Конфигурациялық файл


КОНФИГУРАЦИЯЛЫҚ ФАЙЛ

Компьютердің конфигурациясы (қүрылғыларының құрамы мен құрылымы) оның құрамындағы барлық құрылғылармен анықталады. Конфигурацияны анықтау немесе бекіту деп құрьлғыларға байланысты ОЖ-нің кейбір жұмыстық параметрлерін енгізуді айтады. ОЖ жүктелгеннен кейін ол өзі бірден автоматты түрде бұрын "келісілген шарттар" бойынша керекті параметрлерді анықтап, олардың мәндерін дұрыстайды. әйтсе де, әрбір адам қажет болған жағдайда ол мәндерді өз қалауынша езгерте алады.

Бұл мақсатта компьютерді пайдаланатын әрбір адам арнайы екі жүйелік файл жасайды, олар:

- конфигурациялық CONFIG. SYS файлы;

- автоматты түрде орындалатын AUTOEXEC. BAT файлы.

Бүл екеуі де ОЖ жазылған жүйелік дискінің түпкі каталогына орнадасады. ЭЕМ жадына ОЖ жүкгелгенде алдымен конфигурациялық файлды, сонан соң автоматты түрде орындалатын файлды іске қосады.

Конфигурациялық файл компьютерге қосылып тұрған шеткері құрылғыларды сипаттайды, ол құрылғылардың сәйкес параметрлерін анықтап, ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Конфигурациялык файлдың кейбір командаларын қарастырып кетейік.

1. BREAK командасы жұмыс істеп отырған адам Ctrl+Break (Ctrl+Scroll Lock) пернелерін басқанда орындалып жатқан кез келген
программа жұмысын дереу тоқтату ісін қамтамасыз етеді. Файлдағы

BREAK=ON - қатары аталған тәртіпті орнатады, ал BREAK=OFF - қатары осы орнатылған тәртіпті алып тастайды.

2. FILES командасы бір мезетте ашық күйде қатар жұмыс істей
алатын файлдар санын анықтайды. Бұл файлдар мәліметтер қоймасын
басқару, электрондық картотека және т. б. сол сияқты программалар
жұмысы кезінде керек болады. әдетте ашылатын файлдар санын 15 етіп бекітеді.

3. BUFFERS командасы ДЭЕМ-нің жедел жадында уақытша мәлімет сақтай тұратын буферлер (қосалқы сақтау орны) санын анықтайды, ол мәлімет соңынан дискіге жазылады немесе сол жерге дискіден мәлімет оқылады. Бір буфер жедел жадтан 512 байт орын алады. Буфердің санын көбейту дискімен информация алмасудың жылдамдығын арттырады, бірақ ол жедел жадтағы өзімізге керекті пайдалы орынды азайтатынын да есте сақтаған жөн. Буфердің саны тиімді шамадан артып кетсе, программалардың орындалу жылдамдығы төмендеп кетеді. Буфер саны көбінесе 20 болып алынады.

4. DEVICE командасы компьютерге жаңа құрылғылар қосқан кезде қажет болады. Бұл командада жаңа құрылғыны басқаратын драйвер деп аталатын программа орналасқан файл аты жазылады. Мысалы, gmouse. sys файлы "тышқан" тәрізді тетікті, ал ansi. sys файлы - ЭЕМ пернелігі мен дисплейді басқаруда қосымша мүмкіндіктер беретін драйверлер болып табылады.

Компьютерге бірнеше құрылғылар жалғануы мүмкін, сондықтан конфигурациялық файлда мүндай команда саны да бірнешеу бола береді. Енді config. sys файлының бір текстін мысал етіп келтірейік:

break=on

files=15

buffers=20

device=c:\gmouse. sys

device=c:\ansi. sys

ЭЕМ іске қосылғанда автоматты түрде орындалатын autoexec. bat файлының да ОЖ-нің бастапқы параметрлерін бекітетін, біртіндеп атқарылатын бірнеше қатарлары болады. Солардың да кейбірін қарастырайық.

1. ECHO (жауап беру) командасы экранға әртүрлі мәліметтер
шығара алады. Егер ECHO ON командасы берілсе, онда autoexec. bat
файлының атқарылатын әрбір командасы экранға шығып отырады,
ал егер ECHO OFF командасы берілсе, онда командалар экранға
шықпайды. әдетте экранға көп мәлімет шығарып, ойды бөлмес үшін
ECHO OFF командасы жазылады.

2. PROMPT (айту, шақыру) командасы ОЖ-нің жұмысқа шақыру
қатарының текстін анықтайды. Шақыру қатарының түрі мынадай
басқару симводдары арқылы жүзеге асырылады:

$р - шақыру қатарында ағымдағы каталог аты көрсетіліп тұрады;

$g - шақыру қатарыны ">" символымен аяқталады;

$t - шақыру қатарында ағымдағы уақыт көрсетіліп тұрады;

$d - шақыру қатарында ағымдағы мерзім (дата) көрсетіліп түрады.

3. PATH (жол) командасы ОЖ-нің орындалуға тиіс керекті
файлдарын іздейтін каталогтар тізімін береді. Егер сіздің жиі
пайдаланатын файлдарыңыз бір каталогта орналасса, сол каталог атын
осы командадағы тізімге енгізіп қою қажет.

4. SET (орнату, орнықтыру) командасы қодданбалы программаның
файлдары орналасқан каталог атын көрсетіп түрады.

Оның үстіне автоматты түрде атқарылатын autoexec. bat файлының ішіне бірден орындалуға тиіс программа аттарына сәйкес әртүрлі ОЖ командаларын жазуға да болады. Енді AUTOEXEC. BAT файлының бір нүсқасынан мысал келтірейік:

echo off

prompt $p$g

path==c:\; c:\exe; c:\dos

set lib=c:\lib

set include=c:\tc\include

cd\

Конфигурациялық файл мен автоматты түрде атқарылатын файлға өзгертулер енгізгеннен кейін Ctrl+Alt+Del пернелері арқылы компьютерді қайта іске қосу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MS-DOS туралы жалпы мәліметтер
MS-DOS операциялық жүйесі жөнінде түсінік
Ms-dos операциялық жүйесі туралы ақпарат
Ұйымдастырушылық басқару ақпараттық жүйелері
Ms-Dos операциялық жүйесі туралы
RDF моделінің синтаксисі
Турбо Паскаль ортасымен танысу
Linux жүйесі
Астана қаласы әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің айналысатын қызметтерін жеңілдететін автоматтандырылған жүйесі
Linux операциялық жүйесіндегі wait()функциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz