Күйзеліс



1 Күйзеліс туралы ілім
2 Күйзеліс себептері
3 Физиологиялық және психологиялың күйзеліс жағдайы
Күйзеліс туралы ілімде негіздеуші Т.Селье күйзеліске мынадай анықтама береді: "Күйзеліс - бүл өмірдің иісі мен дәмі", бірақ мұнымен қоса ол күйзеліс пен торығуды бөліп қарайды.
Күйзеліс дегеніміз - адамның өмірлік маңызды мақсаттарына жетуі үшін қуат беретін күш, ал торығу -мақсатқа жетуге деген талпынысты әлсірететін, іс-әрекетке бастай алмайтын, өмірлік белсенділікті төмендететін аса жоғары, адамды әлінен айыратын шаршау сезімі. Бүл жердегі күрделілік мынада. Біреуіміздің тиімді өмір сүру жолындағы игілікті күштің деңгейі басқалар үшін мүлде төзгісіз болуы мүмкін, яғни Т.Селье күйзелістің әр түрлі деңгейін айтады.
Күйзеліс дегеніміз — жетекші ұдайы ескеріп отыруға тиіс фактор. Түрлі ұсақ күйзелістер зиянды емес, бірақ аса кеп күйзелістер қауіпті. "Күйзеліс және менеджер" кітабының авторы доктор Карл Альбрехт былай деп жа-зады: "Күйзеліс - бұл адамның өмір сүруінің табиғи бір бөлігі ... Бұл душар болған күйзелістің дәрежесін ажырата білуіміз керек деген сөз және аса үлкен күйзелістің ... нөлдік күйзеліс мүмкін еместігін пайымдауымыз керек".
Күйзеліс психологиялық және физиологиялық күшпен сипатталады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Күйзеліс

Күйзеліс туралы ілімде негіздеуші Т.Селье күйзеліске мынадай анықтама
береді: "Күйзеліс - бүл өмірдің иісі мен дәмі", бірақ мұнымен қоса ол
күйзеліс пен торығуды бөліп қарайды.
Күйзеліс дегеніміз - адамның өмірлік маңызды мақсаттарына жетуі үшін
қуат беретін күш, ал торығу -мақсатқа жетуге деген талпынысты әлсірететін,
іс-әрекетке бастай алмайтын, өмірлік белсенділікті төмендететін аса жоғары,
адамды әлінен айыратын шаршау сезімі. Бүл жердегі күрделілік мынада.
Біреуіміздің тиімді өмір сүру жолындағы игілікті күштің деңгейі басқалар
үшін мүлде төзгісіз болуы мүмкін, яғни Т.Селье күйзелістің әр түрлі
деңгейін айтады.
Күйзеліс дегеніміз — жетекші ұдайы ескеріп отыруға тиіс фактор. Түрлі
ұсақ күйзелістер зиянды емес, бірақ аса кеп күйзелістер қауіпті. "Күйзеліс
және менеджер" кітабының авторы доктор Карл Альбрехт былай деп жа-зады:
"Күйзеліс - бұл адамның өмір сүруінің табиғи бір бөлігі ... Бұл душар
болған күйзелістің дәрежесін ажырата білуіміз керек деген сөз және аса
үлкен күйзелістің ... нөлдік күйзеліс мүмкін еместігін пайымдауымыз керек".
Күйзеліс психологиялық және физиологиялық күшпен сипатталады.

Күйзеліс себептері:
1. Ұйымдық факторлар - жұмыспен байланысты факторлар:
• көпшлік немесе жетекшімен жүмыс;
• рөлдердің жанжалы (тапсырмалардың қайшылықтары,
біртұтас принципінің бұзылуы, бейресми топтардың нормалары мен ресми
ұйымның талаптарының арасындағы қайшылықтар);
• рөлдердің анық еместігі (жұмысшы одан не күтетініне
сенімді емес, яғни талаптар анық емес). Жұмысшы жетекшінің не күтетінін
білуі керек.
• Қызықсыз жұмыс, қызықты жұмыс түсінігі барлығында
да әр түрлі;
• Жұмыстың физикалық жағдайының нашарлығы (шу,
жарық, температуралық режим);
2. Жеке факторлар - ұйымның қызметімен байланысты емес жеке оқиғалар,
өмірлік оқиғалар. Жағдай қызмет процесінде пайда болады, оған тәуелді уайым
түрін анықтайды.
Адамның уайымы өзінің ішкі мақсаттарына байланысты:
• қазір қанағаттануды сезіну;
• қандай да бір мотивке сәйкес қандай да бір
қызметті жүзеге асыру;
• өзінің ішкі дүниесінің тәртіптілігін, реттілігін
қамтамасыз ету;
• жеке өсімін қамтамасыз ету, жеке құрылымның
өрістеуі.
Мүны кез келген адамның жүзеге асыра алмауы психологиялық дағдарысқа алып
келеді:
• дағдарыстың бірнеше түрі қанағаттанбаумен байланысты
және шешілетін механизм ретінде психологиялық қорғануды қосады;
• дағдарыстың екінші типі - фрустрация;
• дағдарыстың үшінші типі - бағалық дағдарыс;
• дағдарыстың төртінші типі - тұтас дағдарыс.
Ұйымдағы тамаша жағдай - еңбектің өнімділігі өсіп, күйзелістің азаюы. Бұл
үшін жетекшілер өзіндегі күйзелістерді жеңуі керек, ол үшін мына әдістерді
қолданған жөн:
1. Өз жұмысында "бүгін", "аптада", "уақыт болғанда" басымдылық жүйесін
жасау;
2. "Жоқ" деп айтуға үйреніңіз (өзіңізге артық
жұмыс ала алмайтын кезде);
3. Бастықпен сенімді қатынас жасаңыз. Жетістіктерді
сыйлайтыныңызға сендіріңіз;
4. Қайшы талаптарда жетекшімен келіспеңіз;
5. Рөлдердің анық еместігі туралы айтыңыз (талаптар,
күтулер, стандарттар анық болмаған жағдайда);
6. Жүмысқа қызығушылықтың болмауын жетекшімен
талқылаңыз;
7. Күн сайын демалуға уақыт табыңыз.
Басқаруды мына әдістермен жүргізіңіз:
• Жұмысшылардың қабілеттіліктері мен қажеттіліктерін
бағалаңыз, жұмыстың сәйкес көлем мен типін таңдаңыз;
• Жетекшілікті негіздемелерде жұмыстан бас
тартуды шешіңіз, қажет болғанда бекітілген ережелерді түсіндіріңіз;
• Өндірістік күтулер, жауапкершілік,
міндеттердің нақты аймағын сипаттаңыз. Өз бағынушыларыңыздың екі жақты
қарым-қатынасын, ақпаратын пайдаланыңыз;
• Берілген жағдайдың талабына сай лидерліктің
стилін қолданыңыз;
• Бағынушылар үшін жол бастаушы рөліне еніңіз
(олардың қабілеттіліктерін дамытып, олармен күрделі сұрақтарды талқылау
арқылы).
Күйзелістің адам ағзасына қауіп туғызуы мүмкін. Физиологиялық және
психологиялың күйзеліс жағдайының екі тобы бар.
Физиологиялыц куйзеліс физикалық жағдайға байланысты пайда болады, ал
психологиялыц куйзеліс адамның ішкі қарсылығынан туады. Тапсырманың аяқ
асты өзгеруі, ақпараттың болмауы, уақыт тапшылығы, жұмыстың жоғарғы
маңыздылығы, сонымен қатар тапсырылған іске жеке жауапты болу -
психологиялық күйзелістің типтік себептері. Адамдарда күйзеліске деген
реакцияның әр түрлі формалары, күрделі жағдайдағы
іс-әрекеттің өр түрлі типтері тән. Мысалы, біреулерінде өзін тоқтату басым
болса, екіншілерінде өсердің импульсивті формасы басым болады.
Күйзеліс белгілері: алақанның терлеуі, жүректің жиі соғуы, терлеу,
асқазанның ауруы, ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, тыныс алудың
жиілеуі, беттің қызаруы немесе бозаруы, қарашықтың үлкеюі, қан қысы-мының
көтерілуі, буынның сырқырауы, ұйқының бұзылуы.
Күйзеліспен күресу үшін оның физиологиясы туралы білу қажет.
Күйзелістің үш физиологиялық механизмін бөліп қарауға болады:
Біріншіден, ми тамырында интенсивті түрақты өсер алу құрылған, ол доминанта
деп аталады, адамның барлың ісі мен ойын, ағза қызметін өзіне бағындырады.
Демек, сабырға келу үшін осы доминантаны жою керек немесе жаңасын құру
қажет. Барлығымыз да жағымды эмоцияларға жол ашатын хоббиға ие болуымыз
керек.
Екіншіден, доминантаның пайда болуынан соң алқалы реакция пайда болады, ол
мидың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби күйзелістің нәтижесі ретіндегі күйзеліс синдромы және оның белгілері
Психофизиологиялық құбылыс жағдайы, мінез-құлқы және қызметі (зілзала апаты ошағынан зардап шеккен адамдар)
Г.Сельенің күйзеліс туралы ілімі. Эмоциялық стресс туралы
Физиологиялық күйзеліс
Адамның психофизикалық сипаттамасы мөлшерлік және сапалық көрсеткіштері
Стресс және денсаулық
Жағдайдың, тәртіптің және әрекеттің психофизиологиялық аспектрлері (зілзаладан зақымданғандар)
Күйзелістер
Баланың күйзеліс жағдайының топтағы алатын орнына әсері
Тамақтанудың физиологиялық негіздері
Пәндер