Ғылыми-техникалық әдебиет пен неологизмдер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе.

1. Ғылыми-техникалық әдебиет пен неологизмдер.

2. Неологизмдердің жасалу жолдары.

3. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған неологизмдер.

Қорытынды.

Әдебиеттер.

Кіріспе.

Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер революциядан кейінгі кезеңде қазақ өміріндегі үлы өзгерістермен байланысты газақ тіліне көптеген жаңа сөздер кіру арқылы көрінді. Ескі құрылс ада болды. Қазақстанда ғылым мен техникалық, орындарының көбеюі т. б. жақа сөздердің пайда болуына, қазақ тілі лексикасыньщ толығуына қолайлы жағдай болып, неологизмдерді туғызады.

Неологизм деп бір тілде жақадан пайда болған және әзірше көпшілік арасында толық қалыптаспаған жанд сөздерді айтамыз. Жана сөз үнемі жаңа болып тұрмайды, көпшілік бүл сөздерді меңгерген кезде, олар жалпы халықтық сипатқа ие болады да, неологизм болудан қалады. Кейбір жағдайда, жаңа сөздер қалыптасқанша, жалпы халықтық сипатқа ие болғанша, неологизм деп аталып, халық тәжірибесінде жүріп екшеледі.

Жаңа ұғымды білдіргендіктен, бүл сөздерді де неологизм дейміз. Шөктіру деген сөздің мағынасын салыстырыңыз. Бұл сөз бұрын түйені еріксіз тізе бүктіруді (жат-қызуды) білдірді, ал қазір ол геология термині болып та есептеледі. Дәл осы сияқты желі деп - бұрын тек бие байлау уақытында құлындарды тізіп байлап қою үшін қазыққа керілген арқанды атаса, қазір тау жынысын білдіретін ат ау. Бұл мысалдар геология мен тау өнері терминдеріне қатысты екені, ғылымның белгілі бір саласындағы мамандарға ғана мәлім екені айқын. Бірақ ғылымның бұл саласына қатысы бар заттар мен ұғындар жөнінде сөз болған күнде, олар көркем немесе басқа әдебиеттерде қолданыла алады. (Бұл сөздер қазақ тілі сөздің құрамына, бір жағынан, неологизм болып, екінші жағынан, термин болып кірді.

Ғылымның барлық саласындағы терминдер жөніндегі мәселесі, де қазақ тілінде осылар алуандас, өйткені қазақ тілі терминологиясы жаңадан ғана жасалды. Тілдегі жаңалықтар алғашғқы неоплогизм түрінде көрінеді.

1. Ғылыми-техникалық әдебиеттегі неологизмдер .

Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер үлкен екі топқа бөлінеді: а) -ғылыми-техникалық әдебиетте; ә) көркем әдебиетте. Қазіргі қазақ тілінде Октябрь революдиясынан кейінгі кезенде, негізінде, орыс әдеби тілінщ игілікті әсері арқылы көптеген деологизмдер пайда болғаны мәлім. Мысалы, базалът, байқалит, берилл, боксит, кидлит, порода, плутон сияқты терминдер орыс тілі арқылы алынды. Бұл - геология терминдері - ең әуелі сол ғылымның жергілікті мамандары үшін де иеологизм болады. Алайда қазірдін, өзінде де олардың қазақ тілінде түсінігі аз, өйткені олар тар көлемді терминдер. Бұл сөздер қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамына аударылмай тікелей келіп кірсе, терминдер қазақтың байырғы сөздерінен де жасалады. Бірақ солардың өзі де неологизм түрінде болды. Мысалы: алтын шаю (золотопромывание), атпа (извержение), желі (жила), теміртас (жвлезняк), құмтөбе (дюна), алыс өлшем (дальномер), кереге-тас (горсть), сеппе (вкрапленность), шөктіру (осаждение), шө гінділер (осадки) сияқтылар.

Лексикада жеке сөздердің сөздік мағыналарынан басқа ауыпалы, контекстік мағыналары деп аталатын тағы басқа қосымша мағыналары болады. Бұл қосымша мағыналардың пайда бо-луы - алғашқы кезде неологизм түрінде көрінеді. Қандай жаңа сөздер, сөздердің жаңа мағыналары болсын, алғашқы кезде тілде неологизм болады, ал сонан кейін олар жалпы халықтық сипатқа ие болады да, неологизмнен жалпы лексикаға ауыса-ды. Мысалы, жер деген сөзді алсақ, негізгі мағынасынан басқа қосымша: 1) орын; 2) орта; 3) қашықтық; 4) кеміту тағы басқа сол сияқты мағыналары бар. Осылардың көпшілігі тілде неологизм болады. Салу деген етістіктің де қосымша: 1) өру, тоқу, байлау; 2) құру, жасау; 3) себу; 4) көрсету; 5) орнату, тұрғызу, кетеру; 6) салық салу; 7) төсеу; 8) қозғау сияқты мағыналары бар. Мысалы, Еңбек - ата, жер - ана (мақал) . Тас түскен жеріне ауыр (мақал) . Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады (мақал) . Қарлығаштар әдемі ұя сала бастады. Жер жырттьщ, қайнады еңбек, егіс салды. Бірақ Попов зерттеушілердің алдына бар сырын жайып сала бермейтін.

Бұл келтірілген мысалдардан сездердің бәрі бірдей біркелкі дәрежеде жалпы халықтық сипатқа ие бола бермейтінін көреміз. Оның себебі, олардың бір мезгілде лайда болмауында: кейбіреуі ерте, кейбіреуі кеш пайда болады. Демек, сөздің контексте ие болған мағыналарының әрқайсысы өзінің шығуына сәйкес неологизм стадиясынан өтеді. Бірден жалпы халықтық лексикаға ене бермейді.

Кейбір өзгерістер омоним деп аталатын жеке сөз болып бөліну дәрежесіне дейін бара алады. Қазіргі қазақ тіліндегі от сөзінің омонимдерін салыстырыңдарі 1) от; 2) ас, тамақ және азық, жем. Оттегнн сөздің алғашқы, негізі, мағынасы - жарык. Түркі халқының ертедегі жазу ескерткіштерінде біз от деген сөз азық, жем (шөп) мағыналарын да б олғаңдьіғын да кездестіреміз. От деген сөз от тауып алу нәтижесінде пайда. Болғандығына күмән келтіруге болмайды. Ал оның тамақ, азық, жем ма-ларыналарына келетін болсақ, онда ол, біздіңше, қосымша (екінші ) болып саналады. Бірақ бұл сөздер мағына алыстығына; арай, қазіргі қазақ тілінде омоним болып есептеледі.

Сөйтіп, басында неологизм ретінде басталған контекстік мағына бара-бара ауыс мағына болып танылады да, онымен місе тұтпай, сөздің тұрақты мағынасына, онан да әрі қарай дами түссе, омонимге, яғни өз алдына мағынасы тұрақталып, басы ашық жаңа сөз болып кетеді.

2. Неологизмдердің жасалу жолдары.

Тілдегі неологизмдердің пайда болу себептерін біз өндіріс пен шаруашылықтың, сауда мен транспорттың, техника мен ғылымның өсуімен байланысты, сол сияқты халықтың әлеуметтік құрылысының өзгеруімен байланысты қарадық. Неологизмдердің жасалу жолдары белгілі тілдің ішкі заңымен байланысты. Турасын айтқанда, қазақ тіліндегі неологизмдер қазақ тілінің ішкі заңдарына сәйкес жасалады. Қазақ тіліндегі неологизмдердің жасалуының ең негізгі жолдары мынадай:

1. Сөздердің мағыналарының жаңаруы арқылы неологизм жасалады. Октябрьден кейінгі кезеңде і көптеген сездер жаңа мағынаға ие болды, өйткені олардың бұрынғы мағыналары жаңа ұғыммен үндесіп, жаңа тенденциямен шектес болды. Кейбір архаизмдер немесе ескірген сөздер де жаңа мағынаға ие болды және әдеби тілде қолданылып, соның арқасында олардың көпшілігі қазіргі қазақ тілі сөздік құрамына мықтап орнықты.

Мысалы, қазақ тіліндегі талқылау деген сез Октябрь револю- циясынан бұрын иленген қайысты жүмсарту процесі мағынасында қолдайылып келді, ал қазір талқылау (обсуждать) жаңа мағынаға ие болды. Қарау деген етістік: Бүл мәселені жиналыста қарадық деген контексте мүлде жаңа мағынада. Талқылау мен қарау етістіктері өздерінің негізгі мағынасында ертеден мәлім, бірақ олардың осы соңғы қолданыстары таныс еместі. Мұндай сөздердің ұшықиыры жоқ. Мысалы, тайғақтау (буксовать), байыту фабрикасы (обогатительная фабрика), жақтау (оклад), сызу (черчение), іздеу (изыскание), еңкек (наклон), қақ (окалина, накипь) т. с. Көркем әдебиеттен кейбір мысалдар келтірейік: Көшекбаевтың орындауында Сейтектің «Бес қыз» және «Заман» атты күйлері нотаға түсірілді . Сережа сызуларын осы ас дайындайтын беті бұжыр столдың үстінде сызатын . Осы типті неологизмдер мезгілді баспасөздерде де жиі кездеседі. Мысалы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бір номерінде жазушы М. Әуезовтың көлемді бір мақаласы жарияланған. Бұл мақалада біз мынандай неологизмдерді кездестіреміз. Талдау (анализировать) деген сөздің орнына жүйелеу; мысалы, Аударманың теориялық және практикалық мәселелерін жүйелейтін жеке кітаптар, зерттеулер . . . пайда бола бастады. Үлгі деудің орнына енеге. Мысалы Советтік реалистік аударма өнегесінің заңдылық жайлары ғылыми теория тарапынан түсіну міндеттері тіпті ұлғая түспг отыр (сонда) . Түбірлі орнына түбегейлі. Бұл айтылғандар . . . аудару ғылымының түбегейлі негізі болмақ (сонда) - Мұра орнына мирас, әрине - әлбетте, түжыру - түйыңтау барлық - барша, пысықша орнына пысықай, әлем орнына ләм, шұңғыл - шүңет тағы басқалар орынды қолданылған неологизмдер.

Бұл келтірілген сөздер бізге таныс; біз оларды естуіміз де, әдебиетте кездестіруіміз де мүмкін, алайда бұл мысалдарда олар басқаша мағынада құлпырып жайнагі, неологизм болып тұр.

Аффикстік неологизмдер. Соңғы кездерде жаңа сөз жасау үшін көне аффикстер сирек қолданылады. Мысалы, бастауыш (подлежащее), баяндауыш (сказуемое), сақтағыш (предохранитель), қ орытпа (сплав), басқарма (правление), қолжазба (рукопись), құрам (состав), құрама (соединение), сызу (чертеж), қабаттама (прослойка), сеппе (вкрапленность, прибор), салық (налог), сөйлемше (выражение) тағы басқалар. Мысалы, Бастауыш жазудың негізгі түрлері . Басқарма мүшелерінің жиналысы болып бітті . Дерсу көп уақыт көздеп, басын құндақтап екі рет көтерді, шамасы серппені басқысы келмеді . Бірақ бұл жылдарда дивизияның қ ұрамы қатты өзгерді .

Бұл мысалдардан -ыш, -ғыш, -ма, -ба аффикстерін және оларлдың-м, -ық, -ше тағы басқа варианттарын көреміз. Бұлардың барлығы байырғы түбір сөздердің негізінде жаңа сөздер жасайтын қазақ тілінің өнімді аффикстері. Орыс тілінен енген сөздердің түбірінен қазақ тілі қосымшалары арқылы неологизм жасалады. Мысалы, награда - наградтау, кокс - кокстеу, мартен - мартендеу, реакция - реацияшылдың, кристалл тағы сол сияқтылар.

Сонымен, қазіргі қазақ тілінде неологизм жасауда сөз жасаушы аффикстердің маңызы зор.

Неологизмдердің бүл түрі екі сөздің бірігуі арқылы түбірдегі екі компоненттің мағыналарынан мүлде басқа үшінші бір мағынаны тудырады. Соның нәтижесінде ол неологизм болып лексикаға ене бастайды. Мысалы, бесжылдық - бес және жылдық деген сөздердің бірігуінен жасалып, орыстың күрделі сөзі пятилетка деген, сөзінің мағынасын білдіреді. Сол сияқты, он жылдық - он және жылдық деген сөздерден, бүкіл одақтық - бүкіл одақ, қол-өнер - қол және өнер деген сөздер қосылып, біріккен түрде ремесло мағынасын білдіреді;

Қазіргі қазақ тіліндегі бұлар сияқты біріккен сөздер үш топқа бөлінеді:

а) Неологизм болып біріккен сөздердің бір тобы өздерінің жаңада ғана жасалғандығына қарамай-ақ, тез арада қалып тасып, жалпы халықтық лексикаға ауыса бастайды. Неологизмнің бүл тобына еңбеккүн, шетел, көзқарас т. б. сөздер жатады. ғ, ә) Бір топ создер қазақ тілі лексикасы құрамына көптен енгеніне қарамастан, олардың қолданылу сиректігінен жалпы халықтық сипатты қабылдай алмай келеді. Мысалы, гостерминко антбұзар (клятвопреступник) деген сөзді қазақ терминолоясына аудармашылардың талабы бойынша енгізсе де, күні бүгінге дейін қалыптасып кете алған жоқ. Бұл сияқты, көкейге қонымсыз, ескірген үғымдармен байланысты, ойдан шығарған, кездейсоқ неологизмдер варваризм дәрежесінен аса алмай, тілдің лексика құрамына енбейді, сөйтіп біраз жүреді де, бара-бара ұмытылады.

б) Бір топ сөздер лексикаға енбейтін болғандықтан, тар ма-ғынадағы ғылыми-техникалық терминология көлемінде қалады. Мысалы, ө нертабыс (изобретение), қ олөнер (ремесло), үндеухат (листовка) тағы басқалар. Бұл сөздер көбінесе аударма әдебиеттерде кездеседі, ал қолтума көркем әдебиетте біз оларай сирек кездестіреміз. Бұған бір жағынан орфографиялық ережелердің тұрақтамауы да әсер етеді, өйткені сөздер бірде бөлек, екіншіде бірге жазылып, әлі жалпыға мәлім, таныс сөздер қатарына кіріп әдебиеттен кең қолданыс таба алмай келеді.

3. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған неологизмдер.

Тілдің сөздік құрамына жаңа ұғымдармен, жаңа заттармен, техникамен бірге басқа тілдерден жаңа атаулар келіп енеді. Біздің тілімізге ең алдымен орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден көптеген жаңа сөздер енді. Бұл неологизмдер өздерінің өмірге қажеттілігі нәтижесінде қазақ тілінің сөздік құрамында тез қалыптасады. Мысалы, XX ғасырдың бас кезінде шығып тұрған «Айқап» журналында: «Қара жерде ат арба, от кемемен жаһанды кезді. Атсыз жүретұғын арба һәм шана (автомобиль) шығарды. Дүниеның төрт бұрышыменен тездетіп, телеграмма арқылы сөйлеседі. Ерінсе, үйінде отырып, телефон арқылы сөйлеседі автомобиль, электричество, телеграмма, телефон, трамвай ол кезде, яғни XX ғасырдың басында (1912-1913 ж. ж. ), неологизм еді. Бұған текстегі берілген адаптация дәлел бола алады . . . Бұл келтірілген мысал сөздер бір тілден екінші тілге ауысқанда, екінші тілге ең әуелі варваризм түрінде еніп, одан кейін неологизмге айналып, ал одан әрі сол енгей тілінің сөздік құрамына кіретіндігін растайды. Сондықтан трамвай, автомобиль, телеграмма, телефон, электричество деген сөздер осы айтылғаң сатылардың бәрінен өтіп, қазақ тілінде қалыптасып, жалпы халықтық характерге ие болды, неологизм дей алмайтын сатыға көтерілді.

Сонымен, лексиканың даму процесінде неологизм ұғымы өте-мете жылжымалы болып саналады. Өйткені тілде жаңа сөздер туып жатады да, бүрынғы неологизмдер жалпылама лексикаға үздіксіз ауысуда болады. Бұл - сапырылысу емес, дамудан туған қозғалыс. Сондықтан, договор, гонорар, вотум, арбитр, аванс, проза, алименты, авиатор, держава, дилемма, ла~ герь, вагонетка, купе, трест, директор, ларек т. б. әзірге неодогйзм. Мысалы, Договордағы үй қайда, жұмыс киім, аванс Қайда?. Ол бірнеше ларек атқан соң ауданға кетіпті (сбнда) . Арба саймандарының бұзылғаны болса, трест жөндеп береді (сонда) . Көркем прозадағы образдылың тәсілдер олардың еңбегінде де орасан зор орын алған . Алматыдағы бір фабриканың директорының әйелімін . Купедегі столдың астынан, үлкендігі кісінің құшағына әзер сыятын, қабығы жасыл жолақты қарбызды Байжан тартып алды (сонда) .

Калькалау арқылы пайда болған неологизмдер оншама көп емес; мысалы, өндіріс сөзі калька болып есептеледі, ал төрт қыр (четырехгранник) калька емес, өйткені ол - орыс сөзінің дәл аудармасы. Сонымен, «калька» деген терминнің өзі де, оның ұғымы да қазіргі өскелең қазақ тілінің талаптарын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан біз бұдан былайғы жерде сөзбе-сөз аудармада орыс тілінің қазақ тіліне тигізген әсері жөнінде айтқанда «калька» терминін кең мағынада қолданамыз; яғни «каль-ка» деген ұғымға орыс тілінен қазақ тіліне дәл аударылған сөздерді де қосамыз. Мысалы, көбейткіш: сөздің түбірі көп, -ейт- аффикс, кіш -аффикс, орыс тіліндегі множ-и-тель қосымшасыңа сайма-сай келеді; анықтауыш (определение) деген сөз определение дегенге дәлме-дәл; сондай-ақ, шығарма - произведение, қалыптандыру - восстановление, құбылыс - явление, серпінді - упругий, еселік - кратность, толықтауыш - дополнение, басқарма - правление, бастауыш - начальный, есептік - количественный т. б. толып жатыр. Мысалдар: Оның үстіне бұл жүйедегі теория өзінің кейбір шешуші, анықтпаушы негіздері тарапында жемісті түрде өрістеу жолына әлі де түсе алған жоқ . Көбейтілетін санды көбейер, көбейтпетін санды көбейткіш деп айтамыз. Бұл арада Ғабдолла То- қайдың шығармалары туралы сын айтқалы отырған жоқпын . Ауылдағы бастауыш мектепті екеуі де «өте жақсы» деген бағамен бітірген . Партияға алу туралы мәселе бастауыш партия ұйымының жалпы жиналысында талқыланып шешіледі (КПСС уставы, 7-бет) .

Қазақ тіліндегі қазіргі кездегі калькалардың революциядан бұрынғы кезеңдегі калькалардан айырмашылығы - жаңа ұғымдарды саналы түрде аудару арқылы өмір қажетінен тууының нәтижесі болып табылады. Сондықтан қазіргі калькалар орыс тілінің тәжірибесіне сүйеніліп жасалады.

Қазақ тілінде калька жасауда орыс тілінің игілікті әсері ерекше байқалады. Неологизмдердің бұл түрі көп жағдайда баспасөз арқылы халық арасына кең таралып, жиі қолданылуына қарай, тілдің лексикасына еніп, қалыптасып ч кетеді. Бірақ, негізінде, калька қай тілде болса да жағьщды құбылыс болып саналмайды. Өйткені неологизмнің өзге түрлері қазіргі күндегі өскелең мәдениеттің күнделікті әдебиеттері арқылы тез тарап, тілде тез қалыптасып отырса, кальканың ішінде әуел баста халыққа түсініксіз болғандықтан, тілде тез арада қалыплтасып кете алмай лексикадан шығып қалатыны да болады. Сондықтан мүнкіншілігіше калькадан аулақ болған жөн. Неологизмдер негізінен мынадай жолдармен жасалады:

  1. бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы:оқу-лық, көр-ер-мен, аял-да-ма, бал-муз-дақ, өмір-шең, үйір-ме, уш-ақ;
  2. жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы:суво-ровшылар, мичуриншілер, жақаевшылар, т. б. ;
  3. екі сөзді біріктіру арқылы:келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық, бесжылдық, жеделхат, әуежай, саяжай, жаға-жа, мұражай, шипа-жай, жедел жәрдем, төраға, төрайым, гулзар, жолсерік сундеттой, мерейтойу мушелтой, бағдарлама, бағдаршам, төлқұжа т. б.

4. Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехни-калық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, егіс дақылдары, шаруа қожалығы.

Жаңадан енген сөздердің тың, жаңа екендігі аңғарылып, сезіліп тұрғанда ғана неологизм болады.

Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болғалы бері жаңа қолданысқа ие болған сөздер күн санап көбейе түсуде, мысалы: сынып, әдіс, әдістеме, ұлан, заңгер, әуежай, ғарышжай, жәрдемақы, зейнетақы, айыпақы, өтемақы, сыйақы, төлемақы, дереккөз (источник) .,

Ғылым мен техниканың, өндіріс пен ауыл шаруа-шылығының, әдениет пен тұрмыстың қанат жайып, кеңінен дамыған шағында жаңа ғымдарды б білдіретін жаңа сөздер тілге тотггап енеді. Осывдай жаңа сөздер есік ашып өмірге алғаш енген кезінде неологизмдер деп аталады. Неологазмдер бірге сінісіп, жалпыхалықтық сипат ала қоймаған жаңа сөздер деген ғымды білдіреді. Халыққа әбден танылып болмаған, белгілі бір аладағы тар көлемде қолданылып жүрген жаңа сөздердің бәрі де неологизмдердің тобьша кіреді. Бір замавда діни оқуды қоғамнан шеттетіп, жана оқуды өмірге ендірген кезівде осы күнгі щгалт, мектеп, класс, тақта, парта, окушы, карта, глобус, компас деген танымал сөздердің өзі қазақ үшін неоло-гизмдер болып саналғандығына ешбір күмән келтіруге бол-майды. Одан бергі кезендерде тілімізге қаптап енген колхоз, овхоз, электр, трактор, радио, артист, сахна сияқты сөздер де неологизмдер тобын көбейткен еді. Қазіргі танда аталған сөздердің барлығы да жалпыхалықтық сипат альш, тілге әбден сіңісті де, неологизмдердің қатарынан шығып қалды. Осы кез-де қазақ тілінің лексикасы жыл санап емес, ай/айын да емес, күнбе-күн өсіп толығып отырды деуге боладьі Бүгінгі неологизм деп таныған сөзіміз 5-10 жыл өтісімен-ақ, нео-логазмдердің қатарынан шығып, ең актив сөздердің қатарына барып қосылып жатады. Мысалы: телевизор, лунник, атомоход, атомнш, спутник, космос, космодром, космонавт, космогония, космонавтика, космошлем, ракетодром, синтетика, нейлон, кап-рон, лавсан, нищрон, силон, тастикат, ракетчик, кибернетжа, стиляга, абстракционизм, культиватор т. б. Осы терминдердің өзі соңғы кезде ғана пайда болғандығына қарамастан, кейбіреулері (телевизор, космос, спутник у космонавт) қазірдің өзіңде неологизидер тобынан актив сөздердің қатарына қарай өтіп кетті деуге болады. Соңда неологизмдерге шек қойып ажы-ратудың өзі өте қиын екендігін аңғарамыз. Мұндағы ұстайтын негізгі принцип, жаңа сөздің жеке басы бір тілде сөйлеушілерге қаңшалықты түсініктілігімен ғана өлшенбек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы неологизмдердің ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тіліндегі неологизмдердің пайда болу тәсілдерін зерттеу
Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері
Қазіргі ағылшын тілі терминологиялық жүйесін толықтырудағы неологизимдердің рөлі
Неологизмдердің пайда болуы мен қалыптасу жолдары
Неологизмдердің жасалу тәсілдерін саралау
Америкалық ағылшын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктерін зерттеу
Тілдің сөздік құрамы
Ағылшын тіліндегі неологизмдердің аудармада берілуі (техникалық лексиканың негізінде)
Сөз жасамдық элементтері түбір сөздер
Компьютерлік неологизмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz