Қазақ театрының шығу тарихы



Жоспар
І Кіріспе
Қазақ театрының шығу тарихы
ІІ Негізгі бөлім
1. Оңтүстік Қазақстан Облыстық Жұмат Шанин атындағы қазақ драма теарты, оның мәдени өрісі
2. Тарихи және классикалық шығармалардың сахнаға қойылуы және олардың тәрбиелік мәні.
3. Бүгінгі күн көрсетілімдері, жастардың қызығулары.
ІІІ Қорытынды (Жалпы қорытындылау, ұсыныстар)
Кіріспе
Республикамыздағы байырғы өнер шаңырақтарының бірі - Оңтүстік Қазақстан облыстык Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театры. Барлық өнер ұжымдары сияқты өсіп-өркендеудің қиын да күрделі жолын бастан кешіп өткерген өнер ордасы- Шымкент театры бұл күнде биік белеске шыққан кезі. Ол өзінің ірге тасын ел басына туған тауқымет кезең, ашаршылықтан соң қалады. 1934 жылы Шымкент қаласында театр ашу туралы қаулы қабылданғаннан кейін, ақпан айында алғашқы ұйымдастыру шаралары қолға алынып, сәуір айында осы заман тақырыбына арналған Ғұзайыр Жасақбаевтың "Замана заңы" атты шығармасымен театр тұңғыш рет шымылдығын ашты. Содан бері айтулы театрға жетпіс төрт жыл толыпты. Бұл уақыттың әрбір жылындағы бедерлі өрнектері өнерсүйер қауымға әбден етене таныс.
Енді оның жүріп өткен, өнер тарихына бір ауық көңіл тоқтатып көз жүгіртейік. Өнер ұжымының алғашқы құрамында Бәйкенов Райысқан, Мәдіходжаев Тәкен, Батырғалиева Гүлжамал, Шериязданова Фаузия, Даукенова Акбөпе, Жасенов Парух бастаған 20-25 адам болды. Республикамызда ежелден етек алып дәстүрге айналған театрлардағыдай өзінің байырғы ұлттық маман актерлері болмағанын ескерсек, сахара жұртына сыры бейтаныс театрдың қалыптасуы кезеңіндегі кедергілердің тууы өзінен-өзі түсінікті, әрі заңды. Театр жұмысында көркемөнерпаздық белең алып, көзге тұрды. Өйткені қай жұмыс болмасын, бәрін де артынып-тартынып артистердің өздері істеді. Актер де, суретші де, көлік жүргізушісі де, тіпті тебен шаншыған тігіншіге дейін өздері еді. Осындай қысқа жіп күрмеуге келмей жатқан ауыр кезеңде репетиция да самарқау жүріп, жұмыс реті көбіне-көп режиссерсіз өткізіліп жүрді. Тек қана құштарлық болмаса өнер мектебі дегенді көріп, білмеген балаң ұжымының алғашқы ойындарына актерлер арасынан

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
Қазақ театрының шығу тарихы
ІІ Негізгі бөлім
1. Оңтүстік Қазақстан Облыстық Жұмат Шанин атындағы қазақ драма теарты,
оның мәдени өрісі
2. Тарихи және классикалық шығармалардың сахнаға қойылуы және олардың
тәрбиелік мәні.
3. Бүгінгі күн көрсетілімдері, жастардың қызығулары.
ІІІ Қорытынды (Жалпы қорытындылау, ұсыныстар)

Кіріспе
Республикамыздағы байырғы өнер шаңырақтарының бірі - Оңтүстік
Қазақстан облыстык Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театры. Барлық өнер
ұжымдары сияқты өсіп-өркендеудің қиын да күрделі жолын бастан кешіп
өткерген өнер ордасы- Шымкент театры бұл күнде биік белеске шыққан кезі. Ол
өзінің ірге тасын ел басына туған тауқымет кезең, ашаршылықтан соң қалады.
1934 жылы Шымкент қаласында театр ашу туралы қаулы қабылданғаннан кейін,
ақпан айында алғашқы ұйымдастыру шаралары қолға алынып, сәуір айында осы
заман тақырыбына арналған Ғұзайыр Жасақбаевтың "Замана заңы" атты
шығармасымен театр тұңғыш рет шымылдығын ашты. Содан бері айтулы театрға
жетпіс төрт жыл толыпты. Бұл уақыттың әрбір жылындағы бедерлі өрнектері
өнерсүйер қауымға әбден етене таныс.
Енді оның жүріп өткен, өнер тарихына бір ауық көңіл тоқтатып көз
жүгіртейік. Өнер ұжымының алғашқы құрамында Бәйкенов Райысқан, Мәдіходжаев
Тәкен, Батырғалиева Гүлжамал, Шериязданова Фаузия, Даукенова Акбөпе,
Жасенов Парух бастаған 20-25 адам болды. Республикамызда ежелден етек алып
дәстүрге айналған театрлардағыдай өзінің байырғы ұлттық маман актерлері
болмағанын ескерсек, сахара жұртына сыры бейтаныс театрдың қалыптасуы
кезеңіндегі кедергілердің тууы өзінен-өзі түсінікті, әрі заңды. Театр
жұмысында көркемөнерпаздық белең алып, көзге тұрды. Өйткені қай жұмыс
болмасын, бәрін де артынып-тартынып артистердің өздері істеді. Актер де,
суретші де, көлік жүргізушісі де, тіпті тебен шаншыған тігіншіге дейін
өздері еді. Осындай қысқа жіп күрмеуге келмей жатқан ауыр кезеңде репетиция
да самарқау жүріп, жұмыс реті көбіне-көп режиссерсіз өткізіліп жүрді. Тек
қана құштарлық болмаса өнер мектебі дегенді көріп, білмеген балаң ұжымының
алғашқы ойындарына актерлер арасынан

Қорытынды
Еліміздің егемендік алып, дербес мемлекет болуына байланысты,
қоғамдағы саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени рухани өзгерістер
халқымыз тарихы мен тағдырын, әдебиеті мен өнерін қоғамдық мұраттарға
сәйкес, жаңа мазмұнда қайта қарауды талап етіп отыр.
Мәдениет пен білім саласындағы мемлекеттік заңдар мен ресми құжаттарда
республикамыздың болашақ тұтқасын ұстағалы отырған жастардың имандылык-
эстетикалық тәрбиесіне, халқымыздың рухани мәдениетінің бастауларынан нәр
алып өсуіне және туған елі мен жеріне азаматтық сүйіспеншілік қасиеттерге
тәрбиелеуге айрықша назар аударылған.
Театр - өзге өнер түрлеріне карағанда табиғаты ерекше, өзгеше өнер.
Оның туындысы қойылым - көпшілік күшімен, яғни шығармашылық ұжымдық жұмыла
еңбек етуімен өмірге келетін қиын процесс. Драматург, режиссер, суретші,
композитор, гример, декоратор, жарық беруші, актер, қойылым меңгерушісі,
киім тігушіден, есік көзінде тұрып көрермендерді қарсы алушы бақылаушыға
дейін ортақ іс-спектакльдің өмірге келуіне өздерінің шығармашылық күш-
қуатын арнап, аянбай еңбек етеді. Сахна өнері саласында шынайы өнер
туғызушылар жеке-дара емес, біртұтас ансамбльден құралған үлкен топ -
шығармашылық ұжым болып саналады. Осындай шығармашылық ұжымдардың бірі
-ұлттық театр саласынын қалыптасуына үлкен үлес қосқан әйгілі режиссер,
актер, драматург еліміздегі тұңғыш мемлекеттік театрдың ұйымдастырушысы
Жұмат Шанин есімімен аталар Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма
театрының ашылғанына 2008-ші жылы жетпіс төрт жыл толыпты. Жетпістен
желпініп асып тұрған шығармашылық театр ұжымы үшін бұл аз мезгіл емес. Осы
жылдар аралығында театр бір емес, бірнеше көрермендерді сұлулық пен
сусындатты.

III- тарау Бүгінгі күн көрсетілімдері
Ұлттық театрымыздың қалыптасуына үлкен үлес қосқан халық таланттарының
қатарынан Ж.Шанин есімі ерекше. Режиссер, актер, драматург еліміздегі
тұңғыш мемлекеттік театрын ұйымдастырушы Ж.Шанин есімімен аталар ОҚО қазақ
драма театрының ашылғанына биыл 74 жыл толыпты. Жетпістен желпініп асып
тұрған шығармашылық театр ұжымы үшін аз мезгіл емес. Осы жылдар аралығында
театр бір емес, бірнеше көрерменді сұлулық әлемінің қыр-сырынан сусындатты,
бірнеше ұрпакты тәрбиеледі. Республикадағы ең іргелі шаңыраққа айналды. Бұл
мерзім ішінде қандай театр болса да, дамудың басты кезеңдерінен өтіп,
кәсіптік қалыптасу мен есеюдің белгі сипаттары танылары даусыз.
Белгілі театр сыншысы Ә.Сығайдың Театр - тірі құбылыс. Көтеріледі.
Құлдырайды. Әуелейді. Бәсейеді. Бірақ ол құламайды, әлсіремейді. Өйткені,
оның өміршең ағзасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Қазақ ұлттық драма театрының қалыптасуы мен дамуы
Мектепте қуыршақтар театрын жандандыру
Әшірбек Сығай – сыншы
Қазақ музыкасының, операсының дамуы жайында
ТЕАТР ӨНЕРІ АРТ - МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕІЗДЕРІ
ТЕАТР ӨНЕРІ АРТ - МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
БӨЛІМ ҚАЗАҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы
Актерлік өнердің тарихы
Пәндер