Құқық және мемлекеттік - құқықтық. Құбылыстардың негізгі түсінігі



Жоспар:

Кіріспе:

1.Негізгі бөлім:

2.1 Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы.

2.2 Құқықтық нормалардың түсінігі және құрылымы.

2.3 Құқықтың қағидалары. Құқықтың қайнар көздері.

3.Қорытынды:

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе.
Құқық шығармашылығы құқықтық реттеу жүйесінде негізгі бір орталық орынды алады. Ол қоғам өміріне қажет нормаларды өмірге әкеліп, кемшілік-кемістігі барларын өзгертіп, уақыты жеткенін жаңарта отырып, барлық қоғамдық, мемлекеттік институттардың құқықтық негізін жасайды. Мұның өзі ғылым аддында құқық шығармашылығымен байланысты мәселелерді терең, жан-жақты зерттеу қажеттігін белгілейді. Құқық шығармашылығына байланысты мәселелерді зерттеуге қай кезеңде болмасын ғалымдар кең, мол назар аударып отыр. Құқықтың жалпы теориясы саласында құқық шығармашылығының мазмұнына және жағдайына терең зерттеулерді Кеңес заманында С.С. Алексеев, О.А. Гаврилов, А.В. Мицкевич, Р.О. Халфина т.б. көптеген ғалымдар жүргізсе, бүгінде құқық шығару, оның бір түрі - заң шығару мәселесін кеңінен зерттеп, жетілдіру жолдарын ұсынып отырған ғалымдар да жеткілікті. Олар - белгілі ғалым-заңгерлер: С.З. Зиманов, В.А. Ким, Ғ.С. Сапарғалиев, С.К.Амандықова, С.С. Сартаев, М.Т. Баймаханов, С.А. Табанов, М. Құл-Мұхаммед т.б. Құқық шығармашылығы - бұл мемлекеттің құқық нормаларын жасау жөніндегі қызметі. Жай ғана емес, саналы, ерікті, ғылыми негізделген, белсенді қызметі. Мемлекеттің құқық шығармашылығы қызметі негізінде экономикалық және өзге қоғамдық қатынастар заңды нормалар түрінде көрініс табады. Мемлекет осы қатынастарды құқықтық қатынастар ретінде рәсімдейді, дамуына әсер етеді.Құқық шығармашылығының қызметі арқылы экономикалық және өзге де қоғамдық әлеуметтік қатынастар жалпы құқықтық қатынастарға айнала отырып, қайтадан басқа жаңа әлеуметтік қатынастарға әсер ету үшін құқықтық нормаларда бекітіледі. Қандай да бір әлеуметтік қатынастардың қоғамдық дамудың мұқтаждықтарының анықталуы, оларды құқықтық реттеудің қажеттілігінің пісіп-жетілуі құқық шығармашылығының басталуына себеп болады. Құқық шығармашылығы нәтижесінде қолданымдағы құқық жүйесін толықтыратын немесе өзгертетін қажеттіліктер, алғышарттар заңи шынайы, құқық ережелеріне айналады, нормативтік актілерде белгіленеді. Заңды Президентке қол қоюға ұсыну және оған Президенттің қол қоюы - бұл Парламент қабырғасында қызу талас-тартыстардан, талқылаулардан өткен заңға Президенттің қояр нүктесі. Ол екі нысанда болуы мүмкін: Парламент қабылдаған заңға қол қою немесе қол қоймай кері қайтару. Республиканың заңдары Президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент қабылдаған заңдар қабылданған күннен бастап 10 күн ішінде Парламент палаталарының әрқайсысының төрағаларының қолдарымен, сондай-ақ егер заң жобасын Үкімет енгізсе Премьер-Министрдің қолымен алдын-ала бекітіліп, Республика Президентінің қол қоюына ұсынылады. Ол 15 жұмыс күні ішінде заңға қол қойып оны жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін Парламентке қайтарады.
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Әбдікәрімов О. Заң шығару органы және уақыт талабы //
Заң және заман. - 2000. - № 2. - 4-7 б.
2.Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. - Алматы: Жеті жарғы, 1996. - с. 352
3.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. - Алматы: Білім, 1997. – 17 бб.
4.Кенжалиев З.Ж. Қазақстан Республикасының
Конституциясы және құқықтық саясат тұжырымдамасының іске асу
кезеңдері // Вестник КазНУ. Серия юридическая. - 2003. - № 2
(27). - 44-47 бб.
5.Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі /Қазақстанның даму институты. - Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 368 б.
6.Конституция Республики Казахстан. Комментарий / Под ред. Сапаргалиева Г.С. - Алматы: Жеті жарғы, 1998. - с. 432.
7.Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С.. Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы: Жеті жарғы, 1998. - 192 б.
8.Сапарғалиев Ғ. Қазақстанның бірыңғай мемлекет ретіндегі
идеологиясының мәселелері // Ақиқат. - 1999. - № 9-10. - 3-11 б.
9.Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмысын ұйымдастыру ережесі. 11.09.2000 жылғы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген // ҚР ПҮАЖ. - 2000. - № 40. - 29-31 б.
10.Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы. 23.02.1999 СД Қазақстанның заңнама базасы: анықтама жүйесі "Юрист". Компания ЮрИнфо 1996 - 2004.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
және инжиниринг университет

Экономика және құқық институты
Құқықтану кафедрасы

Пәні: Құқық негіздері
Тақырыбы: Құқық және мемлекеттік - құқықтық
Құбылыстардың негізгі түсінігі.

Тексерген: Кулбаева.М

Орындаған: Тур-09-01 тобының

Студенті: Қалдығарин.А.Ғ

Ақтау.2011

Жоспар:

Кіріспе:

1.Негізгі бөлім:

2.1 Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы.

2.2 Құқықтық нормалардың түсінігі және құрылымы.

2.3 Құқықтың қағидалары. Құқықтың қайнар көздері.

3.Қорытынды:

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе.
Құқық шығармашылығы құқықтық реттеу жүйесінде негізгі бір орталық
орынды алады. Ол қоғам өміріне қажет нормаларды өмірге әкеліп, кемшілік-
кемістігі барларын өзгертіп, уақыты жеткенін жаңарта отырып, барлық
қоғамдық, мемлекеттік институттардың құқықтық негізін жасайды. Мұның өзі
ғылым аддында құқық шығармашылығымен байланысты мәселелерді терең, жан-
жақты зерттеу қажеттігін белгілейді. Құқық шығармашылығына байланысты
мәселелерді зерттеуге қай кезеңде болмасын ғалымдар кең, мол назар аударып
отыр. Құқықтың жалпы теориясы саласында құқық шығармашылығының мазмұнына
және жағдайына терең зерттеулерді Кеңес заманында С.С. Алексеев, О.А.
Гаврилов, А.В. Мицкевич, Р.О. Халфина т.б. көптеген ғалымдар жүргізсе,
бүгінде құқық шығару, оның бір түрі - заң шығару мәселесін кеңінен зерттеп,
жетілдіру жолдарын ұсынып отырған ғалымдар да жеткілікті. Олар - белгілі
ғалым-заңгерлер: С.З. Зиманов, В.А. Ким, Ғ.С. Сапарғалиев, С.К.Амандықова,
С.С. Сартаев, М.Т. Баймаханов, С.А. Табанов, М. Құл-Мұхаммед т.б. Құқық
шығармашылығы - бұл мемлекеттің құқық нормаларын жасау жөніндегі қызметі.
Жай ғана емес, саналы, ерікті, ғылыми негізделген, белсенді қызметі.
Мемлекеттің құқық шығармашылығы қызметі негізінде экономикалық және өзге
қоғамдық қатынастар заңды нормалар түрінде көрініс табады. Мемлекет осы
қатынастарды құқықтық қатынастар ретінде рәсімдейді, дамуына әсер
етеді.Құқық шығармашылығының қызметі арқылы экономикалық және өзге де
қоғамдық әлеуметтік қатынастар жалпы құқықтық қатынастарға айнала отырып,
қайтадан басқа жаңа әлеуметтік қатынастарға әсер ету үшін құқықтық
нормаларда бекітіледі. Қандай да бір әлеуметтік қатынастардың қоғамдық
дамудың мұқтаждықтарының анықталуы, оларды құқықтық реттеудің
қажеттілігінің пісіп-жетілуі құқық шығармашылығының басталуына себеп
болады. Құқық шығармашылығы нәтижесінде қолданымдағы құқық жүйесін
толықтыратын немесе өзгертетін қажеттіліктер, алғышарттар заңи шынайы,
құқық ережелеріне айналады, нормативтік актілерде белгіленеді. Заңды
Президентке қол қоюға ұсыну және оған Президенттің қол қоюы - бұл Парламент
қабырғасында қызу талас-тартыстардан, талқылаулардан өткен заңға
Президенттің қояр нүктесі. Ол екі нысанда болуы мүмкін: Парламент
қабылдаған заңға қол қою немесе қол қоймай кері қайтару. Республиканың
заңдары Президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент қабылдаған
заңдар қабылданған күннен бастап 10 күн ішінде Парламент палаталарының
әрқайсысының төрағаларының қолдарымен, сондай-ақ егер заң жобасын Үкімет
енгізсе Премьер-Министрдің қолымен алдын-ала бекітіліп, Республика
Президентінің қол қоюына ұсынылады. Ол 15 жұмыс күні ішінде заңға қол қойып
оны жариялайды не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап,
дауысқа салу үшін Парламентке қайтарады.

2.1 Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы.

Құқықтың жалпы теориясы мамандарының еңбектеріне сүйене отырып құқық
шығармашылығын анықтасақ, ол мемлекеттік құқықтың және оның жеке
салаларының дамуын және жетілуін қамтамасыз ететін, халықтың еркін
көрсететін тәртіп ережесін жасау мен нормативті бекітудің тұрақты процесін
білдіреді. Құқық шығармашылығы - қоғамдық қатынастарды жеткілікті құқықтық
реттеуді жүзеге асырудың табиғи алғышарты болып табылады. Құқық
шығармашылығының түпкі нәтижесі - құқықтық нормалардың мәтінінде көрініс
тапқан жаңа (өзгертілген немесе нақтыланған) ережелер.Құқық шығармашылығы
тікелей мағынада құқықты жасау ретінде, нәтижесі қоғамда әрекет етуші
құқықты белгілеу болып табылатын қызмет ретінде анықталады. Бұл тұрғыдан
құқық шығармашылығы ұғымын ашу жалпы құқық, қоғамда әрекет етуші құқық
түсініктеріне тоқталу, оларды анықтау міндетін қояды.Мемлекет және құқық
теориясы іліміне сәйкес құқық та мемлекет секілді қосымша өнімнің болуы,
жеке меншіктің қалыптасуы, адамдардың мүліктік және әлеуметтік теңсіздігі,
рулық әдет-ғұрыптардың жалпыға міндетті құқықтық ережелерге айналуы т.б.
нәтижесінде пайда болды. Мемлекет рулық әдет-ғұрыптарға кұкықгық ереже
нысанын берумен қатар, жаңа жүріс-тұрыс ережелерін шығарды. Ол осы
ережелердің талаптарының орындалуын, адамдар өз құқықтары мен
бостандықтарын пайдалану үстінде заңдарды бұзбауын талап етеді. Демек,
құқық - ол мемлекетпен белгіленетін, қорғалатын жалпыға міндетті
ережелердің жүйесі.Біздің тоқталып отырған мәселемізге қатысты ашсақ, құқық
- ол бәрінен бұрын құқықтық нормалардың бір жүйеге келтірілген жиынтығы. Ол
реттеушілік касиеті арқылы қоғамдық қатынастарға, адамдардың іс-
әрекеттеріне, қоғамның дамуына әсер етеді. Құқық - ол жеке жүріс-тұрыс
ережелері емес, ол құқық нормаларының біртұтас жиынтығы. Қазақстан
Республикасында әрекет етуші құқықтың мазмұны Конституциямен ашылған. Яғни,
Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай белгілейді: Қазақстан
Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін
заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың
халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика
Конституциялық Кенесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының
нормалары болып табылады (4-бап).Демек, құқық - бұл нормативтік актілерде
көрініс тапқан, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың
жүйесі. Ал, құқық нормаларының мұндай жүйесін, яғни құқықты пайда
болғызатын қызмет - ол кұқық шығармашылығы болып табылады.[10.624]Заң
ғылымында құқық шығармашылығын билікке ие болатын халықтың немесе билік
етуші таптың еркінің заңға, нақтырақ айтсақ, жалпыға міндетті ережеге
айналуы деп түсінетін пікір бар. Мұндай таптық мазмүнды көзқарасты марксизм
бағытындағы барлық дерлік ғалымдар қолдайды деп айтуға болады. Кеңес
өкіметінің орта шеніне қарай құқық шығармашылығын таптық сипатта емес,
мемлекеттік қызметтің нысаны ретінде анықтайтын пікірлер етек жайды.
Мемлекеттік билік, мемлекет құқық нормаларының пайда болуының тікелей
факторы, құқықты жасайтын күш болып танылды. Расында да біртұтас
мемлекеттік билік құқықты жасайтын әлеуметтік-саяси күш болып табылады.
Мемлекеттік билік мемлекеттің әлеуметтік-саяси қызметінің мазмұны -
құқықтың қалыптасуының тікелей қайнар көзі. Мемлекеттік билік — бұл
мемлекеттің тікелей өзімен немесе өкілеттік беру арқылы тұрғылықты халықпен
жүзеге асатын қоғамдық биліктің бір түрі болып табылатындықган, нақ осы
мемлекеттік билік - қызметі құқықты жасайтын күш. Кейбір жағдайларда
мемлекет құқық нормасын жасауды тікелей халыққа береді. Алайда, халықтың
референдум арқылы құқық нормасын қабылдауы мемлекеттің қатысуынсыз
болмайды. Демек, мемлекет өз халқымен бірге құқық шығармашылығының
әлеуметтік субъектісі, ал оның қызметі - құқық шығарудың тікелей күші болып
табылады.
Құқық шығармашылығын мемлекеттік биліктің мазмұнымен ғана
байланыстыра отырып анықтау жеткіліксіз деп есептейді ғалымдардың келесі
бір тобы. Олардың ойынша құқық шығармашылығы мемлекеттік қызметтің мазмұны
ғана емес, ашып айтсақ, мемлекеттік биліктің саясаты қандай болса, оның
белгілеген құқықтық нормаларының мазмұны да сондай болады деп қана анықтау
емес, сонымен қатар ол мемлекет қызметінің ұйымдық - құқықтық нысаны да.
Тиісті көзқарасты ұстанушы ғалымдардың бірі - А.В.Мицкевич өз пікірін былай
негіздейді: Құқық шығармашылығы тиісті қоғамда құқықтық нормаларды қандай
органдар, қандай тәртіппен жасайтынын белгілеуге мүмкіндік беретін белгілі
ұйымдық нысандарда көрсетілген. Құқық шығармашылығын мемлекеттік қызметтің
ұйымдық-құқықтық нысаны ретінде үғыну оның құқық жасау процесінде алатын
орнын анықтау үшін маңызды. Осы топтағы көзқарастардың ішінде құқық
шығармашылығын кеңінен толығырақ анықтайтын мына бір пікірге тоқталу жөн
болар. Яғни "құқық шығармашылығы - бұл халықтың еркін білдіретін, қоғам
дамуының мақсаттарына жетуте бағытталған, қоғамдық қатынастарды нормативтік
құқықтық реттеуге деген қажеттіктерді анықтау жөніндегі және анықталған
қажеттіліктерге сәйкес жаңа құқық нормаларын шығару, әрекет етудегі
құқықтық нормаларды өзгерту мен жою жөніндегі мемлекеттің үйымдық
рәсімделген қызметі".
Құқық шығармашылығы - бұл мемлекеттің жалпы заңды реттеу, пісіп-
жетілген қажеттіліктерді құқықтық нормаларға айналдыру арқылы зандық
нормаларды қалыптастыру жөніндегі қажеттіліктерді тануы, мойындауы. Мұндай
қажеттіліктерді тани отырып, мемлекет тиісінше актілердің қабылдануын
анықтайды. Мемлекетпен, оның органдарымен қабылданған нормалар ғана жалпыға
міндетті ереже сипатында болады, мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен
қорғалады. Референдум арқылы құқық шығармашылығын қоспағанда құқықты жасау
- бұл мемлекет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің жобасын жасау,
өңдеу, қабылдау, жариялау жөніндегі қызметі. Мұны Конституциядан,
Парламент, Үкімет, орталық атқарушы органдар туралы т.б. заң актілерінен
көруге болады. Алайда, Кеңестік заңгерлердің ой-пікірлерін зерттеу құқық
шығармашылығы - мемлекеттік орган қызметінің бір жағы деген түсінікті жоққа
шығаратын көзқарастардың бар екендігін байқатады. Мұндай көзқарасты
ұстанушылардың бірі Н.Я. Соколов құқық шығармашылығын мемлекеттен бөлек
өздігінен қалыптасып, өрбитін жағдай ретінде, нақты тоқталсақ ол құқық
шығармашылығы деп тиісті құзыретті органдардың қызметін емес, қоғамның
құқықтық көзқарастарының қалыптасуын және олардың тиісті нормативтік
актілерде байқалуы мен бекітілуі процесін қамтитын қоғам өміріндегі өзіндік
құбылысты анықтайды. Құқық шығармашылығын бұлай түсіну дүрыс емес. Өйткені,
нормативтік актілерде құқықтық көзқарастар емес қоғамдық қатынастар
бекітіледі және құқықтық сананың (көзқарастың) қалыптасуы құқық нормасын
жасамайды, шығармайды. Сондай-ақ, аталмыш анықтамада жанама көрсетілгендей,
құқық шығармашылығы құқықтық сананың қандай да бір бөлшегі емес және ол
өзіндік құбылыс та емес. Құқықтық сана (көзқарас) - бұл қоғамда
қалыптасатын әлеуметтік құбылыс, ол заң шығармашылығына әсер етуі мүмкін,
бірақ заң шығармашылығы қызметінің нәтижесі болып табылмайды.

2.2 Құқықтық нормалардың түсінігі және құрылымы.
Нормативтік құқықтық акт - бұл құқық шығармашылығының соңғы аяқтаушы
түйіні және тікелей заңды нәтижесі. Қандай нысанда көрсетілгеніне
қарамастан, ол белгілі бір құқықтар мен міндеттер белгілейтін заңдық маңызы
бар акт болып табылады. Осы тұрғыдан алсақ, құқық шығармашылығы - бұл
сырттай қарағанда нормативтік құқықтық актілерді дайындау, талқылау, бекіту
және жариялау амалы ретінде болады. Әрбір жаңа нормативтік акт - құқықтық
жүйенің дербес бөлшегі. Құқық шығармашылығының нәтижесінде құқықтық жүйеге
жаңа нормативтік акт қосылып отырады.[15.375] Құқық шығармашылығы - бұл
бірыңғай, дәйекті іс-қимылдардың тәртібі. Сондықтан құқық шығармашылығына
әсер ететін, көмектесетін, ол үшін қажетті шаралар мен жағдайлар жасайтын,
бірақ нормативтік актілерді жасау жөніндегі жұмыстың қандай-да бір кезеңі
болып табылмайтын іс-әрекеттер құқық шығармашылығы процесіне кірмейді, -
деп А.С. Пиголкин дұрыс көрсетеді.Құқық шығармашылығы заңи маңызы бар
әрекеттердің жүзеге асырылуының тәртібін белгілейтін қызмет. Сондықтан ол
қызмет нормативтік құқықтық актіні дайындау мен қабылдау жөнінде қоғамдық
қатынас пайда болғанда ғана жүзеге асады.

Құқық шығармашылығы құқық нормаларын әртүрлі амалдармен, ашып айтар
болсақ жаңа ереже белгілеу, ескіні жаңарту, яғни өзгерту, сондай-ақ,
толықтыру және бұрын қабылданған нормаларды жоюдың түрлі амалдарын қолданып
жасайды. Құқық шығармашылығының жолдары алдымен құқық нормаларының қалай
жасалатынына қарай ажыратылады. Құқық шығарудың негізгі амалдарына бізге
тарихтан белгілі, сондай-ақ бұдан біраз бұрынырақ, алдында жазылып кеткен
мына әдістерді жатқызуға болады. Олар: құқық нормасын шығару, әдет-
ғұрыптарды тану және сот үлгілерін жасау. Нақтырақ ашып айтсақ, 1) құқық
шығармашылығы органының қатысуынсыз қалыптасқан құқықтық сипаттағы
нормаларды мемлекеттің тануы. Бұған әдет-ғұрыптарды мемлекеттің тануын
жатқызамыз; 2) нақты іс бойынша мемлекет органдарының шешімдеріне
нормативтік сипат беру (үлгі прецедент); 3) нормативтік актілерді жасау
жөніндегі мемлекеттің қызметі. Бүған дейін де атап кеткеніміздей, қазіргі
Қазақстанның құқық шығармашылығының жолдары: нормативтік актіні уәкілетті
органдардың шығаруы, нормативтік актіні референдуммен халықтың қабылдауы.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" ҚР заңының 1 бабында құқық
шығармашылығын жүзеге асыратын уәкілетті органдардың мазмұны ашылған. Яғни,
уәкілетті органдар - ҚР Конституциясында, көрсетілген занда, сондай-ақ сол
органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын заңдарда
белгіленген өз құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдауға
хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен лауазымды
адамдары: ҚР Президенті, ҚР Парламенті, Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі,
ҚР Жоғарғы Соты, Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, ҚР
Ұлттық Банкі, өзге де мемлекеттік органдар. Олардың қабылдайтын нормативтік
құқықтық актілері - бұл құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың
қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын жазбаша
ережелердің жиынтығы, ресми құжат. Аталған уәкілетті органдардың құқық
шығармашылығы қызметі заң негізінде және оны орындау үшін жүзеге асырылады.
Олардың құқық шығармашылығы қызметінің бағыты мынада: нормативтік құқық
актілерін қабылдау арқылы қоғамдық қатынастарды құқықтық жолмен реттеу.
Нормативтік құқықтық акт қандай жолмен шығарылғанына қарамастан, ол кұқық
шығармашылығына деген құқықтық болуының нәтижесі. Құқық шығармашылығына
құқық - бұл нормативтік актінің қандай-да бір түрін шығаруға (қабылдау,
өзгерту, толықтыру немесе жою) заңмен белгіленген құқық. Нақты талдасақ,
құқық шығаруға деген құқық біріншіден, заңдылықпен көрсетілген тәртіптің
түрін және шамасын білдіреді; екіншіден, құқық шығармашылығына деген
құқықтың қайнар көзі болып тек қана нормативтік құқықтық актілер табылады,
яғни мұндай құқыққа ие болу нормативтік актіде белгілену арқылы ғана мүмкін
болады. Құқық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі жайлы
Мемлекет пен құқық теориясы пәні және функциясы мен әдісі
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Мемлекеттің пайда болуы
Қауымдық-рулық құрылыс
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Құқық әлеуметтануы
Мемлекет және құқық пәні мен әдісі
Пәндер