Криминалистика пәні жүйесі және міндеттері



1 Криминалистиканың пәндік сипаттамасы
2 Криминалистиканың жүйесі
Соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың жасалу саны одан әрі өсуде.
Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда тергеу органдарының жұмысының жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда тергеудің нәтижелі жүргізілуін және тиімді тәсілдерді жан-жақты пайдаланылуын талап етеді.
Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелілігін арттырады, сондай-ақ қылмыс жасаудан кейбір адамдарды алдың ала сақтандырады.
Криминалистика тергеу және басқа құқық қорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындап береді.
Қылмыстық оқиға бір адамның, немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет қимылдарынан тұрады. Сондықтан қылмыс қандай жедел жасалса да ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.
Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқтың пи т.с.с.). Ал жалпы криминалистикалық мағынада қылмыстың ізі деген ұғымға оқиға болған жерде қалған жеке заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Мысалы: жол-көлік оқиға болған жерде көліктердің аварияға ұшырауына (соқтығысу, аударылуына) байланысты олардың жеке бөлшектері, авариядан сынып, опырылып қалған детальдар оқиға болған жерде қалса, олардың бәрін жалпы криминалистикалық мағынада іздер деп атаймыз.
Осы іздерді, оқиға болған жерден табылған заттай дәлелдемелерді салыстырып талдау, тексеру арқылы қылмыстың қалай жасалғанын анықтап оның тетігін болжап білуге болады.
1. Жәкішев Еркін Ғазизұлы
2. Исаев Әжімұрат Алыбалаұлы
3. Найманова Гүлмира Хасенқызы
4. Тапалова Роза Баишқызы
5. Темірболат Нұрбайша Серікқызы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
КРИМИНАЛИСТИКА ПӘНІ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

Криминалистиканың пәндік сипаттамасы

Соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде аса қауіпті
қылмыстардың жасалу саны одан әрі өсуде.
Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда тергеу органдарының жұмысының
жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда тергеудің нәтижелі жүргізілуін және
тиімді тәсілдерді жан-жақты пайдаланылуын талап етеді.
Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза
тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелілігін арттырады, сондай-ақ
қылмыс жасаудан кейбір адамдарды алдың ала сақтандырады.
Криминалистика тергеу және басқа құқық қорғау органдарының жұмысының
іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені криминалистика тергеу
тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып,
оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне
дайындап береді.
Қылмыстық оқиға бір адамның, немесе бірнеше адамдардың белгілі бір
әрекет қимылдарынан тұрады. Сондықтан қылмыс қандай жедел жасалса да ол
айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер
қалдырады.
Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар
мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі,
аяқтың пи т.с.с.). Ал жалпы криминалистикалық мағынада қылмыстың ізі деген
ұғымға оқиға болған жерде қалған жеке заттар, қираған, сынған нәрселер және
қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Мысалы: жол-
көлік оқиға болған жерде көліктердің аварияға ұшырауына (соқтығысу,
аударылуына) байланысты олардың жеке бөлшектері, авариядан сынып, опырылып
қалған детальдар оқиға болған жерде қалса, олардың бәрін жалпы
криминалистикалық мағынада іздер деп атаймыз.
Осы іздерді, оқиға болған жерден табылған заттай дәлелдемелерді
салыстырып талдау, тексеру арқылы қылмыстың қалай жасалғанын анықтап оның
тетігін болжап білуге болады.
Әрине кай тергеуші болса да, жасалған қылмысты өз көзімен көруі мүмкін
емес. Бірақ болған оқиғаны жан-жақты және объектавті түрде анықтау үшін
тергеуші өткен оқиғаны дұрыс болжап, жасалған қылмыс әрекетінің механизмін
ойымен модельдеуі тиіс. Ал жасалған қылмыстың үлгісі тергеушінің ойында
дұрыс қалыптасуына қажет заттай дәлелдемелердің толық табылуы оларды терең
талдауға үлкен әсер етеді.
Бірақ заттай дәлелдемелерді, іздерді (әсіресе көзге көрінбейтін)
анықтау өте қиын, әрі күрделі жұмыс. Оларды іздеп тауып, дұрыс бекіту үшін
арнаулы әдістер мен құралдарды пайдалану қажет. Осы іздерді, заттай
дәлелдемелерді табу, бекіту, алу мен зерттеу әдістерінің және ол үшін
керекті техникалық құралдардың қолдану тәсілдерін криминалистика пәні
оқытады.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ,криминалистика адамдардың
іс-әрекетін зерттейді. Ол қылмыс жасаған адамның криминалдық қылмысты іс-
әрекетін және тергеушінің қылмысты ашуға байланысты жүргізетін
криминалистикалық тәсілдер мен әдістерді қолдануға байланысты жұмысы.
Заң әдебиеттерінде криминалистикаға әртүрлі пәндік сипаттама беріледі.
Көп жылдар бойы бұл мәселеге үлкен назар аударылып, көп пікір таластар
болды. Олай болуы орынды да, әр пәннің мағынасын терең түсіну арқылы ғана
оның маңызын біліп, негізгі қағидаларын дұрыс және орынды пайдалануға
болады.
Авторлардың криминалистикаға берген пәндік сипаттамаларын қорыта
келгенде, оларда негізінен тек редакциялық өзгерістердің бар екені
аңғарылады.
Қай автор болса да, криминалистиканың қылмысты ашуға және тергеуге
керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып, бекіту, алу және
зерттеу үшін пайдаланатын әдістер мен тәсілдер, оған қажет техникалық
құралдарды оқитын ғылым екенін баяндайды.
Сонымен қатар, криминалистикада пайдаланатын техникалық құралдар,
әдістер мек тәсілдер тек қылмыстық-процесуалдық заңға сәйкес болуы атап
айтылады.
Кейбір авторлар криминалистикалық әдістер мен тәсілдер тек қылмысты
ашуда ғана емес, қылмысты болдыртпауға бағытталғанын да айта кетеді.
Авторлардың бір тобы криминалистикалық әдістер мен тәсілдер, тек алдын
ала тергеуде ғана емес, сот мәжілісінде, сот әрекетін жүргізгенде
пайдалануға болатынын баяндайды.
Сонымен айтылғандарды тұжырымдай келіп, криминалистикаға мына
төмендегідей пәндік сипатгама беруге болады.
Криминалистика - қылмысты ашуға және тергеуге керекті заттай
дәлелдемелерді процесуалдық заңға сүйене отырып, іздеп табу, алу, бекіту,
зерттеу үшін пайдаланатын техникалық құралдар, тактикалық тәсілдер мен
тергеу әдістемелері жөніндегі ғылым.
Қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігі және табысы тергеуші мен тергеу
мекемесінде (бөлімінде) жедел-іздестіру органдарының өзара қарым-
қатынасынын дұрыс қалыптасуына да көп байланысты. Бұл көрсетілген екі
органның өзара қарым-қатынасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің тиісті
шарттарына негізделеді. Атап айтқанда, жүргізіліп жатқан іс бойынша
тергеуші анықтама жүргізетін органдарға, (былайша айтқанда жедел-іздестіру
органдары) іздестіру және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен
нұсқаулар беруге, кейбір тергеу әрекеттерін жүргізген кезде анықтама гпетін
органдардан қолқабыс талап етуге құқылы. Тергеушінің мұндай тапсырмалары
мен нұсқаулары анықтама жүргізетін органдарға міндетті болып табылады. Осы
келтірген заңның мазмұнына қарағанда, тергеуші мен анықтама жүргізуші
органның арасында қарым-қатынас тергеу жүргізу үстінде қалыптасады.
Бірақ тергеу тәжірибесіне қарасақ, кейде бұл екі органның арасындағы
қарым-қатынас іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады, себебі істі қозғауға
керекті деректер мен кейбір жағдайларды жедел жолмен алуға болады.
Қозғалған іс бойынша анықтама жүргізуші орган тергеушіге
мына жағдайларды анықтауға жәрдемдеседі: іс бойынша керекті тауып
алуға, ұрланған заттардың тығылған жерін анықтап және ол заттарды дер
кезінде алуға, қылмыс жасаған адамды іздеуге және оны ұстауға, тіту
жүргізілетін объект жөнінде алдын ала мәлімет жинауға т.б. Сонымен қатар
анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері тергеушіге аса ауыр және
күрделі тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Криминалистика басқа да өзі тектес заң ғылымдарымен тығыз байланысты,
өйткені криминалистиканың көп тәсілдері мен әдістері көп ғылымдардың
қағидаларына негізделеді.
Криминалистика ең алдымен Қылмыстық іс жүргізу заңымен тығыз
байланысты. Себебі криминалистиканың зерттеп дайындаған тәсілдері мен
әдістері қылмысты ашуға, тергеу әрекеттерін тиімді жүргізуге негізделсе,
Қылмыстық іс жүргізу заңы тергеу әрекеттерінің жүргізілу тәртібін заңды
түрде реттейді. Атап айтқанда екі пәннің де зерттейтіні бір объект - тергеу
әрекеті. Бірақ олардың процесуалдық әрекеттерді оқып, тексеру аспектісінің
мазмұны әр түрлі. Криминалистикалық тәсілдер мен әдістер тергеу
әрекеттерінің тиімді және нәтижелі жүруіне бағытталған. Олар Қылмыстық іс
жургізу заңында көрсетілмеген, заң қалпының мазмұнымен қамтылмаған. Бірақ
криминалистика ұсынған қандай әдіс, тәсіл, не құрал болса да ол Қылмыстық
іс жүргізу заңының шеңберінен шықпау тиіс және заңға қайшы болмауы керек.
Криминалистиканың қылмыстық құқық ғылымымен де тығыз байланысы бар.
Қылмыстық құқық ғылымында қоғамға қауіпті қандай әрекеттердің қылмыс
қатарына жататынын көрсетіп, әр қылмыстың құрамындағы белгісін баяндайды.
Бұл қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының негізге ала отырып,
криминалистикалық талдау жүргізіп, қылмысты керекті белгілерді нақтылап,
қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайларды, шешетін сұрақтарды
белгілеп және қылмыстарды тергеу тәсілдерін ұсынады.
Криминалистика тектес ғылымдардың бірі - криминология. Бұл ғылым
қылмыстың болу себептерін, оның әлеуметтік негіздерін және белгілі жерде
тарауын, оған қарсы сақтандыру шараларының қолдану тәсілдерін зерттейді.
Криминологияның қағидаларын негізге ала отырып, криминалистика тергеушінің
жеке істерді жүргізгенде қылмыстың болуына ықпал еткен жағдайларды толық
тауып, бұл себептер мен жағдайларды жою жөнінде қандай әрекеттер жүргізу
керектігін айтады.
Криминалистиканың келтірілген ғылымдар мен пәндерден басқа да
криминалдық ұғымға кіретін сот-медицинасы, сот-психиатриясы, сот-
психологиясы пәндерімен де көп байланысы бар, өйткені қылмысты ашу, оны
тергеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы
Криминалистиканың ұғымы, пәні
Криминалистиканың әдістері
Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы
Криминалистік құжаттарды тану Оқу-әдістемелік құрал
Мамандықтың пәндер каталогы
Сот сараптамаларының жеке теориялары
Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
Жедел іздестіру қызметінің құқықтық негіздері
Қылмыс. Криминалистика
Пәндер