Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... 2
I. Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы
1.1. Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтар құрудың, олардың жұмыс істеуінің және таратылуының тәртібі мен шарттары...
1.2. Аймақтық экономикалық реформаларды басқару үрдісі ... ... ... ...
II. Арнайы экономикалық аймақты басқару
2.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті, уәкілетті орган құзыреті, арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыреті және оператор компания құзыреті...
2.2.Үкімет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысында еркін экономикалық аймақ құру...
Қорытынды..
Пайдаланылған Әдебиеттер

Мемлекеттің даму барысында аймақтық және олардың билік ететін органның ролінің арта түсуі жергілікті және дүниежүзілік тенденция ретінде ұсынылуда. Оған келесідей көптеген жағдайлар әсер етеді:
1. Өңірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль атқаруы;
2. Аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;
3. Еңбек ресурсының қозғалысының күшеюі;
4. Аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі мен халықтық маңызының артуы.
Аймақ дегеніміз бірнеше елді-мекеннен тұратын мемлекет территориясын бір бөлігін құрайтын және мемлекеттің мүддесін көтеруге негізделген қоғамдық құру мен басқаруды атаймыз. Аймақтың ролінің күшеюі, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында басқару функциясын қайта бөлуді, қайта қарастыруды, екіншіден, мемлеекеттік территориялық басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың ең ұтымды үйлесімін көздейді. Бұл жағдай Қазақстанға да тән, себебі мемлекеттік тәуелсіздік құру экологиялық дамыған аймақсыз кеңейтілген әлеуметтік инфрақұрылымсыз мүмкін емес.
Аймақтық экономика – экономиканың өндіріс салаларымен кәсіорын-дарды ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орындардың өнімді өткізу аймақтары қалыптастыруды көздейтін сала. Мемлекеттің аймақтық саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы және шығармашылық іскерлігі есептеледі.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
I. Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы
1.1. Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтар
құрудың, олардың жұмыс істеуінің және таратылуының тәртібі мен
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Аймақтық экономикалық реформаларды басқару үрдісі ... ... ... ...
II. Арнайы экономикалық аймақты басқару
2.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті, уәкілетті орган
құзыреті, арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыреті және оператор
компания
құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
2.2.Үкімет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысында еркін экономикалық
аймақ
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
Кіріспе
1. Мемлекеттің даму барысында аймақтық және олардың билік ететін
органның ролінің арта түсуі жергілікті және дүниежүзілік тенденция ретінде
ұсынылуда. Оған келесідей көптеген жағдайлар әсер етеді:

4. Аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі мен
халықтық маңызының артуы.
Аймақ дегеніміз бірнеше елді-мекеннен тұратын мемлекет территориясын
бір бөлігін құрайтын және мемлекеттің мүддесін көтеруге негізделген
қоғамдық құру мен басқаруды атаймыз. Аймақтың ролінің күшеюі, біріншіден,
мемлекет пен аймақтар арасында басқару функциясын қайта бөлуді, қайта
қарастыруды, екіншіден, мемлеекеттік территориялық басқару мен жергілікті
өзін-өзі басқарудың ең ұтымды үйлесімін көздейді. Бұл жағдай Қазақстанға да
тән, себебі мемлекеттік тәуелсіздік құру экологиялық дамыған аймақсыз
кеңейтілген әлеуметтік инфрақұрылымсыз мүмкін емес.
Аймақтық экономика – экономиканың өндіріс салаларымен кәсіорын-дарды
ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орындардың өнімді өткізу аймақтары
қалыптастыруды көздейтін сала. Мемлекеттің аймақтық саясаттың негізгі
көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы
және шығармашылық іскерлігі есептеледі. Аймақтар мен шаруашылық
бірліктердің өзін-өзі дамытудың міндетті түрдегі келесілер болады:
1. Өзін-өзі басқару.
2. Серіктестік таңдаудағы бостандық.
3. Өндірісі құрал-жабдықтар нарығы.
4. Валюталық қаражат және басқа да элементтер.
Әрбір мемлеекетте екі түрлі территориялық құралдар бар:
1.Аралық территориялық құралдар және соған сәйкес билік ететін
органдармен басқару.
2.Ең төмендегі әкімшілік территориялық құралдар және жергілікті
басқару органдар.
3.Аралық органдар дегеніміз аймақтағы облыстарда басқаратын органдар.
Олар өз қыз өз территориясында мейлінше тәуелсіздік қағидалар негізінде
жүргізуге тырысады. Ал, жергілікті билік жүргізілетін ол төменгі әкімшілік
органдар ол өз қызметтерін қалалық болмаса селолықаудандарда іске
асырылады.
Аймақтық және жергілікті билік органдары қаражаттың негізгі 3 кіріс
көзі бар:
1. Салықтар;
2. Салықтық емес табыстар;
3. Пайызсыз беретін ақшалай жәрдемнің түрі.
2. Мемлекеттік аймақтық саясаттың мақсаттары күрделі әрі көп қырлы
болады. Қазақстанның даму басымдықтары көзқарасы бойынша маңыздылары
мыналар болады:
1. Қазақстандық мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық негіздерін нығайту
мен оның біртұтастығын нығайту, әскери мен экономикалыққауіпсіздікті және
экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
2. Жеке әлеуметтік топтардың өмір сүру деңгейінде әлеуметтік теңдігін
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясат пен олардың мүдделерінің
теңдігін қамтамасыз ету;
3. Аймақтарда әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың тұрғындарды
әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету механизмінің қалыптасуы;
4. Қазақстанның түрлі аймақтағы тұрғындардың өмір сүру деңгейін
жоғарлату;
5. Қазақстан Республикасының барлық халықтарының толыққанды ұлттық
мәдени дамуына жағдайлар құру.

құрудың, олардың жұмыс істеуінің және таратылуының тәртібі мен шарттары.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын мынадай негізгі ұғымдар
Арнайы экономикалық аймақ – қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін
қолайлы жағдайлар жасалатын дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан
Республикасының шектеулі аумағы;
Арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі – арнайы экономикалық аймақтың
аумағында жұмыс істейтін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі;
Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы – арнайы экономикалық аймақтың
аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және қызмет жүргізу
туралы келісім жасасқан заңды тұлға;
Инфрақұрылымдық ресурстар – арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының
жылу және электр энергиясына, сумен жабдықтауға, кәріздер жүргізуге, көлік
коммуникацияларына, байланыс қызметін көрсетуге және қызмет көрсетудің өзге
де түрлеріне қажеттіліктерін қамтамасыз ететін ғимараттар кешені;
Қызметтің басым түрлері – арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі
қолданылатын қызмет түрлері;
Қызметті жүргізу туралы келісім – арнайы экономикалық аймақтың
қатысушысы мен арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі арасында жасалатын,
тараптардың арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым
түрлерін жүзеге асыру мәселелері жөніндегі құқықтары мен міндеттерін
белгілейтін шарт;
Оператор компания – арнайы экономикалық аймақ қатысушыларын тарту,
қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін оларды инфрақұрылымдық
ресурстармен және өзге де жағдайлармен тиімді қамтамасыз ету үшін уәкілетті
орган айқындайтын заңды тұлға;
Сарапшылық кеңес — арнайы экономикалық аймақтар құрудың немесе оларды
таратудың мақсатқа сай екендігі туралы қорытынды беру үшін уәкілетті
органның жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші орган;
Уәкілетті орган – арнайы экономикалық аймақтар құру, олардың жұмыс
істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын
орталық атқарушы орган.
Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы
заңнамасы
2-бап. 1.Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы
заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы
Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері
қолданылады.
Арнайы экономикалық аймақтар құрудың мақсаттары
3-бап. Арнайы экономикалық аймақтар экономиканың салаларын дамыту және
қолдау, өңірлерді жедел дамыту және әлеуметтік проблемаларды шешу,
кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыру, инвестицияларды, технологияларды
және қазіргі заманғы менеджментті тарту, тиімділігі жоғары және бәсекеге
қабілетті өндірістерді құру мақсатында құрылады.
Арнайы экономикалық аймақ құрудың тәртібі
4-бап 1.Арнайы экономикалық аймақ құру туралы шешімді Қазақстан
Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Президенті қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
бекітілетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережеде оның қызметінің
басым түрлерінің тізбесі айқындалады.
2.Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты жергілікті және
(немесе) орталық атқарушы органдар, кәсіпкерлер қауымдастықтары мен
одақтары арнайы экономикалық аймақ құрудың қоршаған ортаға әсерін бағалай
отырып, өтінімді, арнайы экономикалық аймақ құрудың тұжырымдамасын,
экономикалық негіздемесін және арнайы экономикалық аймақ туралы ереженің
жобасын ұсыну арқылы уәкілетті органға енгізеді.
3. Уәкілетті орган:
- Сарапшылық кеңестің қорытындысы негізінде арнайы экономикалық аймақ
құру мақсатқа сай болмаған;
- Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық
саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;
- Ұсынылған материалдар толық болмаған немесе дәйексіз болған;
- Ұсыныстар қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген
жағдайларда арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты қабылдамайды.
4. Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты қарау үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметіне уәкілетті орган өтінімді, қоршаған
ортаға әсерді бағалаумен қоса арнайы экономикалық аймақ құрудың
тұжырымдамасын, экономикалық негіздемесін және сарапшылық кеңестің ол
бойынша оң қорытындысы бар арнайы экономикалық аймақ туралы ереженің
жобасын енгізеді.
Арнайы экономикалық аймақтар құрудың және олардың жұмыс істеуінің
шарттары
5-бап. 1.Арнайы экономикалық аймақтар жиырма бес жылға дейінгі
мерзімге құрылады.
2. Арнайы экономикалық аймақтар мемлекеттік меншіктегі және жер
пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде не Қазақстан Республикасының жер
заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің меншік иелерінің
және жер пайдаланушылардың иелігінен мәжбүрлеп шығарылған жер учаскелерінде
құрылады. Бұл үшін қажет жер учаскелері мемлекет меншігінде болмаған
жағдайда арнайы экономикалық аймақтар құру осылай иеліктен мәжбүрлеп
шығаруға негіз болып табылады.
3. Арнайы экономикалық аймақ құрылған жер учаскесіне қатысты арнайы
экономикалық аймақтың әкімшілігі арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі
кезеңінде жерге меншік иесі ретінде мемлекеттің құқығын жүзеге асырады.
Арнайы экономикалық аймақ құрылған жер учаскесін арнайы экономикалық
аймақтың әкімшілігі осы заңның 10-бабының 5) тар-мақшасы негізінде арнайы
экономикалық аймақтың қатысушыларына, сондай-ақ арнайы экономикалық
аймақтың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және
қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге уақытша
өтеулі жер пайдалануға (жалға) береді.
4.Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы жер учаскелерін арнайы
экономикалық аймақтың жұмыс істеуі кезеңінде сатуға және өзге де иеліктен
шығаруға тыйым салынады.
5. Жер учаскелері жеткілікті түрде инфрақұрылымдық ресурстармен
қамтамасыз етілуге тиіс, олардың құрылысы бюджет қаражаты, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қаражат
көздері есебінен жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаты есебінен толық немесе ішінара тұрғызылған
объектілердің бәрі арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің балансына
беріледі.
6. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан, қызмет жүргізу
туралы келісім шеңберінде тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісінің иесі
арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі аяқталғаннан кейін Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның кадастрлық
(бағалау) құны бойынша тиісті жер учаскесін басымдықпен сатып алу құқығына
ие болады.
7. Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі аяқталғаннан кейін бір
жыл ішінде жеке меншікке сатып алынбаған жер учаскелерін, сондай-ақ арнайы
экономикалық аймақ әкімшілігінің балансындағы инфрақұрылымдық ресурстарды
арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің
жергілікті атқарушы органына береді.
Арнайы экономикалық аймақты тарату
6-бап. 1.Арнайы экономикалық аймақ ол құрылған мерзім аяқталған соң
таратылады. Тарату мерзімдері мен тәртібі арнайы экономикалық аймақ туралы
ережеде айқындалады.
2. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу мүмкін
болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мерзімінен бұрын таратылуы
мүмкін.
Арнайы экономикалық аймақты мерзімінен бұрын тарату туралы ұсынысты
уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне сарапшылық кеңес
қорытындысының негізінде енгізеді.
Арнайы экономикалық аймақты мерзімінен бұрын тарату туралы шешім
қабылданғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі арнайы
экономикалық аймақты тарату рәсімдерін аяқтау үшін бір жыл бойы жұмыс
істейді.
Арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі
7-бап. 1.Арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі арнайы
экономикалық аймақтың қатысушыларына қолданылады және осы Заңда және
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
2. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметін жүзеге асыратын
ұйымдарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес
жүзеге асырылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында тауарларды еркін кеден
аймағының кеден режимінде орналастырудың шарттары мен тәртібі Қазақстан
Республикасының кеден заңнамасында белгіленеді.
1.2.Аймақтық экономикалық реформаларды басқару үрдісі
Мемлекеттің даму барысында аймақтардың және олардың билік ететін
органдардың арта түсуі жергілікті тар мағынада қалып қоймай, дүние жүзілік
тенденция ретінде ұсынылады. Оған мынадай көптеген жағдайлар әсер етеді :
- өмірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль атқаруы;
- аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;
- еңбек ресурстары жылжымалығының күшейе түсуі;
- аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі;
- территориялық еңбек бөлінісі әрі оның тереңдей түсуі мен халықаралық
маңызының артуы үдейеді.
Бұл тенденцияның дамуы, біріншіден, мемлекет пен аймақтар арасында
басқару функцияларын қайта бөлу , қайта қарастыру ;
Екіншіден, мемлекеттік территориялық басқару мен жергілікті өзін өзі
басқарудың ең жақсы үйлесімін көздейді.
Бұл жағдай Қазақсанға да тән, себебі мемлекттік тәуелсіздік құру
экономикалық дамыған аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфра- құрылымсыз
мүмкін емес. [14].
Егеменді мемлекеттің аймақтық саясатын анықтай түсу өте қажетті
заңдылық. Осы саясаттың негізгі көрсеткіші болып өндірушілер мен
тұтынушылардың экономикалық бостандығы мен іскерлігі есептеледі. Тауар
өндіруші түбінде тек тұтынушы алдында ғана экономикалық жауаптымын деп
есептеуі керек. Аймақтаор мен шаруашылық бірліктерінің өзін өзі дамытудың
міндетті түрдегі жағдайлары мыналар болып есептеледі: өзін өзі басқару ,
серіктестік қалаудағы бостандық, өндіріс құрал жабдықтар рыногы валюталық
қаражат және басқа элементер. Сонымен қатар, аймақтық басқару жалпы
республиканың және облыстардың ерекшеліктерін барлық түрлерін барынша
қамтуы тиіс. Басқаруды стандарттандыру кейде өктемдік тәрізді әсер етіп,
ол ұлттық өндірістің тарихи құндылықтарын күйзелтуі мүмкін. Ал аймақтық
қағидаларда және экономикалық ұлттық ерекшеліктерді тоталитарлық жүйе
тұсында елемеу күрделі зиян келтіреді .
Әрбір мемлекетте екі түрлі территориялық құрылымдар бар . Олар
ұлттық деңгейден төмен. Біріншісі - аралық территориялық құрылымдар және
соған сәйкес билік ететін органдар мен басқару. Екіншісі – ең төмендегі
(негізгі) әкімшілік- территориялық құрылымдар және жергілікті басқару
органдары.
Аралық басқару органдары сипаттайтын негізгі белгі - дербестік
өмір сүру мүмкіндігі . Оның шарты: өзіне қарасты ( автономдық) бюджет
және территориялық бөлімдерге әкімшілік бақылау жүргізу.
Сонымен, аралық орган дегеніміз - аймақтарда, облыстарды
басқаратын органдар. Олар өз қызметтерін өз территориясында мейлінше
тәуелсіздік қағидалар негізінде жүргіуге тырысады.
Жергілікті билік жүргізетін- ол төменгі әкімшілік органдар. Олар
өз қызметтерін қалалық болмаса селолық аудандарда іске асырады.
Аралық және жергілікті билік органдары қаражаттандырудың негізгі
үш кіріс көзі бар: Салықтар - мемлекетке міндетті түрде қайтарылмайтын
төлемдер; Салықтық емес табыстар, басқа да барлық табыстар (әртүрлі
жәрдемдер, займдар, т.б.); Субсидиялар - пайызсыз берілетін ақшалай
жәрдемнің түрі.
Жаңа кезеңде әлеуметтік- экономикалық дамуды аймақтық басқару
саласы онан әрі өріс алып, ерекше әсер етуі күмән келтірмейді.
Аймақтық рынокты объект ретінде екі жағына қарауға болады.
Бірінші жағынан, ол елдің халық шаруашылық рыногының ажыратылмайтын
бөлігі, екінші жағынан, дербестік жүйе. Аймақтық рыноктың екі жақтығы
әуелі аймақтық өз ішіндегі субъектілері де нарықтық қарым қатынастары
қалыптастыру арқылы білінеді. Содан кейін аймақ щеңберінен тыс шарушылық
субъектілердің жалпы ұлттық болмаса дүние жүзілік рынокпен ұштасуымен
көрінеді.
Оған көп себептердің бірі рыноктық факторлардың аймақтық саралануы
(дифференциация). Материалдық әлеуметтер, ұйымдық құрылымдар өндірістің
әртүрлі реттеушілері аймақтарда бірдей емес, олар әртүрлі болады.
Мұнымен қатар айта кететін бір фактор өндіріс күштерінің аймақтарда әртүрлі
орналастыруы мен дамуы.
Барлық деңгейде бюджетті қалыптастыру мен пайдалану жүйесін
енгізуде жергілікті органдарының өкілеттілігін арттыру қажет.
Республикалық және жергілікті әрекеттестік тиімділігін қамтамассыз ету
келесідей негізгі бағыттарда жүргізілуі керек:
- аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамассыз ету, соның
мүдделі пайдалануын бақылау тетіктерін әзірлеу ;
- жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдаудың нысандарын
жаңарту, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып білімге, денсаулық
сақтауға, тұрғындарды әлеуметік қорғауға мұдделі субвенциаларды
бөлуді тәжірибеге енгізу;
- экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен дағдарысқа
ұшырағын шағын және орта қалалар, алыстағы селолық ауылдардың
дамуын жеделдету үшін салық, кеден және т.б. режимдерден
жеңілдіктер енгізу қажет.
Барлық елдердің тәжиребелері көрсетіп отырғандай, елдің дамуы , оның
ғылыми түрде дұрыс жасалған стратегиялық жоспарларға әсіресе олардың
мезгілімен орындалуына байланысты болады. Стратегиялар мына тараулардан
тұрады.
1. Әлеуметтік -экономикалық жағдайларды талдау;
2. Әлеуметтік – экономикалық дамудың тұжырымдамасы ;
3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер;
4. Ұлттақ бағдарламалар;
Әлеуметтік экономикалық жағдайды талдау өндіріс қуатының жағдайы,
экономика дамуының ішкі және сыртқы тенденциялары, мемлекеттік реттеушілер
жүйесі жұмысының нәтижелігі мен әрекеттілігін, өндіргіш күштердің
сапалылығы мен оның дамуы сонымен бірге осыларға әсер етуші
процесттерді айқындап оның әлемдік экономиканың дамуымен салыстыра көрсету
қажет. Әлеуметтік әкономикалық дамудың тұжырымдамасы әлеуметтік -
әкономикалық саясаттың стратегиялық мақсаты мен міндеттерін, басым
бағыттырын, сондай-ақ оларға жету жолындағы ұлттық бағдарламалар тізбесін
анықтайды.
II. Арнайы экономикалық айматы басқару
2.1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті,Уәкілетті оргон
құзыреті және оператор компания құзыреті.
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:
- Арнайы экономикалық аймақтар құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
- Уәкілетті органды айқындау;
- сарапшылық кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту;
- Қазақстан Республикасының Президентіне арнайы экономикалық аймақ құру
немесе оны мерзімінен бұрын тарату туралы ұсыныс енгізу;
- оператор компанияны айқындау ережелерін бекіту жатады.
9-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне:
1. арнайы экономикалық аймақтар құру және олардың жұмыс істеуі
саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
2. мемлекеттік органдардың арнайы экономикалық аймақтар құру, олардың
жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
3. оператор компанияны айқындау ережесін әзірлеу;
4. жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында
қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесін әзірлеу және бекіту;
5. арнайы экономикалық аймақтардың қызметін регламенттейтін
құжаттарды:
Aрнайы экономикалық аймақтар құруға арналған өтінімнің нысанын;
уәкілетті орган мен оператор компания арасындағы, сондай-ақ оператор
компания мен арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары арасындағы арнайы
экономикалық аймақ қатысушыларының қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейтін
үлгілік шарттарды бекіту;
6. арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы жер учаскелерін
пайдаланғаны үшін төленетін ақының сомасын келісу;
7. арнайы экономикалық аймақ туралы тұжырымдаманы, экономикалық
негіздемені және ереженің жобасын жасау жөніндегі талаптарды белгілеу;
8. Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты
мерзімінен бұрын тарату туралы ұсыныс енгізу;
9. оператор компанияны айқындау жатады.
10-бап. Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыреті
Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыретіне:
1) мемлекеттік органдармен арнайы экономикалық аймақтар қызметінің
мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу;
2) арнайы экономикалық аймақтар құрылатын жер учаскелерін арнайы

өтеулі жер пайдалануға (жалға) беру;
3) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес арнайы
экономикалық аймақтардың аумағындағы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін
төленетін ақы сомасының есеп-қисабын жасау;
4) жеке және заңды тұлғаларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен
арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу
туралы шешім қабылдау;
5) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларымен қызмет жүргізу туралы
келісім жасасу;
6) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызмет жүргізу туралы
келісімді орындауы бойынша тексерулер жүргізу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен арнайы
экономикалық аймақтардың қызметі туралы мемлекеттік органдарға ақпарат
беру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты
есебінен жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық ресурстарды салуды және кейіннен
оларға пайдалану қызметін көрсетуді ұйымдастыру жатады.
11-бап. Оператор компанияның құзыретіне:
1) арнайы экономикалық аймақтың қызметіне қатысу үшін арнайы
экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушыларын тарту;
2) жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында
қызмет жүргізуге жіберу жөнінде арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігіне
ұсыныстар енгізу;
3) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу рәсімдерін жедел жүргізу,
арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге
асыру үшін қажетті рұқсат беретін құжаттарды алу мақсатында мемлекеттік
органдармен қатынастарда арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының
мүдделерін білдіру;
4) инфрақұрылымдық ресурстарды салу және кейіннен оларға пайдалану
қызметін көрсету, арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына қызмет
көрсету;
5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен, сондай-ақ арнайы
экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберілген өзге де
жеке және (немесе) заңды тұлғалармен шарттарды жасасу және оларды бұзу;
6) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына қайшы
келмейтін өзге де шаруашылық қызметті жүргізу жатады.
12-бап. Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының құқықтарына
кепілдіктер беру
Арнайы экономикалық аймақтың шекарасын өзгертуді қоса алғанда, ол
мерзімінен бұрын таратылған немесе құқықтық режимі өзгертілген жағдайда
арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына осындай қызметті жалғастыруға
қызмет жүргізу туралы келісімде көзделген шарттармен арнайы экономикалық
аймақ құрылатын мерзім аяқталғанға дейін, бірақ он жылдан аспайтын мерзімге
кепілдік беріледі. Мерзім арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимінің
күші жойылған немесе өзгертілген күннен бастап есептеледі.
13-бап. Осы Заң күшінің бұрын құрылған арнайы экономикалық аймақтарға
қолданылуы
Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған арнайы экономикалық
аймақтар оларды тарату туралы шешім қабылданғанға дейін өз мәртебесін
сақтайды.
14-бап. Қорытынды ережелер
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. “Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы”
1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан
Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №1, 179-құжат; №14, 274-
құжат; 1998 ж., №24, 443-құжат; 1999 ж., №6, 191-құжат; 2001ж., №15-16,
224-құжат; 2003 ж., №23, 169-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат) күші жойылды
деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 6-сы. №274-ІІІ ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық
аймақтар қызметі мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгеріс
пен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 12 маусымдағы “Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық
кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №11-12,
168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-
2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-
22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; №
20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-
құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-
құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45, 46-құжаттар; № 10, 52-
құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 77, 79-құжаттар; № 13, 85-құжат; № 16, 97, 98,
103-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар;
№ 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 37, 40-құжаттар; 2007 жылғы 22 мамырда
“Егемен Қазақстан” және “Казахстанская правда” газеттерінде жарияланған
“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбекті реттеу
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2007 жылғы 15
мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2007 жылғы 30 мамырда “Егемен
Қазақстан” және 2007 жылғы 29 мамырда “Казахстанская правда” газеттерінде
жарияланған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери
қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2007
жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 140-1-баптың 2-тармағы “арнаулы экономикалық аймақтардың
аумақтарында құрылған атқарушы органның” деген сөздерден кейін “немесе
арнаулы экономикалық аймақтар әкімшілігінің” деген сөздермен
толықтырылсын;
2) 445-баптың 3-тармағы “уәкілетті органдар” деген сөздерден кейін “,
ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органдар
немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері” деген сөздермен
толықтырылсын;
3) 448-баптың 1-тармағында:
Бірінші бөліктегі “органмен” деген сөзден кейін “, ал арнайы экономикалық
аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық
аймақтың әкімшілігімен” деген сөздермен толықтырылсын;
Екінші және үшінші бөліктердегі “органдар”, “орган” деген сөздерден кейін
“ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органдар

4) 450-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі және 5-тармағындағы
“органмен” деген сөзден кейін “немесе арнайы экономикалық аймақтың
әкімшілігімен” деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13,
99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; №
11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат;
№ 2, 18-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
“19-1-бап. Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыреті
Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыретіне арнайы экономикалық
аймаққа қатысушыларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және
қызметін арнайы экономикалық аймақ аумағында тіркелген тұрақты мекеме
арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге уақытша өтеулі жер пайдалану үшін
жер учаскелерін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар
туралы заңнамасына сәйкес беру жатады.”;
2) 32-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“2. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде, ал
арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің
жергілікті атқарушы органының немесе арнайы экономикалық аймақ
әкімшілігінің шешімі негізінде жер учаскесіне құқық табыстау жөніндегі
құзыретке сәйкес жүргізіледі.”;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
“Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы немесе
арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі арнайы экономикалық аймақ
қатысушыларына, сондай-ақ жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және қызметін
арнайы экономикалық аймақта тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын
резидент еместерге жер пайдалану құқығын табыстаған кезде жер
пайдаланушымен жерді уақытша пайдалану құқығын табыстаған туралы шешім
негізінде жер учаскесін жалға беру шарты жасалады.”;
3) 43-бапта: 1-тармақтың 4) тармақшасы “әкімінің” деген сөзден кейін
“, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық
бірліктің жергілікті атқарушы органының немесе арнайы экономикалық аймақ
әкімшілігінің” деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта: бірінші бөлік “әкімдері” деген сөзден кейін“, ал арнайы
экономикалық аймақ аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті
атқарушы органдары немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігі” деген
сөздермен толықтырылсын; екінші бөлік мынадай мазмұндағы сөйлеммен
толықтырылсын:
“Арнайы экономикалық аймақ аумағында жер учаскесін беру туралы
мәселені шешу кезінде жоғарыда аталған комиссия құрылмайды.”;
3-тармақтың бірінші абзацы “әкіміне” деген сөзден кейін “, ал арнайы

атқарушы органына немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігіне” деген
сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ “шешімімен” деген сөзден кейін“, ал арнайы экономикалық аймақ
аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының
немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің шешімімен” деген сөздермен
толықтырылсын;
7-тармақ “әкімінің” деген сөзден кейін “, ал арнайы экономикалық аймақ
аумағында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы
органының немесе арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің” деген сөздермен
толықтырылсын.
2-бап.Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл заң жобасының негізгі мақсаты экономика салаларын дамыту және

кәсіпкерлік қызмет тиімділігін арттыру, инвестицияларды, технологияларды
және қазіргі заманғы менеджментті тарту, жоғары тиімді және бәсекеге
қабілетті өндірістерді құру болып табылады.
Сонымен қатар заң жобасы Қазақстан Республикасының заңнамасын ел
экономикасын дамытудың қазіргі нақты жағдайына сәйкес келтіруді көздейді.
Атап айтқанда, біріншіден, арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) құру тәртібі
мен олардың жұмыс істеуін, АЭА инфрақұрылымын құру және қаржыландыру
қағидаттарын, АЭА әкімшіліктерін құру тәртібін, олардың құқықтары мен
міндеттерін регламенттеу мәселелерін қарастырады.
Екіншіден, аймақ аумағында заңды тұлғаларды оңайлатылған тіркеу,
мемлекеттік органдардың рұқсаттарын, салықтық және инвестициялық
жеңілдіктер және преференцияларды беру, салықтық және кедендік әкімшілік
ету қағидаттарын, сондай-ақ АЭА-ны құру және басқару саласындағы
мемлекеттік экономикалық саясатқа жауап беретін бірыңғай мемлекеттік
органды белгілеу көзделіп отыр.
Заң жобасын қабылдау Қазақстан аумағында әлемдік стандарттарға жауап
беретін қазіргі заманғы өнеркәсіптік-өндірістік және техникалық-енгізу
кешендерін құру үшін АЭА-ға отандық және шетелдік инвесторларды тартуға
мүмкіндік береді.
Сондай-ақ неғұрлым жоғары инвестициялық және кәсіпкерлік белсенділікті
қамтамасыз етуге, елдің транзиттік әлеуетін пайдалануға; жұмыс күшіне
сұранысты кеңейтуге, мемлекет пен бизнес-қауымдастық арасындағы қарым-
қатынастардың жаңа мәдениетін қалыптастыруға жол ашады. Заң жобасы АЭА-ның
жалпы ережелерін, оларды құру және жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін он
алты баптан, сондай-ақ қорытынды және ауыспалы ережелерден тұрады. Заң
жобасын қабылдау қаржылық шығындарды талап етпейді, сондай-ақ келеңсіз
әлеуметтік экономикалық салдарға әкеп соқпайды.
Үстіміздегі жылдың шілде айында ҚР арнайы экономикалық аймақ туралы
заңның жаңа нұсқасы қабылданды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz