Негізгі құралдардың есебін аудиттеу


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ МЕН АУДИТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕГІ

1. 1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ

1. 2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ҚОЛДАНУЫНЫҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ АЛДЫНА ҚОЙҒАН МӘСЕЛЕЛЕРІ

2 «ДЕРИЗ» ЖШС-ТЕ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1. «ДЕРИЗ» ЖШС-Ң ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2. 2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕСЕБІ

3 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН АУДИТТЕУДІҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ТӘРТІБІ

3. 1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ҚОЛДАНУЫН АУДИТТЕУДІҢ ЖОСПАРЫ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫН ҚҰРУ

3. 2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУЫН ТЕКСЕРУ

3. 3. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫН ТАЛДАУ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Бухгалтерлік есеп және аудитті нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы мен ролі өте зор. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінде бухгалтерлік есеп жұмысы “Бухгалтерлік есеп туралы”, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің типтік шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттарына сәйкес ұйымдастыру өзекті мәселелердің қатарына жатады.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілері болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс. Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен істеліп жатқан жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметтің мемлекет тарапында және экономика өмірінде атқаратын ролінің ұшан-теңіз екендігін дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.

Еліміздің егемендік алып, өз алдына ел болғанына да жиырма жыл уақыт өтті. Осы жылдардың аралығында көптеген өзгерістер болды. Кеңестер Одағы тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылықтарды нарықтық жолға көшіруге тура келді. Осыған сәйкес шаруашылық субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп жұмысына да өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды.

Экономиканың қай саласында болмасын шаруашылық субъектілері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзінің өндіріп (дайындап, жасап) шығаратын өнімін халықаралық рыноктағы бәсекелестікке жарамды етіп

шығаруға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтауда оған зиян келтірмеуге мүдделі.

Негізгі құралдардың есебі және аудиті зерттеуді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі. Тақырыпты зерттеудегі мақсат - негізгі құралдардың есебін және аудитін жүргізудің теориялық және практикалық мәселелерін оқып-үйрену.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ЖШС «Дериз» кәсіпорны болып табылады. курстық жұмысты жазуда әдістемелік негіз болып отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, нормативтік құжаттар, кезеңдік баспалардың материалдары және зерттеліп отырған обьектінің мәліметтері болып табылады.

1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ МЕН АУДИТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕГІ

1. 1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ

Негізгі құралдар - деп өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Шаруашылық субъектілерінде негізгі құралдардың есебі №6 “негізгі қорлар есебі”-деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.

“Негізгі құралдарға”-қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттегіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатады.

Көлемнің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көптігіне қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық субъектінің қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, содай-ақ құрылыс монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатады.

Барлық “негізгі құралдар” өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар- деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалар. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс материалды - техникалық жабдықтау және сату - өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма, т. б. ) ;

ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар, т. б. ) ;

б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, т. б. ) ;

в) машиналар (бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, эксковаторлар, грейдерлер, бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар, касалық аппараттар мен т. б. ) ;

г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер, тракторлар және т. б. ) ;

ғ) құрал - саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер, т. б. негізгі құралдар) ;

д) шаруашылық құрал - жабдықтар (диван, креслолар, кілемдер, сейфтер, т. б. ) ;

е) жұмыс және өнім малдары;

ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;

з) жер (шаруашылық субьектінің сатып алған жер көлемінің құны) ;

и) жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығын;

к) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және т. б. ) .

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс қүралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде енбек құралдарына (машина, кұрал-жабдык, кұрал-саймандар т. б. ) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, кұрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар) . Негізгі өндірістік кұралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші - қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі кұралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар - тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т. б. ) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

“Негізгі құралдар”ҚЕБХС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:

-бастапқы құн немесе өзіндік құнмен -активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы ;

-ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаржаттық құны;

-өткізу құнымен (әділ бағаның ) - мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;

-жойылу құны -шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;

-амортизациялық құнмен-жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;

-баланстық құнмен-жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал-активтің баланстық құны оның орнын толтыратын құннан артқан сома.

Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Қолданыста жүрген заңдарға орай (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997ж. 24 шілдедегі №1174 Қаулысы мен Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттіктің 2002ж. 3 сәуірдегі №03-1а-8 «Негізгі құралдврдың құнын арттыру индекстері туралы» қатынас хаты) объектілерде қайта бағалау өткізіліп, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 541 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал» 54 бөлімшенің баланстық шоты бойынша көрсетіледі.

1. 2. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ҚОЛДАНУЫНЫҢ ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ АЛДЫНА ҚОЙҒАН МӘСЕЛЕЛЕРІ

Аудиторлық қызмет, ол аудиторлардың кәсіпкерлік қызметін білдіреді. Ол өзіне ведомстан тыс бухгалтерлік есептілікті, бухгалтерлік есеп құжаттарын және салық деклорациясын тексеруді қамтиды.

Аудитор (“auditor” - латын тілінен аударғанда тыңдаушы, оқушы) - бұл белгілі бір период ішіндегі кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық жағдайын тексеруші тұлға.

Негізгі құралдардың есебіне аудит жүргізудің мақсаты - кез келген кәсіпорындардағы негізгі құралдардың құжатта көрсетілген мәліметтерімен сәйкес келуін анықтау. Оны анықтау аудитордың аудиторлық бағдарламасымен негізделеді. Негізгі құралдардың кіріс - шығысы, тозу есебінің есеп саясатына сәйкес жүргізілуін, түгендеудің дұрыс жүргізілуі, жөндеу есебінің дұрыс жүргізілуі - міне осылар аудиторлық қызметтің мақсаты болып табылады.

Аудиторлық мақсатқа жету үшін аудитор белгілі ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі керек. Ақпарат көздерінің нақтылығы аудиторге дәл және нақты қорытынды есеп беруде маңызды роль атқарады. Ақпарат көздеріне кәсіпорынның құжаттары, балансы, бас кітабы, есеп регисторлары, мүліктік карточкалары, сол кәсіпорынның персоналдарынан алынған мәліметтер кіреді.

Негізгі құралдардың сақталу, есепке алу және пайдалану есебінің аудитінің басты міндеті:

- негізгі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына бақылаудың қамтамасыз етілгендігін;

- еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын, олардың жіктелуі, меншіктік қатынасы және өндіріс үрдісіне қатысу сипаты бойынша топталғандығын;

- есепте негізгі құралдардың дұрыс бағаланғандығын;

- есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс операцияларының дұрыс көрсетіліп құжатталғандығын;

- есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есептеліп құжатталғандығын;

- негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғанын;

- бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негізгі құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс көрсетілгендігін тексеру болып табылады.

Аудитордың міндеті қолда бар негізгі құралдардың сақталуын бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексерумен шектелмейді, оларды сақтауды қамтамасыз етуге байланысты атқарылған іс-шараларды да тексеруге міндетті. Ол үшін: шаруашылықтың басшылығының бұйрығымен негізгі құралдардың сақталуына жауап беретін материалды жауапкершілікті тұлғаның тағайындалғандығын; тағайындалған тұлғалармен олардың толық материалды жауапкершілігі туралы жазбаша шарт жасалғандығын; негізгі құралдардың сақталуына тексеру жүргізетін тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының тағайындалғандығын; жылдық қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында түгендеу жүргізілгендігін; түгендеудің нәтижесінің дұрыс құжатталғандығын және оны қарау мерзімінің сақталғандығын; негізгі құралдардың кем шығу, жоғалған, бүлінген фактілер орын алған жағдайда кінәлі тұлғаларына қандай әкімшілік шаралары қолданылғандығын анықтауға міндетті.

Тиянақты орындау үшін негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағдарламаларын жасауға тиісті. Бағдарламада тексерілетін мәселелер, жоспарланған аудиттің іс-әрекеттері, ақпарат көздері және тексеру мерзімі анықталуы тиіс. Отандық және шетелдік авторлардың жасаған бағдарламаларына сүйене отырып, негізгі құралдардың сақталу және пайдалану есебінің аудитінің бағдарламасы мынандай мәселелерді қамтиды:

- баланстың көрсеткіштерінің, бас кітап, есеп регистрларындағы және машина жазбалардағы мәліметтермен сәйкестігін тексеруді;

- негізгі құралдардың аналитикалық және синтетикалық есебінің дұрыс жүргізілгендігін тексеруді;

- негізгі құралдарды сақтау, пайдалану орындарындағы нақтылығын және оларға бақылаудың қамтамасыз етілгендігін тексеруді;

- негізгі құралдардың ішкі және сыртқы қозғалыстарының дұрыс құжатталғандығын тексеруді;

- негізгі құралдардың дұрыс топталып сыныпталғандығын тексеруді;

- негізгі құралдарды бағалау және сыртқы қозғалыстарының дұрыс құжатталғандығын тексеруді;

- негізгі құралдарды кіріске алу және шығыс жасау операцияларының дұрыстығын тексеруді;

- негізгі құралдарға тозу есептеу және амортизациялану операцияларының дұрыстығын тексеруді;

- негізгі құралдарды жөндеуге (күрделі ағымдағы) жүмсалған шығындардың негізділігін және олардың бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетіліп таратылғандығын тексеруді;

- негізгі құралдардың техникалық жағдайын және олардың тиімді пайдалануын тексеруді;

- негізгі құралдарды сақтандыру және оларға салық есептеу операцияларының дұрыстығын тексеруді.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған кұрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Заттық кұрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке көрнісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жок шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.

Келтірілген негізгі қүралдардың әрқайсысының кұрамына енетіндер:

жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге меншік құқығы бар болса, онда олар кұқық актісімен расталуы керек. Ондай актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып саналады;

үйлер -халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауғажәне материалдық құндылықтарды сақтауға арналған әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып табылады;

ғимараттар - еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы) . Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

өткізгіш тетіктер (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар) . Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объекті бола алады;

машиналар мен жабдықтар - күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады.

Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады;

күш беретін машиналар мен жабдықтар - жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану двигательдері, электрлік двигательдер) .

жұмыс машиналары мен жабдықтар - еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар) ;

өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар) ;

есептеу техникасы - процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары) ;

басқадай машиналар мен жабдықтар - машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар) ;

көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі) . Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;

құрал-сайман - қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған кұралдары немесе металдарды, ағашты және т. б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары) . Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;

шаруашылық мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер) . Дербес мәні бар әрбір объект - мүліктік объекті бола алады;

жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал - ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал - мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;

басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар

2 «ДЕРИЗ» ЖШС-ТЕ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1. «ДЕРИЗ» ЖШС-Ң ТЕХНИКО-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

ЖШС «Дериз» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылып, Қарағанды қалалық Әділет басқармасында тіркелген. Заңды тұлғаның мемлекетік тіркеу куәлігінің № 78 - 1930-ТО 2006 ж. 27 мамырында бекітілген .

ЖШС «Дериз» мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Абай ауданы, Южный мекені .

Қоғам салық төлеуші болып Қарағанды қаласы бойынша Салық комитетінде тіркелген.

Қоғамның жарғылық капиталы 1 000 000 теңге болып жарияланған. Номиналды құны 10 000 теңге акцияларының эмиссия көлемі 1 000 000 теңге. Эмиссия ұлттық идентификациялық номері берілген 100 қарапайым атаулы акцияларға бөлінген. Эмиссия акциялары толығымен орналастырылған және төленген.

Қоғам өз қызметін Жарғыға сәйкес жүргізеді. Жауабы шектелген серіктестіктің құрлытайшысы Парсьенов Ю. Н болып табылады.

Қоғам жүзеге асыратын негізгі қызметтерінің түрлері: Қарағанды қаласының тұрғындарын, кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелерді табиғи газбен қамтамсыз ету;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен кәсіпорын
Кәсіпорындарда меншікті капитал есебін жүргізу
Өндіріс циклы
Өндірістегі өнімнің өзіндік құнының калькуляциясының ішкі аудиті
Өндіріс циклды аудиторлық тексеру
Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы
Жалпы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына сипаттама және аудит ролі
Қаржылық есептеме
Ұзақ мерзімді аудиторлық тексеру бағдарламасы
Міндетті экологиялық аудитті жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz