Эллиндік және Римдік философия


Жоспар:
Кіріспе.
1. Эллиндік және Римдік философия.
2. Қорытынды.
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе:
Біздің дәуірімізге дейінгі VII --VI ғасырларда Эллада полистерінде (қала-мемлекет) қолөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар жоғары қарқында дамып, осы себептердің негізінде езіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметгік топтар пайда болды. Евпатридгердің билігінің орнына мемлекеттің тирандық, кейінірек келе, құлдық демократия түрлері дүниеге келді. Азаматтардын, қоғам сатысында алатын орны шығу тегіне байланысты болмай, олардың мүліктік жағдайларымен байланыстырылды. Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бәлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқтырды.
Сонымен қатар, антика философиясының калыптасуына Крит-микен, Гомерлік Греция кезендеріндегі әдеби-діни-мифологиялық көзқарастар және күңделікті өмір түрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер (жеті данышпан кезеңі) негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіруі, (мысалы, сол кездегі афроазия елдерінде жақсы дамыған математика негізіне грек ғұламалары дедуктивтік тәсілді дамытты) арқасында қалыптасқан әлемнің субстанционалдык негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті.
Б. д. д. VII-V антикалық рухани даму мифологиялық, діни көзқарастан ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезенді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б. д. д. V-III ғасыр ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түпнегізінін жалпы дүниетанымдық көзқарас тың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты тұрғы-
сынан түсіндіріп философиялық ойлауды биік деңгейге көте-
руіне байланысты кезеңді - Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.
Эллиндік және Римдік философия.
Егер Платон мен Аристотельдің шығармаларын антикалық дәуірдегі философиялық ой-пікірдің ең биік шыңына жатқызсақ, б. з. д. IV ғ. - V ғ. екі ортасындағы 8 ғасырды көне заманның философиясының бірте-бірте әлсіреп сөнуімен байланыстырамыз. Бұл 8 ғасырда неше түрлі соғыстар, құлдардың көтерілістері, ұлт-азаттық қозғалыстар - бәрі де болды. Бұл уақыт - құлдық қоғамның пісіп-жеткен сатысынан өтіп, сонымен қатар басқа даму жолын таба алмаған заман. Өндіргіш күштер сол бұрынғы мал мен адамның күшіне негізделген, жаңа күш-қуат көздері әлі ашылған жоқ. Сондықтан биіктігі 135 м. Александрия Фаросы теңіздің жағалауында салынғанымен, оған сол бұрынғы құлдардың күші пайдаланған болатын.
Птоломей Филопатер өз заманының ең үлкен соғыс кемесін жасады, ал оны 4 мың құл ескекпен қозғайтын. Ондай кемені қандай жерде пайдалануға болады?
Бірақ бұл заманның ғылым саласында Римде құқ теориясының іргетасы қаланып, соңында бүкіл Еуропа мемлекеттерінің қалыптасуына өзінің зор әсерін тигізеді. Осы уақытқа шейін заңгерлердің негізгі пәндерінің бірі - ол Рим құқы.
Бұл дәуір жөнінде орыстың ұлы философы А. Ф. Лосев айтқандай: «Философияда қажу мен түңілу байқалады . . . Мәресіне жете алмай өшкен, бірақ болуға тиіс болса да, дегенмен болмысқа айналмаған ілімдер . . . ». Бұл ойды эллиністік-римдік философиялық пікірдің жалпы мінездемесі ретінде келтіруге болады.
Киниктер
Әрбір дағдарысқа ұшыраған әділеттілік жойылған қоғамда сондағы тәртіпке ашықтан-ашық қарсы шығатын белгілі бір философиялық саяси ойлар, я болмаса бүкіл өмір салтымен сол қоғамды айыптайтын әлеуметтік топтар пайда болады. XX ғасырдың екінші жартысында біз оларды «хиппи» қозғалысынан, «битниктерден», «кришнаиттерден» т. с. с. байқадық.
Міне, осындай дағдарысқа ұшыраған антикалық дәуірде философия мен этика саласында киниктер мектебі пайда болады. Оларды Грециядағы сократтық мектептердің өкілдеріне жатқызады.
Олардың атын біреулер Киносарг аталатын гимназиямен теңесе, келесілері «куоп» (ит) деген сөзбен теңейді, өйткені осы мектептің негізін қалаған Антисфен: «Адам «ит сияқты өмір сүруі керек», - деген екен. Киниктердің тарихта аты қалған екінші тұлғасы - Диоген Синоптық.
Олардың мақсаты белгілі бір болмыс жөнінде ілім жасау емес, керісінше, жаңа өмір салтын жасап, оны сынау болды Мысалы, Диоген теңіздің жағасында үлкен бөшкеде өмір сүреді, шалшықтан қолымен су алып ішеді, жұрттың көзінше дәрет алады; күндіз шам жағып жүреді. «Неге шам жағып жүрсіз?» - деген сұраққа: «Адам іздеп жүрмін», - деп жауап береді. Атақты Александр Македонский мұндай қызық адамды көрейінші деп оған келгенде, Диоген: «Былайырақ тұршы, күннің сәулесін жауып тұрсың ғой», - деген екен. Киниктердің ілімі бойынша, адамның ең соңғы талғамы ізгілік. Ал оның өзі - бақыт. Ізгілік дегеніміз - аз нәрсеге қанағат ету, залымдықтан аулақ жүру; ізгілікке үйренуге болады, бірақ oған білімнен гөрі ерік керек; ізгілік адамның сөзінен емес, жүріс-тұрысынан байқалады. Азға қанағат ету адамды біреулерге тәуелді болудан арылтады. Бірақ Киниктердің дербестігі бүкіл мәдени әлеуметтік нормалар, өнер, отбасы, мемлекетті теріске шығаруы әкелді. Мұның бәрі де, әрине, сол кездегі қоғамдағы қалың бұқараның өте аянышты жағдайымен байланысты болса керек.
Киниктер жекеменшікті, әлеуметтік айырмашылықты жою керек, адам әлемнің азаматы (космополит) болуы керек деген пікір айтты.
Эпикур философиясы
Эпикур (342-270 б. ғ. д. ) - Демокриттің қолдаушысы. 306 ж. Афина қаласында өзінің мектебін ашты. Ол соңынан «Эпикур бағы» деген атақ алды. Мектептің қақпасында мынандай жазу бар екен: «Жолаушы, мұнда саған жақсы болады: мұнда ләззат алу - ең биік ізгілік».
Эпикур ілімі үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол каноника» (таным теориясы), физика (табиғат жөніндегі ілім) және этика (мораль, әдет-ғұрып) .
Эпикурдың каноникасында сезімдік танымға көп көңіл бөлінген. Дүниені қабылдаудың негізінде заттардың үстіндегі жеңіл атомдардың біздің денемізге кіруі жатыр. Біздің түйсіктерімізге кіріп, олар шынайы қабылдауды туғызады, ал біздің басқа мүшелерімізге кірсе, онда неше түрлі қиялдар пайда болады. Олай болса, сезімдік таным бізді ешқашан алдамайды. Жалғандықтың қайнар көзі ақыл-ойда, тұжырымда. Өйткені ақыл-ой сезімдік танымға неше түрлі қосындылар жасайды. Ал ой дегеніміз -ол сөздердің мән-мағынасы. Сондықтан ойлауда қате жібермес үшін, сөздердің алғашқы мағынасынан таймау керек. Эпикур адамдар, жалпы алғанда, Дүние және адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекеттері жөнінде түсініктер жасайтынына күмән келтірмейді. Ал жеке ғылымдағы мәселелерге келер болсақ, онда әртүрлі пікірлер болуы мүмкін, тек әр адам өзінің ойын жақсы дәлелдей білуі керек.
Эпикур физикасына келер болсақ, оның негізгі қағидалары мынандай:
Еш нәрсе жоқтан пайда болып және жоққа кетпейді. Ғарыш әрқашанда осындай болған және болашақта да осындай болады, өйткені басқаға айналатын еш нәрсе жоқ.
Ғарыш денелер мен кеңістіктен тұрады, денелер жөнінде біздің сезімдеріміз айтады, ал кеңістік болмаса денелердің қозғалысы болмас еді. Денелер бөлінбейді және тұрақты (атомдар), және солардан әртүрлі заттар құрылған.
Ғарыштың көлемі шексіз - атомдар мен денелер жағынан да; кеңістік жағынан алғанда да Ғарыштағы дүниелердің саны шексіз.
Оқырманның байқағанындай, мұндай көзқарас Демокриттің іліміне өте жақын. Тек Эпикурдың көзқарасының айырмашылығы -атомдарға көлемі мен бітімінен тыс салмақ қосылады. Екінші негізгі Эпикурдың жасаған жаңалығы - өзінің салмағы арқылы кеңістікте құлдырап бара жатқан атом алғашқы бағытынан ауытқып кетеді. Олай болатын болса, бұл Демокриттің Дүниеде тек қана қажеттілік пен себеп бар деген көзқарасына үлкен соққы болды. Атомдардың ауытқуын Эпикур оның ішкі қасиеттерінен шығады деп түсіндіреді.
Эпикурдың этикасы мен теологиясы (theos-құдай, logos-ілім)
Эпикур: «Дүниені зерттеу - ол адамның негізгі мақсаты», емес - дейді. Адамның негізгі мақсаты - бақытты өмірге жету. Ал оған жету үшін адамдар Ғарыштың қандай екенін, Құдайлар бар ма, әлде жоқ па, өмір мен өлім жөнінде, табиғаттағы адамның үрейін туғызатын құбылыстар жөнінде өздерінің түсініктерін қалыптастыруы керек. Сонда ғана адам бақытты өмірге жете алады, ал ол үшін философияны оқу керек. Ол ешқашанда ерте де емес, кеш те емес.
Эпикурдың ойынша, бақыт дегеніміз - еш нәрсеге кеселі тимеген ләззат. Ол адамның жаратылысы, табиғатынан шығады. Адам дүниеден ләззат алуға, зардаптан қашуға тырысады. «Сондықтан біз ләззатқа жетуді бақытты өмірдің басы мен аяғы деп есептейміз», - дейді Эпикур.
Осы айтылған және де басқа ойлардың негізінде, жүре келе философияда эпикуреизм деген ұғым пайда болды. Бұл ұғым өмірдің мән-мағынасы ләззатты қууда, құмартуда, Дүниенің барлык қызығын қамтуға тырысуда деген мағына береді. Тарихта, өкінішке қарай, ірі тұлғалардың кейбір ойлары бұрмаланып, сол тұлғалар жөнінде болашақ ұрпақтардың санасында қисық пікір пайда болады.
Мәселенің шынына келеек, Эпикур ләззат алу ұғымын тіпті басқаша түсінді. Егер адамның табиғи қажеттіктері өтелсе (ішетін тамағы, киетін жылы киімі, ауасы жететін жылы баспанасы болса), онда адам өзінің табиғи дарындарын сыртқа шығарып, шығармашылық дәрежесіне көтеріліп, өзін нағыз бақытты адаммын деп сезінеді. Эпикурдың мектебіне оқуға келген адамды алғаш peт қарсы алғанда, оның аяқ-қолын таза сумен шайып, содан кейін бір шелпек нан мен бұлақтың суын беріп: «Ал енді өзіңізді бақытты сезініңіз», - дейді екен.
Эпикур ләззаттың өзін дұрыс түсінуге шақырады, өйткені адамның қажеттіктерін табиғи және жасандыға бөлуге болады. Ал соңғылардың біршамасы тіпті керек те емес. Олардың анықтаушысы - адамның ақыл-ойы, әділеттік және адамгершілік сезімдері.
Ләззат алудың соңғы мақсаты - ол дененің зардабы мен жан дүниесінің қобалжуынан аулақ болу. Оны ол кісі атараксия деген ұғыммен береді (ataraxia - грек сөзі, қобалжымау) . Егер адам тыныш өмірге ұмтылса, жан дүниесі тұрақты болса, дене ауруы болмаса, болашақ зардаптан, өлімнен қорықпаса, онда оның ішкі рухани өмірінің бақыты арта түседі. Қарапайым тынық жерді-. жолдастарыңның арасында, мемлекеттің жұмысына араласпай, өзің-мен-өзің болып өмір сүрсең, сен бақытқа жетесің. Эпикурдың жақсы көретін нақыл сөзі - «Lathe biosas» - байқалмай өмір сүр.
Эпикур материалистік көзқараста болғанмен, Құдайлардың бар екенін мойындады. «Бірақ Құдайлар ғарыштағы дүниелердің ортасында өздерімен-өздері өмірден ләззат алып өмір сүріп жатыр, олардың адамдарға еш қатысы жоқ. Егер олар адамдардың ісіне қатысса, онда олардың рахатқа толы өмірі тоқталар еді», - дейді Эпикур.
Ал адамға келер болсақ, онда оның денесі мен жан дүниисі атомдардан құралғаннан кейін, ол өлгенде, оның жанын құрайтын жеңіл атомдар да тарап кетеді, яғни жан да келмеске кетеді. Ол -табиғи нәрсе, сондықтан одан қорықпау керек.
«Өлім мәселесіне келер болсақ, оның бізге ешқандай қатысы жоқ, біз бұл Дүниеде болсақ, онда өлім әлі жоқ, ал өлім келген кезде, біз жоқпыз», - дейді ойшыл.
Қорыта келе, Эпикурдың философиясы әсіресе моральдық ой-пікірлері өз заманындағы рухани өмірге және содан кейінгі ұрпақтарға өзінің зор әсерін тигізді.
Стоицизм (Стоя) философиясы
Стоя философиясын (stoa - Афина қаласындағы философтардың жиналатын ғимараты) б. ғ. д. 300 ж. Китионнан шыққан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп 500 жылдай уақыт өмір сүрген. Рим Көне Стоя (3-2 ғ. ғ. ), Орта Стоя (2-1 ғ. ғ. ), Соңғы Стоя (1-2 ғ. ғ. ) деп үш уақытқа бөледі. Көне және Орта Стоя мектебінің өкілдерінің толық бір шығармалары қалмаған. Көбінесе Стоя философиясында этика мәселелеріне көбірек назар аударылған.
Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған (космополис) . Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған: еріктелер мен құлдар, байлар мен кедейлер, еркектер мен әйелдер - бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сәйкес өмір салтын ұстайды.
Алайда табиғатқа сәйкес өмір сүру ол өмірдегі материалдық құндылықтарды кеңінен пайдалану, қазіргі замандағы сияқты жаңа қажетіктерді тудыру және оларды өтеу жолдарын іздеу емес, керісінше, адамды қоршаған сыртқы дүниеден тәуелсіз өмір сүру; егер біздің жануарлар әлемінен негізгі айырмашылығымыз ақыл-ойда, саналылығымызда болса, онда ақыл-ойдың, ар-ұжданның басшылығымен өмір сүру - ол нағыз табиғатқа сәйкес өмір сүру болады.
Әрине, бұл ойлардың бәрі, шамасы, үлкен қалалардың тез өсуін, рухани өмірдің тайызданып, азғындауын, тәтті өмірге деген көпшіліктің ұмтылысын сол кездегі ойшылдардың жаратпағындығынан туса керек.
Олай болса, сыртқы Дүниеде қандай төңкерістер жүріп жатса да сені тағдыр қандай тәлтекке салса да, ақыл-ойға негізделген адамгершілік жолдан таймауың керек. Сыртқы Дүниеге қызығу, оған құмарту әр түрлі залымдықтарды тудырады. Стоиктер Аристотельдің «ортаңғы жолын» қатты сынға алады. Ақыл-ойдың, зерденің шын қызметі екі қарама-қарсы жатқан құмартудың арасындағы ортаңғы жолды табу емес, олай болса ақыл-ой әлі де өмірге деген құмартудан толық арылған жоқ. Сондықтан адамның негізгі мақсаты - құмартудан құтылу, еріктік алу, самарқаулық дәрежеге жету (apatia - самарқаулық) . Соңғы стоиктер оны даналық - София дейді.
Байлықты аңсап, соның соңына түскен адам бақытсыз, өйткені ол өз-өзіне зардап әкеледі, ол жаман адам, өйткені ізгіліксіз; ол ақымақ адам, өйткені ақылсыз. Стоиктердің айтуынша, мұндай адамдар халықтың көпшілігін құрайды.
Адамдардың сыртқы бір-бірінен әлеуметтік айырмашылығы надандықтан шыққаннан кейін, оған тіпті мән беріп, я болмаса оған қарсы күреске шақыру - керек емес нәрсе. Оған, әдемісі, коңіл аудармау керек.
Сондықтан тағдырға көніп, ешқандай іңкәрлік жолына түспеу қажет, өйткені ол адамның жан дүниесін түтіндетуі мүмкін.
Бірақ адамның өзіне қарамастан, сыртқы қолайсыз жағдай адамның жан дүниесінің тыныштығын бұзып, өне бойы зардап әкеле берсе, ондағы ең жақсы жол - адамның өзін-өзі өлтіріп, бұл Дүниеден кетуі.
Өздерінің натурфилософиясында Стоиктер Гераклиттің көзқарасына жақын болған. Дүние шығармашылық алғашқы оттан пайда болып, уақыты өткеннен кейін, лаулаған дүниежүзілік отта жанып кетеді. Содан кейін тағы да Дүние басқа түрде келіп, тағы да жанып кетеді, ол - мәңгілік алмасу. Құдай табиғаттың барлық жақтарынан өтеді, сіңеді. Сонымен қатар ол бүкіл Дүниені басқарады және барлық болатын жер бетіндегі оқиғаларды біліп отырады. Мұндай көзқарас адам өмірінде фаталистік көзқарастарды тудырады (fatum - лат. сөзі, тағдырға сену) .
Скептицизм
Антикалық философияның соңғы сатысындағы тағы бір ағым - ол скептицизм (skeptikos - ізденуші, зерттеуші) . Олар өздерінің аты ізденуші болса да, барлық Дүние
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz