«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»


Ф-ОБ-001/033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ КЕГЕН ІСІ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы «КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»

Ғылыми жетекшісі:

Орындаған:

Мамандығы: 050301-«заңтану»

Шымкент - 2009 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4

І КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . . 8

  1. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының құрылымы . . . 8
  2. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері мен жағдайлары . . . 12

ІІ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУ . . . 20

2. 1. Жасөспірімдерге қолданылатын жаза түсінігі және оның тарихи аспектісі . . . 20

2. 2. Кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза ерекшеліктері . . . 27

2. 3. Тәрбиелік сипатттағы мәжбүрлеу шаралары . . . 35

ІІІ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ . . . 41

3. 1. Кәмелетке толмағандардың соттылығы және оның жаза тағайындауға әсері . . . 41

3. 2 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алу . . . 45

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Әр қоғамның өзіне тән идеологиясы болатынын ескерсек, біздің әлі күнге дейін қол жеткізе алмай келе жатқан кем тұсымыз дүние танымы мен көзқарасы өзгерген жастар қауымын жетелеп, дұрыс жолға салып жіберетіндей жаңа тәлім-тәрбие бағытының осалдығы дер едік. Жастар қауымымен айналысып жүрген мамандар қауымы да мұны жоққа шығармайды. Жылдан жылға күрделеніп бара жатқан жастар арасындағы тәлім-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жаңа жүйеге бейімдеу мақсатында өткізіліп жүрген алқалы жиындардың да оңды нәтижеге қол жеткізбей, жай әңгіме деңгейінен аса алмай қалатындығының астарында айналып өтуге болмайтын осындай ақиқат себептер бар сияқты. Қай кезде де қылмыстың кейде азайып, кейде көбейіп тербеліп отыратындығы қоғамдағы әл-ауқат деңгейінің ахуалына байланысты.

Егеменді, өркениетті елдің бүгінгі мен ертеңгі өрге бастырар жасжеткіншектер екені белгілі. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқарар іс әрекеттерінің түп-тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты десек, ешкім мұны жалған сөз деп айта алмас.

Ел өмірінің қай кезеңіне көз жіберсек те, балалар тағдыры кіиді болса да бейтарап қалдырмай, олар жөніндегі ой қозғар өзекті мәселелерді атаулы қауым еш уақытта атап өтпеген.

Жалпы елімізде жас балалардың өмірі үшін жағдай жасалуда. Алайда, осы жеткіншектердің бүгіні мен болашағын алаңдатар жағдайлар, ара тұра болса да олардың қолы мен жұзеге асып жатқан құқық бұзушылық пен қылмыстар өз көріністерін табуда.

Ғасыр қасіретіне айналып бара жатқан бұл мәселелердің түйінін шешу әліде быраз уақытты керек етері сөзсіз.

Ересектер қылмысы мен кәмелетке жасы толмаған балалар арасындағы қылмыстың түп тамырына түпкілікті балта шабу мүмкін емес. Алайда, ондай жағдайлардың алдын алу тежеуболашақтағы ересектер қылмысының азаюына қол жеткізер еді. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы қылмыстық жауапкершілік жасын жалпы қылмытар үшін 16 жастан, алсаналы түрде істелген ауыр ауыр қылмыстар үшін ғана 14 жастан белгіленген.

Балар арасындағы құқық бұзушылық жыл сайын көбеймесе, азаймай отыр. Қоғамға жат бұл әрекеттердің алдын алу, тіптен жеделдетуді керек етеді.

Жас балалардың құқық бұзушылығына-бос уақыттың көптігі, пайдалы іспениайналыспаушылық, ата-ана тарапынан бақылаудың өз дәрежесінде болмауы, құқықтық бөлімнің аздығы, сан-салалы жақсы істермен қызықтырып, өзіне тартатын аулалық клубтардың жабылуы басты себептер болып, мектептен бос уақытын да не істерін білмей еріккен баланың қандай іске болсада еліктеушілік танытуына әкеліп соғуда.

Кәмелетке толмаған жас өспірімдер елімізде тұрғындардың он бесінші бөлігін құраса да, бұкіл қылмысты әрекеттердің бестен бірін жасайды екен. Социологтардың зерттеуіне, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, заң атаған жеткіншектердің тең жарымынан астамы әлеуметтік қорғана қалған, педагогикалық тұрғыда қараусыз кеткендер санатына жатады. Сынау ел тағдырына қатысты өзекті жараны қалай емдеуге болады.

Сондықтан да тарыдай шашылып жатқан тәлім-тәрбие жұмыстары мен патриоттық рухты бір бағытқа шоғырландыратындай қутты идеологияны экономикалық әлеуметтік мәселелермен қатар дамытпайынша уақыт шабысынан артта қалып, тұйыққа тіреле беретіміз белгілі жағдай. Осындай орыны ойсырай көрініп тұрған осал буын күнделікті тіршілікте жол таппай дағдарған көптеген жасөспірімдердің кейде жансақтықпен, ал кейде ауыр қылмысқа ашықтан ашық баруына өзінді ықпалын тигізетін негізгі факторларға айналып келеді.

ҚР Қылмыстық кодексі аталған санаттағы тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекшеліктерін бекітіп, оны ерекше демографиялық топқа бөлудің жастық белгілерін анықтады.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы ғалымдар мен тәжірибелік қызметкерлердің көңілін бірнеше себептерге байланысты алады. Ең бастысы- жас уақытында қылмыс жасап отырған тұлғалар, кейіннен, әдетте, түзеуге келмейді және ересек, рецидивті қылмыстылықтың негізгі резервін құрады.

Кез келген қоғамның ерекше қамқорлығы пәні ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту, олардың ортасында пайда болатын маскүнемдік, есірткіқұмарлық, жезөкшелік сияқты теріс әлеуметтік құбылыстармен күресу болып табылады. ҚР Конституциясының 27 бабына сәйкес мемлекетпен танылатын және қорғалатын маңызды құндылықтардың бірі болып табылып, балалық шақ мемлекет қорғауында болып табылады. Алайда соңғы жылдарда объективтік түрде келесіні мойындай қажет: Кәмелетке толмағандарды адамгершіліктік, құқықтық және физикалық тәрбиелеу жеткілікті көңіл бөлінбейді, оған кейде аса қатігездікпен олардың тарапынан жасалатын қылмыстық әрекеттердің санының өсуі куә болады. [1]

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі, кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күресу көптеген ғалымдардың, зерттеушілердің зерттеу пәні болып табылады. Бұл жұмыста М. Нарикбаев, К. Бегалиев, Е. Қайыржанов, Д. Чукмаитов, В. Кудрявцев, В. Эминов, В. Щепельков сияқты белді ғалымдардың еңбектері қолданылды.

Бұл жұмыста кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық жағдайлары, ерекшеліктері қарастырылып, олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасауға талпыныс бар. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күресудің тиімді шараларын іздеу, анықтау мақсатында оның тарихи аспектісіне көңіл бөлінді, сонымен қатар шет елдік тәжірибеге де көңіл бөлінді.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуға үлкен көңіл бөлінген, себебі кез келген қылмыстық әрекетті жазалағаннан, оның алдын алу тиімдірек екені сөзсіз болып табылады.

Зерттеу мақсаттары мен міндеттері . Жұмыстың мақсаты ретінде кәмелетке толмағандарғдың қылмыстылығының алдын алу жолында жаза тағайындау кезінде маңызды болып табылатын мәселелерді саралап, тиімді іс-шаралар кешенін өңдеу. Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасын беру;
  • кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың тарихи аспектісін зерттеу;
  • кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза түрлерін саралау;
  • жаза тағайындау кезінде ескерілетін мән-жа йларды зерттеу;
  • қылмыстылықтың алдын алу шараларын өңдеу.

Зерттеу объектісі мен пәні . Зерттеу объектісі ретінде кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына және оларға жаза тағайындауға байланысты туындайтын құқықтық қатынастар кешені. Зерттеу пәні ретінде кәмелетке толмағандарға жаза қолдану ережелерін реттейтін қылмыстық-құқықтық заңнама.

Зерттеу әдістері . Зерттеу барысында салыстырмалы- құқықтық, логикалық, материалистік, салыстырмалы, тарихи- құқықтыө зерттеу әдістері қолданылды.

І-ТАРАУ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

  1. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының құрылымы

Адамның дамуы, оның тұлғасының қалыптасуы сыртқы объективтік жағдайлар әсерінде ішкі субъективтік алғышарттармен бірге қалыптасады. Қылмыстылық деңгейіндегі аумақтық айырмашылықтарды талдау кезінде ірі қалаларда, өнеркісіптік орталықтарда, курорттық қалаларда, әдетте, жасөспірімдер қылмыстылығының жоғарғы көрсеткіштері көрінеді. Алайда неғұрлым тар байланыс жасөспірімдер қылмыстылығы деңгейі мен бұзылған отбасылардың таратылуы арасында анықталған. Естен шығармайтын жағдай, сыртқы әсерлер ішкі жағдайлар арқылы әрекет етеді. Әңгіме тұлға санасының қалыптасуы туралы болып отыр. Адам қарапайым еліктегеннен саналы тәртіпке көшеді, мақсатты әрекетпен айналысуға, сыртқы жағдайлар мен шарттарға белсенді әсер етуге, оларды дұрыс бағалап, нақты әрекеттер жасау оларға тәуелді болмауға мүмкіндік алады. Алайда кәмелетке толмағандардың сыртқы тәртібін анықтайтын теріс қаситтердің қалыптасуы тек қана жаман тәрбие мен жаман сыртқы әсер мен қолайсыз мән-жайлар нәтижесі ғана емес, ол тұлға мен сыртқы ортаның қайшылықты әрекеттестігі нәтижесі де болады. Мұнда тұлғаның тікелей және жақын айналысы -микроорта және неғұрлым кең мағынадағы орта туралы сөз болып тұр.

Қоғам адам психикасын оның барлық идеяларымен, сезімдерімен және тәртібімен бірге қалыптастырады, ал соңғылары, өз кезегінде, әлеуметтік ортаға теріс ықпалын тигізеді.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде жасөспірімдерге қамқорлық жасау барлық азаматтардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың конституциялық міндеті ретінде қарастырылады.

Ежелгі ғалымдар айтқандай, балаларды дұрыс тәрбиелеуге бүкіл халықтың жағдайы байланысты. Егер де қылмыстылық - жамандық болса, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы он есе көбейтілген жамандық болады деген сөздердің жаны бар.

Біздің қалалардың көшелеріндегі қаңғыбастық, сергелдеңдік және қайыршылық - бүгінгі күн шындықтары болып табылады. Оған әсер ететін негізгі себеп қалыпты дамуы мен тәртібі үшін қолайлы жағдайлар жасалмайтын отбасындағы сәтсіздікті тудыратын маскүнемдік, ересектердің жұмыссыздығы болып табылады. Өмір сүруінің осындай теріс жағдайлары нәтижесінде кәмелетке толмағандар қоғам үшін қауіпті болап табылып, қылмыстар жасауға барады.

Сарапшы ғалымдардың пікірінше, қылмыстылық деңгейіне тұтасымен алғанда 250 фактор әсер етеді. Құқық қорғау органдары белгілі бір деңгейде 40-50 факторға әсер ете алады, қалғандары олардың әсер ету салаларынан тыс жатыр.

Жасөспірімдер арасында криминалды белсенділік тұрақты түрде жоғарғы және кәмелетке толмағандар қылмыстылығы қауіп тудырады.

Қылмыс жасайтын кәмелетке толмағандардың жастық құрамы келесідей көрінеді: 14 пен 15 жас арасы - 27, 9 %, 16-17 жас- 72, 1%. [2, 22-25] Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының үлесі шамамен 7- 8 пайызды құрайды. Осы жерде көріп отырғанымыз, қылмыстар көп жағдайда көбінесе үлкен жастағы кәмелетке толмағандармен жасалады. Ол бұл жастық санаттағы субъектілердің келесі ерекшеліктерімен түсіндіріледі:

  • неғұрлым белсенді өзін өзі қоюға икемділік;
  • бірқатар жағдайларда тәртіпті дұрыс бағалай алмауға және өзге тұлғалардың әрекеттерін белсенді ұғуға қабілеттің болмауы;
  • даулы жағдайдан дұрыс шыға алмау.

16 жасқа толған кәмелетке толмағандардың дәл осы ерекшеліктері әдетт оларды сәтсіз қоршаған орта әсеріне тәуелді етеді.

Алайда соңғы кезде республикада жүріп жатқан кәмелетке толмағандар қылмыстылығының жасаруы үрдісі алаңдаушылық тудырады. 14 пен 15 жас аралықтарындағы қылмыс жасаған тұлғалар саны жалдан жылға елдің барлық аумағында өсіп жатыр.

Тәжірибе көрсететіндей, қылмыстарды қайталап қылмыскерлердің шамамен үштен екісі алғашқы қылмысын жеткіншектік кезінде жасаған.

Құқықтық статистика және ақпарат орталығының мәліметтеріне жүгінсек, 2002 жылы Жамбыл облысы бойынша кәмелетке толмағандар аралығындағы 292 қылмыс тіркелген, ал 2001 жылы 350 қылмыс тіркелген.

Кәмелетке толмағандармен жыл ішінде жасалынған қылмысты түріне қарай жіктесек, оның 6 кісі өлімі, 2 денеге ауыр жарақат салу, 6 әйел зорлау, 19 қарақшылық, 19 тонау деректері болып тіркелінуі[3] сырт адамды таң қалдырып ғана қоймай, шошындырар да еді. Соның ішінде кәмелетке толмағандармен 240 рет топ болып қылмыс жасалынғанына ой жүгірте отырып, мәселенің айналдырған он жылдан астам уақыт ішінде тым күрделі сипат алып отырғандығын көңілге түйесің. Біздің тілге тиек етіп отырғанымыз бір Жамбыл облысындағы қалыптасқан жағдай ғана. Ал кәмелетке толмағандармен жасалынған қылмыс деңгейінің республикамыз бойынша бұдан әлденеше есе жоғары екендігі өз-өзінен түсінікті. Жасөспірімдермен жасалынатын қылмыстың соншалықты шапшаң өсіп, күрделене түсуін әркім әрқалай түсіндіргісі келеді.

Кейбіреулер мұның бір ұшын отбасы мен мектептердегі тәрбиенің қонжырап кеткендігімен сабақтастырса, базбіреулер жастарымыздың бойындағы қатыгездік пен мейірімсіздікті жоғарыда өзіміз атап кеткен тұрмыстың төмендігі мен әл-ауқаттың нашарлығы тәрізді тіршіліктің көлеңкелі жағынан іздестіреді. Қалай десек те бүгінгі жастар тәрбиесі төңірегіндегі тізгінін ұстатпай отырған қомақты проблемаларда жеделдетіп түйінін шешуді қажет етіп отырған бұл мәселелердің де салқыны жоқ емес, бар. Алайда осынау қиыны қаша бастаған қырық құрау шаруаның басын біріктіріп, кешенді түрде қалай жүргіземіз деген өткір сауалдың ғана жауабы табылмай келеді. Олай дейтініміз сәбидің дүниеге келгеніне бастап, ол азамат болып қалыптасқанға дейінгі аралықты қамтитын тәрбие жүйесі өз мәресіне жетпей орта жолдан үзілсе, оның қылаудай тиімділігі болмайтындығын өмірдің өзі көрсетуде.

Жоғарыда аталған мән-жайлардың ерекшеліктерін және өзге де ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіде бізде алғаш рет ол мәселеге арнайы тарау арналған, ол БҰҰ Бас Ассамблеясымен қолданған “Бала құқықтары туралы” Конвенцияда орын алған гуманизм мен әділдік қағидаларына сәйкес келеді. Бұл жағдайда заңшығарушы

кәмелетке толмағандар қылмыстылығына жастық психилогиялық ерекшеліктер тән екендігін, жақын айналысының криминогендік факторларын, өзін өзі орнатуға талпыныстар ескерілген.

  1. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері мен жағдайлары

Азаматтардың құқыққа қарсы тәртібін түсіндіруде тұлғаның қалыптасу сипатына қоғамның дамуындағы қайшылықтар, әлеуметтік жағдайлардың әсерін тану шешуші болып табылады.

Саяси, экономикалық, идеологиялық, мәдени-тәрбиелік, демографиялық. әлеуметтік- психологиялық сипаттағы үрдістер мен құбыластар адам тәртібіне әсер етеді, оның тәртібінің сипаты мен мәнін анықтайды. Аталған үрдістер, қоғамдағы өмір жағдайларын неғұрлым жалпы нысанда анықтай отырып, балалар мен жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеу бойынша, олардың жеке тұлғасын қалыптастыру бойынша қызметке ерекшеліктер береді, азаматтардың отбасы мен қоғамдағы тұлғааралық қатынасының сипатына мәнді түрде әсер етеді.

Белгілі бір жағдайларда олар ауру мен өлім деңгейінің өсуі, ажырасу, айналадағыларға қатігез қаару, өзін өзі өлтіру, маскүнемдік, жезөкшелік, есірткіқұмарлық сияқты теріс құбылыстарды да тудырады, олар теріс, соның ішінде, қылмыстық тәртіпті де негіздейтін әлеуметтік факторлар кешеніне кіреді.

Нарықтық экономикаға жаңадан көшу кезеңінде Қазақстанда балардың дамуы мен тәрбиесіне, денсаулығын қорғауға қалдық принципі бойынша көңіл бөліну орын алып келген. Мемлекет тарапынан бірқатар шаралар қолдануға қарамастан, бұл салалардағы балалардың жағдайы дұрысталмады. Балалар мектепке дейінгі және медициналық мекемелерді бюджетік қаржыландыру көлемдері азайған, жалпы білім беру мекемелерінің саны азайып жатыр. Экономикадағы дағдарыс қызмет көрсету отбасыларға көрсетілетін көмектерді азайтуға алып келді. Балалар мүдделері бойынша клубтарға, спорт секцияларын бара алмайды, себебі ол көбінесе ақылы негізде қызмет атақарады. Нәтижесінде, олардың бос уақыты жиі криминалдық нысандарға ие болады.

Балалар мен жеткіншектердің ауруы өсіп жатыр. Тек қана 14 пайызы ғана абсолютті сау болады екен, ал 35 пайызының тұрақты аурулары бар. Ол кәмелетке толмағандардың кәсіпті таңдау, дербес және тұрмыстық орналасу мүмкіндіктеріне нұқсан келтіреді, психикалық аурулар мен құқыққа қарсы тәртіпке алып келеді.

Алдында келтірілген сәтсіздіктер сияқты олар да кәмелетке толмағандардың өмір сүру мен дамуын қамтамасыз етудегі мемлекеттің шарасыздығының куәсі болып табылады.

Криминологтар аталған үрдістердің криминогендік сипатын жеткілікті түрде талдады. Олар балалар мен жеткіншектердің өмір сүруі мен тәрбиеленуі үшін сәтсіз жағдайларды, азаматтардың отбасындағы және одан тыс тұлғаааралық даулардың пайда болуын тудырады және кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына әсер етеді.

Қылмыстарды жасаудың негізгі себептеріне келесілер жатады:

  • кәмелетке толмағандардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырмау,
  • отбасындағы сәтсіздік,
  • мектептегі кәмелетке толмағандардың жеткілікссіз құқықтық тәрбиесі,
  • кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетте тартатын ересек тұлғалардың әрекеттері.

Сонымен қатар криминологтар келесі себептерді де көрсетеді:

  • халықтың материалдық қамтамасыз етілуі және әлеуметтік мәртебесі бойынша елеулі бөлінуі;
  • еңбекке ақы төлеу және ақшалай және өзге де материалдық игіліктерді тұтыну қағидаларының бүлінуі ( құралдар бойынша өмір сүре алмау, еңбекке ақы төлеудегі төменгі деңгей) ;
  • қоғам өміріндегі олардың нақты позицияларын айқындайтын халықтың жекелеген топтарының оқуының, тәрбиеленуінің, еңбек етуінің сипаты мен мазмұнындағы ерекшеліктер ;
  • тұлғааралық қатынастардағы қатігездікпен қатар жүретін ата-аналарды және тұлға тәрбиесіне жауапты өзге де тұлғаларды қосқандағы халықтың жекелеген топтарының ішімдікке құмарлықпен, жүйке-психикалық және өзге де тұрақты ауруларымен ауруы;
  • балалар мен жеткіншектердің дербестікке субъективтік талпынуы мен әлеуметтену институттары қолданатын, олардың объективтік шектерін тарытатын шараларының арасындағы қайшылықтар;
  • азаматтардың рухани және материалдық қажеттіліктері мен оларды нақты жүзеге асыру мүмкіндіктері арасындағы сәйкессіздіктер;
  • құқықтық мәдениеттің төменгі деңгейі, халықтың жекелеген топтарының әлеуметтік және құқықтық санасының аутқулары;
  • дәстүрлі тәрбиелік және профилактикалық қызметтерді бұл саладағы жеткілікті кәсіби деңгейі жоқ тұлғалармен жүзеге асырылуы;
  • құқықбұзушыларды түзету мен қайта тәрбиелеу үшін мамандандырылған қоғамның өмір сүру саласының кадрлық және қорлық қамтамасыз етуінің жеткіліксіздігі. [4, 498]

Мәселен, Жамбыл облысының құқық қорғау органдары аумақтағы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының өсуіне әсер ететін себепті мән жағдайларды кешенді зерттеу жүргізілген. Осы талдау нәтижесінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәселетке толмағандардың 45 пайзы сәтсіз отбасыларынан шыққандығы, ал 48 пайызы аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққандығы анықталды. Ұқсас жағдай түгелімен республика бойынша қалыптасқан.

Жоғарыда көрсетілген және өзге әлеуметтік үрдістер мен құбылыстардың балалар мен жеткіншектердің тәртібіне, сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қатысты ересектер тәртібіне әсер ету ерекшеліктері оң және сол әсер етуінің жақын айналасы арқылы көрініс танытады.

Криминологияда кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы себептерінің детерминациясын жалпы түрде “тәрбиелеу шығыстары” деп атау орын алған. Ол қорытынды құрамды болып табылады. Ол кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына әсер ететін себептер мен жағдайларды микроорта мен тұлға әрекеттестігінің теріс жақтарын айқындау жағынан қарастыруға мүмкіндік береді. Алайда ол қоғамда жалпы жүріп жатқан әлеуметтік үрдістердің әсерін жоққа шығармайды ғана емес, сонымен қатар оларды детальды талдау негіздерін көрсетеді.

Криминологтар аталған үрдістердің криминогендік сипатын жеткілікті түрде талдады. Олар балалар мен жеткіншектердің өмір сүруі мен тәрбиеленуі үшін сәтсіз жағдайларды, азаматтардың отбасындағы және одан тыс тұлғаааралық даулардың пайда болуын тудырады және кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына әсер етеді.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық тәртібін тудыратын себептік кешендегі неғұрлым кең таралған “тәрбиелеу шығыстары” ішінен зерттеушілер әдетте келесілерді бөліп көрсетеді:

  • кәмелетке толмағандардың оқытылуы, тәрбиеленуі, түзетілуі мен қайта тәрбиеленуі үшін жауапты әлеуметті институттар қызметіндегі кемшіліктер мен қиындықтардың криминогендік әсері (тәрбиелік сәер етудің антипедагогикалық әдістері мен нысандарын тұрақты пайдалану; тәрбиелік және профилактикалық жұмыстарды кәмелетке толмағандардың жастық және психилогиялық ерекшеліктерін ескерместен жүргізу) ;
  • микроортаның теріс жағдайларының кримногендік әсері (қылмыстық және өзге де қоғамға қарсы әрекеттерге тартуды қоса алғанда, моральдық деңгейлері төмен түскен тұлғалардың тараптарынан балалар мен жеткіншектерге тұрақты және мақсатты теріс әсері) ;
  • қатігездіктің, ұсқынсыздықтың пайда болуымен сипатталаттын өмір мен тәрбие жағдайлары;
  • кәмелетке толмағандар тұлғасының теріс жолға баруының тұрақты әлеуметтік негіздемелері.

Олардың барлығы бүгінгі күні де криминалдық мәнін сақтайды. Алайда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын негіздейтін себептік кешенде бірқатар өзгерістер болуына алып келді.

Әлеуметтік және экономикалық сипаттағы теріс үрдістер алдымен әлеуметтік институт ретіндегі отбасының жағдайын әлсіретті. Дәл осы ата-аналық отбасының әлсіреуі кәмелетке толмағандардың қылмыстарының өсуіне елеулі әсер етті.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына әсер ететін себептер мен жағдайларды зерттей отырып, криминологтар шынайы материалдар негізінде кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы тәртібін тудыратын неғұрлым криминогендік фактор ретінде сәтсіз ата-аналық отбасы болып табылады.

Дәл сол қылмыс жасауға мүмкіндік алған тұлғаны неғұрлым тез қалыптастырады. [5, 14-21]

Тәжірибеде нақты қандай факторлар жеткіншек тұлғасына әсер еткендігі, яғни жеткіншек өмірі жағдайын бұзылуына себеп болғандығын анықтау қиындық тудырады.

Статистика көрсеткендей, жеке жаман қатынастар, ұрыс керістер, бұзақылық ниеттер негізіндегі зорлық қылмыстар тұрмыстық салада жиі жасалады. Ондай тұрмыс себептері- материалдық қиындықтар, бос уақытын қызықсыз өткізу, төменгі мәдени деңгей болады. Дегенмен статистиканың өзі отбасылық қатынастардың бүлінуі ата-анасының екеуінің де немесе біреуінің маскүнемдігі себептерінен болатындығын жоққа шығармайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің психологиялық ерекшеліктері
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалаудың теориялық мәселелері
Жасөспірімдерді әлеуметтік құқықтың қорғаудың кейбір мәселелері
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықты талдау
Дәлелдемелерді пайдалану
Қазақстандағы бүгінгі әйелдер қылмыстылығының жалпы криминологиялық сипаттама беру
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының жағдайы және оның соңғы жылдардағы динамикасы
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері және олардың алдын алудың тиімді жолдары
Кәмелетке толмағандармен жасалатын зорлықшыл қылмыстылығының криминологиялық сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz