Қазақ тіліндегі араб әдеби кірме сөздері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ тіліндегі араб әдеби кірме сөздері

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

I. Тарау ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы діни араб кірме сөздерінің зерттелуі

1. 1 Қазақ тіліне енген араб кірме сөздерінің қолданылу үрдісі . . .

1. 2 Қазақ тіліндегі араб элементтері және олардың зерттелуі . . .

1. 3 ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы діни араб кірме сөздері . . .

IІ. Тарау «Араб кірме сөздерінің ғылыми терминологиядағы орны»

2. 1 «Терминологиядағы кірме элементтер және Қазақ тіл біліміндегі араб сөздерінің зерттелу жайы» . . .

2. 2 «Араб сөздерінің қазақ тіліне енуінің тарихи себептері» . . .

2. 3 «Кірме терминдердің жасалу жолдары» . . .

III. Қорытынды . . .

Сілтемелер . . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Кірме сөздер. Тіл -тілдің лексикасын байытудың аса өнімді жолы, халықтар мен олардың тілдері қарым - қатынасының айқын көрінісі; мемлекет пен халық пен халық арасындағы экономикалық, саяси мәдени байланыстарының нәтижесі. Осындай қарым - қатынастар арқылы бір тілден екінші тілге көптеген сөз ауысады. Бір тілдің сөздері екінші не үшінші, төртінші бір тілге тікелей де, жанамалап, сатылап та, екінші бір аралық тіл арқылы да сондай - ақ, ауызша да жазба нұсқалар арқылы да ауыса береді. Қазірде дүние жүзінде кірме сөздері жоқ тіл жоқ десе де болады.

Мәселен, француз тілінің этимологиялық сөздігіне 4635 түбір сөз енгізіліпті. Этимологиялық тұрғыдан талдай келгенде, соның 2028 - і латын тілінікі, 925 - і грек, 604 - кейбір герман тілдерінікі, 96 - сы кельт, 154 - і ағылшын, 285 - і итальян, 119 - ы испан, 10 - ы португал, 146 - сы араб; 36 - сы ежелгі еврей; 4 - і венгер; 25 - і славян; 34 - і түркі; 6 - ы африка тілдері, 99 - ы азияның әртүрлі халықтары, 62 - і американ үндістері, 2 - і австралия мен поменезия тілдерінің сөзі екен.

Қазақ тіліне парсы тілі элементтері араб мәдениетінің гүлденуінен әлдеқайда бұрын басталған. Л. Рустемов араб, иран тілдерінен келген кірме сөздердің қазақ тіліне ену мерзімін екі кезеңге бөліп қарайды: бірінші кезең - XVғасырға дейінгі шақ, екінші кезең XVғасырдан Ұлы Қазанға дейінгі уақытты қамтиды. Л. Рустемовше, қазақ тілі сөздік құрамындағы араб, парсы сөздері 17 % шамасында болады екен. Олардың дыбыстық тұлғасы дыбыстық тұлғасы қазақ тілі заңдылықтарына бағынып, тіліміздегі төл сөздер қатарына баяғыда қосылып, әбден кірісіп кеткен. Қазіргі жастар мынау - араб, мынау - парсы сөзі дегенді білмейді. Ондайды білетіндер - илнгвистер ғана. Сонымен бірге қазақ тіліне араб, парсы элементтері тікелей қоян - қолтық араласу нәтижесінде емес, туысқан көрші халықтар арқылы сатылап енген: дәптер, дүние, қалам, қағаз, мектеп, пән, аруақ, аят, ораза, қудай т. б

XIX ғасырда өмір сүрген ақындардың шығармашылығында сол кезеңге тән рухани - мәдени болмысы көрініс тауып, әлеуметтік, қоғамдық - саяси процестер сөйлеу түрі мен жазба тілдің нормаларын қалыптастыруда өзіндік із қалдыру. Атап айтқанда, ескі түркі дәстүрді жалғастырып, сонымен бірге ортаазиялық жазба әдеби тілге тән кірме араб сөздерін тиісті орында қолдана отырып, көркем образ жасаудың қазақ әдебиетінде жаңа үлгілерін ұсынды. Осыған байланысты бұл ақындардың сөз қолданысында өз заманына сай қолданылған рухани - имандылық, мәдени ағартушылық салаға т. б қатысты сөздер мен жаңа оралымдар, олардың поэтикалық қолданысы, қызметі мен ұйқасқа сәйкес сабақтаса тіркесуі көркем образдардың жаңа үлгілері мен көне түркі жазбаларындағы жалғастылық дәстүр ерекшеліктерін оған қоса араб кірме сөздерінің осы ғасырдағы қалданыс үлгілерінің қолданыс барысында қалыптасқан фонетикалық варианттары мен кірме лексикалық бірліктердің барлығы анықталды.

Тақырыптың мақсаты. Лингвистикалық тұрғыдан қарағанда, араб, парсы сөздердің қазақ тілі ғана емес, жалпы түркі тілдері лексикасын молайтудағы рөлін, эволюциясын, әсерін, сөздердің семантикалық жақтан дамуын, орфографиялық, орфоэпиялық, грамматикалық жақтан өзгерісін т. б жайларын ғылыми тұрғыдан білу - қажетті нәрсе.

Араб тектес ономалардың, әсіресе кісі аттарының, о баста белгілі бір мағынасы бар екені мәлім. Бірақ оларды қабылдаған тіл қазірде ондайлардың алғашқы жатпайды, - біртұтас ретінде дайын қалпында қолдана береді. Арғы семантикасына көз жүгіртсек: Низами - арабша нази (бірқалыпты сөз) Науай - арабша бекше мелодикалы, үнді. Хафиз - арабша Құранды жатқа білуші, Хайям - арабша шатыр жасаушы, Саятнова - арабша ән патшасы, музыка иесі т. б.

Араб тектес көптеген онома алғашқы мағынасы мен дыбысталу қалпын қазақ тілі заңына әбден бағындырып, әбден сіңісіп, төл есмідесі болып кетті: Айбарша, Айгүл, Анар, Әуез, Базар, Бақберген, Гүлнар, Дана, Досбол, Ерболат, Жандос, Жақып, Иманжан, Күлаш, Мейрам, Зеркүл, Үміт, Шынар, Ырысжан т. б.

Қазақ - араб әдеби байланыстарын саралау кез келген елдің жеке; оқшау өмір сүрмейтінін, олардың бір - бірімен мәдени - әдеби тығыз байланыста ғана өркендейтінін дәлелдейді;

XX ғасырда жазылған көркем шығармалардағы «шығыстық» деп танылып жүрген сарындардың ішінен таза араб әдебиетіне қатысты мотивтерді ерекше бөліп көрсетуге болады. Бұл ақын - жыраулардың шығармаларындағы имандылық, ағартушылық рухында жазылған өлеңдерінен айқын көрінеді;

М. Көпеев, Ш. Қүдайбердіұлы, М. Байзақов, С. Дөнентаев, А. Байтұрсынұлы шығармаларындағы мысалдардың түп - төркіні араб әдебиетіне барып тіреледі. Олардың көркемдік арнасы, идеялық ұстанымы, сюжеттік бағыты ұқсас болып келеді.

«Мың бір түннің» орысша, арабша, қазақша аудармаларын салыстырғанда, қазақ тіліндегі аударманың көркемдік ерекшеліктері айқындалады; текстологиялық талдаулар қазақша тәржімалардағы аудармашылардың өзіндік қолтаңбаларын анықтайды, нәзирашылдық дәстүрдің сақталатындығын көрсетеді;

Қазақ мысалдарының түп - төркінін анықтап, «Калила мен Димна» мен қазақ қаламгерлерінің мысалдарын салыстыра зерттегенде, олардың сюжеттік, құрылымдық, мазмұндық жағынан бір - бірімен үйлесіп жатқаны аңғарылады. Дегенмен, қазақ туындыларындағы мысалдарды дәл аударма емес, төлтума дүние деп қарауға болады.

Тақырыптың теориялық және практикалық маңызы.

I. Тарау ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы діни араб кірме сөздерінің зерттелуі

1. 1 Қазақ тіліне енген араб кірме сөздерінің қолданылу үрдісі

Ахмет Байтұрсынов жаңа әдебиеттің пайда болуы туралы пікірлерін тұжырымдар жасайды. Мұсылман дінінің күшімен енген араб әдебиеттері әсерінен туған мазмұн, уақиға ауысуы, шығарманың жаңа түрлерінің пайда дамыта келіп, әдеби байланыс, әдеби ықпал орайында дәлді, нақты болуы, бұрынғы үлгілердің соны тақырыпқа қызмет етуі тұжырымды дәлелденеді.

Ал қазақ жерінің отарлануынан кейінгі орыс әсері, Еуропа ықпалы өмірдің барлық саласынан көрінгенін, әсіресе көркем әдебиеттегі өзгерістердің туғанын А. Байтұрсынов жаңа бағыттар, жаңа жанрлық үлгілерді талдау арқылы айқындап береді.

"Әдебиет танытқыштың” үлкен бір тарауы жазба әдебиет мәселелеріне арналған. Ахмет Байтұрсынов негізінен "жазу әдебиет” деген терминді қолданады, кейде "жазба әдебиет” деп айтады. Жазудың қазаққа дін арқылы келгенін кеңінен ұқтыра отырып, осы істегі қожалардың, ноғай молдалардың дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлең арқылы тарату әрекеттерін көрсетеді, олардың ақын болмағандықтан, әңгіменің қисынымен қызықтырып, тамұқ азабымен қорқытып, жұмақ рахатымен үміттендіргенін ескертеді. Қожа, молдалар ішінен Шортанбай, Ақмолда секілді ірі ақындарды көрсетеді.

"Зарқұм”, "Сал-сал”, "Сейфұл-Мәлік” секілді қиссалар аталып, Жүсіпбек Шайхы Ісламұлының "Мұса мен Қарынбай” қиссасы, Шортанбай, Әбубәкір, Молда-Мұса шығармалары талданады.

Кірме элементтердің қазақ тіліне енуі

Қазақ тілінің сөздік қоры да өзінің сан қилы өмір тарихында талай тарихи кезеңдерді басынан өткізгенін ескерсек, осының негізінде тіліміздің сөздік қорына өзге тілдердің көптеп сөз ауысқанын көреміз.

Шығыс халықтары тілдерінен соның ішінде араб, иран тілдерінен сөз ауысу процесін ғалымдарымыз түрліше түсіндіріп жүр. Кей ғалымдар араб, иран тілдерінен сөз ауысуын ислам дінінің келуімен байланыстырса, енді біреулер ертедегі IV ғасырдан бастап ақ керуен саудасы болғанын айтады. Тіпті, оның күшейе бастағаның XIX ғасырдағы қоғамдық - саяси құбылыспен байланыстырады. Осы тұрғыдан алғанда кірме сөздердің қалыптасуымен даму жолдарын қарастырып, тарихи тұрғыдан талдау жасау қашанда маңызды болмақ. Бұл араб сөздері мен иран сөздерінің өзіндік ену жолдары барлығын көрсетеді.

Араб кірме сөздерінің енуі

Күні бүгінге дейін араб шапқыншылығының мақсаты жергілікті бұқараны ислам діні негізінде бағындыруды көздеген делінген тарихи көзқарастар тарих беттерінде тайға таңба басқандай болып көрініп тұр. Біздіңше, бұған тарихи тұрғыдан нақтылап талдау жасау қажет сияқты. Мұнда араб шапқыншылығының мақсаты емес әркезде халифалық құрған халифалардың көздеген жеке көзқарастары мен мақсатына деп білу керек. Оны тарихтағы умеяттар, саманилер, аббасилер заманына көз жүгіртіп қарасақ көруге болады.

Халифалық құрған умеяттар тұсында қатал болды деп жазады біздің тарихшылар. Олар жаулап алған жерлерде жергілікті халықты күштеп бағындырды. Нәтижесінде, Орта Азия жорықтарында түркі тілдес ру - тайпалардың мәдениетін, әдебиетін, жазу - сызуын жойып, жазба ескерткіштерді қиратты деген. Шындығында, бұл солай болуы мүмкін. Алайда, Орта Азия халықтары ең алғаш ислам дінімен умеяттар тұсында қауышты, оны таныды, діннің қыр - сырымен танысты, оның көп тұстарынан хабардар болды деген мәліметтерді де ескеру керек.

Ал саминилердін тұсында діннін таралуына негіз болған діні оқу орындарынын ашылуы. Бұхара, Самарқанд, Ургенч үлкен мәдениет ошағына айналған. Осы қалаларда көптеген медреселер ашылып, тек қана шариғат ілімдері оқытылатын болған. Бұл кезінде ислам дінінің таралуына негізгі арқау болған деуге болады. Мұндай медреселердің ашылып, онда діни мамандарды әзірлеу ислам дінін Орта Азияда таратудың дәуірлегені соншалық, тіпті, халифат заманында да мұншалықты болмаған деседі.

Халифалықтың күрделі аббасилер заманында ислам дініне құрмет көрсетіліп, беделі артыруды мақсат еткен. Ислам тирихын жазу, Құран сүрелерін түсіндіретін тафсирді жазу кеңінен дами бастады, әсіресе аббасилік халифа әл - Мамун тұсында ислам діні үлкен беделге ие болды.

Жалпы алғанда ислам діні тарихи тұрғыдан алып қарағанда күрделі кезең екендігі белгілі. Алайда осындай саясат сөз етіп отырған тілге, сөздік қорына өз кезегінде септігін тигізді. Бұл араб сөздерінің тілімізге енуінің алғашқы дәуірі. Өйткені араб халифаларының жасаған жорықтарының негізгі мақсаты жерді жаулау, дүние алу емес, бейбіт жолмен мұсылмандықты тарату, оны дәріптеп қана қоймай сол дінге енгізу. Ендеше мұндай мақсатқа жетуде түрлі амал - тәсілдердің болатыны жасырын емес. Сол себебпті араб, парсы кірме сөздері тілімізден айтарлықтай орын алды. Олар жазу арқылы енген, яғни қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігіне түспеген сөздер мен қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына бағынып, өзінің алғашқы фонетикалық бейнесін өзгертіп үлгермеген араб, парсы сөздері еді: алхамды, әптиек, беһәне, бейғамал, ғизат, ишарат, жаһил, сабия, сама, талақ, тәркі, тастих, тәкәппар, тәкбір, мизам, мисуақ, мұсибат, фасыл, фитна т. б.

Араб иран сөздерінің қалыптасуына XIX ғасырдағы саяси қоғамдық, діни - ағартушылық құбылыстардың әсері.

XIX ғасырда қоғамдағы саяси құбылыстың тілге де әсері болады, оның ішінде араб, иран кірме сөздерінің кірігіп, қалыптасуына өз кезегінде септігін тигізді. Олай дейтініміз бұл ғасырдың орта тұсында діни сарындағы ағартушылық ағым қарқынды жүрді. Ал өз кезегінде прогресшіл ақындар қоғамдық ақыл -ойға барынша әсер етті. Нәтижесінде саяси - қоғамдық құбылысты діни сарында дәріптеп, суреттеді, оны діннен бөліп алмай қоса сынға алды.

Оған қоса XIX ғасырда оқу - ағарту саласында да бірнеше өзгерістер болды. Оқудың жаңа түрі «усули - жадид» орнықты. Бұл ғасырда мектеп, медреселер ешқандай дүнияуи ғылым - білім, ана тілі, қазақ әдебиеті сияқты нәрселер оқытылмайтын, тек діни сабақтар: араб тілі, ислам дінінің парыз қағидалары оқылатын. Бұл кірме араб, сөздерінің тілімізден орын алуына мүмкіндік жасады. Бірақ Қазақстанның Ресейге қосылуы оқудың жаңа түрлері қалыптастырды. Жоғарыда айтқан усули - жадид ағымының орнығуы нәтижесінде ғана мектеп, медреселерде діни сабақтармен қатар, ана тілі, есеп, география, тарих, орыс тілдері оқытыла бастады. Ал мұндай саясат болса, өз кезегінде кірме сөздердің енуіне тежеу жасады.

Сондықтан XIX ғасырдағы әлеуметтік саяси - қоғамдық ахуал көркем шығармаларға араб және иран элементтерінің бұрынғыдан да көбірек енуіне жағдай жасады десек, онда ол орта тұсына сәйкес келеді. Оның басты себебі діни - ағартушылық ағым, екіншісі оқудың түрлері.

XIX ғасыр ақындары шығармаларының текстологиялық ерекшеліктері.

Дулат, Шортанбай, Мұрат туындылыры өткен XIX ғасырда дүниеге келгендіктен түрлі белестерден өтті, өзгерді, өңделді. Соған қарамастан әлде бір туындының, образды құрылған сөз оралымдарының авторлығын айқындау өзекті. Кезінде белгілі болған мұралар қалпын сақтап қалу қиын. Десек те, бұл ақындардың шығармалары қазір жария етілген. Ол біріншіден, ақындардың өмір сүрген кезеңі кешегі XIX ғасыр болса, екінші, оларды көзімен көріп, аузынан естіген жұртшылықтың бірін екіншісі толықтырып, көшірме түрінде ұсынып, қалпына келтіргендігін көрсетеді.

Бірақ зерттеу барысында ақындар шығармаларында өзгешеліктердің барлығы көрінді. Ол сөз еткен кезеңдегі жазба дәстүрдің араб графикасымен жазылыуы. Онда бір сөздер көркемдеуде өңделіп, қосылса, бірі түсіп қалады не өзгертіледі. өйткені қазақ әдеби тілінің қазіргі таңда қалыптасқан нормалары ауыз әдебиетіне қоса поэзиядан да нәр алып, тамырласып жататындығын аңғартады. Ал поэзиядағы көркем байланыс пен ұйқастардың әсері кірме сөздердің әдеби нормаға қалыптасуымен тікелей байланысты. Сондықтан текстология мәселесін сөз еткенде аса назар аударатын нәрсе ақындардың өз қолтаңбаларын бұрмаламай, қосымша сөздер қосып көркемдемей берген абзал. Ол біріншіден автордың өз қолтаңбасын білдірсе, екіншіден, ақынның сауаттылығын, өлең ұйқастарындағы шеберлігін танытады, үшіншіден, сол ғасырдағы қолданыста жүрген кірме араб, иран сөздерінің мөлшерін және ақын өзі өмір сүрген кезеңнің тілдік үлгілерін ұсынады.

1. 2 Қазақ тіліндегі араб элементтері және олардың зерттелуі.

Қай тілдің болсын сөздік қорын негізінен өзінің байырғы төл сөздері мен өзге тілдерден енген кірме сөздерден тұратыны белгілі. Өйткені кез келген тілдік сөздік қорына қоғамдағы түрлі тарихи оқиғалар өз әсерін тигізбей қоймайтыны түсінікті. Дәл осы заңдылық қазақ тіліне де тән. Өйткені кез келген тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Мұны қазақ халқының даму тарихына саралап көз жүгіртсек, олардың көптеген көрші елдермен үнемі тығыз қарым - қатынаста болғандығын көреміз. Мысалы, орыс, қытай, монғол, грек, латын тілдерінен қазақ тіліне сөз ауысқанын тарихи деректермен көрсетуге болады.

Тілдің тарихын зерттеуде қашанда кірме сөздердің орны ерекше. Осы бағытта шығыс тілдерінің соның ішінде араб, иран кірме элементтерінің өзіндік орны бар. Бұл мәселеде шетелдік шығыстанушы ғалымдар мен түрколог ғалымдар және өзіміздің отандық (жергілікті) ғалымдарымыз еңбектерін атап өту керек.

Араб тілдерінің әсері жайлы еңбектерден С. С. Майзельдің, С. Н. Ивановтың еңбектерін атауға болады. С. С. Майзель түрік тіліндегі көп ретте ескі осман тіліндегі кірме сөздер қамтып, онда кірме сөздердің фонетикалық және морфологиялық құрылымы мен көмекші сөздер жайлы сөз етсе, С. Н. Иванов араб тіліндегі бұрыс көпше түрдің үлгілерін, олардың басқа сөз таптарымен байланысын сипаттап өтеді. Ең маңыздысы оның еңбеңгінде қазіргі түрік тіліндегі араб сөздері қарастырылған.

Діни кірме сөздер.

Адал حالال (хәлал) Діни. Таза пайдалануға жарамды. 2. Ақ ниет, турашыл, әділ. Азан. ازان (әзан) . 1. Мұсылмандарды тәулік сайын бес рет намазға шақырғанда молданың айқайлап айтатын дұғасы. 2. Таңертеңгі уақыт. Ақирет, Ахирет. اخرت (ахерәт) . Діншілдердің ұйғаруынша, о дүние. Дозақ, тозақ. دوزخ (дузәх) Діни ұғым бойынша, өлгеннен кейін адамның тішілігіндегі күнәсі үшін жазалайтын, азаптайтын орын. Ішкенің су орнына арақ, боза, Дозақтың ортасында қақаясың. (Жамбыл) . Иман. ايمان (иман) 1. Сену, нану 2. Құдайға, құранға шын сенетіндігін білдіретін мұсылманның дұғасы., ислам дінінің бес парызының бірі. 3. Ұят, адалдық. Зікір. زكر (зикр) . Еске алу, зікір ету. Зекет. زكات (зәкат) . Айт. عيد (ғид) . Мұсылмандардың діни мейрамы. Арам. حرام (хәрам) . 1. Діни. Шариғат бойынша, ішіп-жеуге болмайтын, тыйым салынған, адал емес зат. 2. Сұм, жауыз, қара ниетті, бұзық (кісі) . Адал еңбек елге жеткізер, Арам қулық елден кеткізер. (мақал) .

Әзірейіл. عزرائيل (ғәзраиль) . 1. Діни. Дәншілердің ұғымы бойынша жан алатын періште. 2. мейрімсіз, қайырымсыз, қатал, тас бауыр. Салауат. صلوات (салават) . Мұхаммед пайғамбарды мақтауға арналған көптеген дуғалар. Аят. اية (айәт) . Құран сүресіндегі жеке шумақтар. Жәннәт. جنت (джәннәт) . Жұмақ-Құдайға құлшылығы ұнаған күнәсіз адамдар кіретін тамаша жер. Тағдыр. تقدير (тәқдир) . 1. Жазамыш, жазымыштың арнауы, жазуы. 2. Өмір, тұрмыс, болашақ. Өзгеге ешбір дүниеден, еркімен тимес бұл жүрек. Әуелде тағдыр иеден, Қожам сенсің не керек. (Абай) . Талақ. طلاق (талақ) . 1. Ерлі-зайыптының ажырасуы. 2. Бір нәрседен мүлде безеді, аластады. Ислам. اسلام (эслам) . Мұхаммед пайғамбар (570-632) негізін салған мұсылман дінінің аталуы. Күпір. كفر (Күфір) . Қудайға сенбеулік, қудайсыздық, қудайға қарсылық, дінсіздік. Уағыз. وعظ (уәғәз) . өсиет, насихат. Сахаба. صحابه (сахабә) . Мұхаммед пайғамбардың ислам дінін таратқан кезіндегі қасында болған серіктері, замандастары.

Медициналық араб кірме сөздері.

Алкоголизм الكحولية

Алкоголь الكحول

Аллерген اليرجن, الرجن

Аллергия اليرجية

Альбумин البومين

Бактерия بكتريا, بكترية

Бальзам بلسم

Биология البيولوجيا

Ақиқат, хәқиқат. حقيقت (хәқиқәт) . Шын, шындық. Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. (Абай) . , Мәдениет. مدنيت (Мәдәнийәт) . Адам баласының қоғамдық өндіріс саласындағы табыстары мен ақыл ой жөніндегі жетістіктерінің жиынтығы. Мұғалім. معلم (Мұғаллем) . Мектептерде және басқа да оқу орындарында сабақ беруші, оқытушы. Рух. روح (рух) . 1. Филос. Шындықты, ақиқатты танып білуге түрткі болатын (сана, ойлау) психикалық ерекшеліктер. 2. Ауыс. Күш, қуат, дем. 3. Рухани қасиет, ерекшелік. Сурет. صورت (Сурәт) . Бір заттың қағазға не басқа бір нірсеге түсірілген бейнесі. Табиғат. طبيعت (тәбиғәт) . Дүниедегі барлық органикалық және органикалық емес жаратылыс. Тағам. طعام (тәғам) . Тамақ, ас, дәм. Шарап. شراب (шәрап) . Қызыл түсті, дәмді ішімдік Ғажайып, таңғажайып. عجائب (ғәджаэб) . Таңқаларлық, таңырқалық, керемет, тамаша, әдеттегіден тыс нәрсе. Ғажап.

عجب (ғәджәб) . Тамаша, өте қызық, таңырқарлық. Абзал. افضل (әфзал) . Ең жақсы, қадырлы, ардақты. Әлем. عالم (ғаләм) . Барлық дүние жүзі. Пікір. فكر

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінен енген сөздер
Қазақ тіліндегі араб, парсы сөздерінің терминденуі
МОҢҒОЛ ТІЛІНЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР
Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасаудағы қызметі
Қазіргі қазақ, өзбек және түрік тілдеріне ортақ араб сөздерінің қолданылу ерекшеліктерін анықтау, оған тілдік тұрғыдан жан-жақты сипаттама беріп, салыстыру арқылы аталған түркі тілдерінің даму, қалыптасу тарихындағы алатын орнын көрсету
Абай шығармаларындағы кірме сөздердің қолдану ерекшеліктері
Қазақ тіліндегі кірме сөздер
Араб сөздері құрамындағы дауыстылар мен дауыссыздардың қазақ, өзбек және түрік тілдері заңдылықтарына бейімделіп игерілуі
«Алпамыс батыр» жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Кірме сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz