Кәсіби қазақ тілі пәндік оқу - әдістемелік нұсқау


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ

пәндік оқу - әдістемелік нұсқау

1-тәжірибелік сабақ

Сурет - ол өте күрделі де, өте қиын еңбек,

Оны тек ішкі сезім арқылы тануға болады.

Ол шынайы сезім, белгісіз құбылыс.

И. Репин

Графика

«Графика» деген сөз гректің «grapho» - «жазамын», «суретке саламын» деген сөзінен шыққан. Ол - сурет салу өнері. Қарындашпен, тушьпен салынған суреттер немесе гравюралар графикаға жатады. Графика өнерінің туындыларын тек көрмелерде ғана емес, күнделікті тұрмыста да жиі ұшырастырамыз.

Бала кезімізден кітапқа, оның ішіне, мұқабасына салынған түрлі - түсті суреттерге сүйсінеміз. Кітаптағы сол суреттердің бәрі кітап графикасы деп аталады. Сонымен қатар қосалқы, қолданбалы графика да болады. Мәселен, біреуді мерекемен құттықтағыңыз келсе, қатырма ашық хат пен оған жапсыратын марка сатып аламыз, ашық хат та, марка да суретшінің қолынан шыққан.

Ал, әлгі әр алуан қораптардың, пакеттер мен шыны сауыттардың сыртындағы алабажақ жапсырынды қағаздарға - жарлықтарға назар аудара да бермейміз. Шынтуайтқа келгенде, олар да суретшілердің туындылары. Міне, осының бәрі қолданбалы графикаға жатады.

Сөздік

Тұрмыс быт

Әр алуан разнообразие

Кітап графикасы книжная графика

Қолданбалы прикладное

Қосалқы запасной, побочный

Қатырма картон

Қоршаған нәрселер окружающие предметы

Ретпен по порядку

Ұғым понятие

Мұқаба обложка

Ашық хат открытка

Туындылар пройзведения

Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:

1) Графика дегеніміз не?

2) Графиканың түрлерін ата.

3) Кітап графикасы дегеніміз не?

4) Графика өнерінің туындыларын ата.

5) Мұқабаға қандай суреттер салынады?

6) Суретшілердің туындыларына нелер жатады?

7) Қолданбалы графикаға нелер жатады?

Назар аударыңыз!

Дыбыс және әріп

Тілдегі дыбыстардың жасалуын, пайда болуын, ол дыбыстардың жүйесі мен заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының саласын фонетика деп атайды.

Дыбыстардың жазбаша таңбасын әріп дейміз.

Әріптердің тізбектелген жиынтығы алфавит деп аталады. Қазақ тілінде 42 әріп бар.

Дыбыстау мүшелері арқылы жасалып, естілетін физикалық құбылысты дыбыс деп атайды.

Дыбыстар дауысты және дауыссыздарға бөлінеді.

Дауысты дыбыстар : а, ә, о, ө, е, ұ, ү, у, і, ы, и, ю, я.

1 Тілдің қатысына қарай
Жуан
а, о, ұ, ы, (у), (и)
Жіңішке
ә, ө, ү, і, е, (и), (у)
1 Тілдің қатысына қарай: 2 Жақтың қатысына қарай
Жуан: Ашық
а, о, ұ, ы, (у), (и): а, ә, о, ө, е
1 Тілдің қатысына қарай: Қысаң
Жуан: ы, і, ұ, ү, у, и
1 Тілдің қатысына қарай: 3 Еріннің қатысына қарай
Жуан: Еріндік
а, о, ұ, ы, (у), (и): о, ө, ұ, ү, у
1 Тілдің қатысына қарай: Езулік
Жуан: а, ә, е, ы, і, и

Дауыссыз дыбыстар : б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, (у), ф, х, ц, ш, щ, ч, һ.

Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай:

Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ш, щ, ч, һ

Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з

Үнді: р, л, м, н, ң, й, у болып бөлінеді.

Тапсырмалар

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.

3. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз, қазақ тіліне тән дыбыстарға назар аударыңыз :

өнер, бояу, мөлдір, құнды, туынды, көрме, хат, тұрмыс, құттықтау, алабажақ, мұқаба.

4. Көп нүктенің орнына «о» немесе «ө» әрпін қойып жазыңыз:

м . . . лдірлік, б . . . яу, к . . . рініп, к . . . п, . . . те, к . . . птеген, . . . нер, к . . . рме, қ . . . салқы, қ . . . лданбалы, б . . . ліну.

5. Берілген сөздерді жуан, жіңішкелігіне қарай топтап жазыңыз:

Атау, шығарма, көрме, керек, жігін, жұмсақ, қолдану, каталог, жазылады, қосалқы, суретшілер, бояу, түс, тұстар, мөлдір, қағаз.

6. Көп нүктенің орнына «қ» немесе «к» әрпін қойып жазыңыз:

гре . . . тің, . . . үнделікті, . . . ітап, . . . осалқы, . . . елсе, . . . олданбалы, мұ . . . аба, . . . өрме, . . . ораптар.

7. Көп нүктенің орнына «н» мен «ң» әрпін қойып көшіріңіз:

іші . . . е, о . . . ың, ә . . . гіме, ө . . . ер, салы. . ған, мәселе . . . , қолы . . . ан, шы . . . ы, туы . . . ды.

8. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз: өнер, суретші, қосалқы.

9. Қазақ тіліне аударыңыз:

Графика - искусство изображения предметов линиями и штрихами одного цвета. Основа графики - линия. пятно, контраст. Графика - вид изобразительного искусства, использующий в качестве основных изобразительных средств линии, штрихи, пятна и точки. При рисовании графикой обычно используют не больше одного цвета, в редких случаях - два.

10. Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз:

- 1980 жылдары танылған график суретшілер кімдер?

- Олар Василий Тимофеев пен Қайырбай Зәкіровтің туындылары. Осы туындылар 1980-1990 жылдары жоғарғы бағаға ие болды. Еңбектері: «Қазақтың белгілі қайраткерлері» атты сериясында Әль-Фараби, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ж. Жабаев портреттерін өте нанымды бейнелеген. Аман Батығалиев, Қадырбек Каметовтардың еңбектері: «Менің өлкем», «Дала әуендері» т. б.

11. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.

2-тәжірибелік сабақ

Әдебиет, музыка, живопись - барлық ұлы да тамаша нәрселерді нақты бейнелейді, ол ата-бабаларымыздың даналық сөздері мен олардың еңбектері - өмірді танудағы нақты, күшті, мықты құрал, күрестің күшті қаруы болып табылады.

Бауыржан Момышұлы

Живопись өнері

Живопись - ең бір ежелгі өнер. Ол көне дәуір мен Қайта өрлеу дәуірінде де Ежелгі Египет пен Грецияда да өмір сүрген.

Живопись шеберлері әр заманда әр түрлі әдіс қолданған. Ол көбіне - көп қандай тәсіл, қандай бояудың пайдалануына тікелей байланысты. Мәселен, Қайта өрлеу дәуірінің шеберлері салған суретте қай бояудың қалай жағылғаны, қыл қаламның кенеп бетіне қалай тигені байқалмайды. Ол үшін олар негізгі бояу кепкеннен кейін үстіне жұқалап, үстеме түссіз бояу жағатын болған. Мұндай әдісті "лессировка" дейді.

Кейін суретшілер қылқаламның ізін жасырмауды әдетке айналдырды. Біреу кенепке бояуды қыл қаламның ұшын тиер- тигізбес қып жұқалап жағады. Екіншілері бояуды баттитып - баттитып батыл жағады да, өзіне керек реңкті бірте - бірте сатылап емес, бірден табады. Мұндай әдіс бейнелеп отырған нәрсенің түрі мен көлемін дәл жеткізуге көп септік жасайды.

Живопись станоктік және монументтік деп екіге бөлінеді. Суретші әдетте суретін, мольберт немесе станок деп аталатын тиянақ тағанға қондырылып, жақтауға керілген кенепке салады. Мұндай шығармалар станоктік живопись деп аталады. Ал «монументтік» деген сөздің өзі - ақ бір ересен үлкендіктің мағынасын береді. Монументтік живопиське үйлердің немесе сыртқы қабырғаларының өзіне салынған шығармалар жатады.

Сөздік

Шеберлер мастера

Әр заманда в разные эпохи

Әдіс способ

Тәсіл метод

Тікелей байланысты непосредственно связано

Қайта өрлеу дәуірі эпоха возраждения

Қыл қалам кисточка

Кенеп холст

Байқалмайды не замечается

Жұқалап тонко

Ізі след

Тиер - тигізбес не значительно

Бірте - бірте постепенно

Бейнелеу изобразить

Тиянақ таған мольберт

Сыртқы қабырғалар наружные стены

Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:

1) Живопись қай дәуірдегі өнер?

2) «Лессировка»-әдісі дегеніміз не?

3) Живопись қандай түрлерге бөлінеді?

4) Станоктік живопись дегеніміз не?

5) Монументтік живопись дегеніміз не?

Назар аударыңыз!

Үндестік заңы

Қазақ тілінде сөздің жасалуы мен өзгеруі үндестік заңына бағынады.

Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың бір - біріне ықпал жасап, өзара үйлесіп айтылуын үндестік заңы дейміз.

Үндестік заңы 2 түрлі болады:

1 ) Буын үндестігі;

2) Дыбыс үндестігі

Сөздің соңғы буынының жуан немесе жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да жуан немесе жіңішке болып жалғану заңдылығын буын үндестігі (сингорманизм ) деп атаймыз. Мысалы: өнер - де, көрме-сі.

Бұл заңдылыққа бағынбайтындар:

а) Көмектес септігінің - мен, - бен, - пен жалғаулары; Мысалы: қыл қалам - мен, реңк- пен.

ә) Меншіктілікті білдіретін - нікі, -дікі, - тікі қосымшалары;

Мысалы; көрме -нікі, маман - дікі.

б) - паз, - қор, - қой, - гөй, - хана, - ист, - изм қосымшалары;

Мысалы: сән - қой, өнер - паз, шебер - хана.

Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі екі сөздің жігінде дауыссыз дыбыстардың бір - біріне әсер ету нәтижесінде өзгеруін дыбыс үндестігі немесе ассимиляция деп атайды.

Дыбыс үндестігінің 2 түрі бар:

Ілгерінді ықпал

Кейінді ықпал

Ілгерінді ықпал

1. Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі сөздер аралығында алғашқы дауыссыз дыбыстың кейінгі дауыссыз дыбысқа әсерін ілгерінді ықпал деп атайды:

2. Қатаң дауыссыздар мен б, в, г, д дыбыстарына аяқталған сөзге қатаң дауыссыздан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: Сурет -тер, кәсіп - кер;

3. Ұяң дауыссызға аяқталған сөзге жалғанатын қосымшаның бастапқы дыбысы ұяң болып келеді. Мысалы: Негіз - дері, күмбез - дер.

4. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді дауыссыз болғанда қосымшаның бастапқы дыбысы ұяң немесе үнді дауыссыз болады. Мысалы: Жұмысшы - лар, жасанды - лар.

5. Түбірдің соңғы дыбысы үнді дауыссыз болса, қосымша үнді немесе ұяң даыссыздан басталады. Мысалы: Қор - дың, материал - дың.

6. Түбірдің соңғы дыбысы ш болып, қосымшаның бастапқы дыбысы с болса, айтылуда с - ш дыбысына айналады . Бірақ жазуда қосымшаның алғашқы түрі сақталады. Мысалы : Аш-са (ашша) .

Кейінді ықпал

Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі сөздер аралығында кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсерін кейінді ықпал дейді.

1. Қ, к, п қатаң дауыссыздарына аяқталған сөзге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, бұл қатаң дауыссыздар ұяңға айналады. Мысалы: Тірек - тірегі, сұйық - сұйығы.

2. Түбірдің соңындағы н дыбысы одан кейінгі б, п дыбыстарының әсерінен айтылуда м дыбысына айналады. Мысалы:

Сәрсенбі - сәрсембі.

Тапсырмалар

1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.

3. Жақшадағы сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемді толықтырыңыз:

а) (Некоторые работы художника ) топтасып, жинақталып, жалпы және арнайыға бөлінеді.

б) (Қыл қалам, жақтау, тиянақ таған) сурет салуға қажетті құралдар.

4. Сөйлемдерді аяқтаңыз, орыс тіліне аударыңыз :

а) Живопись станоктік және монументтік деп . . .

б) Мұндай әдісті . . .

в) Қайта өрлеу дәуірінің . . .

г) Живопись - ең бір . . .

5 . Берілген сөздерге тиісті жалғауларды жалғаңыз:

Сұрақ(і, ы) өнім (дар, дер. ), өмір (ды, ді. ), бұйым (дар, дер. ), сурет (тар, тер. ), көрме (сы, сі. ), бояу (ы і. ), жүрек(і, ы), шебер (лар, лер. ), қонақ (ы, і), кенеп (ы, і. ), кескін (ды, ді. ), кеңістік (та, те. ), әдістер (ды, ді. ), кешен (нан, нен. ), монумент (тық, тік. ) .

6. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Живопись - вид изобразительного искусства, воспроизводящий предметы и явления реального мира с помощью красок. Основа живописи - цвет.

По назначению живопись бывает:

Монументальная живопись - всегда соединена с архитектурой.

Станковая живопись - картины очень многообразные, могут быть написаны маслом, акварелью, гуашью.

7. Сөйлемдерді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Затқа қарап сурет салғанда қағаз бетіне нәрсенің жоғарғы және төменгі шекараларын белгілеп алу керек. Суреттің шекараларын белгілегенде нәрсенің негізгі пропорциялары белгіленеді. Егер осы кезде қателіктер кетіп, ол дер мезгілінде түзелмесе, онда нәрсенің формасы дұрыс шықпайды, сурет мүлдем жарамсыз болуы мүмкін.

8. Көп нүктенің орнына « ы» немесе «і» әрпін қойып жазыңыз:

Көлеңкеге тығ . . . лып,

Көс . . . леді күш . . . гім.

Күн көзіне бұйығ . . . п,

Маужырайды мыс . . . ғым.

(М. Хакимжанов)

9. Эпиграфта берілген Бауыржан Момышұлының сөздерін түсіндіріңіз.

3-тәжірибелік сабақ .

Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек.

Біз баға жетпес білім қорын арттырып,

Оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек.

Н. Ә. Назарбаев

Мүсін өнері

Мүсін - ең ежелгі өнерлердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнерін скульптура дейді. Ол латынның "Sculpere" - қашау деген сөзінен шыққан. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің тілі - бояулар; суретшілер сол арқылы бояу әлемінің сұлулығын ашады.

Мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды, не саздан жасайды. Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған мінез - құлқын, ішкі сырын ашуға тырысады. Оны біз бет - әлпетінен, қимыл - қозғалыстарынан аңғарамыз; тіпті мүсінделген адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін оның жан дүниесінен бір сыр танытып тұрады.

Металдан мүсін жасау үшін оның моделі жасалады, сосын сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнері шығармаларындай мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын станокты және монументтік түрге бөлінеді. Статуя - адам бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін.

Сөздік

Мүсін скульптура

Шебер мастер

Туындылар произведения

Қола бронза

Шойын чугун

Мәрмәр мрамор

Қашау долото

Саз глина

Тас камень

Бояу краска

Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:

  1. Тамаша туындылар кімдердің қолынан шыққан?
  2. Скульптура - қай сөзден шыққан?
  3. Мүсінші өз шығармасын неден жасайды?
  4. Металдан мүсінді қалай жасайды?
  5. Статуя дегеніміз не?
  6. Мүсін туралы не білесің?

Назар аударыңыз!

Қосымшалар

Жеке тұрғанда болмағанмен, түбірге жалғану арқылы сөзге әр

түрлі лексикалық және грамматикалық мағына беретін сөз бөлшегін қосымша деп атайды.

Қосымша екі түрге жіктеледі: жұрнақ және жалғау.

Жұрнақ дегеніміз - өзі жалғанған сөзге лексикалық немесе грамматикалық мағына беретін қосымшалар.

Мысалы: өнім.

Жұрнақтар сөз тудырушы және сөз түрлендіруші болып бөлінеді. Мысалы: құрылысшы, шаруашылық, үйшік, құлыншақ, ағатай.

Сөзге грамматикалық мағына үстейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Қазақ тілінде 4 түрлі жалғау бар:

  1. Септік жалғау
  2. Көптік жалғау
  3. Тәуелдік жалғау
  4. Жіктік жалғау

Тапсырмалар

1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.

3. Төмендегі сөздерден жаңа сөздер жасаңыздар:

өнер, мүсін, дайын, туынды, бөлшектік, монумент, дүние, мәрмәр, сұлу, негіз, өнеркәсіп, азамат, сыйымды.

Керекті жұрнақтар: - дік, -дық, - тік, - тық, -лық, -лік.

4. Берілген сөздерден сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтары бар сөздерді жеке теріп жазыңыздар:

өнерпаз, суретші, кейіпкер, жұлдызша, шығармашылық, қалақша, мүсінші, апай, сәулетші, үйшік, желкенше, күрек, көкетай, сандықша, дағдарыс, қобдиша.

5. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құра:

саз, тас, шойын, мінез-құлық, туынды, бет-әлпет, қимыл-қозғалыс .

6. Қазақ тіліне аударыңыз:

Скульптура - создание объемных изображений из глины, камня, дерева, металла. Отличается трёхмерностью, объемом, пластикой, текучестью формы. Делится на плоскостную и объемную. Главные жанры скульптуры - портрет, исторические, бытовые, символические, аллегорические изображения, анималистический жанр.

7. Есте сақта .

а) «Он саусағынан өнер тамған»- фразеологизмі «Мастер на все руки» немесе «Золотые руки» деген мағынаны білдіреді.

ә) Білімді өлсе,

Қағазда аты қалар.

Ұста өлсе,

Істеген заты қалар.

в) Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

8. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз, қазақ тіліне тән дыбыстарға назар аударыңыз.

қолдану

Суретшілік өнерді меңгеру

Пайдалану

9. Көп нүктенің орнына «қ» немесе «к» әрпін қойып жазыңыз:

Мен живопись жазғанда бейнені бөле . . . - бөле . . . ай . . . ындауға еш . . . ашан асы . . . қан емеспін. Мені ең әуелі қызы . . . тыратын шығарманың жалпы салмағы мен мінезі. Егер осылардың шешімін тапсам, әрі . . . арай нысанның нәзі . . . жерлері мен әрін іздеуге . . . ірісемін. Мен барлы . . . уақытта ешнәрсеге алаңдамай және де еш . . . андай жүйеге то . . . тамай солармен жұмыс істеймін .

(Сергей Калмыков)

4-тәжірибелік сабақ

Егер мақсатың болмаса,

Түк те тындыра алмайсың,

Ал мақсатың мардымсыз болса,

Ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың.

Д. Дидро

Қарындаш

Осы заманғы қарындашты ХҮІІІ ғасырдың аяғында француз оқымыстысы Н. Конте ойлап тапты. Сурет салуға қажетті қарындаштың ұзындығы көбінесе - 18см. болып келеді. Ал, олардың сыртқы түрі әр түрлі болып келуі мүмкін, ол әр суретшінің өз талғамына байланысты. Көп жағдайларда алты қырлы қарындаштар қолдануға қолайлы. Себебі, бұл қарындаштың ұшымен ғана емес, оның қырымен де сурет салауға ыңғайлы. Дөңгелек қарындашқа келетін болсақ, саусақтарда тұрмай жылжи береді.

Қарындаштар қатты, жұмсақ боп екіге бөлінеді. Қатты қарындаштар сызуға пайдаланылады. Олардың сыртынан Т, 2Т, 3Т деген жазуларды көруге болады. "Т" орыстың "твердый" деген сөзін білдіреді, ал 2, 3 деген цифрлар қарындаштың қаншалықты қатты екенін білдіреді. Мәселен "2Т" деген қарындаш жай "Т" - дан қаттырақ, ал - "3Т" әлгі екеуінен де қатты.

Сурет салуға жұмсақ қарындаш қолайлы. Олардың сыртына орыстың "мягкий" деген сөзін білдіретін "М" әрпі жазылады. "М" әрпінің қасындағы цифр неғұрлым көп болған сайын, қарындаш та солғұрлым жұмсақ болады . Суретшілер италия қарындашы деген арнаулы қарындашты пайдаланады. Ол жай қарындаштардан гөрі жуан жұғады, қағаз бетіне жұмсақ қара сызықтар салады.

Сөздік

Оқымыстысы - ученный

Ойлап тапты - придумал

Көруге болады - можно увидеть

Қатты - твердый

Жұмсақ - мягкий

Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:

  1. Қарындашты кім ойлап тапты?
  2. Қарындаштың түрлерін ата.
  3. Жұмсақ түрі қалай белгіленеді?
  4. Суретшілер қандай қарындашты пайдаланады?
  5. Қатты түрі қалай белгіленеді?
  6. Сурет салуға қандай қарындаш қолайлы?
  7. Суретшілер Италия қарындашын неге пайдаланады?

Назар аударыңыз!

Септік жалғаулары

Септіктер
Сұрақтары
Жалғаулары
Мысалы
№: 1
Септіктер: Атау септік
Сұрақтары: Кім ? Не ?
Жалғаулары: -
Мысалы: мүсін
№: 2
Септіктер: Ілік септік
Сұрақтары: Кімнің ? Ненің ?
Жалғаулары:

-ның, -нің, -дың,

-дің, -тың, -тің

Мысалы: мүсіннің
№: 3
Септіктер: Барыс септік
Сұрақтары: Кімге ? Неге ? Қайда ?
Жалғаулары:

- ға, - ге, - қа, - ке,

- на, - не, -а, -е

Мысалы: мүсінге
№: 4
Септіктер: Табыс септік
Сұрақтары: Кімді ? Нені ?
Жалғаулары:

- ды, - ді, - ты,

- ті, -ны, -ні, - н

Мысалы: мүсінді
№: 5
Септіктер: Жатыс септік
Сұрақтары: Кімде ? Неде ? Қайда ?
Жалғаулары:

- да, -де, -та, -те,

- нда, - нде

Мысалы: мүсінде
№: 6
Септіктер: Шығыс септік
Сұрақтары: Кімнен ? Неден ? Қайдан ?
Жалғаулары: - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, -тен
Мысалы: мүсіннен
№: 7
Септіктер: Көмектес септік
Сұрақтары: Кіммен ? Немен ?
Жалғаулары: - мен, - бен, - пен
Мысалы: мүсінмен

Тапсырмалар

1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап даярлаңыз.

3. Көп нүкте орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңыз:

Мен сурет . . . жұмсақ қарындаш . . . салдым.

Бұл қарындаш . . . француз . . . оқымыстысы Н. Конте ойлап тапты.

Мұражай . . . грек шеберлері . . . қолы . . . шыққан тамаша туындылар . . . көрдім. Мүсінші . . . тас . . . , мәрмәр . . . қашаған шығармалары . . . көрдім.

4. Берілген сөздерден септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, құрамына қарай талдаңыз:

суретшілерге, жүйелерден, жұмыстарды, алаңының, қарындаштармен, жобасы, құрылысты, қаржылар, жазуларды, шарттары.

5. Берілген сөздерді септеңіз:

оқымысты, қарындаш, суретші.

6. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:

Рисунки простым карандашом это лучший способ для начала знакомства с основами техники рисования. Картинки, нарисованные карандашом, получаются красивые и естественные. Карандаш хорош тем, что им можно рисовать и в помещении и на природе. Графитный карандаш прост в использовании может быть, поэтому его часто так и называют - простой карандаш. Качество карандашного рисунка зависит не только от твердости карандаша, но и от степени заостренности его грифеля. Следует также учитывать силу нажима на карандаш и, конечно, качество используемой для рисования бумаги.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Білім беру жүйесінің басты міндеттері
Педагогикалық кадрларының жұмысы мен аттестациясы
Жаңа стандарт саласында оқу-тәрбие үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру
Қашықтан технологияларды қолдану арқылы бағалау жүргізу бойынша ұсыныстар
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндеттері
Қазіргі информатика курсы дүние жүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс
Информатиканы продуктивті оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz