Көпжақты дипломатия пәнінен дәрістер



1 тақырып. Кіріспе лекция
2 тақырып. ХҮ111.Х1Х ғғ.көпжақты дипломатияның алғашқы тәжірибелері.
3 тақырып: «Вена жүйесінің» орнауы және «Қасиетті Одақтың» құрылуы
4 тақырып: Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және халықаралық қатынастардағы жаңа жүйенің орнауы.
5 тақырып: Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы көпжақты дипломатия
6 тақырып: Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көпжақты дипломатия
7 тақырып: ХХ ғ. екінші жартысындағы көпжақты дипломатия.
8 тақырып: Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі: бағдарламалары, мамандандырылған мекемелері.
9 тақырып: БҰҰ . ның бітімгерлік қызметі
10 тақырып: Еуропа Одағы тәжірибесі.
11 тақырып: Еуропалық ықпалдастықтың саяси кезеңінің басталуы.
12 тақырып: Халықаралық келіссөздер және көпжақты келісім шарттарға қол қою.
13 тақырып: Халықаралық келіссөздердің түрлері мен формалары
14 тақырып: Халықаралық конференцияларды техникалық ұйымдастыру бойынша дайындау.
16 тақырып: Жаһандық проблемаларды шешудегі көпжақты дипломатияның ролі.
17 тақырып: Халықаралық ұйымдар.
Көпжақты дипломатия - әлемдік тәртіптің құрамдас, айрылмас бір бөлігі болып табылады. Қазіргі кезеңдегі әлемдік жаһандану және ықпалдасу заманында халықаралық сипаттағы әмбебап мәселелерді шешуде көпжақты дипломатияның алатын орны ерекше болмақ. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаһандық ағымдар мен проблемалар. Халықаралық өкіметтік ұйымдарының ролі мен маңызы. Халықаралық өкіметтік емес ұйымдардың халықаралық үрдістенге ықпалы мен беделінің өсуі. Қазіргі кезеңдегі ғаламдық мәселелер және оны шешудегі көпжақты дипломатияның ролі.
Пән бойынша деректер мен әдебиеттерге шолу. Халықаралық конгресстер мен конференциялардың құжаттары мен материалдары көпжақты дипломатияның деректері ретінде. Кәсіби дипломаттардың естеліктері дерек ретінде. Халықаралық конгресстер, конференциялар – көп жақты дипломатияның көрінісі.
Дүниежүзілік баспасөз беттерінде халықаралық конференциялардың дайындық жұмыстарының, ұйымдастырылуының және барысының баяндалуы.
Көпжақты дипломатияның дүниежүзілік тәжірибесі. Көпжақты дипломатия және қазіргі жаңа коммуникациялар мен техникалық мүмкіндіктер.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
2 бөлім. Көпжақты дипломатия дәрістер

ГЛОССАРИЙ
Аймақтық ықпалдасу
Атташе – елшілік қызметкердің қызметі немесе рангі.
Әлемдік тәртіп
Геосаясат – ғылым, кеңістікке бақылау жасау туралы білімдердің
жинағы.Геосаясат кеңістікті саясат (мемлекет) тұрғысынан қарайды. Саяси
географиямен салыстырғанда неғұрлым динамикалы болып келеді.
Декларация – мемлекеттердің біржақты, екіжақты немесе көпжақты түрде өзінің
ішкі және сыртқы саяси ұстанымдарын мәлімдеуі немесе нақты мәселе бойынша
өз позициясын мәлімдеуі.
Дипломат – шетел мемлекеттері өкілдерімен келіссөз жүргізу және қарым-
қатынас жасау үшін тағайындалған өкіметтің өкілетті қызметкері
Дипломатия – халықаралық құқықта рұқсат етілген әдістер мен тәсілдер
негізінде мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыру құралы.
Дипломатиялық рангтер – дипломатиялық қызметкерлерге айрықша еңбегі үшін
берілетін құрметті атақ.
Дипломатиялық хаттама – мемлекеттік мекемелер, дипломаттар және халықаралық
қатынас саласындағы басқа да ресми тұлғалардан талап етілетін жалпыға ортақ
тәртіп пен дәстүрлердің жиынтығы.
Жаһандану – ғаламдану, ауқымдану ( Global - әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) –
жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастықтың
құрылу үрдісі. Терминді ғылыми айналымға енгізген (1983 ж.) американдық
экономист Т.Левиста.
Келіссөздер – өзара мүдделі мәселелер бойынша пікір алмасу, халықаралық
қатынастардағы түрлі салалары бойынша әріптестік орнату, сақтау және
дамыту, тиісті құқықтық құралдар арқылы оларды реттеудің принциптері мен
нақты формаларын анықтау, халықаралық келісімдерді жасау, мемлекетаралық
құрылымдарды тудыру және де даулар мен шиеленістерді, соның ішінде, әскери
сипаттағы, шешу үшін халықаралық құқық субъектілер арасындағы іскери
байланыстардың неғұрлым тиімді формаларының бірі.
Коммюнике – халықаралық келіссөздердің барысы немесе қол жеткен
келісімдердің ресми хабарламасы. Ол қысқаша немесе ауқымды болып келеді.
Консулдық – бір мемлекеттің екінші мемлекет аумағындағы консул басқаратын
сыртқы байланыстар органы.
Көпжақты дипломатия – қандай да бір халықаралық мәселе бойынша бірнеше
мемлекеттердің бірлесе шешім қабылдауы, әрекет етуі. Қазіргі көпжақты
дипломатияның сипаты ұжымдық түрде, бейбіт келісімдер арқылы ортақ шешім
қабылдауға ұмтылыс.
Меморандум – халықаралық мәселенің фактілік жағы толығымен мәлімденген,
талдау жасалынып, мемлекеттердің позициялары негізделген дипломатиялық
құжат.
Пацифизм – (лат. бітімгерлік) Х1Х ғ.соңында жекелеген европалық елдерде
п.б.кейіннен халықаралық дәрежеге жеткен соғысқа қарсы қоғамдық қозғалыс.
Халықаралық жүйе
Халықаралық келіссөздер – өзара мүдделі мәселелер бойынша пікір алмасу,
халықаралық қатынастардағы түрлі салалары бойынша әріптестік орнату, сақтау
және дамыту, тиісті құқықтық құралдар арқылы оларды реттеудің принциптері
мен нақты формаларын анықтау, халықаралық келісімдерді жасау,
мемлекетаралық құрылымдарды тудыру және де даулар мен шиеленістерді, соның
ішінде, әскери сипаттағы, шешу үшін халықаралық құқық субъектілер
арасындағы іскери байланыстардың неғұрлым тиімді формаларының бірі.
Халықаралық қауіпсіздік
Халықаралық тәртіп
Халықаралық қатынастардағы шиеленістер
Ықпалдасу –

1 тақырып. Кіріспе лекция
Лекцияның мақсаты: Студенттерде аталмыш пәнге қатысты түсініктерді
қалыптастыру. Көпжақты дипломатия ұғымының мәнін, маңызын ашып көрсету.
Тақырыптың сұрақтары:
1.Көпжақты дипломатия пәні және оның мазмұны.
2. Жаһандану заманында көпжақты дипломатияның айрықша өзектілігі.

Лекцияның тезистері:
Көпжақты дипломатия - әлемдік тәртіптің құрамдас, айрылмас бір бөлігі болып
табылады. Қазіргі кезеңдегі әлемдік жаһандану және ықпалдасу заманында
халықаралық сипаттағы әмбебап мәселелерді шешуде көпжақты дипломатияның
алатын орны ерекше болмақ. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаһандық
ағымдар мен проблемалар. Халықаралық өкіметтік ұйымдарының ролі мен маңызы.
Халықаралық өкіметтік емес ұйымдардың халықаралық үрдістенге ықпалы мен
беделінің өсуі. Қазіргі кезеңдегі ғаламдық мәселелер және оны шешудегі
көпжақты дипломатияның ролі.
Пән бойынша деректер мен әдебиеттерге шолу. Халықаралық конгресстер
мен конференциялардың құжаттары мен материалдары көпжақты дипломатияның
деректері ретінде. Кәсіби дипломаттардың естеліктері дерек ретінде.
Халықаралық конгресстер, конференциялар – көп жақты дипломатияның көрінісі.
Дүниежүзілік баспасөз беттерінде халықаралық конференциялардың
дайындық жұмыстарының, ұйымдастырылуының және барысының баяндалуы.
Көпжақты дипломатияның дүниежүзілік тәжірибесі. Көпжақты дипломатия
және қазіргі жаңа коммуникациялар мен техникалық мүмкіндіктер.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Көпжақты дипломатия ұғымы.
2. Көпжақты дипломатияның көріністері.
Әдебиеттер: 1-3,10,21.

2 тақырып. ХҮ111-Х1Х ғғ.көпжақты дипломатияның алғашқы тәжірибелері.
Лекцияның мақсаты: Халықаралық қатынастар тарихындағы көпжақты
дипломатияның алғашқы тәжірибелерінен мағлұмат беру.
Тақырыптың сұрақтары:
1.1648 ж. Вестфаль бейбіт шарты және Еуропадағы отызжылдық соғыстың
нәтижелері.
2. Мемлекеттік мүдде, табиғи шекара және саяси тепе-теңдік
принциптері халықаралық қатынастардың ортақ еуропалық принциптері ретінде.

Лекцияның тезистері.
ХҮғ.соңы –ХҮ1 ғ.басындағы Еуропаның негізгі алдыңғы қатарлы
мемлекеттері толық қалыптасып болды.Олардың қатарында: Испания, Португалия,
Франция, Англия, Польша және Қасиетті Рим империясының шегіндегі
Габсбургтардың мұралық жерінен қалыптасқан - Австрия. Сондай – ақ,
Еуропаның саяси картасын Түркия мен Скандинавияның орталықтанған
мемлекеттері Дания, Швеция, Норвегия және тым ұсақ батыс – герман
княздықтары, итальяндық қала – мемлекеттер толықтырды.
ХҮ1 ғ.ең қуатты еуропалық державалар Франция мен Испания болды да,
гегемондық үшін өзара бәсеке жүргізді. Осы ғасырда Англияның отаршылдық
қуатының өсуі байқалды және бұл үрдіс капиталистік қатынастардың п.б.және
даму үрдісіне тұспа – тұс келді.
1572 ж. Нидерландыда испан өктемдігіне қарсы көтеріліс болып, ол
тарихқа Нидерланды буржуазиялық төңкерісі деген атпен енді.
ХҮ11 ғ.жалпыеуропалық сипатта болып, континенттегі күштердің жаңаша
орналасуы мен жаңа тәртіптің қалыптасуына алып келген ірі оқиға –
отызжылдық соғыс (1618-1648) болды. Ол Қасиетті Рим империясы мен
одақтастары, ал екінші жағынан, Франция – Швеция коалициясы одақтастарымен
арасында болды және діни сипатқа ие болды. Ұзаққа созылған және Германияны
күйзелте отыра оның бірігуге деген бар үмітін жоққа шығарған отызжылдық
соғыс 1648 ж. Вестфаль бейбіт шартының қабылдануымен аяқталды.
Вестфаль шарты арқылы, әдетте, дипломатия тарихы еуропалық конгрестер
тарихын бастайды.
Жаңа туындап келе жатқан капиталистік қоғамның идеологиялық негізін
ХҮ1 – ХҮ11 ғғ.саяси ойшылдар жасап шықты. Олар: Италияда – Н.Макиавелли;
Францияда – Ж.Боден; Голландияда – Г.Гроций; Англияда – Т.Гоббс болды және
олардың ілімдері бойынша мемлекет идеясы аса жоғары саналды. Мемлекет
мүддесі ішкі – сыртқы саясаттың негізгі принциптерінің бірі болып
есептелді. Осы кезеңде халықаралық қатынастар тәжірибесінде мемлекеттік
мүдде принципімен қатар жоғары мән берілген жаңа саяси – дипломатиялық,
құқықтық ұғымдар п.б. Оларға: саяси теңдік, мемлекеттің табиғи
шекаралары, соғыс және бейбітшілік мәселелері; теңіздердің еркіндігі;
халықаралық келісімдердің бұлжымастығы жатады.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Отызжылдық соғыс қашан, кімдердің арасында болды?
2. ХҮ1-ХҮ11 ғғ.саяси ойшылдарды атаңыз және олардың теорияларына сипаттама
беріңіз.
Әдебиеттер: 1-3,10, 21.

3 тақырып: Вена жүйесінің орнауы және Қасиетті Одақтың құрылуы
Лекцияның мақсаты: 18ғ.соңы 19 ғ.басындағы Еуропа елдерінің халықаралық
қатынастарының мысалы негізінде көпжақты дипломатияның қалыптасу тарихына
студенттерді қызықтыру.
Тақырыптың сұрақтары:
1. 1814-1815 жж. Вена конгресі.
2.Еуропадағы территориялық қайта бөлініс және дипломатия принциптерінің
қалыптасуы.
3. Қасиетті Одақтың құрылуы.
Лекцияның тезистері:
Наполеонды жеңген соң Түркиядан басқа барлық еуропалық елдердің
өкілдері Еуропада феодалдық тәртіптер мен Наполеон соғыстары барысында
құлап қалған кейбір әулеттерді қалпына келтіру мақсатында Австрия астанасы
Вена қаласына жиналды. Бұнымен қатар, конгресс Францияда бонапарттық
режимді болдырмайтындай және Еуропаны басып алуға ұмтылмайтындай,
кепілдіктер беріп жеңімпаз – державалардың территориялық талаптарын жүзеге
асыруы тиіс болатын.
Конгресс барысындағы әр түрлі державалардың
позициялары.Талейранның дипломатиялық концепциясы және оның легитимизм
принципі. Вена конгресінің шешіміндегі Польшаның тағдыры. Саксон мәселесі.
Кіші мемлекеттер жөніндегі мәселе. Герман одағының ұйымы. Италия мәселесі
және оны шешу механизмі. Вена конгресінің нәтижесі. Қорытынды акт.
Еуропалық картаның территориялық бөлінуі.
Франциямен арадағы ұзаққа созылған соғыстардан екі Ұлы держава
Ресей мен Англия біршама күшейіп шықты. Англия онсыз да ұлан – ғайыр
отарлық иеліктерін одан әрі кеңіте түсті және басты қарсыласы Францияны
ығыстыра отыра толық мағынада теңіз қожасына айналды.Әсіресе, Мальта
аралдарында британ үстемдігінің орнауы айрықша маңызды болды. Ал, патшалық
Ресей болса, бұрынғы Варшава герцогтығы, Финляндия және Бессарабия жерлері
есебінен территориясын барынша ұлғайтып алды.
Негізгі саяси және территориялық мәселелермен қатар, Вена
конгресі бас трактатқа қосымша ретінде қабылданған бірқатар қаулыларды
қабылдады.Солардың ішінде: 1815 ж. 8 ақпанда қол қойылған Негрлермен сауда
жасауды жою туралы державалардың Декларациясы, 1815 ж. 19 мартында қол
қойылған Дипломатиялық өкілдіктердің рангі туралы Ереже маңызды роль
атқарады.
Қасиетті Одақтың құрылуы – еуропалық халықаралық ұйымның
бірінші прототипі.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Вена конгресінің негізгі мәселелері және олардың шешімдерін атаңыз.
2. Европаның жаңаша бөлінуін картадан көрсетіңіз.
3. Қасиетті одақ жайлы не білесіз?
Әдебиеттер: 1-3,7,10,11,13.

4 тақырып: Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және халықаралық
қатынастардағы жаңа жүйенің орнауы.
Лекцияның мақсаты:
Халықаралық қатынастардағы жаңа жүйенің қалыптасу жолдарын аша отырып,
студенттерде салыстыру, талдау жасау дағдыларын дамыту.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуы.
2. Вашингтон конференциясы.
3. Версаль – Вашингтон жүйесінің құрылуы.
Лекцияның тезистері:
Бірінші дүниежүзілік соғыстың (1914-1918) аяқталуы және халықаралық
қатынастардың жаңа жүйесінің қалыптасу процесі.
1916 ж. күзінен бастап Германия соғысты тоқтату жолдарын қарастырып,
Антанта елдерімен келісімге келу амалдарын қарастыра бастады. Бұл арада
орыс – герман бейбіт келісімінің мүмкіндігі туып тұрған – тын. 1916 ж.
желтоқсан айына қарай орыс патшасы соғыстан шығу жоспарын мақұлдады. 1917
ж.басындағы орыс – герман құпия келісімдері жайлы көп айтылып жүр.
Ресейдегі революциялық оқиғалар соғыстың барысына біршама өзгерістер
енгізді. 1916 ж.6 сәуірде АҚШ және Латин Америкасының 14 елі Германияға
қарсы соғыс жариялады. 1917 ж. Қазан төңкерісі жеңіске жеткеннен соң,
кеңестер өкіметі Германия және оның одақтастарымен сепараттық бітім жасауға
ұмтылды. Ал, Антанта елдері сепараттық бітімді болдырмас үшін, соғысты
аяқтаудың өзіндік жолдарын қарастыра бастады. Солардың ішіндегі маңыздысы
АҚШ президенті Вудро Вильсонның бағдарламасы болды. 1918 ж. 8 қаңтарында
ол, бітім шарттары мен соғыстан кейінгі дүниежүзінің орналасуы туралы өз
бағдарламасын конгреске ұсынды. Ол құжат тарихқа 14 пункт атымен енді.
Вильсонның бағдарламасы әлемді демократиялық тұрғыда өзгерту мазмұнында
болды да, бейбіт келісім жасаудың негізі болып табылды.
Версаль бейбіт конференциясы және жаңа дүниежүзілік тәртіптің
орналасуы. Еуропалық және мұхиттың аржағындағы территорияларды бөліске
салу. Еуропада жаңа шекаралардың бекітілуі және даулы территориялық
мәселелерді келіссөздер шеңберінде шешу. Германияның репаация төлеу
мәселесі; конференцияға қатысқан жетекші державалардың арасындағы қарама –
қайшылықтар. Әмбебаптық сипаттағы бірінші халықаралық ұйымның құрылуы.
Ұйымды құру құжаттарының дайындалуы, оның мақсаттары мен міндеттері. Ұлттар
Лигасы шеңберінде шешім қабылдау процедурасы. Континентте тұрақтылық пен
бейбітшілікті сақтау үшін ортақ еуропалық әскери күштерді құру идеясы.
Вашингтон конференциясы және теңіздегі қару –жарақты шектеу мәселесінің
шешілуі.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептерін еске түсіріңіз.
2. Версаль бейбіт келісімінің негізгі қорытындыларын саралаңыз.
Әдебиеттер: 1-3, 7, 10-13.

5 тақырып: Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы көпжақты дипломатия. (2
сағ.)
Лекцияның мақсаты:
Студенттерді жаңа ұғымдармен таныстыра отырып, саралау тұжырым жасау
дағдыларын одан әрі дамыту, картамен жұмыс арқылы кеңістіктік түсініктерін
дамыту.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа мен әлемдегі саяси жағдай.
2. Ұлттар Лигасының ролі мен қызметі.
3. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы көпжақты дипломатия.
Лекцияның тезистері:
Екі д.ж.с. аралығындағы халықаралық қатынастарды шартты түрде екі
кезеңге бөлеміз, олар 20-ншы жж.және 30-ншы жж.-ғы жағдай.
20-ншы жж. Версаль-Вашингтон жүйесі негізінде жеңімпаз мемлекеттер мен
жеңілген жақ арасындағы қарым-қатынастарды реттеу жүзеге асты. Соның
нәтижесінде мемлекетаралық және әлемдік шаруашылық қарым-қатынастарда
біршама тұрақтылық орнады.
1-нші дж.соғыс Европа халықтарының санасында терең сызат қалдырды.
Европа елдеріндегі 20-ншы жж.пацифистік қозғалыстарға тек қана соғысқа, күш
көрсетуге деген жеккөрушілік, орны толмас жоғалтулар ғана емес, сондай-ақ,
Европа үшін 1-нші дж.соғ. әкелген катастрофаны қайтып болдырмауға деген
шешімнің басымдығы да дем беріп отырды. Европада пацифизм дәуірі атанған
20-ншы жж.Европа мемлекеттері мен АҚШ саясаткерлері келісімге келе отырып,
қарама-қайшылықтарды бейбіт түрде шешуге қол жеткізіп отырды.
30-ншы жж. жағдай күрт өзгере бастады: Версаль-Вашингтон жүйесі құлап,
батыс пен Шығыста соғыс ошақтары туындады да жаңа әлемдік соғысқа қарай
жақындай бастады.
Версаль – Вашингтон жүйесі әлсіз болып шықты. Ол бір жағынан жеңімпаз
мемлекеттер арасындағы, екінші жағынан жеңімпаз мемлекеттер мен жеңілгендер
арасындағы қарама- қайшылықтардың әсерінен әлсіреді. 20-ншы жж.ағылшын-
американ және американ- жапон қарама- қайшылықтары белгілі-тін. ХХ
ғ.басында АҚШ Европаға қарыздар болды да соған тәуелді еді. Енді, 20-ншы
жж.аяғында, АҚШ өнеркәсіп өнімдерін Англия, Франция, Германия, Италия және
Жапонияның барлығын қосып алғандағыдан да көп өндірді. АҚШ-на Европа елдері
1-нші дж.соғыс жылдары үлкен қарыздар болып қалған еді. АҚШ шетелдік
капитал шығару бойынша Англияны қуып жетіп (16,5 млрд.доллар), онымен Латин
Америкасынан басқа жақта да бәсекелес бола бастады. АҚШ, Англия және
Жапония арасындағы империалистік бәсекелестіктің бір түйіні Қытай болды.
Бұл державалардың мүдделері суда да, құрғақта да қайшы келіп отырды.
Әскери-күш көрсету тұрғысынан ойлау көп жағдайда капиталистік елдердің
халықаралық аренадағы позициялары мен әрекеттерін анықтап отырды, алайда
Европадағы пацифистік көңіл күй мен соғысқа қарсы қозғалыспен санасуға тура
келгендіктен өзара компромисс іздеуге мәжбүр бы. Осы жағдайды ескере
отырып, 1927 ж.теңіздегі жаппай қарулануды шектеу мақсатында келісім
жасасуға әрекет етілді. Бірақ, Женевада шақырылған конф-я оң нәтиже
бермеді.
Франция Батыс Европадағы ең көп құрғақтағы армияға ие еді.Осыған орай,
өз әскери күшіне сүйене отырып, Европадағы үстем дәрежеге қол жеткізуге
тырысты. 1923 ж.өзінің басымдығын көрсету және Францияға репарациялық көмір
жіберуді бұзған неміс өкіметіне сабақ беру мақсатында француздар
бельгиялықтармен бірге Рур облысына басып кірді. Алайда, француз билеуші
топтарының бұл талаптары оның шын мәніндегі экономикалық және саяси
жағдайына мүлдем сай емес-тін.Герман репарацияларын төлеу және Европаны
экономикалық тұрақтандыру мәселесін шешуді халықаралық капитал, ең алдымен,
АҚШ өз қолына алды.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Екі дүниежүзілік соғыстар аралығындағы халықаралық қатынастарға
сипаттама беріңіз.
2. Версаль Вашингтон жүйесінің құлау себептері неде?
3. Пацифизм сөзінің мәні?
Әдебиеттер: 1-3, 7, 11.

6 тақырып: Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көпжақты дипломатия. (2
сағ.)
Лекцияның мақсаты:
Адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыс барысындағы көпжпқты дипломатияның
даму жолдарын, ондағы қайшылықтар мен жетістіктердің мәнін ашу.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Көпжақты дипломатиның мәселелері мен қайшылықтары.
2. Антигитлерлік Коалицияның құрылуы, қызметі.
3. Тегеран, Ялта, Потсдам конференциялары және соғыстан кейінгі реттеу
бағдарламасы.
Лекцияның тезистері:
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 ж.1 қыркүйекте фашистік Германияның
Польшаға соғыс жарияламастан басып кіруінен басталды. Гитлердің өкінішіне
орай, 3 қыркүйекте Польшаның одақтастары Ұлыбритания мен Франция Германияға
соғыс жариялады. Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.
Бұл уақытта Кеңестер Одағы, 1939 ж.23 қыркүйегіндегі кеңес –герман
келісімдеріндегі құпия хаттамаға орай, Польшаға қарсы шықты. Батыс
Белоруссия мен Батыс Украинаның КСРО құрамына қосылуы. 1939 – 1940 жж.
Кеңес – финн соғысы, оның қорытындысы. Ерекше соғыс және Англия мен
Францияның позициялары. Прибалтика, Бессарабия және Солтүстік Буковинаның
КСРО құрамына енуі. Францияның тізе бүгуі. Германия мен Италияның Англияға
қарсы әскери қимылдары. Қарсыласу қозғалысының тууы. Ұлы Отан соғысының
басталуы және Жапонияның Тынық мұхит пен Шығыс Азия аймағында әскери
қимылға көшуі. АҚШ – ның соғысқа кіруі. Антифашистік коалицияның құрылуы.
Атлант хартиясының құрылуы. Біріккен Ұлттар Декларациясының жариялануы. Ұлы
Отан соғысы барысындағы түбегейлі бетбұрыстың және екінші дүниежүзілік
соғыс барысындағы бетбұрыстардың басталуы. Антифашистік және ұлт –азаттық
қозғалыстарының өрлеуі. Екінші майданның ашылуы. 1943 ж.қараша – желтоқсан
айларындағы КСРО, АҚШ және Ұлыбритания мемлекеттері басшыларының Тегеран
конференциясы және ондағы қарастырылған басты мәселелер. Конференцияның
негізгі шешімдері мен қорытындылары.
Үш держава басшыларының 1945 ж. ақпан айында Қырымда (Ялтада) өткен
конференциясы және ондағы қарастырылған басты мәселелер. Конференцияның
негізгі шешімдері мен қорытындылары.
Германияның тізе бүгуі. Фашизмді талқандау. 1945ж. 17 шілдедегі үш
держава басшылырының (КСРО – И.В.Сталин; АҚШ – Г.Трумэн; Англия –
У.Черчилль, кейіннен оның премьер – министр қызметін ауыстырған К.Эттли)
Потсдам конференциясы. Ондағы орталық мәселе – Германияға қатысты саясат.
Конференция жұмысының басты жетістігі бақылау кезеңінде Германияға қатысты
басшылыққа алатын саяси және экономикалық принциптердің қабылдануы болды:
Германияны демилитаризация, демократизация, денацификация және
декартелизация мәселелері.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Антифашистік коалицияның мәнін түсіндіріңіз.
2. Тегеран, Ялта және Потсдам конференцияларын салыстырып, кесте сызыңыз.
Әдебиеттер: 7, 11, 29.

7 тақырып: ХХ ғ. екінші жартысындағы көпжақты дипломатия.
Лекцияның мақсаты:
Халықаралық қатынастардағы жаңа жүйенің қалыптасу жолдарын аша отырып,
студенттерде салыстыру, талдау жасау дағдыларын дамыту.
Тақырыптың сұрақтары:
1. БҰҰ қазіргі көпжақты дипломатияның тәжірибесі ретінде.
2. БҰҰ –ның құрылуы және оның Жарғысы.
3. Қазіргі әлемдегі БҰҰ-ның ролі.
Лекцияның тезистері:
Соғыстан кейінгі бейбіт реттеулердің айрылмас бөлігі ретінде Біріккен
Ұлттар Ұйымының құрылуын айтуға болады. Халықаралық қауіпсіздік пен
бейбітшілікті сақтау мақсатында жұмыс істейтін ұжымдық ұйым құру қажеттігі
жайлы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ақ айтыла бастаған-тын. 1943 ж.
қазан айында болған КСРО, Ұлыбритания және АҚШ өкіметтерінің Сыртқы Істер
министрлерінің конференциясында Жалпыға ортақ қауіпсіздікті сақтау
мәселесі туралы Декларация қабылданып, онда соғыстан соң жалпыға ортақ
қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау үшін халықаралық ұйым құру қажеттігі
туралы айтылды. 1944 ж. Вашингтон конференциясында Думбартон – Окс жеке
үйінде жоғарыда айтылған үш ел және Қытай мемлекетінің өкілінің қатысуымен
бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін халықаралық ұйым – Біріккен
Ұлттар Ұйымын құру мақсатында негізгі қарарларды қарау үшін ұсыныстар
қабылдады. Ал,1945 ж. 4-11 сәуір аралығында өткен Қырым (Ялта)
конференциясында БҰҰ-ын құрудың негізгі мәселелері талқыланды.
Қырым конференцияларының шешімдеріне сәйкес, 1945 ж. 25 сәуірде Сан-
Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымының Құрылтай конференциясы өтті.
Конференцияға қатысуға Біріккен Ұлттар Декларациясына қол қойған және
Германияға соғыс жариялаған 42 мемлекет шақыру алды. 1945 ж.26 маусымында
конференция Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қабылдады және жұмысын
аяқтады. Конференция БҰҰ – ның бірінші кезектегі міндеті – халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін мәлімдеді.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Соғыстан кейінгі бейбіт реттеулердің мазмұнын ашыңыз.
2. БҰҰ ның құрылу тарихын баяндаңыз.
3. Қазақстан БҰҰ – на қашан мүше болды?
Әдебиеттер: 20,24, 26, 30, 32.

8 тақырып: Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі: бағдарламалары, мамандандырылған
мекемелері.
Лекцияның мақсаты: БҰҰ –ның жарғысы мен құрылымымен таныстыру.
Тақырыптың сұрақтары:
1. БҰҰ –ның басты органдары.
2. Бас Ассамблея және оның органдары жүйесі. Қауіпсіздік Кеңесі, оның
миссиялары және топтары.
3. БҰҰ – ның мамандандырылған мекемелері.
Лекцияның тезистері:
БҰҰ - ның міндеттері, мақсаты, принциптері. БҰҰ – ның қарамағындағы
мүшелер және бақылаушылар.БҰҰ ның құрылысы. Бас Ассамблея. Сессияның
функциясы және өкілеттігі.
Қауіпсіздік Кеңесі: функциясы және өкілеттігі. Қауіпсіздік Кеңесінің
тұрақты мүшелігін кеңейту мәселесі. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес
(ЭКОСОС); функциясы және өкілеттігі.
Көмекші органдар.Өкіметтік емес ұйымдармен қарым – қатынас.
Хаплықаралық сот. Юриспруденция. Мүшелік құрамы. Секретариат. Бас
секретарь. Адам құқығы бойынша Жоғарғы комиссар.
Бас Ассамблеяның сессиялары. Кезекті, арнайы және төтеншеарнайы
сессиялар. Делегациялар. Өкілеттіктер лауазымды тұлғаларды сайлау. Төраға
және төрағаның орынбасары. Дауыс беру. Процедура. Жұмыс тәртібі. Бас
Ассамблея сессияларындағы тұрақты және көмекші органдар. БҰҰ –на кіретін
халықаралық ұйымдар. БҰҰ –ның мамандырылған мекемелері. Дүниежүзілік
метерологиялық ұйым. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы. Дүниежүзілік
интеллектуалдық меншік ұйымы. Дүниежүзілік пошталық одақ. Халықаралық даму
ассоцияциясы. Халықаралық теңіздік ұйым.. Халықаралық азаматтық авиация
ұйымы. Халықаралық еңбек ұйымы.Халықаралық қаржы корпорациясы. Халықаралық
қайта құру және дамыту банкі. Халықаралық валюта қоры. Халықаралық электр
байланыс ошағы.Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры. Білім, ғылым және
мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы. Өнеркәсіпті дамыту жөніндегі
Біріккен Ұлттар Ұйымы. Басқа да өкіметаралық мекемелер. Атомдық энергетика
жөніндегі жалықаралық агенттік.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. БҰҰ – ның Жарғысының мазмұнын түсіндіріңіз.
2. БҰҰ – ның құрылымы.
3. Мамандандырылған органдар деген не?
Әдебиеттер: 20,22,26,30,32.

9 тақырып: БҰҰ – ның бітімгерлік қызметі. (2 сағ.)
Лекцияның мақсаты: БҰҰ –ның бітімгерлік қызметіне тоқтала отырып,
Қауіпсіздік Кеңесінің қызмет ерекшеліктерін таныту.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Келіспеушіліктерді бейбіт шешу және бейбітшілікке қауіп төну, бітімді
бұзу және агрессиялық қимылдар жағдайындағы әрекеттер туралы БҰҰ- ның
Жарғысы.
2.БҰҰ – ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі күштеп көндіру әрекеттерін жүзеге асыру
жолдары туралы келісімдер.
3. БҰҰ – ның бейбітшілікті сақтау жолындағы операциялары, олардың
эволюциясы. Қазір жүзеге асып жатқан бітімгерлік операциялар.
4. БҰҰ – ның Жарғысының бұзылуы.
Лекцияның тезистері:
БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі – бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау.
Көптеген жылдар бойына халықаралық дағдарыстардың алдын алу және ұзаққа
созылған қақтығыстарды шешуде маңызды роль атқарып келеді. Бейбітшілікті
орнату мен сақтау және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі кешенді
операцияларды жүзеге асырды. Сонымен қатар ол, өршіп келе жатқан
қақтығыстардың алдын алу шараларын қолға алды және алып келеді.
Қақтығыссоңынан кейінгі жағдайларда ол зорлықтың түп негізін жою мен
тұрақты бейбітшілік негізін салуға бағытталған ұйымдасқан шараларды жиі
қолға алуда.
Қазақстан 2003 ж. БҰҰ –ның дайындық іс-шаралары жүйесіне үлес қоку
жөніндегі Өзара түсіністік меморандумына қол қойып, қазіргі таңда
бітімгершілік операцияларға Қазбат батальонының адам, бронетехника және
көлік ресурстарын бөлуге дайындығын, әрі БҰҰ – ның бітімгершілік
операциялары үшін сатып алулар жүйесіне неғұрлым белсенді қатысуға ынтасын
білдіреді.

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Бейбіт реттеу дегенді қалай түсінесіз?
2. Оның механизмдерін атаңыз?
Әдебиеттер: 20,24,26,30,32.

10 тақырып: Еуропа Одағы тәжірибесі.
Лекцияның мақсаты: Студенттерді жаңа ұғымдармен таныстыра отырып, саралау
тұжырым жасау дағдыларын одан әрі дамыту, картамен жұмыс арқылы кеңістіктік
түсініктерін дамыту.
Тақырыптың сұрақтары:
1. Еуропалық ықпалдастықтың себептері.
2. Еуропалық Экономикалық Бірлестіктің институтционализация үрдісі.
Лекцияның тезистері:
Шаруашылық өмірдің интернационализациялануы және интеграция – көпжақты
дипломатия жүйесінің пайда болуының алғышарты ретінде. Еуропалық
интеграцияның себептері және Еуропалық Экономикалық Бірлестіктің
институционализациялану үрдісі.
Еуропалық көмір және болат бірлестігі (ЕОУС) – еуропалық интеграция
жолындағы бірінші қадам. 1957 ж. Рим келісім шарты және Еуропалық
Экономикалық Бірлестіктің құрылуы. ЕЭБ –тің негізінде ортақ еуропалық
басқару органдарының құрылуы. Еуропалық парламент функциясы, өкілеттілігі,
қызметі. Еуропалық Сот, оның функциясы, өкілеттілігі, қызметі. ЕЭБ тің
шеңберінде шешім қабылдау механизмі

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Ықпалдастық ұғымының мәнін түсіндіріңіз.
2. Европалық интеграцияның алғашқы қадамдарына мысал келтіріңіз.
Әдебиеттер: 12,21,22.

11 тақырып: Еуропалық ықпалдастықтың саяси кезеңінің басталуы.
Лекцияның мақсаты: Студенттерді жаңа ұғымдармен таныстыра отырып, саралау
тұжырым жасау дағдыларын одан әрі дамыту, картамен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Дипломатия -мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізу тәсілі
Халықаралық құқықтың халықаралық қатынастардағы рөлі
Құқықтағы жеңілдіктер, иммунитеттер және артықшылықтар
Дипломатиялық хат алмасу және дипломатиялық құжаттар
Саяси ғылымда дипломатияны зерттеу
Дипломатиялық қызмет, дипломатиялық курьердің құқықтық мәртебесі
Негізгі мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды дамыту
Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі
Пәндер