Кереғар ағымдардан сақтаныңыз!

КЕРЕҒАР АҒЫМДАРДАН САҚТАНЫҢЫЗ!
Қазақстан аумағында қызметтері арнайы сот шешімдерімен заңсыз деп танылған
діни ұйымдардың тізімі
1. Орталық Азияның моджахедтері
2. Шығыс Түркістан ислам партиясы
3. Өзбекстанның Ислам қозғалысы
4. Күрд халықтық конгресі
5. АУМ Синрике ұйымы
6. Әлеуметтік реформалар қоғамы ұйымы
7. Лашкар-и Тайба ұйымы
8. Аль Каида ұйымы
9. Асбат - аль- Ансар ұйымы
10. Талибан қозғалысы
11. Хизб-ут-Тахрир діни –саяси партиясы
12. Мұсылман бауырлар ұйымы
13. Боз гурд ұйымы
14. Шығыс Түркістан азат ету ұйымы
15. Алля – аят ұйымы
1. Орталық Азияның моджахедтері
Орталық Азия моджахедтерінің ұйымы алғаш 2001 жылдың соңы мен 2002 жылдың
басында құрылған. Осыған дейін ұйым мүшелері Өзбекстан ислам қозғалысында
болғанмен, оның жетекшісі Т.Юлдашевпен орын алған келіспеушіліктен кейін
аталмыш қозғалыстың құрамынан шығып, Аль Каида ұйымына кіреді. Ұйым
мүшелері өздерінің басшыларынан бастап Усама Бен Ладеннің жеке өзіне
адалдықтары жөнінде ант береді.
Моджахедтердің басшысы Өзбекстан азаматы Н.Жалолов (Усмон) болды.
Кейбір деректерге қарағанда ол қазіргі таңда Пәкстанның Пешавар қаласында
жасырынып жүр.
Ұйымның негізгі мақсаты:
- террористік актілер жасау арқылы Өзбекстан Республикасындағы
конституциялық құрылысты өзгерту;
- АҚШ, Ұлыбритания, Израиль елдерінің өкілдіктеріне террористік актілер
жасау; т.б.
2. Шығыс Түркістанның ислам партиясы
Шығыс Түркістанның ислам партиясы (ары қарай ШТИП) дербес ұйым ретінде
алғаш 1998 жылы Қытайдағы сепаратистер көсемдерінің бірі Айса Мақсұмның
жетекшілігімен құрылған.
ШТИП 1990 жылдардың соңына қарай Талибан және Әл Каида
қозғалыстарымен тығыз байланыс орнатудың арқасында арнайы лагерьлер құрып,
Қытай билігімен күрес жүргізу үшін Ауғанстан және Пәкстан елдерінің
аумақтарында өздерінің жан-жақты дайындықтан өткен 700-ге тарта адамын
орналастырады. Ал өз кезегінде ресми Исламабад бұларға кедергі жасамайды.
Пәкстанның аумағында ұйғыр радикалды күштерінің орналасуының нәтижесінде
1999 жылы елдің жаңа басшылығы билікті қолға алғаннан кейін бұл ұйымның
Талибанмен қатынастары ары қарай дами түседі. Ауғанстанда орналасқан
содырлар өздеріне деген талибандардың жылы қарым-қатынасына ие болды.
Есесіне бұлар Ахмад шах Масудтың басқаруындағы Солтүстік Альянс
коалициялық күшіне қарсы қатысатын болып келіседі.
3. Өзбекстанның Ислам қозғалысы
Өзбекстанның ислам қозғалысы (ӨЙҚ) ұйымы алғаш 1997 жылы құрылған.
Ұйымының басшысы (Амир-аль-муминун) Т.Юлдашев. Қозғалыстың рухани көсемі
1952 жылы туылған Мұхаммад Садық Мұхаммад Юсуф болды. Ол Триполи
қаласындағы (Ливия) бүкіләлемдік ислам университетінің проректоры, Орталық
Азия мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфтиі болып қызмет
атқарды.
Қозғалыстың дала командирлерінің бірі әрі басшысы 1969 жылы туылған
Ходжиев Жұмабай Ахмаджанұлы (Жұма Намангани деген атпен белгілі) болды. Ол
Өзбекстан Республикасы, Наманган облысының тұрғыны, ұлты өзбек. Кейінірек
Ауғанстандағы антитеррорлық іс-әрекет кезінде қаза болады.
Алғашқы кезде қозғалыс өкілдігі Пәкстанның Пешавар қаласына орналасты,
кейін Кабул және Кундуз қалаларына көшіріледі. Ұйым қатарында 2001 жылдары
шамамен екі мыңға жуық сарбаз болған. Қозғалыстың мақсаттары:
- Өзбекстандағы қоғамдық қатынастарды барынша исламдандыру;
- қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыру;
- Өзбекстанға жиһад жариялау – кәпірлер режимі мен қоғамына қарсы
соғысу;
- қазіргі режимді жою және саяси билікті алу; т.б.
4. Күрд халықтық конгресі
Күрд халықтық конгресі ұйымының көшбасшысы - Абдулла Оджалан. Ол 1978
жылы құрылған Күрдістан жұмысшы партиясының жетекшісі болды. Түркиялық сот
органдарының қаулысымен өмірлікке бас бостандығынан айырылған, қазіргі
кезде Түркия абақтыларының бірінде жазасын өтеп жатқан А.Оджалан кедей
шаруа отбасында дүниеге келген. Түркияның Санлиурф провинциясында тұрған.
1974 жылы белгісіз себептермен Анкара университетіндегі оқуын тастап
кетеді. Кейіннен Түркиядағы күрді сепаратистерінің біріне айналады. 1980
жылы Түркияда орын алған төңкеріске дейін-ақ ол, саяси көзқарастарына
байланысты Сирияға бой тасалауға мәжбүр болады. Маркстік-лениндік
көзқарастарды берік ұстанатын А.Оджалан Күрдістан жұмысшы партиясының
идеологиясын тарату бойынша қарулы күрес жүргізудің нағыз жақтаушысы болды.
Ұйымның мақсаты мен міндеттері:
- күрді азаттық қозғалысына халықаралық дәрежеде сипат беру және күрд
проблемасына әлемдік қауымдастықтың назарын аудару;
- барлық күрд қоғамдық ұйымдарын өз партиясының аясына біріктіру;
- Түркияға қарсы террористік акцияларды жүзеге асыру; т.б.
Күрдістан жұмысшы партиясы соңғы 25 жылдың көлемінде жақсы қаруланған
және жоғары дәрежеде қаржыланған әскер құрады. 1984 жылы ұйым Түркия
шекарасында күрділердің этникалық автономиясын құру бойынша қарулы күреске
дайын тұрды. Олар 1990 жылдары өз қатарларын 15000-нан аса сарбазбен
толықтырады.
5. АУМ Синрике ұйымы
Ұйым мүшелері өздерін будда қауымдастығы деп атайды. Ұйымның басшысы және
негізін қалаушы – Секо Асахара (шын есімі – Тидзуо Мацумото). 1986 жылы
ұйым өзіне діни реңк береді. Осы жылы Асахара Гималайда соңғы құтқарылуға
қол жеткізіп, оның ұйымы 1987 жылғы шілде айынан бастап, АУМ Синрике
(АУМ шындығы жөніндегі жол) атауын иеленеді. АУМ дегеніміз буддалық
және индуистік мантрлардың бірі.
Барлық адамзатты құтқару идеясын ұстанушы бұл ұйымның қызметі 3
принципке негізделген:
1) адамдарды аурудан арылту;
2) бақытқа осы өмірде қол жеткізу;
3) бостандыққа және жақсылыққа қол жеткізу.
Эксперттер АУМ Синрикені белгілі жанжалшыл халықаралық діни ұйымға,
тоталитарлық сектаға жатқызады.
Бұлар өз қатарларын толықтыру үшін шығыстық жекпе-жек өнері мен йоганы да
пайдаланады. 1994 жылы шілде айында аталмыш ұйым уландыру заттарын
қолданып, террористік акт жасау арқылы 7 адамның ажалына себепкер болады.
Ал 1995 жылы 20 наурызда Токио қаласындағы метрополитенде террористік акт
ұйымдастырып, нәтижесінде 5,5 мың адам зардап шегіп, 11 адам қаза табады.
Түрлі қылмыстық істердің ұйымдастырылуы, оның ішінде адам өлтіру мен
ұрлау фактілері бойынша 1996 жылы ұйымның 400-ден аса мүшелері тұтқындалып,
оларға әртүрлі жазалар белгіленген.
6. Әлеуметтік реформалар қоғамы ұйымы
Ұйым өткен ғасырдың 70 жылдары құрылып, штаб-квартирасы Кувейтте
орналасқан. Үкіметтік емес қайырымдылық ұйым статусы бар. Әлеуметтік
реформалар қоғамы 40 жыл шамасында қайырымдылық акцияларын көп
мемлекеттерде жүргізеді: Индонезия, Бангладеш, Үндістан, Пәкстан, Қытай,
ТМД елдері және т.б. Олар қаржыларының көбін негізінен өз жақтастарына
бөліп отырды. Сонымен бірге өздерінің мүдделестерін жергілікті билік
органдарына кіргізу әрекеттерін де жасауға әрекет етті. Ұйымның тарапынан
өзге елдерді қоспағанда ТМД мемлекеттерінің әскери-географиялық, әлеуметтік-
саяси, экономикалық жағдайларын зерттеп, оларға арнайы экспансиялық
жоспарлар құру үшін де қаржы жұмсалып отырды.
Ұйымның қызметі әлемнің 50 мемлекетінде жүргізілді. Ұйымның ТМД-дағы
Бас үйлестірушісі иорданиялық Әли Салах Әли Зайтер болды. Ол сондай-ақ,
Қазақстанда аумақтық ортаазиялық филиалдың жұмысын да ұйымдастырды.
7. Лашкар-и Тайба ұйымы
Лашкар-и Тайба (мағынасы таза әскер) уаһабшылдық бағыттағы пәкстандық
әскериленген экстремистік топ болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz