Көпен Әмірбек- сатирик


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті
Филология факультеті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ-ДАРЫНДЫ ДА ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР» атты студенттер мен магистранттардың кезекті ХХ ғылыми-теориялық конференциясы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Көпен Әмірбек- сатирик
Ғылыми жетекші: Р. Есбалаева
Орындаған: М. Қадір
Тобы: ФҚӘ-111
Түркістан 2011
1-қосымша
Ғылыми жұмыс туралы аннотация
- Аты: «К. Әмірбек-сатирик»
- Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы: филология
- ЖОО: Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
- Жұмыстың ақталған уақыты: 05/12/2011 ж.
- Жұмыстың көлемі: 26 бет
- Қосымша саны: -
- Иллюстрация саны:-
- Кесте саны:-
- Пайдаланған әдебиеттер: 15
Жұмыстың сипаттамасы:
1. Көпен Әмірбек-сатирик
- Зерттеуде пайдаланған әдістер: салыстырмалы, жүйелі талдау
- Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері: ғылыми, тәжірибелік
- Ғылыми зерттеуді қолдану туралы құжаттар жиынтығы (ия, жоқ) : жоқ
Автор қолтаңбасы:
2-қосымша
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша конкурсқа баяндамалары ұсынылған автор мен ғылыми жетекшісі туралы
МАҒЛҰМАТ
АВТОР
- Тегі: Қадір
- Аты: Мадина
- Әкесінің аты: Нұржанқызы
- Курсы: 1-курс
- Мекенжайы: ОҚ облысы, Таукент қаласы. 87054834893
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ:
- Тегі: Есбалаева
- Аты: Роза
- Әкесінің аты: Жұмабайқызы
- Қызметі: магистр-оқытушы
- Мекенжайы: ОҚО, Түркістан қаласы, әл-Қожа көшесі №77а
Ғылым және халықаралық қатынастар
Ісі жөніндегі вице-президент, техн, ғ. д.,
профессор: Т. Раимбердиев
Жұмыс авторы: Қ. Мадина
Ғылыми жетекші «Қазақ әдебиеті»
кафедрасының магистр-оқытушысы: Р. Есбалаева
Қадір Мадинаның «Көпен Әмірбек -сатирик» атты ғылыми жұмысына ғылыми жетекші
пікірі
1-курс студенті Қадір Мадина студенттердің университетішілік ХХ ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасап, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Кез-келген сатиралық шығармада сатира бір ғана фактіден көрінбейді, кез-келген тұсынан, мақсатынан, идеясынан біртіндеп таныла береді. Мұнымен қоса автордың стильдік тенденциясына орай гротеск, гипербола, ирония, сарказм секілді түрлі құралдардың нәтижесінде пародия, памфлет, әшкерелеуші фельетон, юмор, шарж, карикатура секілді түрлі тарапқа түрлене береді. Біз тақырыпқа айналдырған Көпен пародияларында мұның баршасы көрініс тапқан. Автордың пародиялары барысында жеткен жетістіктері бірнешеу. Студент осы жайттарды дұрыс пайымдай алған.
Сатиралық бейне жасауда ақын сатирик К. Әмірбек аса сезімтал, адам бойындағы кесел әдеттерді де көркем бейнеге айналдырып жібереді. Кейде ол әзіл деңгейінде, кейде тіпті жағымды реңкпен де көрініс таба береді. Сондай бір бейнелер сериясын сатирик Көпен Әмірбек жасағандығын алға тартады. Студент Көпен Әмірбек сатирасын зерттеуде, көп жұмыс жасаған. Оларды тек жинап, жанрлық тұрғыдан топтастырып, сатиралық шығармаларына талдау жасаған.
Қорыта айтқанда, Қадыр Мадинаның зерттеу жұмысы ғылыми талапқа сай жазылған. Тақырыбы- өзекті. Ғылыми жұмыс республикалық конференцияға жіберуге лайық деп есептеймін.
Ғылыми жетекші «Қазақ әдебиеті»
кафедрасының магистр-оқытушысы: Р. Есбалаева
Қадір Мадинаның «Көпен Әмірбек -сатирик» атты ғылыми жұмысына
сын-пікір
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті Қадір Мадинаның «Көпен Әмірбек -сатирик» атты тақырыптағы ғылыми жұмысы қазақ әдебиет тарихындағы ғасырлар бойы қалыптасқан ортақ көркем жүйесін, тектік бірлігін, өзара сабақтастығы мен көркемдік мәселесіндегі дәстүрлі жалғастық проблемасын қозғаған маңызды жұмыс деп есептеймін.
Ізденуші теориялық негіз ретінде Т. Қожакеевтің «Сатира-күштілер қаруы» еңбегіндегі сатиралық жанрларды топтастыру принципіне сүйенеді. Ізденуші сатира жанрына негізделген ғылыми -зерттеу еңбектерді толығырақ қамтуға күш салған. Қадір Мадинаның ғылыми тақырыбының маңызы қазақ сатирасының дамуы мен жекелеген сатира жанрында еңбек етіп жүрген ақын-жазушылардың шығармашылық биігін анықтау. Қазақ әдебиеттану ғылымында соңғы жылдары жиі көтеріліп жүрген проблеманың бірі - қазақ сатирасының зерттелуі және К. Әмірбек сатирасының жанрлық ерекшеліктері тұрғысынан ғылыми жұмыс тақырыбы өзекті. Тақырып негізінде ізденуші салыстырмалы, жүйелі зерттеу әдістері бойынша жұмыс жасаған. Студенттің ғылыми бағыты айқын, көздеген мақсатына жете алған.
Студент Қадір Мадинаның ғылыми ізденісін, әдеби талдаудан жасаған тұжырымдарын есепке ала келіп, ғылыми жұмысты Республикалық ғылыми конкурсқа ұсынуға болады деп есептеймін.
Рецензент:
Қазақ әдебиеті кафедрасының
доценті, ф. ғ. к. : С. Ергөбек
Жоспар:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І КӨПЕН ЖӘНЕ САТИРАНЫҢ ПОЭЗИЯЛЫҚ ШАҒЫН ЖАНРЛАРЫ
ІІ КӨПЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ САТИРАСЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. ХХ ғасыр аяғы ХХІ ғасыр басындағы қазақ сатирасы қазақ сөз өнерінің аса арналы саласының бірі. М. Рәш, О. Әубәкір, Ү. Уайдин, Ғ. Қабышұлы, Қ. Ілиясұлы, К. Әмірбек, Т. Әмірбекұлы т. б. суреткерлер шығармашылығы қазақ сатирасы контексінде зерттелгенде ғана әдеби үдерістегі осы жанрдың табиғаты толық ашылмақ. Бүгінгі отандық әдебиеттану ғылымы сөз өнері жанрларының көркемдік қуатын тану арқылы, қазақ сөз өнерінің даму жолын, ұлттық дүниетанымның мәдени-философиялық болмысын тануға ұмтылыс бағытымен келеді. Бұл ғылыми жұмыста осындай келелі басым бағыттар автордың ізденісіне кеңінен жол ашып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сатира адамзат қоғамында ерекше орны бар мәдени құбылыс. Латынша satura - аралас(араластырылған) деген мағына береді, алғашында көп дәмнің қосындысынан араластырылып жасалған тамақтың атын білдірген. Сатира өмірден өнерге ауысып, антикалық дәуірде позияның жанры ретінде сөз өнерінде көрініс тапқан. Дегенмен оның жанрлық табиғатын айқындау оңайға соқпаған. Кезінде ол туралы Гегель «теория оны қарастырғанда қиындыққа ұрынған, өйткені сатираны қай жанрға жатқызу керек. Онда эпикаға жақындатындай айқын белгілер жоқ, ал, лирикаға жатқызудың өзі қиындыққа соғады» деген болатын[1, 84 б] . Сатираның басты басты жанрлық белгісі-өмірдегі түрлі келеңсіз құбылыстарды күлкімен емдеу. Кейіннен сатира сөз өнерінің барлық жанрында көрініс тапты.
Сатира-адалдықтың, адамдықтықтың қаруы. Онда қоғам болмысындағы және адам бойындағы ең келеңсіз қөріністер мен қылықтар сыналады. Сондықтан да оны кейде күштілер қаруы тұрғысында атайды. Сатира қару ретінде негізінен көпшіліктің қамын ойлайды, адалдық жолы үшін күреседі. Сөз өнеріндегі нағыз күрескерліктің көрінісі ретінде барлық жанрда көрініс тапты дейтініміз сондықтан. Әдебиеттің осындай халық қамын ойлайтын табиғатына академик Серік Қирабаев былай баға берген: «…қазақ халқының ояна бастаған тұсында, оның ұлт-азаттық жолындағы күресі туын берік ұстап, халық өмірінің шындығы мен алдыңғы қатарлы идеясын жырлаған қоғамдық сананың бір түрі - қазақтың ұлттық әдебиеті болды»[2, 26 б] . Бұл бағдарда әрине, қазақ сатирасы қашан да алдыңғы саптан көрініп отырды. Сатираның тақырыптық диапозоны аса өрісті: тұрмыс, мінез көріністері, қоғамдық өмір мен саясаттағы келеңсіздік, адамшылықтан ауытқу, т. б. оның қырағы көзінен қашан да тыс қалмайтын. Жалпы сөз өнерінің, оның ішінде сатираның негізгі өзекті мәселесі қоғамдағы келеңсіздіктер мен адам бойындағы мінез-қылықтарындағы кемшілікерді уақытында тауып, «емдеп» отыратын құдіреттілігінде дей аламыз.
Сондықтан әдебиеттану ғылымы кезең-кезеңімен, дәуір-дәуірімен сатираның даму бағытын зерттеп, ондағы ірі сатирик тұлғалардың шығармашылығын жан-жақты саралап отыруы отандық ғылымның да, қоғамның да талабы деп түсінеміз.
Сатира - қазақ сөз өнерінде бастауын фольклордан, ауыз әдебиетінен бастайды. Кейінгі жылдары фольклорлық және әдебиет жанрларының табиғатында өзгешелік барлығы ғылыми зерттеулерде нақтылы айтыла бастады. Дегенмен, сатираның өміршеңдігі сонда, ол - фольклорлық және әдеби жанрларда қатар көрініс таба беретін мәдени феномен. Мәселен, академик, фольклорист-ғалым Сейіт Қасқабасов сатираның фольклорда көрініс табатынын терістемейді: «Жануарлар арасындағы өзара қақтығыста жыртқыштар еш уақытта бірін-бірі жеңіп шықпайды. Жануарлар жайындағы ертегілердегі терең мәнді мораль мен өзіндік ерекшелігі бар әлеуметтік утопизм нақ осыдан көрінеді. …Әрине, кейбір ертегілік варианттарда жолбарыс - жануарлар ханын, түлкі - биді, жыртқыштар ұйымдастыратын тойлар - байлар тойын еске түсіріп отырады. Мұндағы сатиралық астар да белгілі биікке көтеріледі. »[3, 29 б] . Сатиралық дәстүр классикалық Шығыс әдебиетінде «Мың бір түн», көне санскритте «Панчатантра», парсы, қазақ-түркі фольклоры мен ауыз әдебиетінде Қожанасыр мен Алдаркөсе туралы, т. б. әңгімелер сатиралық дәстүрімен ерекшеленеді. Жыраулық поэзияда да сатираның өз орны болды. Махамбет поэзиясында сатира ұшталып өткір сынмен қайрала дамыды. Қазақ әдебиетінің әр дәуірінде сатира сөз өнерінің жанрларының бірінен-біріне ұласа отырып, Абай дәуірінде қазақ поэзиясында даралана көрініс тапты. Кейіннен ХХ ғасыр басында Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, М. Сұлтанқожаұлы, Т. Ізтілеуов, С. Торайғыров шығармашылығында кездессе, одан әрі Сәбит Дөнентаев, І. Жансүгіров, Б. Майлин т. б. шығармаларында жалғасын тапты. ХХ ғасырда сатира қазақ әдебиетінде поэзиялық, прозалық және комедиялық жанрларда қарқын алып дамыды. Ол кезеңде жазылған Ғ. Мүсірепов, Е. Алдоңғаров, А. Сегізбаев, Қ. Қуанышбаев, Ж. Сәрсеков, Е. Дүйсенбеков, т. б. -дың сатиралық туындыларын атауға болады.
Сатираның қазақ әдебиетіндегі айрықша қарқынмен даму үрдісі ХХ ғасырдың аяғы ХХІ ғасыр басындағы әдебиетпен тұспа-тұс келді. Бұның өзі кездейсоқтық емес еді. Ол тарихи-қоғамдық өзгерістермен, халық тұрмысындағы қиыншылықтармен, халқымыздың тарихи-мәдени өміріндегі рухани серпілістермен, түрлі қайшылықтармен тығыз байланысты болатын. Сатиралық күлкі қоғамдық мәні бар құбылыстарға, олардың өмірдегі көріністеріне бағытталатыны белгілі. Сатираның сапасы оның қоғамдағы келеңсіздікті дәл тауып бағалауында, яғни оның қоғамдағы кемшіліктерді сынап, дер кезінде алдын алуында. Сатира - халықтың қоғамдағы келеңсіздіктерге қарсы ішкі қарсылығының көрінісі. Алпысыншы-жетпісінші жылдары әдеби аренаға шыққан А. Тоқмағанбетов, С. Адамбеков, Ж. Алтайбаевтан, Ш. Смаханұлы, кейінгі толқын М. Рәш, О. Әубәкіров, Ү. Уайдин, Ғ. Қабышұлы, Қ. Ілиясұлы, К. Әмірбек, Т. Әлімбекұлы т. б. болатын.
Сатира отандық әдебиеттану ғылымында әдеби үрдіс аясында, жекелеген шығармашылық тұлғалар шығармашылығы әр жылдары зерттеліп отырды. Дегенмен ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасыр басындағы қазақ сатирасы тұтас контексте зерттелмеді. Осы кезеңдегі сатираның тақырыптық-жанрлық, көркемдік-бейнелілік табиғаты бүгінгі таңға дейін жүйелі де арнайы зерттеудің объектісі болмады. Сондықтан да диссертациялық зерттеу жұмысына арқау болған ғасырлар тоғысындағы сатира табиғатындағы жанрлық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ерекшеліктер отандық әдебиеттану ғылымының негізгі зерттеу объектілерінің біріне айналып, осы ғылым аясында жүйелі қарастыруды қажет етіп отыр. Диссертациялық жұмыста сатираның табиғаты оның даму жолымен және сол кезеңнің тарихи-әлеуметтік жағдайымен бірлікте алынып, тұтас контексте талданады. Бұл орайда диссертациялық жұмыста сатирадағы көркемдік дәстүр, сатираның тақырыптық-жанрлық ерекшелігі, сатиралық бейне мен көркем тіл қуаты, сатирадағы объект-құбылыс пен автор ұстанымы тәрізді мәселелер ғылыми дәлелді тұжырымдармен зерттеледі.
Осы тұрғыдан алғанда ғылыми жұмыстың зерттеу объектісіне айналған ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасыр басындағы қазақ сатирасы өзінің жанрлық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерімен даралана отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің биік мұраттарының бірі - ұлттық сөз өнері мұраларын толықтырып, ғылыми айналымға түскен пікірлерді жүйелеп, бір ізге түсіруімен де ерекшеленеді.
Ғылыми жұмыс тақырыбының зерттелу деңгейі. Қазақтың мол мәдени мұрасында, сөз өнерінде сатираның орны ерекше болғанымен, оның жүйелі түрде отандық әдебиеттану ғылымында зерттеле бастауы жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысына тиесілі. Жалпы алғанда осы кезеңнен бастап сатира табиғаты белгілі бір дәрежеде әр қырынан зерттелді, ондағы жекелеген ақын-жазушылар шығармашылығы қарастырылды. Сатира табиғатын тану мәселелері саласында ғылыми жұмыстар жазылып, зерттеле бастады. Атап айтатын болсақ, Ғ. Әбетов, Т. Қожакеев, М. Тілеужанов, А. Мұсаев, Е. Тұрсынов, Р. Алтынбекова, С. Қорабай, А. Рахимова, Ә. Қабылов және тағы басқа ғалымдар үлкен еңбектер жазды. Сонымен қатар қазақ сатирасы жайында Қ. Мұхаметжанов, Ғ. Қабышев, Р. Нұрғали, С. Оспанов, З. Серікқалиев, Б. Сарбалаев сияқты ғалымдардың жекелеген еңбектері мен зерттеулері жарық көрді. Сондай-ақ, мерзімді баспасөзде де көптеген зерттеу мақалалар жарияланды. Ал белгілі бір сатирактер жөнінде арнайы сөз етілген дүниелер кемшін. Соның бірі - Көпен Әмірбек сатирасы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жұмыстың мақсаты қазақ сатирасына елеулі еңбек етіп жүрген Көпен Әмірбек сатирасының идеялық-жанрлық және көркемдік-бейнелілік ерекшелігін, эстетикалық қуатын айқындау, олардың қазақ әдебиетінде алар орнын қарастыру. Сатираның жанрлық-көркемдік табиғатын бұрын зерттеген ғалымдардың еңбегіне сүйене отырып талдау.
Сатираның қазақтың рухани өміріндегі болмысы әр жанрда айқын көрініс тапқан. Қазақ әдебиетінде ХХ ғасырдың аяғы ХХІ ғасырдың басында сатира дәстүрін дамытушы ақын-жазушылардың, жалпы суреткерлердің сатира жанрын өрістетудегі алар орны, қосқан үлесі, өзіндік ерекшеліктері жүйелі түрде қарастырылмағандығын ескерсек, оны байыпты саралап, бір жүйеге келтіріп, ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастырудың қажеттілігі арта түседі. Осы орайда, біз өз тарапымыздан сатира табиғатын, оның көркемдік, эстетикалық қуатын қарастыруды мақсат еттік.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру жолында мынадай міндеттер қойылды:
- Ғылыми жұмыста қамтылып отырған кезеңдегі сатира жанрының даму үдерісін теориялық тұрғыдан саралау;
- Зерттеу нысанына алынған сатирик К. Әмірбектің поэзиялық шығармаларындағы сатира табиғатына талдау жасау ;
- Прозалық үлгіде жазылған шығармаларының сатиралық табиғатындағы көркемдік-стильдік ерекшеліктерді айқындау;
- Сатиралық шығармалардағы сатиралық бейне(образ) мен тіл көркемдігі мәселелеріне талдау жасау;
- Сатирадағы объект-құбылыс пен автор ұстанымы мәселесін қарастыру.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасыр басындағы қазақ сатирасының ұлттық әдебиетте поэзиялық, прозалық жанрларда көрініс табуын саралау, қазақ сатирасының майталманы К. Әмірбек сатирасының көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерінің тарихи-теориялық аспектіде қарастырылуы, ұлттық және әдеби дамудағы көркемдік дәстүр мен үндестік, сабақтастық жағдайында әдеби теориялық тұрғыда кеңінен талдануы зерттеу жұмысының басты ғылыми жаңалығы болып табылады.
Ғылыми жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І КӨПЕН ЖӘНЕ САТИРАНЫҢ ПОЭЗИЯЛЫҚ ШАҒЫН ЖАНРЛАРЫ
Поэзиялық сатира табиғатын толық тану үшін, оның көркемдік және мәдени-эстетикалық мәнін кешенді зерттеу қажет болды. Осы тұрғыда бірінші бөлімде зерттеу жұмысына алынған нысанның теориялық-әдіснамалық мәселесі қарастырылды. Сатира жанрының поэзиядағы, сөз өнеріндегі аса өзекті мәселе екені осы тарауда жан-жақты сараланды. Сатира алдымен лирикалық поэзияның жанры ретінде қалыптасқаны, басты жанрлық белгісі ретінде әдебиеттану ғылымында оның қоғамдағы түрлі келеңсіз құбылыстарды сынайтын қуатты сын айтар табиғаты аталады. Сатираның көркемдік-эстетикалық фактор ретіндегі, фольклорда, әдебиет жанрларында көрініс табатын мәдени феномен ретіндегі табиғаты сараланды.
Әдебиеттану ғылымында сатираның өзіндік табиғаты жағынан әдебиеттегі жанр ұғымынан әлдеқайда аясы кең екендігі туралы таным бар. Бұл бағыттағы ғалымдар сатираның жеке жанр бола алмайтынын, оның тәсіл, стиль сондықтан барлық жанрларда көрініс табатын көркемдік құбылыс екендігін айтады. Осы анықтамада сатираның қолданыс аясы кеңейтіліп көрсетілген. Яғни, сатира тұтас күлкі мәдениетінің феномені ретінде қарастырылған. «Мәдени-философиялық сөздікте» сатираға мынандай қысқаша анықтама берілген: «Сатира (лат. Satura - қосынды) - болмыстағы жарамсыз құбылыстарды сықақ етіп, әшкерелеп көрсету және сол жанрда жазылған шығарма. Сатира алғашқыда антик дәуіріндегі халықтық «күлкі мәдениетінің» шеңберінде дүниеге келген»(3, 228) . Сатиралық сынау, сатиралық әжуаның бастауы халықтық күлкіге барып ұласады. Оның мәні тереңде, мың жылдық дәстүрі бар танымның «теріс аударылған» түрі сатира. Халықтық күлкі аса уытты, сатираның табиғатында сол күлкі көрініс тапқан.
Ол - халықтық мәдениеттің көрінісі. Әр дәуір, әр кезең өз күлкісін, сатирасын тудырады. Ал қазақтың сатирасы да әр жанрда көрініс тапқаны әдебиеттану тарихынан белгілі. Сатиралық жанр фольклорда, ауыз әдебиетінде, кейінгі ғасырлардағы әдебиеттерде дәстүрлі жалғасын тауып келіп, әсіресе Абай шығармаларында айрықша көрініс тапты.
Ғылыми жұмыста сатира поэзиялық сатира, прозалық сатира және комедиялық сатира деп жанрлық табиғатына қарай жүйелеп талданды. Сонымен, сатира ең алдымен поэзиялық жанр ретінде әлемдік әдебиет тарихында белгілі. Сондықтан біз қарастырып отырған К. Әмірбек сатирасының поэзиялық түрі - тақырып аясы да кең, жанрлық ізденіс те мол. Сатираның басты табиғаты адамзат қоғамындағы түрлі құбылыстарды сынға алу. Бұл аса биік танымдағы мақсат. Қалай адамзат қоғамын, оның ішіндегі адамның бойындағы кемшіліктерді жоямын деген мәңгілік арманның көрінісі.
Зерттеу жұмысында шығармашылығына назар аударылып отырған Көпен Әмірбек сатирасы шын мәнінде жанрлық жағынан да, тақырыптық жағынан да кең арналы.
Көпен Әмірбек сатирасының үлкен бір қыры - пародиялар тарапы. Сатириктің бұл тарапта тілі жатық, осы арқылы кісі бойындағы түрлі кемшілікті бейнелеумен қатар, автор өз саяси көзқарасын да осы жанр арқылы көрсетті. Автор шығармашылығындағы саяси сатира пародия формасы арқылы көрінеді. Бұл ретте, автор саясаткерлер бейнесін көркемдік тұрғыда сомдайды. Прозаға тән көркем эстетикалық сипаттағы саяси сатираларды автордың шеберлігін көрсетіп қана қоймайды, пародияға алған нысананың жалпы сипаты толық көрініс береді. Саяси сатираның кейіпкерлері - негізінен саясаткерлер мен өнер адамдары. Өзге сатириктермен салыстырғанда пародия саласында Көпен ағамыздың еңбегі ерекше. Автор өзі жазған пародиясын өзі орындайтын әртіс қабілетімен ерекшеленеді.
Белгілі ғалым Дандай Ысқақұлы пародияны әдебиеттің бір көркем тәсілі ретінде қарастырып, сынның бір түрі деген тұжырым жасайды. «Сынның сатиралық жанрларының ішінде әдеби фельетон жартылай публицистикалық, жартылай көркемдік сипат танытып, бір аяғын журналистикаға, екінші аяғын әдебиетке нық тіреп тұрса, пародия, эпиграмма сияқтылар таза әдеби тұрпатта келеді» [3. 75] .
Сатирик Көпен Әмірбек пародияларының нысанасы болған кейіпкерлер арасында Амантай қажының да бейнесі бар. Мұнда автор бір адамға жасаған сынау арқылы қоғамның керітартпа жақтарынан хабар беріп өтеді.
«Амантай қажы:
- Аттан,
Аттан!
Қажыгелдинге - қақпан!
- Ау, Амантай ағасы,
Тоқта,
Тоқта!
Қажыгелдиннен басқа
Коррупционер жоқ па?» [4. 55] .
Шығармадан осы комизмнің сәтті жүзеге асырылғанын көреміз. Автордың күлкілі жағдайды шебер пайдалануы күлкі шақырады. Пародияның сюжеттік құрылымына қарасақ, артық ой айту, артық қыстырма сөз жоқ. Мұнда Көпеннің Амантай қажымен сөз жарыстыруын, өнер жарыстыруын көре аламыз. Көпен пародиясында сынға алынған тұлғаның стилі мен мәнері сол қалпында сақталған. Пародия кейде мәдени, этикалық проблемаларды шешуге де белсенді ат салысады. Мұнда сыналушы тұлғаның көркемдік әдісі мен көркемдік жүйесі сақталуы тиісті. Автор осы екі фактор арасынан өз ойына, атап айтсақ, пародияға орын таба білуі тиісті. Қаламгердің Амантай қажы туралы пародиясында жаңалық - өткірлігінде, күлкі әдісін көп қырлы мәнермен ұсына білуінде және жазу мәнерінің өзі сынап отырған тұлғаның стилімен жеткізуінде. Осы ретте, автор жемқорлары бар трагедиялық қоғамның суретін ащы шындықпен емес, юморлық бояуының молдығымен ерекшелеп, күлкі шақырарлық қызғылықты леппен баяндайды.
Сатириктің пародия тақырыбына айналдырған тұлғаларының ішінде Фариза Оңғарсынова да бар. Автор оның жалпы өлеңсүйер қауымға жақсы таныс жырының нақышымен пародия туындатады.
«Облыс әкімі
Шөкеев те ғажап адам!
Ойпырай, сол емес пе
Телефон шалып мазалаған?
Айтқаным жоқ ащы сын.
Дәріптеп ем газетке.
«Бас қаланың басшысын».
Астананың әкімі боп,
Бас қаланың әкімі боп
Іші пысқан Зәкең бе?
Жоқ, Сәкең бе?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz