Психогенетика пәні,мақсаты зерттеу әдістері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Психогенетика пәні, мақсаты зерттеу әдістері »
Тобы : ПХ - 521
Орындаған : Нұрмұхамет А. Т
Тексерген: Адильжанова К. С
Семей, 2016 жыл
Генетика
тұқымқуалаушық пен өзгергіштік заңдарын зерттейді.
Тұқымқуалаушық
тұқымына тән сипаттардың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп сақталуына мүмкіндік туғызады.
Өзгергіштік
жеке даму процессінде организмдердің жаңа белгілерге ие болу қасиеті. Жыныстық көбеюде белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа тұқымқуалай берілуінің негізгі заңдылықтарын ең алғаш чех ғалымы
Грегор Мендель
1865 жылы ашқан. Генетика- бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды.
Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда организмнің белгілері мен қасиеттері өзгермей біршама тұрақты түрде берілетіндіктен, ұрпағы ата- аналарына ұқсас болып келеді. Бірақ олардың арасында толық ұқсастық болмайды. Бір ата- анадан тарайтын ұрпақтың бір-бірінен қандай да бір белгісі жөнінен айырмашылығы болады. Организмнің тұқым қуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторларының әсерінен үнемі өзгеріп отырады. Оны - өзгергіштік дейді. Көбею барысында организмнің белгілі бір қасиеттерінің тұрақты сақталуымен қатар, екінші біреуі өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты олар жаңарып, түрлене түседі. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік- бірімен- бірі қатар жүретін, бір жағынан бір- біріне қарама- қарсы, өзара тығыз байланысты процестер.
Организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos”- шығу тегіне тән) . Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У. Бэтсон ұсынды.
Адам баласы тірі ағзалардың табиғи қасиеттері мен белгілерін ұрпақтан-ұрпаққа беріп отыратынын ертеден байқаған. Хромосомалардың өз көшірмесін қалдыратыны туралы үлгіні Н. К. Кольцов 1928 жылы ұсынды. Ол әрбір молекула молекуладан деген жорамал жасаған. Бұл пастулат бойынша жасушадағы макромолекулалар: белоктар, нуклеин қышқылдары матрицалық принциппен көбеюге тиіс. Хромосоманың құрылысы күрделі. Оның құрамына ақуыздар, липидтер, екі валентті металдар катиондары т. с. с. кіреді.
Нуклеин қышқылдарының құрылымы және биологиялық ролі
Нуклеин қышқылдарының проблемасының 1868 жылы швейцарлық физик Ф. Мишер айналысқан болатын. Ол ірің жасушаларынан алынған ядро бөлшегін зерттеп, құрамына көміртегі, азот, фосфор, бұрын белгісіз қосылыс түрін ашты. Латын тілінен аударғанда «нуклеус» - ядро деген мағынаны береді.
1874 жылы Пикард балық спермасынан бөлініп алынған нулеин құрамынан жаңа азоттық негізді ашты. Ол - құрамында екі азот атомы бар гетероциклдік қосылыстардың ішіндегі пуриндер тобына жататын гуанин еді.
Циклді қосылыс деп қаңқасы сақина тәріздес көмірсутектерін басқа атом түрлері кірсе, оны гетероциклді деп атайды. 1880 жылы неміс физигі Г. Фишер нуклеиннің құрамына тек пуриндік емес, сонымен қатар пириминдік гетероциклдер кіретінін анықтады. Пуриндер алты және бес атомды гетероциклдерден біріккен болса, пиримендер тек алты атомнан тұратын гетероциклді қосылыс. Бірнеше жылдан кейін Ф. Мишердің шәкірттері Коссель мен Асколи төрт түрлі негіздерді - аденин, тимин, цитозин және урацилді ашты. Нуклеиннің ерітіндісі қышқылдық қасиет көрсетілгендіктен Ф. Альтман 1889 жылы оған нуклеин қышқылы деген ат берді. П. Левен нуклеин қышқылының құрамына шағын көміртегінің ерекше тобы кіретінін анықтады. Левен нуклеин қышқылының бір тобына кіретін көміртектегі оттегінің саны бір атомда кем екенін анықтады. Оттегі атомдары толықтарын рибоза деп, бір оттегі атомы кемді - дезоксорибоза деп атады. Осыған байланысты нуклеин қышқылын рибонуклеин қышқылы, дезоксирибонуклеин қышқылы деп екі түрге бөлді. Қысқартылып РНҚ және ДНҚ деп айтылады. Левен көміртегі мен фосфор бірігіп комплекс құрайтынын және олардың нуклеин қышқылдарының «кірпіштері» болып табылатынын анықтады. Бұл «кірпіштерді» нуклеотид деп атады.
1928 жылы Ф. Гриффит өкпе ауруларын қоздыратын пневмоккок бактериясының өсуін зерттегенде, олардың өзінің бейнесін өзгертетінін байқады. Алғашқыда тегіс, әрі жылтыр келген пневмококктардың «S» түрі (ағылшынша Smooth-тегіс), кейін бұлдырақтанып «R» түріне (Rough - бұлдырмақтау) айналытыны байқалды. Бұл ауысу диссоциация деп аталады. Бірнеше жылдан кейін пневмококтардың кері бағытта өтетін бұл өзгеріс трансформация деп аталады.
1944 жылы американдық микробиологтар К. Т. Эйвери, К. М. Маклеод, М. Маккарти трансформацияны туғызатын пневмококктарды болатын дезоксирибонуклеин қышқылы деп дәлелдеді.
1944 жылы молекулярлық биология ашылған деп есептелінеді.
50-жылдардың басында Э. Чаргафф белоктар тәрізді нуклеин қышқылдарының да әр түрге тән екенін анықтады.
Э. Чаргафф өте таза ДНҚ молекуласын бөліп алып, химиялық талдау жасап, кез келген ағзадан бөлініп алынып ДНҚ-ның құрамындағы адениннің мөлшері тиминдікімен (А=Т), ал гуаниннің мөлшері цитозиндікімен (Г=Ц) бірдей болатынын анықтады.
1952 жылы Р. Франклин және М. Уилкинс ДНҚ-ның жоғарғы сапалы рентгенограммасын түсірді.
Ренгенструктуралық талдаудың және ДНҚ-ның химиялық құрамын біле отырып, 1953 жылы Д. Уотсон және Ф. Крик оның молекулалық моделін құрастырды. Бұл модель Чаргаффтың заңдылығына сай келді. Бұл биология тарихында ең үлкен ашылу болды.
Уотсон-Крик және Уилкинстердің ДНҚ-ның құрылысын ашуы оргпнизмге жаңа қасиет бере алатын ген инжерериясының әдісін ашты.
Психогенетиканың ғылым ретінде қалыптасуы ағылшын ғалымы Ф. Гальтон есімімен байланысты. Оны Н. А. Тимирязев «Англияның қайталанбас зерттеуші ғалымы және ойшылы» деген. Жас кезінде Ф. Гальтон көп саяхаттаған, география мен этнография қызықтырған. Оңтүстік Африкадағы зерттеуі үшін Географиялық қоғамның алтын медалімен марапатталып, Корольдік қоғамға сайланды. Топографиямен, метеорологиямен айналысқан. 1865 жылғы «Тұқым қуалаушылық, талант және мінез» атты мақаласы адамның тұқым қуалаушылық мәселесі жайлы жұмысының бастамасы еді. 1869 жылғы «Дарындылықтың тұқым қуалаушылығы: оның заңдылықтарын зерттеу және нәтижелілігі» атты кітабында Гальтон дарындылықтың тұқым қуалаушылық мәселесін шешті.
Ф. Гальтонның еңбегіне сүйене отырып, корольдік әскери коллегияға түскендердің дарындылық қасиетін анықтаудың үш деңгейі мен баға беруде Кетленің «Орта деңгейден ауытқу» заңы енгізілді. Аталған заңға сәйкес ойлау қабілетінің тұрақты орта деңгейі, ал одан ауытқу генийге және идиотизмге дейін болады деген. И. И. Кангаевтің айтуы бойынша ағылшын математигі, статистикадағы биометрикалық мектептің басшысы, Гальтонның шәкірті, әрі досы К. Пирсон аталған еңбекті жақсы бағалап « Дарындылықты дәлелдеп қана қоймай, әрі итермелейтін күш болып табылады» деген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz