Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Кіріспе
1Тарау. Қазақ салт.дәстүрлерінің теориялық негіздері.
1.1. Қазақ салт.дәстүрлері туралы түсінік.
1.2. Қазақ салт.дәстүрлерін тәрбие түрлеріне байланысты жіктеу.
1.3. Қазақ салт.дәстүрлерінің тәрбиелік негіздері.
2 Тарау. Қазақ салт.дәстүрлері арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің мазмұны, өзіндік ерекшеліктері, адамгершілік сипаты.
2.1 Қазақ салт.дәстүрлері арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің мазмұны.
2.2 Оқушыларды имандылыққа тәрбиелеуде әдеп дәстүрлерінің өзіндік ерекшеліктері, адамгершілік сипаты.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі бүгіндері жылдан-жылға сандары асып, қазақтың елі мен жерінің және тілінің мерейін өсіріп, болашақ ұрпақтың ұлтжанды болуына бірден-бір себепкер, жол көрсетуші ана тіліміздің алтын қазығы болып табылатын қазақ мектептерінде бас көтерер басты тұлға – ұстаздар қауымы екендігі дау туғызбайды.
Түптеп келгенде ата-анадан кейінгі бала, яғни оқушы тағдырының арқауына айналатын да осы мұғалімдер.
Жалпы әр ұлттың өсіп, жетіліп келе жатқан жастардың, жауқазын ұл-қыздарының өз елінің тілін, дінін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын, мәдениетін жете меңгерулеріне де бірден-бір атсалысатындар да осы тәлімгерлер.
Жастар - қоғам дамуындағы зор күш. Бұл кезең адамның өмірінің албырт, әрі мөлдір, ізденгіш талапкер кезі. Жастар біздің білімімізді, ғылымымызды дамытушылар.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев: “21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру” – деген өзінің жолдауында еліміздің дамыуна, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып өтеді.
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайындаұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек” деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап айтады. Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі” – деген ой түйген болатын.
Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.

1. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп. –Алматы., “Рауан”, 1998.350б.
2. Ахметов Ш. Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі , //Мектеп. N7, 2004.
3. Аңламасова Г. Жас ұрпақты рухани құндылықтар негізінде әлеуметтендіруде ұлттық мәдениеттің рөлі. //Ұлт тағылымы. N4, 2003.
4. Әбілова З.Ә. Этнопедагогика. -Алматы., 1987. 340б.
5. Әбілова З., Қалиев Қ. Этнопедагогика оқулығы. –Алматы., 2004.391б.
6. Әлімбекова Г. Салт-дәстүрмен байланыстыра. //Қазақстан мектебі, N4, 2004. 50-56 бб.
7. Дүйісова Ә. Халықтық салт-дәстүрмен. // Бастауыш мектеп, N2, 2004. 24б.
8. Жұмабаев М. Педагогика. -Алматы.,1992. 154б.
9. Ералин Қ. Қазақтың бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. –Алматы., «Мектеп», 1988. 60б.
10. Ералин Қ. Сәндік өнер және көркемдік танымның негіздері. //Бастауыш мектеп, N5, 1991. 38-40б.
//Ұлағат,N2, 2002. 21-23б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФАКУЛЬТЕТІ
КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу.
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі
Түркістан 2011
Ғылыми жұмыс туралы аннотация
1. Аты: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа
тәрбиелеу.
2. Ғылыми – техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы:
Ғылыми педагогикалық жұмыс
3. ЖОО: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
4. Жұмыстың аяқталған уақыты: 12.12.2011
5. Жұмыстың көлемі: 25 бет
6. Қосымша саны: 0
7. Иллюстрация саны: 5
8. Кесте саны:0
9. Пайдаланылған әдебиеттер саны: 10
Ғылыми жұмыстың көкейкестілігі: Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп
қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар
жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз.Осыған орай
мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті
талап етеді. Бүгінгі таңдағы оқушылардың ақыл – ойын қалыптастыруда қандай
талпыныс арқылы нәтижеге жетеміз деген сұрақ туындай келе мен өз ғылыми
жобамды Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу деп
атадым.
Ғылыми жұмыстың мақсаты: Қазақ салт-дәстүрлері негізінде
оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу мүмкіндіктері.
Ғылыми жұмыстың міндеттері: Қазақтың салт-дәстүрлері арқылы
оқушылардың бойына имандылықты арттыру.
Объектісі: Педагогикалық жүйедегі тәрбие процесі.
Пәні: Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға тәрбие беру барысы.
Зерттеуде пайдаланылатын әдістер: Ғалым, педагог, оқу ағарту
ісінің үздіктерінің жазған еңбектерін жинақтау, салыстыру, талдау.
Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері (ғылыми, тәжірибелік):
теориялық
Ғылыми зерттеуді қолдану туралы құжаттар жиынтығы (ия, жоқ): жоқ
Автор қолтаңбасы:
Республикалық конкурсқа ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмысының
авторы (студент) мен ғылыми жетекші туралы мәлімет
Автор
1. Фамилия Нарсейтова
2. Аты Ақдана
3. Әкесінің аты Құралбайқызы
4. Курс 4
5. Мекен-жайы Отырар ауданы, Қарғалы ауылы.
Ғылыми жетекшілері:
6. Фамилия Ашикбаева
7. Аты Гульмира
8. Әкесінің аты Дуйсеновна
9. Қызметі А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң
Тарих-педагогика факультеті Жалпы
педагогика және этнопедагогика
кафедрасының аға оқытушысы
10. Мекен жайы Түркістан қ., Т.Жароков к-сі,
65а үй
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің
ғылым және халықаралық
қатынастар жөніндегі
вице-президенті, тех.ғ. д., профессор (((((((((((((((Т.П. Раимбердиев
Ғылыми жетекшісі ((((((((((((((((((((((( Г.Д.Ашикбаева
Автор ((((((((((((((((((((((((((((((((( А.Қ.Нарсейтова
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Тарих және
педагогика факультетінің ППП-811 тобының студенті Нарсейтова Ақдананың
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу атты ғылыми
жұмысына ғылыми жетекшінің
ПІКІРІ
050103- Педагогика және психология мамандығының 4 курс
студенті ППП-811 тобының студенті Нарсейтова Ақдананың Қазақ-салт
дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу атты ғылыми жұмысы
студенттің осы тақырып бойынша талмай ізденген ғылыми шығармашылық
жұмысының нәтижесі. Өзіне берілген тақырыпты мамандығының ерекшелігімен
ұштастыра отырып, зерттеу нәтижесін көрсете білген.
Данышпан Абай бір қара сөзінде: ата – бабаларымыздың бұл
замандағылардан артық екі мінез бар екен. Ол екі мінез қайсы десең, әуелі,
ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен... Екіншісі намысқор
келеді екен,-деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып
жүрмейік. Иманымызды ту етіп, соған жету үшін бар күш – жігерімізді салып,
аянбай еңбек етеуді және одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Студент
А.Нарсейтованың алдына қойған зерттеу міндеттеріне сәйкес негізгі имандылық
қасиеттің сырына тереңірек үңілген, сонымен қатар көптеген ғалымдардың
пікірлерін ескере отырып өзіндік түйіндер жасайды.
Қорыта айтқанда, ППП-811 тобының студенті Нарсейтова Ақдананың Қазақ-
салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу атты ғылыми жұмысы
алдағы уақытта ғылыми еңбектерінің бастамасы деп есептеуге болады.
Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы:
Г.Д.Ашикбаева

Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу атты
ғылыми жұмысына
СЫН ПІКІР
Қазіргі кезде ел болашағы – жастар. Қазақстанның келешегін көркейтетін
білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Қай халықтың да болмасын,
мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп,
ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Халқымыз сырт
көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген.
Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш
салған және оларды жан-жақты дамыту — қоғам алдында тұрған басты
міндеттердің бірі.
Қазақтар балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле, - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе
жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді
көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Адам бойындағы бар игі қасиет
мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан елеміздің ертеңгі ұлт тізгінін
ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі
мақсатымыз.
Зерттеу жұмысы өзінің негізгі көрсеткіштері бойынша қойылған
мәселелерді дұрыс шеше білуімен, шығарылған қорытындылардың негізділігімен
және тілінің жатықтылығымен бағалы.
050103 – Педагогика және психология мамандығының 4 курс студенті
Нарсейтова Ақдананың Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа
тәрбиелеу тақырыбында жазылған баяндамасы қазіргі ғылымдағы әлі де
зерттеуді талап ететін өзекті мәселелерді талқылауға арналған деуге әбден
болады. Нарсейтова Ақдананың баяндамасында білім беру жүйесіне байланысты
қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің даму барысын жүйелі түрде баяндаған.
Студент Нарсейтова Ақдана ғылыми тұрғыдан тиімді әдістерді пайдалана
отырып, көп ізденіс жасағандығын, белгілі бір қорытындыға келгендігін
көрсетеді. Жұмыс жазуда ғылыми тұжырым жасауға бейімділігі байқалады.
Ғылыми жұмысты толық аяқталған деп санап, республикалық ғылыми
конкурсқа ұсынуға болды деп есептеймін.
Пікір беруші, Шымкент әлеуметтік-педагогика
университетінің Педагогика және психология
кафедрасының п.ғ.к, доценті
Б.Қарсыбаев
Жоспар
Кіріспе
1Тарау. Қазақ салт-дәстүрлерінің теориялық негіздері.
1. Қазақ салт-дәстүрлері туралы түсінік.
2. Қазақ салт-дәстүрлерін тәрбие түрлеріне байланысты жіктеу.
3. Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік негіздері.
2 Тарау. Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің
мазмұны, өзіндік ерекшеліктері, адамгершілік сипаты.
2.1 Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің
мазмұны.
2.2 Оқушыларды имандылыққа тәрбиелеуде әдеп дәстүрлерінің өзіндік
ерекшеліктері, адамгершілік сипаты.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі бүгіндері жылдан-жылға сандары
асып, қазақтың елі мен жерінің және тілінің мерейін өсіріп, болашақ
ұрпақтың ұлтжанды болуына бірден-бір себепкер, жол көрсетуші ана тіліміздің
алтын қазығы болып табылатын қазақ мектептерінде бас көтерер басты тұлға –
ұстаздар қауымы екендігі дау туғызбайды.
Түптеп келгенде ата-анадан кейінгі бала, яғни оқушы тағдырының арқауына
айналатын да осы мұғалімдер.
Жалпы әр ұлттың өсіп, жетіліп келе жатқан жастардың, жауқазын ұл-
қыздарының өз елінің тілін, дінін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын,
мәдениетін жете меңгерулеріне де бірден-бір атсалысатындар да осы
тәлімгерлер.
Жастар - қоғам дамуындағы зор күш. Бұл кезең адамның өмірінің албырт,
әрі мөлдір, ізденгіш талапкер кезі. Жастар біздің білімімізді, ғылымымызды
дамытушылар.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев: “21 ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік
стандарттар деңгейінде білім беру” – деген өзінің жолдауында еліміздің
дамыуна, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып
өтеді.
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі
бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның
ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-
саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен,
шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен
тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени
мұрасы.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту
жайындаұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен
салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу
керек” деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап
айтады. Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде
жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында
тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына
қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі” –
деген ой түйген болатын.
Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ
сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті
келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан,
даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің
басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған.
Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша,
татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-
тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.
Халқымыздың ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте көп.
Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге ұмтыла ма,
“халқын сүйген салтын да сүйеді” демекші, олар ата-салтын мақтаныш тұта ма,
деген сұрақтар төңірегінде ойланғанымыз жөн..
1.Тарау Қазақ салт-дәстүрлерінің теориялық негіздері .
1.1.Қазақ салт-дәстүрлері туралы түсінік.
Әрбір халықтың өз ерекшелігі бар. Сондай ерекшеліктердің бірі – салт-
дәстүрі. Салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытқан халық тарихтан өз орынын таба
алмайды.
Ендеше сол тарихқа көз жіберсек, біздің қазақ халқы екі ғасырдан астам
уақыт отаршылдық саясаттың астында болыпты. Жүздеген жылдар отарлық езгіні
көп ұлттар басынан кешкенімен, тап біз сияқты тіл мен әдет-ғұрпына,
мәдениетіне орны толмас зиян келтірген ел жоқ шығар.
Халқымыз ежелден өз ұрпағын адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке,
имандылыққа тәрбиелеуді ең басты мақсаты санаған. Сондықтан ата-бабамыз
көшіп-қонып жүріп-ақ ұрпақ қамын жеп, оның болашағына жеткілікті мән
берген. Сонау “Жеті жарғыдан” бастап ата-салт, әдет-ғұрпымыз бұған дейінгі
талай ұрпақ үшін теңдесі жоқ, тәрбиелік маңызы зор адамгершілік кодексіміз
болды. Оған айғақ шетел оқымыстылары, ойшылдары біздің салт-дәстүрімізге
ерекше назар аударып, зерттеп тамсана жазғаны.
Әдет-ғұрып пен дәстүрді идеалды форма ретінде түсіндіру Маркстік
философияға дейін үстемдік еткен көзқарас болды.
Капитализмнің дамуына байланысты археология, антропология, этнография,
географиялық жорықтар мен жаңа ашылулар аймақтарында қарқынды зерттеулер
жүргізіліп, дәстүр мен әдет-ғұрып этнографияның, этиканың, лингвистиканың,
өнертану, әдебиеттанушы ғылымдарының зерттеу нысанына айналды.
А.Ампер өзінің “Философиялық ғылымдар тәжірибесі” еңбегінде адамзат
білімін табиғи классификациялауды бере отырып, ұлттың заңы мен әдет-ғұрпын
қарастыратын ғылымды этнодицей деп ұсынады.
1945 жылы Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология,
этнографиялық институттың ашылуына байланысты қазақ ұлтының тарихын,
мәдениетін, тынысын зерттеу дұрыс жолға қойыла бастады. Ол кездегі ғалымдар
Х.Арғынбаев, И.Захаров, М.Мұқанов, Ө.Жәнібеов, С.Ақатаев т.б. қазақ ұлты
туралы этнографиялық білімді кеңейтуге атсалысты. Ал бүгінгі таңда қазақ
мәдениетінің этнографиялық, философиялық, мәдени аспектілері бойынша
Н.Масанов, Н.Шаханов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев және т.б.
ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Бұл жинақталған білім
көздері, зерттеулер, саралаулар ұлт ұрпағын тәрбиелеуде қолдануды қажет
етеді.
Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз салт-дәстүр болғандықтан, соның
әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, мағынасын ашайық.
Салт ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында “Салт – халықтар кәсібіне,
сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып
отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп, өзгеріп
қоғамдық болмыс принципіне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық
қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайға
ілгері дамиды” деп анықтама берілген.
Ал, дәстүр ұғымына келетін болсақ, бұл көп мағыналы ұғым. Оған әр
түрлі сөздіктердегі анықтамалар дәлел. Сондай-ақ, ол – педагогикалық,
психологиялық, философиялық, этнографиялық зерттеулердің де өзегі.
Дәстүр – адамзат есіндегілерді және әлеуметтік тарихи тәжірибені
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың
мәдениеті мен мәдениеттілігінің көптүрлігі және бірлігі жинақталған. Дәстүр
қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып қоғамның әр
деңгейіндегі ақылды даналықты бейнелейді.
Дәстүр әр қырынан әр түрлі аспектіде қарастырылатындықтан және әр түрлі
ғылымның зерделеу нысаны болғандықтан дәстүр классификациясы да әр алуан.
Мәселен, Д.Зеленин дәстүрді аймақтық (территориялық), ұлттық, отбасылық деп
жүйелесе, Е.Белоусова дәстүрді жалпы әлеуметтік – саяси, діни экономикалық,
халықтық – ұлттық, отбасылық, ұжымдық, мемлекеттік – патриотизмдік,
еңбектік, ерліктік деп жүйелейді.
Сонымен, дәстүр ұғым ретінде мәдениеттің маңызды категориясының бірі
және ол дәстүр оқу-тәрбие үрдісінің құралы да.
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмірінің
күнделікті тіршілігінде жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас
ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы.
Ал дәстүрдердің өрісі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр қоғамдық
сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның
қалыптасқан біріңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Дәстүр
идеологияға жақындау да, ал салт қоғамдық психологияға жақын.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып
келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрибесінен, мәдени тұрмысы
мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен
бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын
бесігі іспеттес.
Енді, осы дәстүрлердің бөліктерін қарастырайық, оған жататындар:
А) дәстүрлердің мазмұндарында қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастардың
белгілері болатындығында;
Ә) дәстүрлердің белгілі бір дәуірдің қоғамдық-экономикалық қарым-
қатынасын бейнелейтін идеялардан тұратындығы;
Б) арнайы адамдар тобына ғана тән даралық қасиеттерді (темперамент,
мінез-құлық т.б.) көрсететін дәстүрлердің айырмашылықтары.
Аталған дәстүрлердің элементтерінің мазмұны – салт пен ғұрыптар арқылы
беріледі. Яғни салттар мен ғұрыптар дәстүрлердің нақты іс-әрекеті ретінде
қабылданып, дәстүрлердің (структуралық) түрлерін анықтауға қол жеткізеді.
Дәстүрлердің құрылымдарына тоқталсақ, оларға:
1. Дәстүрлер бірлігін анықтайтын мазмұн;
2. Салттар мен ғұрыптар дәстүрлер элементтерінің түрлерін
жалғастыратындығы;
3. Ішкі сенімнен тұратын мотивке негізделген салт пен ғұрыптардың
қимыл, іс-әрекеті арқылы дәстүрлерден көрініс табуы.
Дәстүрлердің атқаратын жалпы және жеке қызметтерін талдай келе, жеке
қызметінен жалпы қызметтің ерекшелігі – дәстүрлер мәнінің белгілі бір нақты
тарихи жағдайлармен анықталатындығында. Дәстүрлердің жалпы қызметін атап
айтсақ:
А) өзгермелі және үнемі даму үстінде болатын қарым-қатынаста
тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігі;
Ә) адамдар қарым-қатынасын ретке келтіру қызметі;
Б) адамдардың біріккен іс-әрекетін ұйымдастыру қызметі;
В) әлеуметтік тәжірибені сақтау және келесі ұрпаққа жеткізетін қызметі;
Г) адамдарды әлеуметтендіру қызметі;
Д) тәрбиелік қызметі.
Дәстүрлердің қызметін талдай келе олардың қоғам дамуындағы рухани және
материалдық өміріндегі алатын орны, адамның дүниетанымына тигізетін ықпалы
болатындығына көз жеткіземіз.
Бұдан шығатын пікір ұлттық салт-дәстүрлер белгілі бір халықтың
адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлықтарын, рухани және материалдық
болмысын қалыптастыра алады.
Бүгінгі күнге дейін келіп жеткен қазақ салт-дәстүрлерінен өнегелік
қасиеттер, ғұрпы, әдет, жөн, жоралғы т.б. қазақ халқының асқан даналығы мен
ғажайып зердесі, ақыл-парасаты анық көрінеді.
Бұл жөнінде Ш.Уәлиханұлы былай деп жазады: “Далалық орданың тұрғыны –
қазақ өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы татар
немесе түркі шаруаларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр...”
Олай болса, қазақтың ақыл-ой дамуының деңгейін көрсететін, болмысының
өзіндік бейнесі болатын рухани жеңіл материалдық мұраны өзіне біріктіре
алған қазақ салт-дәстүрлерінің ұлттық дүниетаным қалыптастыруда, ұрпақты
тәрбиелеуде атқаратын қызметі зор екендігі даусыз.
Қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлерін топтауға болады. Кейбір
авторлар, (С.Қалиев және т.б.) оларды үш үлкен топқа бөледі:
- бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
- тұрмыс салт-дәстүрлері;
- әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер.
Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген
күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана, сүйінші,
балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу,
атқа мінгізу, сүндет тойы т.б.) бастап қыз бала мен ұл баланы келешек
отбасы-жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған
азаматтық жөн-жоралғылар кіреді.
Ал тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары,
ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылыққа
қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Сондай-ақ әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, ауыл
адамдарының туыстық қарым-қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық
музыка аспаптары, қонақ күту, өлікті жөнелту рәсімдері, әдет-ғұрыптары
жатады. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ.
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлердің мынандай ерекшеліктері
бар. Жұбайлар отбасын құрған соң, олар баласы болуын арман етеді. Себебі,
бала өмірдің жалғасы.
Жас келіннің бойына бала біткенін сезген ене оны өз қамқорлығына алып,
пәле-жаладан, тіл-көзден сақтаудың шарасын істей бастайды. Абысын-ажын,
ауыл әйелдерін жинап, “құрсақ тойын” өткізеді. Оған жиналған әйелдер
шашуларын әкеп шашып, келінге бата-тілектерін білдіріседі.
Дүниеге жаңа келген жас нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-той,
салтанатты жиындар мен рәсімдер көп. Соның ең алғашқысы – жарыс қазан.
Жарыс қазан атанатыны – мұндайда аяу, ірку деген болмайды. Бұл дәм –
перзент ас піскенге дейін немесе астың пісуімен қоса тусын деген ниетпен
жасалған.
Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналатын салт-дәстүрдің бірі –
шілдехана. Оны кей жерде “шілделік күзету” деп те атайды. Бұл жерде ана
аман-есен босанған соң сол күні-ақ ауыл жастарына берілетін той.
Сүйінші. Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы
мүшелеріне үлкен қуаныш әкелген. Жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты
хабарды тез жеткізу үшін сүйінші сұрайтын болған.
Балаға ат қою. Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы
дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады.
Кейде “Қырықтың бірі қыдыр” деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызады.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек мақсаттарға орайлас болып
келеді. Айталық: 1) бала бай,қуатты болсын деген тілекпен: Байбол, Дәулет;
2) күшті де батыл, ер жүрек болсын деп:Арыстан, Батырбек, Алпамыс; сұлу да,
көрікті, ажарлы да, әдемі болсын деп: Айсұлу, Нұрсұлу, Әсем, Раушан т.б.
есімдерді таңдап қойған.
Бесік. Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі
өмірге өте қолайлы. Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Бесікке
салғандарға бірнеше білезік, сақина, жүзік үлестіреді.
Бесік той. Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі
ауыл-аймақты жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды.
Бесікте бала емшектен шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, еңбектеп жүре
бастаған кезде баланы бесіктен мүлде шығарады.
Бесікті қазақтың құрмет тұтуы сонша, кейде атасы жатқан бесікке
немерелері жатады.
Енді тұсау кесерге келетін болсақ.
“Қаз баса ғой қарағым
Құтты болсын қадамың
Өмірге аяқ баса бер
Асулардан аса бер”- деп талай ұрпақтың тұсауы кесілген.
Тұсау кесетін адамды үй иесі өзі қалап алады. Тұсауға кезінде қойдың
тоқ ішегін пайдаланса, қазірде жіңішке ала жіпті байлап жүр. Тұсау кескен
адамға үй иесі көйлек кигізіп, сый-сияпат жасаған.
Атқа мінгізу тойы. Бала 4,5-5-ке толғанша әке-шешесі ұл балаға арнайы
ат, ертоқым даярлайды.
Ел жиналғаннан кейін баланың өзіне арналған құнанына ер салып, баланы
киіндіріп, атқа отырғызып жетектеген.
Қазақ баласы қарашадайынан атқа мініп шабуды, 5-6 жасынан бастап қозы,
лақ қайыруды үйренген.
Сүндет той. Сүндетке отырғызу ( ((-(((( ғасырларда араб елдерінен
шығып, бүкіл мұсылман жұртына тараған. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың
белгісі болып саналған. Баланы сүндетке 5,7 немесе 9 жасында отырғызған.
1.2. Қазақ салт-дәстүрлерін тәрбие түрлеріне
байланысты жіктеу.
Қазіргі кезде республикамыздағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-
тәрбие жұмысының арқауы халықтық педагогика.
Халықтық педагогика – халықтың өте ертедегі ата-бабаларымыздың өмір
сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан
рухани мұрасының бірі. Халықтық педагогиканың бірнеше түрлері мен бағыттары
бар.
Халықтық педагогикаға берілген анықтамалардан, оның факторлары мен
негізгі бағыттарын схема түрінде көрсетуге болады. Халықтық педагогиканың
негізгі бағыттары мен факторлары 2-схемада берілген.
Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты мынандай топтарға жіктеп
қарастыруға болады:
- отбасындағы салт-дәстүрлер;
- адамгершілік салт-дәстүрлері;
- еңбек салт-дәстүрлері;
- ойын-сауық салт-дәстүрлері;
- әсемдік салт-дәстүрлері;
- өнер салт-дәстүрлері;
- ақыл-ой тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
- дене тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
- ерлік тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер.
Халықтық педагогикадағы тәрбиенің осы түрлеріне жеке-жеке тоқталайық.
Себебі, оның әрқайсысының өзіндік атқаратын рөлі бар.
Отбасындағы салт-дүстүрлер болсын, адамгершілік салт-дәстүрлері болсын,
еңбек салт-дәстүрлері болсын, өнер салт-дәстүрлері, дене тәрбиесіне
байланысты салт-дәстүрлер болсын барлығының да басты атқаратын қызметі жан-
жақты жетілген, өз ойын ашық айта алатын, дені сау, еліміздің болашағын
ойлайтын ойлы, іскер, еңбекқор, білімді азамат етіп тәрбиелеу.
Отбасындағы салт-дәстүрлерге келетін болсақ. Бірінші отбасы дегеніміз
не соған тоқталайық.
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын немерелер, ата-ана,
ата-әже, балалар. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана.
Отбасының қос шынары атасы және аналардың анасы - әже. Ата-береке,
мейірім, даналықтың қайнар көзі, ата салтын алға апарушыларға үлгі беретін
қадірлі қария. Сондықтан да отбасында әке мен ананы, ата менен әжені
сыйлауға, құрметтеуге көп көңіл бөлінеді.
Ата-ананы құрметтеу біздің халқымыздың қанында барлығын дінімізде,
салтымызда, ақынымызда, жырымызда қолдап бірін-бірі толықтырып дәлелдей
түседі деп тілге тиек ете аламыз.
Ендігі жерде отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі – бала.
Сондықтанда қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлері баланың дүниеге
келуімен байланысты туған. Олар: сүйінші, балаға ат қою, бесікке бөлеу,
бесік тойы, тұсау кесу, атқа мінгізу тойы, сүндет тойы, құда түсу, ұрын
келу, ұзату, келін түсіру т.б.
Әрбір отбасы ұлы мен қызына жеті атасын білуге үйретіп, жұртын білуге
баулыған.
“Әке көрген оқ жанар,
Шеше көрген тон пішер ” – дегендей отбасында ұлын әкесі, қызын
шешесі тәрбиелеген.
Тәрбиенің негізгі қағидаларының бірі ретінде “Қазақстан Республикасының
тәлім-тәрбие тұжырымдамасында” әке-ананың отбасындағы ролін қарастырған.
Онда:
- Біріншіден, баланы кішкене кезінен анасының сүт ақысын өтеуге баулу,
бүкіл қоғамда әйелге, анаға ерекше ілтипат қалыптастыру.
- Екіншіден, бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігін, тәрбиешілік
мүмкіндіктерін арттыру. Отағасы шаңырақтың қорғаны, асыраушысы,
ақылшысы. Сондықтан қазақ әулетінің ер-азаматты бағалау, пір тұту
дәстүрін одан әрі жалғастыру – деп жанұядағы ата-ана тәрбиесінің
маңыздылығын айқындайды.
Адамгершілік салт-дәстүрлерінің мынандай ерекшеліктері бар.
Адамгершілік қоғамдық өмірдің тарихи - әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес,
адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болатын,
халықтық игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты,
әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы
дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге
баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі әдістеріне түсіндіруді жатқызуға
болады. Оның құралдары ретінде мақал-мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер,
аңыздар, халық әндері сезім мен санаға ықпалды әсер ету құралдары болып
табылады.
Халық пеадгогикасына адамгершілікке тәрбиелеудің аса бай жолдары
белгілі болғанына көз жеткізу үшін келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге
болады. Олар: көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, тиым салу, ант
беру, күшейту, сөгіс беру, кінәлау және т.б.
Адамгершілік қасиеттің негізі имандылық пен ізеттілікте. Ал ол
отбасындағы тәрбиеден басталады. Осыны ұстам тұтқан қазақ халқы жастарды
отбасында кішіпейілдікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші
міндет деп санаған.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық
ұғымында жақсылық және жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиетінің
екі түрлі белгісі ретінде салыстыра суреттелген.
Бала тәрбиесіне ежелден ерекше көңіл бөлген халқымыз өздерінің мақал-
мәтел, нақыл сөздерінде адамгершіліктің асыл белгілері: ар-ұят, ождан
сақтау, сыпайыгершілікті, әдептілікті, үлкенді сыйлауды, достықты уағыздай
отырып, осы тамаша қасиеттерге қарама-қарсы адамды аздыратын өтірік, өсек,
еріншек сияқты жаман әдеттен сақтандырып бақты.
Адамгершіліктің ең жоғары түрі – бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр,
дос тұту, көпшіл болу.
Қазір тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала
тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бірақ бүгінгідей
қоғамның аласапыран шағында исі адам баласын адамгершілік тәрбиеге баулу
өте маңызды мәселе болмақ. Өйткені, тәрбиенің негізгі – іргетасы
адамгершілік тәрбиесіне байланысты.
Ал, еңбек салт-дәстүрлеріне келетін болсақ. “Адамды адам еткен - еңбек”
, - деп Ф.Энгельс айтқандай, еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі.
Еңбексіз өмір жоқ.
Барлық халықтардың ең озат дәстүрлері еңбек саласында орын алды.
Қашанда ең озықты алып жүруші, ең кереметті жасаушы еңбекші халық болды.
Сондықтан алдыңғы қатарлы озық дәстүрлерді зерттеу, ең алдымен халықтық
еңбек дәстүрлерін оқып үйренуді білдіреді.
Қазақ халқы: “Еңбек – адамның екінші анасы”, “Ердің атын еңбек шығарар”
– деген мақал-мәтелдері арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелесе,
“Жалқаудың жаны тәтті”, “Еңбегі аздың өнбегі аз”, “Еңбексіз өмір – сөнген
көмір”, - деген мақалдар арқылы халық еріншектіктің, жалқаулықтың адамды
аздырып-тоздыратынына жастардың көзін жеткізуді мақсат етті.
Қазақ халқы ежелден ер бала мен қыз баланың тәрбиесін отбасында өзара
бөлісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып
мергендік құруға, қол өнер шеберлігін үйретуге әкелері мен аталары үйретсе,
ал қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, ою-өрнек сияқты
отбасының ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну “Аяз би”
ертегісіндегі Аяз бидің, “Керқұла атты Кендебай” ертегісіндегі Кендебайдың
образдары арқылы берілген. Сонымен бірге ұлттық ойындардың да әсері мол.
Халық педагогикасының бұл салаларын тиімді пайдалану ізденуге, ізгі
іске жауапкершілікпен қарауға байланысты.
Салт-дәстүрдің тәрбиеге қатысты тағы да бір түрі – ойын-сауық салт-
дәстүрлері. Ойын – тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімделудің белгісі.
Қазақ халқы “ойын баласы” деп, жас баланың ойнауына мүмкіндік туғызып
отырған. Ойынның түрлері өте көп. Әрбір ойынның тәрбиелік мақсаттары
болады. Мысалы, “асық” ойыны бағдарлыққа, дәлдікке, мергендікке үйретеді.
Қазақтың “Ақсерек-Көксерек”, “Ақ сүйек”, “Орамал тастамақ”, “Шілік”,
“Арқан тарту”, “Аударыспақ” сияқты ұлттық ойындары қайрат-жігерді,
байқмпаздық пен сезімталдықты, “Тоғыз құмалақ” ойыны ойлау қабілетін
арттырады.
Дегенмен де ойынның да орны бар, әркім ойынға, іске, оқуға, тынығуға
уақыт бөлу керек. “Асық ойнаған – азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де мал
баққан озар” деп, халық ойынға шек қоя мақалдайды. Қазіргі кезде ойынды
еңбекпен ұштастырып ұйымдастыру тәсілдері қолданыла бастады. Мысалы,
әртістік ойын, “құрылысшы” т.б. ойындар баланы ойнап, әрі кәсіпке үйретіп,
әрі пайдалы нәтиже шығаруға баулиды.
Ойын – халықтың баланы әдептілікке баулитын тәрбиелік құралы. Сондықтан
әрбір ойынның мазмұнын, мәнін түсініп, қызыға, әдеппен, тәртіппен ойнау
қажет.
Орынсыз ойнай бермей, оқуды да, тұрмыс-тіршілкті де ойлай білу - әрбір
баланың міндеті.
Әсемдік салт-дәстүрлері мынадай іс-әрекет нормалары мен ерекшеленеді.
Әсемдік тәрбиеде халық өнерінің алатын орны ерекше, өйткені өнер халықтікі,
оны тудыратын да, бағалайтын да оның өзі.
Әсемдік тәрбиесі – адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге
үйретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, жақсы мен жаманды
ажырата білуді қалыптастырып, ұсқынсыз, жағымсыз нәрсені танытады.
Халық педагогикасындағы әсемдік тәрбиесінің негізгі құралы - әдебиет,
өнер. Өнер мен әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әртүрлі құралдар
арқылы баланың санасына әсер етіп қалыптастырады.
“Өнерлі өрге бастырады” деп халық көркем өнерді жоғары бағлайды да,
“ақын - елдің еркесі”, “күйші – қиялды, биші - зиялы” деп өнер адамдарын
ардақтайды.
Сәндік өнерді үйрету, халық дәстүрінде негізінен, еңбек тәрбиесімен
ұштастырып жүргізіледі. Ішік, тон, шекпен, камзол тігу және оны ою-өрнекпен
безендіріп, тігу өнері - әсемдік тәрбиенің нәтижелерін бейнелейді.
Әсемдік тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың
жинақтаған педгогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.
Тәрбиеге қатысты қазақ салт-дәстүрлерінің бірі - өнер салт-дәстүрлері.
Қазақ халқы - өнерпаз халық. Ойын-сауық, тойда қалыптасқан дәстүр бойынша
өнер көрсетпеген адам қалмайды.
Халық ұлдары мен қыздарын өнерпаздыққа баулу үшін, түрлі ойындарды
ойлап шығарған. Мысалы, “Алтыбақан” ойыны. “Алтыбақан” ойыны кезінде жастар
жиналып, өнер көрсету жарысын өткізеді. Мұндайда жұмбақ айтып, оны шеше
білу, жаңылтпаштарды жаңылмай айту ескеріледі.
Өнерпаздық дәстүр көбінесе әулеттік дәстүр болып қалыптасады. Бір
отбасындағы барлық адамдар өнерпаз болып, ол дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып отырады.
“Қыз сыны” , “Жігіт сұлтаны” сияқты сымбат пен өнер жарысында
өнерпаздық дәстүрдің ұлттық мәйектері сараланып, өнер үшін баға беріледі.
Қазақ қызы әрі сымбатты, әрі нұрлы, әрі еңбекқор, әрі өнерпаз болу керек.
Қазақ жігіті жігіттің сұлтаны ретінде өнерден де, ептілік пен күштіліктен
де, сымбаты мен сәні жағынан да елді елең еткізетін ерекше жан болуы қажет.
Өнерпаздық дәстүрі бойынша әркім бір ғана өнермен шектеліп қалмауға
тиіс.
Ақыл-ой тәрбиесіне келер болсақ. Қазақтың халық педагогикасы баланың
пайымдауын қалыптастырып, ойлау жүйесін дамытып, үлгі-өнегелі іс-
әрекеттерді үйретіп, кісілігін кемелдендіру арқылы ақыл-ой тәрбиесін іске
асырады. Ол үшін халық мақал-мәтелдерді, өнегелі өсиет сөздерді, даналық
уағыздарды, ешендік сөздерді пайдаланады.
Жастарға ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой-санасын өрістетуде ауыз
әдебиетінің айтыс жанры, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтыс ерекше роль
атқарған.
Ақыл - ерен еңбектің жемісі. Ақылды адам болу үшін көп үйреніп, көп
білу керек. Білім мен ақыл егіз.
“Алтын шірімейді, ақыл ірімейді”, “Ақыл – дария, алсаң да таусылмас”
деп ақылды, есті адамдарды халық үлгі етіп көрсетіп отырған.
Дене тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер. Қазақ халқының дене
тәрбиесіне лайықталған дәстүрлері өте көп. Оларға: атқа отырғызу, күрес, ат
жарыс, жаяу жарыс, көкпар, аударыспақ, найзаласу, жамбы ату жатады.
Аударыспақ – ер азаматтың атқа шауып, күш сынасудағы артықшылығын
көрсететін халықтық ойын.
Найзаласу, жамбы ату – ер жігіттің күш-қуатын арттырып, ептілігі мен
мергендігін қалыптастырады.
Қыз қуу – жігіттің жігерлілігін, батылдығын, атбегілік еңбегі мен
өнерін сынайтын дәстүрлік ойын.
Ерлік салт-дәстүрлері. Ерлік – кісінің қайрат жігерінің, ақыл-ойының,
ар-намысының ел қорғаудағы және еңбектегі жемісті де, жеңісті көрінісі.
Баланы ерлікке тәрбиелеуде халық ел игілігі болатын еңбекті, ел
қорғайтын батырлықты мадақтап, жоғары бағалады.
Баланы ерлікке тәрбиелеудің сан алуан тәсілдерінің бірі – балалар
сахнасында ерлік өнегесін, насихаттап көрсету.
1.3. Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік негіздері.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндеттің ең бастысы-
өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ
тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам
иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық
азамат етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды,
білімді, мәдениетті, іскер азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен
мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны
бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана
жүзеге асыруға болады.
Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-
дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.
Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам
заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы
ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін сүюшілік
секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп,
қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен
бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен
іс-әрекеті - салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану
көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі
болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін осы
уақытқа дейін өлең-жырмен насихаттады.
Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін
тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп
отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы
болып отыр.
Өкінішке орай, ұзақ жылдар ұлттық салт-дәстүрді аяқ асты ету, ана тілі
мен ұлт мәдениетіне менсінбей қарайтындардың көбеюі, сонымен қатар кісі
өлтіріп, үй тонап, бас еркінен айрылып, еңбек түзеу колонияларында
отырғандардың көпшілігінің жастар болуы ұлттық тәлім-тәрбиенің мектептер
мен арнайы оқу орындарында пәрменді түрде жүргізілмеуінен туындаған сорақы,
жат көріністер еді.
Осы тәрбиенің дәстүрмен тығыз байланысын тұңғыш қарастырушы
К.Д.Ушинский болды. Ол өз еңбектерінде тәрбиенің халықтық сипатына және
тәрбиедегі адамгершілік мәселелеріне көңіл бөле отырып “тәрбие көзі –
халықтық педагогика” деген тұжырымға келген. Осы идеяны қазақ жерінде
жалғастырушы педагог Ы.Алтынсарин . Ол қазақтың қыз ұзату, бесікке салу
дәстүрлерін арнайы зерттей отырып халықтық тәрбиенің өзегі ұлттық салт-
дәстүр екендігін көрсетеді.
Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады.
Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, тұсау кесу, атқа
мінгізу тойлары; үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, ұрын
келу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, кәде-ырымдар қазақ халқында ежелден
сақталған. Міне, осының бәрі өміршең ұлттық тәрбие.
Осылардың ішінде бесік жырының тәрбиелік мәніне келер болсақ. Тұрмыс
салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін ғана шығарылған
емес.
Біріншіден, бесік жырының ырғағы тәрбиесіне сәйкес келетін сабырлы
екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған
сүйкімді әсер етіп, жан жүйесін жадыратады.
Екіншіден, баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны
жұбатушы ана болашақтың шамшырағымен нұр сәулесінен қуат алғандай әсер
етеді.
Үшіншіден, ата-ана жатқа айтқан әуендерді тілі шыққан балдырғандарда
жаттап әрі тілі дамиды, әрі сол сөздерден тәлім алады.
Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана, бесік тойы, жұбату және
тілек айту деп топтауға болады.
Жаңылтпаштардың тәрбиелік мәніне келер болсақ. Халық баланың тілін
ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар
ойлап шығарған.
Жаңылтпаштарды жаттап, жатттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау,
сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Жаңылтпаштар тек жас балалардың тілін ширату үшін ғана қолданылмайды,
сонымен қатар жаңылтпаш айтысып, тіл ұстартуды үлкендер де салтқа
айналдырған болатын.
Шілдехана рәсімінің әдептілік мәні зор. Шілдехана – нәресте туған
күннен бастап, үш күнге дейін, нәрестені әрі күзетіп, әрі ананы қуаныш-
шаттыққа бөлеп, ойын-сауық өткізу рәсімі.
Жарық дүниеге жаңа келген нәрестенің әсем әуен, күмбір күй, анасының
үні қосылған дабыр арқылы сезім жүйесі ояна түседі.
Халық салтында шілдехана тойында ішімдікке жол беру - әрі обал, әрі
күнә, әрі қылмыс болып табылады.
Балаға ат қою рәсімі, көбінесе, шілдехана ойын-сауық кешінде
орындалады. Ертеде нәрестеге ат қою рәсімін жанұядағы ең үлкен ұлағатты
кісі орындаған. Балаға ат қоюда қазақ халқы, көбінесе, атақты адамдардың
атын қоюды дәстүрге айналдырған. Мысалы: елін сүйген ерлердей болсын деп
халық ұл балаларын: Алпамыс, Төлеген, Бауыржан, Тоқтар десе, қыз балаларын
Мәншүк, Әлия деп атайды, мөлдір махаббат пен асқан сұлулықты қастерлеген
халық қыз балаларын көбінесе: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz