Психология пәні
Жоспар:
І. Кіріспе
Психология пәні
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.ХІ.ХІV ғасырлардағы Қазақстандағы психологиялық идеялар
2.2.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары
2.3.ХХ.ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламаларымен қоғам қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары
ІІІ. Қорытынды
Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы

Психология - психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зеттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады.Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажыратын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі— «псюхе» (жан), екіншісі – «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз « жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы жаңсақ сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша, адамда тәннен тәуелсіз «жан» болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық психикалық тіршілігінің иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болған.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы күш бар, ал жан болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистік пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан аралының ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының инцеецтері «лоакаль» деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің,ғ бейненің ұғымын береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы— адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде, яғни жан мен тәннің бір-бірімен байланысын дұрыс ажырата алмай, оны өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы аристотель (384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен аралас, астарлас дамып келді. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан была қарай ғалымдар жан құбылыстарын эксперимент жүзінде әртүрлі құрал- жабдық, аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды.
Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы екі бағыттың материализм, идеализм ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшылдарыының бірі Демокрит (460-370) сол кездің өзінде-ақжанды оттың атомарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше « жан мәңгі өлмейді, өшпейді»,- деп тұжырымдады,
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материалдан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші бір түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді әрмен қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі— шамамен 2500 жылға созылған, көшбасшысы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресеі философиямен қосақтаса дамып келген. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды,
Жан мен тән, олардың ара қатынастары туралы ілімдердің тарихы өте әріден басталады. Біздің жыл санауымызға дейінгі мыңдаған жылдар көлемінде ежелгі Шығыс елдерінде қазіргі ғылым-білімнің негіздері, ілкі бастаулары қалан бастады, Мәселен, адамның жан дүниесін жүректің басқаратыны, организмнің жеке мүшелерімен қызметтері, мұндағы қан айналысымы түрлі сүйықтар қызметіне байланысты екендігі туралы үнді ойшылдарының пікірлері ерекше назар аудартады. Сондай-ақ ғылым-білімнің бес мың жылдық тарихы Қытай елінде де адам темпераменттер туралы психофизиологиялық түсініктер, әсіресе Конфуцийдің (551-479) психологиялық қасиеттердің туыстан берілетін, оны кейіннен сыртқы орта бұзатындығы жәйлі, моральдық-этикалық түсініктері, қазіргі психологияның отаны деп жүрген грекиядағы антикалық дәуірінен әлде қайда бұрынырақ айтылған түйіндер еді. Бірақ біз осы заманғы психологияның ілкі бастауы Аристотельден басталады дейтін себебіміз – оның «Жан туралы» тркататының

Пайданылған әдебиеттер тізімі
1. Т.Тәжібаев. Жалпы психология, Алматы 1993
2. Ж. Аймауытұлы. Психология Алматы Рауан 1995
3. Қ. Жарықбаев. Жантану Алматы Білім 1993
4. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология Алматы, Мектеп 1966
5. Ә. Алдамұратов. Жалпы психология Алматы Білім 1966
1. Т.Тәжібаев. Жалпы психология, Алматы 1993
2. Ж. Аймауытұлы. Психология Алматы Рауан 1995
3. Қ. Жарықбаев. Жантану Алматы Білім 1993
4. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология Алматы, Мектеп 1966
5. Ә. Алдамұратов. Жалпы психология Алматы Білім 1966
Жоспар:
І. Кіріспе
Психология пәні
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.ХІ-ХІV ғасырлардағы Қазақстандағы психологиялық идеялар
2.2.ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық
көзқарастары
2.3.ХХ-ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ ғұламаларымен қоғам
қайраткерлерінің психологиялық көзқарастары
ІІІ. Қорытынды
Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы
Кіріспе
Психология - психикалық құбылыстардың пайда болу, даму және
қалыптасу заңдылықтарын зеттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады.Олар көпшілігімізге
өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір
қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажыратын да, білетін де сияқтымыз.
Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-
жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың
өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы
қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының
бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психология термині
гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі— псюхе (жан), екіншісі –
логос (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз жан туралы ілім деген ұғымды
білдіреді.
Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы жаңсақ сенім-нанымдар мен
кейбір зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер бойынша,
адамда тәннен тәуелсіз жан болады, мәңгі-бақи жасайтын жан адамның барлық
психикалық тіршілігінің иесі де, себепшісі де. Жан туралы осындай жалған
түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне
алмауы себеп болған.
Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бір
сиқырлы күш бар, ал жан болса, соның бір көрінісі, ұйқы кезінде ол денеден
уақытша шығып кетеді де, адам оянған кезде қайтып келеді, егер келмей
қалса, адам өледі деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистік пікірлер
кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі. Мәселен, Лусан
аралының ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткені олар ұйқы
кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді. Тасманиялықтардың тілінде
жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі, өйткені олардың ойынша, жан
мен көлеңке бір іспеттес нәрсе. Абипон тайпасының инцеецтері лоакаль
деген сөз арқылы көлеңкенің, жанның, дыбыс берудің,ғ бейненің ұғымын
береді. Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы—
адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде,
яғни жан мен тәннің бір-бірімен байланысын дұрыс ажырата алмай, оны
өлгеннен кейін денеден шығып кететін, мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп
ұғынудың нәтижесі еді.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы
аристотель (384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған
осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен аралас, астарлас дамып келді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан была қарай ғалымдар жан құбылыстарын
эксперимент жүзінде әртүрлі құрал- жабдық, аспаптардың көмегімен зерттей
бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп,
тәжірибелік ғылым ретінде дамыды.
Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы екі бағыттың
материализм, идеализм ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек
ойшылдарыының бірі Демокрит (460-370) сол кездің өзінде-ақжанды оттың
атомарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін,
оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол
заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347) керісінше жан мәңгі
өлмейді, өшпейді,- деп тұжырымдады,
Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам
дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай
кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)
дүние- материалдан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші бір түрге
көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші
бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс
пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274) жанның мәңгі
өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді әрмен
қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның
біріншісі— шамамен 2500 жылға созылған, көшбасшысы Аристотельден басталатын
жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде
психология басқа ғылымдармен, әсіресеі философиямен қосақтаса дамып келген.
Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы В.Вундт
(1832-1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес
эксперименттік ғылым болуына себепкер болды,
Жан мен тән, олардың ара қатынастары туралы ілімдердің тарихы өте
әріден басталады. Біздің жыл санауымызға дейінгі мыңдаған жылдар көлемінде
ежелгі Шығыс елдерінде қазіргі ғылым-білімнің негіздері, ілкі бастаулары
қалан бастады, Мәселен, адамның жан дүниесін жүректің басқаратыны,
организмнің жеке мүшелерімен қызметтері, мұндағы қан айналысымы түрлі
сүйықтар қызметіне байланысты екендігі туралы үнді ойшылдарының
пікірлері ерекше назар аудартады. Сондай-ақ ғылым-білімнің бес мың
жылдық тарихы Қытай елінде де адам темпераменттер туралы
психофизиологиялық түсініктер, әсіресе Конфуцийдің (551-479) психологиялық
қасиеттердің туыстан берілетін, оны кейіннен сыртқы орта бұзатындығы жәйлі,
моральдық-этикалық түсініктері, қазіргі психологияның отаны деп жүрген
грекиядағы антикалық дәуірінен әлде қайда бұрынырақ айтылған түйіндер еді.
Бірақ біз осы заманғы психологияның ілкі бастауы Аристотельден басталады
дейтін себебіміз – оның Жан туралы тркататының бізге жеткендігінен болса
керек.
Негізгі бөлім
Халқымыздың ХІ-ХІІ ғасырлардағы тарихынан елес беретін, қоғамдық ой—
пікірлеріміздің төркіндерінің бірінен саналатын көне туындыларымыздың бірі—
Құтадтғу білік.
Бұл—дидактикалық, моральдық— этикалық сарында жазылған шығарма.
Құтадғу білік - түркі сөздері. Мұның біріншісі, Құдатғу, құт,
бақыт, құтты, ал екіншісі сөз - білік, білім, кітап деген
мағынаны білдіреді. Олай болса, Құдатғу білікті қазақша білімді
құтайтушы кітап, бақытқа жетудің ғылымы деуге де болады. Кітап 85
тараудан, 6500 өлең жолынан тұрады. Дастан оқиғасына аз ғана топ қатысады.
Автор мұндағы төрт кейіпкерді төрт кейіпкерді төрт қасиеттің иесі етіп
алады. Дастан төрт кейіпкердің арасындағы бақыт туралы сез жарысына –
диалогқа құрылған. Шығарманың бұл ерекшілігі бізге айтыс жанрының тууы
жайында да көптеген қызықты деректер береді. Кітап Қараханид мемлекетін
нығайту, оның даңқын зорайту мақсатында жазылған. Бұл өлке кезінде
шаруашылығы шарықтап өскен, жазу, сызу өнері дамып, мәдениеті өрлеген,
зиялы оқымыстылары көп ел болса керек. Мәселен, осы қаладан шыққан Қашқари
1072-1074 жылдары Диван лұғат ат түрк, Жамал Қарши (1230-1305),
Мұлхакат ул Сурах атты кітаптар жазған. Құтадғу біліктің авторы
Жүсіптің туып, өсіп, тәрбие алған жері онша қашық емес) сол кезде қаңлы
тайпасының астанасы болған.
1069-1070ж. жазылған. Қолжазбаның авторы жөнінде кітап
кіріспесінің 3-бетінде былай делінген: Бұл кітаптағы өлеңді жазған кісі
Баласағұнда туған. Ол бұл кітапты Қашқар елінде жазып, жазушыға
Қараханидтердің шаһы Тавғаш Арсланхан Бұғра— Те-кинге тарту етеді. Шаһ
ағынның осы дастаны үшін оған Хас-Хаджиб деген атақ береді. Осыдан
барыпжазушының Жүсіп хан— Хаджиб деген атағы жер жүзіне тарап кетеді.
Қолжазбаның түп нұсқасы белгісіз. Бізге оның үш көшірмесі жеткен.
Біріншісі—1439ж. Герат қаласында ұйғыр жазуымен, екіншісі—ХІІ ғасырдың орта
шенінде Мысырда араб жазуымен ХІІ ғасырдың аяғында жазбаша көшірілген
үшінші түрі— 1914 ж. Наманган қаласнан табылған.Құтдатғу біліктіңакадемик
В.В. Радловтың 1890 ж. аударған көшірмесі Қазақ ССР Ғылым академиясының
Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы тұр. Кітапт ың көлемі 200 бет,
әрқайсысы он парақтық 11 дәптерден құралған.
Қазақстанда іргелі ғылыми-зерттеулер соңғы жетпіс жыл көлемінде
ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай,әрине,психология
ғылымына да ортақ болатын. Әрине,осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек
атуына, біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғышарттар сонау ерте
замандардан Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20-жылдарда
біршама жасалған болатын. Мәселен, Бөкей Ордасында шыққан Мұғалім
журналында (1919ж.), Ғ.Қарашаевтің бірнеше пәлсапалық, психологиялық
сипаттағы туындылары, Н.Құлжанованың
Мектепке дейінгі тәрбие (1923ж.), Ана мен бала кітаптарында да
адамның жан қуатары жөнінде қозғалған еді. Қазақстанның сол кездегі
астанасы Орынборда кейіннен сол кездегі КСРО Педагогикалық ғылымдар
академиясының корреспондент-мүшесі болған профессор
В.Я. Струминскийдің Психология кітабының жарық көруі айта қаларлықтай
оқиға болды. Өйткені орталықтан шалғай шетте жатқан Қазақстанда жан
туралы ғылымның іргелі мәселелері Струминский кітабында кеңес өкіметі
тұсында тұңғыш рет күн тәртібіне қойылып еді. Автор психологияны маркстік
тұрғыдан құруға талпынған, бірақ мұнысы ойдағыдай болмады. Өйткені ол
психологияны ғылыми тұрғыдан құруға талпынғанмен, бірақ мұнысы ойдағыдай
болмады. Өйткені ол психологияны ғылыми тұрғыдан баяндаймын деп, механистік
материализмге ұрынады. Мұнысы сол кез жағдайында кешірімді де еді. Кітап
авторының сол кездегі практикалық қызметі қазақ топырағына ғылыми-
психологиялық идеялардың алғашқы ұрығын сепкендігіне еш күмән жоқ. Оның
бұдан басқа бірнеше еңбектері Орынборда шығатын журналдарда жарияланды, сол
кездегі мұғалімдердің кәдесіне жарады. Осы кездері Ташкентте
П.Н.Архангельскийдің Жұма оқулары дейтін шағын еңбегі қазақ тіліне
ықшамдалып аударылды. Сол жылдары қазақтың біртуар ғұлама ғалым
қайраткерлері А. Байтұрсынов, Н. Құлжанова, М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.
Дулатов, Х. Досмұхамедов, т.б. педагогика мен психология саласында бірнеше
төлтума еңбектер жазды.
Отызыншы жылдары қазақ психология ғылымының жекелеген мәселері
Ә.Сыдықовтың (1898-1982ж.ж) С.Қожахметовтің (1910-1945ж.ж.), С.
Балаубаевтың (1902-1972ж.ж) педагогикамен астарластыра жазған бірнеше
кітапшалары мен мақалаларында жарық көрді. Сол жылдары Жаңа мектеп
журналының беттерінде қазақ психологтарының аға буын өкілдерінің бірі—
С.Балаубаевтың бірнеше мақалалары басылды. Мәселен, оның Қиын балалар
атты мақаласында жас өспірімдердің психологиясындағы кейбір ұстаз бен ата-
анаға тәрбие процесінде қиындық келтіретін кейбір жайттар талдауға алынып
сөз болады. Мәселен, мұнда жас өспірімдердің организмінде болатын жыныстық
дамудантуындайтын биологиялық өзгерістер, сондай-ақ кейбір ақыл-ойы кеміс
балалардың түрлі топтарға бөлінетіндігі жөнінде кең түрде әңгімеленеді.
Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейін психологиялық мазмұны
терең,іргелі,қомақты еңбектер жарияланған жоқ. Өйткені бізде осы ғылымның
теориялық жақтарын насихаттайтын ғалымдар ол кезде саусақпен санарлық еді.
1938 жылы Т.Тәжібаев Ленинградтан диссертация қорғап, Алматыға
оралған кезден бастап психологиялық тақырыпқа жазылған төл еңбектер жиі
көріне бастайды.
Қазақстанда 1935-1948 жылдары арасында аты бүкіл әлемге әйгілі,
Ресейдегі педагогикалық психлогияның негізін салушылардың бірі— профессор
А.П.Нечаев (1870-1948ж.ж.) қызмет етті. Нечаев елу жылдан астам психология
саласында белсенді қызмет еткен, аты әлемге әйгілі ғалым еді. Ол
араласпаған психология саласы кемде-кем. Ғалым көп жылдар бойына адамның
есте сақтау ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде тексеріп, оны мектеп
практикасына ендіруді көздеді, яғни психологияның қолданбалы салаларынан
дамытуға зор еңбегін сіңірді. Ол—елуден астам кітаптың, жүздеген ғылыми
мақалалардың авторы. Олардың кейбірі:
Қазіргі эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысты
(1908ж.), Кітапхана ісінің психологиялық мәселері (1922ж.), Дене
тәрбиесінің психологиясы (1928ж.), Техникалық өнертапқыштардың
психологиясы (1928ж.),
Ес және оны тәрбиелеу(1930ж.),т.б. Ол өмірінің соңғы жылдарында Семейдің
Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында психология пәнінен сабақ
берді, сырттан оқитын студенттерге арнап, Психология оқулығының
қолжазбасын даярлады. Оның 1940 жылы жазып бітірген
Психофизиологиялық синдромдар жүйесі атты еңбегін еліміздің көрнекті
психолог ғалымдары академиктер Д.Н.Узнадзе мен К.Н.Корнилов өте жоғары
бағалады. Оған осы еңбегі үшін диссертация қорғатпай-ақ, педагогика
ғылымдарының докторы атағы берілді. Қазақстанда психология ғылымының өркен
жаюына осы ғалымның да зор шапағаты тигені даусыз.
Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасаған
басқа факторлар да аз болған жоқ. Соның бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында
Алматыда, сондай-ақ республиканың кейбір облыс орталықтарында Ресей,
Украина, т.б. жерлерден уақытша көшіп келген белгілі ғалымдар қызмет еткені
мәлім. Бұлардың арасында психология ғылымының көрнекті өкілдері де бар
еді. Мәселен, ҚазПи-де профессор-психолог М.П.Рубинштейн, Қызылордада-
белгілі украи н психологы, кейін академик болған Г.С. Костюк, Қостанайда
профессор В.Я.Резник, т.б. жұмыс істеді. Олар жергілікті ғалымдармен
бірлесіп бірнеше еңбектер жазды. Мәселен М.П.Рубинштейннің Батылдық
психологиясы атты зерттеуі кезінде баспасөз беттерінде жылы лебіз
білдірілді. Республикадағы психология ғылымы әсіресе соғыстан кейінгі
жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Оған да бірнеше сәтті жағдайлар
себеп болды. Мәселен,1947 жылы ҚазПи-де республика бойынша тұңғыш
психология кафедрасы құрылды.1946 жылғы БК (б) Орталық Комитетінің орта
мектептерде логика мен психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім
ашылды.1951-1953 жылдар арасында осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықты.
Оның көпшілігі психологиядан мамандық алып, республиканың жоғары және орта
арнаулы оқу орындарына мұғалімдік қызметке жолдама алды. Республика үшін
психолог кадрларды дайындаудаоқыту жөніндегі проф. Т.Тәжібаевпен бірге
соғыс жылдары Саратовтан келген проф. И.Л. Стычинский (1896-1969ж.ж.)зор
үлес қосты. Осы кезде ҚазПи мен ҚазМУ-де психологиядан аспирантура ашылды.
Республикада психология саласныда диссертация қорғаған алғашқы ұлт
кадрлары Е.Суфиев, Ә.Темірбеков, М.Мұқановтар болды. Мәселен, 1952 жылы
Қазақ мектептерінің бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін
меңгеруінің психологиясы атты тақырыпта диссертация қорғады. Мұнда автор
қазақ оқушыларының орыс тілі сабағында ақыл-ойы мен ауызекі сөйлеуінің даму
ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдайды. Автор оқушылардың ұғынуына
қиындық келтіретін кейбір орыс тіліндегі атауларға тоқталып, мұның табиғи—
ғылыми жағын И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негіздей
отырып түсіндіреді, оқушылардың кейбір психикалық функцияларының дамыту,
орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз ұсыныс-кеңестер
береді.М.Мұқанов
Совет жауынгерлерінің ерлік істерінің психологиялық ерекшеліктері
(1953ж.) атты диссертациясында көптеген жергілікті әскери— әдеби архивтік
материалдарға сүйеніп, Ұлы Отан соғысының майдандарында қазақстандықтар
көрсеткен ерлік істерге психологиялық талдау жасаса, Ә.Темірбеков мектеп
оқушыларында отаншылдық сезімінің қалайша қалыптасатындығын зерттеді.
Осы жылдары республиканың психология ғылымы саласындағы сұраныстарына
орайлас бұлардан басқа да бірнеше диссертациялар қорғалды, жеке еңбектер
жарық көрді. Мәселен, Қазақтың Абай атындағы пединститутының ғалымдары
халқымыздың интеллект, ақыл-ой ерекшеліктерін этнопсихология,
этнолингвистика, салыстырмалы психология ғылымдары тұрғысынан зерттей
бастады. Осындай тақырыптардың бірінде Хат танымайтын адамдардың затты
топтастыруының ерекшеліктері (В.В.Стативкин),
Жұмбақты шешудің психологиясы (Қ.Нұрғалиев), Айтыс өнері мен мақал-
мәтелдердегі кісінің ақыл-ой ерекшеліктерінің көрінісі (М.Мұқанов)
зерттелді.Кейіннен психология ғылымының жеке саларынан да зерттеулер
жүргізіліп, бірнеше еңбектер жазылды. Олардың қатарына Ш.Бәймішеваның
Нейропсихологиядағы синдромдық талдау формалары, М.Мұқановтың Қабылдау
мен есту микроструктуралық талдау, Б.Есенғазиеваның Силлогизм және ойды
психологиялық талдау, Қ. Шернияздаеваның
Мектеп жасына дейінгілердің қабылдау ерекшеліктері, т.б. зерттеулерін
жатқызуға болады. Психологияның жекленген салалар бойынша бірнеше
монография жарық көрді. Олардың кейбірі: М.Мұқановтың Педагогикалық
психология очерктері мен Ақыл-ой өрісі, Н.Жанділдиннің Ұлттық
психологияның табиғаты, Ө.Жөкебаевтың Қылмескер мінез-құлқының әлеуметтік-
психологиялық аспектілері, Ғ.Досболовтың Алдын ала тергеудің
психологиясы, Н.Фелифоровтың Басқарудың әлеуметтік-психологиялық
негіздері, В.Яковлевтің Діндардың жан дүниесі, Ә.Алдамұратовтың
Қызықты психологиясы, Р.И.Илешованың Медициналық психология, т.б. Осы
жылдары проф. Қ. Жарықбаев психологиялық еңбектер жариялауда өндіре әрекет
етті. Оның қаламынан 60-90 жылдар арасында Психология (1962ж.), Қазақ
ағартушылары жастар тәрбиесі туралы (1965ж.), Қазақстанда психологиялық
ой-пікірлердің дамуы (1968ж.), Әл-Фараби(1978ж.), Аталар сөзі-ақылдың
көзі(1980ж.),
Ұстаздық еткен жалықпас (1987ж.), Ақылдың кені (1991ж.),т.б. Соңғы
жылдары қазақ халқының сан ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму
жолдарын көрсететін диссертациялар қорғалып, бірнеше төлтума еіңбектер
жарық көрді.1988 жылдан бастап Қазақ, кейіннен Қарағанды, Қазақ
педагогикалық, Шығыс Қазақстан университеттерінде, Ақтөбе пединститутында
психолог кадрлары даярлана басталды. Қазақ тілінде бірнеше психологиялық
төлтума оқу құралдары мен оқулықтар, терминологиялық сөздіктер,
библиографиялық көрсеткіштер, ұлттық психология салаларын арнаулы
дәрістердің бағдарламасы,т.б. басылымдар жарық көрді. Республикадағы
психология ғылымының дамып, өркендей түсуіне: Ойлау және қарым-қатынас
атты бүкілодақтық симпозиумы ( Алматы,1973ж.),
Кісінің белсенділігі және оқыту мәселенің психологиясы атты
республикалық конференция ( Целиноград,1976ж.),
Мектеп реформасының талаптарына орай бала және педагогикалық
психологияның проблемаларын жандандыру ( Алматы,1986ж.), академик
Т.Тәжібаевтың туғанына 80 жыл толуына байланысты өткізілген Қазақстандағы
психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары атты ғылыми-
теориялық конференция (Алматы,1990ж,), сондай-ақ 1992 жылғы Халық
педагогикасы мен психология дәстүрлерінің оқу-тәрбие ісінде қолданылуы
ғылыми-практикалық конференцияның материалдары үлкен демеу болды. Қазірде
психологияның әр түрлі саласынан 70-тен аса ғылым кандидаты мен бес доктор,
профессорлар бар. Бұлардың кейбірі ұлттық психологияның дамуына елеулі үлес
қосып отыр.
Республикада 1958жылдан бастап Қазақ республикалық психологтар қоғамы,
жастар қалалық зерттеу орталығы (1987ж.), Отбасы қызметі атты
консультациялық кабинет жұмыс істейді. Психологиялық проблемаларды зерттеу
ісімен жиырма педагогикалық институт пен бес университеттің арнаулы кафедра
айналысады. Қазіргі кезде үш жүзден астам ғылыми қызметкер психологиялық
зерттеулер жүргізуде, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында студенттерге
дәріс оқумен айналысуда. Бұлардың жетпістен астамы— психология ғылымының
кандидаттары мен доктор профессорлары, Ғылыми кадрлар даярлау ісімен
профессор Қ.Жарықбаев,Н.А.Логанова, Ж.Намазбаева, Б.Хамзин, В.Шабелышков,
т.б. ғалымдар айналысып жүр. Психологияның салиқалы проблемалары Мәскеу,
Киев, Тбилисидегі ғылыми-зерттеу институттарында, университеттер мен
пединситуттардың арнаулы кафедраларында зерттелуде, осы ғылым саласындағы
үздік ғылыми еңбектері үшін С.Л.Рубинштейнге 1940 жылы,Соколянский мен
Мещеряковтарға 1980 жылы Мемлекеттік сыйлықтар берілді. Елімізде психология
кадрлары көптеген университеттерде даярланады. 1957жылдан бастап
психологтардың Бүкілодақтық қоғамы жұмыс істеді. Диссертациялық зерттеулер
үшін психология ғылымының кандидаты, докторы деген арнайы ғылыми атақтар
беріледі.
Киелі қазақ жерінде тәлім— тәрбие саласында сындарлы ой-пікір
айтқан басқа да ғұлама-ғалымдар аз болмаған. Отырардың өзінен 2-3 ғасыр
аралығында ғылымның әр саласынан 12 тұлға шыққандығы таңғарларлық жәйт.
Солардың бірі— лингвист Имад ад-Дин Әбу-л-Қасым әл Фараби (1130-1210)
болатын. Ол ғылым түрлері жайында жазылған Таза шындық атты 50 тараудан
тұратын еңбектің авторы. Оның ықшамдалған нұсқасын ориенталист И. Ф.
Готвальд 1831 жылы Қазанда бастырған.Осы трактатта ақыл мен ғылым, ниет пен
әдет, ашу мен ұят, үлкенді сыйлау, кешірімді болу, жомарттық... Автор,
сондай-ақ, ғылым-білімді игеру жолы, ғалымдарды құрметтеу, сөйлеу мәдениеті
секәлдә жайттарға да біраз тоқталған. Шығарманың түрлі нұсқалары қазірде
Берлин, Кайр, Калькутта қаласының кітапханаларында сақтаулы тұр дейді
профессор Ә. Дербісәлиев.
Жамал Қарши (1230-1315. Шын аты—Абдуфазыл ибн Мұхаммед) Орта азия мен
Қазақстанның Орта ғасырлардағы ғұламалары туралы еңбек жазған, жетісулық
тарихшы. Ол сөз өнерінің білгірі әл— Жауһаридің Тіл тәжі және араб тілі
атты түсіндірме сөздігін парсы тіліне аударған. Мұнда алла тағала,
пайғамбар, патша, уәзір,әкім,әмір т.б. туралы тағылымдық мағлұматтар
беріледі.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ғұламаларының психологиялық
көзқарастары
Осы кезеңде қазақ жерін Ресей империясы түгелдей жаулап алуын
аяқтады. Өлкеге ішкі жақтан қоныстанушылар ағыла бастады. Ел билігімен
қатар, жер билігі де түгелдей патша әкімдерінің қолына көшті, жекеленген
өнеркәсіп орындары, сауда-саттық, ақша қатынасы дами түсті. Патшалық езгіге
қарсы күресте қанаты қатая түскен орыстың төңкерісшіл демократиялық
мәдениеті әр түрлі келімсектер арқылы қазақ даласына еніп, ол бұқара
халықтың жүрегін жылытатынын байқатты. Қала мәдениеттінің ықпалы күшейді,
ғылым мен мәдениетке қазақ жастарының ықпалы арта түсті.
Дала халқының сана-сезімі ояна түскен осынау кезеңде қоғамдық
аренаға халқымыздың аяулы перзенттері— ұлы демократ ойшылдары Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтар шықты.
Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
Шоқан еңбектерінде психикалық мәселелерге байланысты әртүрлі сипаттағы
деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны-
халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшіліктері
туралы мәселе еді,
Шоқан Уәлихановтың пікірінше халықтардың ұлттық психикасын көрсететін
белгілердің бірі— сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері.
Ол сөз өнерін халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің,
ақындық қуаттың белгісі деп санады. Халықтың тұрмысы мен әдет—ғұрпы,- деп
жазды ол, бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өйткені қастерлеу және
аңыздардың молдығы— терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше
қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз
таза тіл...
Шоқан психологияда өзіндік теориялық тұжырымдар ғана жасап қоймай,
өзін шын мәніндегі практик психолог ретінде де көрсете алды.
Көркем очерк түрінде жазылған Шоқан күнделіктері мен жол жазбалары—
Құлжа сапарының күнделігі, Қашқария сапарының күнделігі психологиялық
жағынан құнды дүниелер. Табиғатты көз алдына әкеліп, кісіні қызықтыратындай
бейнелеп жазу, бұларды сол өңірдегі халық әмірімен, жеке адамдардың
қайталанбас өзіндік психологиялық ерекшеліктерімен байланыстыру шеберлігі
жағынан Шоқан күнделіктері Байрон мен Лермонтовтың Кавказ очерктерімен өте
ұқсас және бұлардан еш кем түспейді,-деп жазды Әлкей Марғұлан.
Шоқанның психологиялық пікірлері осы айтылғандармен шектелмейді,
оның мол рухани мұрасында жан сырлары туралы басқа да түйінді ойлар
баршылық.
Ыбырай Алтиынсарин (1841-1889)
Ыбырай Алтынсарин де Шоқан сияқты арнаулы еңбектер жазып қалдырмаған
кісі, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан қоғамдық және
педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты
деректер табылады. Бұл пікірлер оның өзі айналысқан практикалық істерінен
туындаған сияқты. Ой қозғаған осындай түйіндерге: бала және оны тәрбиелеу
жолдары, оқыту процесінің психологиялық, педагогикалық негіздері, мұғалім-
ұстаз проблемалары, қоғамдық психология мәселелері, т.б. жатқызуға болады.
Психология ғылымы—адам өмірінде әр түрлі әдеттің алатын орны ерекше
екендігін, істеген істің жүріс-тұрысың,демалыстың, яғни өмірдің сан алуан
саласының қай-қайсысы да біртіндеп ұнамды, не ұнамсыз әдетке айналып
отыратындығын, бірақ әдеттің де әдеті бар, яғни адамда жарамды жақсы
әдеттермен қатар жарамсыз жаман әдеттер де болатындығын ескертеді.Мәселен,
салақтық- жаман әдет, одан тәнге де,жанға да пайда жоқ. Осы орайда
Ы. Алтынсариннің Салақтық атты әңгімесі жарамсыз әдеттің адамға зиян
екендігін жақсы көрсетеді. Кәрім деген жас жігіт жұмысқа ыждағатты
болғанмен жуынып, таза жүруді білмейді. Ақыры сол тазалыққа бейғамдығының
кесірінен ауырып, қайтыс болады.
Бал жанының зергері Ы. Алтынсарин әңгімелерінің бәрі-бәрі де
балалардың жас ерекшеліктеріне орай, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың
жан-дүниесіне әсер етерліктей етіп іріктелініп алынған. Осы әңгімелерде
мұғалімдер мен ата-аналардың балаларды әр түрлі ізгі қасиеттерге тәрбиелеу
мақсаты көзделеді.
Ы. Алтынсарин көтерген психологиялық мәнді мәселердің енді бір тобы
оның әдістемелік пікірлерімен астарласып жатады. Ыбырай жақсы тәрбиеші ғана
емес, ол сонымен бірге тәжірибелі, ой-пікірі озық мұғалім де еді.
Ыбырай Алтынсарин өз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz