Инвестициялық жоба тиімділігін талдау және бағалау әдістері



Жоспар:

1. Кіріспе

2. Инвестициялық жоба тиімділігін талдау және бағалау әдістері.
3. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
4. Инвестиция жобаларын бағалау әдістерін тәжірибе жүзінде қодану

5. Қорытынды
Кіріспе

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Игликов Е., «Инвестиционный потенциал финансовых институтов Республики Казахстан: состояние и перспективы», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2005, №2
2. Кучукова Н., «Стимулирование инвестиций и повышение конкурентоспособности казахстанской экономики», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №1
3. Сейтказиева А. М., «Инвестиционная деятельность предприятия», Алматы - 1998
4. Тургулова А.К., «Проблемы и пепспективы обеспечения финансовыми ресурсами предприятий реального сектора экономики», Банки Казахстана, 2005, №3

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экономика және қаржы факультеті

РЕФЕРАТ

Пән: Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру

Тақырыбы: Инвестициялық жоба тиімділігін талдау және бағалау әдістері

Орындаған: Айтжанова Ж.Ә.
Қаржы 3 курс (сырттай бөлім)

Тексерген: Абжанова Ақбота Қуанышқызы

Қостанай қаласы - 2011 жыл

Жоспар:

1. Кіріспе
2. Инвестициялық жоба тиімділігін талдау және бағалау әдістері.
3. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
4. Инвестиция жобаларын бағалау әдістерін тәжірибе жүзінде қодану
5. Қорытынды

Кіріспе

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай
өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық
белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері
жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны
болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және
әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі
дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Жеке меншікте, аралас,
акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және
қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың
барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару
механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі
олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке
қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына,
нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет
етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық
жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап
ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды
қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды,
нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз
етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы
көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.

Инвестициялық жоба тиімділігін талдау және бағалау әдістері.

Инвестициялық сипаттағы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың негізінде
болжамдалған инвестициялардың көлемі мен болашақ ақша кірістерінің көлемін
бағалау және салыстыру жатады. Салыстыруға жататын көрсеткіштер уақыттың әр
түрлі мезетіне жататындықтан, мұндағы өзекті мәселе оларды салыстыру болып
табылады. Оларды салыстыру барысында көптеген объективті және субъективті
факторларға көңіл аударылады: елдегі инфляция деңгейіне, инвестицияланатын
қаражаттардың көлемі мен олардан келетін ақша ағындарына, инвестициялық
жобаларды талдаушы маманның біліктілігіне және т.с.с.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Кәсіпорынның инвестициялық жоба қызметін талдау барысында қолданылатын
әдістердің бірнеше түрі бар. Осы орайда, инвестициялық салымдарды талдаудың
батыстық тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістеріне басты назар аударайық.
Олар келесілер: болып табылады: 1) таза келтірілген табыс (NPV); 2)
инвестициялардың тиімділік индексі (PI); 3) табыстылықтың ішкі мөлшері
(IRR); 4) өтелімділік мерзімі (PP); 5) табыстың есептік мөлшері (ARR).
Таза келтірілген табысты (NPV) есептеу формуласы келесідей:

(2.1)

мұнда Pk– инвестициялық жобаның жылында алып келетін ақшалай кірістері;
IC – инвестициялардық бастапқы сомасы; r – дисконттау коэффициенті.

Бұл әдістің мағынасы мынадай: егер NPV 0, онда инвестициялық жоба
тиімсіз деп саналады; егер NPV = 0, онда инвестициялаудан ешқандай табыс
немесе шығын келмейді; егер NPV 0, онда инвестициялық жоба тиімді деп
саналады, яғни бұл жобаны жүзеге асыру үшін қабылдау туралы шешім
қабылдауға болады.

Инвестициялардың тиімділік (рентабельділік) индексін (PI) бағалау әдісі
мына формуламен сипатталады:

(2.2)

Инвестициялардың тиімділік индексін бағалау әдісінің мағынасы мынаған
саяды: егер PI 1, онда инвестициялық жоба тиімсіз деп сипатталады, егер
PI = 1, онда инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпорын
ешқандай табыс немесе шығын көрмейді, егер PI 1, онда инвестициялық жоба
тиімді деп қабылданады. Бұл көрсеткіш шығындардың бірлігіне келетін табысты
сипаттайды; қажетті инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі жағдайларында
дәл осы көрсеткіш оңтайлы инвестициялық қоржын қалыптастыру барысында
қолданылады.
Ішкі табыстылық мөлшерін (IRR) есептеу мына формуламен жүзеге асады:

IRR = r болған жағдайда, NPV = f(r) = 0. (2.3)

Ішкі табыстылық мөлшерінің мағынасы мынадай: бұл көрсеткіш белгілі бір
инвестициялық жобамен байланысты шығындардың барынша үлкен мөлшердегі
көлемін көрсетеді, яғни егер инвестициялық жобаны қаржыландыруға
тартылған капиталдың бағасы жобаның IRR көрсеткішінен үлкен болса, онда
бұл жобадан кәсіпорын тек қана зиян шегеді. Демек, егер IRR CC, онда
жоба қабылданбайды; егер IRR = CC, онда инвестициялаудан ешқандай табыс
немесе зиян келмейді; егер IRR CC, онда инвестициялық жоба тиіиді деп
есептеледі; мұнда (CC) – инвестциялық жобаны қаржыландыру көзінің
(капиталдың) бағасы).
Инвестициялардың өтелімділік мерзімі (PP) келесі формула бойынша
анықталады:

(2.4)

Өтелімділік мерзімі көрсеткішінің мағынасы былайша анықталады: PP
көрсеткіші бастапқы салынған инвестициялардың осы инвестициялық жобаны
жүзеге асыру барысында келетін ақша ағындарымен толық өтелетін мерзімін
көрсетеді. Кәсіпорынның алға қойған мақсаттарына сай өтелімділік
көрсеткішінің алуан түрлі шамада есептелуі мүмкін.
Инвестициялық жобаларды есепетудің тағы да бір әдісі – табыстың
есептік мөлшері (ARR) – келесі формула бойынша анықталады:

(2.5)

мұда PN – инвестициялық жоба алып келетін орташа жылдық табыс; IC –
бастапқы салынған инвестициялардың сомасы; RV – активтердің қалдық құнының
шамасы.
Табыстың ішкі мөлшері барлық әдістердің ішіндгі инвестициялық жобаларды
талдау және капитал салымдарының бюджетін құру (капитал салымдарын
жоспарлау) барысында ең аз қолданылатын әдіс болып табылады. Бұл әдісті
негізінен қолданылатын жағдайлар – компаниялардың бөлімшелерінің қызметін
салыстырмалы түрде бағалау болып табылады. ARR көрсеткішін есептеудің
қалыптасқан және біржақты әдістемесі және мағыналары жоқ.
NPV, IRR, PI және CC көрсеткіштері өзара келесідей қатынастармен
байланысты:

егер NPV 0, онда IRR CC және PI 1;

егер NPV 0, онда IRR CC және PI 1;

егер NPV 0, онда IRR CC және PI 1.

Кәсіпорынның қаржы менеджерлері инвестициялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобаны бағалау
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың қағидаттары
Инвестициялық жоба жайында
Сапамен жобаларды басқару пәнінен оқу бағдарламсы
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу
Инвестициялық жобаны енгізудегі күтілетін табыстың анықталуы
Инвестициялық жобаларды талдау формалары
Нақты инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Инвестициялық жобаның қаржылық бағалау нормалары
Пәндер