Тұлға қалыптасуы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: « Тұлға қалыптасуы »
Тобы : ПХ - 521
Орындаған : Нұрмұхамет А. Т
Тексерген: Кожабекова Ж. Е
Семей, 2016 жыл
Тұлға туралы жалпы ұғым
Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен, т. б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?
Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Бұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әрқилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И. С. Кон былай деп жазады: “ Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді. ”
Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді. Яғни, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеек дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының мазмұнына көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.
Сонымен, тұлға дегеніміз ол тұрақты психологиялық сипатамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.
Ғылыми әдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.
Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б. Г. Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.
Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллекттің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т. с. с. Осы белгілер адам баласын хайуан баласынан ажыратады. “ Индивид ” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.
1. 1 сурет "Индивид" ұғымының құрылымы (Б. Г. Ананьев бойынша)
ИНДИВИДТІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
БІРІНШІ
ЕКІНШІ
ЖЫНЫСТЫҚ ДИМОРФИЗМ
(ЖЫНЫСТЫҚ РУХЫН ТҮСІНДІРУ)
ÏСИХОФИЗИОЛО-ГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ДИНАМИКАСЫ
КОНСТИЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІК
ИНДИВИДТІҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚАЖЕТТІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
МИДЫҢ НЕЙРОДИНАМИКАЛЫҚ ҚАСИЕТІ
МИДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ АССИМЕТРИЯСЫ
ÎÑÛ ҚÀÑÈÅÒÒÅÐ МЫНАЛАРДАН КӨРІНЕДІ
ТЕМПЕРАМЕНТ
ÍÛØÀÍÄÀЫИндивид» түсінігінің бірнеше мәні бар. Алдымен, индивид - ол табиғи жалғыз тіршілік иесі адам, Homo sapiens түрінің өкілі. Мұнда адамның биологиялық жағы айтылған. Кейде бұл түсінікте адамды адамзат қауымының жеке өкілі, еңбек құралдарын пайдаланатын әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қолданады. Алайда бұл жағдайда да адамның биологиялық тұрғысы ұмытылмайды.
Б. Г. Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады.
Индивидтің бірінші қасиеттерінің жиынтығы оның екінші қасиеттерін анықтайды, олар: психофизиологиялық функциялардың динамикасы және органикалық қажеттіліктердің құрылымы. Осы қасиеттердің барлығы қосыла келіп, темперамент пен адам нышандарының ерекшеліктерін жасайды.
1. 2. сурет. «Тұлға» ретінде адамды әлеуметтік тіршілік иесі деп сипаттайды. Осы ұғымның аясында тұлғаның мынадай психологиялық қасиеттері қарастырылады. Олар: мотивация, темперамент, қабілеттік және мінез.
МОТИВАЦИЯ
(БАҒЫТТАЛҒАНДЫҒЫ)
1. 2. сурет "Тұлға" ұғымының құрылымы (Б. Г. Ананьев бойынша)
Адамды тануда Б. Г. Ананьев бөліп қараған тағы бір ұғым «іс-әрекет субъектісі». Бұл ұғым өзінің мазмұны бойынша «индивид» және «тұлға» ұғымының ортасында. Іс-әрекет субъектісі адамның биологиялық бастауы және әлеуметтілігін біріктіреді.
Адамды субъект ретінде басқа тіршілік иелерінен ажырататын басты белгі - сана (1. 3 сурет) .
Сана - психикалық дамудың ең жоғары сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды. Қоршаған ортаны саналы түрде өзгерте алу іс-әрекеті адамның субъект ретіндегі тағы да бір белгісі. Осылайша, субъект - іс-әрекет ете алу қабілеті бар саналы жеке тұлға.
1. 3. сурет «Іс-әрекет субъектісі» ұғымының құрылымы
(Б. Г. Ананьев бойынша)
Сонымен, біріншіден адам тірі табиғат өкілі - биологиялық объект, екіншіден, саналы іс-әрекет субъектісі, үшіншіден, әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыла алады. Яғни адам - саналы және қызметке қабілетті биоәлеуметтік тіршілік иесі. Осы үш деңгейдің бір бүтінге бірігуі адамның интегралды сипаттамасы - оның жеке тұлғалылығын қалыптастырады.
Жеке тұлғалылық - бұл нақты адамның өзгешелігі және қайталанбастығы көзқарасынан психикалық, физиологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуындағы алғышарттарына қоғамдық сипаты бар тәрбие процесінде өзгеретін анатомия-физиологиялық бастамалар жатады. Тәрбиелеу жағдайлары мен туа біткен мінездердің әр түрлілігінен жеке тұлғалылықтың көп түрлілігі пайда болады.
Сондықтан, адам - нақыт өмірдің ең күрделі объектісінің бірі деп қортынды шығаруға болады. Адамның құрылымдық ұйымдасуы көп деңгейлі сипаты мен оның табиғи, әлеуметтік мәнінен көрінеді (1. 4 сурет) . Сол үшін де адам және оның іс-әрекетін зерттейтін көптеген ғылымдардың болуы ғажап емес.
ЖЕКЕ ДАРАЛЫҚ даралық
1. 4. сурет «Жеке даралық» ұғымының құрылымы (Б. Г. Ананьев бойынша)
Дүниені танудағы рационалды көзқарас бізді қоршаған шынайы өмір санамызға байланыссыз өмір сүретіндіктен, оның тәжірибелік жолмен зерттелуі мүмкіндігіне, ал бақыланатын құбылыстарды ғылыми тұрғыдан толығымен түсіндіруге болатындығына негізделеді. Ғылымның әр түрлі салаларында ғалымдар бірнеше мәрте адам жайлы бүтіндей түсінік қалыптастырғысы келді. Әрине, мұндай ұғым психологияда да бар.
Жалпы психология - психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады.
Ðåñåéëiê àòàºòû ïñèõîëîã Áîðèñ Ãåðàñèìîâè÷ Àíàíüåâ àäàì òàíûìûíû» æ¾éåñií ò¼ðò íåãiçãi ½¹ûì¹à á¼ëiï ºàðàäû; èíäèâèä, iñ-¸ðåêåò ñóáúåêòiñi, ò½ë¹à æ¸íå æåêå äàðàëûқ.
Ѓылымäà пєндердіњ негізігі ќ±рылымына байланысты ‰шке бµлінеді: жаратылыстану, гуманитарлыќ, техникалыќ. Адам- єлеуметтік тірі организм, оныњ барлыќ психикалыќ ќ±былысы ќоѓамдыќ ортада ќалыптасады, сондыќтан психология гуманитарлыќ пєндерге жатады.
“Психология” ±ѓымы ѓылыми жєне т±рмыстыќ маѓынаѓа ие.
Єрбір адам практикада ќарым-ќатынасќа т‰се отырып психологиялыќ зањдылыќтарды ‰йренеді. Осылайша біз келесі адамныњ пікірін оныњ сыртќы келáетінен - мимикасынан, жестінен, äàóûñ ûðѓàѓûíàí, эмоционалдыќ кµњіл к‰йінен, мінез-құлқынан ажыратамыз. Сондықтан әрбір адам өзінше психолог, себебі қоғамда адамдардың психикасы жайлы білмей өмір сүру мүмкін емес.
Алайда, тұрмыстық психологиялық білімдер айқын емес және де ғылыми білімнен ерекшеленеді.
1. 5 Б±л ±ѓымдарды мынандай екі бағытта көрсетуге болады:
Наќты білім
Интуициялыќ мінез білімі
Білім беруде бµгеттер болуы
Білімніњ кµзі- баќылау
Берілетін білім- шектеулі
Талдап ќорытылѓан білім
Аќыл- парасаттылыќ білім
Білім жинаќталады жєне беріледі.
Білімніњ кµзі- эксперимент
Білім єрќашан кењейіп отырады.
Біріншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер нақты жағдайда, адамдармен оларға қатысты міндеттер айналасында болады. Ғылыми психология жалпылауға бағытталған, ол үшін сәйкес ұғымдар пайдаланылады.
Екіншіден, тұрмыстық психологиялық білімдер интуициялық сипатқа ие. Бұл себепті алу тәсіліне - кездейсоқ тәжірибе және санасыз деңгейде субъективті талдауға бағытталған. Бұған қарағанда ғылыми таным экспериментке негізделген, ал алынған білімдер толық рационалды және түсінікті.
Үшіншіден , білімді беру тәсілдерінде айырмашылықтар бар. Әдетте, тұрмыстық психологиялық білімдер қиындықпен беріледі немесе көбінесе беріле алмайды да. Ю. Б. Гиппенрейтер жазғандай “әке мен балалардың” мәңгі проблемасы да осында, өйткені балалар әкелерінің тәжірибесін қабылдай алмайды және қабылдағысы келемейді де”. Ал ғылымда білім жинақталып, оңай беріледі.
Сонымен психология негізінен грек сµзінен аударѓанда ”жан туралы ѓылым”, ал “психология” термині ќолданысќа алѓаш рет XVI-ѓ. åнді. Àлѓашќыда ол ерекше ѓылым ретінде “жанды” немесе психикалыќ болмысты єрбір адам µзін баќылау нєтижесінде аныќтап отыруға қолданса, кейіннен XVII- XIX ѓ. ѓ. психология - б±л психика жєне психикалыќ ќ±былыстар туралы ѓылым болды.
Психикалық құбылыстар үшке бөлінеді;
1. Психикалыќ процестер дегеніміз - сыртќы д‰ние заттары мен ќ±былыстарыныњ мидаѓы т‰рлі бейнелері.
2. Психикалыќ ерекшеліктер дегеніміз - бір адамды екінші адамнан ажырытуѓа нгегіз болатын ењ мањызды, ењ т±рлаулы ерекшеліктер.
3. Психикалыќ к‰й дегеніміз - адамныњ т‰рлі кµњіл к‰йініњ т±раќты компоненттері.
1. 6 Психикалыќ ќ±былыстардыњ ќ±рылымы былай аныќталады.
Психикалыќ ќасиет
Психикалыќ к‰й
Психикалыќ процестер
Темперамент, мінез,
ќабілет, баѓыттылыќ.
Ќорќу, ќуану,
зерігу, зорыѓу, т. б.
Танымдыќ
т‰йсік, ќабылдау, ес, ќиял, ойлау, тіл, зейін.
Эмоционалдыќ
Эмоция және сезім.
ЕрікМотивпен к‰ресу, µз мінез- ќ±лќын басќару, ќиындыќты жењу, шешім қàáûëäàó
Психикалық процестер адам мінез-құлқының алғашқы регуляторы болып шығады. Оның белгілі бастамасы, ағымы және соңы болады, яғни, алдымен психикалық процестердің ұзақтығы мен тұрақтылығын анықтайтын өлшемдер кіретін белгілі бір динамикалық сипаттарға ие болады. Осы процестердің арқасында адам өзі және қоршаған орта жайлы ақпарат алады. Бұл психикалық процестердің аясында аффекттер, эмоциялар, сезімдер, көңіл-күйлер және эмоционалды стрестер қарастырылады. Сонымен қатар тұлғаның психикалық қасиеті дегенде белгілі бір сандық және сапалық қызмет деңгейі мен адамның мінезін қамтамасыз ететін оның ең басты ерекшеліктерін түсінген жөн. Психикалық қасиеттерге бағытталуы, темперамент, қабілеттік, мінез-құлық жатады. Осы қасиеттердің даму деңгейі, сонымен бірге психикалық процестің даму ерекшеліктері және басыңқы (адамға тән) психикалық күйлер адамның қайталанбастығын, және оның жекелігін анықтайды.
Адам және адамзат туралы ғылымдар
Қазіргі заман ғылымында адам біріншіден, биологиялық түрдің өкілі ретінде, екішіден, қоғам мүшесі, үшіншіден, адамның пәндік қызметі зерттеледі, төртіншіден нақты адамның даму заңдылықтары зерттеледі.
Адамды биологиялық түр ретінде бағытты түрде зерттеу Карл Линнейдің еңбектерінен басталады, ол адамды приматтар отрядындағы Homo sapiens жеке түрі ретінде бөліп көрсетеді. Осылайша алғашқы рет адамның тірі табиғаттағы орны анықталды. Бірақ бұл адамға деген қызығушылық бұған дейін болмады деген сөз емес. Адамды ғылыми тұрғыдан тану натурфилософиядан, тіршіліктанудан және медицинадан бастау алады. Алайда бұл зерттеулердің аясы тар, жүйелілігі жеткіліксіз, бастысы қарама-қарсы сипатта, мұнда адам көбенсе тірі табиғатқа қарсы қойылған. К. Линней адамды тірі табиғаттың элементі ретінде қарастыруды ұсынды. Бұл адам зерттеудегі оң бетбұрыс болды.
Ерекше биологиялық түр ретінде адам туралы арнайы ғылым антропология деп аталады. Қазіргі антропологияның құрылым үш негізгі бөлімнен: адам морфологиясы (физикалық типтің жеке өзгергіштігін, жас ерекшелігін - шала кезден кәрілікке дейін, жыныстық диморфизмді қоса, өмір мен қызметтің өзгеруіне қарай адамның физикалық дамуының өзгеруін зерттейді), антропогенез жайлы зерттеу (ширек кезеңде адамның жақын аталары мен адам табиғатының өзгеруі), ол приматтарды тану, адамның эволюциялық анатомиясы және палеоантропология (адамның қалдық түрлерін зерттейтін) және нәсілтанудан тұрады.
Адамды биологиялық түр ретінде антропологиядан басқа, онымен байланысты ғылымдар да зерттейді. Мысалы, адамның физикалық типін оның жалпы соматикалық ұйымы ретінде адам анатомиясы және физиологиясы, биофизика және биохимия, психофизиология, нейропсихология секілді нақты ғылымдар зерттейді. Осы қатарда ерекше орын алатын медицинаға көптеген тараулар енеді.
Адамның пайда болуы және дамуы жайлы антропогенез ілімі Жер бетіндегі биологиялық эволюцияны зерттейтін ғылымдармен де байланысты, өйткені адам табиғатын жануарлар әлемінің жалпы және тізбекті даму процессінен тыс түсіну мүмкін емес. Бұл ғылымдар тобына палеонтология, эмбриология, сондай-ақ салыстырмалы физиология және салыстырмалы биохимия жатады.
Антропогенез жайлы ілімнің дамуына жеке пәндердің әсер етуін атап кеткен жөн. Бұған алдымен жоғарғы нерв қызметінің физиологиясын жатқызамыз. Жоғарғы нерв қызметінің физиологиясының генетикалық проблемаларына аса қызыға қараған И. П. Павловтың арқасында салыстырмалы физиологияның антропоидтардың жоғарғы нерв қызметінің физиологиясы жеке бөлім болып қалыптасты.
Биологиялық түр ретінде адам дамуын түсінуде зоопсихология мен адамның жалпы психологиясын біріктіре қарастыратын салыстырмалы психология маңызды рөл атқарады. Зоопсихологияда приматтарды эксперименталды түрде зерттеу бойынша В. Келер және Н. Н. Ладыгина-Котс еңбектері бар. Зоопсихология саласындағы жетістіктер арқасында адамның көптеген мінез-құлық механизмдері мен оның психикалық даму заңдылықтары белгілі болды.
Антропогенез ғылымымен тікелей түйіспейтін ғылымдар да бар, бірақ олар оның дамуында маңызды рөл атқарады. Оларға генетика және археология жатады. Тілдің пайда болуын, оның дыбыстық құралдарын және басқару механизмдерін зерттейтін палеолингвистиканың орны бөлек. Тілдің пайда болуы социогенездің орталық кездеріне, ал сөйлеудің пайда болуы -антропогенездің орталық кезіне жатады, өйткені, бөліп сөйлеу адамды жануарлардан ерекшелейтін басты белгі.
Социогенездің проблемалары жайлы сөз қозғауымызға орай, антропогенез проблемаларымен тығыз байланысты қоғамдық ғылымдарды айту қажет. Оларға адам қоғамының дамуын және алғашқы қауым мәдениетінің тарихын зерттейтін палеосоциологияны жатқызуға болады.
Осылайша биологиялық түрдің өкілі ретінде адам көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады, соның ішінде психологияның да. 1. 7 суретте Б. Г. Ананьевтің Homo sapiens жайлы ғылымның негізігі проблемалары классификациясы көрсетілген. Дербес биологиялық түр ретінде адамның пайда болуы мен дамуын зерттейтін ғылымдардың ішінде орталық орынға антропология ие болады. Адам дамуына орай қазіргі заман антропологиясы туралы жасаған қортындыны былайша келтіруге болады: биологиялық дамудың белгісіз бір кезеңінде адам жануарлар әлемінен бөлініп шықты («антропогенез бен социогенездің» шекаралас кезеңі) және адам эволюциясында биологиялық дағдылы және табиғи ортаға аса бейімделген түрлердің өмір сүруіне негізделген табиғи таңдау қызметі тоқтап қалды.
1. 5. сурет. Адамды биологиялық объект ретінде зерттейтін ғылым
Антропология Дене шынықтыру
теориясы
Адамның жалпы психологиясы
Психофизиология
Адам физиологиясы
Тарихи филогения
Нәсілгенез
Биофизика
Биохимия Медицина ғылымы-ң
Этнография жиыны
Антропология Адам анатомиясы Антропология
Адам генетикасы
Салыстырмалы Палеосоциология
Жердегі өмір
эволюциясы
психолгия Антропология -Палео Археология .
Жоғары нерв қызмет-нің - патология Палеолингвистика
салыстырмалы физиологиясы - Приматология История первобыт -
Эволюциялық -Генетика ной культуры
биохимия - Териология Историческая
Жалпы салыстыр- -Эмбриология психология
малы физиология -
Салыстырмалы - Омыртқалылар-
Анатомия дың зоологиясы
Жалпы Палеон
биология -тология
Адамның жануарлар әлемінен әлеуметтік әлемге өтуіне байланысты, оның биоәлеуметтік тіршілік иесіне айналуына қарай табиғи таңдау заңдары дамудың басқа сападағы заңдарымен ауысты.
Адамның жануарлар әлемінен неге және қалай бөлініп шықты деген сұрақтар антропогенез ғылымын зерттейтін ғылымдардың арасында орталық орынға ие болып, осы күнге дейін бұл сұрақтарға біркелкі жауап табылмай тұр. Осы проблемаға орай бірнеше көзқарас бар. Олардың бірі мынадай болжамда: мутация салдарынан адам миы супермиға айналып, жануарлар әлемінен бөлініп шығып, қоғам құруға жеткізді. Бұл П. Шошардың көзқарасы. Ол бойынша тарихи кезеңде мутациялықтың әсерінен ми органикалық түрде дами алмайды.
Тағы да мынадай көзқарас бар. Ол мидың органикалық дамуы мен түр ретінде адамның дамуына байланысты мидың сапалы құрылымды өзгерісіне әкелді де, содан соң даму табиғи таңдаудан өзгеше заңдармен жүре бастады. Алайда, дене мен ми өзгеріссіз қалғанмен, даму тоқтап қалмайды. И. А. Станкевичтің зерттеулеріне қарағанда, адам миында құрылымдық өзгерістер болады, жартышарлардың әртүрлі бөлімдерінде прогрессивті даму, жаңа иірімдердің бөлінуі, жаңа жолдардың қалыптасуы байқалады. Сондықтан адам өзгеріп отыра ма деген сауалға «иә» деп толық жауап беруге болады. Дегенмен мұндай эволюциялық өзгерістер адам және оның тұлғалық дамуының әлеуметтік өмір сүру жағдайына әсер етеді, ал Homo sapiens түрінің биологиялық өзгеруі қосымша мәнге ие болады.
Осылайша, адам әлеуметтік тіршілік иесі, қоғам мүшесі ретінде ғылымға қызықты, себебі Homo sapiens түріндегі қазіргі заман адамы биологиялық заңдармен емес, әлеуметтік даму заңдарына сай өмір сүреді.
Социогенез проблемасын қоғамдық ғылымдарсыз қарастыру мүмкін емес. Оларды зерттейтін құбылыстарына немесе солармен байланыстыларын бірнеше топқа бөлуге болады. Мысалы, өнермен, біліммен, техникалық прогресспен байланысты ғылымдар.
Адам қоғамын зерттеуде жинақталу дәрежесіне қарай бұл ғылымдар екі топқа бөлінеді: қоғам дамуын барлық элементтердің өзара қатынасында бүтіндей қарастыратын ғылымдар, адамзат қоғамы дамуының жеке аспектілерін зерттейтін ғылымдар. Ғылымдарды осылайша бөлу адамзат өзіндік заңдарымен дамитын бүтіндей, сонымен бірге, көптеген жекелеген адамдар боп танылады. Сондықтан барлық қоғамдық ғылымдар не адамзат қоғамы жайлы ғылым, не социум элементі ретіндегі адам жайлы ғылымға жатады. Бірақ бұл жіктемеде әр түрлі ғылымдардың нақты шекарасы анықталмаған, өйткені көптеген қоғамдық ғылымдар қоғамды бүтіндей, сондай-ақ жеке адамды зерттеумен байланысты бола алады.
Ананьевтің пікірінше, адамзат (адамзат қоғамы) жайлы ғылым жүйесіне қоғамның өндірістік күші жайлы, адамзаттың қоныстануы мен құрамы жайлы, өндірістік және қоғамдық қатынастар жайлы, мәдениет, өнер жайлы ғылымдар және де ғылымның өзін танымдық жүйе ретінде, қоғамның әртүрлі даму кезеңдеріндегі формалары жайлы ғылымдар енуі қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz