Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан (1693 — 1748)



МАЗМҰНЫ


Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Шыққан тегі
2. Саясаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.
Жошының бірінші ұлы Орда-Еженнен тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы.
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды.
18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді:Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ.
Пайдаланған әдебиет

1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
2. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
3.Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы
оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова
А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
4. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011.
5. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
6. «Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997;
7. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Шыққан тегі
2. Саясаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) —
хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда
батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы
шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.
Жошының бірінші ұлы Орда-Еженнен тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы
сұлтанның баласы.
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің
қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай
батыр тағайындалды.
18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар
тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл
сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған
Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен
көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес
ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр
болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен
қанды шайқас жүргізді.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және
білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда
билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас
қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін
1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша
түйіндейді:Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай
жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға
келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ.

Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан
(1693 — 1748)
Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы
лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы
қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін... Кіші орда оны хан сайлады.
Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу
қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен
патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол
жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты
өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын
экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде
жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы
халық жұмыла көтерілді.
Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға
қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік
шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды
тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті
кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.
Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды
тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға
байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына
келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз
әскерімен Кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының
жасақтары ыдырай бастады.
Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана
бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап
болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды. Тығырыққа
тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына
еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 жылы күзінде елші жібереді.
1731 жылы Ресей сыртқыістер министрлігінің М. Тевкелев бастаған
елшілігі Ырғыз өзенінің бойындағы Майтөбе деген жерде отырған Әбілқайырдың
ордасына келіп, қазақ ұлысын Ресей құрамына алу туралы келіссөз жүргізді.
Әбілқайыр 1731 жылы қазанның 10 Ресей империясының қарамағына
кіргендігі жөнінде ант берді. Бұл антты 1738, 1740, 1742 жж. қайталады. Ант
беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттар мен Еділ
қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен
жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай
өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты
балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге
асырмақ болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да
ойлады.
Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей
отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербор сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің
саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып
алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Ивановнаның,
кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес
саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары
отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Орыс үкіметімен әр
түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан
Серенмен (пәренмен) астыртын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы
әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты.
1740 жылы Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның
Нәдір шахынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің
қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-
қатынас жасады. Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде
түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Қарашаш — Әбілқайырдың қызы.
Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ
даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды (1735) өзі ұсынды.
1737—38 жж. башқұрт халқының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбілқайыр хан- Кіші жүз ханы
Ресейдің Кіші жүзді құрамына қосып алуы. Әбілқайыр қолбасшы, билеуші, саясаткер
Әбілқайыр хан туралы
Әбілқайыр хан
Әбілқайыр хан туралы
Керей хан - қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748)
Қазақ хандары жайлы
Әбілқайыр хан (1693 - 1748)
Кіші жүз ханы - Әбілхайыр
Пәндер