Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттары


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . 4

1 КРИМИНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

  1. Криминлогия ғылымының түсінігі, пәні мен жүйесі . . . 6
  2. Криминология ғылымының даму тарихы, оның Қазақстанда қалыптасу кезеңдері . . . 11
  3. Қылмыстылықтың себептерімен жағдайларын, қылмыскердің жеке басын зерделеу, оның әдістері14

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУДАҒЫ РОЛІ

  1. Қазақстандық ғалымдардың криминология ғылымы саласындағы халықаралық ғылыми-теориялық, практикалық конференциялардағы өзекті мәселелері қозғаған баяндамалар, қорытынды ой тұжырымдары . . . 35
  2. Криминологиялық зерделеу жүргізетін ғылыми орталықтар мен арнайы лобораториялардың мақсаттары менміндеттері . . . 54
  3. Қазақстанның қылмыстық саясатын қалыптастырудағы криминология ғылымының ролі . . . ………. 62

ҚОРЫТЫНДЫ75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қылмыспен күрестің негізгі бағыттарының бірі оның алдын алу. Қазіргі уақытта қылмыстылықтың әртүрлі нысандары мемлекеттердің дамуына кері әсер ететін теріс құбылыс болып отырғандығы баршаға аян. Осындай жағдайда жан-жақты ойластырылған кешенді (қаржылық-материалдық, ғылыми, кадрлық, идеологиялық, нормативтік-құқықтық және т. б. қамтамасыз етілген) бағдарламаның қажеттігі айдан анық. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі қылмыстылық тарихи мол және халықаралық бай тәжірибені ескерген біртұтас, салиқалы қылмыстық саясатты ұйымдастырудың жаңа жолдарын зерттеуді талап етеді.

Ата заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында көрсетілгендей Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Сондықтанда мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстарды болдырмау, қылмыстың алдын алу және қылмыстың шығу себептерін анықтау, қылмыстың алдын алу мәселесін шешу үшін арнайы шаралар әзірлеу керектігі.

Қылмыстың алдын алу мен тосқауыл қоюдың қазіргі жағдайдағы тиімді жолдарын анықтап белгілеудің, құқықтық тетіктерін нығайтудың маңызы зор. Өйткені, біздің өміріміздің жаңа кезеңі бұл мәселенің мүлде тосын қырларын ашып беруде. Экономикада өрлеп дамыған сайын, қылмыс сипатыныңда өзгеріп, етек алуы заңды құбылыс болып табылады. Сол себепті қазіргі таңда ғалымдардың пікірлері бойынша қылмыстылықтың алдын алуды тиімді ұйымдастыру, ең алдымен үлкен үш мәселені шешіп алуды қажет етеді деп санайды. Олар: 1) қылмыстылықты, ондағы өзгерістерді тану мен бағалау; 2) детерминацияның ерекшеліктерін табу, себептер мен жағдайларды анықтау; 3) қылмыстылықпен күресудің жүйесін құру. Аталған жағдайлардың барлығы, әрине, тәжірибелік сипаттағы мәселелер, бірақ ол өз кезегінде оның теориялық базасын қалыптастыруды қажет екендігін түсіндіреді.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазірі таңдағы Қазақстандығы кримнологиялық яғни қылмыстың алдын алу бойынша ойлардың даму деңгейі. Қазақстан криминологтары қылмыстылықтың алдын алу бойынша қосқан үлестері. Қылмыстылықтың алдын алуды жан-жақты объективті түрде қарастыру. Сонымен қатар халықаралық мол тәжірибелерді пайдалана отырып Қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми практикалық конференциялардағы ой тұжырымдары.

Жұмыстың мақсатына тоқталар болсақ Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттарының мазмұнын теориялық қайар көздердің кешенді саралау. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды. Қазақстандағы криминологиялық ойлардың даму проццесін зерделеу. Қазіргі кездегі қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын меңгеру, қылмыстылықтың алдын алудың концептуалды негіздерін анықтау болып отыр.

Криминология ғылымы негізінен тәжірибелік ғылым болып саналады. Криминология адамдарға қылмыстылық статистиканы дұрыс «оқуға», оқып шыққан соң тәжірибелік тұрғысынан дұрыс қорытындылар жасауға, яғни, қай жерде экономикалық сипатта іс-әрекет жасау керектігін т. б. үйретеді.

Қазақстан Республикасындағы қылмыстың шығу себептерін жәнеде оның алдын алу туралы жекелеген теорияларын қалыптастырған Қазақстандық криминолог ғалымдар: Н. И. Абдиров (Нашақорлыққа қытысты қылмыс), А. Н. Ағыбаев (Қызметтегі қылмыс), Е. О. Алауханов (қарақшылық пен зорлау- зомбылық қылмыстың алдын алу) . З. О. Ашитов (әскери қылмыс), Б. С. Бейсенов («вондық» қылмыс) К. а. Бегалиев және М. С. Нарықбаев (кәмелетке томаған дардың қылмыс), И. Ш. Борчашвили ((эконимкалық қылмыс), С. Я. Булатов (әллеуметтік ортының ролі), У. С. Жекебаев (әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер қылмыстары, Р. Т. Нұртаев (Абайсызда жасалған қылмыс) И. И. Рогов (экономикалық қылмыс), Г. Р. Рустемова («Медициналық қылмыс»), Д. С. Чукмаитов және Б. Н. Накипов (қылмыстардың қайталануы, пенитенциарлы және ұйымдасқан қылмыс.

Осы әдебиеттерде қозғалған тақырыптардың өзектілігі мен маңызы практикалық қажеттіліктер туындайтын құқықтық реформалардың қылмыстың алдын алуда терең өзгерістерді болжайды.

Тақырыптың тағы бір маңыздылығы криминологиялық зерттеулер түріндегі қылмысты алдын алу жүйесін кешеді ғылыми тұрғыда зерттеу қажеттілігімен көрінеді. Бұл қажеттілік қазіргі қоғамға тән мінез құлық болып табылады. Қылмыстылық тірі қоғам сияқты әр кезде өзгеріп тұратын құбылыс. Бұл елеулі өзгерістер тек қана қылмыстылықты ғана емес криминология пәніне де әсерін тигізеді. Сонымен бірге себептілік мәселелеріне және әлеуметтік бақылауға жаңаша көзқараспен қарау қажеттілігін туындатады. Қазіргі кезде криминологияның дамуын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Бұл мәселелердің шешімі ғалымдардың үлкен тобының біріңғай күштерімен шешуге болады.

1 Криминология ғылымының түсінігі, мәні және әдістері.

  1. Криминология ғылымының түсінігі, пәні мен жүйесі.

Егер сөзбе-сөз ұғынсақ криминология дегенiмiз кылмыскерлiк жайындағы iлiм: Crimen-қылмыс, logos -ілім. Бiрақ криминология ғылымының нақты мазмұны едәуiр күрделi әpi көп аспектiлi. Ол жекелеген кылмыстардың ғана емес, жаппай кылмыстық әрекет ретiндегi қылмыскерліктің де заңдылығын зерттейдi, адам неге қылмыс жасайды? Өз проблемаларын шешу үшiн көптеген адам, неге кылмыс жолына түседi? Ондайға жол бермеу үшiн не iстey керек? - деген cұрақтарға жауап бередi.

Кез келген басқа ғылым сияқты криминология да заңдылықты зерттейді. Криминологияның айрықша пәні - заңдылықтар; а) қылмыскерліктің барлық көріністері; ә) кылмыскерлiктiң, детерминациялары мен себептiлiгi; б) кылмыскерлiктiң әр түрлi ықпалға ұшырайтындығы.

Қылмыскерліктің әр түрлі көрініс табуы мыналарды қамтиды: қылмыс немесе жеке қылмыстық әрекет; кылмыскерлiктiң әр түрлі негіздер бойыншабөлiнiп алынатын жекелеген түрлерi (экономикалық, мемлекеттiк, кәмелетке толмағандардың, әйелдердiң және т. б) ; мемлекеттiң белгiлi бiр аймағындағы, мемлекеттегi адамзат коғамының әр түрлi кезеңiндегi қылмыскерлiк[1] .

Осы айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: қылмыскерлік - адамзат тарихында бұрын болған және қазiргi бар қоғамдардың барлығының да ажырамас бөлiгi.

Криминология кылмыскерлiктi орын мен уақыттың нақты жағдайында зерттейді. Криминолог қоғамға, адамға, бiр жағынан, «қылмыскерлік арқылы», кылмыстық әрекет арқылы қарайды. Тек қылмыскерлiк, оның себептерi жане онымен күрес - криминологияға негiзгi керектiлер осылар. Қылмыскерлiктен бастау алып ол оның себептерiнiң, онымен күpecтi ұйымдастырудың,, оның алдын алудың талдамасына тереңдеген сайын қоғам мен табиғатта бар басқа да кең әpi күрделi проблемаларға шығады. Философ, керiciнше, қылмыскерлiктi көптеген құбылыстардың бiрi ретiнде, барлық басқалардың өзара байланысы, өзара әрекеттестiгi контексiнде қарайды. Философтар қылмыскерлiкке табиғат пен қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттеуге байланысты талдама жасайды.

Нақты өмiрде қылмыскерлiк пен басқа келеңсiз әлеуметтiк ауытқулар (алкоголизм, маскүнемдік, наркомания, көлеңкелi экономия жене т. б. ) арасындағы шекараны дәл анықтау қиын. Оларды оқшаулап қарау салыстырмалы, жасанды болып шығады.

Қолданыстағы заң қылмыскерлiктiң шекарасын көрсетедi, бiрақ криминологиялық зерттеулердiң шекарасы одан бiршама кең. Қоғам мен заң өзгергенде қылмыс және қылмыс емес деген ұғымдар да өзгередi. Криминолог белгiлi бiр iс-ерекеттердi криминалға жатқызу (оларды заң бойынша қылмыс деп тану) және криминалға жатқызбау (тиiстi iс-әрекеттердi заң бойынша қылмыстар қатарынан, яғни қылмыстық жазаланатындар қатарынан алып тастау) туралы меселеге өз үлесiн қосады. Қылмыс жасайтын адамдарды зерттей келе криминологтар мынаны байқады: ұдайы құбылып отыратын жағдайда олардың қоғамға қауiптi әрекеттерi өз нысанын өзгертедi екен, ал бұл нысанның өзгеруiнен сол әрекет екенiн қоғамға қауiптiлiк сипатын жоғалтудың орнына, кейде бұрынғыдан да бетер қауiптi болады екен. Мұндай жағдайда қылмыстық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу керек. Заңның криминологиялық келiсiмдiлiгiн, оның қоғамға аса қауiптiлiк келтiретiн жаңа шындыққа сәйкестiгiн осы криминологтар қамтамасыз етедi. Қылмыстық құқық саласындағы мамандарда құбылмалы кезде қоғамға қауiптi әрекет нысанының өзгеретiндiгi жайында толықтай деректер болмайды.

Сонымен криминолог қылмыскерлiк пен келеңсiз әлеуметтiк ауытқулардың өзге нысандарының өзара байланысындағы, олардың қоғамға қауiптi әрекетке айналуындағы заңдылықты зерттейдi.

Профессор Г. М. Минковский бейнелеп айтқандай, криминологтердiң назар аударатын объектiлерi қалайда «фондық құбылыстар» болуға тиiс. Бiрақ криминологтер оларды толық көлемде емес, тек олардың қылмыскерлiкпен байланысын ғана зерттейдi.

К, ылмыскерлiк детерминациясы жене себептiлiгi - бұл, жалпы алғанда, к, ылмыскерлiктiн. к. огамда туындау процесi (елеуметтік детерминация) жене сол процестi тудыратындарды, себептiк байланыстарды белiц алу (себептiлiк) .

Қылмыскерлiк детерминациясымен себептiлiгi, жалпы, қoғaмдағы, мемлекеттегi, аймақтағы қылмыскерлiктiң, белгiлi бiр әлеуметтiк топ өкiлдерiнiң қылмыскерлiгiнiң, қылмыскерлiктiң кейбiр түрлерiнiң, жеке қылмыстық әрекеттiң қандай да бiр кезеңде дамуын зерттейдi.

Бұл ретте тек қоғамның қылмыскерлiкке ғана емес, сонымен қатар қылмыскерлiктiң қоғам өмірінің әр түрлi жақтарына ықпал ету процесi де талданады.

Кылмыскерлiктiң әр түрлi ықпалға ұшырау заңдылығын талдағанда алдында қылмыскерлiкпен күрестің неғұрлым тиiмдi жолдарын iздестiру мақсаты тұрады.

«Қылмыскерлiкпен күрес» - күрделi, көп аспектiлi к. ызмет, ол қылмыскерлiктiң өзiне және оның себептерiне, жағдайға ықпал етудi қамтиды. Бұл қызмет қылмыскерлiкпен күpecтi жалпы ұйымдастыруды да, қылмыскерлiктiң алдын алуды да, құқық қоргау қызметiн де қамтиды. Егер алғашқы eкi меселе, негiзiнен, криминолгтердiң назарын аударатын басты объектiлер болып келсе, ал құқық қорғау қызмeтi - оның жүйелiлiriн қамтамасыз ету жене криминологиялық келiсiм тұрғысынан алынады. Құқық қорғау қызментінің кейбiр бағыттарын қылмыстық процесс, жеделіздестіру қызметi бойынша мамандар және басқалар анықтайды.

Криминолог - жан- жақты экономикалық саяси, әлеуметтiк, құқықтық және басқа да ұсыныстар бере алатын әмбебап маман емес. Қоғам өмірінің экономикалық саяси жене басқа да салаларын, құқықтың әр түрлi салаларындағы мәселелердi тереңiрек талдаған сайын ол алғашында басқа мамандармен ынтымақтастықта болады, кейiннен «эстафета таяғын» олардың қолына ұстатады, содан кейін барып олар қылмыскерлiктi тудыратын себептермен жағдайларды жоюдың нақты жолдарын анықтайды.

Бұл ретте криминологте оның өзiне ғана тән зерттеу саласы болады: тiкелей қылмыскерлiк туындайтын әр түрлi әлеуметтiк құблыстар мен процестердегi (әлеуметтiк, саяси жене баска) өзара байланыстылықты бөлiп алу. Ол өзi алған нәтижелер жайында экономистердi, саясаткерлердi, социологтердi, құқық қорғаушы және басқа мемлекеттiк органдарды, жұртшылықты хабардар етедi. Бiрақ криминолог, ендi болды, бұдан былай жұмыссыздық та, кедейлiк те болмайды, қылмыскердiң ешқайсысы жазасыз қалмайды деп қол қусырып oтыруғa тиiс емес. Ол жұмыссыз аза­мaтrapдың қандай бөлiгi кедейлiк сатысынын ең төменгi баспалдaғына тұрғандығын, сол себептi олардың қылмыс жасайтындығын ашып көрсетyi тиiс. Бiрақ ондай адамдардың iшiнде қылмыс жасамайтындар да бар. Тиiсiнше, кейбiр тұрақты тepic құбылыстарды тез жою жөнiнде меселе көтермесе де, криминолог өз ақпаратымен олардың криминогендiк әpeкeттepін бейтараптандыруға, оң факторлармен өзара қатынасын камтамасыз етуге көмектесе алады (қapттapғa, мүгедектерге экономикалық көмек; еңбекке жарамды адамдарды жұмысқа орналастару; қылмыспен келген табысты «жуып-шаюға» жол бермеу және т. б. ) .

Сонымен қатар криминолог қылмыскерлiктi азайтуға ықпалын тигiзетiн құбылыстарды назаpға алады - ол тек криминогендiк қана емес (кылмыскерлiктi туындататын), сонымен қатар антикриминогендiк (туындауға тосқауыл болатын) мән-жайларға да баса көнiл аударады.

Оның антикриминогендiк процестер жайындағы ақпараты қылмыскерлiкпен күресте батымды шара қабылдауға көмектеседі.

Сонымен, бiрiншiден, криминология өмiрдегi барлық жағдайға жан-жақты ұсыныс беретiн әмбебап ғылым емес, екiншiден, қылмыскерлiкпен күрес проблемасын орын мен yaқыттың нақты жағдайларында шеше отырып ол өз бағытын ұстанады.

Криминологиялық тұжырымдар әлеуметтiк қайта өзгеру процесiнде қолданысқа алынады, солай болуға тиiс те, бiрақ криминолог пен революционердi, криминолог пен билiк басындағылардың жауын ажырата бiлу керек.

Криминолог ic жүзiнде әрқашан қоғамғa оның денесiндегi сыздауықты, әлеуметтiк басқарудағы қателiктердi көpceтeтін сыншы рөлiн атқарады, себебi қылмыскерлiк оң жетiстiктерден, жақсы өмiрден туындамайды. Ал, оның ұсынысы болмаса қылмыскерлiктiң тасасында тұрған, кейде қоғамға «қылмыскерлiк арқылы» карағанда ғана көрінетін тepic құбылыстардан арылу мүмкін емес.

Криминологиялық құбылыстарды ескеру - қоғамдық қатынастарды құрбансыз және астан-кестен төңкерicсiз, ғылмға сүйенiп қайта құру жолындағы маңызды қадам.

Әлеуметтiк жетiстiктердi емес, қателiктердi ғана көрсеткені үшiн криминологтi айыптау пациенттiң келicтi түр-түсiн, инабаттылығын, жақсы қасиеттерiн сөз етпей, оның ауруы жайында, оны емдеудiң жолын айтқан дәрiгердi айыптағанмен бiрдей.

Мұны айтып oтырған себебiмiз, КСРО кезiнде криминологиялық зерттеулерге отыз жылдан аса уақыт тыйым салынғанан едi. Ол тыйым Қылмыскерлiк пен қылмыскердi зерттеу жөнiндегi мемлекеттiк институт қайта ұйымдастырылып, Орталық статистика басқармасының моральдық статистика бөлiмi таратылған 30 жылдардың басынан Қылмыскерлiктiн себептерiн зерттеу және оның алдын алу шараларын қарастыру жөнiндегi бүкiл одақтық институт шығарылған 1963 жылға дейiн созылды. Бұл кезенде қылмыскерлiк проблемалары бойынша, бiрақ қылмыстық құқық кри­миналистика және басқа пәндер шенберiнде жекелеген ғылыми зерттеулер жүргiзiлдi. Іc жузiнде әңгіме күрделi де бүтiндей ерекше құбылыс болып табылатын қылмыскерлiк жайында емес, жекелеген қылмыстармен күрес жайында ғана едi.

КСРО құрамында болған мемлекеттердегi социализмнiң ыдырауы қылмыскерлiктiң себептерiне, әcipece, наркобизнес, жезөкшелiк, валюталық операциялармен жасалатын қылмыстардың себептерiне жаңаша көзқарасты талап етті[2] .

ТМД елдерiнде алғашқы Криминологиялық ассоциация 1991 жылы кұрылды. Қазақстан Республикасында да Криминологиялық Ассоциация 2000 жылы кұрылып, аталған ұйымның "Қылмыстылыктың алдын алу" (Предупреждение преступности) журналы 2001 жылдан бастап жылына eкi рет жарық көре бастады. Алғашқы Қазақстанның Криминологиялық ассоциациясының төрағасы болып заң ғылымдарының докторы, профессор И. И. Рогов сайланды.

Криминологияның ғылым ретіндегі мазмұн - бұл дегенiмiз: қылмыскерлiктi, оның өзгерiстерiн, аймактық және әлеуметтiк топтық ерекшелiктерiн зерттеу және бағалау; тиiсті қылмыскерлiктiң детерминация және себептiлiк процестерiн оның өзгерiстерi мен айырмашылықтарын зерттеу және бағалау қылмыскерлiкпен күрес жөнiнде, сондай-ақ крминологиялық зерттеулердiң методологиясы мен әдiстемесiне қатысты ұсыныстар дайындау.

Криминология пәнiнiң анықтамасымен салыстырып қарасақ мұнда, бiрiншiден, қылмыскерлiктi, оның детерминация және себептiлiк процестерiн, екiншiден, қылмыскерлiкпен күрес жөнiнде криминологиялық зерттеулердiң методологиясы әдiснамасы мен әдiстемесi бойынша ұсыныс дайындауды көрсету өзiнше жаңалық болып табылады.

Кез келген ғылымның методологиясы мен әдiстемесi маңызды рөл атқарады, себебi олар әрқашанда зерттеу объектiсiне «байланыстырылады» және оның нәтижелерiнiң сенiмдiлiгiн, растығын анықтайды. Зерттеу әдiстемелерi мен әдiстерiнiң өзiндiк ерекшелiктерi осы әдiстердi игерген мамандардың сондай-ақ арнаулы зерттеу мекемелерiн ұйымдастырудың қажет екендiгiн талап етедi.

Криминология бойьшша 60 жылдары шыққан алғашқы оқулықтарда оның пәнi мен мазмұнын қарастырғанда жеке басы сөз болмайды. "Қылмыскердiң тұлғасын жалпы анықтаудан теория жүзiнде бас тарту дегенiмiз жеке дараны әлеуметтiк айналдырудан бас тарту деген сөз, ол ойлап қарасаңыз криминологиялық теорияны әдiстемелiк негiзден айырады" - деп У. С. Жекебаев дұрыс айтқан болатын [3] . Кейiн қылмыскерлiкпен, оның себептерiмен, қылмыскерлiктiң алдын алу шараларымен қатар ол жайында сөз қозғала бастады. Ондағы мақсат - криминологтердiң оған өзiнше бөлек назар аударуы керек екендiгiн, қоғамдық қатынастарды зерттеу қылмыскердiң жеке басын зерттеудi алмастыра алмайтындығын, ал қылмыскерлiкке және оның себептерiне ықпал ету - адамның өмip салтын cayықтыpy және белгiлi бiр жеке мiнезқұлықты түзету екендiгiн көрсету едi. Криминология пәнiн, оның мазмұнын анықтаудағы мұндай көзқарас өзiн ақтады, себебi ол, мысалы, қылмыскердiң жеке басын криминологиялық зерттеудiң дамуына септiгiн тигiздi. Осы күні зерттеулер нәтижелерiнiң маңыздылығы даусыз, ендi криминологияның пәнi мен мазмұнын анықтауда қылмыскердiң жеке басын қылмыскерлiктен бөлек, оның себептерi мен алдын алу шараларынан бөлек сөз етуге болмайды. Қылмыскердің жеке басын криминология пәнiнде бөлiп алудың жасандылық сипаты бар, ол жайында алда сөз болады.

1. 2 Криминология ғылымының даму тарихы, оның Қазақстанда қалыптасу кезеңдері.

Қылмыстардың себептерi, олар үшiн жауапкершiлiк принциптерi туралы көптеген негiзге алынатын идеялар адамзат тарихының бастапқы кездерiнде-ақ пайда болған.

Криминология тарихы, өзiнше дербес ғылым peтiндe 19 ғасырдан басталды, жаратылыстық-ғылыми әдiстердi қолдану аясы кеңiдi. Олар қоғамдық ғылымдарға да ене бастады.

19 ғасырдың l-жартысында криминологияның дербес ретiнде қалыптасуына зерттеулердiң мына төрт түpi айқын әcepiн тигiздi: 1) антропологиялық; 2) статистикалық; 3) әлеуметтiк-экономикалық, социологиялық және т. б., олар арқылы қылмыскерлiк факторларына және оларға ықпал ету тетіктерінe талдау жасалды; 4) әлеуметтiк-құқықтық [4] .

Антропологиялық зерттеулердiң негiзiн қалаушы креминолог Галль болатын. Ол қылмыс жасайтын адамдарды үш категорияға бөлдi, қылмыскерлердi биологиялық топтастырудың басын бастады. Кейiн туа қылмыскеp деген идеяны бұрынғы түрме дәрiгерi, сот-медицинасының итальяндық профессоры Цезарь (немесе Чезаре) Ломброзо тамаша негiздедi. «Қылмыскер болып туады»- дедi ол өзiнiң алғашқы еңбегiнде. Кейiн ол туа қылмыскер болу типтердің бiреуi ғана, ал өсе келе өмip ықпалымен қылмыскер болатын басқалар да бар eкенін мойындады. Ламброзоның бұл жұмысы күштi дау туғызды: бiр авторлар оны қолдады, басқалары оның идеясын қолдамады, өздерiнше зерттеулер жүргiздi. 19 ғасырдьщ соңы - 20 ғасырдың басында қылмыстық антропология жөнiнде бiр қатар халықаралық конгрестер eттi, оларға қатысқандардың көбiсi Ломброзо теориясын сынады[5] .

Ломброзо болса қылмыскерлердi және қылмыс жасау себептepiн зерттеу aуқымын кеңейтiп, айтысты жалғастырды. Ол өзiнiң кейiнгi жұмыстарында сыртқы ортаның қылмыскерлiкке ықпал eтетін ер турлi факторларына назар аударды, туа қылмыскер болатындық туралы теориясынан бас тартпаса да бiртiндеп әлеуметтік факторларға көңіл бөле бастады .

Ломброзоның идеясын оның шәкiрттерi - белгiлi итальян ғалымдары Рафаэль Гарофало мен Энрико Ферри дамытты, олар қылмыскерлiктiң әлеуметтiк факторларына баса назар аударды. Ферридiң пiкiрiнше, антропологиялық мектептiң айырықшылығы сонда, ол органикалық және психикалық келбеттерi, мұралаған және жүре бiткен қасиеттерi арқылы қылмыскердің жай адамнан өзгеше екендiгiн мойындады (раr des anormalitus organiques et psychiques), қылмыскерлердi адамзат тұқымының ерекше бiр түpi деп санады (иnе classe speciale, unе variutu de lespuce humaine) . Тиiсiнше, жазаны, қоғамның осы «адамзат тұқымының бiр түрінен» қорғанысы ретiнде қарады.

Бұл бағытты жақтаушылар Францияда және басқа да елдерде болды. Ресейде П. Н. Тарановскийдiң Д. А. Чиждiң жұмыстары, бiршама Д. Дрильдiң және басқа авторлардың жұмыстары антропологиялық бағытқа жақын болды.

Айтулы криминологиялық жұмыстардың бiрi - «Кылмыскерлiктiң экономикалық факторының» авторы Ван-Кан кейiндерi былай деп жазды: «Ламброзонның еңбегi сонда, ол криминология саласындағы ойды оятты, жүйе құрды, тапқыр және батыл гипотеза жасады, ал нәзiк талдамалар мен түйiндi тұжырымдарды ол өз шәкiрттерiне қалдырды».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Криминология ғылымының түсінігі, мәні және әдістері
Жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Қылмыстық - атқару құқығы ғылымы
Криминологияның айрықша пәні - заңдылықтар
Криминологияны ғылым ретінде қарау
Банктік қылмыстармен күресу шараларының жүйесін анықтау және банктік қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиімдеу
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстар
Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқы және оның алдын алудың проблемалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz