Мемлекеттің қаржы және ақша-несие жүйесі.Әлеуметтік саясат



1 Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы.
2 Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері. Лаффер қисығы
3 Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары
4 Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі
5 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы
Қаржы – бұл тұтынушылардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен экономикада өндірілген жиынтық өнімнің құнын бөлу үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржының сипатты және айрықша белгілерін анықтау үшін оның атқаратын қызметтеріне көңіл бөлу қажет.
Қаржының атқаратын қызметтері:
1. Бөлу қызметі – қаржы құралдарын қалыптастыру негізінде жасалған жиынтық өнімді экономиканың барлық субъектілері (үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет) арасында тиімді орналастыру.
2. Бақылау қызметі – бөлу үдерісін жалпы алғанда сан жағынан бейнелеу, бұл жерде қаржы бөлу үдерісінің қаншалықты тиімді жүріп жатқандығы, ақша қорларының қаншалықты тиімді жұмсалып жатқандығы жөнінде ақпарат беріп отырады.
Қаржы жүйесі экономикалық организмнің қан айналымы жүйесін сипаттайды, экономиканың тұтастай қалыпты жұмыс істеуі осы саланың жағдайына тәуелді болып табылады.
Қаржы жүйесі – ұдайы өндірістік үдеріске қатысушы әртүрлі экономикалық субъектілермен жасалатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығын сипаттайтын күрделі қаржы қатынастары.
Қаржы жүйесі қандай да бір қаржылық қатынастарды сипаттайтын болғандықтан, осы қатынастардың субъектілері мен деңгейлері бөлініп шығады. Бұлар біріншіден, орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастыратын мемлекеттік деңгей, екіншіден, орталықтандырылмаған ақша қорларын жасайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің деңгейі мен үй шаруашылықтарының деңгейі болып табылады. Осындай деңгейлерде қаржы ресурстарын қалыптастырудың және пайдаланудың әдістері мен тәсілдері әртүрлі болып табылады.
1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.
2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.
3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.
4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.
5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.
6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.
7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672 .
8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.
9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.
10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.
11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.
12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.
13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.
14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.
15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттің қаржы және ақша-несие жүйесі.Әлеуметтік саясат
Мақсаты: экономикадағы қаржы жүйесіне және оның құрылымына тоқталып, ондағы мемлекеттік бюджет пен оның тапшылығын, мемлекеттік қарыз мәселесін талқылау, салықтардың экономикалық мәнін ашу, ақша жүйесінің құрылымын және несие-банк қатынастарын қарастыру, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік саясатын да тоқталу.
Талқылау сұрақтары:
14.1 Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы.
14.2 Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері. Лаффер қисығы
14.3 Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары
14.4 Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі
14.5 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы
Негізгі ұғымдар: қаржы, қаржы жүйесі, мемлекеттік бюджет, мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік кірістер, трансферттік төлемдер, бюджет тапшылығы, мемлекеттік қарыз, салықтар, салық мөлшерле-месі, Лаффер қисығы, ақша жүйесі, ақша айналымы, ақша массасы, ақша агрегаттары, несие, банк, орталық банк, коммерциялық банктер, мемлекеттік әлеуметтік саясаты, Лоренц қисығы, т.б.
14.1 Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы
Қаржы - бұл тұтынушылардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен экономикада өндірілген жиынтық өнімнің құнын бөлу үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Қаржының сипатты және айрықша белгілерін анықтау үшін оның атқаратын қызметтеріне көңіл бөлу қажет.
Қаржының атқаратын қызметтері:
1. Бөлу қызметі - қаржы құралдарын қалыптастыру негізінде жасалған жиынтық өнімді экономиканың барлық субъектілері (үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет) арасында тиімді орналастыру.
2. Бақылау қызметі - бөлу үдерісін жалпы алғанда сан жағынан бейнелеу, бұл жерде қаржы бөлу үдерісінің қаншалықты тиімді жүріп жатқандығы, ақша қорларының қаншалықты тиімді жұмсалып жатқандығы жөнінде ақпарат беріп отырады.
Қаржы жүйесі экономикалық организмнің қан айналымы жүйесін сипаттайды, экономиканың тұтастай қалыпты жұмыс істеуі осы саланың жағдайына тәуелді болып табылады.
Қаржы жүйесі - ұдайы өндірістік үдеріске қатысушы әртүрлі экономикалық субъектілермен жасалатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығын сипаттайтын күрделі қаржы қатынастары.
Қаржы жүйесі қандай да бір қаржылық қатынастарды сипаттайтын болғандықтан, осы қатынастардың субъектілері мен деңгейлері бөлініп шығады. Бұлар біріншіден, орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастыратын мемлекеттік деңгей, екіншіден, орталықтандырылмаған ақша қорларын жасайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің деңгейі мен үй шаруашылықтарының деңгейі болып табылады. Осындай деңгейлерде қаржы ресурстарын қалыптастырудың және пайдаланудың әдістері мен тәсілдері әртүрлі болып табылады.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі келесі өзара байланысқан элементтерден құралады:
1) жалпы мемлекеттік қаржылар;
2) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары;
3) үй шаруашылықтарының (тұрғындардың) қаржылары.
Бұл жүйенің негізгі элементі ретінде жалпы мемлекеттік немесе орталықтандырылған қаржылар саналады.
Мемлекеттік қаржы үшке бөлінеді:
а) мемлекеттік бюджет;
ә) мемлекеттік несие;
б) арнайы бюджеттен тыс қорлар.
Мемлекеттік бюджет - қаржы ресурстарының орталықтанды-рылған қорын жасаумен байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.
Мемлекеттік несие - бюджет тапшылығын жабуға арналған қаржылар, ол ішкі және сыртқы жинақталған қарыздың сомасын көрсетеді.
Арнайы бюджеттен тыс қорлар - қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсатты қаржыландырудың қосымша нысаны.
Қаржы жүйесінің негізгі буыны болып орталықтандырылмаған қаржылар табылады. Өйткені, оларда мемлекеттің және субъектілер-дің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі шоғырландырылған және қоғамдық игіліктер жасалады. Ал қаржы жүйесінің шешуші буыны ретінде шаруашылық субъектілерінің қаржылары табылады. Оларға қаржылардың мынадай түрлері кіреді:
а) материалдық өндіріс саласында (нақты секторда) жұмыс істейтін субъектілердің қаржылары;
ә) қаржылық ұйымдардың қаржылары;
б) қызмет көрсету саласы мекемелерінің қаржылары.
Сондай-ақ, орталықтандырылмаған қаржыларға үй шаруашы-лықтарының қаржылар жатады.
Қоғамда жасалған жиынтық өнімді бастапқы бөлу үдерісінде үй шаруашылықтарының, фирмалардың және мемлекеттің қарамағына келіп түсетін қаржы ресурстары олардың мақсатты жұмсалуы бойынша қолданылады. Мұндай қаржылық ресурстар банктік жүйе және қор нарығы сияқты қаржы нарықтары арқылы әріқарай қайта бөлу үдерісіне келіп түсуі мүмкін, бұл кезде осындай қаржылардың қозғалысы нарықтық келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржы жүйесінен мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі бөлініп шығады.
Мемлекеттік бюджет - кірістері мен шығыстары көрсетілген мемлекеттің қаржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып бюджеттік бағдарламалардың заңдық негізде бекітілуі табылады.
Мемлекеттік бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген барлық бюджет түрлерінің жиынты-ғы. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі - бұл барлық бюджеттердің, ҚР Ұлттық қорының, бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің құрамына бюджет-тердің келесідей деңгейлері кіреді:
- республикалық бюджет;
- жергілікті бюджеттер: облыстық бюджет, облысқа бағынатын қалалар бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар бюджеті, астана бюджеті, аудандар бюджеті.
Экономикада мемлекеттік бюджет жүйесі төмендегідей негізгі қызметтерді атқарады:
1) қаржы ресурстарын мемлекет пен қоғам қажеттіліктеріне жұмылдыру;
2) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу;
3) қаржы ресурстарын қайта бөлу (аймақтық, салааралық, ведомствоаралық, әлеуметтік);
4) кәсіпкерлік қызметті қолдау және ынталандыру;
5) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
6) әлеуметтік қорғау;
7) мемлекеттік қаржының кірістері мен шығыстарына бақылау жасау.
Мемлекеттік бюджет жүйесі бірнеше принциптерге негізделеді:
1) бірлік принципі - ҚР-сы территориясында бірыңғай бюджет заңдылығын, дербес бюджет сыныптамасын қолдану;
2) толықтылық принципі - бюджеттер мен Ұлттық қорға келіп түсетін барлық түсімдер мен шығыстардың заңдық тәртіпте көрініс табуы;
3) шынайылық принципі - бюджет параметрлерінің экономика-ның ағымдық жағдайының көрсеткіштеріне, Қазақстан Республика-сының және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері мен бағыттарына сәйкес келуі;
4) ашықтылық принципі - бюджет заңдылығы аясындағы нормативтік-құқықтық актілерді міндетті түрде жариялау;
5) дәйектілік принципі - бюджеттік қатынастар аясында алдын-ала қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының қадағалауы;
6) нәтижелілік принципі - бюджеттік бағдарламаларда көрсетіл-ген белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттілігіне байланысты бюд-жеттерді әзірлеу және орындау;
7) тиімділік принципі - бюджет құралдарын аз көлемде қолдана отырып ең жақсы нәтижеге жетудің қажеттілігіне байланысты бюджетті нақты іске асыру;
8) жауапкершілік принципі - бюджет заңдылығын бұзғаны үшін бюджет үдерісіне қатысушыларды жауапкершілікке тарту;
9) бюджеттердің дербестілігі принципі - әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасындағы түсімдердің тұрақты түрде бөлінуін қамтамасыз ету.
Мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының құры-лымы төмендегідей бюджет сыныптамасымен анықталады:
1. Бюджет табыстары:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- трансферттердің келіп түсуі.
2. Бюджет шығындары.
3. Операциялық сальдо.
4. Таза бюджеттік несиелеу:
- бюджеттік несиелер;
- бюджеттік несиелерді жабу.
5. Қаржылық активтер операциясы бойынша сальдо:
- қаржылық активтерді иелену;
- мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер.
6. Мемлекеттік бюджет тапшылығы (артықшылығы).
7. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылықты қолдану):
- қарыздардың келіп түсуі;
- қарыздарды жабу;
- бюджет құралдары қалдықтарының қозғалысы.
Мемлекеттік бюджет шығындарын бөлек алып қарайтын болсақ, оларға мыналар кіреді:
- мемлекеттік қызмет көрсетулер;
- қорғаныс;
- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, сот қызметі, құқықтық және қылмыстық-атқару іс-әрекеті;
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
- мәдениет, спорт, туризм, ақпараттық кеңістік;
- ауыл, су, орман және балық шаруашылықтары, ерекше қорғалатын табиғи территориялар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары;
- отын-энергетикалық кешен және жерді пайдалану;
- өнеркәсіп, сәулет, құрылыс және қала құрылысы қызметі, көлік және байланыс;
- қарыздарды өтеу;
- арнайы трансферттер;
- басқалары.
Бюджеттен тыс қорлар - республикалық бюджеттен тыс құрылатын және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін басымдықты маңызы бар мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейдегі негізгі міндеттерді шешуге арналған қаржы ресурстарының мақсатты қорлары.
Қазақстанда арнайы бюджеттен тыс қорларға Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Инновациялық қор, Ұлттық қор кіреді.
Мемлекеттік бюджеттің күйі үш жағдайда болады. Біріншіден, егер мемлекеттік бюджет шығындары оның табыстарынан асып кетсе, онда бюджет тапшылығы орын алады. Екіншіден, егер мемлекеттік бюджет түсімдері оның шығыстарынан көп болса, онда бюджет артықшылығы орын алады. Үшіншіден, егер мемлекеттік бюджет табыстары мен шығындары бір-біріне тең болса, онда бюджет тепе-теңдік жағдайда болады.
14.2 Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері. Лаффер қисығы
Салықтардың экономикалық категория ретіндегі мәнін толық түсіну үшін оның атқаратын негізгі қызметтеріне назар аудару қажет:
1. Фискалдық қызметі - мемлекеттік бюджеттің табыстарын қамтамасыз ету, бұл мемлекеттің ерекше бақылауы мен ықпалында болады.
2. Реттеушілік қызметі - макроэкономикалық үдерістерді, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты, экономикалық өсудің қарқыны мен жұмысбастылықты реттеу.
3. Бөлу қызметі - ұлттық табысты, жеке және заңды тұлғалар-дың табыстарын, капиталды және инвестициялық ресурстарды бөлу және қайта бөлу.
4. Әлеуметтік қызметі -
5. Ынталандыру қызметі -
6. Бақылау қызметі -
Қазақстан Республикасының жаңа Салық Кодексінде салықтардың, алымдардың және төлемдердің келесідей түрлері бекітілген:
1) Салықтар:
- корпорациялық табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- қосылған құн салығы;
- акциздер;
- экспортқа деген ренталық салық;
- жер пайдаланушыларына салық;
- әлеуметтік салық;
- көлік құралдарының салығы;
- жер салығы;
- мүлік салығы;
- ойын бизнесіне салық;
- тіркелген салық;
- бірыңғай жер салығы.
2) Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- мемлекеттік баждар;
- тіркеу алымдары;
- Қазақстан Республикасының территориясы бойынша автокөлік құралдарымен жүргені үшін алымдар;
- аукциондардан алымдар;
- қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқығы үшін лицензиялық алымдар;
- телевизиялық және радиолық таратқыш ұйымдардың радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алымдар;
- жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемдер;
- су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;
- қоршаған ортаны пайдаланғаны үшін төлемдер;
- жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін төлемдер;
- орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер;
- ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдаланғаны үшін төлемдер;
- қалааралық және халықаралық телефондық байланысты және ұялы байланысты қолданғаны үшін төлемдер;
- кемелік су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемдер;
- сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемдер.
Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәуелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі Лаффер қисығы деп атайды.
Лаффер қисығы - бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдердің салық мөлшер-лемесінің деңгейіне тәуелділігін сипаттайтын қисық сызық. Салықтың нөлдік деңгейі кезінде мемлекет қазынасына ешқандай салықтық түсімдер түспейді. Салық мөлшерелемесінің 50%-ға (кейбір әдебиет көздерінде 35%-ға дейін) дейін өсуі кезінде бюджетке түсетін салықтық түсімдер максимум деңгейіне жетеді, ал салық мөлшерлемесінің одан әрі артуы енді бюджеттік түсімдерді төмендетеді. Бұл кәсіпкерлік қызметке деген ынтаны төмендетеді (себебі салықтың жоғары мөлшерлемесі кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар өздерінің тапқан табыстарының едәуір бөлігін мемлекет қазынасына аударуға мәжбүр болады). Өз кезегінде, кәсіпкерлер банкроттыққа ұшырайды, соның салдарынан олар салықтан жалтарып және өз табыстарының бір бөлігін жасырып көлеңкелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің қаржы жоспары
Экономикалық және әлеуметтік саясат
Мемлекеттің қаржы жүйесі және несие формалары
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары
Экономиканы мемлекеттік реттеу туралы
Қаржы жүйесінің түрлері
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі фискальдық саясат және оның рөлі
ҚР ақша несие саясаты
Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары мен үлгілері
Пәндер