Қазақстанның инвестициялық саясаттары


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: « Қазақстанның инвестициялық саясаты »
Тобы : ПХ - 521
Орындаған : Нұрмұхамет А. Т
Тексерген: Готман Л. А
Семей, 2016 жыл
Қазақстанның инвестициялық саясаты Мемлекеттің технологиялық мүмкіндігі мен бюджеттік қаражаттардың шектеулігі, әлемдік тікелей инвестиция нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі кезінде мемлекеттік инвестициялық саясатты дұрыс таңдау басымдығы қашанда арта түседі. Өйткені мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы, болжам жасай алуы және сабақтастық инвестициялық жобаларды дайындау мен жүзеге асыруға қажетті жағдай туғызады. Соның бір көрінісі Қазақстандағы отандық және шетелдік кәсіпкерлерге қолайлы ортаның жасалып отырғандығы деуге болады. Инвестиция саласындағы мемлекеттік саясаттың қолданыстағы тетігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі және соған ұқсас Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесі болып табылады. Бұл аталған Кеңестер бюрократиялық кедергілерді жою, саясатқа импортты алмастыруға ықпал ету, жұмыс қолын тарту мен пайдалану саласында құқықтық базаны жетілдіру, мамандандырылған экономикалық соттарды қолдану аясын кеңейту мен сот жүйесін жетілдіре түсу бағыттарын қарастырады. Сонау 1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай, ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша, ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады. Үкімет сыртқы қарыздардан гөрі тікелей инвестицияларға басымдық берді. Мәселен, 1993 жыл мен 2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасына түскен шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 17, 7 млрд. АҚШ долларын құрады. Сөйтіп негізгі капиталдағы инвестиция өсімі 26, 4 пайызға жеткен. Айта кету керек, Қазақстан әлем экономикасы қиыншылықтарға тап болған жылдары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Экономикалық қайта құрулар мен халықтың жан басына шаққандағы инвестиция көлемі Орталық және Шығыс Еуропа және ТМД мемлекеттері арасында Қазақстан көшбасшы елдердің үштігіне қосылды [1, 56 п] . Сөйтіп одан кейінгі жылдары нарық капиталындағы жағдайдың өзгерісі елімізге одан әрі шетелдік инвестицияның құйылуына жол ашты. Осы жылдары шетелдік тікелей инвестицияның оң көрсеткіші 2760 млн. АҚШ долларын құрады, бұл алдыңғы жылдарға қарағанда, жоғары көрсеткіш екенін байқау қиын емес. Соның ішінде жалпы республикалық инвестицияның тең жарымы шикі мұнай мен газды өндіретін кәсіпорындар үлесіне тиесілі-де, ал аймақтарда Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарына біршама үлесін қамтамасыз етеді [1, 57 п] . Қазақстан Республикасының Инвестиция жөнідегі комитеті 1997 жылдан 2001 жылға дейін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында салықтық жеңілдік пен артықшылықтар беруге 345 шарт жасасты. Міне осы жасасқан шарттар бойынша негізгі капиталды құраған инвестиция көлемі 2403 млн. АҚШ долларына жетіп, 40 мың жаңа жұмыс орындары пайда болды. Жоғарыда аталған, яғни тіркелген шарттардың 244-і отандық инвесторлармен болса, 101-і шетелдік инвесторлармен жасалды [2, 65 п] . Инвестициялық саясаттың жүзеге асуы арқасында Қазақстанға шетелден тікелей түскен инвестиция көлемі 35 млрд. АҚШ долларын құрады. Мұның 40 пайызы ЕО елдеріне тиесілі еді. Ірі инвесторлар қатарында, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Германия секілді елдер бар. Қазақстан елдегі қолайлы жағдайға байланысты ТМД елдері арасында жан басына шаққанда ең көп шет елдік инвестицияны тартуға білек сыбан кірісті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назабаевтың тікелей қолдауымен тартылған шетелдік капитал елдің нормативтік-құқықтық және институттық негіздің тұрақтылығын одан әрі нығайтуда басты рөл ойнайды. Сондай-ақ Қазақстан өзі де Грузия мен көршілес Қырғызстанда бірінші инвестор-мемлекет болып табылды. Қазақстанның экономикалық даму саясатының негізгі басымдықтары болып, біріншіден экономиканы әртараптандыру және оның мұнай мен газға тәуелділігін жою, сондай-ақ жоғары құндылықтағы бағалы өнімдерді өндіруге жәрдемдесу дейміз. Екіншіден, сол кездегі саясат бойынша, Қазақстанның әлемнің бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елінің қатарына ену, үшіншіден, Дүниежүзілік сауда ұйымына ену арқылы әлемдік экономикамен интеграциялану. Бұл межелерге қол жеткізу үшін Үкіметке көптеген ірі міндеттерді жүзеге асыру қажет болды. Осының арқасында түрлі жеңілдіктер қарастырылды. Экономиканы әртараптандыруда, яғни мұнайхимиялық саланы, құрылысты, туризм мен көліктік саланы дамытуда жеті кластер белгіленді [3, 21п] . Мемлекеттің инвестициялық саясаты экономикадағы теңдікті сақтау үшін басымдық берілген салаларға тікелей инвестицияларды көбірек тартуға ықпал етуге бағытталған. Мәселен, сол кезде басымды салалар болып: ауыл шаруашылығы, өңдеу кәсіпорыны, өндірістік инфрақұрылым, әлеуметтік, мәдениет және туризм салаларының нысандары және Астана қаласының нысандары қамтылды. Солардың ішінде шетелдік кәсіпорындар үшін неғұрлым тартымды секторлар ретінде өңдеу кәсіпорындары (64, 3 пайыз) және өндірістік инфрақұрылым (26, 6 пайыз) болып табылды [2, 65 п] . Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары жүйесін жетілдіру мен инвестициялық шарттар тәртібін сақтау мониторингі тікелей инвестицияларды тарту аясындағы заңдылықты жетілдіру жөніндегі шаралармен тығыз байланысты жатыр. Бұл Парламенттің қарауына «Инвестициялар туралы» жаңа заңды дайындауға және енгізуге негіз болды. Соған сәйкес тұтас заң актілері дайындалды. Инвестициялық саясатты - ұлттық экономикалық идея деп түсінгеніміз абзал. Өйткені инвестициялық саясат, ең алдымен инвестиция тарту. Ал инвестиция біздің елімізді тығырықтан шығаруға, өндіріс орындарының өнімін арттыруға, басқа ірі салаларды одан әрі көзін ашып, дамытуға әсерін тигізеді. Әлі-де тигізе беретіні анық. Соның негізінде, яғни бүгінде жеңілдетілген индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шетелдік инвестициялар тарту және осы бағытта дамудың негізгі құралдарының бірі - тікелей инвестициялар тарту болып қала бермек. Бірақ ол үшін, алдымен шетелдердің инвестиция тартудағы тәжірибелерін-де білу керек еді. Бұл орайда көптеген елдердің тәжірибелеріне қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар үңілді. Олардың бәрін бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес, бірақ солардың ішінен кейбір елдерді атап өткен жөн. Мәселен, Жапонияның инвестиция тартуға құрылған үлгілерін сөз етуге болады. Оларда шетелдік инвестицияны тартуда 1994 жылы Премьер-министр басқарған Шетелдік инвестициялар жөніндегі кеңестің құрылуы маңызды орын алады. Кеңесу органы болып табылатын Кеңес құрамына шетелдік инвестиция мәселелерін реттейтін негізгі министрліктер мен ведомстволардың басшылары енген. Кеңес Жапониядағы шетелдік инвесторлардың қызметі туралы, ақпарат жинақтап, шетелдік инвестиция нарығындағы негізі бағыттар мен жағдайды талдап, материалдарды жинақтап, сосын белгілі бір шешім қабылдау үшін үкіметке ұсынумен айналысады. Аталған кеңестің жанынан сараптамалық комиссия құрылып, оның құрамына, АҚШ сауда-өнеркәсіп палатасының басшылары және Еуропа елдерінің, Азия елдері компанияларының өкілдері, көшбастаушы экономикалық ұйымдардың жетекшілері арнайы шетелдік мүше есебінде енген. [4, 4 п] . 1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады. Өйткені Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі басқа елдерге қарағанда елеулі бірқатар ерекшеліктері бар. 90-шы жылдардың ортасы мен аяғында іске асырылған әлеуметтік-экономикалық даму жобалары ел әлеуетін қалпына келтіруге мүмкіндік бергенімен, Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық жағдайын орнықтыра түсу үшін өңірлік интеграция қарқынын жеделдету қажет болды. Жалпы қолайлы инвестициялық климатты құру жөніндегі мәселелермен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында түрлі жобаларды іске асыру жөніндегі трансұлттық компаниялар үшін эксклюзивтік жағдайлар жасалынды. Ол үшін шетелдік инвесторлармен жұмыс істеуді ынталандырушы іскерлік кешенін, сол сияқты институционалдық тетіктерін қосатын тікелей инвестицияларды тарту жөніндегі тұтас жүйені құру іске асты. Инвестицияларды ынталандыру жөніндегі шаралар пакетін қолданудың әртүрлі үш-деңгейі қолданысқа енгізілді. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін: «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделетін инвестициялық артықшылықтар; шұғыл және өтеусіз негізде шетелдік мамандар үшін кіру визаларын берудің арнайы тәртібі енгізілді. Арнайы экономикалық аймақтарда іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін - ең үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, салық салудың айрықша тәртібі болды. Жеңілдіктер бағдарламаның басымдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған өлшемдер бойынша іріктелген кәсіпорындарға берілді. Бұл орайда шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік іске қосылды. Сөйтіп белгілі шетелдік инвесторлар, трансұлттық компаниялардың қатысуымен ең ірі және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шараларын көздейтін жекелеген инвестициялық келісімдер жасалды. Жоғарыда айтылған салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтар, гранттық негізде инвестициялар бөлігінің өтемақысы, оны кейіннен өңдеу не ірі өндірушілерден шикізаттың осы түрін жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында шикізаттың шығу орнын басым тәртіппен ұсыну жүзеге асырылды. Одан әрі ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырысты орналастыру мен ынталандырудың басқа қаржылық және қаржылық емес шаралары ойластырылды. Инвестициялық келісімдер шеңберінде қолдаудың бұл өлшемдері бойынша шешім Үкімет-деңгейінде қабылданатын болды. Әрбір әлеуетті деген инвестормен жеке келіссөздер жүргізілді. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жеке тәсілді іске асыру көптеген маңызды іс-шараларды қамтыды. Соның ішінде, бәрінен бұрын, трансұлттық компаниялардың арасынан әлеуетті мақсатты инвесторлар іздеу және айқындау қажет еді. Бұл орайда әрбір нысаналы инвестормен «Жол картасы» бойынша жұмысты әзірлеу және іске асыруды қоса алғанда, бизнес ашу және оны бастап әкетуге байланысты қажетті шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу және басты саяси көшбасшылар және жетекші компаниялармен кездесуді ұйымдастыру мен Инвестициялық жобаны әзірлеуде, сол сияқты оны іске асыру сатысында консультациялық қызметтер көрсету аса қажет еді. Жеке көзқарасты іске асыру үшін шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл жасаудың институционалдық тетіктері жетілдіруді қажет етті. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитетін шетелдік инвесторлар үшін «алғашқы өтініш жасау терезесі» қағидаты бойынша үйлестіруші орган ретінде күшейту қолға алынды. Аталған министрлік «Қазақстанның инвесторларға көмек көрсету орталығы» ЖШС-ні беру мүмкіндігі қарастырылып, халықаралық желіні құру шетелдерге, елшіліктерге дипломатиялық өкілдіктерінің, сауда өкілдерінің, құрметті консулдар институтының, сондай-ақ инвестициялар, сауда және технологиялар мәселелері бойынша өкілдер институтын құру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің ұсынысы бойынша тағайындалатын Кеңесші - елші және жекеленген елдерге Қазақстан елшілігіндегі атташенің дипломатиялық өкілдері құрамындағы штаттық бірлікті айқындау мәселелері есебінен қамтамасыз етілетін болды. Олардың қызметіне рейтингтік бағалау енгізілу көзделді. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту және шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің қызметін үйлестіру және бақылау мақсатында Премьер-министрдің басшылығымен шетелдік инвестициялар арқылы тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды. Комиссия шетелдік инвесторлар үшін «омбудсмен» рөлін атқаратын болды. Осы комиссия жобаларды қарап, ірі жобаларды іске асыру кезінде әрбір жеке инвесторлармен жекелеген жағдайларда жеңілдіктер пакеті мен артықшылық беруді айқындауды, оның ішінде, инвестициялар бөлігін өтеу мүмкіндігін көздейтін арнайы экономикалық аумақтардан тыс жобаларды іске асыру үшін инвестициялық келісімдер жасалатын болды. Ірі инвестициялық жобалар мен шешімдерді іріктеуді Үкіметі қабылдайды. Инвесторлық имиджін алға бастыру жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылды. ең бастысы серіктестерді іздеуде, іскерлік байланыстарды орнатуда, қажетті, ақпаратты беруде инвесторларға жәрдемдесу күн тәртібінен түспеді. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты мен инвеститция тартудағы жасалған қадамдарды тізе отырып, Орталық Азиядағы осы саладағы саясатқа да тоқталмай болмайды. Өйткені Орталық Азия өңіріне қатысты өзінің іс-қимыл стратегиясын қалыптастырып отырған әлемдік державалар мен халықаралық ұйымдардың белсенділігі айтарлықтай артты. Бұған американдық «Үлкен Орталық Азия» тұжырымдамасы, Еуроодақтың өңірге қатысты стратегиялық әзірлемес, «Жапония+Орталық Азия» және «Корея+Орталық Азия» сухбат алаңдарының пайда болуы кепіл бола алады. Сондықтан көлік дәліздерінің қиылысында орналасқан Орталық Азия елдері орасан зор шикізат
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz