Карлаг


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі

Реферат

Тақырыбы: «Карлаг»

Орындаған:

Қабылдаған:

АСТАНА 2010


Жоспар:

Кіріспе

  1. Карлаг - ГУЛАГ-тың филиалы.
  2. Карлагтың құрылуы мен дамуы
  3. Тұтқындарды ұстау тәртібі

Қорытынды

Кіріспе

Қарағанды еңбекпен түзеу лагері (Карлаг) Гулаг-тың филиалы болды. Ол Қазақстанның ауқымды территориясын алып жатқан өзінше бір дербес мекеме еді.

Карлаг тарихы біздің тарихымыздағы ақтаңдақтары аса көп ең ауыр кезең -Сталиндік дәуірмен тығыз байланысты.

Сталиндік тоталитарлық жүйе адамдарға қылмыстық сынақ жүргізуде үлкен тәжірибе жинақтаған. Олар: күшпен ұжымдастыру; кулактар мен байларды жою; халық қарсылығын басу; бостандық сүйгіш халықтарға қуғын-сүргін ұйымдастырып, әдейі ашықтыру; халықтың бетке ұстар алдыңғы қатарлы тобын жою және басқа да қылмысты әрекеттер.

Сталиндік түнек кезінде адамның құнын кетіріп, халықтың рухани азғындалуына жол ашылды, сөйтіп, ұлттық саясаттың бұрмалануы тарихты бұрмалауға соқтырып, салт-сана үшін қайғылы кезең болды. Бүтіндей бір отбасылар, әулеттер әдейі құртылды, жер аудару, соттау, лагерьлерге қамалу, қинау, мүлде қисынсыз жала жабу - осының бәрі үйреншікті іске айналды.

Кезінде опат болған туған-туыстарымызды, әкелеріміз бен аналарымызды еске алуға қорқып, осы соңғы жылдарға дейін ауыз аша алмай келдік. «Гулаг» архипелагындағы үлкен және кіші аралдарда шәйт болған адамдардың санын да білген жоқпыз.

Егер ГУЛАГ тарихы мейлінше толық зерттелінсе және оның жекелеген лагерінің тарихын көрсететін бірқатар еңбектер жарық көрсе, Карлагтың тарихы осы уақытқа дейін ресми түрде зерттелген жоқ. Бұл жұмыстың негізгі тарихи базасы Қарағанды және Ақмола облыстары ішкі істер басқарламаларының архив құжаттары болды. Қарағанды облыстық ішкі істер басқармасының архиві қазіргі уақытта белгілі бір жүйеге түсірілмегеніне қарамастан, Карлаг жөніндегі құпия және құпия емес құжаттарға аса бай. «Біреулердің кездейсоқ қателігінен Карлагтың бұрынғы тұтқындарының жеке істері отқа жанып кету қаупі бар», - деп жазады В. Дик өзінің «Карлаг» деген мақаласында.

В. Диктің қауіптенетін де реті бар. 1961 жылы архивте сақталған құжаттардың бір бөлігі Долинкадағы Карлагтың бұрынғы басқармасы үйінің жанында ашықтан-ашық өртелініп жіберіледі. Оны көзімен көрген кісілер журналист Феликс Руставинге «Жанып жатқан қағаздар арасында мәңгілік сақталуға тиісті сары папкаларды көргендерін» айтады.

  1. Карлаг - ГУЛАГ-тың филиалы.

Тоталитарлық жүйе адамның әлеуметтік дамудың қай деңгейінде тұрғанына қарамастан, оның дамуын тежеп, қасиетін кетіруге күш салды. ГУЛАГ-тың тарихы Ресейдің революцияға дейіңгі кезеңінен басталады. Болашақ ГУЛАГ-тың тарихы Ресейдің алғашқы ошақтарының бірі Словецк лагері еді. Словецкінің революцияға дейінгі бүкіл тарихында онда 316 тұтқын болған. Мұнда Иван Грозныйдың уақытында-ақ кісілер жер аударылған. Трагедия сол кезден басталған еді. 1923 жылы ерекше мақсаттағы Словецк лагері түбегейлі қалыптасып, кеңейтіле бастады. Жаппай қуғындау 1917 жылғы қазаннан кейін басталды да, И. В. Сталин өлгенге дейін жалғасты. 1918 жылғы 5 тамызда Пенза облысының Кучинск уезінде кулактар бүлігінен кейін В. И. Ленин «Кулактарға қарсы жаппай аяусыз террор жүргізуді, поптар мен ақ гвардияшылдарды жоюды, күдікті адамдарды қала сыртындағы концлагерьлерге қаматуды» ұсынады.

1919 жылғы ақпанда РКП(б) ОК-ның мүшесі және Оңтүстік майдан революциялық-әскери кеңесінің мүшесі Сокольников ОК-ның «Қазақтарды жою туралы» директивасына қарсылық білдіріп, оларды атып тастамай, керісінше көмірлі аудандардағы қоғамдық жұмыстарға, темір жол салуға, торф пен сланец қазуға пайдалануға ұсынды. Осы мақсатқа орай Г. Сокольников: «Концлагерьлер объектілерін салуға жедел кірісуді» сұрап жеделхат жасады.

Азамат соғысы кезіндегі концлагерьлер аса қарапайым болатын және өзінің тәртібі жағынан 30-жылдардағы лагерьлерден өзгешеленді. Сондықтан оларды Сталиндік лагерьлермен салыстыру қате болатын еді. 1929 жылдың өзінде-ақ Сталиннің бұйрығы бойынша елде еңбекпен түзеу лагерьлерінің торабын ұлғайту жоспары жасалынған. 1930 жылы 7 сәуірде осындай лагерьлер туралы арнаулы ереже қабылданды.

20-30 шы жылдары КСРО территориясында Колымада, Воркутада, Сібірде, Уралда, Қазақстанда және басқа да аймақтарда концлагерьлер ұйымдастырылды. ГУЛАГ Кеңестер одағы ішіндегі алып «империя» болатын. Ол 53 лагерьден, 425 еңбекпен түзеу легрінен құралды, соның ішінде 170-і өнеркәсіптік, 830-і ауыл шаруашылық және 172-сі «контрагенттік» (құрылыстар мен шаруашылық ведомстваларында жұмыс істейтіндер) болатын. Бұлар облыстық өлкелік, республикалық еңбекпен түзеу колонияларына біріктірілді. Осының ішінде жасөспірімдердің 50 колониясы болды.

Лагерьлердің пайда болу тарихы, зорлық еңбек эконмикасы мен басқару құрылымы, тұтқындар категориясы, лагерьлердің күнделікті тұрмысы, әйелдер мен балалардың жағдайы, тұтқындар мен оларға қызмет көрсетушілердің, бұзақы қылмыскерлер мен саяси тұтқындардың өзара қарым-қатынасы, тұтқындарды күзету, тыңшылар, жазалау мен мадақтау, ауруханалар мен медпунктер жұмысы, тұтқындардың қаза табу себептері, кісі өлтіру, тұтқындарды жерлеудің қарапайым рәсімі - сталиндік террор сот істерін жалған жолмен жүргізу арқылы сонау 20-жылдардың соңында «Шахтинск әдісі» дегеннен басталды. Онда индустриализациялауды атүсті жүргізудің барысында пайда болған табиғи кедергілерді байырғы инженерлер интеллегенциясын жауып, олады орынсыз қуғын-сүргінге ұшыратты. Келесі кезекте 30-жылдардағы күштеп ұжымдастырылған шаруалар қуғын-сүргінге ұшыратылды (шамамен 5-тен 10 миллион адамға дейін құрбан болды) . Сталиндік үшінші соққы партияға, оның байырғы гвардиясына бағытталды. Түрлі деректер бойынша репрессияға ұшырағандар саны 40-50 миллион шамасында.

Ұжымдастыру жылдарында «халық жауларын», «кулак», «кулактың құйыршағы» деген атақтармен қорлады.

ГУЛАГ тарихында біздің көп ұлтты еліміздің де тағдыры жатыр. «Аргументы и факты» газетінің бір нөмерінде гулагтағы тұтқындардың құрамы көрсетілген. 1939 жылдың 1-қаңтарында ГУЛАГ-тағы 1 317 195 тұтқынның 830 491-ы орыс, 181 905 украин, 44 785 беларусь, 2 495 татар, 16 860 поляк, 24 499 өзбек, 19 758 еврей, 18 572 неміс, 17 123 қазақ, және т. б болған. 1

Гулаг жүйесінде тұтқындарды қылмысына қарай қатаң топтастыру жүзеге асырылды. 1940 жылдың 1-наурызында мұнда 1 668 200 адам болған. Соның ішінде еңбекпен түзеу колониясында 352 мың адам ұсталынған. Мұның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны 192 мың болған.

ГУЛАГ-ты әскерилендірілген 107 мың адам күзеткен. Бұларға бір жыл ішінде 790 миллион сом қаржы шығарылған. (Гулагтың құрылымы 21 бөлімшеден тұрды) .

Орталық Қазақстанның 30-жылдардағы мәдениеті ауқымды концлагерьлер негізінде құрылды: Алжир, Карлаг, Степлаг, Песчанлаг және басқа да Гулаг филиалдары. 2

2. Карлагтың құрылуы мен дамуы

Қарағанды еңбекпен түзеу лагері КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің 1930 жылғы мамырдағы қаулысы арқылы ашылды. Қаулыда былай деп көрсетілген еді:

  1. Жер Халық Комиссариатының қорытындысына және ОГПУ-дің ерекше мақсаттағы Қазақстандағы лагерьлер басқармасының Қоянды жәрмеңкесі территориясы мен құрылыстарынан басқа 110 мың гектар алаңды мерзімсіз тегін пайдалануға деген өтініш қанағаттандырылсын.
  2. Қазақ КСРО Жер Халық Комиссариатына аталмыш лагерьлерге бөлінетін жерді дереу бөліп, жұмыс жүргізетін техникалық қызметкерлерді іріктеу тапсырылсын. Бүкіл жұмыстар ерекше мақсаттағы лагерьлердегі адамдар күші арқылы жүзеге асырылсын.

Осы қаулыға сәйкес 1930 жылғы 13 мамырда Қарқаралы округінің Бесоба мен Қоянды жәрмеңкесі арасындағы 110 мың гектар жер бүкіл құрылыстарымен лагерьдің қарамағына берілді.

Алайда, бір жылдан кейін 1931 жылғы 19 желтоқсанда басқаша шешім қабылданды. Онда «Қазақ Еңбекпен Түзеу лагерінің» бірінші бөлімшесі - «Гигант» совхозы осы күннен бастап қысқартылған түрде «Карлаг ОГПУ» деп аталатын, Гулагқа тікелей бағынатын «Қарағандының жеке еңбекпен түзеу лагері» қайта құрылатыны, лагерь басқармасы Долинка селосында орналасатыны айтылды. 3

Сөйтіп, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері 1931 жылы 19 желтоқсанда құрылды. Лагерьдің орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка селосы болды, оған 120 мың гектар егістікке жарамды жер, 41 мың гектар шабындық жер бөлініп берілді.

Карлаг территориясы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі 300 километр, шығыстан батысқа дейін 200 километр жерді алып жатты. Карлагқа 120 000 гектар шабындық жерлер мен 41 000 шөптесті жерлер берілді. Оған қоса осы территориядан сыртқары лагерьден 350 километр жерде Ақмола және 650 километр жерде Балқаш бөлімшелері құрылды. 4

Карлагты құрудағы басты мақсаттардың бірі - сол кезде буырқана дами бастаған Орталық Қазақстандағы Қарағанды көмір бассейіне, Жезқазған және Балқаш мыс қорыту комбинаттарынан аса ірі азық-түлік базасын жасау болды. Оған осынау өнеркәсіп салаларын құрып, дамытуға жұмысшы күші де қажет болды.

Карлаг ұланғайыр далада, Орталық Қазақстанның елсіз мекендерінде құрылды деген сөз дұрыс емес. Лагерьде бөлініп берілген бүкіл ұланғайыр аймақта қазақтардың, орыстардың, немістер мен украиндердің елді мекендері болатын. Тарихтан белгілі, қазақтар бұл жерлерді ерте заманнан бері мекендеген, ал орыстар, немістер және украиндер бұл жерге 1906-1910 жылдары қоныс аударған, Ақмола губерниясының 1909 жылғы 10 желтоқсандағы қаулысы бойынша Долинка селосы дербес поселке атағына ие болды. 1911 жылы мұнда 2630 адам тұрған. Бұлар негізінен немістер, орыстар мен украиндар.

Карлаг территориясында 80 мың тұрғыны бар 4 000 қазақ киіз үйлері болған. 1930-1931 жылдары халықты зорлап көшіру басталды. Бұл үшін НКВД-нің әскері пайдаланылды. Немістер, орыстар мен украиндар негізінен Қарағанды облысының Тельман, Осакаров және Нұра аудандарына қоныс аударды. Қазақтардың тағдыры ерекше қайғылы болды: лагерьге берілген жердің солтүстік бөлігіндегі халықтың көпшілігі Қарағандыға, оған таяу жерлерге көшті. Осының бәрі байлар мен кулактарды тәркілеп, олардың мыңдаған малын талан-таражға салумен тұстас келді. Тәркіленген малдың біразы «Гигант» совхозында арнайы ұйымдастырылған «Востокмясо» деген ұйымға берілді. 5

Жергілікті халық көшірілгеннен кейін бос қалған жерлерді тұтқындардың сан мыңдаған топтары мекендеді. Олар лагерьдің бүкіл территориясына орналастырылды: теміржол салынды, өздеріне барактар, мал қоралар, күзеттегі жауынгерлерге казармалар, бастықтарға тұрғын үйлер салды. Құрылысқа көбінесе ескі үйлердің материалдары пайдаланылды. Бейіттердің саман кірпіштерін пайдалануға қатаң тыйым салынды, алайда ол тыйым сақталына бермейтін. Бейіттердің бұзылу фактісі Қарағанды облысының Жаңарқа ауданында кездесті. 6

Карлаг басқармасы тек қана Гулаг-қа және Москваға бағынды. Республикалық және облыстық партия, совет органдары лагерь қызметіне ешқандай ықпал ете алмады. Мұның өз тізгіні Москвадағылардың қолында болған отарлық үлгідегі құрылым еді. Мәнісінде ол мемлекеттің ішіндегі мемлекет болды. Оның өзіндік шынайы үкіметі, қару-жарағы, көлік-құралдары, почтасы мен телеграфы болды.

Карлагтың құрылымы да мейлінше күрделі еді. Оның көптеген бөлімшелері болды: әкімшілік-шаруашылық; есепке алу, бөлу бөлімі; бақылау-жоспарлау бөлімі; мәдени-тәрбие бөлімі; кадрлар, жабдықтау, сауда, жедел-чекистік, қаржы, көлік және саяси бөлімдер. Осы соңғы бөлім ГУЛАГ басқармасына ай сайын 17 түрлі есеп жіберіп отырды.

Карлаг шаруашылығының негізгі бөлігі Қарағанды мен Ақмола облыстарының территориясында жатты. Егер 1931 жылы Карлаг территориясы 53 000 гектар болса, 1941 жылы 1 780 650 гектар болды. Егер 1931 жылы Карлагта 14 бөлімше, 64 учаске болса, 1941 жылы 22 бөлімше, 159 учаске болды. ал 1953 жылы 26 бөлімше, 192 лагерь учаскесі болды. Әрбір бөлімше өз кезегінде бірқатар шаруашылық бөлімшелеріне бөлініп, учаске, нүкте, ферма деп аталынды. Лагерьде 106 мал шаруашылығы фермасы, жеті бақша учаскесі мен он егістік учаскесі болды.

Бөлімшелер мен учаскелердің лагерь орталығынан қашықтығы 5 километрден 650 километрге жететін. Карлаг территориясы 1950 жылы 2 087 646 гектар, яғни 20 876 шаршы километр болды, соның ішінде егістік - 111 886 гектар, шабындық - 337 670 гектар, жайылым - 1 378 999 гектар.

Карлагтағы тұтқындардың жалпы саны әр жылы бойынша төмендегідей болды: 7

Жылдар
Тұтқындар саны
Жылдар: 1931
Тұтқындар саны: 21 329
Жылдар: 1935
Тұтқындар саны: 25 127
Жылдар: 1940
Тұтқындар саны: 34 536
Жылдар: 1942
Тұтқындар саны: 42 586
Жылдар: 1944
Тұтқындар саны: 50 425
Жылдар: 1945
Тұтқындар саны: 53 946
Жылдар: 1947
Тұтқындар саны: 60 745
Жылдар: 1948
Тұтқындар саны: 63 044
Жылдар: 1950
Тұтқындар саны: 66 208

Қайсы бір кездерде тұтқындардың саны 75 мыңға дейін жетті. Бұл адамдар лагерьдегі барлық қиындықтарға төзіп бақты, моральдық және басқа да ауыртпалықтарды көтеріп, адамгершілік қасиеттерін сақтай білді.

  1. Тұтқындарды ұстау тәртібі

Гулаг лагерьлеріндегі тәртіп адамды бүтіндей тұқыртып, қорлауға, азғындатып жіберуге негізделген. Тұтқындарды жігерсіз, мүсәпір құлға айналдырып, олар тек берген көр - жер, тамақты ішіп, көрінген жерге жатып, жұмыс істесе болғаны деген мақсат көзделді. Қарапайым есептің өзінде Карлагта 1 миллионнан астам тұтқындар болса, демек мұның өзі бір мемлекеттің ішіндегі тағы бір құл иеленушілік мемлекет болып табылады.

Лагерьлердегі тұтқындардың адам айтқысыз ауыр тұрмысы туралы бұрынғы тұтқындардың газеттер мен журналдарда жарияланған естеліктерінде жан-жақты айтылған. Ондай деректер Қазақстанның облыстарындағы архивтерінде мол кездеседі. Солардың қатарында 1941 жылғы ақпанда Карлагта өткен тексеру қорытындысының актісінен деректер келтіруге болады. Карлаг басқармасы екінші бөлімнің бастығы Успарк бастаған және құрамына оның ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары Сорокин, әскери күзет штабының бастығы Артемов, құрылыс инженері Пловников енген комиссия Жартас плотинасы құрылысындағы жұмыс барысын тексерген.

Тексеру барысында былай деп атап көрсетілген: «Тұтқындарды күзету жағдайы жақсы, қарулы жауынгерлер жеткілікті. 12 күзетші және иісшіл иттер бар. Күзетшілер казармасы ойдағыдай, тамақ үздіксіз беріледі, отынмен қамтамасыз етілген.

Актінің «Тұтқындардың тұрмыстық жағдайы туралы» деген бөлімінде былай деп жазылған: «Тұтқындар жататын барлық барактарда өте дымқыл, жылу жоқ, жарық жоқ. 2-3 апта бойында отын болмаған жағдайлар кездескен. Адамдар сөрелерде шешінбей жатады, төсек-орын атымен жоқ. Учаскедегі киім кептіретін бөлме тиісінше жарақтандырылмаған, сондықтан да су болған киім-кешек бір күнде кеуіп үлгірмейді. Өзге учаскелерде киім кептіретін бөлме мүлдем жоқ. Кар тоқтату жұмыстарындағы тұтқындар малмандай су болып келеді, алайда ертеңгісінде сол киімдерін қайта киіп кетеді.

Тұтқындар киім-кешекпен 40-50 % қана қамтамасыз етілген, оның өзінде олары өте нашар. Қайсібір кездерде аурулы себепті дәрігердің айтуымен жұмыстан босатылған тұтқынның киімі келесі тұтқынға берілетін болған.

Киім мен аяқ киімнің жоқтығынан тұтқындар жұмысқа шыға алмаған жағдайлар да кездескен. Олар жұмыстан әдейі бас тартқандар қатарына жатқызылып, арнаулы ас-суға отырғызылады да, жаза бөлмесіне жіберіледі. Лагерь бөлімшесінде 45 жаза бөлмесі бар, олардың 41 -і талапқа сай емес болған.

Актіде тұтқындардың тамақтандырылуы туралы былай делінеді:«1941 жылдың бірінші қаңтарынан бастап тұтқындар тамағының нормасы азайтылды. Тамақ сапасы жағынан калорияға сәйкес келмейді. Бұрын 3 мезгіл тамақтандырылса, қазір екі мезгілге түсті. Тамақтың майлылығы 50 пайызға төмендеген.

Калориялы тамақтың жоқтығы, аса ауыр еңбек және ауру-сырқаудың етек алуы тұтқындардың мезгілінен бұрын өлуіне алып соқтырды. 1942 жылдың қазанынан 1943 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта Карлагта этаппен 13 024 тұтқын әкелінсе, солардың 27 пайызы ғана еңбекке жарамды еді. Еңбекке жарамсыз тұтқындарды еңбекке жарамды, дені сау адамдармен бірге ауыр жұмысқа салу барлық лагерьлерде етек алды. Осының салдарынан көптеген тұтқындар мезгілсіз ажал тапқан.

Карлагтағы санитарлық қызметтің түрі мынадай: әрбір науқас адамға 3 шаршы метрден келетін небәрі 3600 төсектік 50 стационар мен жартылай стационар.

Толық емес деректер бойынша 1940 жылдан 1950 жылға дейін Карлагта 40 мыңға жуық адам қайтыс болған. Әсіресе, 1943 жылы ай сайын шамамен мың адам өліп отырған.

Карлагта бар болғаны 575 медицина қызметкері болған, соның ішінде дәрігерлер -193, фельдшер-акушерлер-128, медбикелер- 216, фармацевтер - 35, тіс техниктері - 216.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси қуғын - сүргін құрбандары
Карлаг Басқармасы НКВД лагері
Сарыарқа
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау
Соғыс кезіндегі мәдениет
Қасіретті жылдар. Қазақстан - лагерьлер өлкесі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі туралы ақпарат
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары: ұлттық интеллигенцияның қиын тағдыры
Қазақстандағы лагерлер жүйесімен халық қасіреті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz