалтылған жағдайда бірге өз
күшін жояды.
6. Негізгі құқықтармен еркіндіктер оларды іске асыру механизміне
байланысты ерекшеленеді. Барлық өзге құқықтары мен міндеттері нақты бір
құқықтың қатынас барысында, құқықтық қабілеті арқылы өзінің жетістігі болып
қалады.
7. Негізгі құқық, еркіндік және міндеттерге тән тағы бір ерекшелік,
мұнда олардың занды түрде бекітілуіне де байланысты. Олар мемлекеттің
құқықтың Актілерінде тіркеледі, бұл құжат әрине жоғаріы заңдық күші бар
топтама-ел Конституциясы болып көрініс табады.
Жоғарыда аталған белгілер, адам және азаматтықтың негізгі құқықтары
мен еркіндіктері ұғымының ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл ерекшеліктер
мынадай тәртіпте бейнеленеді:
Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен еркіндіктері - бұл
оған туылған кезінен бастап, немесе азаматтығына байланысты берілетін
бөлінбес құқығы мен еркіндігі болып табылады.
Адам құқығы - бұл азаматтың мемлекетке бағыныштылығына байланысты ғана
берілетін құқығы мен еркіндігі. Адам және азаматтың құқығының
конституциялык, принципі болып теңдік, тең құқықтылық принципі айтылады.
Оның мазмұны ҚР-сы конституциясының 14-ші бабында айтылады. Келесі тұлғаның
құқықтары мен еркіндіктерінің іске асыруын сипаттайтын конституциялық
принцип бұл олардың іске асуына кепілдік берілуі мен ерекшеленеді. әдетте,
кепілдіктер әлеуметтік-экономикалық, саяси және заңдық кепілдіктер болып
бөлінеді.
Конституциялық құқықтармен еркіндіктерді жеке, саяси, әлеуметтік-
экономикалық деп саралау дәстүрі қалыптасқан. Жеке бас құқығы мен
еркіндіктері іс жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның
тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл
құқықтарәрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқықоған туылған кезінен бастал
тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның
табғги құқығы жатады. Бұл құқықадамның жеке басы өмірімен байланысты
көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы (15-ші бап), жеке
басының бостандығы құқығы (16-шы бап),мемлекеттің оның жеке басының ар-
намысын қорғауы құқығы (17-ші бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу
құпиясы құқықтары болып бөлінеді.
19-шы бапқа сәйкес, әрбір адам өзінің ұлтына, партияға немесе дінге
қатынастылырын көрсетпеуге құқылы. ҚР-сы территориясында еркін жүріп-
тұрура, тұрғылықты жерін тандауға, республикадан тысқары жерге шығуына және
ешбір кедергісіз қайта оралуына құқығы бар екендігі 21-ші бапта жазылған.
құқықпен еркіндіктің маңызды саласы ретінде сөз және шығармаіпылық
еркіндігі заңды түрде ақпарат алу және тарату құқығы, ар-ождан еркіндігі
құқығы айтылады. Саяси құқықтармен еркіндіктер мемлекет азаматтығын алумен
тығыз байланысты болады. Оған жататындар: бірлесу бостандығы (23-ші бап)
мемлекеттік істерге қатысу мен басқару құқықтары (33-ші бап) бейбіт түрде
жиналу, соның ішінде қарусыз жиналу құқығы, жиналыстар мен митингілер ,
шерулер ұйымдастыру құқығы. (32-ші бап)
Азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқығына қатысты салалар бұлар жеке
меншік құқығы (26-шы бап) еңбек қатынастары, демалыс салалары (24-ші бап)
денсаулық сақтау (29-шы бап) білім алу (30-шы бап) әлеуметтік қамтамасыз
ету (28-ші бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31-ші бап). Осы адамның және
азаматтың негізгі міндеттері Ата Заңымыз ҚР-ның Конституциясының 34-38-ші
баптарында бекітілген.

Негізгі әдебиеттер:
1. Ғ.Сапарғалиев. ҚР Конституциялық құқығы. Алматы 1998
2. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 ж.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясы (ғылыми-құқықтық комментарий)
Алматы 1998 ж.
4. З.О.Ашитов. "Егеменді Қазақстан құқықтары"
5. Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі. Алматы
1996 ж.
6. Құқықтық Мемлекеттің концепциясы. Аюпова З.К., Сабикенов С.А., А.,
1996.
8. Конституциялық құқық ғылымының негізгі мәселелерін талқылау.
Михалева Н.А., Мемлекет және құқық.
10. Жаңа шетел Конституциясы. М., 1992.

Қосымша әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев. ХХІ ғасыр қарсаңында. Алматы 1996.
2. 1991 жыл 26-шы желтоқсандағы ҚР-ның "Иммиграция туралы" заңы.
3. 1991 жыл 16-шы желтоқсандағы ҚР-ның "ҚР-сы мемлекеттік
тәуелсіздігі" туралы конституциялық заңы.
4. 1991 жылғы 20-шы желтоқсандағы ҚР-ның "ҚР-ның азаматтары туралы"
заңы.
5. Конституциялық норма және құқықтық қатынас. Лучин В.О., М., 1997.
6. ҚР Конституциялық құқығы. Шопин В.Д. (Оқу -әдістемелік нұсқау).

Білімді пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Ғылым саласы ретінде Конституциялық құқықтың ұғымы.
2. Конституциялық құқықтың қағидалары.
3. Конституциялық құқық институтын атаңыз.
4. Конституциялық нормаларға тән қандай негізгі ерекшеліктер бар?
5. Конституциялық норма құрылымдарының қандай ерекшеліктері бар?
6.Конституциялық нормаларды іске асыру механизмінде конституциялық
құқықтық қатынастардың қандай маңызы бар? . 7. Жалпы және нақты
конституциялық құқықтық -қатынастардың өзіне тән қандай ерекшеліктері мен
қасиеттерін білесіз бе?
8. Конституциялық-құқықтық қатынастардың мазмұнының ерекшеліктері мен
өзіне тән қасиеттерін атаңыз.
. Адам құқықтары жүйесі дегеніміз не?
2. Адам және азаматтың қандай негізгі конституциялық құқықтарын
білесіз?
3. Адам және азаматтың конституциялық құқықтарының құрылымы дегеніміз
не?
4. Адамның жеке құқықтарының бөлінбестігін қалай түсінесіз?
5. Құқық пен міндеттердің бірлігі принципі нені білдіреді?
6. Адам және азаматтың құқығы мен еркіндігі механизмі нені білдіреді?

Тақырып: Қазақстан Республикасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар
Қазақстан Республикасы сайлау құқығы және сайлау жүйесі
Конституциялық құқық әдістері
Сот ісін жүргізу тілі
Конституциялық құқықтың түсінігі
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
Пәндер