Валюталық операциялар түрлері туралы



Жоспары
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
1.2 Валюталық шоттарды ашу тәртібі
1.3 Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі
2. Халықаралық банктік есеп айырысу нысандары
2.1 Банктің валюта.айырбас операцияларының есебі
2.2
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Валютаны айырбастау операциялары ежелде «ауыстыру ісі нысанында» ерте заманда және орта ғасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық XIX ғасырда қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
• байланыстың электронды құралын кеңінен қолдану және
олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда шаруашылық қызметті интернационалдандыру негізінде валюталық нарықты интернационалдандыру күшейеді;
• операциялар барлық елдер түпкірінде тәулік ішінде үздіксіз жасалынады;
• валюталық операциялар техникасы сәйкестендірілген, есеп айырысулар банктің корреспонденттік есепшоты арқылы
жүргізіледі;
• валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру мақсатында
валюталық операциялардың кең көлемде дамуы;
• алып-сатарлық және төрелік операциялар коммерциялық мәмілемен байланысты валюталық операциялардан біршама асып түседі; олардың қатысушыларының саны бірден өсті және олардың құрамына банктер мен ұлт аралық корпорациялардан (ҮАК) басқа занды және жеке тұлғалар да жатады;
• тұрақты экономикалық жағдайларға тәуелсіз өздерінің биржалық тауарларына байланысты тенденциясы бар валюталық
бағамның тұрақсыздығы.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
2. Валюталық шоттарды ашу тәртібі
3. Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі
2. Халықаралық банктік есеп айырысу нысандары
2.1 Банктің валюта-айырбас операцияларының есебі
2.2
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Валютаны айырбастау операциялары ежелде ауыстыру ісі нысанында ерте
заманда және орта ғасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі
валюталық нарық XIX ғасырда қалыптасты. Олар келесідей негізгі
ерекшеліктермен сипатталады:
байланыстың электронды құралын кеңінен қолдану және
олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда шаруашылық қызметті
интернационалдандыру негізінде валюталық нарықты интернационалдандыру
күшейеді;
операциялар барлық елдер түпкірінде тәулік ішінде үздіксіз жасалынады;
валюталық операциялар техникасы сәйкестендірілген, есеп айырысулар
банктің корреспонденттік есепшоты арқылы
жүргізіледі;
валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру мақсатында
валюталық операциялардың кең көлемде дамуы;
алып-сатарлық және төрелік операциялар коммерциялық мәмілемен байланысты
валюталық операциялардан біршама асып түседі; олардың
қатысушыларының саны бірден өсті және олардың құрамына банктер мен
ұлт аралық корпорациялардан (ҮАК) басқа занды және жеке тұлғалар да жатады;
• тұрақты экономикалық жағдайларға тәуелсіз өздерінің
биржалық тауарларына байланысты тенденциясы бар валюталық
бағамның тұрақсыздығы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАРЫ
ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ
Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметі тауарлар мен
әрекеттерді экспорттау-импорттау, Қазақстан Республикасының аумағында шетел
валютасында оларды өткізу, еліміздің ішінде бейрезидент тұлғалардың
шаруашылықпен айналысудағы тауарлық емес сипаттағы мәміле кезінде теңге
және шетел валютасында банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты.
Әрбір егеменді мемлекетте заңды төлем құралы ретінде сол елдің ұлттық
валютасы қолданылады. Сондықтан сыртқы сауда, қызмет, несие, инвестиция,
мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті жағдайы төлеуші
немесе сатып алушылар шетел валютасын сатып алу немесе сату нысанында бір
валютаны басқа валютаға айырбастау болып табылады. 21 ҚЕХС сәйкес валюталық
операция - бұл шетел валютасында деноминацияланатын немесе ондағы есепті
талап ететін операция.
Осындай айырбастарды жүргізу ушін валюталық нарық қызмет етеді, яғни
сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын
ұлттық валютаға айырбастау немесе сату жүзеге асырудың ресми орталықтары.
Атқарымдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесілерді қамтиды:
халықаралық есеп айырысулардың уакщылы жүзеге асырылуы;
валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру;
әлемдік валюталық несиелік және қаржылық нарықтардың
өзара байланысы;
банк, кәсіпорын, мемлекеттің валюталық резервтерінің әртараптандырылуы
(диверсификациясы);
валюталық бағамды реттеу;
қатысушылардың валюталық бағам айырмасы ретінде алатын
алып-сатарлық пайдасы;
экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған валюталық саясатты
жүргізу.
Институционалдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық -бұл банктердің,
брокерлік фирмалардың, корпорациялардың, әсіресе үлт аралык
корпорациялардың (¥АТ) жиынтығы. Банктер банк-аралық нарықта және тауарлы-
өнеркәсіп клиентурасында 85-95% валюталық мәмілелер жасайды.
Валюталық қатынастың субъектілеріне Қазақстан Республикасының резидент
және бейрезидент тұлғалары жатады.
Валюталық реттеулердің объектілері валюталық құндылықтар-мен
жүргізілетін операциялар болып табылады. Оларға: шетел валютасы және бағалы
қағаздар (акция, облигация, төлем құжатта-ры, қарыздық міндеттеме, қымбат
металдар) жатады.
Валюталық құндылықтармен жүргізілетін операциялар екі түрге бөлінеді:
ағымдағы валюталық операциялар, олардың құрамына елден валюта аудару және
керісінше валюта қабылдау, саудалық сипатқа жатпайтын аударымдар және тура
инвестициялар, қаржылық несиелер және т.б. капитал қозғалысымен байланысты
операциялар жатады.
Шетел валютасында банктік операциялар жүргізуге лицензияларды Ұлттық
банк шексіз мерзімге береді және атаулы болып табылады, яғни үшінші
тұлғаларға берілмейді. Банк валюталық операциялардың лицензияда көрсетілген
жағдайда және келесілерге сәйкес жүргізуге құқығы бар:
шетел валютасындағы қаражаттарды занды және жеке тұлғалардың шотына және
салымына орналастыруға және кабьшдауға;
банктер мен ұйымдарға шетел валютасында несие және
қарыздарды тарту және ұсыну;
занды және жеке тұлғалардан шетел валютасындағы төлем
құжаттарын сатып алу және сатуды жүзеге асыру;
валюталарды сатып-алу сатуды жүргізу;
шетел мемлекеттерінің банктерімен корреспонденттік қатынастарды
белгілеу;
өз клиенттеріне шетел валютасында кассалық қызмет көрсету;
шетел валютасында саудалық және саудалық емес операция-
лар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру;
халықаралық банктік тәжірибеге сәйкес басқа да операция-
ларды жүзеге асыру.
Валюталық операцияларды жузеге асыруга қүқық берілген банк-тер
уэкілетті деп аталады. Валюта нарығында банктің рөлін анықтайтын негізгі
фактор банктің көлемі, оның репутациясы, бөлімшелермен филиалдардың
шетелдік желісінің даму деңгейі, жасалатын халыкаралық банктік есеп
айырысудың көлемі болып табылады. Сондай-ақ банк және оның валюта саясаты
орналасқан орындарда кезең сайын енгізілетін валюталық шектеулер, телекстік
және телефондық байланыс жағдайы маңызды рөл атқарады.
2000 жылдың сәуірінен бастап Ұлттық банк теңгенің еркін қалқымалы
бағамын белгіледі. Ол Ұлттық банк қатысуынсыз валюталық нарықта сүраныс
және ұсыныс негізінде ұлттық валюта бағамын құрылуын болжайды. Бұндай
жағдайда валюталық реттеудің маңызы кенеттен өседі, негізгі міндеттері
келесілер болып табылады:
Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілетін валюта-
лық операциялардың жүргізілу тәртібі мен қағидаларын
анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді шығару, валюталық операциялар
субъектінің қүқықтары мен міндеттері, валюталық зандылықтарды
бұзғаны үшін жауапкершілік;
валюта заңдылықтарының орындалуын бақылау (валюталық
бақылау);
валюталық нарық, жүргізілген валюталық операциялар көлемін және құрылымының
жағдайын талдау.
Валюталық реттеу мәселелерін шешу үшін Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі келесі негізгі әдістерді қолданады:
валюталық операциялар объектілері мен субъектілерін, валюталық операциялар
субъектілерінің қүқықтары мен міндеттерін,
жіктелуін, валюталық күндылықтармен айналысу тәртібін
белгілеуді анықтайтын валюталық операцияларды жүргізу тәртібін
белгілеу;
сипатына, субъектісіне, объектісіне, көлеміне байланысты
белгілі валюталық операцияларды жүргізуге шектеу енгізу;
шетел валютасын паидаланатын қызметтерді лицензиялау;
валюталық операцияларды тіркеу;
валюталық операциялар туралы есептемені жинау және талдау;
валюталық заңдылықтардың орындалуын бақылау;
валюталық реттеу мәселелері бойынша халықаралық байланыс. (Қазақстан
1992 жылдың ортасынан бастап халықаралық валюта қорының (ХВҚ)
мүшесі болып табылады, ал 1996 жылдың 16 шілдесінен бастап ХВҚ
келісім баптарының VIII бабына енді, онда мемлекеттердің өздерінің
валюталарының айырбасталымдылығын қамтамасыз ету міндеттері қарастырылған,
яғни ағымдағы валюталық операциялар бойынша шектеулер енгізбеу).
Валюталық реттеудің негізін қүраушы жүйе валюталъщ бақылау болып
табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты - Қазақстан Республикасының резидент
және бейрезидент тұлғаларының валюталық операция жүргізу кезінде
заңдылықтарды сақтауын қамтамасыз ету. Валюталық бақылаудың негізгі
бағыттары:
заңдылықтарға сәйкес жүргізілетін валюталық операциялар-
дың сәйкестігін анықтау және оларды жүзеге асыру үшін қажетті
лицензиялар мен куәліктердің болуы;
шетел валютасындағы төлемдердің шарт жағдайына сәйкестігін тексеру;
валюталық операциялар бойынша есеп жүргізу және есеп
берудің толықтығын және объективтігін тексеру.
Валюталық қатынастарды реттеу кезінде негізгі рөлді арнайы валюталық
заңдылықтар атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі
органы республиканың зандылықтарына сәйкес валюталық реттеудің қызметтерін
атқаратын Ұлттық банк болып табылады. Үкімет және басқа да мемлекеттік
органдар валю-талық реттеудің заңдылықтарына сәйкес өз құзыретінің шегінде
жүргізеді. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативтік актілер 1998 жылдың
24 желтоқсаныңда Валюталық реттеу туралы заңға толықтырулар мен
косымшалар енгізілген заң болып табылады. Ол Қазақстан аумағында
жүргізілетін валюталық операциялардың прин-циптері мен тәртібін валюталық
операция субъектілерінің кұқықтары мен міндеттерін, валюталық заңдылыктар
бұзылуының жауапкерші-лігін анықтайды. Валюталық бақылау агенттері ретінде
валюталық операцияларды жүргізу кезінде валюталық зандылықтардың орында-
луын бақылау міндеті жүктелген уәкілетті банктер мен банктік емес қаржылық
мекемелер болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында
келесідей валюталық шектеулер қолданылады:
резидентгер арасында жүргізілетін операциялар бойынша барлық төлемдер тек
казақстандық валютада жүргізілуі керек, тек ¥лттық банктің нормативтік
құқықтық актілерінде, салық және кеден зандылықтарында көрсетілген
жағдайлардан басқа;
банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыруда уәкілетті емес
банктер және ұйымдардың шетел валютасын сатып алуға, сатуға және
айырбастауға болмайды;
қызмет және тауар, несие ретінде резиденттер алатын шетел
валютасы, олардың өкілетті банктеріндегі шоттарыңда міндетті түрде
есептелуі керек.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті халықаралық
міндеттемелерді орындау мақсатында және күтпеген жағдайлардың туыңцау
кезінде кез келген валюталық операцияларды шектеуге және тоқтатуға құқылы.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысына сәйкес Қазақстан
Республикасы ¥лттық банк туралы заңды күші бар ҚР Ұлттық банк шетел
валютасы жүргізілетін операцияларға қажетті операциялар енгізуге құқы бар.
Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы Заңына сәйкес Қазақстан
Республи-касының Ұлттық банкі резиденттердің экспорттық операцияларына
валюталық төлем және экспорттық валюталық түсімді міндетті сату тәртібіне
шек қоя алады. Соңғысы нақты уақытта уақытша тоқтатылған.

ВАЛЮТАЛЫҚ ШОТТАРДЫ АШУ ТӘРТІБІ

Шетел серіктестігімен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін валюталық шот
ашу қажет. Егер заңды тұлғаның банкте теңгелік шоты болмаса, онда оны ашу
үшін келесі құжаттар қажет:
нотариалдық куәландырылган кұрылтай құжатгарының көшірмесі;
заңды тұлғаның валюталық шот ашу туралы арызы;
уәкілетті тұлғалардың қол және мөр үлгілері;
салық төлеуші ретінде есепке тұрғаны туралы анықтама;
Қазақстан Республикасының уәкілетті органына тіркелгендігі
туралы куәлік.
Банкте төлемдерді жүргізу үшін өзара шарттар, келісімдер, мәмілелер
көшірмесі бар заңдық іс жасалынады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
жеке тұлғалар банкте валюталық шот ашу үшін келесі қүжаттарды
ұсынуы қажет: — шот ашу үшін арыз (1-қосымша);
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
клиенттің салық есебіне тіркелгендігін растайтын салық
қызметінің органы берген бекітілген нысандағы құжат;
мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын уәкілетті орган
берген құжаттың көшірмесі немесе соған теңесетін құжат
(патент немесе лицензия) көшірмесі.
Шотқа келіп түскен валюталық қаражаттар жариялануы қажет: уәкілетті
банктер арқылы ішкі валюта нарығында теңгеге сатып алынған экспортты
валюталық түсім, жарғылық капиталға салым, қаржылық көмек, қайырымдылықтар,
сыйлықтар, несиелер, қарыз-дар, валюта. Заңды тұлғалар шетел валютасындағы
несиені тек бейрезидент тұлғалармен есеп айырысу үшін және шетел валюта-
сында алынған банктік несиелер бойынша міндеттемелерді орындау үшін ғана
ала алады. Клиенттердің валютаны сатып алуы валюта-лық қаражаттарды сатып
алуға берілетін арыз арқылы (2-қосымша) және кросс-операция (айырбастау) (3-
қосымша) бойынша жүзеге асырады, ал сату валюталық қаражаттарды сатуға арыз-
тапсырма негізінде жүргізіледі (4-қосымша).
Клиент валюталық шоттан тауарды импортгау (жұмыстар мен қызметтер)
бойынша келісімшарттарды алдын ала төлеуді жүзеге асыру кезінде банкке
сәйкес өзара шарт, келісімшарт немесе келісімдерді ұсынуы қажет. ¥сынылатын
құжаттар негізінде валюталық шот ашу кезінде тоғыз таңбалы саннан тұратын
нөмір беріледі.
000 000 000
1 2 3,
Мұндағы:
1 - валютаның коды;
- шоттың баланстық нөмірі;
- клиенттің нөмірі (жеке).
Онда шотгың ашылған күні, клиенттің атауы, нөмірі және қосымша
ақпараттар жазылатын, валюталық шоттарды тіркеу кітапшасы жүргізіледі. Сол
уақытта клиенттерге папка ашылады: онда шот бойынша ақша қаражаттарымен
байланысты барлық материалдар жиналатын занды іс және дербес шот
көрсетіледі.
Жоғарыда айтылғандай, банктер шетел валютасында операция жүргізу үшін
лицензия алулары қажет. ҚР Ұлттық банкі лицензиялауды заңдылықтарға сәйкес
жүзеге асырады. Бүгінгі күні шетел валютасында қолма-қол есеп айырысу
негізінде бөлшек сауда және қызмет көрсетулермен байланысты әрекет,
резиденттердің мемлекет зандылықтары бойынша кұқықтарына сәйкес шетел
банктерінде және қаржы институттарында шоттар ашумен байланысты қызмет-
терге лицензия беріледі.
Кейбір шетел валютасындағы операциялар Ұлттық банкке тір-келуі қажет,
мысалы, 100 мың АҚШ долларынан асатын ақша қаражатының бейрезиденттен
резиденттердің пайдасына өтетін капитал қозғалысымен байланысты. Ұлттық
банк капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың келесі тіркеу
тәртібі белгіленген:
180 күнге дейінгі алынатын несие;
180 күн мерзімінде резиденттердің экстторттық мәмілелерін
бейрезиденттердің несиелеуіне байланысты есеп айырысуларды жүзеге
асыру;
180 күн мерзімінде резиденттердің импорттық мәмілелерін
бейрезиденттердің несиелеуіне байланысты есеп айырысуларды жүзеге
асыру;
Қазақстан Республикасындағы бейрезвденттердің инвестициясы;
жылжымайтын мүліктерге мүліктік және басқа да құқықтар
төлемдеріне аударымда;
бейрезиденттердің 180 күн мерзімінде резиденттердің экспорттық
мәмілелерін несиелеумен байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру.
Валюталық операциялар бойынша есеп және есеп беру тэртібі және нысаны
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен статистикалық уәкілетті
мемлекеттік органдарының келісіміне сәйкес Қазақстан Республикасы ¥лттық
банкпен бекітіледі және Қазақстанның заңды және жеке тұлғалары міндетті
түрде орындауы керек.
Республикадағы барлық заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы
Ұлттық банк және өкілетті банктерге олардың сұрауы бойынша, валюталық
реттеу заңының талаптарын орындау мақсатында қажетті ақпараттар мен
қаражаттарды ұсынуға міндетті.
Жекелеген валюталардың ұзақ немесе қысқа позицияларында бірінші
кезекте мүмкіндігі болатын қолма-қол өтелмеген мәмілелер мен байланысты
олардың қолдағы бар мүмкіндіктері жабылмаған мәмілелерімен валюталық
операцияларды жүргізу кезінде банктер әр түрлі тәуекелге бел буады.
Валюталық позиция банктің шетел валютасындағы талаптар мен
міндеттерінің арақатынастарын білдіреді. Олардың нақты валюта бойынша тең
болуы кезінде валюталық позиция жабық деп есепт-елінеді, ал тең келмеуі
кезінде - ашық.
Жабық валюталық позиция кезінде банк шетел валютасын сатып алу
мәмілесін жасайды да және дәл сол уақытта оны алынған табыспен басқа сату
мәмілесімен жабады. Ұлттық банк жабық валюталық позиция көлемін шектемейді.
Егер сатылған валюта бойынша міндеттемелер оған деген талаптардан жоғары
болса ашық валюталық позиция кысқа болуы мүмкін және егер сатып алынған
валюталар бойынша талаптар оларға деген міндеггемелерден жоғары болса, онда
ұзақ болуы мүмкін.
Қатаң валюта бойынша ашық валюта позициясына мәлімет банктің жарғылық
капиталының 30% қүрауы керек, ал ұзақ валюталық позиция жүмсак валюта
бойынша 5%, валюталық нетто-позицияның жарғылық капиталдың 50% күрауы
керек.
Банктік операциялардың жіктелуі жалпы банктік критерийлері бойынша,
сондай-ақ тек валюталық операцияларга ғана тән басқа да белгілері бойынша
жүзеге асады. Сонымен, олар келесідей жіктеледі:
Қазақстан Республикасы аумағында жасалынатын;
валюталық құндылықтардың Қазақстан шекарасына өтумен
байланысты;
Республикадан тыс жерде банктер жасайтын.

ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін валюталық операциялардың түрлері
кеңінен дамыды. Елуінші жылдардың аяғынан бастап өнеркәсібі дамыған елдерде
валютаны жедел ұсыну (спот) және мерзімді (форвордтық) мәмілелер кең
қолданылды, соңғылары валюталық реттеу объектілері болып табылады.
Жетпісінші жылдардан бастап биржада фъючерстік және опционды валюталық
мәмілелер дамыды. Бүл алып-сатарлық мәмілені және валюталық тәуекелден
сақтандырудың жаңа нысаны. Қолма-қол валюталық операцияларды көп банктер
жүзеге асырады, мерзімді операциялар мен своп мәмілелерін негізінен ірі
банктер, ал опционды опера-цияларды ірілендірілген банктер жүзеге асырады.
Жедел ұсыну (своп) валюталық операциялары өте кең таралған және төленген
мәміле көлемінің 90% құрайды. Олардың мәні мәмілені жасау кезіндегі бағам
бойынша мәмілеге отыру күнінен бастап екінші күні валютаны алып-сату
шартына байланысты банк-контрагентте-рінің оны жеткізуінде.
Свифт электрондық байланыс күралының, банкаралық электронды
аударымдар жүйесінің, мысалы, АҚШ-та ЧИПС, Лонданда ЧАПС және т.с.с.,
компьютерлік өндеудің кең таралуы бүгіннен ертеңге дейін немесе ертеңнен
келесі күнге дейінгі бір күндік депозиттерді орналастыру операцияларын тез
жүзеге асыру үшін айтарлықтай мүмкіндік береді. Алайда дәстүрлі валюталық
операция негізінде спот мәмілесі және базалық бағам ретінде телеграфты
аударым бағамы деп аталатын спот бағамы танылып қалады. Осы бағам
негізінде валюталық нарықта басқа мәміле бағамдары анықталады: валютаны
жеткізудің қысқа мерзімінде бір реттік мәміле үшін бағам ретінде мерзімдік.
Жедел ұсынумен байланысты валюталық операциялар валюта-лық жайғасымның
ең мерзімді элементі болып табылады және белгілі бір тәуекелді өз мойнына
алады. Банктер спот операциясының көмегі арқылы өз клиенттерінің шетел
валютасындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, капиталдардың, оның ішінде
қапыл' ақшалардың бір валютадан басқаға ауысуы төрелік және алып-сатарлық
операцияларды жүзеге асырады.
Шетел валютасындағы мерзімді мэмілелер (форвардтьщ, фьючерстік) - шарт
жасаған кезде тіркелген багам бойынша шетел валютасының сомасын белгіленген
уақыттан кейін алып келуі туралы екі жақтың келісуі арқылы жасалынатын
валюталық мәміле. Осы анықтамадан мерзімдік валюталық операциялардың екі
ерекше-лігі байқалады:
шарт жасау уақыты мен мәмілені орындау арасында интер-
вал бар, яғни валютаны жеткізу. Ол мәмілені жасау күнінен
бастап кезең соңы ретінде (мерзімі 1-2 апта, 1, 2, 3, 6, 12 ай және 5
жылға дейін) немесе мерзім шегіндегі кез келген кезең.
операция белгілі мерзімнен кейін жасалса да, валюта бағамы
мәміле жасалған кезде тіркеледі.
Спот және форвард мәмілесі бойынша валюта бағамының арасындағы
айырма мерзімді мәміле бағамы төмен кезде, спот бағамы бойынша жеңілдік
(дисконт - сііз немесе депорт - В) ретін-де немесе егер жоғары болған кезде
сыйақы ретінде анықталады. Сыйақы мерзімі бойынша жасалған мәміледе валюта
қолма-қол операцияға қарағанда қымбат айырбасталады дегенді білдіреді.
Дисконт, форвард операциялары бойынша валюта бағамы қолма-қолға қарағанда
төмен екендігін білдіреді. Жалпы алғанда, жеңілдік немесе сыйақы келемі
спот бағамына қарағанда тұрақты. Сон-дықтан банк аралық нарықта мерзімді
мәмілелердің бағамын белгі-леу кезінде көбінесе сыйақымен дисконт
анықталады. Валютаны жанама белгілеу кезінде дисконт қосылады, ал сыйақы
спот
Қапыл яқша - құнын сақтау немесе үстеме шығын алу мақсатында бір елден
екінші елге стихиялы түрде ауысатын ақша капиталы. Олардың негізгі қуат
көзі экономикалық және саяси тұрақсыздық, инфляция, валюталық дағдарыс
болып табылады. бағамынан шегеріледі. Сыйақы және дисконт эдісі бойынша
емес, сандық белгіде белгіленетін мерзімді мәміле бойынша валюта багамы
яутряйт багамы деп аталады.
Шетел валютасында жасалатын мерзімді мәмілелер келесі мақсаттарға
жүргізіледі:
коммерциялық мақсаттағы валюта айырбасталымы, валюталық түсімдерді
валюталық тәуекелді сақтандыру үшін қажет төлемдерді сатып алуы немесе
сатуы;
валюталық бағамының төмендеуіне байланысты болатын
шығындардан шекарадан тыс жерде және тікелей және қоржындық
капитал салымдарын сақтандыру;
• бағам айырмасы есебінен алыпсатарлық пайда алу.
Валюталық опцион сатып алу-сату (лат. орtіо, орtions -тандау)
-келісілген мерзім аяқталганға дейін мәмілені жасау кезінде белгіленген
бағам бойынша белгілі бір валюта көлемін тараптардың бір жагы сатып алу-
сату мәмілесі кезінде сатып алу (саll мәмілесі - сатып алушы опционы)
немесе сату (рut мәмілесі — сатушы опционы) құқығын таңцауга мүмкіндік
беретін белгіленген комиссияны (сыйақы) төлеу шарты кезіндегі келісім.
Опцион жағдайындағы мәмілелер банк үшін тәуекелі жоғары, сондықтан ол
клиентке аз табысты бағамын белгілейді. Опцион бойынша сыйақы мөлшері
опциондық шарттың аяқталу күніндегі жедел мәміле бойынша валюта бағамының
есебі арқылы анықталады. Опционды мәмілелер сыйақы көлемінен асып түсетін,
бағамдық ауытқулар кезінде тиімді болады. Негізінен валюталы опцион
валюталық тәуекелді сақтандыру үшін қолданылады. Опциондармен тек қана
банкаралық нарықта ғана емес, сонымен қатар биржаларда қор және тауар
биржасында саудаласады.
Жетпісінші жылдардан бастап батыс елдерінде қалқымалы валюталық
бағамға өту барысында валюталық фъючерстер дамыды. Валюталық фъючерс -
мәмілеге отыру кезінде алдын ала белгі-ленген багам бойынша белгілі бір
мерзімге белгілі бір валютаның стандарттық көлемін сатып алу немесе сату
міндеттемесін білдіретін келісім. Стандарттық шарттарда барлық жағдайлар
реттелген: сома, мерзім, кепілді депозит, есеп айырысу тәсілі.
Фъючерстермен сауда жасау клирингтік үй арқылы жүзеге асырылады: ол әрбір
сатып алушы үшін сатушы, ал әрбір сатушы үшін сатып алушы болып табылады.
Қолма-қол және мерзімді операцияларға сәйкес валюталық мәміле-нің әр
түрлі своп мәмілесі болып табылады. Своп (агылшын. swар - айырбастау) –
б9л белгілі бір мерзімге сол валюталармен бір уақыты шартты мәміле бойынша
жедвл жеткізу жагдайындағы екі валюталық сатылу-сатып алуын қарастыратын
валюталық операция болып табылады. Своп операциясы бойынша қолма-қол
мәміле спот багамы бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бірге клиент қолма-
қол мәміле бойынша сатушы және сатып алушы бағамының арасындағы айырма
маржа кезінде үнемдейді. Своп операциялары банктер үшін өте қолайлы болып
табылады: олар ашык позициясыз өтеді (сатып алу-сату жабылады), оның
тәуекел-сіз қажетті валютамен уақытша камтамасыз етеді. Своп операциялары
тек валютамен ғана емес, сонымен қатар пайызбен де жаса-лынады. Своп
мәміле нысанында банктер валюталарды, несие-лерді, депозиттерді, пайыздық
мөлшерлемелерді, бағалы қағаздарды немесе басқа да құндылықтарды
айырбастауды жүзеге асырады.
Валюталық операциялармен байланысты нарықтық қызметтің белгілі бір
түрі - бұл төрелік - пайда табу мақсатында валютаны бір нарықтан сатып алу
және сол уақытта оны сату. Төреліктің айтарлықтай маңызды нысаны - олардың
қамтамасыз етілу икемділігін жоғарылату үшін пайыздық мөлшерлеме мен
форвардтық сыйақы немесе дисконт айырмасы арасындағы қатынастарды банктер
пайдаланатын және валюталық айырбас тәуекеліне ұшыра-маған пайданы алу
жағдайы кезіндегі пайыздык арбитраж.
Спот немесе форвард жағдайында шетел валюталарын немесе бағалы
металдарды сатып алу шартына банк кол қойған кезде, келесідей шоттар
корреспонденциясы жасалады:
Дт 6405 Банктің шетел валютасын сатып алу - сату бойынша шартты
талаптары.
Кт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша
позициясы.
Және бір уақытта осы өткізбеден теңге эквивалентінде келесі өткізбе
жасалады:
Дт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша
позициясы.
Кт 6905 Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер.
Спот және Форвард жағдайында шетел валюталарын бағалы металдарды
сату шартына банк қол қойған кезде, мынадай шоттар корреспонденциясы
жасалады:
Дт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша
позициясы.
Кт 6905 Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер
Баланстық шотта бір уақытта қайта бағалау сомасына келесідей
өткізбелер жасалады:
Келісімшарттың күші жойылған кезде немесе сатып алу бойынша есеп
айырысулар жүргізу кезінде банк келесі өткізбелерді жасайды:
• сату валютасы бойынша:
Дт 6905 Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер
Кт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша
позициясы.
• сатып алу валютасы бойынша:
Дт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша
позициясы.
Кт 6405 Банктің шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты
талаптары.
1 Валюталау күні - валютальщ нарықта мәмілені
реттеу кезшдеп каражаттарды жеткізу күні. Баланстық шот бойынша есеп
айырысуды жүзеге асыру кезінде келесідей шоттар корреспонденциясы жасалады:

• сатып алынатын валютада:
Дт 1001 Кассадағы колма-қол ақша
1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары
Кт 1858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы.
2858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ
позициясы.
3560 Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды қайта
бағалау резерві (оң қайта бағалау сомасына) немесе
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары
3560 Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды
қайта бағалау резерві (теріс қайта бағалау сомасына)
Кт 1858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы
2858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы;
• сатылатын валютада:
Дт 1858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы
2858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы
Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
3560 Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды қайта
бағалау резерві (оң қайта бағалау сомасына) немесе Дт 1858 Банктің
шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы
2858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы
Кт 3560 Мерзімді мәміле бойынша қаржылық құралдарды қайта
бағалау резерві 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
Бұрын айтылғандай, своп операциясы - бұл спот және форвард
операцияларының үйлесуі. Своп операциясы баланстан тыс есеп берудің бөлек
дербес шоттарында көрсетіледі. Валюталық позицияның баланстық шотында
своп операциялары бойынша бөлек дербес шот ашылады. Бұл шот шетел
валютасының ағымдағы балансының өзгеруі кезінде қайта бағаланбайды.
Шетел валютасындағы своп операциясы бойынша шартқа қол қою кезінде
банк спот сатып алу кезінде келесі өткізбені жүргізеді.
Дт 6405 Банктің шетел валютасын сатып алу - сату бойынша
шартты талаптары Кт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған
мәмілелер бойынша банк позициясы
• және бір уақытта сатылатын валюталарға келесі
жазулар
жасалады:
Дт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бойынша
позициясы Кт 6905 Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты
міндеттемелер
Сонымен бірге әрбір валюта бойынша бөлек дербес шот ашы-лады. Спот
сатып алу (сату) бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде
банк сату валютасы бойынша келесі өткізбені жасайды: Дт 6905 Шетел
валютасын сатып алу-сату бойынша шартты
міндеттемелер Кт 6999 Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер
бойынша банк позициясы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАНКТІК ЕСЕП АЙЫРЫСУ НЫСАНДАРЫ
Экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру кезінде халықаралық банктік
есеп айырысудың келесідей нысандары қолданылады:
құжаттамалық аккредитив;
құжаттамалық инкассо;
банктік аударым.
Құжаттамалық аккредитив
Құжаттямальщ яккредитив - экспортшы (траттаны акцептеу) пайдасына
төлемді жүргізу туралы клиент-импортшы тапсырысы бойынша берілетін банктің
шартты ақшалай міндеттемесі немесе аккредитивте көрсетілген анықталган
сомада және бекітілген мерзімде басқа банктің төлемді (тратта акцепті)
жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Құжатты аккредитив өз кезегінде банктің бенефициарға1 өзінің тапсырыс
берушісінің есебінен егер бенефициар аккредитивте көрсетілген құжаттарды
белгіленген мерзімде ұсынған жағдайда келісілген валютада белгілі соманы
төлеуге беруі.
Бенефициар - сеніп тапсырылған меншіктен табыс алушы. Банк сатып алушы
мен сатушының арасында делдал қызмет атқарады. Олар арқылы бірқатар
операциялардан кейін төлем жүзеге асырылады: сәйкес аккредитивті құжаттарды
ұсынуға қарсы бенефициар акцептелген вексельді төлеу немесе төлемді жүргізу
міндеттемесі нысанындағы келісімге байланысты аккредитивте көрсетілген
соманы банктен алады. Құжаттамалық аккредитив арқасында бенефициар сатып
алушының төлем қабілетіне және оның төлеуге дайын болуына байланыссыз және
тауарды түсіргеннен кейін бір-ден өтімді қаражаттар алуы мүмкін.
Төлемді қамтамасыз етудің құралы ретінде құжатты аккредитив әсіресе
сатып алушылар мен сатушылардың ойларының қақтығысуын бәсеңдету үшін қажет:
• Сатушы өзара шартта көрсетілген тауарды жеткізілімі үшін оған
төленетін сома валютада берілетініне сенімді болғысы келеді;
• Сатып алушы тауар жеткізілінбейінше ақша төлегісі келмейді.
Құжаттамалық аккредитив өзінің ерекше артықшылығына ие:
Әлемде барлық елдермен операция жүргізу кезінде
қамтамасыз ету құралы ретінде қолданылуы;
Сатушыға тиесілі соманы игілікпен билеу;
Төлем жағдайы қатынасындағы икемділік;
Қысқа мерзімді қаржыландыру қаражаты ретінде қолданылуы;
Сатушыға жеңілдікті қамтамасыз ету жағдайлары анықталған
кезде мүмкіндік беретін төлемді тез және кедергісіз жүзеге
асыруы;
Ерекше халықаралық құқыққа сенімділік.
Жоғары айтылғандай, аккредитив төлемді қамтамасыз ету қыз-метімен
қатар несие қызметін де орындайды. Сатып алушы банктің төлемді жүзеге асыру
міндеті сатушының өз банкінен несие алуын жеңілдетеді. Белгілі жағдайларда
аккредитив импортшы банкке несие үшін негіз бола алады, яғни банк
аккредитивті операциялар-ды жүзеге асыру кезінде тауарға деген меншікті
растайтын құжаттарды басқаруы мүмкін, себебі тауар жөнелтпе құжаттары
жөнелтілген жүкті беру талаптарын куәландырады. Құжаттарды беру жолы арқылы
тауарды иемдену қүқығы да беріледі.
Клиенттерге аккредитив аккредитивті ұсыну немесе аккредитивке өтініш
негізінде (5-қосымша) ашылады.
Аккредитивтермен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде, ашуға тапсырмада
аккредитив түрінің көрсетілуін тексеру керек, себебі егер сәйкес белгілері
болмаса, онда бұндай аккредитив қайтарып алынбайды.
Аккредитивтің түрлері қамтамасыз ету көлемі туралы дағдаластықпен және
өзіне тәуекелді алу кезінде анықталады.
Аккредитивті қайтарып алу
Кез келген уақытта эмитент-банк өзгертуі немесе жоюы мүмкін, көп
жағдайда бенефициарды алдын ала ескертпей аккредитивтің бұйрық берушісінің
айтуы бойынша жасалынады. Сондықтан бұн-дай аккредитив банктің ешқандай
кұқықты төлем міндеттемесін тудырмайды. Тек эмитент-банк немесе оның
корреспондент-банк құжат бойынша төлемді жүзеге асырған кезде аккредитивтің
қайтарып алу заңды күшін жояды.
Сонымен қайтарымды аккредитив бенефициарға жеткілікті қам-тамасыз
етуді ұсынбайды. Оны корреспондент-банк ешқашанда растамайды және өзара
сенім орнаған бір-біріне танымал әріптестер арасында іскерлік катынастарда
ғана қолданылуы мүмкін. Қазіргі таңда қайтарымды аккредитив сирек
қолданылады.
Қайтарып алынбайтын аккредитив
Бенефициарға жоғары деңгейлі сенімділік береді, егер ол аккредитив
шартын орындаған болса оның жеткізілімдері мен қызметтеріне төлем
жүргізіледі. Қайтарып алынбайтын аккредитив эмитент-банк төлемінің қатаң
міндеттемесін құрайды. Қайтарып алынбайтын аккредитив кезінде аккредитивті
өзгерту немесе жою бенефициардың және де жауапты банктердің келісімдерін
талап етеді. Егер сатушы аккредитив шартын өзгерткісі немесе жойғысы келсе,
онда ол сатып алушыдан эмитент-банкке сәйкес тапсырма-ларды беруін талап
етуі керек.
Қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу туралы бенефициарға корреспондент-
банк хабарлайды. Қайтарып алынбайтын аккредитив расталуы және расталмауы
мүмкін. Қайтарып алынбайтын растал-маған аккредитив кезінде корреспондент-
банк бенефициарға аккре-дитивтің ашылуы туралы міндеттенеді. Бұл жағдайда
ол төлемнің ешқандай меншікті міндеттемелерін алмайды және нәтижесінде
бенефициар ұсынған қүжаттар бойынша оны жүргізуге міндетті емес. Себебі,
бенефициар шетелдегі эмитент-банкке сенеді, қайтарып алынбайтын расталмаған
аккредитив тек саяси тәуекел және қаражаттарды аудару тәуекелі маңызды емес
болған жағдайда ғана жалпылама болып табылады. Егер корреспондент-банк
аккредитив ашқан банктермен жақсы қатынаста болса, сондай-ақ тұрақты саяси
және экономикалық жағдайға сүйенетін болса, онда ол құжат бойынша
төлемдерді клиент мүддесіне сәйкес операцияларды тез жүргізу мақсатында
жүзеге асырады.
Егер корреспондент-банк бенефициарға аккредитивті бекітсе, онда ол
аккредитивке сәйкес және берілген уақытта құжаттар бойынша төлем жүргізуге
міндетті болып табылады. Бұл жағдайда бенефициар аккредитивті ашқан банктің
міндеттемесімен бірге занды тең құнды және корреспондент-банктің дербес
міндетіне төлем жүргізеді. Сондыктан ол үшін қамтамасыз ету деңгейі мәнді
жоғарылайды. Себебі көп жағдайларда бүндай аккредитивке экс-портшы еліндегі
банктер ұшырайды, бекітетін саяси тәуекел және қаражаттарды аудару тәуекелі
ерекше болып табылады.
Экспортшыга Үй банкімен расталған, яғни экспортшы елін-дегі
банктерге аккредитив айтарлықтай кепіл береді. Егер төлемнің түсу мерзімін
(кезеңін) анықтау мүмкін болса, онда маңызды валюталық тәуекел валюталық
мерзімді өзара шарттармен сақталуы мүмкін. Бірақ, егер ең басынан төлем
мерзімі анықталмаған болса да, валюталық операцияларға қатысушы банктер көп
жағдайларда тиімді шешімдерді ұсынуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандай аккредитивтің нысандары бенефициар үшін
қамтамасыз ету деңгейімен ерекшеленеді. Аккредитив түрлері мен
конструкциялығы оларды пайдалануға байланысты болады.
Аккредитивтің негізгі түрлеріне келесілер жатады:
ұсыну бойынша төлемдер;
төлемді ұзарту бойынша;
бенефициардың траттаны акцептілеуін қарастыру;
бенефициардың тратталарды сатып алуын қарастыру;
қызыл ескертпе;
жаңартпалы;
стенд бай (резервтік аккредитив);
аудармалы.

Төлемді ұсыну бойынша аккредитив
Аккредитивтің кең қолданылатын түрі болып табылады. Бене-фициармен
есеп айырысу аккредитивтегі шарттар орындаған кезде қажетті қүжаттарды
ұсыну аркылы жүзеге асады. Банктер құжат-тарды алғаннан кейін жеті банктік
күннен аспайтын мерзім ішінде сәйкес уақытқа қүжаттарды тексеруге құқығы
бар. Экспортшының шотына қаражаттарды есептеу кезінде валюталау күні
аккредитив валютасына байланысты болады.
Төлемді узарту бойынша аккредитив
Бенефициар төлемді қүжатты берген кезде емес, аккредитивте көрсетілген
біршама кеш мерзімде аладьт. Аккредитивтерге сәйкес құжаттарды ұсынғаннан
кейін, бенефициар екілетті банктен төлем мерзімі келген күні төлемді жүзеге
асырады, келісімін алады. Сондықтан импортшы қүжаттарды иемденуге, оларды
сатылу және сату бағасы бойынша дебеттегенге дейін ие болады. Экономикалық
жоспарда төлемді ұзарту бойынша аккредитив тратта акцептін қарастыратын
аккредитивке сәйкес келеді, тек төлемді ұзарту бойынша аккредитив вексель
сияқты дисконтталмайды, себебі бұнда бухгалтерлік талап қана қолданылады.
Анықталған жағдайларда төлемді ұзарту бойынша талапты банк авансылауы
мүмкін. Бұл тек эмитент-банк немесе банк бекітушісі үшін ғана мүмкін.
Вексельді есептеу кезінде көптеген мүмкіндіктер болады.
Тратта акцептімен аккредитив
Бенефициар сатып алушыға ұсынған тратта аккредитив бойын-ша шарттарды
орындағаннан кейін аккредитивті ашқан эмитент-банк немесе акцептпен
камтамасыз етілген корреспондент-банктің оған қайтаруын талап ете алады.
Төлем орнына тратта акцепті жасалады. Акцептелген траттаны ол өз банкіне
беруі немесе мерзімі келген күні төлеу үшін қолдануы мүмкін. Акцепті
қарасты-ратын аккредитив бойынша тратта 60 күннен 180 күнге дейін қызмет
етеді. Тратта акцептін қарастыратын аккредитив импортшы-ға төлем мерзімін
кепілдеу үшін қызмет етеді: төлем мерзімі басталғанға дейін, ол тауарды
одан әрі сата алады және түсім есебінен акцепті төлеуі мүмкін. Осыдан
келіп, импортшы мәмілеге сәйкес несие алмайды.
Траттаны сатып алу аккредитиві
Негоцияция түсінігшде бенефициардың траттаны үсынуына қарсы,
негоциацияга өкілетті банктердің қаражаттарды төлеуі жатыр. Қаражат
төленбеген құжаттарды тексеру негоциация болып табылмайды. Бенефициар дүрыс
құжаттарды үсыну кезінде, эмитент банк вексельді немесе құжаттарды ұсыну
кезінде, эмитент-банк вексельді немесе құжатты төлеуді кепілдендіреді.
Коммерциялық аккредитивтің көп қолданылатын нұсқасы - тратта негоциациясы-
мен байланысты аккредитив. Кейбір жағдайларда белгілі банктерде таңдау
шектелген. Коммерциялық аккредитив бойынша комиссияны төлеу бенефициар
есебінен жүзеге асады.
Авансты аккредитив
Қызыл ескертпе аккредитивін қолданған кезде сатушы корреспондент-
банктен келісілген соманы талап ете алады. Соңғысы, негізінде аккредитив
бойынша жеткізілетін тауарды алу немесе өндірісті қаржыландыру үшін
арналған. Аванс түбіртек (квитанция) бойынша төленеді және бенефициардың
жазбаша міндеттемесін жөнелтім құжаттарына мерзімінде ұсыну керек. Аванс
төлеу ак-кредитивті ашқан банктің жауапкершілігі негізінде корреспондент-
банк есебінен жүзеге асады. Егер сатушы уақытында қажетті құжаттарды
ұсынбаса немесе авансты өтемесе, онда корреспондент-банк аванс сомасына
пайызды дебеттейді. Сондықтан бүл аккредитивке бүйрьщ берушіден ұстап
қалады. Бұрын аванс төлеу құзыретін корреспондент-банк қызыл сиямен
белгілеген, содан кызыл ескертпе аккредитиві деген атаққа ие.
Жаңартпалы аккредитив
Егер сатып алушы тапсырыс тауарларының белгілі бір бөліктерін белгілі
уақыт аралықтарында жеткізуге бүйрық берсе (жеткізілім топтамасы туралы
келісімшарт), онда төлем ішінара жеткізілім кұнымен сәйкес өтелетін
жаңартпалы аккредитив бойынша жүзеге асуы мүмкін. Жаңартпалы аккредитив
кезінде келесі ескертпелер болуы мүмкін: 100000 ІІ8В аккредитив сомасы
1200000 118В жалпы сомасына дейін автоматты түрде он бір рет жаңарып
отырады. Алғаш 100000 американдық долларды пайда-ланғаннан кейін, бірден
келесі ішінара төлем күшіне енеді және 1,2 миллион американдық доллар
сомасына дейін қайталанады. Көбінесе жаңартпалы ескертпеде бөлек
транштардың пайдалану мерзімі тіркеледі. Жаңартпалы аккредитивтер жиынтық
және жиынтық емес болуы мүмкін. Жиынтық, яғни пайдаланылмаған немесе толық
пайдаланылмаған үлес сомасы қатысты үлеске қо-сылуы мүмкін. Жиынтық емес
жағдайда, керісінше, уақытында талап етілмеген ішінара сомалардың пайдалану
мерзімі өтеді.
Резервті аккредитив
Стенд бай аккредитивтері ең алдымен Құрама Штаттарында қолданылады
және АҚШ федералды штаттарының заңдық хүкіміне сәйкес банктер бере алмайтын
бізде қабылданған кепілдерді ауыс-тырады. Алайда Еуропада да аккредитивтің
осы түрі қолданылады. Стенд бай аккредитивтері кепіл құралы болып
табылады.
Резервті аккредитивтер келесідей төлем және қызметтер арқылы
кепілдендіріледі:
үсыну бойынша төлемге жататын вексельдер бойынша төлем;
банктік несиелерді өтеу;
тауар жеткізімдерін төлеу;
келісімшарт бойынша тауарды жеткізу;
жұмысты орындау немесе мердігерлік шартты орындау.
Банкке аккредитив бойынша бұйрық берушінің өз міндеттемесін
орындамағаны туралы өтінішпен бірге аккредитивке сәйкес барлық
құжаттарды (жөнелтім құжаттарының көшірмесі) ұсына отырып, оның орындауын
талап етеді. Банктер несиелерге байланысты
1 Транш - сериялап шыгарылатын облигациялық қарыздың үлесі немесе
бір бөлігі бағалы қағаздар бойынша өздерінің жеке міндеттемелерін орындау
кепілі ретінде өз есебінен резервті аккредитивтер ашады. Одан әрі банктер
аккредитивтің осы түрі арқылы жеткізілген тауарлар үшін жабдықтаушыларды
кепілдейді.
Аудармалы аккредитив
Халықаралық сауда қажеттілігіне негізделеді. Ол сауда делда-лына
клиенттің аккредитивтік қаражаттың қандай да бір жабдық-таушыға беруі
мүмкін және сол арқылы меншікті қаражаттарды шекті пайдалану мәмілесін
рәсімдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сауда делдалына оның сатып
алушысы қайтарып алынбайтын аккредитивті шығарады. Соңғысы трансферабель
ретінде нақты көрсетілуі керек. Сауда делдалы банктен өз пайдасына
аккредитив ашу туралы хабарлама алған кезде, ол соңғысына аккредитивті
екінші бенефициар деп аталатын өз жабдықтаушысына аударуды тапсырады.
Бірақ, банк аккредитивті өзі келісімі берген шекте және тәртіпте ғана
аударуға міндетті. Аудару бойынша шығындар сауда делдалы есебінен жүреді,
сондықтан да аударушы банк оған алдын ала дебеттеуге құқылы. Жабдықтаушы
тауарды тиеп және құжатты ұсынғаннан кейін, ол авизолаушы немесе растайтын
банктен шарт-ты төлемді алады. Қүжаттар аударушы банкке түседі де, сауда
делдалына дебеттеледі. Соңғысы аударушы банкке сатып алушыға шығарған
өзінің фактура-шотын береді және оның орньтна өзінің жабдықтаушы шотын
алады. Жабдықтаушы шотындағы сомадан сауда маржасынан жоғары болатын делдал
шотындағы сома сауда делдалының кредитіне жазылады. Аудармалы аккредитивке
мына-дай қасиеттер тән: аудармалы аккредитив құжаттары арқылы негізгі
аккредитив бойынша есеп айырысу жүргізілуі мүмкін. Бірақ төмендегідей
сәйкессіздіктер болуы мүмкін:
аккредитив сомасы және тауар бірлігінің бағасы төмендетілуі
мүмкін;
қызмет ету мерзімі қысқартылуы мүмкін;
күжатты ұсыну үшін соңғы мерзім қысқаруы мүмкін;
егер негізгі аккредитивте тауарды жіберу күні белгіленбесе,
онда жіберу мерзімі қысқаруы мүмкін;
сақтандыру өтеуінің пайыздық мөлшерлемесі негізгі аккреди-
тив ұйғарымының орнын толтыру мөлшерлемесін жоғарылату
үшін жоғары болуы мүмкін;
сауда делдалы одан қалған қосымша құжаттарды талап етуі
мүмкін. Сонымен бірге сауда делдалына сауда маржасына көбейтілген
жабдықтаушының берген фактура-шотын өзінің жеке шотына ауыстыруға қүқылы.
Осыдан келіп, ақырғы сатып алушы сауда делдалының пайдалы маржасы туралы
ешқандай мәлімет алмайды. Шынында фактураны айырбастау кезінде банк сауда
делдалының жедел ынтымақтастығы мүмкіндігіне сенім артуы керек: егер ол
алғашқы талап бойынша жаңа шот бермесе, банк екінші бене-фициар фактурасын
аккредитив ашқан банкке жіберуі мүмкін. Бел-гілі жағдайларда негізгі
аккредитив бойынша төлемді дұрыс жүргізгісі келсе оны пайдалануға мәжбүр.
Жағымсыз әсерлерді болырмау үшін банк көп жағдайларда сауда делдалдарынан
аккредитивті ау-дару тапсырысымен бірге фактура-шотын ұсынуды талап етуі
мүмкін.
Негізгі аккредитивтің қызмет ету мерзімі аудармалы аккреди-тивтің
қызмет ету мерзіміне сәйкес келеді. Бұл жабдықтаушының аудару туралы хабар
еткен банкке негізгі аккредитивтің қызмет ету мерзіміне дейін құжаттарды
беруін білдіреді. Негізгі және аудар-малы аккредитив бір қүжат арқылы
төленеді. Егер, сауда делдалы сатып алушы мен жабдықтаушы бірін-бірі
білмесін десе, ол жабдықтаушыдан оның жеке басын белгілеуге мүмкіндік
бермейтін бейтарап құжаттарды талап етеді. Сонымен бірге ол негізгі
аккредитивте ақырғы сатып алушының атауы болмауын қадағалауы керек.
Аудармалы аккредитивті тек бір рет қана аударады. Екінші бенефициар
негізгі аккредитив шотында екі рет аудармалы деп көрсетілген болса да оны
аудара алмайды.
Алайда екінші бенефициардың бірінші бенефиициарға кері ау-даруды
жүргізуі аккредитивті екінші рет аудару деп табылмайды. Және сол уақытта
бірінші бенефициар негізгі аккредитивті егер ішінара жеткізу рүқсат етілген
болса, бірнеше жабдықтаушыларға үлестіруі мүмкін. Осындай үлестірме
аударымдар бір аударымдар ретінде танылалды.
Аккредитивті аудару және тапсыру алдында бірінші бенефициар аударушы
банкі аккредитивтегі өзгерістер туралы екінші бенефи-циарға хабардар етуі
керек. Бүл шешімнің үлкен маңызы бар. Егер аккредитив бірнеше бенефициарға
аударылған болса, онда оның әрқайсысы өзгерісті алып тастауға құқылы.
Кей кезде сауда делдал аккредитив бойынша өз талабын қандайда бір
жабдықтаушыға аударғысы келеді, бірақ аккредитив жағдайы аударуды
жібермейді. Бұл кезде оның иелігінде екі мүмкіндік болады:
бэк ту бэк аккредитиві (өтемақылық);
аккредитивтен түскен түсімге орын беру (цессия).
Бэк ту бэк аккредитиві
Коммерсант-делдалдың банкі жабдыктаушы пайдасына қарама-қарсы
аккредитив ашады. Бірақ, ол бұған осы кезде пайда болатын қосымша
тәуекелдерді сақтандыру мүмкін болған кезде ғана дайын болады. Осыдан банк
жаңа аккредитив бойынша төлем орны ретінде болады. Кері жағдайда егер
корреспондент-банк пен өздерінің арасында құжаттар жоғалса, аккредитив
сомасы жоғалады. Ол сонымен қатар, фактура-шотты кедергісіз аудару
кепілдендірілуін талап етуі мүмкін. Себебі, коммерсант пайдасына ашылған
негізгі аккредитив қарсы аккредитивтегі жабдықтаушы шотына пайдалануы
мүмкін емес.
Аккредитивтен түскен түсімге орын беру (цессия) Бенефициар аккредитив
бойынша түсімді толығымен немесе ішінара субжабдықтаушының пайдасына қайта
табыстауы мүмкін (циссия - өзінің құқын басқа тұлғаға беру). Осыған
байланысты мыналар жазылған: аккредитивте аудармалы екені көрсетілмесе,
цессия құқығына тиісті емес: бенефициардың аккредитив бойынша тапсырмасын
борышқор банктен өтініш алады, онда соңғысы оған иелігіне аккредитив
бойынша түскен соманың белгілі бір бөлігін төлеуі туралы уәде береді. Бұл
мүмкіндікті әдетте өндіріс кәсіп-орындары қолданады.
Құжаттарды тапсыру, аудармалы аккредитивке қарағанда бенефициардың ісі
болып калады. Осылайша цессия шартты қамтамасыз етуді ғана үсынады: Төлеу
тек аккредитив бойынша төлемді жүргізгеннен кейін ғана болады, ал
бенефициардың аккредитив жағдайына сәйкес құжаттарды мерзімінде ұсынуы
бойынша цессионер ешқандай кепіл алмайды. Сондықтан борышқор арасындағы
сенімділік қатынасты білдіреді. Егер импортшы сатып алу сату шартын қол
койғаннан кейін келісілген жағдайға сәйкес экспорт-шының ұсынысын
қабылдаған болса, онда оған сатып алушының пайдасына аккредитив ашуына
иемденеді. Аккредитив ашуға тапсырманы импортшы банктен оның
жабдықтаушысына төлем туралы міндеттемесін беруге талап етеді. Банк бүл
талапты тек оны кайтадан аккредитивті қарастыратын болған жағдайда ғана
орындайды. Себебі, ол тауарды тек жалғыз кепіл ретінде қарастыра алмайды,
әсіресе ол үшін қызмет етуші нарык болмаса.
Аккредитив ашу үшін ол белгіленген нысандағы банктік блан-кіде үш
данадағы өтініші толтырылуы керек. Өтініш басшының қолымен және мөрімен
рәсімделуі керек. Клиенттен аккредитив ашуға өтініш операционды бөліммен
соңғысының ағымдағы валют-алық шотында белгіленген бағаға сәйкес тартылатын
аккредитив ашуға комиссия есебінен қажетті ақша қаражаттарының сомасы
болғанда ғана алынады. Әрбір экспорт импортты мәмілесіне мәміле куәлігі
рәсімделеді.
Аккредитив ашуға өтініште импортшы келесідей негізгі деректеме ұсынуға
міндетті:
аккредитив түрі (қайтарып алынатын, қайтарып алынбайтын,
трансферабелді, басқа банк растаған немесе растамаған
аккредитив);
импортшының атауы мен орналасқан жері;
бенефициардың атауы және толық мекен-жайы;
аккредитивті өтеу мерзімінің орны, күні, айы;
бенефициар-банктің (авизолаушы банктің) атауы және мекен-
жайы;
аккредитив сомасы және валютасы;
тауарды сипаттау, тиеу мерзімі (СІР, РОВ және т.б.) тауар
жеткізілетін ел;
ішінара тиеу және жеткізу мүмкіндігі;
тауарды жеткізу мерзімі;
жабдықтаушылардың төлеуге ұсынатын қүжаттар тізімі;
құжатты үсыну мерзімі;
жабдықтаушы тиеуге ұсынатын құжаттардың тізімі;
төлем шарты: құжатты ұсыну немесе ұзарту мерзімі бойынша;
аккредитив бойынша қандай шығындар және кімдер алып
жүреді.
Аккредитивтің қызмет ету мерзімі сатып алынатын тауарлардың санына
және сипатына байланысты белгіленеді және ол нақты болуы керек. Әдетте
аккредитивтер 60-150 күнге, ал кей жағдай-ларда одан да ұзақ мерзімге
ашылады. Есепті операционды бөлім клиенттен өтінішті алғаннан кейін, оның
дұрыс толтырылғандығын тексереді. Қателері бар өтініштер клиентке қайта
толтырылуға беріледі. Аккредитив ашуға алынған өтініш келесі тәртіп бойынша
орындалады:
клиенттің валюталық шотында қаражаттардың болуы және
қол немесе мөр үлгілерінің карточкасы бар өтініштің бірінші
данасы шетел қатынастар операциялар бөліміне немесе
орындауға беріледі;
өтініштің екінші данасы клиенттердің құжаттамасында орналастырады;
өтініштің үшінші данасы аккредитив ашу туралы тапсыр-
маның орындалуын Інешкен есепті операциялық бөліктің
колхатымен клиенттерге қайтарылады.
Шетелдік қатынастар және операциялар бөлімі авизолаушы және растайтын
банкті анықтап, осы банктердің біреуіне аккредитивті ашу туралы
ақпараттарды бағыттайды (телекс немесе 3\¥ІҒТ арқылы). Аккредитив сомасы
клиенттің ағымдағы валюталық шоты есебіне шығарылып, баланстық шотқа сәйкес
есептелінеді:
Дт 2203 Клиенттің ағымдағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық операция түрлерін жүргізетін және реттеу органдары мен ұйымдары
Халықаралық валюталық операциялар
Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың құқықтық қамтылуы
Валюталық операциялардың сипаттамасы
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Валюталық операциялардың жіктелуі
Қазақстан Республикасының Президенті валютаны өзгертуге құқылы
Валюталық операцияларды тіркеу
Банкілік операциялар
Қазақстандағы валюталық реттеу
Пәндер