Қазіргі кезеңде саяси өмірдегі идеологияның ролі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі кезеңде саяси өмірдегі идеологияның ролі мен орнына байланысты мәселелер қайта көтеріле бастады. Кеңестер Одағындағы коммунистік идеологияның ықпалын төмендетуге арналған "деидеологизациялау" мен батыс дүниесінде 60-80 жылдарда кеңінен тараған "идеологияның соңы" туралы пікірлер қоғам өміріндегі идеологиялар туралы мәселелерге үстірт қараған кезеңге ұласты. Социалистік жүйедегі елдер үшін "деидеологизациялау" саяси және әлеуметтік институттардан коммунистік партияны ьгғыстыру болса, ал "идеологияның соңы" туралы жазған ғалымдар халықтың білім деңгейінің жоғарылауы олардың санасына әсер ететін идеологияларды кажет етпейді деп есептеді. Сонымен бірге "деидеологизациялауга" сол кезеңдегі әлемдік деңгейдегі студенттер қозғалысының күшеюі де әсер еткендігін ұмытпауымыз керек.

Бірақ XX ғ. соңындағы Балкан елдеріндегі оқиғалар мен терроризмнің күшейе бастауы идеология мәселесіне кайта көңіл бөлуге әсер етті. Сондықган да казіргі кезеңде пікірталастарда көтеріліп жүрген негізгі мәселелер ұлттық идея, ұлттық идеологияға, мемлекетіік доктриналарға байланысты болып отыр.

Бұл ұғым да саяси ғылымдағы ең басты мәселе - билік мәселесімен тығыз байланысты. Біздің ойымызша, саясат әлеуметтік хаостан шығудың жолы, ал билік сол берекесіздіктен шығудың құралы. Билік ұғымымен бірге пайда болған категорияның бірі саяси идеялар. Себебі билікті жүзеге асырушылар мен асыруға ұмтылғандардың арасында билік мәселесіне байланысты, әсіресе бөліс, шешім кабылдау, реттеуге, мәжбүрлеуге байланысты көзқарас алшақтығы пайда болады. Міне осындай көзқарас, пікір қайшылығын біз идеологияның ежелгі кезеңдегі көрінісі - мифологиядан, діни қағыидадан да көре аламыз. Ал ұлтгық идеяның алғашқы көрінісі ретінде әлеуметтік және саяси идиалдарды негізге ала аламыз. Ежелгі Шығыстағы және ежелгі Римдегі идеалды билеуші туралы, ежелгі Грециядағы идеалды мемлекет туралы саяси ойлардың пайда болуы осыған мысалы бола алады.

Қоғамдық идеалдар туралы ілімнін негізін Платон мен Аристотель калыптастырды. Егер Платон болмайтын идеалдарды жүйелеп дамытуға тырысса, ал Аристотель, керісінше бар нәрсенің идеалды нормалары туралы ілім жасап, оған карсы тұрды . Орыс философы князь Трубецкой идеалдардың утопиялардың күйреген, "апатты жағдайларда" пайда болатынына мән берген болатын . Өзін-өзі тану "күйреу жағдайын" бастан кешіру барысында басталады және болашақ дамудың идеалдарын туғызумен аяқталады. Идеалдар жүзеге аспай, утопияға айналып, дағдарыска ұшыраған кезде тағы күйреу басталады. Бұл процесс адамдар бірлестігі бар жерде үздіксіз болатын құбылыс.

Ұлттык идеялар мен идеологиялардың калыптасу кезеңін зерттеушілер Жаңа дөуірмен байланыстырады. Себебі ұлттық идеяның ұлттардын калыптасу дәуірінде пайда болғандықтан "ұлт" ұғымының мазмұнын ашпастан ұлттық идея ұғымының мазмұнын аша алмаймыз.

"Ұлт" ұғымына байланысты зерттеулер кандай көп болса, пікірлер де соншама көп деп айтуға болады. ХІХ-ХХ ғ. басындағы Мадзини, Актон, Ренан, Масарик, Соловьев сиякты ойшылдар ұлттарды жаңа әлеуметтік кұбылыс ретінде карады және оның негізгі белгісі рухани дүниеде, яғни ерекше ұлттың өзін өзі тануы деп есептейді. Қазіргі "ұлт" сөзіне негіз болған "нация" сөзі латын тілінде туыстарға байланысты колданылған болатын. Уокер Коннор "нация" сөзі Англияда XIII ғ. латын тіліндегідей қолданыста болса (кавдас туыс), ал ХІІ ғасырға карай белгілі бір елдін жалпы тұрғындарын атауға байланысты, олардың өр түрлі этникалық топтарға жататынына қарамастан қолданыла бастаған деп есептейді. Сонымен бірге ол буржуазиялык революциялар кезеңінде "нация" ұғымы мен "мемлекет" ұғымынын синоним ретінде колданыла бастауына себеп болған Локк және Руссоның "халық суверенитеті" теорияларының әсері деп есептейді Энтони Д. Смит ұлттардың калыптасуына Батыстағы үш түрлі роеволюциялар еңбек бөлінісіндегі, баскаруды бакылаудағы, мәдени координациядағы әсер етті дейді . Карл Дойч ұлт . . . ол әлеуметтік мөжбүр етудің біркатар ииституттарының үстінен бакылау орнатуға кол жеткізген халық жөне ол өзінің тарихи даму болашағында толыкканды үлт-мемлекет ретінде қалыптаса алады, ал ұлтшылдық жеке кауіпсіздік пен топтык етенелесу мақсаттары топтық мүдделерді жүзеге асырудан көрініс табатын осы ұлт пен оның мүшелерінің әлеуметтік белсенділік, мүдделер мен лауазымдар сферасында өзге ұлттармен бәсекелестік мүдделестікке ден коюы.

Бұл пікірлерге косарымыз, революциялар дәуірінде әр түрлі этникалық топтардан тұратын қоғамдардың өзінде экономикалық біртүтастықпен бірге, енді саяси біртұтастық калыптасады және революцияның барысында, әсіресе сырткы факторларға байланысты ортақ идея ұлттық идеялар калыптаса бастайды. Ортақ идеялар немесе ұлттық идеялардың негізінде басқа халықтармен бәсекелестік немесе сырттан келген жаулап алушыларға деген наразылық бар. Сонымен бірге кеңестік дәуірдегі зерттеушілердің көпшілігі "ұлт" бұл капиталистік дәуірдің туындысы деп келді. Бұл пікірдің де жаны бар. Себебі капиталистік катынастар бір мемлекеттің құрамындағы әр түрлі этникалық топтардың өзара араласуын және ортақ мүдденің, ортақ дүниетанымның қалыптасуына әсер етті. Ал енді осы процестерге негіз болган орта ғасырлардағы кітап шығарудың кең тарауы және Ұлы географиялық ашылулар болды. Мысалы, Францияда 1470-1600 жылдар аралыгында 12 мың атаумен, ал Италяда 20 мың атаумен кітап басылса, ал Германияда 1564 жылдан бастап есептегенде Франкфурттегі кітап жәрменкесіне 39 жыл ішінде 20 мың кітап шығарылып сатылган. Кітаптың кең тарауы ортақ тілді калыптастырса, ішкі рынок пен орталыктанған мемлекеттердін калыптасуы ортақ территорияны қалыптастырған болатын. Ал ұлы географиялық ашылулар казіргі ғалам-дастырудың бастамасы ғана болған жоқ, сонымен бірге революцияларды бастан кешірген халықтардың өз іс-әрекеттерін ақтайтын философиялық, саяси ойларын дүниеге алып келді және қоғамның дамуының барлық саласы бойынша өзара бәсекелестік басталды.

Ұлттық идеалдардың ішінде барлығының жүзеге асуына негіз болатын бастысы ұлттык идеяға айналады. Зерттеулерде ұлттык идея мәселесіне жан-жақты көзкарастар көп. Арапов М. В. және Мирский Э. М. "ұлттық идея қоғамдағы және оның ұяшықтарындағы саяси күштердің бәсекелестіктерінің накты шекарасын белгілейді, ал оның арғы жағында қоғамның, тіпті тұтастай алғанда, мемлекеттің аталмыш ұяшықтарының тұтастығына қауіп тендіретін қақтығыс бар. Ұлттық идея оларга тарихи оқиғалар, жеке атаулар ретінде мәртебе берілген көптеген ғасырлар бойы сүзгіден өткен шешімдерді қабылдау мен жүріс-тұрыс моделі ретінде қолданылатын образдардан жинақталады, ал бұлар, өз кезегінде "біздің территория"І түсінігін қалыптастыратын ұлттық пантеонды, топонимдерді құрайды" деп есептейді .

К. Г. Красухин ұлгтық идея - бұл белгілі бір идеалогиялық конструкция, ол ұлттың өзін-өзі тануы процесіне әсер ете отырып, оның күнделікті өмірге және болашақ дамуға байланысты стеротиптерін көрсетуі керек деп жазды .

Уақытында көптеген елдерде әр түрлі ұлттық идеялар калыптасты. Соның бірі Ресейдегі "орыс идеясы". Оның мағынасы мен мазмұны туралы Д. Д. Драгунский былай дейді: "Бұл орыстардың өздерін және әлемдегі өздерінің ерекше орындары туралы түсініктері. Алайда, орыс ойы өзіне емес, ездерінің әлемдегі алатын орындарына баса назар аударады - орыстардың өзіндік бітімі орыс мақсаты аркылы анықталады. Яғни Орыс идеясы түпкілікті нәтижеде ерекше миссия идеясына тұғырланады" .

Әдетте әр түрлі көзкарастардың калыптасуына қоғамдағы саяси топтардың қоғамдағы орны мен білім дәрежесі, саяси мәдениеті әсер етеді. Міне осыдан келіп негізгі басты идея мен сол идеяны жүзеге асырудың жолдарын ұсынған идеялардың жиынтығы-идеология пайда болады.

Идеология - бұл ұлттық идея негізінде калыптасқан және оны жүзеге асырудын әр түрлі жолдарын негіздеген идеялық ағымдар. Сондықтан да әр түрлі елдерде тарихи, саяси жагдайларға байланысты әр түрлі идеологиялар калыптасады. Ұлттық идеологияны жүзеге асыруға әр түрлі әлеуметтік топтар өз мүдделерін сақтай отырып атсалысатын болғандықтан олардың ұлттык идеяны жүзеге асыру жолдары да әр түрлі болады және соның негізінде әр түрлі идеологиялар қалыптасады. К. Манхейм мүдделер қарама-қайшылығын идеялар қарама-қайшылығына айналдыратын интелектуалдар деп есептейді. Неміс ғалымы У. Матц идеология - бұл коғам дағдарысқа ұшырап, сүйеніш іздеген кезде кездейсоқ табыла қалған барлық іспеттес деп суреттейді.

Идеология ұғымы ғылыми айналымда XIX г. бірінші жартысында пайда болды және оны ұсынған француз философы және экономисті А. Траси болды. Ол "егер біз оның тақырыбын және жалпы грамматикасын алатын болсақ, егер біз оның құралына, логикасына мән беріп, оның мақсатын қарастыратын болсақ, онда бұл ғылымды идеология деп атауымыз керек" деп жазды.

Е. Савеленок "идеология ұғымы" эволюциясын үш кезеңге бөледі: 1) идеялар туралы ғылым, олардың пайда болуы және қоғамның даму тәжірибесінде пайдалану зандылыктарын зерттейді (XIX ғ. басы) ; 2) қоғамдағы әр түрлі теориялар мен көзкарастардың саяси- әлеуметтік бағыттарын анықтайтын ұғым ретінде (XIX ғ. - казірге дейін) ; 3) Идеология зерттеу пәні ретінде және әлеуметтік ғылымдарда кұралдык ұғым ретінде (Манхеймнің "білім социологиясы және т. б. ) .

Ал енді идеология туралы Батыс зерттеушілерінің анықтамаларын бірнеше топтарға бөлуге болады

Ғылыми бағыттар мен мектептер: Ғылыми бағыттар мен мектептер
Аныктамалары: Аныктамалары
Ғылыми бағыттар мен мектептер: Позитивистер (Манхейм К., Поппер К., Топич Э. және т. б)
Аныктамалары: "жалған сана", яғни қүндылыктар субъективті
Ғылыми бағыттар мен мектептер: Антипозитивистер немесе феноменологиялық багыт (А. Шюц)
Аныктамалары: күндылықтар мен идеялар объективті
Ғылыми бағыттар мен мектептер: Неомарксистер
Аныктамалары: өмірдің өзі жалган болғандыктан идеология да жалған болуы мүмкін
Ғылыми бағыттар мен мектептер: Солшыл радикалдық социология өкілдері
Аныктамалары: Идеология -әлеуметгік топ-тардың саяси мүдделерінің теориялык көрінісі

Идеологияны "жалған сана" деп есептейтіндер негізінен идеологиялардың негізін құрайтын кұндылықтардың субъективті екендігіне байланысты осындай тұжырым жасап отыр. К. Маркс идеологияны "иллюзия" деп есептеді. Ресей зерттеушісі А. Б. Баллаев К. Маркстің "Неміс идеологиясы еңбегінде идеология ұғымы "дәуірдің" өзі туралы иллюзиясы немесе "ұлттың" өзі туралы иллюзиясы түрінде пайдаланылған деп есептейді. Бұның өзі К. Маркстін қоғамдық құндылықтарды субъективті деп есептегенін білдіреді . Жоғарыда аталған көзқарастар, әсіресе фашизм мен коммунистік идеологиялардың кері жактары уақытында идеологияга деген сенімсіздікті тудырғаны белгілі.

Идеология тарихына шолу жасай отырып, Е. Савеленок кейінгі кезеңде идеологаяға деген көзкарастың біршама өзгергенін атап өтеді. Сондықтан да қазіргі кезеңде "реидеологизация" концепциясы, яғни "идеологияға кайта оралуға" шықырған концепциялар көбейіп келе жатыр. Бұл концепцияларда идеологияның практикалық жағына, қоғамдағы роліне көбірек мән берілген. Мысалы, Л. Браун идеология қоғамдағы психопатологиялық шиеленісті шешуші құрал ретінде есептесе, ал П. Ансар идеология-бұл казіргі тәртіпті интеллектуалдық ақтау деп есептейді. Т. Парсонс идеологияны қоғамды топтастырушы роліне мән береді .

Идеология туралы пікірталас қазіргі кезеңге дейін толастамай отыр. Бірақ соған карамастан идеологияның қоғамдағы ролін ешкім де жоққа шығара алмайды. Сондықтан да біз идеология дегеніміз коғамдағы саяси күштерді немесе жалпы ұлтты белгілі бір саяси-экономикалық, рухани мәселелерді шешуге жұмылдыратын, тұлғаның іс-әрекет жөне ойлау жүйесіне әсер ететін идеялар жұйесі деп есептейміз. Жалпы идеологияны саяси жөне ұлттык идеология деп шартты түрде екіге бөлуге болады. Саяси идеологияларға біз мемлекеттің роліне, меншіктің түріне, әлеуметтік топтардың қоғамдағы роліне байланысты калыптасқан саяси ағымдарды жаткызуға болады. Мысалы, В. П. Пугачев пен А. И. Соловьев казіргі кезеңдегі идеологиялық ағымдарға мынадай саяси идеологияларды жатқызады: либерализм мен солиберализм, консерватизм жөне неоконсерватизм, социализм, социалдемократия, фашизм.

Саяси идеологиялардың әр тұрлі қоғамдағы ролі мен ықпалының да әр түрлі болуы ұлттық идеяға жөне қоғамдағы әлеуметтік топтардың арасалмағына байланысты болып келеді.

Саяси идеологиялардың әр түрлі қоғамдағы орны мен кадрлары да әр түрлі. Ол көп жағдайда сол қоғамның тарихи даму эволюциясына, саяси-әлеуметтік жене экономикалық жағдайына байланысты болады. Мысалы, американдык зерттеуші, профессор Л. Дж. Р. Херсон АҚШ-та консерваторлар мен либералдарға бөліну шартты түрде және ол көп жағдайда 4 өлшемге байланысты ғана пайда болады деп есептейді. Бірінші өлшем-меншік пен рынокка байланысты мәселелер (үкіметтін рынокты бакылауға алу керек пе?, экономикалық процеске араласу кажет пе, жұмыссыздық мәселесі және т. б. ) . Екінші: мемлекет пен жеке адам құұығы. Үшінші, өндірілген өнімге, қызмет сапасын үкімет реттеуі керек пе әлде рынок өзі реттей ме? Төртінші, әлеуметтік әділдік мәселесіне мемлекет кандай дәрежеде араласуы керек .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ұлттық идеологияның негізгі мәселелері
Саяси сана жайлы
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет туралы ақпарат
Халықтық құқықтық сана
Мемлекеттік идеология және ұлттық рух
Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы
Саяси мәдениеттің қазіргі қоғамдағы орны
Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің негізін құру
Саяси идеология түрлері
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz