Кесте түрлері


Кесте түрлері
Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүрінде киім-кешек пен төсек-орын жабдықтары, қалыңдық пен күйеудің, батырлар мен сауық қойлардың бас киімі, белбеуі, киімнің жең-жағалары мен балақтары әр түрлі жамылғыштар мен кежімдер және басқа да осы сияқты жол-жорық, үй-іші мүліктері кесте өрнегімен жиі безендірілетін. Халық салтында мұндай өрнектеудің кейбіреулері күні бүгінге дейін сақталып келеді. Оның себебі әдемі ұнасымды кесте ою-орнегінің барлық түріне бірдей қолдануға тиімді. Міне, осы сияқты бізбен, машинамен және инемен көркемдеп тігілген кестені әшекейлеп кестелеу деп атайды.
Өнер қазынасының сарқылмас мұхиты халық "адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсем" деп келіп, "кестені кеңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды" деп қорқытқан. Кесте өнері осы айтылғандай нағыз халықтык, алуан әдісті, таңдауы кеп өнер. Кесте жұмыстарында атқарылатын жұмыстар жайлы алатын білімі: кестенің шығу тарихын зерделеу; тігін машинасының іске қосылуын, машина жұмыстары үшін жұмысшы орнын ұйымдастыру; тазалық сақтау гигиенасы, қауіпсіз еңбек ету ережелерін ескеру; тігін машинасында атқарылатын кестелердің түрлерін зерделеу; тігін жіптерін тандау, кестелеу маталарының фактурасы, қасиеттерін, жіптері мен маталараның түстерін айқындау; құрал-жабдықтарын қолдану тәсілдерін үйрену.
Ептілігі мен дағдысы: жұмысты бастамас алдын кестелеу өнеріне жаттығудың 3 тәсілін орындау; өрнектерін түсіру; машинанының ине және шөрнек жіптерін сабақтау; мата және жіптерді тандау; матаны кергішке керу; кестенің еркін, санақты, тығыз, мережка, ришелье көркем-сәнді түрлерін практикалық негізде орындау.
Пәнаралық байланысы: жоғарғы математика; сызба геометриясы; мамандыққа кіріспе; салалық материалтану негіздері; тігін өндірісінің құрал-жабдығы; киім тарихы.
Матаны кергішке керу
Матаның тартылып керіліп тұруы үшін кергіштерді пайдаланамыз. Бұл тегістің бірқалыпты түзу, сапалы болуы үшін қажет. Сондай-ақ лентаны қатты тартпағаннан кейін өрнектер көлемді болып түседі.
Әртүрлі өлшемді екі дөңгелектен тұратын кергішті кез-келген сауда орталықтарынан сатып алуға болады. Мұндай кергіштіктерде бір дөңгелек екінші дөңгелекке кигізіледі. Тігу барысында да өет ыңғайлы.
Матаны кіші дөңгелектің үстіне қойып үстінен үлкен дөңгелек кигізіп, матаны керіп бұрандасып бұрап қысып қоямыз.
1. Ендеп немесе полотноша тоқу. Былай еткенде арқау тілімен бір жіптен тастап отырып тоқылады. Жіптің өрілуінен өрнек пайда болып, ол оқтын-оқтын қайталанып отырады. Мұндай қайталанып өрнекті
матаның рапорты дейді.
1. Ендеп тоқу әдісімен тоқылған маталардың оң, терісі біркелкі болады. Тоқудың бұл әдісі жіптерді бірімен - бірі қатты еріп, матаның өзін қарапайым ету үшін қолданылады (іш-киім маталары, шыт, өңірге салынатын кенеп) . Өзінін құрылысы мен өндеуі жағынан берік болғандықтан өңдеп тоқу және оның көптеген түрлері кең қолданылады. Жалпы мақта-мата кездемелерін тоқуға өңдеп әдісімен мынадай негізгі түрлері тоқылады. Шыт, без, шифон, бәтес, мақта-мата шұғасы. Жүн маталарының тобында өңдеп тоқу ашуға қолдаңылады.
2 . Саржаша тоқу. Бұлай тоқуда арқау тілінің бір жібінің астынан дәл етіп, келесі екі жіпте оралады. Арқаудың екінші жүрісінде тік жіп матаның өңі жағына өтерде бір жіпке жылжиды, яғни арқау тілінің екінші орамының астына келіп, одан соң қабылдаған өрнек бойынша өріледі. Саржаша алайда, жіптердің өрілуі сирегірек болғандықтан, өңдеп тоқылған матадан мықты болмайды. Олар жіптері сирек өрілгендіктен, созылғыш, иілгіш келеді. Былай тоқу костюм маталарын шығарғанда қолданылады.
3. Сәтенді (атласты) тоқу . Бұлай тоұуда арқау тілімен бірге өрілуі үшін тілдің бірнеше оралымын табады. Сондықтан матаның өзі теріс жағынан өзгеше келеді: матаның бір бетінде жіп оралымының бір жүйесі, екінші бетінде, екінші жүйесі болады. Өсімдік талшықтарын мақтадан, кенептен, кендірден, зығырдан, ал жүн талшықтарын қойдан, ешкіден, түйеден және қояннан алады. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи синтетикалық жоғары молекулярлық қосылыстар нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар мен жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөледі.
Жасанды талшықтар мен жіптерді табиғи жоғары молекулярлық қосылыстардан әдетте шыршадан алатын целлюлозадан алады. Оларға вискоза, мысты аммиак талшықтар мен жіптер, ацетатты негізінде триацетатты жіптер жатады. Мұнайды, газ бен көмірді қайта өңдеу арқылы алынатын синтетикалық полимерден талшықтар мен жіптер жасалады.
Бұлардың ішінде ең көп тарағандары мен жіптері, капрон, анид, полиэфир, лавсан, полиакрилонитпил, нитрон, поливинилхлорид, хлорин, полиофелин, полипрофилин, полиэтилен талшықтар мен жіптері.
Мата фактурасы - бұл матаның біркелкі құрылымы. Мата бетінің фактурасына байланысты оларды жылтыр, кедір-бұдырлы, рельефті және умаждалған түрлерге беледі. Мысалы: тегіс, жылтыр, жылтырауық кесте
техникасына қолайсыз келеді.
Мысалы: тегіс, жылтыр, жылтырауық кестелеуде технологиялық пластикалық қасиеттері, матасының фактурасы, түсі және суреті басты рөл атқарады. Мата бетінің фактурасын бейнелеу техникасы түрлеше болуы мүмкін, яғни "сулы", "графикалық", "құрғақ", "гуашпен", "корпусты" т. б.
Тігістік кесте. Қажетті өрнектері түсіріліп матасы керілген кергіш, жұмыстық қалыпта тұрған иненінің тұхына кіргізеледі. Басу табан тетігі төмен түсірледі. Кейде басу табан тетігін жоғары да қоюға болады. Мұндай жағдайда ине жібі босаң жүреді. Кергіш қолдың көмегімен жұмысшы қалауына қарай қозғалысқа келтіріле береді. Тек кестенің сапалы орындалуына бақылау жасап отыру қажет. Дегенменде, қайсыбір жұмыс болмасын, алдымен қарапайым кестелеуден бастаған дұрыс пікір.
Қарапайым кестелерге: түзу сызық, кисық, ирек сызықтар және басқа да бейнедегі өрнектер кіреді. Бұларды жаттығу барысында жапырақ тәрізді, шар немесе дөңгелек, овал бұрыш сияқты формаларға күрделендіріп отыруға болады. Бұл кестелер тігістің ұлындығы машинаның басты білігінің айналу жиілігіне, кергіштің қозғалыс жылдамдығына байланысты түседі. Қарапайым кесте түрлерін орындау барысында, түзу тігісті орындау секілді, кестелеу жұмысында да үстіңгі жіп астыңғыға қарағанда босандау болғаны дұрыс. Себебі қарапайым кестелері тігістік кесте арқылы ғана шектеледі. Кестенің жалпы көрінісі машина тігісіне ұқсас келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz