Көмекші сөздер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

КӨМЕКШІ СӨЗДЕР

Көмекші сөздер деп_дербес лексикалық мағынада жоқ (я ), тек грамматикалық магынасы ғана бар, сөйлемде өздігінен мүше бола алмайтын (бірақ оның құрамына енетін), тек негізгі сөздердің арасына дәнекер ғана болатын сөздерді айтамыз. Мысалы, де, үшін, - e, дейін, туралы соң, арқылы, және әрі, я т. б.

Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің өзгермейтін, үнемі бірқалыпты тұратын нәрсе емес. Олар да үдайы карым-қатынасқа түсудің нәтижесінде бір топтан екінші топқа ауысып отырады, демек, негізгі сөздер көмекші сөздерге айналып отырады, тіпті кейде бір сөздің өзі әрі негізгі сөз ретінде де, әрі көмекші сөз ретінде де қолданыла беріледі. Мысалы: үсті (жол үсті) асты (уйдіц асты), қас (үйдің қасы) ал (ды) (есік алды) іші (ел іші), сырты (үйдің сырты. ) сияқты сөздер өздерінің бастапқы лексикалық мағыналарын сақтай отырып, негізгі сөздер ретіңде (ол үсте турады, күрек сыртта түр, іште шелек) жұмсалуымен қатар, бірте-бірте сол мағыналарын солғындатып, олар өзіне тән ерекшелігі бар көмекші сөздер категориясына (жер астынан, есік алдында, үй ішінің т. б. ) айналған.

Көмекші сөздер грамматикалық дамудың нәтижесінде лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен. Олар сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Дербес сөзден бөлек жазылғанымен, көмекші сөздер лексикалық мағынасы болмағандықтан, сөйлем мүшесі қызметін атқармайды. Көмекші сөздер толық мағыналы сөздерге тіркесіп, оларға түрлі грамматикалық мағына қосады. Грамматикалық қызметі жағынан көмекші сөздер дербес сөздің құрамына кіріп, ондағы басқа грамматикалық көрсеткіштермен бірге, сөзге түрлі грамматикалық категориялардың мағынасын қосып, сөзді түрлі грамматикалық тұлғаларға көшіреді, кейде туынды сөз жасайды. Мәселен, Қарабанов кенет мырс етіп, столдың астына қарады да, балалардың қатты күліп отырғанын көрді (С. М. ) . Осы сөйлемде үш көмекші сөз бар. Олар - үш түрлі көмекші сөздер, үшеуі үш түрлі қызмет атқарады. Олардың біріншісі - ет - көмекші етістігі. Ол мырс деген еліктеуші сөзге тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосып, сөзжасамдық қызмет атқарған. Бұл сөйлемде мырс етіп - бір сөз, бір сөйлем мүшесі. Оның мағынасын мырсылдады деген туынды түбір етістікпен салыстыруға болады, бірақ ол сөздің жасалуы осы сөйлемге қатысты деуге болмайды, ол - сөйлемге дайын түрінде кірген дербес сөз.

Екінші көмекші сөз - аст көмекші есімі. Сөйлемде ол стол деген дербес сөзге тіркесіп, оған мекендік мән қосқан. Сөйлемде стол астына - бір сөз, сөйлемнің бір мүшесі, яғни ол - стол сөзіне грамматикалық мағына қосып тұрған грамматикалық көрсеткіштердің бірі. Мәселен, ондағы лексикалық мағыналы сөз - стол, оған қосылған грамматикалық көрсеткіштер: - дың астына. Мұндағы: ілік септіктің жалғауы мен көмекші сөздегі - ы қосымшасы - көмекші есімді дербес сөзбен байланыстыратын қосымшалар. Көмекші есім сөйлемде осы қосымшалар арқылы лексикалық мағыналы стол сөзінің құрамына кірді. Столдың астына бір сөз болғандықтан, ол сөзге жалғанатын барыс септік жалғауы астыкөмекші есіміне жалғанады да, стол сөзінің грамматикалық формасын аяқтады. Сонымен, столдың астына сөзі - септік категориясы бойынша түрленген сөз, яғни столдың астына сөзі сөйлемде септік категориясының тұлғасында қолданылған сөз.

Осы сөйлемде тағы бір көмекші сөз қолданылған. Ол - да шылауы. Бұл шылау сөйлем мен сөйлемді байланыстырған: столдың астына қарады да, балалардың қатты күліп отырғанын көрді дегенде, да шылауы бірінші сөйлемнің баяндауышына тіркесіп, екі сөйлемді байланыстырып тұр.

Бұл келтірілген мысалдардан атауыш, дербес сөздер қандай түрлі болса, көмекші сөздер де түрлі екені анықталды.

Қазақ тілінде көмекші сөздердің мынадай түрлері бар: көмекші есім, көмекші етістік, шылау, күшейткіш көмекшілер, күшейткіш буындар. Бұл көмекшілер сөз табына қатысына қарай екіге бөлінеді: 1) белгілі сөз табына қатысты көмекшілер, 2) сөз табына қатысы жоқ көмекшілер.

Белгілі сөз табына қатысты көмекшілер мыналар: 1) көмекші есімдер, 2) көмекші етістіктер, 3) септеулік шылаулар, 4) күшейткіш көмекшілер мен күшейткіш буын көмекшілер. Сөз табына тікелей қатысы жоқ көмекшілерге жалғаулық, демеулік шылаулар жатады. Белгілі сөз табына қатысты сөз көмекшілер деп белгілі сөз табының құрамына кіретін, сол сөз табының грамматикалық категорияларының бірінің көрсеткіші саналатын көмекшілер аталады. Мәселен, көмекші есімдер зат есім құрамына кіреді, зат есімнің септік категориясының көрсеткіші, ол септік категориясының аналитикалық тұлғасын жасайды. Мысалы, Ол үйдің сыртында отыр деген сөйлемдегі үйдің сыртында сөзі қайда деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір мүшесі қызметін, яғни, бір сөз қызметін атқарады. Осы сөз жатыс септіктің аналитикалық тұлғасында тұр. Үй сөзіне жалғануға тиісті жатыс септік жалғауы жатыс септіктің мәнін айқындау қызметіндегі көмекші есім арқылы үй сөзіне жалғанған. Сондықтан көмекші есім де, жатыс септік жалғауы да - бір қызметтегі көрсеткіштер. Атап айтқанада, олар - зат есімнің грамматикалық көрсеткіштері, көмекші есімдер үнемі зат есім құрамында қаралып келеді.

Ал, көмекші етістіктердің сөз табын сақтағаны ғылымда белгілі, ол еш уақытта дау туғызған емес. Олар етітіктің шақ, модальдық, рай категорияларының, қимылдың өту сипаты категориясының мағыналарын білдіретін көрсеткіштер қызметін атқарып, сөйлемде етістіктерді ол категориялардың аналитикалық тұлғаларына түсіретіні ғылымда белгілі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз таптары жүйесіндегі атауыш сөздер
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Көмекші сөздердің зерттелуі
Тілдегі сөздерді 3 топқа бөлу
Сөздерді сөз таптарына топтастыру принциптері
Шылау сөз
Көмекші сөздердің тіл біліміндегі ерекшеліктері
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Тіл біліміндегі үнемдеу заңдылығы
Фразеологизмнің сөз тіркесіне ену тәсілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz