Конституциялық-құқықтық нормалар, институттары мен қағидалары



1. Конституциялық.құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлері мен ерекшеліктері
2. Конституциялық құқықтық институттар
3. Қазақстан Республикасының Конституциясының қағидалары
Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз.
Конституциялық-құқықтық нормалар ұғымын, олардың түрлері мен ерекшеліктерін баска құкықтық нормалармен ұқсастығы қандай, құкықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан конституциялык. құқықтық нормалар қалай ерекшеленеді деген екі бағытта карастырған жөн.
Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қоргаушылық қызметті атқарады.
Реттеуші нормаларға құкықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдык. міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқыктық нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституциянын азаматгың құқы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық корғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.
Мұндай конституциялық құқықтык, нормалар көп емес. Конституциялық құқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні мейлінше зор, олар конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады.
Құқық қорғаушы нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке, оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер жатады.
Конституциялық құкыктың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің айтарлықтай мәні бар.
Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге яғни, мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді. Осындай құқық беруші нормалар көп мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар — азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқық беруші нормаларға Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің конституциялық өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.
Конституциялық заңдарда тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Айталық Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы кұрамалар ұйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін, заңдылык пен құкықтық тәртіпті қорғауды көздейді. Бұл туралы Конституцияда анық айтылған. 5-баптың 3-тармағында: «Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет кауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған коғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады» делінген.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
2. Тақырып. Конституциялық-құқықтық нормалар, институттары мен қағидалары
1. Конституциялық-құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлері мен
ерекшеліктері
2. Конституциялық құқықтық институттар
3. Қазақстан Республикасының Конституциясының қағидалары

1. Конституциялық-құқықтық нормалар ұғымы, олардың түрлері мен
ерекшеліктері
Құқықтық норма - қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын
әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың,
мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма
қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды.
Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық
қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз.
Конституциялық-құқықтық нормалар ұғымын, олардың түрлері мен
ерекшеліктерін баска құкықтық нормалармен ұқсастығы қандай, құкықтың басқа
салаларының құқықтық нормаларынан конституциялык. құқықтық нормалар қалай
ерекшеленеді деген екі бағытта карастырған жөн.
Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлық
белгілері тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық
қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң
нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қоргаушылық қызметті атқарады.
Реттеуші нормаларға құкықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық
беру және оларға заңдык. міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір
нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқыктық нормалар жатады. Бұл, әсіресе,
Конституциянын азаматгың құқы мен бостандығы туралы бөлімінде анық
көрінеді. Құқық корғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті
бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен
анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.
Мұндай конституциялық құқықтык, нормалар көп емес. Конституциялық
құқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болмағанымен олардың мәні
мейлінше зор, олар конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқы
мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады.
Құқық қорғаушы нормаларға Президенттің импичменті туралы, Үкіметке,
оның жекелеген мүшелеріне сенім көрсетпеу туралы конституциялық ережелер
жатады.
Конституциялық құкыктың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші
нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің
айтарлықтай мәні бар.
Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты
жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге яғни, мемлекеттік
органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға қандай да бір жағымды әрекет
жасауға құқық береді. Осындай құқық беруші нормалар көп мөлшерде
азаматтарға беріледі. Бұлар — азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік
құқықтары туралы конституциялық нормалар. Құқық беруші нормаларға Қазақстан
Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық
Кеңесінің конституциялық өкілеттігін анықтайтын нормалар жатады.
Конституциялық заңдарда тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың
белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді.
Айталық Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы
кұрамалар ұйымдастыруға тыйым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар
мемлекеттің конституциялық негіздерін, заңдылык пен құкықтық тәртіпті
қорғауды көздейді. Бұл туралы Конституцияда анық айтылған. 5-баптың 3-
тармағында: Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық
құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет кауіпсіздігіне
нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және
рулық араздықты қоздыруға бағытталған коғамдық бірлестіктер құруға және
олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген
құрамалар құруға тыйым салынады делінген.
Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық
бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекетгер
жасау жауапкершілігін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары
Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да
конституииялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн.
Конституциялық-құқықтық нормалардын, олардың құқық саласының басқа
құқықтық нормаларынан ажырататын ерекшеліктер бар.
1. Конституциялық-құқықтық нормалар ерекше қоғамдық қатынастарды
реттейді. Конституциялық-құқықтық нормалар адам мен азаматгың құқықтық
мәртебесінің негіздерін бекітуге қатысты конституциялық құрылыс негіздерін
нығайтумен, мемлекет органдары жүйесін анықтауға байланысты қатынастарды
реттеуді көздейді.
2. Конституциялық-құқықтық нормалардың үлкен зандық күші бар. Басқа
құқыұтық нормалар Конституцияға қайшы келмеуі тиіс. Барлық басқа
нормативтік актілер Конституция негізінде шығарылады. Конституция
қағидаларына қайшы келетін құқықтык актілердің күші жойылуы тиіс.
Конституциялық нормаларды қорғау құқы Конституциялык Кеңеске және
Прокуратураға берілген.
3. Материалдық және іс-жүргізуші конституциялық-құқықтық нормалар
өзіндік қырымен ерекшеленеді. Қылмыстык, азаматтық, әкімшілік құқықтан
айырмашылығы конституциялық кұқыктың конституциялық нормаларды жүзеге
асырудың жалпы біржақты тәртібін белгілейтін мамандандырылған іс жүргізуші
саласы жоқ. Алайда, бұл конституциялық құқықта іс жүргізетін нормалар жок,
деген сөз емес. Конституииялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық
қатынастар тобының қай-қайсысының да өзіндік іс жүргізу нормалары бар.
Айталық, Парламенттің заңдар кабылдауының белгілі бір тәртібі, яғни
заң шығару бастамашылығы құқығы субъектiнiң Парламент қарауға мiндеттi заң
жобасының және Парламенттiң өзге заң актiсiнiң мәтiнiн ресми енгiзуi заң
шығару бастамашылығы болып табылады. Заң шығару бастамашылығы құқығы тек
Мәжiлiсте ғана жүзеге асырылады және ол: 1) заң құжатының жобаларын
Мәжiлiске енгiзу туралы шешiмiн тиiстi ұсынысымен ресiмдеген Парламент
депутаттарына; 2) заң құжатының жобасын Мәжiлiске енгiзу туралы шешiмiн
Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылдайтын Республика Үкiметiне
берiледi. Депутаттар және Үкiмет енгiзген заң актiлерiнiң жобалары Мәжiлiс
қаулысымен Мәжiлiстiң тиiстi тұрақты комитеттерiне қарауға жiберiледi әрi
бұлар жөнiнде Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң тұжырымдары болған ретте
ғана оның пленарлық отырысында қаралуы мүмкiн. Мемлекеттiк кiрiстi
қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты арттыруды көздейтiн заңдардың
жобалары Республика Үкiметiнiң оң тұжырымы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн.
Заң шығару бастамасы құқығын жүзеге асыру тәртiбiне байланысты өзге
мәселелердi Мәжiлiс Регламентi шешедi.
Сонымен қатар, Республика Президентiнiң қызметiне кiрiсуi. Республика
Президентi: Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме
жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн, -
деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Республика
Президентi анттың мәтiнiн мемлекеттiк тiлде айтады.
Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент
депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының,
сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерiнiң қатысуымен
өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан
Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика
Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күннен бастап бiр айдың iшiнде ант
бередi.
Республика Президентi Республика Конституциясына ант етедi. Ант
берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимнi орындалады.
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Президентке Қазақстан Республикасы
Президентiнiң куәлiгiн, омырауға тағатын белгiсiн, байрағын және Алтын
қыран орденiн тапсырады.
Егер бiр тұлға Республика Президентi болып екiншi өкiлеттiк мерзiмiне
сайланған жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң омырауға тағатын
белгiсi, байрағы және Алтын Қыран орденi оған қайталап тапсырылмайды.
Парламентке депутаттар сайлауын өткізу, референдум өткізу тәртібі және
басқалары конституциялық нормалармен белгіленеді.

2. Конституциялық құқықтық институттар
Конституциялық құқық өзіндік мемлекеттік-құқықтық институтқа ие.
Құқықтық норма — құкықтық әлемнің тілі. Ал құқықтық институт құқықтық
жалпылықты, яғни, өздерінің зандық мазмұнының жакындығы бойынша топтаскан
құқықтық нормалар жиынтығын білдіреді. Құқыктык нормалар конституциялык
құқық саласын сыртгай емес, құқықтық институттар арқылы кұрады.
Конституциялық құқықтың конституциялық ииституттары конституциялық-
құқықтық нормалардың ықпалындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір
учаскелерін реттеуді көздейді. Әр құқықтық институт шартты түрде
конституциялық құқық саласының дербес құқықтық нормалар тобын білдіреді.
Құқықтық институттың шартты түрдегі дербестігі құқықтық реттеудің
тұйықталмаған тетігімен, конституциялық құқықтың басқа да құқықтық
институттарымен байланыста және тәуелділікте екендігімен көрінеді және
олардың бәрі өзара байланыста конституциялық қатынастарды реттеуді
қамтамасыз етеді.
Конституциялық құқықтың құқықтық институттары коғамдық қатынастардың
ірі немесе шағын тобын реттей алады. Алайда, бұған қарап, олардың
мәнділігін жоғары немесе төмен деп бағалауға болмайды. Әр құкықтық институт
өз учаскесінде құқықтық қатынастарды тиімді реттеуі тиіс. Бұл үшін құқықтық
институт реттелетін қатынастардың барлық қырын қамтитын құқықтық нормалар
кешенін толық меңгеруі қажет. Әрине, ол бір-ақ рет қайталанатын іс емес.
Реттеу пәні — қоғамдық қатынас — жанды, серпінді құбылыс. Осыған орай, оның
жағдайын назардан шығармай, тиісінше құқықтық институтты жетілдіріп отыру
керек.
Әр конституциялық-құқықтық институт тек коғамдық катынастардың белгілі
бір учаскесін ғана реттемейді. Оның нормаларында арнаулы ұғымдар,
терминдер, қағидалар жатыр. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны
азамат, азаматтық, азаматтық алу, азаматтықты жоғалту,
азаматтықтан шығу, азаматтың кұқы, бостандығы және жауапкершілігі тағы
басқа осындай ұғымдардан көрінеді.
Конституциялық-құқықтық институттың, кез келген басқа құқықтық
институттың сияқты, өз кұрылымы бар. Бұл құрылымды құрайтындар әр қилы
зандық мазмұнымен сипатталады. Мұндай әр қилылық қоғамдық катынастардың
тиісті бөлігін реттеуді қамтамасыз етеді. Бүкіл әр қилылығына қарамастан
құқықтық институтгың нормалары ортақ құкықтық принциптермен, идеялармен
бірлестірілген. Айталық, қабылдау негіздеріне қарамастан азаматтық
институты азаматтардың бірлігі мен теңдігі принципімен бірлестіріледі.
Құқық институты кей кездері жекелеген нормативтік құкықтық актілерде
бекітіледі. Арнаулы заң қабылданған сол азаматтық институтын-ақ алалық. Бұл
азаматтық қатынастарды реттейтін барлық құқықтық нормалар осы заңның ішінде
деген сөз емес. Азаматтық туралы негіз боларлық нормалар Қазақстан
Республикасының Конституциясында жазылған. Атап айтқанда Қазақстан
Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай
негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.
Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын
өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге
аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында
болуы танылмайды. Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше
белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге
болмайды. Республика өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға
және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.

3. Қазақстан Республикасының Конституциясының қағидалары
Құқықтық қағидалар — тәртіптің нақты ережелерін бойына жинақтамаған,
бірақ мемлекеттің, оның органдарының, азаматтардың, олардың
бірлестіктерінің, лауазымды адамдардың қызметін ұйымдастырудың белгілі бір
бағыттарын қарастыратын құқықтық нормативтік идеялар. Конституциялық -
Конституцияда бекітілген және конституциялық құрылысты, оның қызметін
ұйымдастыру бағытын анықтайтын қүқықтық нормативтік идеялар. Сондықтан
олардың мемлекет үшін, азаматтар үшін айрықша маңызы зор. Конституциялық
қағидалар қандай болса, конституциялық құрылыста сондай немесе керісінше.
Конституциялық қағидалар түптеп келгенде, Конституция қабылданар кезде
қалыптаскан экономикалық, саяси, әлеуметтік, этникалық факторлармен және
мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық идеяларымен қамтамасыз етіледі.
Сыртқы факторларды: әлем таныған халықаралық құқық нормаларын да назардан
тыс қалдыруға болмайды. ҚР Конституциясында халықаралық мен нормаларын
құрметтейтіндігі атап айтылған. ҚР-сы Конституциясы нормаларын талдау
көрсеткендей, конституциялық қағидаларды айтылу нысандарына қарай екі
топқа: 1) Конституцияда айқындалған; 2) айкындалмаған конституциялық
қағидаларды талдау аясында рәсімделген топтарға бөлінеді. Айтылғандарға
республика қызметіне негіз болатындай қағидалар мемлекеттік билікті заң
шығару, атқару, және сот тармақтарына бөлу қағидасы жатады.
Қоғамдық келісім қағидасы бірінші орында тұрады. Қоғам әр түрлі
топтарға, таптарға, ұлттарға, тектерге бөлінеді. Мұндай бөліну осы
топтардың біріне-бірі сәйкес келмейтін әр түрлі дүниетанымдары,
көзқарастары, сенімдері барлығын білдіреді. Мұндай ерекшелік көзқарас
қайшылығына түрткі болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты қоғамдық келісімнің
маңызы айрықша. Патриртизм қағиданы негізгі қағидалардың бірі ретінде
есептейді. Патриотизм қазақстан азаматтарының өз Отанына деген
сүйіспеншілігі мен берілгендігін білдіретін, сезімі мен әрекеті.
Қазақстандық патриотизм — ол қазақстанда сандаған жылдардан бері тұратын әр
ұлт адамдарының мүдде бірлігін сезіну, бүл елдің тарихи өткеніне құрметпен
қарау, жаңа мемлекет құрып, азаматтық қоғамды қалыптастырудағы белсенді
қызмет.
Мемлекет өміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді демократиялық жолмен
шешу—ҚР-сы қызметінің негізгі қағидасы. Конституция мемлекет өмірі
мәселелерін демократиялық жолмен шешудің бірқатар әдістерін қарастырған. Ол
— мемлекет өміріндегі мейлінше маңызды мәселелерді халықтың өзінің
республикалық референдум арқылы шешуі.
Билік бөлу қағидасының маңызды болатын себебі, ол мемлекеттің
ұйымдастырылуын, оның тетіктерін белгілейді. Конституцияда бұл қағиданы
тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибесін
ескеруді, құқықтық мемлекет құруға бағыт ұстауды білдіреді.
Конституцияның үстемдік қағиданы әр қилы әсер етеді. Ең алдымен ол
қазақстанда конституциялық құрылысты орнықтырудан, құқықтық мемлекет құруға
ұмтылудан көрінеді. Конституцияның үстемдігін тану мемлекеттің
Конституцияға, заңға бағыну идеясын білдіреді.
Конституциялық зандылық - ол барлық мемлекеттік органдардың,
лауазымды адамдардың, азаматтардың және олардың бірлестіктерінің ҚР
аумағында конституциялық нормалар мен қағидаларды мүлтіксіз сақтап,
біркелкі қолдану. Айқындалмағандар қатарына демократиялық қағидасы да
жатады. Атқарушы биліктің иерархиялық құрылуы мен қызметі жөнінде. Айталық,
жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне
кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатты тиісті аумақтағы даму
мүддесі мен тұтыну қажетіне сай жүргізуін қамтамасыз етеді.

3. Тақырып. ҚР Конституциясы - мемлекет пен қоғамның негізгі заңы
1. ҚР Конституциясының жалпы сипаттамасы
2. Қазақстан Республикасының Конституциясының мәні, оның құқық жүйесіндегі
орны
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдардың ара қатынасы

1. ҚР Конституциясының жалпы сипаттамасы
1993 жылы 28 қаңтарда егеменді тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірінші
Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық мемлекет құру, оның
мемлекеттілігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын
тарихи орын алатын ҚР Конституциясы болды. Алайда, қоғам дамуының
қажеттілігі негізінде жаңа Конституция жобасы жасалды. Ол 1995 жылы 30
тамызда республикалық референдум негізінде жаңа Конституция қабылданды.
1998 жылы 8 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынысымен
Парламент Конституцияға толықтырулар мен өзгертулер енгізді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен және 98 баптан
тұрады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзінің барлық
азаматтарына бірдей құқық қамтамасыз ететін демократиялық, зиялы және
біртұтас мемлекет. Қазақстан республикасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері
Құқықтық Мемлекеттің концепциясы
Конституциялық құқықтың пәні
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері, жүйесі
Құқықтық жүйесі құрылымының қағидалары
Аграрлық құқық
Қазақстан Республикасы Конститутциясының дамуының негізгі кезеңдері
Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі жайлы
Пәндер