Оқушыларда оқу – танымдық іс -әрекеттердің өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру



І. Кіріспе

1. Оқудан тыс іс әрекетін нәтижелері бақылау бағалау әдістері

ІІ. Негізгі бөлім

1. Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту
әдiстемесі

а) Биологиялық аспект
б) Психологиялық аспект
в)Әлеуметтiк тұлғалық аспект

2. Оқудың əдістері


ІІІ. Қорытынды


ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауында: Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландыру кезеңіне қадам басқалы тұр.
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет [ 1 ].
Ұрпақ тәрбиесі барлық уақытта әр қоғамның өзекті мәселесі болып келген. Ал қоғамның деңгейінің қандай болуына қарай мектептердегі білім беру сапасы да соған лайық болмақ. Қоғамның алдына қойған мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесінің өзгеретіні педагогикалық ғылымдар тарихынан белгілі. Себебі қоғам – тапсырыс беруші, ал мектеп болса – осы тапсырысты жүзеге асырушы педагогикалық жүйе.
Оқушыларда оқу – танымдық іс -әрекеттердің өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру – оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін - өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық шығармашылық және қарапайым тапсырмаларды орындауда дұрыс қолдана білуге жетелейді. Сондықтан мұғалім оқушылардың қызығуын толық түрде қанағаттандыратындай, өздерінің танымдық белсенділігін мен дербестігін жүзеге асыратындай жағдай туғызуы тиіс.
Оқу процесі оқушылардың танымдық әрекеті нәтежесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекет негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еқбектері арналған. Зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылады. Біреулері танымдылық белсенділікті іс - әрекет ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» жолдауы. // Ана тілі, 2006 . №9.3-4 бет.
2. Қараев Ж.Б. Танымдық белсенділік деңгейлері. // Қазақстан мектебі, 2004. №3.
3. Омарова Р. Оқу – танымдық әрекетті белсендіру. // Қазақстан мектебі, 2006. №12.
4. Қайыпова Ш. Танымдық шығармашылыққа баулиық. // Қазақстан мектебі, 2005. №7.
5. Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика. - Алматы, 2003. – 368 бет.
6. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.Педагогика. - Алматы, 2002. – 369 бет.
7. Жарықбаев Қ. Психология. - Алматы, 2003. – 415 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында атты Қазақстан халқына жолдауында:
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси
демократияландыру кезеңіне қадам басқалы тұр.
Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамассыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін
осы заманғы білім беру жүйесі қажет [ 1 ].
Ұрпақ тәрбиесі барлық уақытта әр қоғамның өзекті мәселесі болып
келген. Ал қоғамның деңгейінің қандай болуына қарай мектептердегі білім
беру сапасы да соған лайық болмақ. Қоғамның алдына қойған мақсаттарына
сәйкес білім беру жүйесінің өзгеретіні педагогикалық ғылымдар тарихынан
белгілі. Себебі қоғам – тапсырыс беруші, ал мектеп болса – осы тапсырысты
жүзеге асырушы педагогикалық жүйе.
Оқушыларда оқу – танымдық іс -әрекеттердің өз бетінше жүргізу
дағдысын қалыптастыру – оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны
жүзеге асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін - өзі дұрыс басқаруға үйретеді,
білімді саналы түрде игеріп, оны танымдық шығармашылық және қарапайым
тапсырмаларды орындауда дұрыс қолдана білуге жетелейді. Сондықтан мұғалім
оқушылардың қызығуын толық түрде қанағаттандыратындай, өздерінің танымдық
белсенділігін мен дербестігін жүзеге асыратындай жағдай туғызуы тиіс.
Оқу процесі оқушылардың танымдық әрекеті нәтежесінде жүзеге асады, ал
танымдық әрекет негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады.
Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде
пайдалана білу болып табылады. Оқушылардың танымдық белсенділігін
қалыптастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне
педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еқбектері арналған.
Зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылады.
Біреулері танымдылық белсенділікті іс - әрекет ретінде қарастырса,
екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде түсіндіреді.
Танымдық белсенділік бір ғана белгімен көрсетуге болмайтын ұғым,
оның алуан қырлы сипатын айқын көреміз.
Белсенділік деп адамның іс - әрекеті үстіндегі жағдайын айтады.
Таным – бұл әр жақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай
бағытталған ой қозғалыстарының адам миында бейнеленуі (Ж.Б Қоянбаев, Р.М
Қоянбаев).

Оқудан тыс іс әрекетін нәтижелері бақылау бағалау әдістері

Оқу белсенділігінің әдіснамалық негізі – таным теориясы болып
табылады. Танымның мақсаты жеке тұлғаның санасындағы обьективтік шындықтың
бейнеленуі болып табылады. (Н.Д Хмель, Г.Т.Хайруллин, Б.И. Муканова).
Танымдық белсенділік деп мотивациялық - тұлғалық, мазмұндық -
амалдық және процессуалды - жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның
интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз [ 2,67].
Танымдық белсенділіктің әр бөлігі өзіне тән белгілі бір қызмет атқарады:
мотивациялық - тұлғалық қызығуды тудырады, оқу – танымдық белсенділікті
оятады. Мазмұндық -амалдық оны іске асыру үшін негіз жасайды және жүзеге
асыруға мүмкіндік береді, процессуалды - жігерлік оның аяқталуын қамтамасыз
етеді. Әр бөлік өз қызметі арқылы оқу – танымдық белсенділіктің белгілі бір
кезеңін жүзеге асырады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау,
ойлау, қиялдау үрдістері мен зейінің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу
барысында оқушының таным белсенділігін арттыруды олардың өз бетінше
танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп
ұйымдастыру керек.
Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:
- 1-дәреже – жаңғыртушы белсенділік – материалды жадылап, қайта жаңғыртуға,
оны
үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен сипатталады. Белсенділіктің
1- дәрежесіне тән көрсеткіш оқушының бойында білімін тереңдетуге деген
ұмтылыстың болмауы.
- 2 – дәреже – түсіндіруші белсенділік – оқушының оқығанын зерделеуге, оны
өзіне
бегілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану
жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді.
2 – дәрежеге тән көрсеткіш оқушының бастаған істі аяғына дейін жеткізуге
ұмтылуынан, қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан
байқалатын үлкен дербестігі.
- 3- дәреже – белсенділіктің шығармашылық дәрежесі – оқушының тапсырманы
шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады. Бұл
дәреженің ерекшелігі – мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның
негіздері мен әр алуандығы [3, 37].
Қазіргі кезде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда
төмендегідей оқыту формаларын ұйымдастыруға болады: жеке оқыту, ұжымдық
оқыту (шығармашылық сабақтар семинарлар, конференциялар, олимпиада,
экскурссия, іскерлік ойын т.б.) жеке ұжымдық жұмыстар (шығармашылық ой,
пәндік апталықтар, ғылыми апталық, жобалар т.б.) арқылы, оқушылардың
өзіндік ұйымдастыруы барысында жүзеге асыруға болады.
Қазіргі кездегі педагогика өкілдерінің пікірі бойынша дидактикадағы
негізгі мәселе оқу үрдісінде оқушының белсенділігін арттыру болып табылады.
Бұл үшін оқыту саналы, ерікті негізде жүргізіліп, оқытуда дайын білімді
беру, есте сақтау, қабылдау ғана емес, оқушының білімі өз бетінше қызмет
нәтижесінде кеңею керек. Осыдан оқушының жеке тәжірибесі мен іс жүзіндегі
іс-әрекеті шығады. Білім, білік, дағды оқушыда өзіндік белсенділік
негізінде, ал бұл қабілеттер оқушының психикалық белсенділігі нәтижесінде
пайда болады. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру жұмыстары сабақ
үрдісінде жүреді.
Оқушының танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру,
жұмыс жасауға үйрету сияқты міндеттерді тек қана сабақ барысында
орындау мүмкін емес, бұл үшін оқушылардың өз бетінше жүргізетін
жұмыстарына ерекше назар аударылуы керек.Оқушылар мектепте өзінің жас
ерекшелігіне сай берілген білімді тиянқты меңгеріп, алынған білімді,
қорытындыларды талдай білуі тиіс. Оқушыларды сабақ барысында және сабақтан
тыс уақытта өз бетінше орындайтын жұмысын кеңейтіп, оны белгілі бір
жүйеге келтіру арқылы мұғалім оқушыларға білім негіздерін берік игертеді
және өз бетінше тапсырмалар орындауда қажетті ұғымдарды сапалы, еркін
қолдана білуге үйретеді.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда тапсырмалардың орны
ерекше.
Оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып,
осыдан нәтиже шыққанда мадақтау керек. Орындаған тапсырма үшін қуану
кейінгі тапсырманы орындауға түрткі болады.
Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынада екі түрлі жолмен
беріледі:
1) Берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен
іздестіреді.
2) Тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін
соның үлгісі беріледі. [ 4,57].
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерді жоспарлау және ұйымдастыру
біліктерінің қалыптасуына тапсырмаларды шешудің маңызы зор.
Оқушы оқу танымдық іс-әрекеті арқылы қоршаған ортаны ғылыми түрде
түсінуге тырысады, осының негізінде ізденімпаздықпен айналысады. Оқыту
үрдісінде М.Данилов танымдық тапсырмаларды беруде мұғалімдерге мынадай
қағидаларды ұсынады:
- танымдық тапсырмалардың пән мазмұнынан бастау алуы;
- маңызды тапсырманы орындауға нақты жағдайларды құру үшін оқушылардың
даму деңгейін, олардың дайындығын ескеруі;
- тапсырмалар мазмұны оқушылардың ойын, елестетуі мен қабылдауын,
шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті ақпараттардан тұруы;
- оқушылардың оқу қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайды
қалыптастыруы;
- оқушыларды тапсырмаларды шешуге үйрету, оларды алдымен мұғаліммен, одан
кейін ұжыммен жұмыста бірте-бірте өз бетінше жеке қызмет жоспарына
ауыстыруға қажетті тәсілдермен қаруландыруы.
Бұл қағидалардағы орындаудағы мұғалімнің басты міндеті – балаларға
тек білім беріп қана қоймай, олардың жаңа қалыптасып келе жатқан ой-
санасын дамыту арқылы ойы алғыр, танымы жоғары ізденімпаз оқушы даярлау.
Сонымен, оқу үрдісінде баланың білім алуға, өз бетімен әрекет етуге
деген құлшынысын оятып, ақыл-ойының дамып жетілуіне түрткі болатын
танымдық белсенділікті арттырудың маңызы жоғары. Бiлiм беру жүйесi
қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай
– ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының
жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың
болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады.
Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол
бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк
қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой
әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және
әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық
қалыптасады.
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген
педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл
проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Құл иеленушiлiк құрылыс кезiнде ежелгi Греция мен Римде басқа
мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Бұл
дәуiрде де өскелең тәрбие беру iсiне мемлекет тарапынан айрықша көңiл
бөледi. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде
жаугершiлiк ұрыстарға шалымды, күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет
болады. нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар
Платон, Аристотель, сондай – ақ ежелгi Рим философтары Плутарх, Тацит,
Квинтилиан еңбектерiнде одан ары дами түстi.
Бұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң
өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi – ақ оқыту
барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы
басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен – дi. Ол шәкiрттердiң танымдық
iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi
алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай,
шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын
арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды
алдын – ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде
қарастырады.
Кейiнiрек осы iзденiмпаздықтың дамуына ежелгi Рим философтары үлес
қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы
айтарлықтай роль атқарады деген пiкiр айтты.
Демек, антикалық дәуiрдiң өзiнде – ақ педагогтар оқушылардың өзiндiк ой
– тұжырымын жасау, оны дамыту үшiн репродуктивтi және эвристикалық
әдiстердi дұрыс қолдану мәселесiне көңiл бөлген.
Орта ғасырлық тәрбиелеу процессiнде дiннiң ерекше роль атқарғанын
байқауға болады. дiннiң уағыздауы бойынша, адамды алдағы келетiн о
дүниелiк өмiрге дайындау мәселесiне мән берiлдi. Шiркеу қызметкерлерi
антикалық дәуiрдегi әдеби және ғылыми мұраларды жоққа шығарып, оны
таратушыларды аяусыз жазалап отырды. Мысалы, ҮI ғасырдың соңында Папа
Григорий I шәкiрттерiн латын грамматикасына үйреткен епископты жазалауға
үкiм шығарған.
Жалпы, орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын
түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр
тiлде берiлдi. Сондай – ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ – жауап түрiнде жүзеге
асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық iзденiмпаздық туралы сөз қозғауға
болмайтыны белгiлi.
Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы дамуын тежеп қана
қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл жүйе бiрнеше ғасырға
созылды.
Қайта өрлеу дәуiрiнде капиталистiк өндiрiстiң дамуына байланысты
оқытудың догмалық жүйесiн сынап, шәкiрттiң ой – өрiсiн дамытуға үндеген
еңбектер пайда бола бастады. Қоғамға о дүниеге дайындалып жатқан адам
емес, керiсiнше, белсендi, ой – өрiсi кең, қоғамның алдыңғы қатарлы
мүшелерi қажет болды.
Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық iзденiмпаздық туралы құнды
пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж.
Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және
т.б. еңбектерiнде айтылды.
Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы ойшылы, ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы
Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығын ерекше атап
көрсеттi: Тәрбиешi баланы бастан – ақ оның бойындағы қабiлеттердi еркiн
көрсете бiлуiн, түрлi заттардың дәмi мен олардың ерекшелiктерiн ажыратуда
өз бетiнше әрекет етуiн, кейде оған жол көрсетiп, кейде, керiсiнше, өзiне
iздеп отыруын қалаймын. Монтень таным әрекетiнде оқушының басшылық ролiнiң
маңыздылығын түсiндi. Ол: Оқушы мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден
өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Соның нәтижесiнде оның бiлуге
құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз, - деп жазған болатын.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесі

Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А.
Коменский қалады. Ол: Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе,
оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен
емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек, - деп жазды.
Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен
тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы
ретiнде қарастырамын, - деген болатын.
Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда
келтiру деп бiлдi. Ол Ұлы дидактика еңбегiнде: Заттың не құбылыстың түп
тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана
бiлу қажет, - деп ерекше атап өттi.
Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн
Д. Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз
ете отырып, баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi.
Ж.Ж.Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық тұлғасын
көрсету керектiгiн айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсендiлiк пен
өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi.
Ж.Ж.Руссо идеясын И.Г.Пестолоцци әрi қарай дамытты. Ол баланың
iзденiмпаздығын дамытудағы мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi.
ХҮIII – ХIХ ғасырдағы танымдық iзденiмпаздық теориясының дамуына И.Г.
Песталоцци еңбектерiнiң маңызы зор болды.
И.Г. Песталоций оқыту әдiстемесiнiң жалпы психологиялық қайнар көзiн
iздедi, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептедi.
Қазiргi таңда әрбiр жеке тұлғаның құндылық қасиеттерiн дамытып,
қалыптастыруға аса мән берiлiп отырғаны белгiлi. Әсiресе ұрпақтан – ұрпаққа
мирас болып келе жатқан салт – дәстүр, әдет – ғұрыптар, тарихи – әдеби
мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетiн дамыту мүмкiндiгiне барынша
көңiл бөлiнгенiн ғылыми – зерттеу еңбектерден аңғарамыз.
Көп жылдық бастауыш сынып мұғалiмi ретiнде байқағаным – бастауыш сынып
оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi жақсы болады.
Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың
даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл жерде Л.В. Занковтың идеясын негiзге
алдық. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру
керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз
керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай
отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа алдық.
Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат – сабақтар мен эксурсиялар
баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында
айқын байқадық.
Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының
ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский Дербес
жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол
өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке
көтерiледi..., - дейдi.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға
байланысты арналған ғылыми – зерттеу еңбектерiн зерделеу барысында бастауыш
сынып оқушыларының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты
арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық.
Мәселен, С.Төрениязова Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу –
тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi атты ғылыми –
зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын
атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:
- психикалық дамуға – оқушының мiнез – құлқының, ерiк – жiгерiнiң,
қабiлетiнiң дамуы;
- денелiк дамуға – дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы;
- рухани дамуға - оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн күшпе
өзара бiрлiгi;
- әлеументтiк дамуға – өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе
дамуы;
- жалпы дамуға – оқушының жан – жақты үйлесiмдi дамуы, - деп
қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудың
ғылыми – теориялық негiзiн айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен
жүргiзiлетiн жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға, үйiрме жұмыстары мен
мектептегi қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжiрибелiк –
эксперименттiк жұмыстардың тиiмдiлiгiн нақтылайды.
Ал, Л.К.Керимовтiң қиын балаларға арналған еңбегiнде, оларды қиын
балалар етiп тәрбиелейтiн әлеументтiк жағдайларға ғылыми талдау жасай
келе, тығырықтан шығу жолдарын саралап көрсетедi. Әсiресе, қиын балалардың
мiнез – құлқын түзетуде адамгершiлiк тәрбиесiнiң ықпалының мол екенiне
тоқталады.
Көпұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегi адамгершiлiк тәрбие
мәселесi В.А.Кимнiң еңбегiнде негiз болады. әрбiр этникалық топтың бiр
ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшелiктерiне, салт –
дәстүрiне, әдет – ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық
қасиеттерiн қалыптастыруда әр ұлт өкiлдерiнiң ықпалын жан – жақты ашып
көрсетедi.
Қоғам дамуының жаңа кезеңiнде жоғарғы сынып оқушыларын адамгершiлiкке
тәрбиелеудiң ғылыми – педагогикалық тұрғыда жүйесiн жасаған Р.К.Төлеубекова
адамгершiлiк тәрбиесi – адамзат қоғамын үнемi толғандырып келе жатқан
күрделi мәселенiң бiрi. Жаңа әлеументтiк мәдени жағдайда жеке тұлғаның
адамгершiлiк тұрғыдан қалыптасуына байланысты, бiрiншiден бүкiл адамзат
қоғамының даму тарихында адамгершiлiк тәрбиесiнiң өзектi болғанын,
екiншiден, философиялық, тарихи, әлеументтiк, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасай келе, адамгершiлiк адамның
тұлғалық құрылымында ең алдымен өзiн танып бiлуi, олармен қарым – қатынасы
адамгершiлiк тәрбиенiң бiр қыры, үшiншiден, қазiргi әлеументтiк жаңа орта
жағдайында адамның адамгершiлiк тұлғада қалыптасуы өзi өмiр сүрiп отырған
қоғамның және әлеументтiк ортаның, оның жанды саласы – мектептiң алатын
орнының маңызы зор екенiне тоқталады.
ХIХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХ ғасырдың 90 жылдары аралығында
адамгершiлiк тәрбиенiң даму тарихын зерттеген Э.А.Урынбасарованың
еңбегiндегi қазақ төңкерiсiне дейiн және төнкерiстен кейiн де қоғам
дамуында адамгершiлiк тәрбиесiнiң басты орын алғанына архив деректерiн
негiзге ала отырып тұжырымдайды.
Ал, болашақ мектеп мұғалiмдерiнiң мектепте адамгершiлiк тәрбиесiн
ұйымдастыруға байланысты А.А.Калюжный, А.А.Аманжолова, С.Қ.Әбдiлдинаның
еңбектерi арналған.
Бiз, тарихи ескерткiш мұралар арқылы оқушыларды адамгершiлiкке
тәрбиелеуде жоғарыда аты аталған ғалымдардың, практиктердiң ғылыми
тұжырымдарын басшылыққа алдық. Әсiресе, Тарих тағылымдары атты бастауыш
сыныптарға арналған бағдарламаның мазмұнын құрастыруда оқулықтардың
мүмкiндiктерiн негiзге алдық.
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершiлiк тәрбие берудiң ғылыми –
теориялық негiзiн айқындай келе, зерттеуiмiзге нысана етiп алып отырған
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан тарихи ескерткiш мұралардың тәлiмдiк те,
бiлiмдiк те маңызының зор екенiн зерттеу барысында айқындадық.
Сонымен қатар, Қазақстан бiлiм беру жүйесiнiң әлемдiк стандартқа сай 12
жылдық бiлiм жүйесiне көшуi кезiнде бiлiм берудiң негiзгi компонентi
аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, тәлiмдiк маңызы мол тарихи мұраларды
оқушылардың бiлiмдiк деңгейiн жетiлдiруге байланысты еңгiзу мүмiндiгi бар
екенiн атап көрсеткiмiз келедi.
Тарихи ескерткiш мұралар жеке тұлғаның адамгершiлiк құндықтарын
қалыптастыру мәселесi әлi өз дәрежесiнде зерттелмеген тақырыптардың бiрi
болып табылады. Бүгiнгi жас ұрпақтың бойындағы адамгершiлiк құндылықтарды
қалыптастыруда ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан мұралардың маңызының мол екенiн
көп жылдық ұстаздық тәжiрибемнен көрiп отырмын. Себебi, оқушы менталитетiне
жақын, күнделiктi отбасындағы, қоршаған ортадағы iзгiлiктер адам бойындағы
құндылықтарды дамытудағы ықпалы мол. Көп жылдық тәжiрибе барысында қоршаған
ортаның бастауыш сынып оқушыларына қандай ықпалы болатынына зерттеу
жүргiздiк. Зерттеу барысында әсiресе бастауыш оқушыларының көңiл – күйiне
сыртқы қоршаған ортаның ықпалының мол болғанын тәжiрибелiк – зерттеу
жұмысында айқындадық. Әсiресе, қоршаған табиғи ортамен тiкелей қарым –
қатынаста болу арқылы табиғаттың небiр қыр сырын түсiнуге мүмкiндiк алады
[2].
Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi
сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында
байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн
белсендiлендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк,
ұйымдастырушылық және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету
күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып
табылады.
Психологиялық – педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей
танымдық белсендiлiк терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк
жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен
ретiнде көрiнедi:
-биологиялық (П.К.Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А.Бернштейiн, А.Илиади, И.М.
Сеченок т.б.);
- психологиялық (Б.Г. Ананьев, М.Я. Басов, Л.С. Выготский, Б.Ф. Ломов
т.б.);
- педагогикалық (Ш.А. Амоношвили, Я.А. Коменский, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо,
К.Д. Ушинский, Г.И. Щукина т.б.).

а) Биологиялық аспект
Биологиялық аспект – белсендiлiк мәселелерi түсiнiгiмен байланысты
белсендi бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесi болып табылатындығы
жөнiнде түсiнiкпен тығыз байланысты. ол өзiн – өзi ретке келтiрумен
негiзделедi. Биологиялық белсендiлiк адамның ортаға бейiмделуiн қамтамасыз
ететiн оған тән тұқым қуалау қасиетi. Оны өзара қарым – қатынас кезiнде
ағза мен оның тiршiлiк ету шарттарымен аралығында туатын қарама –
қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды,
сонымен қатар осы әсердi жоюға мүмкiндiк беретiн және мiнез – құлық құруға
өткен оқиға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкiндiк беретiн
физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К. Анохин). Белсендiлiк бейне
белгiсiн тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тiрi материяның iштей
детерминацияланған iс – әрекетiнiң бiр түрi болып табылады. Адам өзiндiк
табиғи сапаларының күшiмен, әлеуметтiк мәндiлiк күшiмен де белсендi келедi.

б) Психологиялық аспект
Психологиялық аспект - тұрғысынан белсендiлiк С.Л. Рубинштейн
көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының
бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсендiлiк iшкi шарттар арқылы
болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi
және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым – қатынасы
өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн
күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады. Белсендiлiк адамның
жаңа қарым – қатынасына айналады, бұл – адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде
және белсендi әрекет қарым – қатынас иесi болған жағдайда болады.
С.Л.Рубинштейн адамның белсендiлiгiн былай түсiндiредi: Сыртқы себептер
мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды. Белсендiлiк
субъектiнiң объектiге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердiң
болуын қалайды:
- объектiлерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық,
- объектiнi таңдаудан кейiнгi мақсаты,
- тапсырмаларды қою,
- iс – әрекетке объектiнiң қалыптасуы,
- мәселенi шешуге бағытталуы.
Практикалық әрекеттiң жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етедi,
таниды, өз қажеттiлiктерiмен мақсаттарына сәйкес құрады.

в)Әлеуметтiк тұлғалық аспект
Әлеуметтiк тұлғалық аспект мәселелерi iс – әрекет кезiндегi тұлғаның
белсендiлiгiн зерттеумен байланысты. тұлғалық белсендiлiк – адамның тек
табиғи қасиетi ғана емес дегенге сүйенедi.
Бұл орайда субъект белсендiлiгi сыртқы материалды iшкi психикалық
әрекетi өз қатарына қосатын iс - әрекеттiң бiрдей жүйесi болып табылады
(Б.Г. Ананьев, В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубенштейн). тұлға
белсендiлiктiң өзiне ғана тән түрiне ие – әлеуметтiк өзiндiк әрекет, мұнда
ол белгiлi әрекетке жетедi. Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруiмен және
әлеуметтiк ортаның өзгеруiмен байланысты өзгеруi мүмкiн.
Белсендiлiк тұлғаның әлеуметтiк сапасы деп қарастырсақ, оны әрекеттiң
қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған
ортаның меңгеруiнiң және құрылуының бiр түрi. Жеке тұлға әрекет барысында
қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым – қатынасына байланысты,
әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлi болуы мүмкiн. Белсендiлiк
болмыстық қоғам формаларын құруға және адамның адамның қоғамдық мәнiн
жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады.
Педагогикалық аспектiдегi белсендiлiк мәселесiн зерттеу берiлген түрлi
түсiндiрумен байланысты:
- белсендiлiк баланың таным iс – әрекетiне (мақсатқа жетудiң тиiмдi
жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық жүзеге асыру) деген қатынасын
сипаттайтын тұлғаның бiр белгiсi ретiнде түсiндiредi
- белсендiлiк субъектiнiң iс – әрекетке қатынасын (қажеттiлiк, мотив,
ерiк күшi, эмоция) көрсететiн негiзгi белгiлермен қатар тұлғаның
сипаттамасы ретiнде түсiндiрiледi.
- Белсендiлiк жөнiндегi қысқаша сипаттамадағы таным мақсаты –
объективтi шындықтағы индивидтiң санасындағы бейнемен шектеледi.
Әйтседе, белсендiлiк танымның ерекшелiгi немесе байланысты екенiн
түсiну үшiн, таным процессiнiң болуымен, бiр – бiрiнен айырмашылығы
бар репродуктивтi және продуктивтi атты таным шындық әлемiнiң
көрiнiсi ретiнде субъект санасында екi деңгейге ие екенiн ескеру
қажет. Белсендiлiктiң дамуы репродуктивтi деңгейден iздеу – орындау
арқылы продуктивтi деңгейге дейiнгi тұлғалық даму процесi қамти
отырып жүзеге асады.
Репродуктивтi таным деңгейiнде объект (оқу материалы) сырттай қабылдауда
сол деңгейде қабылданады. Т.И.Шамова репродуктивтi танымның мәнiн мақсатқа
бағытталған iс – әрекет ретiнде ашады танымның жоғарғы деңгейi – өнiмдi
келген белсендi таным болып табылады.
Педагогикалық аспект тұрғысынан белсендiлiктiң үш түрiн бөлiп қарауға
болады: ақыл – ой белсендiлiгi, интелектуалды және таным белсендiлiгi.
Ақыл – ой белсендiлiгi элементарлы iс – әрекеттен бастап шығармашылықтың
күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi нағыз әмбебап iс – әрекет шарты
болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:
- ынталандыру жаңалығынан туған зейiн белсендiлiгi және бағдарлы –
зерттеу iс – әрекетiне бағытталған зерттеу белсендiлiгi ретiнде;
- интелектуальды ынталандыру түрiндегi (Д.Б. Богоявленская) көрiнетiн
тұлғалық белсендiлiк ретiнде.
Ақыл – ой белсендiлiгiнiң орталық ядросын когнитивтi функциялар мен
процесстер құрайды. Н.С.Лейтес балалық шақтың әр кезеңi - белсендiлiк
дамуының өзiндiк сапалы сатысы деген қорытындыға келдi.
Интелектуальды белсендiлiк өзiндiк шарттарға сай ой әрекетi ретiнде
түсiндiрiледi. Бұл терминнiң кең өрiс алуы, жиi қолданылуы Д.Б.
Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. оның пiкiрi бойынша,
интелектуальды белсендiлiк интелектуальды және интелектуальды емес
факторлардан көрiнетiн жүйенiң интегралды қасиетi болып табылады.
Танымдық белсендiлiк – жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды
саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады:
қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана
тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен,
яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын
бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен
түсiндiрiледi.
Танымдық белсендiлiк адамға өте маңызды және күрделi құрылым ретiнде
өзiнiң психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдарға ие. Бiлiмдi
белсендендiру мәселесiне байланысты әр еңбектерде таным белсендiлiгiне
анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi
анықталынады. Таным белсендiлiгiнiң мәселесi – педагогикалық зерттеудiң
терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес
қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов
және т.б. Маңызды әлеуметтi күшiне байланысты бұл қазiргi диалектикада,
бiлiм беру тәжiрибесi мен тәрбиеде негiзгi болып саналып отыр.
Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге белсендiлiкке төмендегiдей
анықтамалар берiледi:
- Адам зейiнiнiң белсендiлiгiнiң тағдаулы бағыттылығы (Н.Ф. Добрынин,
Т. Рибо).
- Таным субъектiсiнiң ақыл – ой қабiлеттерiнiң көрiнуi (С.Л.
Рубенштейн).
- Әртүрлi сезiмдердi белсендiргiш (Д. Фрейер).
- Адамның iс – әрекетi мен санасының деңгейiн жоғарлататын
эмоциональды – ерiктiң және ақыл – ой процессiнiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып окушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін ескерілетін жағдайлар
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту
Оқушылардың танымдық белсенділігі дамуының деңгейлері
ОҚУШЫЛАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ІСТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
Оқушылардың өзіндік жұмысына тән сипттарды анықтау
Ауызша әдістен айырмашылығы
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Пәндер