Қ.А ЯССАУИ ТАСАУУФТЫҚ ІЛІМІНІҢ ТҮРКІ ДҮНИЕТАНЫМЫНА ӘСЕРІ
1 Ахмет Яссауидің Ақиқат ілімі
2 Ахмет Иассауи ілімінің дәстүрлік сипаты және оның халық танымына ықпалы
3 Қ.А.ЯССАУИ СОПЫЛЫҚ ІЛІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
4 ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ ДҮНИЕ ТАНЫМЫНДАҒЫ
АДАМ МӘСЕЛЕСІ
5 Қ.А. Яссауи хикметтерінің рухани танымдық жетілудегі маңызы
6 Қоғамдық процестің жетілуіндегі ғылымның орны

Түркі әлемінде тасаууф ілімінің негізін салған, қасиетті ислам дінінің қағидаларын насихаттап, түсіндіруде теңдесі жоқ еңбек сіңірген А.Яссауи тариқатының Түркістан аймағында қалыптасуы, оның түрлі халықтар үшін рухани орталыққа айналуында шешуші рөл атқарды. Араб- мұсылман мәдениетін түркі танымына етене жақын еткен тұлғаның көздеген басты мақсаты тариқатта білікті дәруіштер даярлау арқылы, бүкіл көшпенділер қауымына тақуалыққа негізделген тасаууф ілімінің ұғымдарын даналық сөздер арқылы паш ету.
Айтылған игі істердің жүйелі түрде орнын тауып, орындалуына мұрындық болған. Мауараннаһр даласындағы дүрбелең соғыстар мен аламан тасыр оқиғалар шәйірді шындығында қатты ойландырды. Оны мазалаған қарахан басының қамы емес, тұтастай елдің амандығы еді. Тақуалық фәлсафадан алшақ кетпеген тұлға өз ойларын ел тілегі мен қайғы қасіретіне негіздеген түрде құрайды.
Бұл ғаламға жанымда құрбан қылармын,
Бар мүлкімді аямай шашып тынармын
Кәне, ғалам, іс-әрекет, жарандар,
Құдайдан жан аяйтұғын не амал бар?
Адамзат бұл ғаламда мәңгілік тұрақтамайды, ал мал мен мүлік серік бола алмайтынын түсіндіре білген шәйір, бар медетті Тәңірі жолына ғибадат етуден табуға шақырады. Яссауи хикметінен демеушілік пен жанына жылу тапқан халық мұсылманшылыққа ден қойды. Орта Азия тарихын зерттеуде ғұлама ойшылдың өмір жолына кеңірек тоқталған академик М.Е. Массон, «А. Яссауи заманында Орта Азия шығыстан келген мұсылман емес халық, қарақытайлар шапқыншылығына ұшырады. Шу бойына сәтті шабуыл жасап орныққан олар 1137 жылы Ходжент қаласының маңында Самарханның ханы Махмудты, ал 1141 жылы қатауын даласында самархандық пен салжұқтар сұлтаны Санжардың бірікен қолын жеңіліске ұшыратты. Қарақытайлар өз иелігінде ірі мемлекеттік құрылым түзді және бірте-бірте мұсылмен дініне шектеулер қойып, оның бұрынғы беделінен айырылуына күш жұмсап бақты» -деген.

1. Абай. Книга слов: Поэмы. Перевод с казахского К. Серикбаевой, Р.Сейсенбаева- Алматы: ЕЛ 1993-272с (121)
2. Назарбаев Н Түркістан- Ұлттық бесігіміз бен елдігіміздің ақ ордасы. Егемен Қазақстан. 2000. Қазан. №259.
3. Мумина.А Яссави насабномаси в Амир Темур- Ташкент: Хазина, 1996-32 б. (11)
4. Батольд В.В. Тюрки: Двенадцать легкий по истори турецких народов Средней Азии- Алматы: Жалын, 1998-192с (108)
5. Боқырғоний. С Бақирғон китоби // Ежелгі дәуір әдебиеті.- Алматы: Ана тілі, 1991-280б (168)
6. Иасауи Қ.А Диуани хикмет. Аударғандар: М.Жармұхамедұлы, С.Дәуітұлы, М.шафиғи- Алматы: Мұраттас, 1993-262б (72-73)
7. Нәлібаев Ә, Жүніс Емре: Таңдамалы өлеңдер- Алматы: Нұрлы әлем, 1996, 132б (23)
8. Мағауин М, Байділдаев М, Бес ғасыр жырлайды-Алматы: Жазушы-1989. Т.1-384б (128)
9. Мағауин М, Байділдаев М, Бес ғасыр жырлайды-Алматы: Т.1-384б (279-280)
10. Шәкәрім. Аманат: әндер құрастырған Т.Бекқожина- Алматы: Өнер. 1989- 128б. (99)
11. Көпейұлы М.Ж.Көп томдық шығармалар жинағы. 4-том . –Алматы: Алаш, 2005- 336б (99)
Әдебиеттер
12. «Насаб - Нама»-ата тегін, нәсілін білдіретін шежіре.
13. «Рисола»- Қ.А. Яссауи қауымдастығы жөнінде мәлімет беретін шығарма. ҚазРес. Орт. Кітапханасы. Қолжазбалар бөлімі., N 16, С.22-38
14. Қ.А.Яссауи.Насаб- Наме. Түркістан., 1992. 29-б
15. Қ.А.Яссауи. Диуани Хикмет. А.,1993. 38 бет, 202, 203-б
16. ҚазРес. Орт. Кітапханасы.Қолжазбалар бөлімі., Қ.А.Яссауи. Рисола., 21-бет.
17. «Иршад- Наме»-«Рұқсат». Шайхылық құруға рұқсат ететін құжжат.
18. В.АГордлевский. Избр. Соч.,т,3. Москва,1962. С.50
19. F Koprulu Turk edebietinde ilk mutasavviflar Ankara 1993. S. 83
20. Е. Э.Бертельс Суфизм и суфийская литература М.,1965. С.50
21. Қ.А. Яссауи. Диуани хикмет. А., 1993. 43-бет.
22. Абуов А. Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави. А., 1997.С.87
23. Мағауин М.., М. Байділдаев. Бес ғасыр жырлайды. А. 1989. 25-б., 41-42., 63-64б.,106-б., 202-б., 279-280б.
24. Құнанбаев А.Шығармаларының жинағы. 1-Т. А., 1977. 303-б.

Түркі әлемінде тасаууф ілімінің негізін салған, қасиетті ислам
дінінің қағидаларын насихаттап, түсіндіруде теңдесі жоқ еңбек сіңірген
А.Яссауи тариқатының Түркістан аймағында қалыптасуы, оның түрлі халықтар
үшін рухани орталыққа айналуында шешуші рөл атқарды. Араб- мұсылман
мәдениетін түркі танымына етене жақын еткен тұлғаның көздеген басты
мақсаты тариқатта білікті дәруіштер даярлау арқылы, бүкіл көшпенділер
қауымына тақуалыққа негізделген тасаууф ілімінің ұғымдарын даналық сөздер
арқылы паш ету.
Айтылған игі істердің жүйелі түрде орнын тауып, орындалуына мұрындық
болған. Мауараннаһр даласындағы дүрбелең соғыстар мен аламан тасыр оқиғалар
шәйірді шындығында қатты ойландырды. Оны мазалаған қарахан басының қамы
емес, тұтастай елдің амандығы еді. Тақуалық фәлсафадан алшақ кетпеген тұлға
өз ойларын ел тілегі мен қайғы қасіретіне негіздеген түрде құрайды.
Бұл ғаламға жанымда құрбан қылармын,
Бар мүлкімді аямай шашып тынармын
Кәне, ғалам, іс-әрекет, жарандар,
Құдайдан жан аяйтұғын не амал бар?
Адамзат бұл ғаламда мәңгілік тұрақтамайды, ал мал мен мүлік серік бола
алмайтынын түсіндіре білген шәйір, бар медетті Тәңірі жолына ғибадат етуден
табуға шақырады. Яссауи хикметінен демеушілік пен жанына жылу тапқан халық
мұсылманшылыққа ден қойды. Орта Азия тарихын зерттеуде ғұлама ойшылдың өмір
жолына кеңірек тоқталған академик М.Е. Массон, А. Яссауи заманында Орта
Азия шығыстан келген мұсылман емес халық, қарақытайлар шапқыншылығына
ұшырады. Шу бойына сәтті шабуыл жасап орныққан олар 1137 жылы Ходжент
қаласының маңында Самарханның ханы Махмудты, ал 1141 жылы қатауын даласында
самархандық пен салжұқтар сұлтаны Санжардың бірікен қолын жеңіліске
ұшыратты. Қарақытайлар өз иелігінде ірі мемлекеттік құрылым түзді және
бірте-бірте мұсылмен дініне шектеулер қойып, оның бұрынғы беделінен
айырылуына күш жұмсап бақты -деген.
Исылам тағылым-тарбиесінің ірге теуіп, біршама орныққан сәтінде
туындаған келеңсіз жәйттер оны халық сенімінен ысырып тастауға қауқарсыз
еді. Өйткені А. Яссауи уағыз еткен ислам руханиаты халық тұтастығын
сақтауда және жат жерліктерге қарама- қарсы күш болып бірігуде өлшеусіз зор
ықпал етті. Осылайша түрік халқының тасаууф ілімін қабылдау мен бірге, оның
жері мен елін бөлшектеу саясаты қатар жүргізіліп жатты. Түркі жерінің телім-
телім болып бөлшектенуіне қарама-қарсы, діндік бүтіндігін сақтап қалу
жолындағы рухани күрес, тасаууф тағылымында өзек етілініп, машақатты тәлім-
тәрбие жұмысына ұластырылып үздіксіз жүргізілініп отырады. Бұл түркілердің
діни сенімінің даму және өркендеп орнығу барысы еді. Яссауийа
тариқатының дәруіштер жүргізген насихаттар жұртшылық жүрегінен өз орнын
алып, тасаууф тағылымының напсіні тюу,адалдықты тұғыр ету сынды жұрт
жүрегін баураған ұғымдары көкірек көзі ашық тұлғаларға дарыған еді.
Күншығыстан батысқа, христиан,жаһуд, татарға,
Құлдық қылып соторға шайхым Ахмед Яссауи.
Он сегізмың ғаламда, Аты мәшһүр ғаламда,
Орны даруссалам шайхым Ахмет Яссауи.
Ұлы шайхы Ахмет Яссауи есімін даріптеген С.Бақырғани шумақтары сол
дәуірдегі ұстаз орнының ара-салмағын айқын аңғартады. Қиын-қыстау заманда
халқына рухани тіреніш бола білген тұлғаның қадір-қасиетінің арта түсуі,
оның жүргізген уағызындағы діни еріктілігінде және кез келген пендеге
түсінікті етіліп баяндалуында. Ол жалпы адамзатты зұлымдық күштері мен
ашкөздік нәпсі басқарған жойқын әрекеттерден бас тартуға шақырады. Өйткені
адалдыққа жат тұрпайы әрекеттердің жойылуы адамзат бойындағы ізгі
қасиеттердің дамуына септігін тигізеді. Ақыл мен сабырлықты басшылыққа
алған, ізгі ниетке негізделген талап шәйірдің сырға балаған ақиқатын
танытады.
Дуаналық жолында ол хақты тапқан,
Семсерді хақ қолға алып, нәпсі шапқан.
Қайда барса көз жұмып сырын тапқан,
Ондай сырды тапқан кісі жомарт болар.
Жыласа да құдайсызға болмас елші.
Бұл дүниені момындарға зындан қылар.
Аманат қой, ғазіз жанға иланбаңыз,
Харамдықпен жиған малға қуанбаңыз
Әлемдегі жауласудың кез келгені тап сол нәпсінің қолдауымен жүзеге
асатынын жақсы түсінген А. Яссауи қолына семсер алған әрбір адамзатқа
жаулау жорықтарын өз жан дүниесінен бастау керектігін айтады. Бұл пенденің
өзін- өзі тану жолында жасаған алғашқы қадамдарының бірі болмақ. Жеке
басының кем-кетігін көре білу, адамзатты күнәлі істерді жасаудан
сақтандырады және бір алланың қасиетті жолына салады. Сонда ғана одан
зұлымдық пен жауыздықты қолдаған тоймсыз нәпсі безініп көңіліне алланың
нұры түседі.
Иман мен нәпсінің тегеурінді арпалысып танытқан Яссауи филасофясының
негізінде тәнге жанды аманат еткен бір Алланың бар екені айқын аңғарылады.
Алла жолын Ақиқатқа балаған А.Яссауи адамзаттың рухани жақтан тазарып,
бүкіл пендешіліктен биік тұруы, оны ақиқат жолына түсіреді- деген.
Ақиқатты тасаууф ілімнің жауһарына айналдырған ойшылдық дүниетанымдық
көзқарасын философиялық тұрғыдан саралау, оның өмірдің ауыртпалығы мен
қиыншылығына нақ сол ақиқатты азық ету арқылы төтеп бергенін танытады.
Ғасырлар қойнауында ізін жоғалта қоймаған көне мұрағаттардың бетін
парақтау, оның ақиқаттылығына біздің көзімізді жеткізе түседі.
Түркілерге ислам руханиатын тарату жолында осы өңірге қоныс аударған
арабтардың түзген шежірелік жинағы- Насаб Нәмеде ғұлама, ойшыл жөнінде
біршама маңызды деректер келтіріледі; Қожа Ахмет Яссауидің атасы Ибрахим
Сайрам өлкесінде шайхылық құрып, дін жолында біршама игі істерді атқарған.
Соның ішінде, Орталық Азияда ислам мәдениетінің беделін арттыру мақсатында,
оның діни қызметкерлер даярлағанын ерекше атап өткен жөн. Сафи ад- дин Орын
қойлауының, Ибрахим ата он бес жыл бойы қызмет еткен асхабы Абу Мұсаны
Яссы елді мекеніне суфра тұтуға (дін жолында қызмет етуге) жібереді- деген
үзіндісінен бұл айқын аңғарылады. Демек, А.Яссауи туып, өскен аймақ тасаууф
ілімінің ықпалында біраз алды болған. Мұнан келешек бүкіл Орталық Азия
төңірегінде ықпалды әрі беделді діни құрылымдардың бірі яссауийа тарқатының
негізін қалаған тұлғаның бос орында өспегенін көреміз. Атасы Ибрахим көз
жөмғанға дейін осындай рухани ортада тәлім тәрбие алған Ахмет дін іліміне
көңіл қойғаны соншалық, Араб әлемінде туындаған білім мен ғылымда және
түркі жерін жаңадан қанат жайып келе жатқан ислам мәдениеті мен сол елдің
тілінде, яғни араб тілінде танысты. Жастайынан екі дүние руханиатын таза
әрі бастапқа қалпында танып, білу Ахметке өз ойларын таразылауға және ақыр
аяғында руханияттарды блірлестіре отырып түркілік танымға сіңімді ақиқат
ілімін қалыптастыруға мүмкіешілік берді. Осы мүмкіншілікті арманы еткен
балауса Ахмет алдында қаншама қиын асулар күтіп тұрңғанына қарамастан
көздеген мақсатына жете білді.
Ахмет кішкентайынан ақ әртүрлі тағдыр соққысына ұшыраған. Ата-
анасынан ерте айырылған ол кіндік қаны тамған Сайрам қаласын тастап, рухани
демеуші болар ұстаз іздеп жолға шығады. Ф. Көпірұлы Хазини ұсынған
Жабахрул- Әбрар мин Әмуәжил Бихар еңбегінен Яссауи өмірінің дәл сол
кезеңіне тиесілі үзіндіні келтіреді: Әзірет Әли ұрпағы Ибрахим Шайқы
қазасынан кейін үлкен қызы Гауһар Шахназ және Ахмет есімді жеті жасар ұлы
қалады
Төл туындысы Диуани Хикметте рухани нәрін ұсынған ұстазы Арыстан
Баппен қалайша кезіккенін тасаууфтық сарында суреттейді.
Жеті жаста Арыстан бапқа қылдым сәлем,
Ізінше бір зікірді қылдым тәмәм.
Хақ Мұстафаф аманатын салыңыз деп,
Нәпсім құрып, аузымды аштым міне.
Арыстын бабам құрмасын алғаннан соң,
Қаламға жыл құсындай сапар қылдым.
Бір Алладан басқадан безер болып,
Мектеп барып, үйреніп, тастым міне.
Өмірдің ауыртпалығы мен жетімдікті қатар тартқан Ахмет дін жолындағы
ізденістерін бір мезетке де бәсеңдетпеді. Яссыға шыққан сапары осының
дәлелі. Өн бойына сыймай толысып жатқан сұрауларға жауап берер ұстазы орнын
басқан Арыстан Баб- Ахметке жол көрсетуші әрі жөн сілтеушісі болды. Бұхара
қаласына сапарға шығуына септігін тигізген ұстазы, Ахмет аттанбас алдында
қаза болады.
Бұхара сапары бет- бағдарсыз емес. Рухани тәрбиешісі Арыстан Баб
қазасынан кейін, туған жерінде қалыптасып келе жатқан түрліше
қауымдастықтар арасынан өзіне сүйеніш болар, рухани жолдың философиялық
мәнін ашып көрсететін ұстаз орнын басар жанды кезіктіпмеді. Сондықтан,
тасаууф ілімінң алыптары қалыптастырған хана қалардың бірінен, нақтырақ
айтқанда, шейх Әбу Әли Жақып Жүсіп әл- Бузанжири әл- Хамадани ханакасынан
дәріс алуды көздеді.
Қожа Жүсіп Хамадани есімі айқындап тұрғандай Хамадан ауданының
Бузенжир қалашығында 1049-50 жылдары дүниеге келеді. Қожа Ахметтің қай
жерден келгенін білдіру мақсатын есімізге Яссы қаласының қосылып айтылуы
осы заңдылыққа негізделсе керек. Осылайша Яссыдан келген Ахмет- қожа Ахмет
Яссауи аталады.
Хусайн әл- Ваиз әл- Кашифидің Рашаһад айн ал- хайат еңбегінен Жүсіп
Хамаданидың қаза болмас алдын Иран, Хорасан, Хорезм және Мауеренахр
аймағынан келген шәкірттерді қабылдап ұзақ уақыт Бұқарада тасаууфтық
ханаканы басқарғаны мәлім. Сан мыңдаған шәкірт арасынан Хамадани ишарасымен
орын алған Ахмет дін іліміне зейін қоюмен қатар тариқат өміріне қызығушылық
танытты. Жастайынан рухани ортада тәрбиеленген Ахмет араб, парсы тілдерін
жетік меңгерген. Тілдерді меңгеру болашақ ұстазы Хамадани мен және көптеген
атақты тақуалық жолының қайраткерлерімен сұхбаттасып, өз зеректігін
арттыруда көп септігін тигізді. Өзінің жасының кішілігне қарамастан
талабының үлкендігі мен аңғрымпаздығы Яссыдан келген Ахметті қауымдастық
ішінде және ұстаз алдында мәртебесін жоғары етті. Түркілік танымға
негізделген ерікн ойлаушылық қасиеті оның бойына жиналған ілімнің қазынаға
айналуына мүмкіешілік берді. А.Яссауидің әрбір істі байыпты атқаруы ұстазын
тәнті етумен қатар басқаларға үлгі болды. Мәселен оның құран Кәрім
сүрелерені оқумен айналысуы, баршаға уақытты тиімді пайдалануды ұсынған
көрсеткішпен тең. Гатфер қалашығының бір бөлігіндегі Хош- дуд деген жерден
мешітке дейін құранды бір қайтара бастан- аяқ оқып шығатын. Ал мешіт
есігінен қожа Хасан Андани мен Қожа Ахмет Ясауи үйіне барғанша Бақара
сүресін оқитын. Қайтар жолда Әли Имран мүресін жатқа айтатын. Өз
мешітінен дәруіштер бөлмесіне келе жатқанда жеті жүз қадамдық, осы ара-
қашықтықта құранның отыз бөлімінен біреуінен оқып шығатын.
Жүсіп Хамадани қазасынан кейін қауымдастықты қожа Абдуллах Берки мен
Қожа Хасан Андаки басқарады. Кезек Қожа Ахмет Яссауиге келгенде біраз уақыт
Бұқара қауымдастығының басшысы болып қызмет атқарады. Алайда ұстазы Жүсіп
Хамаданидың Түркістан жерінде діни- уағыз жұмыстарын жүргіз деген
өсиетіне байланысты шәкірттерін Абдуллах Гиждуваниге тапсырып, Яссыға
кетеді.
Сопылық тәлімгерлері Арыстан Баб пен Жүсіп Хамадани ілімдерімен
шыңдалған Ахмет Яссауи Түркістанда өз тасаууфтық қауымдастығының іргетасын
қалады. Оны өз хикмет жолдарында былай өрнектейді.
Ху халикасы құрылды, әй, дәруіштер келіңдер,
Хақ суфарасы жайылды, одан үлес алыңдар.
Қал ілімін меңгеріп, Хал ғылымына жетіңдер,
Жоқшылықпен бірлесіп, бар байлықты алыңдар.
Жыртып шапағат кеудесін, дидар уағдасын,
Ашып көңіл дидарын, мүшаһада қалыңдар.
Ху арасын алыңыз, нәпсі босын несіңіз
Күні-түні талапкер, жанды құрбан етіңіз(1,202-203)
Ақыл,өсиет,өнеге айтуға құралған Диуани хикметтің,шәйірдің өмірде
нық басқан әрбір қадамы мен іс-әрекетіннен хабардар ететін
тәрізді.Қауымдастықтың құрылуы мен тақуалық ілімнің маңызын танытқан
шумақтар Яссауидың жоқшылықтың зардабынан Хақ іліміне бір қадам жасауы
,барлықтың қадірін білуге жеткізгенін танытады. Ху арасын алыңыз ,яғни
Хаққа зікір салып, нәпсілік қасиеттерден арылыңыз. Қажетінше жанды құрбан
қылсаңыз, көңіл көзі ашылып, Тәңірінің ақиқатын тани аларсыз дейді. Хикмет
жолының келесі шумақтары, бұл ойды қуаттаумен қатар түйіндей түседі.
Алқа қотын ху деңдер, ғашық отында жаныңдар,
Жан тәніңмен, шәкірттер, тәкпірді бастан айтыңдар.
Алла- Алла деп еңіреп, хақ демекте мағына бар,
Дидарынан үмітіңді, рахметінен алыңдар.
Құл қожа Ахмет күл болған, жол үстінде күл болған.
Шәкірттерге ырыс болған, одан ғибрат алыңдар.
Яссауийа қауымдастығында көптеген шәкірттер тәлім- тәрбие алды. Ислам
дінінде қалыптасып келе жатқан түрлі бағыттар тәрізді, олар да өзіндік
ерекшелік танытатынын қағидалары мен салт- жоралғыларын қалыптастыра
бастады.
Қорқыт Ата сарынын пайдаланған бақсының іс-әркеті Яссауи жадында
жастық шағынан сақталып, мезгілі келгенде тасаууфтық сарынға ұласып зікір
араға айналды. Алла есімін қайталап экстаз халіне түсуде қобыз әуенінің
қолдалынуы мүмкін ақиқаттылығын танытады.
Яссауийа тариқатының келесі ерекшелігі- тариқатқа кіру әдебін арабша,
парсыша білмеген түркі дүниелеріне түсіндіру үшін халық әдебиетінен
алшақтамай қарапайым пішінде парасаттылық, адамгершілік пен тасаууфтық
сарынға негізделген өлеңдер жазды.
Шын сүйсең, Алланы сүй пәндам дейді,
Үш жүз алпыс тамырыңды идіреді.
Момынның жасын алып тақуа қылар
Тынбай жылап, қанды жасын куә қылар
Бұл әлемде қиналып қан жұтпасаң,
Өмірде шариғатты пір тұтпасаң.
Шындықта жан-тәніңді таза ұстамасаң
Мұндай ауыр жүктен қалай құтқарамын
Алланың ақ жолын тұтынған тақуалар, қобалжу мен талпынушы жүректің
әрекеті мен біліктілігін артттыруда ілімнің жәрдеміне ерекше назар
аударады. Яссауийа тариқатының дәруіштері мұны қатаң түрде қадағалады.
Сондықтан яссаийа тариқатында муридиттердің ілім алуы басқа тариқаттардан
күрделлігімен ерекшеленеді.
Қазіргі кезеңде осы яссауийа қауымдастындағы муридтердің тариқат
жолына түсу ережелері сөз ететін Мират әл-қулуб рисаласы сақталған.
Рисалада Яссауи тариқатжолының төрт бөліктен тұратын нақтылы белгіленіп,
әрқайсысының ішік ара мақамдарға бөлінетіндігі айтылады.
А.Яссауи ілімінің теориялық негіздеріне айналған төрт бөлік ,адамды
рухани жетілдірудің төрт өткелі тәрізді. 1. Шариғат. Тәңірі тарапыннан
құран кітабы арқылы бекітілген, исылам дінінің негізгі заңдылықтары. Бұл
барша мұсылман қауымына ортақ заңдылықтар жүйесі болғандықтан,
құрылымындағы мақамдар да исылам дінінің парыздарынан шектелген. Дегенмен
тасаууф ілімінде кішкене күрделі реңк алады, яғни тақуалық өмір салтына
негізделген. 2. Тариқат- Шейх ұсынған тақуалық жолға, толық мойынұсынуы.
Бұл өткел мүридтің бойындағы сабырлық, имандылық, бауырымдылық қасиеттерін
шыңдау мақсатында түзілген. Мақамдар жиындығынан тұрады. 3. Мағрифат –
Дәруіштік өмірдің қиыншылығы мен азабына, рухани білімді меңгеру арқылы
төтеп берген мүридтердің құдайды іздеу жолы. 4. Ақиқат- тақуалық жолдың ең
соңғы сатысын түзген мақамдар, саликтің Тәңірімен толық ұласуына
мүмкіншілік береді. Бұл мақамда адамзат бойындағы нәпсілік құмарлықтар мен
жеке басының мендік қасиеттерін толық жойып жіберу арқылы Ақиқатты танып
біледі.
А. Яссауи өзінің муридтеріне бұл жолдың қиын да ауыр болатынын айта
келе, оны өтуді табанды түрде талап етеді. Кімде кім пірлік тағуасын қалар
болса, қырық жыл пір қызметінде тұрмайынша шейх орны оған тура келмес -
деген А. Яссауи сөздері осының айғағы. Шейх орнына тек тақуалық жолындағы
өткелдерден сүрінбей өткен тұлға ғана лайықты.
Тасаууф ілімін толық меңгермеген шәкірт ұстаз ілімін дәріптеп, өз
уағызын жүргізуге құқысыз. Оны Ахмет Яссауи Мират әл-кулуб рисаласының
тариқат өткелінің уирд-ауорт бөлімінде жөн- нақты тоқталып кетеді. Ұстаз
көрсеткен тарихтан жолының дұрыстығына күмән келтіріп, өзінің ақиқат ұстаз
көмегінсіз, тақуалық жолында азапталу арқылы жетемін деген шәкірттің ақиқат
жолында көңіл тазалығын сақтап, діни ілімді жан- тәнімен меңгерулерін талап
етеді.
Осылайша жан- жақты кемелденген дәруіштерді оқытып, даяарлаған
яссауийа тариқаты өз уағыздарын, өз бағытын түсіндіруде толыққанды әрекет
етті. Яссауи ілімінің нақтылы жетістіктерге жетуі, яғни алланы дәріптеген
ақиқат ілімінің әрбір түркінің жүрегінен орын алуы яссауийа тариқатындағы
әрбір дәруіштің ұстазына адал және бір адамдай жұмыла қызмет атқаруының
жемісі.
Яссауийа тариқатында білікті дәруіштердің көп болғандығы Яссауи
ілімінің таралу аймағының көлемдігін танытады. Насабнаме шежірелік
жинағында бірнеше атақты шәкірттерінің есімдері келтіріліп, жалпы алғанда
он екі мың сайад муриді болды деген ақпар берді. А. Н. Смайлович
келтірген деректерге қарағанда, Яссауи ілімінің бүкіл көшпелі және отырықшы
түркі халықтарының арсаында зор беделге ие болған. Және А. Яссауи
шәкірттерінен Хакім- ата мақамымен әйгілі болған Сүлеймен Бақырғани іс-
керлігін ерекше атап өтеді.
Шариғаты мінсіз, тариқаты түпсіз,
Ақиқатта өрен жүйрік шайхни Ахмет Яссауи.
Шариғатпен сөйлеген, тариқатты ізденген,
Ақиқатты білдірген шайхым Ахмет Яссауи
Ахмет Яссауидің Ақиқат ілімі дегенде ақыл- ойға негізделген барша
адамның қолы жетерлік руханиат айтылады. Адамзат қауымының дамуына қызмет
еткем деген әрбір адам үшін, өзі туып өскен және тәрбиеленген ортаның
руханиатын жоққа шығару қажет емес, керісінше сол руханиаттардың тереңінде
жатқан негіздеріне үңіліп, соның ақиқаттылығын аршып алу керек. Бұл жерде
тек шайырдың таза көз қарасы ғана қаралмауы тиіс. Өйткені шайыр ұсынған
Ақиқатты қабылдайтын халық та нақ сол сезімді игереді және өз дүниетанымын
сол тұрғыда қалыптастырады.
Тәелсіз өмір салтын ұстанған түркі халқы үшін діни танымға негізделген
көзқарастағы еркіншілік басты мәселе. Сондықтан олардан шариғат
заңдылығындағы қағидаларды нақтылы орындағанды талап еткеннен гөрі, жаман
қасиетерден арылудың өзі ғабадат ету екенін танытудың өзі жемісті болды.
Түркілер танымына енген тасаууф бұл әр- түрлі жақсы қылықтарды бойына
жинап, жаман мінездерден арылу, яғни ізгі ниет жақсы мінез- құлық.
Ахмет Ясауидің тылсымдық сырды бойына алған хикметтері келе-келе
түркілік танымда және орта азиялық түркі оқу орныдарына айналған
медреселерде алғашқы рухани құндылық ретінде танылды. Қыр аяғында Ахмет
Яссауи мен оның туыстары мен ізбасарларының есіимдері түркі халықтары
арасында киелі әлиелер санатына қосылда. Өз жер иелігіне Түркістан аймағы
кірген ірі билеушілер яссауийа тариқаты арқылы көшпелі және отырықшы түркі
халықтарына өз билігінің жоғарлылығын танытты. Осыдан билеушілердің
Түркістанға аса құрметпен қарауы туындап, оның рухни орталық ретінде
гүлдене түсуіне өз үлестерін қосты. Мәселен, 1397 жылы Тимур билеген тұста
ұлы билеуші Қожа Ахмет Яссауит мазарының басына тамаша мавзолей орнатуы
және вакв иелігі үшін бірнеше жерлердің бөлініп берілуі. Бұқаралық Абдулла
хан II (XVI ғасырдың аяғы) шайхының шырақшыларын мол сыйлықпен, грамота
табыс етеді.
Тарихи тұрғыдан Орта Азияның рухани жүрегіне айналған Яссауийа
тариқатының қабырғасында өркендеген ілімнің таралу аймағын, нақтылы айту
мүмкін емес. Дегенмен, соңғы кездері Яссауиге қатысты мұрағаттарды
зерттеуден жинақталған деректерге қарай, яссауийа ілімі әуелі Яссы
қаласында пісіп жетіліп Түркістан аймағынан Ташкент пен оның төңірегіне,
онан кейін Хорезмнен солтүстік батысқа қарай қыпшақ өңіріне тарағанын және
дара дәруіштер арқылы Қорасан, Әзербайжан, Анадолы өлкелеріне дейін
таралған деп айта аламыз.
Түркі халықтарының ортасында рухани сауат ашу ісінен бастып,
тасаууфтың тәлім- әрбие беріп үгіт- насихат жұмыстарын жүргізу барысында
жергілікті халықтың әдебиеті мен өнерін, ғылым мен мәдениетін өркендету
үшін, сондай-ақ халықтың саяси әлеуметтік өмірін жақсарту үшін түсінісіп
жұмыс істейдің, яғни түркі тілінің ең сенімді әрі ықпалды құралы екенін А.
Яссауи жақсы бағдарланған сиақты. Түркі тілінің осындай құдіретті күшін
үлкен көрегендікпен, байсалдылықпен түбегейлі болжап, жете түсінген ұлы
шайқы, оны түркі халқының рухани тұтастығын сақтау құралына айналдырды.
Даналық жинағы арқылы осы түйіндерді шешуге үлгі, өнеге көрсеткен ұстаз,
жөн көрсететін әрі ерінбей- жалықпай үгіт жүргізетін насихатшы дәруіштер
даярлау арқылы еліне, туған жеріне қызмет етіп, зор еңбек сіңірді.
Молдабеков О.А
Ахмет Иассауи ілімінің дәстүрлік сипаты және оның халық танымына
ықпалы.
Ахмет Исссауи сопылық танымы қазақ философиясының өркендеуінде өз
әсерін қалдырды. Оның рухани дүниетанымы қазақ ойшылдарының
шығармашылығынан көрініс алды. Орта Азияға ислам діні дәстүрлері Ахмет
Иассауи сопылық ілімінің діни философиялық ұстанымдарының негізінде
қаралған, сопылық тәлім- тәрбие баратін, алғашқы түркілік тариқат арқылы
енді. Бұл сопылық ілім ұғымдарының дәстүрлі түркілік дүниетанымда ғасырлар
бойына сақталуына септігін тигізді.
Ахмет Иссауи сопылық ілімінің философиялық мәні мен негізгі мақсатын
және даму ерекшеліктерін анықтау нәтижелері, иассауийа түзген философиялық
методологияның қуаттылығын танытты. Сопылық діни дәстүрлерлің өмір
тәжірибесіне ұласуы және оның ұлттық танымға тигізген әсері айтарлықтай.
Түркі тілдес мұсылман халықтарының танымында сопылық ілімнің қалыптасуына
арқау болған рухани процестерді қарастыру Ахмет Иассауи түзген қуатты
философиялық методолгияның жетістіктерін айқындайды.
Түркілердің мәдени өмірі мен діни көзқарастарын жеткілікті деңгейде
білу Ахмет Иассауи сопылық ілімінің қоғамдағы рөлін дәстүрлердегі көрінісін
анықтап берді. Түркілердің рухани тіршілік талабына сәйкес келген ойшылдың
діни философиялық көзқарасы негізінде түзілген Диуани хикмет шығармасы
сопылық ұғымдардың халық арасында таралуына септігін тигізді.
Иассауийа тариқатындағы сопылық дәстүрлердің өмір тәжірибесіне
ұштасып, қоғамның рухани толысуына хикметтердің тигізген әсерін анықтау,
сопылық ілімдегі философиялық құндылықтардың адам сана- сезімін күрт
өзгертуге мүмкіндігі бар екендігін танытады. Түркілердің діни философиялық
танымы мен өмір талабын өзгертуге бейім келген хикметтер ойшылдың ілімін
жаңа қырынан танытты. Сопылық ұғымдардың түсінуге жеңіл хикмет түрінде
баяндалуы, сопылық ілімнің түркілер арасында таралып, оның өркендеуіне
қолайлы жағдай туғызды. Түркілердің рухани тіршілік талабына сәйкес келген
хикметтер адамгершілік, имандылық, адалдық пен парасаттылықты түзген
ойшылдың сопылық дәстүрлерін танытып берді. Бұл рухани тәсілдер мен
философиялық ойлар адамзат баласына түрлі құнды идеяларды ұсынды. Хақ
жолына түсіп әділеттік философиясын дамыту жолында Абай жазған қара
сөздерде сопылық сарынның барын аңғару қиын емес. Біз жаратушы емес
жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пәндеміз. Сол махаббат пен әділетке
қарай тартпақбыз Адамның тіршіліе табиғатындағы құнды мәселелердің сопылық
философияда қойылуы оның ой, сана- сезім байлығын дамыту арқылы шешімін
тапты. Сопылық дәстүрлер күні бүгінге дейін ұлттық танымда сақталған.
Ахмет Иассауи сопылық философиясының халық санасына дәстүрлік кейіпте
қалыптасуына шәкірттері де қызмет етті.
Бір өкініштісі, иассауийа тариқатынан тәлім алған муридтердің
көпшілігінің есімдері силсилерлер арқылы белгілі болғанымен, олар жөнінде
толық мәлімет беретін жазбалардың немесе төл туындыларының жоқтығы. Болған
күнде де кезінде Кеңес өкімті тарапынан тыйым салынып, жойылып жіберілген
немесе сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында шаң басқан күйі
аударғысыз қалған.
Ғасырлар бедерінде қараусыз қалған рухани байлығымызды аршу бізге де
оңайға түспейтіні анық. Дегенмен соңғы жылдары көптеген туындылар өңделіп,
рухани мұрамыз біртіндеп болса да қалпына келтірілгендей. Түркі халқына
ортақ даналардың дүгиетанымдық көзқарастары мен шығармалары ғалымдар мен
зерттеушілердің талқылауына ілігіп, жаңарған кейіпте көпшілікке қайта
ұсынылуда. Бұл еңбектердің арасында сопылық сарында жазылған қолжазбалар
философиялық түрғыдан түсіндіруді және толықтыруды қажет етеді.
Қазіргі таңда түркі дүниесінің ұлы кемеңгер ойшылы Ахмет Иассауидің
мол мұрасын әр салады жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп осы арқылы
түркі халқының рухани бірлігін таныту қолға алынған.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Түркістанның бастан кешкендері айтып
таусылмастай шежіре. Ол шежіре бүгінгі адамзат пен бүгінгі өркениетті құрап
отырған халықтар мен мәдениеттердің тереңнен табысатын төркіндестігі мен
тамырластығына, жарастығы мен жалғастығына көзімізді жеткізе түседі- деп
түркі халықтарының тұтастығын танытуда ТҮркістан қаласының орны айрықша
екенін атап өтеді.
Түркілер арасында сопылық қакымдастықтың негізін қалаған Ахмет Иассауи
мен оның муридтерінің үгіт- насихатының нәтижесінде Түркістан қаласы күні
бүгінге дейін рухани орталық.
Иассауийа тариқатының дәстүрлері мен іліми негіздерін таратқан
муридтерінің құрған қауымдастықтарын маңызды рухани- философиялық бағыт
ретінде қарастыру бізге түркі халқының арасында Ислам дінінің қалыптасу
және даму қарқынын айыруға нақтылы мүмкіндіктер береді. Сопылық ілімнің
күні бүгінге дейін түркі халықтарының поэзиясы мен философиялық ой-
тағылымдылығын оның байқалуы, иассауийа муридтерінің қаншалықты байыпты
әрекет еткенін танытады.
Отырарда сопылық ілімнің өркендеуіне иассауийа тариқатының белді өкілі
сопы Мұхаммед Даншмендтің қосқан үлесі, оның сол төңіректе сопылық
ханаканың негізін қалауымен жүргізген үгіт насихатынан көрінеді. Иассауийа
тариқатынан біржолата қол үзбеген шайқы, ұстазынан рухани сүйеніш боларлық
ақыл, өсиет алумен қатар, ол жіберген муридтерді жетілдіру мен де
айналысты. Өмірінің соңына дейін Отырарда суфра тұтқан Сопы Мұхамед
Даншменд өз ханакасынан билігін Ахмет Иассауий қасында он екі жыл қызмет
көрсеткен муриді Сүкжүк қожаға табыс етеді. Ол да өз тарапынан бірнеше мың
мурид тәрбиелеп, ислам дінінің тарлуына өз үлесін қосады. Шежірелік жинақ
Насаб- намені түзген Сайф ад- Дин орын қойылады. Шыққан нәсілі, ата-
тегін көрсетумен шектелмей олардың жер иеліктерін атап өтуді ұмыт
қалдырмеғен. Бұл арабтардың Вакфтық иелігінің түркі жерінде өз күшінде
қалғанын танытады.
Тек өз ханакасының кемел келешегімен шектелмей, бүкіл исі түркі
жұртының бірлігін, олардың мақсат мүдделерінің ортақтығын жете түсінген
кемел ойлы Мұхаммед Данышменд ұстазы Ахмет Иассауидің ой-орамының түркілік
дүниетанымымен астасып жатқанын жақсы білді. Ұстазының хикмет түрінде
айтқан нақылдарының түп- төркінін қарапайым халық бұқарасына түсіндіру
және оны ханака муридтерінің арасында талқылау иассаийа ізбасарларының
арасында дәстүргк айналды.
Ахмет Иассауидің білім ордасынан тәлім- тәрбие алып, ұстаз дәстүрін
жалғастырған тақуалардың санатында, өз туындыларын түркі тілінде жазған
және түркілік ата құрметіне иегер Сүлеймен Бақырғани ( Хәкім Ата) сынды
тақуа Орталық Азия төңірегінде ғұмыр кешті. Оның түркілер арасында рухани
тұлға кейіпінде әйгілі болғандығы соншалық, ол жөніндегі барша дерек аңызға
ұластырылған күйде жеткен.
В.В.Бартольд: Сүлеймен Бақырғанидың сопылық ілімін таратудағы қызметі
Хорезм аймағымен тығыз байланысты. Ұстазына еліктеген Хәкім Ата түркі
тілінде тылсымдық ережелер мен ақыл, өсиеттен тұратын шығарма жазып
қалдырған. Ахмет Иассауидің өлең түрінде айтқан нақылдарын қара сөзге
түсірген Сүлеймен Бақырғани көпшілікке қарпайым тілде үн қатты- деп Ахмет
Иассауидің сопылық тағылымын зерттеуде, иассуийа ілімін бойына тоқыған
Сүлеймен Бақырғани жазбаларының құндылығын танытады.
Достарым, ақыр заман жуық келді,
Тарса, жөт, дінсіз кәпір елге толды.
Білдім енді бұл дүниенің ақыры болды,
Келіңдер, достар, Аллаға құлшылық етіп көріңдер!
Ұстаз насихатының маңызын жергілікті халық танымына етене жақын еткен
муридтың ыждахатты талпынысы мен талабы, оның шумақтарынан орын алған Ақыр
заман идеяасын шумақтардың өзегі еткен Сүлеймен Бақырғани адамзатты
ізгілікті өмірге шақырады. Бұл дүние мәңгі емес, жалғаншы болар, яғни
адам затқа дүние серік болмас, онан да Келіңдер, достар, Аллаға құлшылық
етіп көріңдер- деп екі дүние несібесінен құр алақан қалмауды ескертеді.
Осы дүниенің несібесі- Ақиқатты тануға талпынудан тұрады. Ал оны тануға
талпыну- өмірдің мәнін танумен қатар арғы дүниеге аттаған алғашқы дұрыс
қадамдардың бірімен тең.
Ислам дінінің қағидаларын танытуда пейіш пен тозақ ұғымдарының
арасындағы айырмашылықтарды сипаттау арқылы адам баласын жаман іс-
әрекеттен сақтандырған ойшылдың діни филасофиялық ұстанымдары адамзат
санасына қарапйым түрде өзіне баурап алған.Яғни ақ пен қараның арасын
айырғандай етіп танылған сопылық ілімнің ұғымдары халық танымынан өз орнын
алған және өмір талабына сай іс тәжірибеде кеңінен қолданысқа ие болған.
Дегенмен, адамға қай жолмен жүруді таңдауды өзіне қалдырған. Адам бойындағы
үнемі арпалыста болған ұрықпен нәпсінің өз билігін танытуға талпынуы, оның
мінезі мен өмірлік бағытын өзгертеді. Адам бойында адамгершілік имнадылық
қаиеттерді шыңдайтын сопылық ілімінің негізінде түзілген діни дәстүрлер
Ахмет Иассауи ілімінде тұнып тұр.
Сопылық ілімдердің негізінде танылған діни дәстүрлердің адамдардың
санасына рухани- қозғаушы және дәм беруші лептей серпіліс пен енуі де
сопылық ұғымдадың адам өміріне төңкекріс жасауға қабілетті екенін танытады.
Сол кезең үшін сопылық ілімге негізделген діни философиялық тұжырымдар
қоғамның ішкі басйланысын түзген. Адамның танымдақ қасиетін арттырған
сопылық ілім рухани жетілдіруде оның психикасына өз әсерін тигізген. Міне
осылайша, ислам аясында өрісін кеңге жайған сопылық дәсиүрлер әрбір
адамзатттың әсер ету арқылы түркі халықтарының рухани мәдениетінің сопылық
сипатта дамуына жол ашып берді. Ахмет Иассауи ілімінің Қазақстан аймағында
XXI-ғасырға дейін кең таралуы иассауиа тариқатының дәстүрін жалғастырған
муридтерге тікелей тиесілі. Оның сопылық дәстүрінің ізін өз дәуірінен
кейінгі кезеңдерде өмір сүрген ойшылдардың өмір тәжірибесі мен
шығармашылығынан көреміз.
Мекке мен Мәдине жодың ұшы.
Алыс сапар дейді ғой барған кісі
Ата менен анаңды құрметттесең,
Мекке болып табылар үйдің іші.
Көрдіңіз бе, әйгілі Шал ақын айтқан осы төр шумақтың өзі қаншалықты
терең мағыналы сопылық ұстанымының бет пердесін ашқанымен, халыққа
түсінікті қарапайым мысалдармен түсіндірілген. Этикалық құндылықтарды халық
танымына негіздеген философиялық ойлардың түбінде сопылық ілімінің жатқаны
айқын. Өйткені, Шал ақын мегзеген ойдың түйінін шешу Алланы мешіттен емес
өз жүрегінен тапқан сопының кешкен тақуаның іс-әрекетін көз алдымызға алып
келеді.
Мейірім кетті пендеден.
Қасиет кетті төреден
Жалғаз құдай болмаса
Енді үміт жоқ өзгеден.
Шортанбай жырау айтқан шумақтар адам бойындағы қасиеттерді таразылай
отырып имандылықтың құдай тарапынан екенін танытады.Оны да діни жолға
түскен дәруіштерден аламыз. Адалдықты көксеген төрелердің істерінен
көрінген немқұрайлылыққа да тұсау болатын діни сенім. Демек халық
танымындағы діни дәстүрлер оладың өмір талаптарын қанағаттандыратын күшке
ие.
Қазақ халқының Мәдениеті мен адам санасына өзгеріс әкелген
дәстүрлердің маңызы да сол халықтың танымын зерделеуден көрінеді.
Бақсымын жарлап, сарнаған,
Денем жоқ әсер бармаған.
Мыйдағы жыным, түгел кел,
Хақиқат іске аранған.
Шәкәрім Құдайбердіұлы осы шумақтарында Түркілік бақсылық пен мұсылман
Философиясындағы бірліктің ақиқат ұғымын танытуда көрінетінін танытады.
Мәшһүр- Жүсіп Көпейұлы тура жол надандықта емес имнадылықта екенін, оның да
өмір тәжірибесі арқылы көрінетінін айтқан:
Түзу бас тура жолдан теріс баспа,
Өнерсіз надандар мен араласпа
Бір істеп пайда көрмей залал тартсаң
Бой бағып, екіншілей аяқ баспа
Ахмет Иассауидің рухани- танымдық көзқарасы қазақ ұлттық
мәдениетінің ғана емес, бүкіл түркі мемлекеттері мәдениетінің өсіп-
өркендеуіне үлкен үлес қосты. Сондықтан да біз Ахмет Иассауи сопылық ілімін
меңгеру арқылы өмір тәжірибесіне ұласқан бүкіл түркі халықтарының діни
дәстүрлері мен философиялық ой түйіндерімен танысамыз.
Пайдаланған әдебиетттер
1. Абай. Книга слов: Поэмы. Перевод с казахского К. Серикбаевой,
Р.Сейсенбаева- Алматы: ЕЛ 1993-272с (121)
2. Назарбаев Н Түркістан- Ұлттық бесігіміз бен елдігіміздің ақ
ордасы. Егемен Қазақстан. 2000. Қазан. №259.
3. Мумина.А Яссави насабномаси в Амир Темур- Ташкент: Хазина,
1996-32 б. (11)
4. Батольд В.В. Тюрки: Двенадцать легкий по истори турецких
народов Средней Азии- Алматы: Жалын, 1998-192с (108)
5. Боқырғоний. С Бақирғон китоби Ежелгі дәуір әдебиеті.-
Алматы: Ана тілі, 1991-280б (168)
6. Иасауи Қ.А Диуани хикмет. Аударғандар: М.Жармұхамедұлы,
С.Дәуітұлы, М.шафиғи- Алматы: Мұраттас, 1993-262б (72-73)
7. Нәлібаев Ә, Жүніс Емре: Таңдамалы өлеңдер- Алматы: Нұрлы әлем,
1996, 132б (23)
8. Мағауин М, Байділдаев М, Бес ғасыр жырлайды-Алматы: Жазушы-
1989. Т.1-384б (128)
9. Мағауин М, Байділдаев М, Бес ғасыр жырлайды-Алматы: Т.1-384б
(279-280)
10. Шәкәрім. Аманат: әндер құрастырған Т.Бекқожина- Алматы: Өнер.
1989- 128б. (99)
11. Көпейұлы М.Ж.Көп томдық шығармалар жинағы. 4-том . –Алматы:
Алаш, 2005- 336б (99)
Қ.А.ЯССАУИ СОПЫЛЫҚ ІЛІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Түркі әлемінің ұлы ойшылы Қожа Ахмет Яссауи ілімінің қалыптасуы, даму
кезеңі ежелгі орта ғасырлық мәдениеттің дәуірлеп тұрған уақытымен тура
келед.Мәдениеттің, ілім- ғылымының ошағы болып саналған Араб халифатынан
шеткері орналасқандығына қарамастан Қожа Ахмет Яссауи туып- өскен аймақ
түркі мәдениетінің негізгі ошағына айналды.
Ахмет Яссауидің рухани дүние танымдық көз қарасы және оның құрған
сопылық қауымдастығының бағытын зерттеудің маңыздылығы күн санап, уақыт
өткен сайын артып келеді.
Қожа Ахмет Яссауидің шыққан тегі, өскен ортасы туралы мәліметтерден,
яғни ұлы туындысы. Диуани Хикмет пен жаңадан табылып, өңделген Насап-
Нама және Рисоласынан ұлы ойшылдың XI ғасырдың аяғымен XII ғасырдың
басында дүниеге келгендігін аңғарамыз.
Және де Насаб- Намада ақынның ұлы аталары Әзірет- Ғали, Ысқақ Баб
екендігі және нағашы атасы Мұса- Қожа 15 жыл бойы Ибрахим шейхтың асхабы
болғаны, содан кейін Түркістан қаласына кеткені туралы деректер бар. Бұл
дерек Қожа Ахмет Яссауидің түркі жұртының өкілі екендігіне ешқандай күмәні
келтірмеуі тиіс. Себебі, оның танымы мен көзқарасы түркі жұртының дәстүрлі
дүние танымы негізінде қалыптасып, туған халқы мен атамекеніне деген
сүйіспеншілік сезімін хикметтеріне қосып өткен.
Оның үстіне, Ахмет Яссауи өз жырларын түркі тілінде жазған және де
оның хикмет жолдарындағы бүкіл ұғым- түсінігі түркі жұртына тән.
Білгейсің бұ дүние барша елден өтер,
Малға да сенбе, бір күні қолдан кетер.
Ата- ана, қарындас қайда кетті ойлап көр,
Төрт аяқты шабан ат бір күн саған жетер.
Демек, Қожа Ахмет Яссауи түркі жұртының перзенті, дәстүрлі түркі
мәдениетінің өркендеуіне өз үлесін қосқан тарихи тұлға.
Ислам мәдениетінің, ғылымының дәстүрлі орталығына айналған Бұхара
шахарына сапар шегіп, онда сопылық ілімінің негізін танып білген Ахмет
Яссауи Түркістанға өз уағызын жүргізуге қайта оралуының да басты
себептерінің бірі сол болса керек. Сонымен сопылық тәлімгерлері Арыстан-
Баб пен Жүсіп Хамаданидің ілімдерімен шыңдалған Ахмет Яссауи Түркістанда
өз сопылық қауымдастығының ірге тасын қалады. Оны өз хикмет жолдарында
былай өрнектейді.
Ху халикасы құрылды әй, дәуіріштер,
Хақ дастарханы жайылды одан үлес алындар.
Қал ілімін меңгеріп, Хал ғылымына жетіңдер
Жоқшылықпен бірлесіп,бар байлықты алыңдар,
Жыртып шапағт кеудесін,тілеп дидар уағдасын,
Көңіл көзін ашыңдар, құдіретін сезіңдер.
Хақ арасын алыңыз, нәпсі басын кесіңіз,
Күні- түні талапкер, жанды құрбан етіңіз.
Яссауия қауымдастығында көптеген муриттер (шәкірт) оқытылды, оларда
исламдағы басқа да бағыттар тәріздес өзіндік қағидалары мен салт жораларын
қалыптастыра бастады. Қазіргі кезде осы яссауия қауымдастығындағы
сопылардың тариқат жолына түсу ережелері жөнінде сөз ететін бірнеше рисола
сақталынған.
Солардың бірінде Ахмет Яссауи рахматуллахи айттылар өзіңді тамам
қылма тариқат қадамы қиын әрі ауыр болатынын білемін, лейкин сабыр мен
бірнеше мақам бар, бұнсыз айқын тұрып, ауырын аршып алып, онан кейі
тариқатқа қадам басу тұрар- деп Қожа Ахмет Яссауи өзінің шәкірттеріне бұл
жолдың қиын да ауыр болатынын айта келе, өтуды табанды түрде талап етеді.
Бұл жолды өту басқа жердегі сопылық ағымдарға қарағанда яссауия
қауымдастығында өте күрделі болған.
Ол негізінде төрт бөліктен тұрғады: 1) шариғат 2) тариқат 3)ақиқат 4)
мағрифат, ал бұлар ішін-ара он мақамға бөлінеді. Бұл бөлімдерден өту
мейілінше ауыр әрі қиын болған. Бұл қырық мақамның әр сатысынан өткеннен
кейін шәкірт өзінің мистикалық тәжірибелердегі ілімін ұлғайтып морльдық
және рухани сапасын арттырған.
Уақыт өте келе Яссауидің қоғамы мен қауымы түркі тілді халықтар
мекендеген аймақта беделді әрі ықпалды күшке айнала бастады.
Иршад- нама құқығына ие болған шәкірттер Яссауи ілімін насихаттап,
оның бүкіл Орта Азия аумағына кең таралуына мүмкіндік туғызды. Бірақта
Шейхтың тамаша жетістіктерінің бастысы, ол ислам дінінің қағидаларын шығыс
сопылық пантеизм ілімдерімен және де көшпенділердің шамандық көзқарастағы
элементтерімен бірлестіруінде еді. Бұған дәлел ретінде Яссауия
қауымдастығында пайда болған салттардың бірі зікір арраны айтуымызға
болады.
Зікірдің ерекше қасиеттері, көрермендердің рухани күйі мен ішкі
сезіміне әсер ететін шамандардың іс-әрекетін көз алдыңызға алып келеді.
Кейбір зерттеушілер, мысалға Ф.Көпірұлы, К.Ерслан, шаманизм
бөлшектерінің сопылық ілімге енуі еақ осы яссауия қауымдастығынан алғашқы
наным- сенімдерімен бірігіп, бір- бірінен ажырамастай болып, өте тығыз
түрде араласып кеткен
Түркі халықтарының сан ғасырлық рухани дүниесі мен салт дәстүрінің
ауыр жүгін артқан бұл сопылық қауымдастық түркі халықтарына Аллаға деген
шексіз сүйіспеншілікті танып, өз рухтарына нәпсі туындатқан ашкөздік
әрекеттерден тазартып, ақиқатты танып білуга, жетелеу жолында асқан
ғұламалық пен шыдамдылық көрсетті.
Яссауи ілімінің мәнісі сол- оның өн бойын Мәңгілік пен ақиқат қисынға
келтіріп, алтын арқаудай ширатып, мыңдаған жолын қуушыларды өзіне тарта
біліуінде.
Ұлы ғұлама сопының атақ-даңқын шығарған өзіне табынушылардың дем
беруші лептері ғана емес дүние қызығын тәрк етіп, қалған ғұмырын Алланың ақ
жолына арнаған жанкештілігі Е.Э.Бертельстің дұрыс көрсеткеніндей сопы
өзінің оқырманына қарапайым адамдар атын ұғынықты ұғыммен тіл қатты. Сол
арқылы олардың сезіміне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz