Қайта құру кезеңіндегі Республиканың қоғамдық-саяси өмірі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

2. Қаз АКСР-нің құрылуы

Казревкомның басты мақсаты өлкенi автономияға әзiрлеу едi. Сөйтiп, 1920 жылы 26-тамызда РКФСР Халық комиссарлар кеңесiнiң төрағасы В. И. Ленин және БОАК төрағасы Н. И. Калинин “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестiк Социалистiк Республикасын құру туралы” декретке қол қойды. Сөйтiп, РКФСР құрамында Қазақ АКСР-i құрылды. Оның астанасы Орынборда болды. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда Қазақстан Кеңестерiнiң Құрылтай Кеңесi өттi. Съезд ҚАКСР-нiң орталық мемлекеттiк органдарын Қазақ Орталық атқару комитетiн құрып, оның төрағасы етiп С. Меңдешовты, ал, Қазақ Халық Комиссарлар кеңесiнiң төрағасы етiп Р. Радусь-Зенковичтi бекiттi. Республика территориясы 5 миллионнан астам жұртшылығы бар 2 млн. шаршы км-ге жуық территорияны алып жатты. Құрылтай съезi “Қазақ АКСР-нде Кеңес өкiметiн ұйымдастыру туралы” қаулы қабылдады және “ҚАКСР-дiң еңбекшiлерi құқығының декларациясын” қабылдады. Бұл конституциялық қуаты әрi мәнi бар декларация Қазақ автономиясының мемлекеттiк құрылымын, территориясын, сайлау жүйесiн тағы да басқа жақтарын анықтаған құжат болды. Кейiн аталған декларация 1926 жылы қабылданған ҚАКСР-дiң тұңғыш Конституциясының жобасына кiрдi. Жалпы, Қазақстандағы жоғарғы өкiмет билiгi кеңестердiң бүкiлқазақтық съезi болып танылды. Осы съезде Қазақ Орталық Атқару Комитетi сайланды. Ол 75-ке дейiн мүшеден тұрып, 25 мүшелiкке кандидаттан құралды. Қазақ Атқару Орталық Комитетi бүкiлқазақтық съездi жылына бiр рет шақырылды және ол аталған съезд аралығында жоғарғы билiк органы болып есептелiндi. Төтенше немесе кезектен тыс бүкiлқазақтық съездi ол өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1 бiлдiретiн жергiлiктi кеңестердiң талабымен шақыра алатын едi. Бүкiлқазақтық съезд мемлекеттегi барлық билiкке басшылық жасап, Қазақ Орталық Атқару Комитетiн сайлады, әрi өкiметтiң есебiн тыңдап заңдар қабылдады. Бүкiлқазақтық съездiң делегаттары уездерден жiберiлiп, съездер аралығында жоғарғы заң шығарушы, өкiмшi және бақылаушы съезд сайлаған Қазақ Атқару комитетiнiң қолында болды. ҚазОАК-нiң құрамын бүк-нiң құрамын бүк белгiледi. Ол ҚазОАК өкiметi Халық комиссарлар кеңесiн құрып, өкiметтiң жұмысына жалпы бағыт-бағдар берумен бiрге барлық өкiмет билiк органдарының жұмысын басқарды. Сондай-ақ, оларды бiрiктiрдi, өзара келiстiрдi және бақылады. ҚазОАК Халық комиссарлар кеңесiмен бiрiге отырып республикадағы әртүрлi салаларды басқаратын халық комиссарларын құрды. Халық комиссарлар кеңесi - ҚАКСР-дың өкiметi және өзiне берiлген құқық шеңберiнде ҚазОАК-тiң заң шығарушы, атқарушы және өкiмшi органы болды.

Жалпы, Халық комиссариаттары жеке дара және бiрiккен болып екiге бөлiндi. Бiрiккен халық комиссариаттарға РКФСР-дiң халық комиссариаттарына тiкелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттары, сондай-ақ ҚазОАК пен Қазақхалық комиссарлар кеңесiне де бағынды. Бiрақ РКФСР басшылығымен келiсiп отырды. Бiрiккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестiң 1920 жылғы 26 тамыздағы декретi бойынша мыналар жатты: азық-түлiк, қаржы, жұмысшы-шаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесi, почта және телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия.

Жалпы, Қазақстандағы кеңестiк социалистiк жүйе Кеңестiк Ресейдегi жүйенiң құрамдас бөлiгi ретiнде жасалып, ол Ресейдiң Орталық мемлекеттiк органдарының басшылығымен түзелiп отырды. Соның бiр дәлелi ретiнде аталып өтiлетiн жай, ол 1926 жылғы 18 ақпанда ҚАКСР ОАК-тi ҚАКСР-нiң Конституциясының жобасын қабылдауы болды. Конституцияның алғашқы жобасы 1920 жылғы Қазақ Автономия Кеңестерiнiң құрылтай съезiнде көтерiлiп, ол БОАК-нiң бекiтуiне тапсырылған болатын. Бiрақ, оны ол қарамай қойды. Конституция жобасы 7 бөлiм, 18 тарау, 103 баптан тұрады. Жобаның 1-бөлiмiне жоғарыдағы айтып өткен 1920 жылғы бүкiлқазақтық Құрылтай съезiнде қабылданған «ҚАКСР-ның еңбекшiлерi құқығының Декларациясы енген болатын. Декларацияда Қазақ автономиясының РКФСР құрамындағы мәртебесi көрсетiлiп, оның басқару органдары жергiлiктi совдептер, ҚазОАК және халық комиссарлар кеңесi екенi аталып өтiлдi. Жалпы, Қазақстан жерiнде РКФСР заңдарының жүзеге асатыны да баса көрсетiлген болатын. Мемлекеттiк тiл қазақ және орыс тiлдерi болып табылды және осы екi тiлде бүкiл заң актiлерi жарияланып, онда шiркеудiң мемлекеттен, мектептiң шiркеуден бөлiнгенi көрсетiлдi. Жобаның екiншi бөлiмiнде көрсетiлген өтпелi кезеңнiң негiзгi мiндетi ретiнде қалалар мен селолардағы пролетариаттың кедей және шаруалардың кеңес өкiметi түрiндегi диктатурасын орнатып, жалпы ұлттық езгiнi жою жарияланды. Жобаның үшiншi бөлiмi қазақ автономиясының территориясына арналып, оған кiретiн губерниялар мен облыстар көрсетiлдi. Қазақ автономиясының конституция жобасы БОАК тарапынан бекiтiлмегендiктен Қазақстан территориясында РКСФР конституциясы қолданылды.

Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

КСРО

Кеңес Одағы Коммунистік ПартиясыКОКП - бұрынғы КСРО-дағы билеуші саяси партия. 1898 - 1918 жылы Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы [[[РСДЖП, 1917 жылы көктемнен РСДЖ(б) П] ] ], 1918 - 25 жылыРесей Коммунистік (большевиктер) партиясы[РК(б) П], 1925 - 52 ж. Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы [БК(б) П], 1952 - 91 жылы Кеңес Одағы Коммунистік партиясы (КОКП) деп аталды. Партияның теориялық негізі -марксшіл-лениншілілім болып саналды, түпкі мақсаты -коммунизмқұруболып белгіленді, әр тарихи кезеңдегі міндеттерді айқындайтын бағдарламалары болды, ұйымдық құрылымы жарғысында көрініс тапты. Жоғ. органы - партия съездері болды, съездердеОрталық Комитеті(ОК - ЦК) Орталық тексеру комиссиясы (ОТК - ЦРК) сайланған. КОКП ОК-ті өз пленумдары аралығында партия жұмысына басшылық жасау үшін КОКП ОК-ініңСаяси бюросын(1919 жылдан бастап, ал 1952 - 66 ж. ол КОКП ОК-ніңТөралқасыболып аталды), кадрларды іріктеп, жұмыстардың атқарылуын , ОК-тің Бас (бірінші) хатшысын сайлап отырды. Партияның негізі - бастауыш ұйымдар болды, олар зауыт, фабрика, ұжымшар, кеңшар, т. б. кемі үш партия мүшесі бар кәсіпорындарда, мекемелерде, оқу орындарында, армияда ұйымдастырылды. КОКП лениншіл коммунистік жастар одағыжұмыс істеді (қ. Комсомол) . 1880 - 90 жылы Ресейде өнеркәсіп жедел дамып, жұмысшылардың белсенділігі күшейді. Жұмысшы қозғалысына басшылық ету үшін 1883 жылыЖеневадатұңғыш орыс марксшілдері ұйымы“Еңбекті азат ету”тобы [негізінГ. В. Плеханов(1856 - 1918) қалаған] құрылды (қ. Маркс К. ) . Осы ұйымның ықпалымен Ресейдің өз ішінде де көптеген марксшіл үйірмелер пайда болды. 1898 ж. 50-ден астам қалаларда марксшіл үйірмелер мен ұйымдар жұмыс істеді. Олар 1898 ж. 1 - 3 (13 - 15) наурызда МинскідеСанкт-Петербургтік“Күрес одағы”ұйымының (жетекшілеріВ. И. Ленин, Л. Марков, т. б. ) ұйымдастыруымен өз съезін өткізді. Съезд бүкілресейлік біріккен марксшіл жұмысшы партиясының құрылғанын жариялап, оны “Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы” (РСДЖП) деп атау туралы шешім қабылдады. Съезден кейінРесейдегібұрынғы марксшіл ұйымдар РСДЖП комитеттері болып атала бастады. Бірақ партия іс жүзінде әлі құрылған жоқ болатын. Оның жарғысы, бағдарламасы, күрес тактикасы болмады, партия бір орталықтан басқарылмады. Осы мәселелер РСДЖП-нің 2-съезінде [1903, 17 (30) шілде - 10 (23) тамыз) Брюссель - Лондон] қатты талқыланды. большевиктер, Марковты (1873 - 1923) жақтаушылар меньшевиктер болып аталды. 1905 - 07 ж. Ресейдебірінші орыс революциясыболып өтті. Осыған байланысты РСД(б) ЖП-нің 3-съезінде [1905, 12 (25) сәуір - 27 сәуір (10 мамыр] партияның күрес тактикасы белгіленді. Ресейде 50-ден астам большевиктік ұйымдар құрылып, ірі-ірі қалалардаЖұмысшы депутаттары кеңесіпайда болды. Большевиктер 1905 ж. Мәскеуде, т. б. ірі қалаларда өткен желтоқсан қарулы көтерілісіне қатынасты. Партияның 4-съезі [1906, 10 (23) - 25 сәуір (8 мамыр) Стокгольм] мен 5-съезі [1907, 30 сәуір (13 маусым) - 13 мамыр (1 маусым), Лондон] бірігу съездері болды. Онда большевиктер мен меньшевиктер уақытша бірікті. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 - 18) Батыс Еуропа жұмысшы партияларының көпшілігі өз үкіметтерін қолдап шықты. Марксшіл партиялардың халықар. қауымдастығы -ІІ-Интернационалтарап кетті. 1917 жылы РесейдеАқпан революциясыболып, елде қосарланған билік жүйесі (Уақытша үкімет пен Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің билігі -“қос өкімет”) орнады. Ленин, т. б. партия көсемдері эмиграциядан, айдаудан қайтып, саяси өмірге араласты. РСД(б) ЖП-ның 6-съезі [1917, 26 шілде (8 тамыз) - 3(16) тамыз, Санкт-Петербург] Ленин нұсқауларын басшылыққа ала отырып, өкімет билігін қарулы көтеріліс арқылы тартып алу туралы шешім қабылдады. Көтеріліс 1917 ж. 25 қазанда (8 қараша) ел астанасы Санкт-Петербургте (қ. Кеңес өкіметі), 2 (15) қарашада Мәскеуде жеңіп шықты. Енді РСД(б) ЖП оппозициядағы партиядан жетекші партияға айналды (қ. Қазан төңкерісі) . РСД(б) ЖП-ның 7-съезінде (1918, 6 - 8 наурыз, Санкт-Петербург) партияның атауы өзгеріп, Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясы [РК(б) П] болып аталды. Коммунистік партия жұмысшылар мен шаруаларды Кеңестік республиканы қорғауға шақырды. РК(б) П-ның 8-съезі (1919, 18 - 23 наурыз, Мәскеу) мен 9-съезінде (1920, 29 наурыз - 5 сәуір) Қызыл Армияны нығайту, контрреволюциямен шетелдік басқыншыларды талқандау негізгі мақсат етіп қойылды.

Партия билеті КСРО, 1989

Комсомолбилеті, 1983

Азамат соғысындажеңіске жеткеннен кейін бір ғана саяси партия - РК(б) П билігіндегі Кеңес өкіметінің алдында тұрған негізгі міндет ашаршылықпен күрес, экономиканы қалпына келтіру мәселелері болды. Сондықтан партияның 10-съезі (1921, 8 - 16 наурыз) “соғыс коммунизмі” саясатынанжаңа экономикалық саясатқакөшу жөнінде шешім қабылдады. Съезде ұлт мәселесі, кәсіподақтар жөнінде қызу пікірталастар жүріп, лениндік тұжырымдама қабылданды. Жікшілдікке жол бермеу үшін“Партияның бірлігі туралы”қарар да қабылданды. 11-съезде (1922, 27 наурыз - 2 сәуір) жаңа экон. саясаттың бір жылдық қорытындысы шығарылды. Елдің одан әрі саяси, экон., мәдени дамуы үшін кеңестік республикалардың ерікті одағын құру қажеттілігі айтылды. “Автономияландыру”, яғни барлық кеңестік республикалардың Ресей құрамындағы автон. аймақтар болуы қажеттігі идеясы қатты сынға ұшырады. Съезден кейін өткен РК(б) П ОК-і пленумында ОК Бас хатшысы болыпИ. В. Сталинсайланды. Осы жылдың қазан - желтоқсан айларында өткенУкраина, Белоруссия, Әзербайжан, Армения, Грузия -ға бірігуді мақұлдады (қ. Кеңес Одағы) . РК(б) П-ның 12-съезі (1923, 17 - 25 сәуір) өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету, партияның және кеңестердің басқару жүйелерін жетілдіру мәселелерін қарады. Осы жылы партия ішінде қызу күрес басталды. Сондықтан фракциялар мен топтар еркіндігін талап еткен ОК пленумы троцкийшіл, “децистер”, “солшыл коммунистер”, “жұмысшы оппозициясы”, т. б. топтардымарксшіл-лениншілидеялардан шегіну, ұсақ буржуазиялық адасу деп мәлімдеді. 1924 ж. 21 қаңтарда партия көсемі Ленин қайтыс болды. РК(б) П ОК-і жедел пленум өткізіп, партияға лениндік шақыру жариялады. Жедел түрде 240 мыңнан аса жұмысшылар мен шаруалар партия қатарына алынды. Ленин ауырып жатқан кезде және ол қайтыс болғаннан кейін партияның ОК-і мүшелері арасында билікке таласушылар арасында қызу пікірталастар жүріп жатты. Ол пікірталастар 14-съезде (1925, 18 - 31 желтоқсан) айқын байқалды. ОндаСталинтобы жеңіске жетіп, Л. Троцкийтобы мен “жаңа оппозиция” (Каменев - Зиновьев) тобы талқандалды. Съезде партияның жаңа жарғысы қабылданып, РК(б) П - Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы [БК(б) П] болып аталды. БК(б) П-ның 15-съезінде (1927, 2 - 19 желтоқсан) ел экономикасын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспарын жасау жөнінде нұсқау қабылданды. 1929 - 32 жылдарға арналған бірінші бесжылдық жоспар БК(б) П-ның 16-конференциясында(23 - 29 сәуір, 1929) бекітілді. СъездеТроцкий-Зиновьевтобы лениншіл бағыттан қол үзді деп есептелініп, ол топтың көптеген мүшелері партиядан шығарылды (қ. Бесжылдықтар) . БК(б) П-ның 16-съезі (1930, 26 маусым - 13 шілде) Кеңес Одағының көптеген аймақтарында болып жатқан жаппай ашаршылықтарға қарамастан өнеркәсіп пен а. ш-нда үлкен жетістіктерге қол жеткіздік деп атап көрсетті. 17-съезде (1934, 26 қаңтар - 10 ақпан) бірінші бесжылдықтың қорытындысы шығарылып, екінші бесжылдық жоспары бекітілді. Осы съезде Сталин Бас хатшылыққа сайланарда көпшілік дауыс ала алмай, делегаттарпартияның Ленинград (қазіргіСанкт-Петербург) губерниялықжәне қалалық комитетінің, БК(б) П-ның Солт. -Бат. бюросының 1-хатшысы, ОК Саяси бюросының мүшесіС. М. Кировты(1886 - 1934) жақтап дауыс берді. Бірақ дауыстарды санаушы комиссия сайлауды Сталиннің пайдасына бұрып жіберді. Көп ұзамай Киров белгісіз жағдайда кісі қолынан қазаға ұшырады (1934) . Осыдан кейін Кеңес Одағында жаппай саяси қуғын-сүргін өршіп, артыншаҰлы отан соғысы(1941 - 45) басталды да, партия съезі шақырылмай қалды. Қазақстанда 1921 жылы маусымда болған партия конференциясы жергілікті большевиктік ұйымдарды РК(б) П құрамында болатын біртұтас Қазақ обл. партия ұйымына біріктірді, партияның облыс комитетін сайлады. 1925 жылы 19 ақпанда БК(б) П ОК шешімімен облыстық ұйым - өлкелік ұйым, обком- өлкелік комитет болып қайта құрылды. 1937 жылы сәуірде өлкелік ұйым Қазақстан К(б) П-на, өлкеком - Қазақстан К(б) П Орталық Комитетіне айналдырылды (қ. Қазақстан Коммунистік партиясы) . Елде Сталиннің тоталитарлық режимі орнықты. Соғыс жылдарында партия қатары нығайтылып, 5319297 адам кандидаттыққа, 3615451 адам мүшелікке өтті. 1952 ж. 4 - 19 қазанда өткен 19-съезде партияның атауы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы (КОКП) болып өзгертілді. 1953 ж. 5 наурызда Сталин қайтыс болды. КОКП-ның 20-съезінде (1959, 14 - 25 ақпан) Сталиннің жеке басына табыну дәстүрі жан-жақты талқыланып, қатал айыпталды. Бірақ елде демократияның дамытылуы шектеліп, партияның кезектен тыс шақырылған 21-съезі (1959, 22 қаңтар - 5 ақпан) елде социализм толық және түпкілікті орнады деген қорытынды шығарды. Кеңес халқы жаңа коммунистік қоғамға аяқ басты деп есептелінді. КОКП-ның 22-съезінде (1961, 17 - 31 қазан) елде кемелденген социализм орнады деген қорытынды жасалды, партияның үшінші бағдарламасы қабылданды. Онда елде коммунизм орнату үшін үш негізгі міндетті ( базасын жасау; жаңа адамды тәрбиелеу; коммунистік қоғамдық қатынастарды жетілдіру) шешу мәселесі күн тәртібіне қойылды. ПартияныН. С. Хрущевбасқарған кезде (1953 - 64) елде саяси әулекілік етек алды, шаруашылықты өркендетуде көптеген кемшіліктер жіберілді, партияның обл. ұйымдары салалық партия ұйымдарына ажыратылды. Сондықтан 1964 ж. өткен қазан пленумында Хрущев орнынан алынып, орнынаЛ. И. Брежневсайланды. КОКП-ның 23 - 27-съездері әр 5 жыл сайын өткізіліп тұрды. Оларда, негізінен, өткен бесжылдықтар қорытындылары шығарылып, жаңа бесжылдық жоспарлары бекітіліп отырды. Елде 20 ғ-дың 50-жылдарының орта тұсында орнаған кейбір демокр. өзгерістер шектеліп, партия өз ішінде тоқырауға ұшырай бастады. КСРО-да көппартиялықтың болмауы, КОКП-ның жеке билігі елде тоталитарлық жүйе қалыптастырды. Ел экономикасы тоқырауға ұшырап, кері кете бастады. Партия аппараты мен үкіметте реформа жүргізуге тырысушылар ревизионистер ретінде қудалауға ұшырады. Брежнев қайтыс болып, партия басшылығына 1982 ж. қарашадаЮ. М. Андропов(1914 - 1984), 1984 ж. наурызда ол қайтыс болған соңК. У. Черненко(1911 - 1985), ол да 1985 жылы наурызда қайтыс болғаннан кейінМ. С. Горбачевсайланды (қ. Горбачев М. С. ) . 1985 жылы сәуір пленумынан басталған елдегі өзгерістер КОКП мүшелеріне де қатты әсер етті. Көптеген КОКП мүшелері партия ішінде реформалар жүргізуді талап етті. Халық арасында компартияның жетекшілік рөліне қарсы қозғалыстар күшейіп кетті. Одақтас жылдан бастап, КОКП-дан бөлініп шығуды қолға алды. Осыған байланысты партия басшылығындағы кертартпа күштер 1991 ж. Мәскеуде тамыз бүлігін ұйымдастырды. Бүлік басылғаннан кейін көп ұзамай Ресей ПрезидентіБ. Ельцинөзінің жарлығымен КОКП-ға тыйым салды. КОКП биліктен кеткеннен кейін көп ұзамай 1991 ж. 8 желтоқсанда Кеңес Одағы тарап кетті. Қазіргі кезде Ресейде бірнеше партия өздерін КОКП-ның мұрагерлеріміз деп есептейді. [1]

Пайдаланылған әдебиет:

ЖОСПАРКІРІСПЕНЕГІЗГІ БӨЛІМ"Қайта құру" кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер1986 жылғы Алматыдағы 17-18 желтоқсан оқиғасыЖазықсыз жапа шеккен ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕКөне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. "Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, " - дейді Қазыбек би. Бұл даналық нақылдардан "ешкімге соқтықпай жай жатқан елдің" ежелден құт-береке тілеп, бейбітшілік аңсаған ел екенін көреміз. Бірақ, "Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды". Жақсысын асырып, жаманын жасырып өктемдеу - тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол - тұтас құбылыс. Халқымыз өзінің қалыптасу жолында талай қилы-қилы белдерді асып, тар жол, тайғақтарды кешті. Сонау сақтардың әйел патшасы Томиристен соңғы хан Кенесарыға дейін, Мұстафа Шоқай мен Әлихан Бөкейхановтардан Қайрат, Ләззаттарға дейін қанша рет дала қанға бөкті, жылғалар қан боп ақты, қанша рет ұлан-ғайыр дала азаттықты аңсаған алты алаштың ақсақ та айбынды ұранына куә боп, қанша рет "елім-ай" деп, шер төккен халықтың мұңы мен зарына ортақ болды. "Біз - қазақ, ежелден азаттық аңсаған" демекші, бірде қайғылы, шерлі, бірде азат, айбынды, рухты тарихымыздағы әрбір оқиға, әрбір қанды шайқас - азатыққа жасалған бір қадам. Орыс империясының екі басты самұрығы біздің даламызға екі жүзбен келіп қонды. Бірі жан-жағына білім шашып, нұрын төксе, бір басы жан-жағына от бүркіп, жалмады. Адам өміріндегі ең ыстық, ең жақын нәрсе - Отан, төрт ана. Осы дәуірде, әсіресе қызыл империяның қол астындағы жетпіс жылда, Отан өгей анаға айналып, тұтас бір халық, тамырынан айырылып, қаңғырып, жоғалып кете жаздады. Ресей бізді, тіпті, қарусыз-ақ жер бетінен өшіруге айналды. "Жаулаған елің өзіңе бағынсын десең - оның тілі мен дініне қол сұқпа", - деген екен Шыңғыс хан. Төрт анасынан түбірімен айырылған қазақта енді мәңгүрт, "қазақ емес" ұрпақ пайда бола бастады. Бірақ, бұл кезде де халқымыздың ауырын көтерер Қайрат, Ләззат сынды азаматтар табылды. "Өжет адам өлімді жеңеді. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің". Қазақ жастары жылдар өте өзінің өжеттілігімен, қайтпас қайсар рухымен дегеніне жетті. Ғасырлар бойы қазақ даласында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас - тәуелсіздікке жасалған бір қадам. Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір "соқтықпалы" соқпақтағы ең соңғы ірі адым болды. "Мың өліп мың тірілген", енді тәуелсіз қазақ өзінің алғашқы демін желтоқсан ызғырығымен алды. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті. Қазір Желтоқсан оқиғасына себеп болған нендей жағдай еді деген сұраққа жауап жиі ізделінуде. Меніңше КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының сол кездегі Қазақстан басшысын ауыстыру туралы ұйғарымынан туған наразылық мәселенің бір жағы ғана. Елдегі шетін жағдайлар оған дейін де қордаланып қалған еді. Өйткені, республикамыздың егемендігі ол кезде тек сөз жүзінде ғана болды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ"Қайта құру" кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның тәуелсіздік алуы және оның хылықаралық маңызы
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
Жұмыстың хронологиялық шегі
Тәуелсіздік қарсаңындағы Қазақстан
Өзбекстан халық ағарту комиссары
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы
Қазақстанның сауда экономикалық байланыстары
Әлеуметтік экономикалық дамудағы дағдарыстар
Қазақстан Ұлы Отан соғысының бастапқы кезінде
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz