Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің басыңқы сыңары: грамматикалық құрылымы және танымдық мәні



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ХХІ ғасырдың ерекшілігі ғаламдану үдерісі кезеңіндегі өзгерістердің тіл дамуына ықпалын тигізумен айқындалады.
Бұл – өмір талабы мен заңдылығы.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтамыз», – деп тілдің қоғамда атқаратын қызметінің ауқымына баса мән бергені белгілі.
Ұлттық тілді сол этностың дүниетанымымен, мәдениетімен, ой танымымен, тарихымен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану сияқты жаңа бағыттардың тууына себепші болды.
«Тіл көрнекті болу үшін дерексіз нәрсе, деректі нәрседей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек», [1, 154б.] – деген А.Байтұрсынұлының тұжырымы тілдің табиғаты мен қызметін, құдіретін танытады. Ғалымның «Абайды қазақ баласы тегіс танып білуі керек... Абай сөздері дүнияда қалғаны – қазаққа зор бақ» [1, 301б.] деген пайымдауы – абайтанудың басты қағидасы.
Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы рухани мазмұнды ақпарат белгілі уақытқа тәуелді емес, бұлар – адам баласымен бірге жасайтын өмірлік, өміршең мәселелер. Қазіргі тіл ғылымында тілдің «қарым-қатынастың аса маңызды құралы болу» қызметімен қатар дүниетаным құралы болу қызметіне ерекше назар аударылады, өйткені адамзаттың ойлауымен байланысты саналы әрекетінің нәтижесінде жинақталған дүние – әлем туралы білім қоры әр ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан-дүниесі, психологиясынан хабар береді. Ал Абай мен Шәкәрім шығармаларында осы халықтық рухты пайымдауға құрал болатын тілдік құрылымдар, сөз тіркестері мол. Олардың танымдық тілдік табиғатын ашу зерттеудің өзектілігін көрсететіні анық.
Абай мен Шәкәрім көтерген мәселелер ұлттық құндылықтарды ғана құрамайды, жалпы адами мәселелерді де қозғайды. Осы адамзатқа тән рухани байлық болып табылатын дүниені сөз тіркесі, оның есімді, етістікті, ортақ басыңқылы тұлғалары арқылы таныту зерттеу жұмысының өзектілігін дәлелдейтіні даусыз.
1 Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. Алматы: Жазушы, 1989. - 317 б.
2 Исаев М.С. Қазақ тілі. – Алматы: Өнер, 2007. – 207 б.
3 Әбуханов Ғ. Қазақ тілі (педучилищеге арналған). - Алматы: Мектеп, 1967. – 288 б.
4 Ағыманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. – Алматы: Рауан, 1991. – 237 б.
5 Байтұрсынов А. Тіл тағлымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. – 444 б.
6 Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Білім, 2004. – 340 б.
7 Шәукенұлы К. Синтаксис. – Алматы: Мектеп, 1986. - 123 б.
8 Ларин Б.А. Эстетика и слова и язык писателя. – Л., 1974. - С. 47.
9 Маслова В.А. Лингвокультурология /Учебное пособие для студентов высш. учебн. зав. – М.: Академия, 2001. - 208 с.
10 Исаева Ж. Дүниенің паремиологиялық бейнесі: филол. ғыл. канд. ... дисс. – Алматы, 2007. - 127 б.
11 Жиренов С. ХҮ-ХІХ ғ.ғ. ақын-жырау поэзиясындағы «Өмір-Өлім» концептісінің танымдық табиғаты: филол. ғыл. канд. ... дисс. - Алматы, 2007. - 171 б.
12 Балақаев М.,Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1971. – 340 б.
13 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. -304 б.
14 Жаманбаева К. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері. – Алматы: Ғылым, 1998. - 140 б.
15 Будагова З.И. О структуре сказуемого в тюрских языках // Советская тюркология и развитие тюрских языков СССР: тезисы докладов и сообщений. - Алма-Ата, 1976. – С. 83.

ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ МАЗМҰНЫ МЫНАДАЙ БАСЫЛЫМДАРДА ЖАРИЯЛАНДЫ

1 Сөз тіркестерін байланыстырудағы /жалғаулардың/ ролі // Профессор Қ.Құдайбергеновтың 60 жылдық құрметіне арналған ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 1998. – 157-165 бб.
2 Көмекші сөзді сөз тіркестері // Ғалым ғибраты: ғалым Қ.Құттыбаевтың құрметіне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2001. – 64-66 бб.
3 Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің байланысу типтері (формалары) // Түркітану мәселелері: бүгіні мен болашағы: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2001. – 562-566 бб.
4 Қабыса байланысқан сөз тіркестері және оның дамуы // Көркем әдебиет тілінің өзекті мәселелері С.М. Исаев оқулары халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2003. – 133-137 бб.
5 Көмектес септікті сөз тіркесі // М.О.Әуезовтың 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2006. – 231-235 бб.
6 Табыс жалғаулы сөз тіркесі // Ұлт тағылымы. – Алматы, 2006. – № 4. – 252-256 бб.
7 Сөз тіркестерінің ортақ басыңқы сыңары және оның зерттелуі // Тіл таным. – Алматы, 2007. – № 3. – 184-188 бб.
8 Педагогтің дидактикалық қабілетінен студенттің дидактикалық білімінің дамуы. (Қазіргі қазақ тіліндегі заттанған сөз тіркестерін оқыту) // Халықаралық конференция материалдары. – Алматы, 2008. – 1034-1042 бб.
9 Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары туралы // Профессор С.М.Исаев Қазақ тілі мен әдебиеттанудың теориялық және әдістемелік мәселелері: халықаралық ғылыми- теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2008. – 235-242 бб.
10 Ғаламның тілдік бейнесінің ортақ басыңқылы сөз тіркестеріндегі көрінісі // Құдайберген Жұбанов тағылымы: ғылыми сабақтастық және жаңа бағыттар: республикалық ғылыми-практикалық конференция. – Алматы, 2009. – 187-194 бб.
11 Ғаламның тілдік бейнесінің есім басыңқы сыңарлы сөз тіркестеріндегі көрінісі // Қаз ҰУ Хабаршысы, филология сериясы. – 2010. – № 1.
12 Ғаламның тілдік бейнесінің етістік басыңқы сыңарлы сөз тіркестеріндегі көрінісі // Қазақ тілін коммуникативтік, функционалдық бағытта зерттеу және оқытудың инновациялық технологиялары: профессор Р.Әмірдің 80 жасқа толуына орай халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2010. - 262-270 бб.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ81`367: 811.512.122
Қолжазба құқығында

ТУЛЕКОВА ГУЛЖАН ХАЖМУРАТОВНА

Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің басыңқы сыңары:
грамматикалық құрылымы және танымдық мәні
(Абай, Шәкәрім шығармалары бойынша)

10.02.02 – Қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде орындалды

Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының
докторы,

профессор Сайрамбаев Т.С.
филология
ғылымдарының докторы,
доцент
Атабаева М.С.

Ресми оппоненттері: филология ғылымдарының
докторы,
профессор
Сәдуақасұлы Ж.

филология
ғылымдарының кандидаты,
доцент
Дәрменқұлова Р.Н.

Жетекші ұйым: Абылай хан атындағы Әлем
тілдері
және
халықаралық қатынастар

университеті

Диссертация 2010 жылы 27 тамызда сағат 14.00-де Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы, Достық
даңғылы, 13, кіші конференция залында) филология, педагогика ғылымдарының
докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04
Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, кіші
конференция залында өтеді.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы,
Қазыбек би көшесі, 30).

Автореферат 2010 жылы 26 шілдеде таратылды.

Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
Қосымова Г.С.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХІ ғасырдың ерекшілігі ғаламдану
үдерісі кезеңіндегі өзгерістердің тіл дамуына ықпалын тигізумен
айқындалады.
Бұл – өмір талабы мен заңдылығы.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: Тіл – адам мен адамды, ұлт
пен ұлтты жақындастыратын өзгеше құрал. Сондықтан да біз оны халықтар
арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке-бірлігінің
тірегі ретінде қастер тұтамыз, – деп тілдің қоғамда атқаратын
қызметінің ауқымына баса мән бергені белгілі.
Ұлттық тілді сол этностың дүниетанымымен, мәдениетімен, ой танымымен,
тарихымен бірлікте қарау мәселесі тіл ғылымында өзіндік өріс алып келе
жатқан этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану сияқты
жаңа бағыттардың тууына себепші болды.
Тіл көрнекті болу үшін дерексіз нәрсе, деректі нәрседей, жансыз нәрсе
жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңлауына келіп түсерлік дәрежеге
жетуі керек, [1, 154б.] – деген А.Байтұрсынұлының тұжырымы тілдің
табиғаты мен қызметін, құдіретін танытады. Ғалымның Абайды қазақ баласы
тегіс танып білуі керек... Абай сөздері дүнияда қалғаны – қазаққа зор
бақ [1, 301б.] деген пайымдауы – абайтанудың басты қағидасы.
Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы рухани мазмұнды ақпарат белгілі
уақытқа тәуелді емес, бұлар – адам баласымен бірге жасайтын өмірлік,
өміршең мәселелер. Қазіргі тіл ғылымында тілдің қарым-қатынастың аса
маңызды құралы болу қызметімен қатар дүниетаным құралы болу қызметіне
ерекше назар аударылады, өйткені адамзаттың ойлауымен байланысты саналы
әрекетінің нәтижесінде жинақталған дүние – әлем туралы білім қоры әр
ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан-дүниесі, психологиясынан хабар береді. Ал
Абай мен Шәкәрім шығармаларында осы халықтық рухты пайымдауға құрал
болатын тілдік құрылымдар, сөз тіркестері мол. Олардың танымдық тілдік
табиғатын ашу зерттеудің өзектілігін көрсететіні анық.
Абай мен Шәкәрім көтерген мәселелер ұлттық құндылықтарды ғана
құрамайды, жалпы адами мәселелерді де қозғайды. Осы адамзатқа тән рухани
байлық болып табылатын дүниені сөз тіркесі, оның есімді, етістікті, ортақ
басыңқылы тұлғалары арқылы таныту зерттеу жұмысының өзектілігін
дәлелдейтіні даусыз.
Сөз тіркесі тек жартылай коммуникативтік қызмет атқармайды, оның
қатысымдық рөлі маңызды. Сөз тіркестерінің құрылымдық ерекшелігі,
байланысының мәні, қатысымдық бірлік ретіндегі мағынасы, қолданыстық сипаты
қатысымдық ортада ашылады. Ендеше осы қатысымдық семантиканы Абай мен
Шәкәрім қолданысы негізінде таратып, талдап көрсету ондағы ұлттық таным,
этномәдени ерекшелікті концептілік тұрғыда анықтауға деген талпыныс
зерттеудің өзектілігін айқындаудың және бір тұсы болмақ. Осы орайда
концептінің поэтикалық тілдің көрінісі, сол көрініс сөз тіркесінің басыңқы
сыңары арқылы берілуі, бір концептінің әр түрлі тілдік құралдар арқылы
дүниенің тілдік көрінісін таныта алу қабілетін екі ақын шығармасындағы
қолданысы көлемінде салыстыра сипаттай зерделеу, сол арқылы жекелеме,
эстетикалық құндылықтарды анықтау жұмыстың өзектілігін айқындай түседі.
Зерттеудiң нысаны. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің басыңқы
сыңарлары.
Зерттеудiң пәні. Қазіргі қазақ тіліндегі есімді, етістікті, ортақ
басыңқы сөз тіркестері арқылы берілген Абай, Шәкәрім
шығармаларының танымдық мәні.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты Абай,
Шәкәрім шығармаларындағы сөз тіркестерінің құрылымдық мәнін концептуалды
мазмұнда, танымдық деңгейде анықтау. Осы мәселелерге байланысты мынадай
мiндеттердің шешілуі көзделді:
- қазақ тіліндегі сөз тіркестері табиғатына, байланысу тәсілдеріне,
түрлеріне қатысты теориялық тұжырымдарды зерделеп, зерттеу жұмысының
нысанын айқындау;
- Абай, Шәкәрім шығармаларындағы ұлттық таным, этномәдени ерекшелікті
бейнелейтін ақпаратқа ие есімді, етістікті, ортақ басыңқылы сөз
тіркестерін анықтау;
- есім сөз тіркестері арқылы берілген Абай, Шәкәрім шығармаларындағы
махаббат, білім-ғылым, жүрек, т.б. концептілік өрісін таратып,
ашу;
- етістікті, ортақ басыңқы сыңарлы сөз тіркестері арқылы берілген
Абай, Шәкәрім шығармаларындағы махаббат, ар, иман, т.б.
концептілердің танымдық қызметін айқындау.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеу жұмысында
дәстүрлі – құрылымдық грамматикадағы сөз тіркесіне қатысты пікірлер мен
тіл ғылымының соңғы жетістіктері, антропоцентристік бағыттағы, яғни
когнитивтік лингвистиканың әлемдік және отандық ғалымдардың А.Байтұрсынұлы,
Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Т.Қордабаев, С.Кеңесбаев,
Т.Сайрамбаев, Ә.Аблақов, С.Жиенбаев, Е.Ағманов; Н.Хомский, Дж.Миллер,
Ф.Джонсон-Лард, Дж.Лакофф, Р.Шенк, У.Чейф, М.Джонсон, Т.А.Ван Дейкт,
Н.Д.Арутюнова, А.Вежбицкая, Е.С.Кубрякова, И.А.Стернин, З.Д.Попова,
В.Н.Телия, А.А.Уфимцева, т.б. ғылыми тұжырымдары негізге алынды. Сонымен
қатар қазақ тіл білімінде лингвистикалық семантика мен көркем шығарма тілі
мәселелері бойынша Э.Сүлейменова, Г.Смағұлова, Ж.Манкеева, К.Жаманбаева,
С.Жапақов, А.Ислам, Г.Зайсанбаева, Ж.Саткенова, Г.Қосымова, А.Досова,
С.Қанапина, Э.Оразалиева, С.Жиренов сынды ғалымдардың зерттеулері
диссертацияның әдіснамалық негізі болады.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында ғылыми сипаттама, құрылымдық-
семантикалық талдау әдісі, линговмәдени және когнитивтік талдау
пайдаланылды.
Зерттеудің дереккөздері. Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлының әр
жылдары жарық көрген шығармалар жинағы: Абай Құнанбаев (1954ж, 1986ж,
1987ж); Шәкәрім Құдайбердіұлы (1988ж, 1989ж).
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (1-10 т., 1974-1986); Қазақ тілінің
сөздігі (– Алматы: Дайқ-Пресс, 1999ж).
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- сөз тіркестері құрамындағы бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңардың
үйлесімінен туындайтын танымдық мән Абай, Шәкәрім шығармаларының нақты
деректері негізінде талданып, күрделі семантикаға ие болатыны анықталды;
- Абай, Шәкәрім шығармаларындағы ұлттық танымды, этномәдени ерекшелікті
бейнелейтін ақпаратқа ие сөз тіркестері анықталып, грамматикалық құрылымына
қарай талданды;
- Абай, Шәкәрім шығармаларында есімді, етістікті, ортақ басыңқы
(М.Балақаев) сөз тіркестері арқылы берілген махаббат, жүрек, ғылым-
білім, ар-ұят, имандылық, дүние, үміт, ғибрат т.б.
концептілерінің танымдық мәні ашылды;
- Абай, Шәкәрім шығармаларындағы әлемнің тілдік бейнесін танытушы
концептілерге концептілік өріс негізінде талдау жасалды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының
нәтижелері сөз тіркесі синтаксисінің теориялық зерттеулеріне үлес қоса
отырып, қазақ тіл білімінің синтаксис және когнитивтік лингвистика
салаларының дамуына қызмет етеді. Диссертацияда сөз болып отырған мәселелер
бойынша қол жеткізген тұжырымдар мен нәтижелер жалпы синтаксис саласында
ғана емес, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика салаларын теориялық
жағынан толықтырады.
Зерттеудің нәтижелерін жоғары оқу орындары филология факультетінің
студенттеріне Қазақ тіліндегі сөз тіркесі синтаксисі және Когнитивтік
лингвистика пәніндерін оқытуда пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- сөз тіркестері құрылымындағы семантикалық даму бағытын айқындауға
негіз болатын алғышарттардың бірі – қатысымдық үдеріс. Сөз тіркестерінің
бағыныңқы сыңардың табиғатына орай саралануын осы қатысымдық үдеріс
анықтайды;
- сөз тіркестеріндегі мағыналық, құрылымдық өзгерісті Абай, Шәкәрім
шығармаларының материалы негізінде қарастыру олардың мақсатты түрдегі
жұмсалуын, тек семантикалық мәселелерді шешуге емес, лингвистикалық
семантика мәселелеріне бағытталғандығын анықтауға мүмкіндік береді;
- сөз тіркестері құрамынан туатын қатысымдық мағына тілдік және тілден
тыс ақпараттық білім жиынтығын құрап, сөз тіркесі семантикасының
функционалдық қызметін саралауға негіз болып табылады;
- Абай, Шәкәрім шығармаларындағы сөз тіркестерінен туындайтын қатысымдық
семантика ұлттық тілдік бейнені құрайды.
Зерттеудің талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысы Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университетінің Қазақ тіл білімі және Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазіргі қазақ тілі теориясы және
әдістемесі кафедрасының бірлескен мәжілісінде талқылаудан өтіп, қорғауға
ұсынылды.
Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері 3 халықаралық және 3
республикалық ғылыми-теориялық конференцияда баяндалып, материалдары
жарияланды. Республикалық ғылыми басылымдарда 6 мақала жарық көрді.
Диссертацияның мазмұны 12 мақалада көрініс тапты.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі
зерттеу нысаны, мақсат-міндеттері мен жұмыстың ғылыми жаңалығы, теориялық
және практикалық маңызы анықталып, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, жұмыстың
жариялануы мен мақұлдануы туралы мәлімет берілді.
Жұмыстың Сөз тіркесінің зерттелуі. Сөз тіркесінің компоненттері,
тәсілдері, байланысу түрлері, лексика-грамматикалық қатынастары деп
аталатын бірінші бөлімнің бірінші тармақшасында жалпы сөз тіркесі
табиғаты, оның түрлеріне қатысты ғылыми тұжырымдар зерделеніп, зерттеу
жұмысының нысаны айқындалды, ол Абай, Шәкәрім шығармаларының негізінде
тілдік фактілер арқылы нақтыланды.
Қазақ тілі білімінде Ахмет Байтұрсынұлының Тіл құралы синтаксис
саласының негізін қалаған басты еңбек болып саналады. Сөз тіркесі
синтаксисінің жеке сала болып қалыптасуына Қ.Жұбанов, К.Басымов,
Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, С.Жиенбаев, М.Балақаев, т.б. еңбектері негіз
болып табылады. Бұл зерттеулер сөйлем құраудың басты материалы сөз тіркесі
екенін көрсетіп, сөз тіркесі жасалуының негізгі ұстанымдарын айқындады. Сөз
тіркесін құраудағы мағына мен форманың мәнін ашып, осыған байланысты
бағыныңқы сыңар, басыңқы сыңар ұғымдарын орнықтырды. Сөз тіркестерінің
грамматикалық құрылымы басыңқы сыңардың қызметі мен сыңарлардың құрамына
қарай анықталды.
Тіл – адам қоғамымен бірге дамып, жетіліп отыратын құбылыс, осыған орай
сөз тіркестеріне де азды-көпті өзгеріс тән. Сөз тіркестері табиғатындағы
өзгеріс олардың байланысу формаларынан, тәсілдерінен, грамматикалық қатынас
түрлерінен көрінеді. Аталған мәселелер сөз тіркестері туралы түсінікті
диахронды тұрғыда қозғауды қажет етеді. Бұл сөз тіркестерінің қалыптасу,
даму ерекшеліктерін, лексикалану үдерістерін түркі халықтарының тарихи,
тілдік жәдігері – көне жазба ескерткіштер тілімен байланыстыра зерттеген
М.Томанов, Т.Қордабаев, Е.Ағыманов, Ә.Аблақов, С.Исаев еңбектерінен орын
алады.
Сөз тіркестерінің грамматикалық құрылымы жайында С.М.Исаев олардың толық
мағыналы бірнеше сөзден болатыны, бір-бірімен өзара сабақтаса байланысу
негізінде жасалады десе [2, 18 б.], Ғ.Әбухановтың пікірінше, сөйлем ішінде
мағына жағынан өзара байланысты, ең кемінде екі сөзден құралған сөздер
тобы сөз тіркесі болады [3, 28 б.], Е.Ағыманов еңбегінде де өзара
сабақтаса байланысқан, әрқайсысы дербес лексикалық мағынаға ие, кем дегенде
екі не болмаса одан да көп сөздердің тобынан құралған синтаксистік құбылыс
сөз тіркестері деп аталатындығын айтады [4, 125 б.].
А.Байтұрсынұлының сөздің қисынын білу дегеніміз – оның қай сөздің қай
сөзбен қандай жағдайда немесе қалай тіркесетінін білу [5, 263 б.] деген
тұжырымына орай, М.Балақаев сөз тіркестерінің сөздердің тіркесу қабілетіне
қарай есміді, етістікті, болатынын және олардың байланысу формалары мен
байланысу амалдарын, синтаксистік қатынастарын еңбегінде сөз етеді. Сөз
тіркестерінің табиғатына қатысты теориялық тұжырымдар жасалған бұл еңбегі
(Основные типы словосочитаний в казахском языке –Алма-Ата, 1957) түркі
тілдері бойынша алғашқы еңбек болып саналады. Осы ойды жалғастырушы
Т.Сайрамбаев сөз тіркестері табиғатын сөз таптарының тіркесімділік
қабілетімен байланыстырып қарастырады [6, 125 б.].
К.Шәукенов зерттеулерінде белгілі бір ойды білдіруде жеке сөзден
сөйлемге дейінгі аралықтағы байланыстылық заңдылығы сөз тіркесін құрайды.
Сонда сөз тіркесі, сөздер сөйлем құраудың заңдылығы болады, ол заңдылық
болмаған жерде сөйлем де болмайды, – деп сөз тіркесінің сөйлем құрауға
материал болатындығын айқындайды [14, 10 б.].
Соңғы жылдардағы зерттеулер түркологияда, қазақ тілі ғылымында сөз
тіркесі теориясының қалыптасуы, ғылыми тұжырымдарының орнығуы, зерттелу
деңгейін анықтау жағдайында Э.Оразалиеваның еңбектерінде сөз болып
келеді.
Ал сөз таптарының тіркесімділік қабілеті, сын есімді, есімді
тіркестер, олардың лексика-семантикалық қатынастары, байланысу түрлері,
қатысымдық семантика мәселелері М.Әлиева, А.Тұрарова, М.Жолшаева, т.б.
зерттеулерінің нысанына айналып отыр.
Бірінші бөлімнің екінші тармақшасында сөз тіркесінің құрамы қарастырылды.
Қанша сөзден құралса да, сөз тіркесі екі сыңардан тұрады. Оның бірі
бағыныңқы, екіншісі басыңқы сыңар деп аталады. Толық мағынасы бар сөздің
маңына топтасқан жартылай мағыналы немесе көмекші сөздер сол толық мағыналы
сөзбен сөз тіркесінің бір сыңарын (не бағыныңқы, не басыңқы) құрайды.
Синтаксистік сөз тіркестері басыңқы сыңардың қай сөз табынан болғанына
қарай есімді және етістікті болып үлкен екі түрге бөлінеді. Есімді сөз
тіркестерінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз
тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады. Есімді, етістікті сөз
тіркестерінің құрамдары әртүрлі болады. Бұл сөз тіркесінің қай-қайсысы да
сөз тіркесін жасаудың барлық заңдылықтары, яғни сөздердің байланысу
тәсілдері болсын, байланысу формалары болсын, есімді, етістікті сөз
тіркестерінің табиғатын ашуға бірден-бір негіз болып табылады.
Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысса, етістікті
сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады.
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы деп аталатын
тараушада когнитивтік лингвистиканың негізін салушылардың зерттеу
тұжырымдары негізге алынып, концепт ұғымы талданады. Концепт терминінің
мағынасы – өте терең. Концепт туралы ғалымдар ойы – әртүрлі.
Кейбір ғалымдар оны термин ретінде қарастырса (В.И.Карасик, С.А.Аскольдов),
енді біреулері (Д.С.Лихачев, В.Т.Москвин) ұғыммен теңестіреді. Концепт
негізінде адам білсем, көрсем, сезінсем деген оймен білім аясын жан-жақты
кеңейте түседі. Зерттеп, зерделеген сайын тіл бірліктерінің мәнін ашып,
соған көзін жеткізе түседі. Әсер ету күшін Б.А.Ларин концептіні тілдік
тұлғаның танымдық деңгейлерінің басты бөлшегі ретінде танып, ғаламның
тілдік моделін беруші ұжымдық сананың қозғалысын анықтаушы бірлік екендігін
көрсетеді [8, 20 б.].
Когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы – концепт бірнеше түрге
бөлінеді. В.А.Маслова концептіні жеке тұлғалық концептілер, адамдардың жас
ерекшеліктеріне байланысты концептілер, жалпыұлттық концептілер деп
таратады [9, 12 б.].
Жеке тұлғалық концептілер дегеніміз – біздің пайымдауымызша, белгілі бір
тұлғаның немесе автордың жеке қолтаңбасына тән тірек мағыналар. Ал
адамдардың жас ерекшеліктеріне тән концептілер тобы сол адам санасының
жасына қарай дамуын, сол арқылы әлемді, қоршаған ортаны қабылдауын
көрсетеді.
Жалпыұлттық концептілер сол ұлттың танымын, талғамын, өмірлік
тәжірибесін, парасат-пайымын, ұлттық ерекшеліктерін сипаттайтын сөздер
тобын құрайды. Сонымен қатар әрбір концепт адам санасының даму ерекшелігіне
байланысты, қоғамның өзгеріп, өркендеуіне байланысты бірнеше қабаттардан
тұрады. Сонымен қатар концептілердің негізгі қабаты жалпыұлттық сипатты
қамтып, қосымша қабаты – семантикалық өріс шеңберіндегі концептілерді
құрайды. Әрбір концепт күрделі, ол менталды кешенді жүйеден құралады. Оны
А.Байтұрсынұлы Адам дүниедегі көрген-білген нәрселерін тек байқап, тек
пікірлеп, тек саңлаулап қана қоймайды. Ол нәрселермен қатар адамның
көңіліне күй де жасалады. Адам көрген-білген нәрселерінің я ісінің біріне
күйінеді, біріне сүйінеді, біріне сескенеді, бірінен шошынады. Сезіліп
тұрған тысқарғы ғаламмен, сезіп тұрған ішкергі ғаламның екі арасы санаға
келіп түйіскен жерде жыртылып айырылғысыз болып бірігеді [3, 12 б.], –
деп түсіндіреді.
Бала танымында әлемнің тілдік бейнесі тілді игергенге дейінгі уақытта
қалыптасады. Оның тілдік көріністері бала тіліндегі вербалды элементтер
арқылы көрінеді. Бала миында жинақталған ақпараттар енді тілді меңгергеннен
кейін, сөйлеу барысындағы тілдік бірліктер арқылы нәтижесін көрсетеді.
Осыдан барып әлем туралы тілдік үлгілер қалыптасады да, баланың әлем туралы
біртұтас тұжырымдамасы бейнеленеді [9, 12 б.].
Ж.Исаева қазақ тіл білімінің антропоцентристік дамуы, мақал-мәтелдердің
антропоцентристік бағытта зерттелуін сөз ете келіп, қазақ халқының мол
қазынасы – мақал-мәтелдердің әрқайсысын когнитивтік тұрғыдан талдайды. Осы
талдау барысында мақал-мәтелдер бейнесіндегі адам концептісі жеке
тұлғалық концептіге де (Ерді намыс өлтіреді..., Болар бала қонаққа
үйір, Қыз-қылығымен), жас ерекшелігіне қарай концептіге де (Үлкен
тұрып, кіші сөйлегеннен без, Ағасы бардың, жағасы бар), жалпыұлттық
концептіге де (Балалы үй – базар, баласыз үй – базар, Әдепті келін –
келін, әдепсіз келін – келсап, Қонақ келсе – ырыс, т.б.) жататынын
дәлелдейді [10, 127 б.].
С.Жиренов ХҮ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жырау поэзиясындағы Өмір-Өлім
концептісінің танымдық табиғатын айқындап, концептіге ойлау мен таным
және мәдени процестердің жиынтығы бола келіп, адам ойындағы ғалам
бейнесінің өзіндік белгілерінің ассоциациялануының нәтижесі деген анықтама
береді [11, 27 б.].
Концепт – ғаламның концептуалды бейнесі жайлы түрлі ақпарат беретін
ұлттық-мәдени-танымдық мәнге ие болған доминанттың тілдік қолданыстағы
мағынасының ой елегінен өтіп, тіл арқылы бейнеленуі.
Есімді сөз тіркестерінің грамматикалық құрылымы атты тармақшада есім
сөз тіркестерінің ұйытқы сөзі қай сөз табынан келетіндігіне орай айтылған
зерттеулерге, сөз тіркестерінің грамматикалық құрылымдарына, байланысу амал-
тәсілдеріне, түрлеріне талдау жасалады.
Есімді сөз тіркестерінің басыңқы сыңары, көбінесе, зат есімнен келеді.
Зат есімдердің жетегінде келетін сөздер де зат есімдерден тұрады.
Олардың бірқатары қабыса байланысады. Екі зат есім атау күйінде қабыса
байланысып, алдыңғысы соңғысына бағына байланысады.
Ал К.А.Бейсенбаева Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдердің жалғаусыз
тіркестерінің кейбір түрлері, Безаффиксное сочетание имен существительных
в современном казахском языке еңбектерінде жалғаусыз зат есімнің
арнайы зерттеу обьектісі болмағандығын және күрделі мәселенің бірі
екендігін атап өтеді.
Зат есім мен зат есімнің тіркесі туралы М.Балақаев: Осы сияқты қатар
тұру арқылы бірін-бір анықтайтын зат есімдер тобы екі, үш, төрт сөзден
құралуы мүмкін: темір қанат балапан, қой көзді бала, шоқпар бас таяқ, –
сияқты бағыныңқы сыңары бірнеше зат есімнен де болып, күрделі түрде
жұмсалатындығын көрсетеді. Жалғаусыз зат есімдер тек екі сөзден келіп, жай
сөз тіркесін құраумен қатар, күрделі түрлерін де жасайды.
Алдыңғы екі зат есім басыңқы зат есімге әрқайсысы тікелей қатысты
болмай, екеуі сатылана байланысу негізінде өзара түйдекті топ құрауы
тілімізде түйдекті топтар деп аталып жүрген топтарға қарағанда, көп
кездесе бермеуі мүмкін. Әдетте, түйдекті топтар, көбіне, күрделі сын
есім, сан есім, етістік сөз таптарының негізінде және түрлі негізгі
сөздер мен көмекші сөздердің тіркесуі, сондай-ақ фразалық тіркестердің
қатысы арқылы жасалады. Ол толық мағыналы зат есімдерден жасалады дейтін
пікір жоқ екендігін профессор Қ.Жұбанов зерттеулерінен де кездестіреміз.
Зат есім басыңқылы тіркестер тілімізде жиі кездесе отырып, төмендегідей
құрамда келеді және өзара қабыса, матаса байланысады:
Қабыса байланысып келгендер:
1. Басыңқы сыңары жалқы немесе жалпы зат есімдерден жасалады: Талаптың
өзінің біраз шарттары бар. Әуелі – білім-ғылым табылса, дүниенің бір
қызықты нәрсесіне де керек болар еді деп іздемесе керек. Соның ішінде
уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар... (Абай. Отыз екінші қарасөзі.).
Түпсіз ой, түпсіз қиял неше мыңдап,
Бірі бүйт, бірі сүйт деп тұрады ымдап.
Тұңғиық тұманданған алдыңғы өмір,
Тұрғанын біліп болмас не дайындап (Шәкәрім). Білектей арқасында өрген
бұрым (Абай.).
2. Басыңқы сыңары жіктік жалғаулы зат есімнен келуі:
Мен жаралы – жолбарыспын.
Жұрттың атқан оғы өтіп.
Сен есірке, сорлы жаспын.
Шын сөзіме рақым етіп (Абай. Онегиннің Татьнянаға жауабы).
Мен бір тілсіз көлікпін,
Басымда соққан дауым жоқ (Шәкәрім. Өлген көңіл – ындысыз өмір).

Қазір тірі, дүниеге мен де ортақпын,
Осы күн батпай батып жоғалмақпын.
Алдыңдағы асау жас қайнап тұрған.
Мен болмаспын – бір уыс топырақпын (Абай.М.Ю.Лермонтовтан).
Матаса байланысқан тіркестер:
1.Басыңқы сыңары тәуелдік жалғаулы сөзден келуі арқылы: Біздің қазақтың
достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт
тануы ешбір халыққа ұқсамайды (Абай. Жиырма төртінші сөзі.). Екеуінің
мойнына арқан салып, Екі аттың құйрығына байлап алып... (Шәкәрім. Қалқаман-
Мамыр) .
..Таусылар деп ойлама сөздің кені.
Тауып айтса – дауасыз дерттің емі.
Сырты сау, іші науқас елдің дені,
Арсыздықпен не болар алған шені. (Шәкәрім. Ғайсада жан беретін таңның
желі). Адамшылдық міндетім, айт дейді адам індетін. Еріксізбін, шын
ниетім, Алды деме мазамды. (Шәкәрім. Ескіден қалған сөз теріп).
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен (Абай. Жазғытұры).
Сын есімді сөз тіркестері. Қазіргі қазақ тілі жайлы еңбектерде сөз
тіркестерінің басыңқы компонентінің қызметінде сын есімдердің келуі ерекше
айтылып жүр. Бірақ ескеретін жайт сын есімдердің кез келген семантикалық
тобы бұны құрай алмайды.
Тілдің даму барысында сын есім, сан есім, етістіктер үнемі зат есіммен
тіркесіп қана қоймай, керісінше, зат есімдердің, сан есімдердің, т.б. сөз
таптарының сын есімге тіркесуі нәтижесінде қалыптастанқан тіркестер де
пайда болады. Яғни, олар сөз тіркесінің басыңқы сыңарында қолданылғанда,
сындық мағына білдірмей, ең алдымен, субстантивтеніп барып, тіркеседі.
Мысалы, Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады (Абай. Жиырма бірінші
қарасөзі.). Оның жоқ тілегінің алалығы, Менімен бірге өткен балалығы.
Ықтиярсыз кезімнен жас шығарған – Қаяусыз ыдысының тазалығы (Шәкәрім.
Серігім жалғыз Әупіш қасымдағы).
Сүйер кісім, сүйенер жақыным жоқ,
Бір өзіңе сиындым, бар құдай-ау (Шәкәрім. Көкіректе толған шер, көңіл
қаяу).
Сын есімдердің басыңқы компонент қызметінде жұмсалып қалыптасу тарихын
айтқанда, лексика-грамматикалық факторларды есепке алу қажет. Көне түркі
материалдарына сүйеніп, бірнеше мысалдарға назар салайық: Андағ күчлугмен –
Сондай күштімін. Анығ едгү ол – оның жақсы ол (Ж). Кемісі алптіді –
Келгені батыр деді. (Т). Қағаны алп ерміс, айғуанысы білге ерміс – Қағаны
батыр, уәзрі білгіш еді. Толағұлуғ алп ермі, – Топтағандар батыр болады,
– Үзгүлүқ алп ерміс – Үзе алған батыр болады (Т). Ічре ашсыз, тарша йабыз,
йаблақ бүдүнта. – Ішсе ассыз, тысы тонсыз, жалаңаш бейшара халықта (ҚТ). Ол
тенріден дағы поп тан қарғышлыдыр – Ол тәңірден және поптан қарғыс алды.
Барчадан қүчлі, барчадан атлы - Бәрінен күшті, бәрінен татымды, барша
қатынлар арасында алғыстың (К.Қ). Келтірілген сөйлемдер құрамындағы андағ-
қүчлүгмен, андағ едүг ол, келмісі алп ерміс, айғучнсы білге ерміс, ічре
ашсыз, тарша тонсыз, плоптан алғышлыдыр т.б. сөз байланыстарынан мынадай
жай аңғарылады: бұл жердегі сын есім сөздер – тек сөз тіркестерінің
басыңқы компоненті ғана емес, сөйлемнің баяндауыш мүшесі, синтаксистік
байланысты құраушы діңгек. Бұл – сын есімнің осы қызметте қолданысы тек
сөйлемнің құрамында ғана мүмкін болатындығын дәлелдейді.
Сын есімдердің сөз тіркестерінде басыңқы компонент қызметінде қолданыла
бастауын бір мезгілдік құбылыс деп қарауға болмайды. Көне түркі
жазбаларында сын есімдер басыңқы компонент қызметінде сирек қолданылған.
Бұл функцияны көп жағдайда көмекші етістіктермен тіркесіп, не болмаса
жіктік формада атқарған. XIV ғасырдағы Кодекус куманикус тілінде де осы
жағдай кездеседі: барчадан күлчі, барчадан татлы, поптын қарғышлы дыр.
Морфологиялық құрылымы бірыңғай сын есімдердің өзі де бірде көмекші
етістікпен қолданылса, бірде жалаң тұрып осы қызметті атқарады. Бұл
фактілер мынаны дәлелдесе керек: сын есімдердің басыңқы компоненттің
қызметін атқаратын болып қалыптасуы олардың көмекші етістіктермен тіркесіп
(не баяндауыштық жалғаумен, оның өзі жіктеу есімдігі) қолдану негізінде
орныққан. Баяндауыштық қызметке икемдеуші тәсіл – көмекші етістіктер мен
жіктік жалғаулары. Осындай ыңғайда қолданыла бастаған сын есімдер сөйлемнің
ырғақты әуенімен, кейде көмекші етістіксіз жалаң қолданыла бастаған. Соның
әсерінен қазіргі тіліміздегі бірқатар сын есімдердің басыңқылық функциясы
осы тенденцияның негізінде пайда болса керек. Сөйтіп, сын есімдер басыңқы
компонентте орналаса отырып, өзара қабыса және меңгеріле байланысады.
Қабыса байланысып келуі:
Көкіректе толған шер, көңіл қаяу,
Ермейсің деп елім жау, досым баяу (Шәкәрім. Көкіректе толған шер, көңіл
қаяу).
Азат құстар аспанда ойнап ұшса,
Ұялып қарай мендей сорлы.
(Абай.Тұтқындағы батыр М.Ю.Лермонтовтан).
Халқым надан болған соң,
Қайда барып оңайын (Абай. Жүректе қайрат болмаса).
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (Абай Мен жазбаймын өлеңді ермек
үшін).
Меңгеріле байланысуы: сын есімдердің контексте басыңқы компонент
қызметінде жұмсалуы – дамудың, кейінгі кезеңнің жемісі. Ең негізгісі, сын
есімдердің баяндауыштық позицияда қолданыла бастауы және сол сөздің
лексикалық семантикасы болып табылады. Осы позицияда қолданылуын көмекші
етістіктер мен жіктік жалғаулары қалыптастырды. Басыңқы сыңар етістіктен
болса ( етістікті меңгеру, басыңқысы есім сөзден болса ( есімді меңгеру,
егер басыңқы сөз етістікті де, есім сөзден де қатар келсе, онда ортақ
меңгеру болатындығы белгілі. Мысалы: етістікті меңгеру: Пайдасынан бой суыт
(Абай. Қажымас дос халықта жоқ), есімді меңгеру: Өзбек жұртыменен аталас
едік. (Абай. Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы), ортақ
меңгеру: Осындай үлкен жиында мынадай суырып салма сөз Абайға қызық сияқты
көрінді (М.Әуезов). Енді құдай тағала бір антұрғанға еңбексіз мал
береді екен (Абай. Жиырма сегізінші қарасөзі).
Сонымен, меңгеруде бағыныңқы мүше барыс, табыс, шығыс, жатыс және
көмектес септіктерінің бірінде тұруы тиіс.
Сан есімді есім сөз тіркестері. Сан есімдер өзі бағынатын сөздерді сан
мөлшері жағынан анықтап, анықтауыштық есім сөз тіркестері құрамына еніп
отырады. Қабыса байланысады, ал басыңқы компонент заттың атын білдіретін
сөз, не заттық ұғымын жоймаған қатыстық сын есімдерден келеді. Сөйтіп, сан
есімді есім сөз тіркестеріндегі бағыныңқы компоненттің қандай сөз табынан
болғандығына қарай есептік сан есімді сөз тіркесі, реттік сан есімді сөз
тіркесі, болжалды сан есімді сөз тіркестері болып бөлінетіндігін
А.В.Севортян Септік категориясы. Түркі тілдерінің салыстырмалы
грамматикасы атты зерттеу еңбегінде келтіреді.
Сан есімдер қазақ тілінде (басқа да түркі тілдерінде) деректі (конкретті)
санауға келетін затты білдіретін сөздерді ғана айқындайды, да сөз тіркесін
жасайды. Сан есімді есім сөз тіркестеріндегі сандық қиысуды қазақ
жазбаларында да кездестіруге болады. Профессор Т.К.Қордабаев бұл туралы
еңбегінде былай дейді: Көптік қиысу XV-XVIII ғасырларда шыққан шежірелерде
сан есімнен болған анықтауыш пен анықталушы мүше (он екі адамлар, беш
кішілер) арасында да ұшырайды [12, 27 б.]. Бұл сан есімді есім сөз
тіркестеріндегі көптік қиысу түркі тілдерінде болғанын, оның осы тілдер
құрылымына жат құбылыс емес екендігін дәлелдейді. Оның үстіне бұған орыс
тілінің әсері болуы мүмкін деген көзқарасты профессор Ә.Аблақов
зерттеулерінде анықтай түседі. Сан есімдер, әсіресе, септік жалғауларының
бірінде тұрып көп субстантивтенеді. Олардың ішінде жинақтық субстантивтік
сан есімдер ешбір қосымшасыз да, сөз түрлендіруші аффикстердің барлық түрін
қосып та, әрі сандық мағынасын сақтап, әрі зат есімдік мағынада
қолданылатыны туралы айтылып келеді. Мұндайда өздері заттық мағынада, зат
есім орнында тұрады. Сонымен бірге мұндай құрамды тіркестер көбінесе матаса
байланысып келеді. Мысалы, Берерменде бесеуің, Аларда және алтауың, Топ
болғанда көрерсің, Түрлі дауда жүз тарау (Абай. Күлембайға).
Есімдікті есім сөз тіркестері. Анықтауыштық қатынасты білдіретін есім
сөз тіркестері құрамында есімдіктер де көне дәуірден бері қолданылып
келеді. Мысалы, Азу бу сабымда ігіз барғу (ҚТ.) – Менің бұл сөзімде жалған
бар ма? Қамқұқ балыққа тегдірім (Он.) – Барлық қалаларға шабуыл жасадым.
Қантү бүдүнүм тідім (МЧ.) – Өз халқым дедім. Жіктеу есімдіктері басыңқы
компонентте жұмсалады, алайда көпшілік жағдайда жалаң сөйлем түзеді, яғни
оның басыңқы қызметте болуы – баяндауыштың орнында жұмсалғаны.
Өздік есімдіктер де көне жазбаларда кездеседі. Ежелгі дәуірлерден белгілі
болып келе жатқан өздік есімдіктері – “өз” және “кентү”. Бұлар да көне
түркі жазбалар тілінде анықтауыштық қатынастығы сөз тіркестерінің бағыныңқы
сыңарының да, басыңқы сыңарының да қызметінде жұмсала берген. Қазіргі қазақ
тілінде өздік есімдіктердің басыңқы компонентте қолданылуы жиі айтылмаса
да, тілімізде ұшырасып отырады. ...Өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры
осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ (Абай. Бірінші
қарасөзі).
Сілтеу есімдіктері, әдетте, түбір тұлғада тұрып анықтауыштық қатынасты
білдіретін есім сөз тіркестерінің бағыныңқы компоненті болып жұмсалады.
Егер сілтеу есімдігі есімді сөз тіркесінің басыңқы компонентінде жұмсалса,
онда сөз тіркесі тіркес болудан қалады да, сөйлемге ауысады. Мысалы, Тілім
саған айтайын, осы сөздің келісін тап (Абай. Әбдірахманға Кәкітай атынан
хат). Бұл жерде осы сөз – сөздің осы... Міне, осы хабарды естіп, қайта
жүрген Әділдің кәрі шешесі... ( Шәкәрім. Әділ – Мәрия). Осы хабарды –
хабарды осы.
Жалпылауыштық, белгісіздік және сұрау, болымсыздық есімдіктері де
анықтауыштық қатынастағы есім сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде
жұмсалуымен қатар, есімді сөз тіркестерінің басыңқы сыңарын жасауға қатыса
алады. Ғибрат етіп Алланың дүниесін, Ойланып отыр еді әр немесін. (Шәкәрім.
Дубровский әңгімесі). Олар бұл қызметте сөз тіркесіне жинақтаушы,
жалпылаушылық, белгісіздік және сан-мөлшерлік мән береді.
Ғалым А.Н.Наджип еңбегінде барлық сөзі бар сөзінің фонетикалық
варианттары, бір түбірден тарағандығын айтады. Ауызекі тілде бар сөзі
бәрі деп, фонетикалық өзгеріске ұшырап та қолданылады. Көп кісі
жолаушының бәрінің аты арығаны жақсы ма? Жұт келсе, елдің бәрінің түгел
жұтағаны жақсы ма? (Абай. Жиырма үшінші қарасөзі).
Сұрау есімдіктері, көбінесе, драмалық шығармаларда, монологтарда, ауызекі
тілде басыңқылық қызметте пайдаланылуы мүмкін. Ал күнделікті қатысымда
басыңқы сыңарда қолданылса, бастауыш-баяндауыштық қатынастағы сөйлем
түзеді.
Есімді басыңқы сыңарлы сөз тіркестері арқылы берілген Абай, Шәкәрім
шығармаларының танымдық мәні атты тараушада есім сөз тіркестері арқылы
берілген тіркестердің танымдық мәні талданады.
Махаббат концептісі – адам өмірінде ерекше орын алатын табиғи дүние.
Махаббат – Алла концептісінде Жаратқан Алла адамды сүйіспеншілік
махаббаттан жаратса, адам баласы Алланы сол рахымымен иманды болу
арқылы Аллаға деген махаббатты туғызады. Екі ақын шығармаларында да
махаббат сезіміне Алланың адамзатқа берген үлкен сыйы деп қараудың
басымдығы көрінеді. Шынайы махаббат сезімі ішкі рухани жан тазалығымен
үндесіп жатыр. Абай да, Шәкәрім де махаббатты – жалпы адамзаттық таным,
түсінік деңгейіне көтерілген мәдениетті, адамгершілікті, ізгілікті ұлы
сезім екендігін бағалайды. Абай: Көрік – тәңірі дәулеті, Қылса ұнар
құрметі. Сұлуды сүймектік – Пайғамбар сүндеті, – деген айшықты жолдарынан
кездестіруге болады.
Ер мен әйел арасындағы сүйіспеншілік екі ақын шығармаларының өзекті
тақырыптарының бірі. Махаббат – бейнет сусыны, махаббат – ғашықтық
деген логикалық молельдер түзейтін концептісінде жастықтың жалынымен қатар
жүретін құбылыс екендігін баяндайды.
Абай:
Кейде есер көңіл құрғырың,
Махаббат іздеп талпынар.
Ішсем деп бейнет сусынын
Асау жүрек алқынар! – деп, жастықтың отын іздеп шарқ ұрады.
Шәкәрім:
Барады екі уақыт сабағына,
Қайтады мезгілімен тамағына.
Бұларда махаббаттың нұры бар деп,
Қарайды жанның бәрі қабағына, – деген жыр жолдарынан махаббат атты
ұғымның құдыреттілігін көрсетеді. Қос ғашықтың Махаббат – ғашықтық
концептісінде
Шәкәрім:
Ей, Қалқаман, тегі жоқ, құдай жалғыз,
Мұқтаж емес жолдасқа тіпті армансыз.
Адамзатқа көмексіз, махаббатсыз
Өмір қызық дегенді естен қалғыз.
Жоқ болса махаббатты бір сүйгенің,
Ойлашы, керегі не дүниенің.
Сүйсін, жолдас болсын деп жаратты Алла. Бұл туралы білгенім осы менің
– деген өлең жолдарынан бір сөзінің ерекше әрі стильдік, әрі танымдық жүк
арқалап тұрғанын көруге болады. Шынайы ғашықтықты бағалауды да Алла
жаратқан деген ұғымымен астасып жатыр.
Ар-ұят концептісінің философиялық аспектісі жан садағасы екендігін, Абай
Алланың өзі де рас, сөзі де рас деп басталатын өлеңінде және отыз алтыншы,
отыз сегізінші қарасөздерінде ар мен иманды түсіндіруде араб сөздерін дәл
құран тілінде берілуімен қолданып, оның мән-мағынасын қазақтың поэзия
тілімен немесе қарасөздерінде шешендік үлгісімен береді. Қазақ халқының
ертеден қалыптасқан моралі Малым – жанымның садағасы, Жаным – арымның
садағасы деп ар, ұят, иман қасиеттерін жаннан артық бағалап, Өлімнен
ұяттың күшті екендігін қоғамда, тәрбиеде басты қағида етіп ұстанған.
Жүрек әртүрлі аспектіде көрініс табады. Жүрек сөзі тура мағынасында –
бойға қан жүргізуші басты орган. Ауыс мағынасында адам баласының жан
дүниесі, рухани сезімі. Сол сезімнің әркімнің бойында әртүрлі қабылдаудың
әсерінен лүпілдеген жүрек, қақ айрылған жүрек, сұм жүрек, жылы жүрек,
асау жүрек, ақ жүрек т.б. секілді күйініш пен назын, қуанышы мен қайғысын
білдіреді. Философиялық тұрғыдан адам өзін-өзі жеңуі және дел-салдық
дәрежеге түсуі ақиқат. Жүрек – ішкі дүниенің күші. Рас, жүрек күші
арқылы өмірдің барлық сәттері мен барлық амал-әрекеттерін құрастыратын қару
іспеттес. Абай Жүрек – қаза көрген жүрек аспектісінде:
Біреудің кісі өлсе, қара ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы – ол.
Көзінің жасын тыймай жүріп
Зарланып неге ән салады ол? – деген өлең жолдарында қапаланып, қайғы
жұтқан адамның зарланып, мұңданған күйі танылады. Сол сәттегі адам
баласының бүкіл жай-күйі көз алдыңызға елестеп, қан жұтып отырған, қара
жамылып отырған жүрек адам өзі екендігін Абайдың өлең жолдары айқын
көрсетіп тұр. Бұл жерде жүректің сан түрлі күйде бола алатындығымен қатар,
кей жағдайда жүректің қаза көрген жүрек те болатындығын танытады. Қаза
көрген жүрек әдеттегі жүректен ерекшелеу, өйткені ол бар даусымен айғай
салып, зарланып жоқтау айта алуымен де, сондай-ақ іштей күйзеліп, күрңірене
отырып, зарланатын жүрек те бола алады. Тірі адамның жүректен аяулы жері
бол ма?, – деген (Абай. Отыз төртінші қарасөзі). Жүрек концептісіне
лингвокогнитивтік талдау жасау арқылы этнос болмысына қатысты көптеген
танымдық мәнді қарастыруға болады. Ақтабан шұбырынды халық басынан өткен
зар заман болды. Қазақта тыйым сөздер бар, Зарлама, жаман болады,
Зарлама жағың қарысады, – деп үлкендер айтып жатады. Осы зарлама
етістігін Шәкәрім: Кетсең де, сәулешім, Суретің ойымда. Нұрлы жүзің
сипаттап зарланайын, Айтатын әлемнің, Істеген тойында, – деп ғашықтықтан
басы айналған жүрегінің әмірімен ғаламға жар салғысы келетіндігін жасырғысы
келмейді. Сонымен қатар жүрек концептісі жүрек – жастық шақ, жүрек –
ыстық жүрек деген лингвофилософиялық түсінік арқылы көрініс тауып, адам
бойындағы жастықты, қайсарлықты, бұлқынған, тасынған сезімді, жігерлілікті
білдіреді.
Ол дәурен өмір емес, бір көрген түс,
Ойға тойма, қызықты қиялдан күс.
Қарашы, өн бойыңа түгел ме екен,
Ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш? –деген жыр жолдарына арқау етеді.
Сонымен қоса, есейген шақта өткен өміріне есеп бере отырып, бойда бар
ыстық жүректі, қуат пен күшті білім мен ғылымға жұмсау қажеттігін
ескертеді. Сөйтіп, данышпан Абай жастарға өмір тез-ақ өтіп кетеді,
сондықтан күш-қайратың барда білім ал, еңбек ет, еліңе пайда әкел деген
өсиетті қоса білдіреді. Жүрек – кірлеген жүрек ұғымында Абайдың есейіп,
қоғамның келеңсіз жағын көре отырып, халықтың арасындағы жағымпаз, өсекші,
мансапқорлардың жат қылықтарына өзінше топшылаулар жасап, қоғамның өзгерген
әр түрлі құбылысын этнос танымына жақын бейнелер арқылы суреттеген.
Сылдырлап өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай,
Кірлеген жүрек өзі ішін
Тұра алмас әсте жуынбай
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл
Не жазып кетсе, жай ол,
Жек көрсеңдер өзің біл, – деген өлең жолдардан жүректің әр түрлі
құбылыстарға жауап беріп құбылатындығын байқаймыз. Сонымен жүрек –
тілдік әлем бейнесінде адам өмірі мен дүниетанымында басты рөл атқаратын
қоғамдық құбылыс. Жүрек концептісінің логикалық модельдеріне қатысты
түрлі ұғымдарды атап өтуге болады. Оларға: жоқтау айту, өмірге талпыну,
өткенге өкіну, шарасыздық т.б. сияқты тілдік-логикалық бірліктерді
жатқызған жөн.
Сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары арқылы берілген Абай, Шәкәрім
шығармаларының концептілік сипаты атты бөлімде сөз тіркестерінің есімді,
етістікті, ортақ басыңқы сыңарлары арқылы берілген Абай, Шәкәрім
шығармаларының танымдық мәні лингвофилософиялық мазмұнға ие болатындығын,
ар-ұят, имандылық, тәңір, білім-ғылым, махаббат, т.б.
концептілерінің логикалық әр түрлі тілдік модельдері образдық сипат
құрайтындығын айтылады. Адамның рухани дүниесі тіл мен ойлауға тікелей
байланысты.
Ж.Манкеева ұлттың рухани дүниесі, сонымен сабақтас қалыптасқан
материалдық өндіріс пен тұрмыс күйі әркімнің жеке басының жағдайына
байланысты, тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасқан
жалпыхалықтық құбылыс екендігін анықтайды. Ұлттық мәдени лексиканың ұлттық
психологиямен, ұлттық дүниетаныммен тығыз байланысты екендігін таныта
отырып, ғалым тіл арқылы ұлттық болмысты зерделейді.
Ә.Қайдардың Этностың дүниеге келуіне ұйтқы болған да – тіл, рухани –
мәдени өмірінің өзегі де, өзін-өзі танып білудің өлшемі де – сол тіл.
Адамтану, Қоғамтану, Табиғаттану деп аталатын ғылым салаларының
қалыптасуына негіз болатын да, біле білсек, осы тіл әлемі, [13, 11 б.].
– деген тұжырымы бүгінгі қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы
ғылыми ізденістердің басты ұстанымына айналып отыр. Осы тұрғыда
Э.Д.Сүлейменова,
К.Жаманбаева: ...тіл мен таным процестерінің арақатысын көрсетуде тіл
қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен
танымның арақатысы адам баласының интеллектуалды өмірінде (оған тіл де
кіреді) құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді, – деген
тұжырымдар жасайды[14, 3-4 бб.]. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов,
Е.Омаров, К.Кемеңгерұлы, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Мұсабаев, т.б.
ғалымдардың еңбектерінен танымдық ой-жүйенің бар екендігін, қазақ ғылымында
когнитивтік лингвистиканың іздері ежелден-ақ қалыптасқанын байқауға болады.
Етістікті сөз тіркестерінің грамматикалық құрылымы деген тармақшада
тіліміздегі сөз тіркестерінің аумақты тобын етістіктер құрайтындығы
жайында сөз болады. Етістіктер сөз тіркестерінің түрлерін айқындауда басты
рөл атқарады. Сөз тіркесін құрауда және сөйлемді тиянақтауда сөздер 3 түрлі
формада жұмсалатындығын профессор Т.Сайрамбаев өз еңбегінде атап көрсетеді
[6, 153 б.]. Сөз тіркестерінің ұйытқы сыңары етістіктің көсемше, есімше
тұлғаларымен қатар, жақсы оқып, жақсы оқыған, ашық рай тұлғасы да ол
жақсы оқыды сөз тіркесін ұйымдастырушы деп танылуға тиіс. Өйткені
етістіктер қандай тұлғада келмесін бәрібір сөз тіркесін құрайды.
Сөз тіркестерінің басыңқы қызметінде етістіктерге тән тұлғалардың
қайсысы да сөйлемнің соңында емес, ішінде қолданыла алады. Олар сабақты,
салт етістіктер, райлар, есімше, көсемше, етіс, болымды, болымсыз, дара
және күрделі тұлғаларының біреуі болуы да мүмкін. Етістікті басыңқы
сыңарлы сөз тіркесі қабыса және меңгеріле байланысады. Обьектілік мәндегі
шығыс септікті зат есімдер етістікті тіркестің бағыныңқы қызметінде жиі
қолданылады. Төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек (Абайдың
отыз бірінші қарасөзі). Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды (Абайдың
он тоғызыншы қарасөзі).
Жас күнімде ерінтіп,
Шала қалдым ғылымнан. (Шәкәрім. Ашу мен ынсап).
Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі: Айла менен амалды, Меруерттей
тізіппін, Жалмауыздай жалаңдап, Ар, ұяттан күсіппін, Қулық пенен сұмдыққа,
Құлындайдай ұшыппын. (Абай. Жылы белгісіз өлеңдерден). Биені байлап болып,
желінің басында отырғанда, түнеугі ысқа берген теріні қанжығасына байлаған
(Шәкәрім. Әділ – Мария). ... бақайыңнан келмей түк көрмегендей-ақ маңқиып
тұра бересің-ау! (Шәкәрім. Әділ – Мария).
Қазақ тіліндегі -мен, (-бен, -пен) тұлғалы сөз тіркестері қимыл-әрекеттің
құралын, іске асу тәсілін және бірлескен әрекетті білдіреді. Мысалы, Алла
тағаланың көрмегі, естімегі, біз секілді көзбенен, құлақпенен емес,
көргендей естігендей білетұғын ғылымның бір сипаты (Абай. Отыз сегізінші
қарасөзі).
Арам оймен ар сатып, үзіп-жұлмақ,
Міне, пайда қылдым – деп мақтан қылмақ (Шәкәрім.Анық пен танық).
Намыс сол – өзің қорлан кемдігіңе,
Құрбыңмен ұмтылып бақ теңдігіңе (Шәкәрім. Талап пен ақыл).
Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек
(Абай. Отыз екінші қарасөзі).
Сілтеу есімдікті етістік басыңқы тіркес Мысалы: Хан қайғырды: Ел жайы
бұл екен деп, Әншейін босәуіре боп жүр екем деп. (Шәкәрім. Алты
әңгіме).
Екінші тараудың екінші тармақшасында махаббат, ар, имандылық
концептілер өрісінің танымдық бейнесі ашылады. Ақындар тіліндегі ұқсастық
және танымдық талдаудың мәні көрініс табады.
Махаббат концептісінде келтірілген бойды шымырлатып, тілді байлап,
буынын босатып, буынды құртып деген етістікті басыңқы сыңарлы сөз
тіркестері екі жастың махаббатында болатын сезім күйінің жоғары мотивін
көрсететін болса, қайығы шеккен адамның күйін бейнелейтін тура осы сөз
тіркестері Абайдың бесінші қарасөзінде: Қайғы көрген кісінің қайғысы өзін
де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я
тілден сөз болып ағады тіркестерімен айқындалады. Бұл жердегі бойды
шымырлатып, буынды құртып, көзден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздердің тіркесу тәсілдерінің байланысу формалары
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ КЕЗЕҢДЕРІ, БАҒЫТТАРЫ
Сөз тіркесін зертеушілер
Ағылшын және қазақ тілдерінің байланысуы
Сөздердің байланысу формалары
Қазақ тіліндегі атаулық тіркестердің қалыптасуы мен жасалу жүйесін, модельдерін, уәжділік негізі мен семантикалық құрылымының өзіндік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеу
Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
Сөз тіркесі
Үстеулердің үстеулер тіркесі
С. аманжоловтың синтаксис саласына қатысты зерттеулері
Пәндер