Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының 2-ші кезеңі



1. Қазақ халқының ұлт.азаттық қозғалысының 2.ші кезеңі
2 Көтерілістің мақсаты
3 Көтерілістің барысы
4 Кенесарының хандық билігі
5 Кенесарының ақырғы жорығы
6 Көтерілістің тарихи маңызы
7 Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847 жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығы жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір ерекшеленеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қөқан бектері мен Хиуа хандары Қазақстанның оңтустігіндеғі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-салықпен және тонаумен қинады.
1836 жылы Қоқан ханы оңтустікке қөныс аударған Саржан Касымұлын өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды.
Орта жуз жерінде 1822 жылғы Жарғы бойынша бұрынғы дәстурлі басқару түрі өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал шаруашылығына кері әсер етті.
Көтерілістің мақсаты
1. Россияның отарлау саясатына шек қою.
2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өнірлердің дербестігін сақтау.
3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату.
4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.
Көтерілістің қозғаушы күштері.
Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын мен сұлтан қатысқан.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
1. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының 2-ші кезеңі (1837-1870 жж.).
Кенесары Қасымұлы басқарған халық соғысы. 

Көтерілістің алғы шарттары
Ұлт-азаттық қозғалысының тарихында XIX ғасырдағы ең ірі 1837-1847
жылдардағы көтеріліс ерекше орын алады. Өзінің құлаш сілтемі, Россия
саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа сөзылыу және табындылығы
жөнінен ол қазақ халқының бұрынғы және өзінен кейінгі қимылдарынан едәуір
ерекшеленеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Қөқан бектері мен Хиуа хандары
Қазақстанның оңтустігіндеғі қазақтарды билігінде ұстап, оларды алым-
салықпен және тонаумен қинады.
1836 жылы Қоқан ханы оңтустікке қөныс аударған Саржан Касымұлын
өлтірді. 1840 жылы әкесі Қасым, бауырлары қайтыс болды.
Орта жуз жерінде 1822 жылғы Жарғы бойынша бұрынғы дәстурлі басқару түрі
өзгеріп, жаңа округтар, приказдар құрыла бастады. Бұл қазақтардың мал
шаруашылығына кері әсер етті.
Көтерілістің мақсаты 
1. Россияның отарлау саясатына шек қою. 
2. Патша үкіметінің құрамына кірмеген өнірлердің дербестігін сақтау. 
3. Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салуын тоқтату. 
4. Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.
Көтерілістің қозғаушы күштері.
Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы,
көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем
тап өкілдері де қатысты. Дерек бойынша, бұл көтеріліске 80-ге таяу старшын
мен сұлтан қатысқан. Мысалы, Қанқожа, Шеген, Тани Тортайұлы, Күшік, Жанай
Айшуақұлы сияқты сұлтандар көтерілісті қолдаған. Олардың мақсаты:
1. Көтерілісті пайдалынып, бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу. 
2. Көшпелі феодалдық дербес мемлекеттің негізін салу.
Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өнілдері қатысып, (орыс, өзбек, қырғыз
т.б.) кейде көтерілісшелер саны 20 мыңға жетті. Көтерілісшелердің жеке
әскери бөлімдерін басқарған қазақ батырлары: Ағыбай, Имак, Бұхарбай,
Жоламан, Бұғыбай, Жеке, Бейсейіт, Сұраншы, Анғал батыр т.б.. Көтеріліске
Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, Әпкесі Бопай қатысты.
Көтерілістің барысы.
1837-1847 жылдардағы көтеріліс бүкіл Қазақстан жерін қамтыды.
Көтеріліске Абылай ханның немересі, Қасым сұлтанның баласы Кенесары (1802-
1847 жж.) сұлтан басшылық жасайды.
1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау
бекінісіндегі қазак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық
білдірді. Бұл көтерілістің басталуы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары
бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп
жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіулы
бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүз
қазақтарының басым бөлігі Кенесарыны қолдайды. 1838 жылы күзде көтеріліс
Кіші жүз оңөріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады.
1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ
жұқпалы аурудың таралуынан жөрық тоқтатылды. Бұл жолы Кенесары қолы
қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін
қоршауы және бірнеше бекіністерді алуы сарбаздарды рухтандырды. Қоқан ханы
Кенесарыға одақ жасауды усынып, бірақ батыр оны қабылдамайды.
Көтерілістің кеңеюінен сескенген патша үкіметі көтерілісті тезірек
басуға тырысады.
Орынбор губернаторы Обручев пен Батыс Сібір генерал-губернаторы
Горчаков көтерілісті басуға әскер жібереді. 1842 жылы Кенесары қолына қарсы
бағытталған Сотников басқарған жазалау отрядтары жіберілді. Сібір жазалау
отрядтары бейбіт қазақ ауылдарын ойрандап, 14000-ға жуық малын алып, 100-ге
жуық адамды өлтірді.
1843 жылы 27 маусымда старшын Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын
казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда
көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс
басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы және
Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының
басын кескенге 3 мың сом белгіленді.
1843 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық
тобымен шайқасып, казак Сарбаздары шегінді. 1843 жылы 17 тамызда полковник
Бизановтың төбы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды.
1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты
женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне
қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев
Орынборға шақылырып, сотқа берілді.
1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен
келіссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Кенесары патша үкіметімен тартысты
келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. 1838 жылғы
желтоқсанда Батыс Сібір геренар-губернаторы князь Горчаковқа және I
Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған
алғашқы талаптары:
1. Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою. 
2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру. 
3. Салық жинауды тоқтату.
Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға
тартылған болатын.
Кенесарының қойған екінші талаптары.
Әскери бекіністер салынбаған Актау, Есіл және Нұра – Жайық өзеніне
дейінгі өңірді Россия билігінен босату.
1845 жылы сәуір айында Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн
келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын Одан әрі
жүргізу болды.
Патша әкімшілігінің қойған талаптары: 
1. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу. 
2. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-
қонуға руқсат ету. 
3. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Россия империясының бір бөлігі
ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру.
Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілір талаптарын орындата алмай
Орынборға қайта оралды. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата
алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша үкіметі қазақ жерін
бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастырда түсті (Ырғыз, Төрғай өзендері
бойында салынды).
Кенесарының хандық билігі.
1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдық
мемлекет құрды. Жер ақсүйектердің меншігі болып саналды. Кенесары билер мен
старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді Хандық Қеңес
шешіп отырды. Хан Кенесі - кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі
ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежеп отыратын Ақсақалдар
кеңісіне қарағанда, бұл бір шама ерекшелік еді.
Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері:
1. Билер сотын жойып, хандық сот енгізіді, нәтижесінде Жоғарғы сот
билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды. 
2. Арнайы қаржы тобын құрды. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және
керуендерден баж салығын алумен айналысқан. 
3. Салық жинайтын қызметкерлер тобын сайлады.
Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды
хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы
деу керек.
Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан зекет, ал
егіншілерден ұшыр салығын сақтап қалды. Сонымен бірге ол ауыл бойынша
ерекша салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сипат ретіндегі сайлықтар алып
отырды.
4. Ірі феодалдардан алынған мал мен дүние мүлікті бөлу тобын кұрды.
5. Хандық Кеңестің қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалап отыратып
және Кенесарының үндеулерін таратуға жауап беретін басқару ісін сайлады. 
6. Отырықшылықты дамытты. 
7. Барымтаға шек қойды. 
8. Дипломатиялық қызмет үйымдастырды. 
9. Әскери істе жасақтарды жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, қатаң әскери
тәртіп орнатты.Опасыздарға өлім жазасын кесті. Оның әскерлерінің бір бөлігі
тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді. 
10. Бұйрығын орындамағаны үшін Кенесары шік деп аталатын ерекше жаза
қолданған (кікәлі адамның басына қалышпен не пышақпен кесіп белгі салған),
ондай жаза алғандар Кенесары кешіргенше айыпты деп саналды, ешқандай іске
қатыса алмады. Сөйтіп, Кенесарының қайта қүрушылық қызметі ел билеуді
ұйымдастырудың барлық жағын қамтыды.
Алайда, XIX ғ. бірінші жартысында қалыптасқан саяси-экономикалық
жағдайда орталықтанған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін
болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады.
Кенесарының ақырғы жорығы.
Орынбор және Сібір шептері арқылы қысымға алынған Кенесары көтерілістің
басты ошағы Төрғай даласынан 1845 жылы Жетісіға ойысуға мәжбүр болды.
Жағдайының қиындап кеткенін ескерген, Кенесарының мақсаты Абылай ханның
тікелей тұқымдары билеген Ұлы жүзге барып, патша үкіметіне және Қоқан
ханына қарсы куресте қолдау табу еді. Екіншіден, хандығының құрамына
Жетісуды қосу арқылы Абылай кезіндегі қазақ мемлекетінің иелігін қалнына
келтіру де Кенесарының ойында болды.
1845 жылы қарашада Кенесары Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін
басып алып, Ташкент пен Түркістанға қарай бағыт алды. Бұл Қоқан
билеушілерінің үрейін туғызды. Кенесарыға қарсы Бухар мен Қоқан одағы
құрылды. Оңтустікке қоныс аударған Кенесарыны Ұлы жүздің халқы түгелдей
қолдамады (Сүйік, Қунанбай, Өскенбайұлы, Барақ Султанбайұлы сияқты белгілі
адамдар). Өзін қолдамаған ауылдарды Кенесары ойрандата бастады. Оның бұл
әрекеті қарапайым халықтың наразылығын туғызып, көтерілістің жеңілуін
тездетті.
Көтерілісшілер қырғыз манаптарының иелектеріне жақындады. Россия мен
Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған қырғыз манаптары
(феодалдары) Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі
ұсынасын қабылдамады.
1847 жылы сәуір айында Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып
кірді. Көтерілістің бастапқы сипаты өзгеріп, әскерлердің қырғыз ауылдарын
тонауы Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызды. Қазақ сұлтаны Рүстем мен
Сыпатай би топтарының ұрыс қарсаңында Кенесарыдан бөлініп кетуі, қазақ
жасағының жеңілісіне әсер етті.
Кенесарының және оның соңынан ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы
қанды шайқас Кекілік-Сеңгір (Бишкектің маңы) тауының маңайындағы Майтөбе
деген жерде болды.
1847 жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза
тапты.
Орыс үкіметі Кенесарыны жазалаушылардың еңбегін ұмытпады. Жантай
Қарабеков патша үкіметінен алтын медаль, арнайы мақтау қағазына ие болды.
Орманға алтын жіптермен тігілген халат тапсырылды.
Жеңілу себептері:
1. Көптеген қазақ феодалдары Кенесарыны қолдамады. 
2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды. 
3. Россия билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің
орталықтанған феодалдық мемелекет қуруға мүдделі болмауы. 
4. Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды. 
5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны
қолдамады. 
6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы
Россияға қарсы тұра алмады.
Көтерілістің тарихи маңызы:
1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс - XIX ғ. барлық Қазақстан жерін
қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтеріліс. 
2. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы азаттық
көтерілістерінің құрамдас бөлігі.
3. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз
уақытқа кешеуілдете түсті. 
4. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Россия саясатымен байланыстылығын
көрсетті. 
5. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатың жүргізіп
отырғының көрсетті. 
6. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.
Кенесары – Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға. Оның ерлігіне
арналып, “Кенесары - Наурызбай” дастаны жазылды (авторы Нысанбай). Кенесары
қазақ халкының азаттығы үшін, отаршылдыққа қарсы күрескен ұлттық батыр.
2. Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
Ұлы жүздің Россияға қосылуы.
Ұлы жүз Россия қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Йткені
XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздердің
Оңтүстіқ аймақтары Хиуа және Қоқан хандықтардың иелегінде болды. Бұл
өңірдегі халықтарды Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары қыспаққа алуды көбейтті.
Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі
жерлерге шабуылдап отырды. Әсіресе Хиуа ханы Мұхаммед–Рахымның 1812, 1816,
1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылы Хиуа ханы 2000-ға жуық
қазақ ауылын аяусыз қырып жойды.
1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ
шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып,
Түркістан, Шимкент, Әулисата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық
сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып көтеріліс
қатыгездікпен жаншылды.
Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Россия мемлекетімен
сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай
себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Россия империясына қосылуын тездетті.
1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын
жалайыр руы Россия империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде
Россия империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды.
1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Россия мемлекетінің құрамына
қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар
Россия билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қантарда Жетісудағы қазақтарды
билеу үшін Россия патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді.
Приставтың резиденциясы қапалда (1847 жылы салынды) болды.
1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығының басты
тірегі Таушубек бекінісін қантөгіссіз басып алады.
1853 жылы – Ақмешіт қаласының Россияның қоластына қаратылуы орыс
әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт
бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-
губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле
бекеті салынды.
1854 жылы көктемде пристав М.Д. Перемышельский отряды Алматы деген
жерде Верный бекінісінің негізін қалады. Сол жылы Верный бекінісіне 470
солдат қоныс тепті, ал 1855 осы бекінісіне Сібірден 500-ге жуық отбасы
қоныстанды. Верный бекінісің салынуы 1855 жылы қырғыздың Бұғы руының Россия
билігін мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставы резиденциясы
Қапалдан Верныйға ауыстырылды.
1856 жылы Верныйда Орталық Россия губернияларынан, Воронежден келген
қоныстаушылардың саңы бұынғыдан да арта түсті. 1857 жылы Верныйда су
диірмені, 1858 жылы сыра заводы ашылды.
XIX ғасырдың екінші жартасында Верный қаласында П.П.Семенов-Тянь-
Шаньский, Н.М.Пржевальский, Ш.Уәлиханов сияқты ірі ғалымдар бір аз уақыт
тұрған.
Верный бекінісінің салынуы XIX ғ. 50-жылдарында Қазақ елінің Оңтүстіқ
аудандады мен қырғыз жерінің Россияға қосылуын тездетті.
Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
Патша үкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз
бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады.
1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Россияның тірегі
саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник
Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте
Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің
билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл
шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан
айрылды.
1863 жылы Қоңырат 4 мыңға жуық, бестаңбалы руынын 5 мыңға жуық шаңырағы
Россия билігін мойындайды.
1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу
алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22
қыркүйекте Черняев төбы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865
жылы үш күндік шайқастан кейін алды.
1866 жылы Бухар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық
иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы
Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Россия құрамына еніп,
Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының
орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп
шығуын тездетті.
Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ
елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының
құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей
Россия отарына айналды.
Бұл оқиғаның прогресті жағы:
1. Саяси, қоғамдық қатынаста феодалдық – патриархалдық белгінің
жойылуына жол ашты. 
2. Феодалдық – көшпелі шаруашылықтан капиталистік өндіріске көше
бастады. 
3. Қазақстан жалпы россиялық рынокқа тартылды. 
4. Патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті. 

3. Қазақстанда XIX ғ. 60-90 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалары.
Патша өкіметінің аграрлық саясаты.
1867-1868 жж. реформалар.
XIX ғасырдың 60 жылдарының орта шенінде Қазақстанның Россия қол астына
қарауы аяқталды.
Патша – өкіметі қазақ даласын тупкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі
реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды
бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан
айырды. Рас, олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Қазақ елі Орыс мемлекетінің губернияларының құрамына енді
Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздік бастауы
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Байтұрсыновтану - қазақ қоғамдық ғылымының өте жас саласы
Қоныс аудару
Исатай - нағыз батыр
Әлихан Бөкейхановтың биографиясы
XX ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуы, ерекшелігі
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Пәндер