Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің пайда болуы мен қалыптасуы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Дүниежүзілік тәжірибе нақты көрсеткендей, нарықтық экономикасы дамыған елдердің өзінде шағын кәсіпкерлік халық шаруашылығының дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын арттыруға едәуір әсерін тигізеді. Жекелеген елдерде шағын кәсіпкерлік субъектілері өздері өндірген тауар және оны сату көлемі, атқарған жұмысы мен көрсеткен қызметі, жұмыспен қамтылған адамдар саны жағынан алдыңғы рольде.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік және отандық тәжірибесін талдай отырып, оның келесі басымдықтарын атауға болады: шаруашылық жүргізудің жергілікті жағдайларына жылдам дағдылану; шағын кәсіпкерлік субъектілері іс-әрекеттерінің тәуелсіздігі; шешімдердің қабылдану мен орындалудағы шұғылдығы мен икемділігі; шығындардың кемдігі, әсіресе басқаруға кететін шығындардың; өз идеяларын, мүмкіншіліктерін іске асыруға жеке тұлға үшін зор мүмкіндіктердің болуы; қаржыға деген сұраныстың төмендігі және жергілікті рыноктардың талаптарына сәйкес өнімге және өндіріске тез арада өзгеріс енгізу; өзіндік қаржының жылдам айналымдылығы және т. б. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жергілікті рыноктың сұранысын жақсырақ біледі, көп жағдайда нақты бір тұтынушылардың тапсырысымен тауарлар өндіреді, ірі кәсіпорындарға қарағанда көптеген адамдарға қажетті қаражаттар бере отырып, кәсіби жұмысшылар даярлауға және тәжірибелік білімдерді таратуға септігін тигізеді. Жекелеген елдерде шағын және орта кәсіпорындар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда сан жағынан да, сондай-ақ тауар өндірудегі, жұмыс атқарудағы, қызмет көрсетудегі үлес салмағы жағынан да басым орынға ие. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікке кейбір кемшіліктер де тән, олардың арасында ең елеулілерін атап өту қажет: ықтимал тәуекелдің көптігі, соның салдарынан рыноктағы жағдайдың тұрақсыздығы дәрежесінің жоғары болуы; ірі компанияларға тәуелділігі; жұмысты басқарудағы кемшіліктері; басшылардың жетік біле бермеуі; шаруашылық жүргізу шарттарының өзгеруіне жоғары сезімталдығы; қосымша қаржыларды тартудағы және несиелерді алудағы қиындықтар; шаруашылық жүргізуші әріптестердің келісімдерді (шарттарды) түзгендегі сенімсіздігі және сақтығы және т. б.

Шағын және орта бизнесті нығайту мақсатында Елбасы 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа бағыттарын белгілеп отыр, олар - шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірлей жаңа идеологиясын құру және кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызу, мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беруі; қаржылық супермаркет құру; банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыру. [1]

Конституциялық ережеге сай: “Әрбір тұлға кәсіпкерлік қызметпен еркін айналысуға, жеке мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік іс үшін пайдалануға құқылы”. Сондықтан мемлекет кәсіпкерлік ісімен еркін айналысуға кепілдік береді және оны қорғап, қолдап отырады.

Кіші бизнес - бұл меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүмкіндіктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылық және басқа да қызмет болып табылады.

Кәсіпкер, жеке тұлға - ол өндірістік шаруашылық, көтерме сауда, инновация, кеңестер беру, коммерциялық делдалдар, бағалы қағаз операциялары және тағы да басқа заңмен тыйым салынбаған кез-келген қызмет түрлерімен айналысуға құқылы.

Қәзір республика көлемінде кәсіпкерлікті, кіші және орта бизнесті дамыту, оны көтермелеу мақсатымен арнайы заң қабылданып, оны өндірістің қай саласында, одан тыс саласында қолдап, дамытып қорғауға жол ашылып отыр.

Кіші және орта бизнес экономиканың дамуына ықпал жасайды, нарықты тауарлармен, қызметтермен толтырады және бюджетті ұлғайтады, тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасында тауар шығарған кездегі бәсекелестікті күшейтеді, қосымша жұмыс орындарының пайда болуына ықпалын тигізеді. Ірі фирмаларда көптеген зор матералдық, қаржылық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар, олар жоғары дәрежедегі ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістік техникалық жаңа әдісін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта бизнестің істері орын алуда. Олар әсіресе күрделі қаражатты және қызметтер кооперативін көп қажет етпейтін жұмыс саласында пайда болады. Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе, ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында пайда болады. Шағын фирмаларды ірі фирмалармен салыстырғанда, экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттің сұранысына икемділігі шағын мөлшерде өндіруі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге себебін тигізеді, ол бәсекелік ортаны өркендетеді, қосымша жұмыс уақыты пайда болады.

Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы - бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды. Сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке “ісін” ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.

Сонымен, экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар “жанама” өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси- экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады.

Біріншіден, нарықты қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады.

Екішіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді.

Үшіншіден, шағын кәсіпорындар ролінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.

I ʸñiïêåðëiê ïåí øà¹ûí áèçíåñòi» дамуының ¹ûëûìè òåîðèÿëûº íåãiçдері.

1. 1 ʸñiïêåðëiê- ýêîíîìèêàëûº äàìóäû» íåãiçãi áà¹ûòû

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың “өз ісіне” деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.

Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйыдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай 2 жағдайға: біріншіден, комерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық тантуға, ҒТП-ке жетуге тікелей қатысты. [3]

Экономикасы нарықтық бағыттағы Қазақстан үшін кәсіпкерліктің даму мәселесі-өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі - кәсіпкерлік орта. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегінде көптеген мәселенің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп жазылған : “Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар”.

Жалпы өркениетті елдің қай-қайсысын алсақ та, өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерлік осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функцияларды оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және оны реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.

Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми-техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік берді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді. Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп белсенді роль атқарады.

Кәсіпкерлер саны артып, олар өндіретін тауарлар түрі өскен сайын халық сұранымы да барынша қанағаттандырылып, бюджетке салық төлеушілер қатарының көбейе түсетіні мәлім. Ал мұның өзі қазір бір күн сайын газет беттерінен оқып та, теледидар, радиодан естіп те келе жатқан жалақы мен зейнетақының уақытылы төленіп отыруына да себебін тигізетіні сөзсіз.

Еңбекке деген қабілетін адам екі жолмен пайдалана алады:

-не кәсіпкер ретінде

-не басқа кәсіпкерге жалдамалы жұмыскер ретінде.

Нарықтық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлік-бұл өнім өндіру, белгілі бір жұмыстарды, қызметтерді орындауға байланысты ерекше әрекет. Оның негізгі белгілері:

-шаруашылық әрекетінің бостандығы (өндіріс құралдарын пайдалануды, өндіріс түрлері мен тәсілдерін таңдауды) ;

-осы экономикалық әрекетке, оның нәтижесіне, сондай-ақ оған байланысты пайда болатын қателерге жеке басымен толық жауап беру;

-коммерциялық табыс пайда түсіруге бағытталады.

Нағыз кәсіпкерлік-бұл ерекше қасиет және ерекше іскерлік этикасы мен өмір сүру және моральдық эстетикалық құндылықтың ерекше жүйесі. (И. Шумпетер) . Кәсіпкер мынандай ерекше белгілерімен ерекшеленіп тұрады:

-еңбек сүйгіште, аса үлкен рухани күш, ынталылық, жаңашылдық, шығармашылдық;

-іскерлік қабілет, тәуекелшілдік және өз бизнесін ұлғайтуға ұмтылушылық;

-адамдармен араласа алу қасиеті;

-жауапкершілік адалдық, заң мен салт-дәстүрді сыйлау, басқа адамдардың топтары мен қарым-қатынастары.

Сонымен қатар, кәсіпкердің ең ерекше қасиеті-ұйымдастырушылық қасиеті. Жалпы алғанда кәсіпкер кәсіпорынның әрекетін бағыттайтын және көптеген жағдайда осы әрекетті басқарушы кәсіпорынның негізгі қолдаушысы және ұйымдастырушысы болып табылады. Ол еңбек құралдарының иесі де болуы мүмкін, сондай-ақ өз иелігіне жатпайтын мүлікті жалға алу арқылы пайдалануы да мүмкін. [3]

Кәсіпкердің қызметін бағалай отырып, А. Смитт “Өзінің жеке мүдделерін көздей отырып, ол қоғам саналы түрде қызмет еткісі келгенінен де артық еңбек сіңірді”, - деп атап көрсетті.

Кәсіпкерлік белсенділік субъектінің негізі - кәсіпкерлік функцияны атқарушы, яғни кәсіпкерлердің өзі. Кәсіпкерлік процесті қозғаушы субъект. Кәсіпкер кәсіпкерлік процесті мүмкін болатындай етуші байланыстар орнатып, олардың ортасында орналасады. Бірақта кәсіпкер бұл процестің жалғыз субъектісі емес, кәсіпкерлік функцияны атқара отырып, идеяны іске асруға тартылатын капитал иесімен және идеяны тиімді іске асыру процесін басқаруға қажет маман-менеджерлермен байланыс орнатады. Кез-келген жағдайда кәсіпкер өндірістік процестің мүмкін не мүмкін еместігі және оның жалғасуы, соған байланысты тұтынушымен әрекеттесуі керек.

Тұтынушы кәсіпкер тарапынан негізгі серіктес ролінде қарастырылады. Тұтынушыға көңіл қою, оның мүддесі үшін жұмыс істеу-кәсіпкерге қойылатын маңызды талап. Бірақ та одан маңыздырағы, ол - тұтынушы әрқашанда кәсіпкерлік процестің субъектісі, оның қатысуынсыз мұндай процес мүмкін емес. Кәсіпкердің серіктестерінің басқа категорияларымен жағдайы дәл осылай анықталады-кәсіпкер кооперациялық байланысқа түсуге мәжбүр болған тұлғалар, яғни өндірістік процесті ұйымдастыруға қажеттінің барлығын жеткізушілермен (шикізат, босалқы, жабдықтар, электр энергиясы және т. б. ) . Осы секілді серіктестермен байланыс орнатпаса, өндірістік процессті ұйымдастыру идеясы “ауада қалықтап”, оны іске асыру мүмкін болмайды. Бұдан кейін жеткізіп беруші кәсіпкерлік процестің міндетті түрдегі қатысушы субъектісі ролінде болады.

Кәсіпкердің өзіндік ұйымдастыру принципінің мәні, тұтынушылар және жеткізуші серіктестермен қажетті байланыстарды орната алуда.

Осындай байланыстарды орната алмау, не орнатуды қаламау адамға кәсіпкер болуға жол бермейді, ол талант. Осындай әрекеттерге табиғи бейімділік кәсіпкерлік процесті жоғары тиімділікпен ұйымдастыруға алып келеді. [4]

Бірақ та кәсіпкерлік процес әрқашанда қандай да бір нақты өндірістік процеске негізделе бермейді. Егерде мұндай процесті іске асыруға өз күші жетпесе, онда жалдамалы жұмысшылар тартылады, олар негізінде кәсіпкердің пікірлестері болуға тиіс. Ал егер бұлай болса, онда оларда кәсіпкерлік процестің субъектілері болады. Сонымен бірге кәсіпкер өзінің басқа да ұйымдастырып отырған процестің субъектілері секілді ұлттық құрылым ішінде жұмыс істеп отырған және мемлекет барлық субъектілерге өз әсерін тигізетінін түсінеді. Кәсіпкер алдында пайда болатын әртүрлі жағдайларды мемлекет қолданып отырған шараларға қөмекші не қарсылас ролінде болуы мүмкін. Кәсіпкер бұл жағдайды ескермеуге болмайды, сондықтан да мемлекетте ұйымдастырылып отырған процестің толыққанды және құқылы субъектісі ретінде қабылдайды.

Тұтынушылармен байланыс орнату бұл жерде тек бір нәрсені көздейді--өндіріліп отырған тауарға олардың көңілін аудару осындай тауарды сатып алу шешімін ерікті түрде қабылдайтындай әсер ету.

Кәсіпкерлік процестің субъектілерінің құрылымы түгелімен төмендегі суретте көрсетілгендей болады.

Кәсіпкерлік процестің субъектілерінің құрылымы.

Кәсіпкерлік процес өзінің айналасына әр субъектінің эгоистік және экономикалық мүдделерімен санасатын, араларында мақсатты байланыстары бар салыстырмалы жабық түрдегі субъектілер тобын құру ретінде мінезделеді.

Кәсіпкерліктің теориясы мен практикасын үйрену барысында кәсіпкерлік белсенділік объектісі категориясы үлкен маңызға ие. Себебі дәл осы объектімен кәсіпкерлік идея байланыста жиі болады (бірақта ол өндірістік процесті ұйымдастырумен немесе басқарумен, жаңа рынотарын дәстүрлі емес әдістермен, өткізу іздеумен және т. б. байланыста болуы мүмкін) .

Кәсіпкерлік объектісі - сатып алу, қолдану және тұтыну нарығында ұсынылатын біреудің бір нәрсеге қажеттілігін қанағаттандыратын тауар, өнім, қызмет, баға көлемі, сыртқы және т. б. көрініс секілді көрсеткіштермен мінезделетін ерекшеленген біріңғай тауарлы бірлік, кәсіпкердің өз әрекетіне маманданған қатынасы ең алдымен тауарлық сапасына, тұтынушылық қасиетіне, баға, сырты көрініс, орамы, буып түюі және т. б. одан соң барып тауарлы бірліктер санына көңіл қоюды талап етеді. [3]

Кәсіпкерлік процестің барлық субъектілерінің арасындағы қатынастар тауарлы мінезде, бірақта эгоистік экономикалық мүдде ақшалай формада көрініс табатындықтан (арзанырақ алып, қымбатырақ сату), субъектілер арасындағы қатынастар да тауарлы ақшалай қатынас мінездемесінде болады.

Кәсіпкерлік қызметтің мақсаты - ол сұранысы және кәсіпкерге табыс әкелетін тауарды өндіріп, нарыққа ұсыну. Кәсіпкердің тауарды өндіріп, нарыққа ұсыну шешімін іске асыру барысындағы шығындардың артуы.

Шығындар - кәсіпкердің осындай тауарды өндіруіне жұмсаған шығыстары (негізінде ақша формалары) .

Табыс - кәсіпкердің кассасына белгілі бір тауарлар, қызметтер, мүліктер, басқа тұлғаға беру үшін келіп түсетін төлемдер. Табысты белгілі мерзімге келіп түсетін және болашақта қайтарылуы тиіс қарызға алынған қаражаттардан ажыратып алу қажет.

Мысалы, сіздің банктағы шотыңызға А тұлғасына жеткізілген тауарларға төлем ретінде 300 мың теңге түсті, оларды өндіру сізге 200 мың теңгеге түсіп еді. Бұл жерде сіздің табысыңыз 300 мың теңге, ал пайдаңыз 200 мың теңге. (300мың теңге-200мың теңге) . [4]

Пайда табу тек кәсіпкерлік емес. Сондықтан да кәсіпкер пайдасы немесе кәсіпкер табысы секілді экономикалық категорияның ерекшелігіне көңіл бөлу маңызды. Кәсіпкер табыс мағынасында басқарудан, өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдіс тәсілдерін енгізуінен түсетін қосымша табысты кәсіпкер өзінің табиғи дарынына не сараптау және өндіріс факторларын сыртқы орта шарттарына тәуелсіз комбинациялау жасай алатындығына байланысты алатын артықшылықты айтамыз.

Басқаша айтсақ кәсіпкер пайдасы 2 элементтен құралады:

-іскер адамның үйреншікті пайдасы;

-іскер адамның үйреншікті пайдасынан артушылық.

Екінші элемент - кәсіпкер табысы өндіріске жаңалық енгізу, инновация үшін қоғамдық сый-ақы формасы.

Сіздің кәсіпорныңыздың пайдасы айына - 1 млн. теңге деңгейінде тұрақты тұр еді делік. Сіз айталық, өндірістік процестің ұйымдастыру жүйесін өзгерттіңіз. Соның нәтижесінде өндіріс тиімділігі мен пайда айына 1, 5 млн. теңге құрады. Бұл жағдайда 500 мың теңге - сіздің кәсіпкерлік табысыңыз (пайда) .

Кәсіпкердің пайдасы неғұрлым жоғарылаған сайын, соғұрлым тұтынушылар саны жоғары, кәсіпкерлік өндіріс, салық төлеу, өндірісті ұлғайтады, жұмыскерге жұмыс орны кеңейеді, тауарлар саны өседі, еңбекке қабілетсіздерге әлеуметтік көмек көрсетеді, қоғамда келісімдер үрдісі кеңейеді.

Кәсіпкерлік - бұл тауарды жеткізу және алыс, жақын перспективадағы нарықтың зерттелуі деңгейінің көрсеткіші. Тауарды жеткізу басталғанға дейін нарықтың жеткізуге реакциясын анықтау қиын. Кәсіпкер бұл мағынада өз қауіп - қатері мен қарқынына әрекет етеді, себебі ол мәңгілік экономикалық теориядағы келіп тіркелген сұрақтарға жауап беру керек. Олар:

-не өндіру керек;

-қалай өндіру керек;

-кім үшін өндіру керек.

Бұл сұрақтарға жауапты кәсіпкер абстрактілі деңгейде береді, яғни кәсіпкер болашақ тұтынушыны жалпы анықтайды. “Менің тұтынушыларым 3-8 жас аралығындағы қыздары бар ата-аналар болады”, - деп жорамалдайды, мысалы үшін балалар ойыншықтарын өндіруші, болашақ тұтынушының бұдан да нақтырақ мінездемесін кәсіпкер бере алмайды, оның керегі де жоқ, себебі мұндай ариентация жеткіліксіз. Тұтынушының нақты мінездемесін тікелей жеткізіп беру кезінде және тауарды өндіруге алғашқы тапсырыстарды орындау кезінен анықталады.

Кәсіпкер әдетте өз әрекетін үш бағытта таратады:

Бірінші бағыты - өндірісті басқару (өндіріс процестерін, еңбек коллективін, кәсіпкер құрылымдарын) . Кәсіпкер әрекетінің бұл бағыты менеджмент концепциясы түрінде ғылымда жеке даму алды.

Кәсіпкер менеджменттің негізгі концепциясын игеріп, менеджер болуға тиіс. Әрине орын алған кәсіпкер құрылымдарды бастан маманданған кәсіпкер белсенділікпен менеджер жұмысын бірге алып жүреді.

Өндірісті басқаруды кәсіпкер ешқашанда басқа кәсіпкерлік әрекет бағыттарынан бөлек жүргізе алмайды, ал өндірісті өндіріс үшін емес тұтыну үшін ұйымдастырады.

Осы себептен оның әрекетінің екінші бағыты - нарықты зерттеу. Нарықта болып жатқан процестерді талдауынсыз тиімді кәсіпкерлік іс-әрекет болуы мүмкін емес.

Нарықта кәсіпкерлікті өнім тауары айналысында орын алып жатқан жағдай қызықтырады.

Кәсіпкер әсіресе өз іс-әрекетінің барысында маркетинг жөнінде маман болуы тиіс. Кейінірек маркетинг мәліметтері мен қорытындыларын алу үшін сол адамдарға жүгінеді. Бірақ кез-келген жағдайда оның маркетинг негіздерінен хабары болуы керек.

Кәсіпкер өз көңілін бөлетін үшінші бағыт - серіктестік байланыстар (орын алған не жоспарланып отырған) .

Сонымен бірге серіктестік байланыстар эффективті, эффективтірек және ескі күтіліп отырғандағымен салыстырғанда эффективтігі төменірек ескілерінен бас тарту, жаңаларды іздеуге көңіл бөледі. [3]

Кәсіпкерлік әрекеттің негізгі бағыттары толығымен орын алады.

Кәсіпкерлік әрекеттің бағыты .

Сонымен, кәсіпкерлік - тауарларды өндірумен нарыққа жеткізу кәсіпкерлік табыс (пайда) алуға бағытталған экономикалық (шаруашылық) жүйесінде байланысты қауіп-қатермен және инновациялық тұрғыдан келуге негізделген іскерлік формасы.

1. 2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің

пайда болуы мен қалыптасуы.

Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.

Кіші бизнес кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге, ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен түсіндіруге болады: кіші бизнес өзінің мәнін жете түсіну негізінде(әрбір азаматтың өзінің материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) оның одан әрі дамыту формасы арқылы жалпы жағдайларды тудырады.

Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы ролі аса үлкен. Біздің республикамызда кіші бизнестің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетті.

Кіші бизнестің экономикада алатын ролінің маңыздылығы-бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің дамуымен кіші бизнес жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматттар арасында жаппай өзінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдейе түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өзінің жеке “ісін” ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ шағын кәсіпорынның дамуына қажеттілігін тудырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметі жайлы
Кәсіпкерлік экономикалық категория ретінде
Шағын және орта бизнес дамуы
Қазақстан Республикасында кәсIпкерлIк қызметтIң дамуы және оны мемлекеттIк реттеу
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы туралы ақпарат
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz