Компьютердің бала денсаулығына кері әсері


Аңдатпа

Бұл баяндамада бүгінгі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамыған заманымыздың басты талабы болып отырған компьютердің, әсіресе интернеттің, компьютерлік ойындардың бала психологиясының бұзылуына және денсаулығына кері әсер ететіндігі жайлы мәселелер баяндалған.

Аннотация

В этом докладе затрагиваются важнейшие проблемы современного мира в плане развития информационно-коммуникативных технологий, а также пагубное влияние компьютера, интернета, компьютерных игр на психологическое состяние и здоровье подрастающего поколения.

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Компьютердің бала денсаулығына зияны;
  2. Интернет - бүкілдүниежүзілік шырмауық.

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Компьютердің бала денсаулығына кері әсері

Баяндаманы дайындаған: Төлепберген Ақерке 9-сынып оқушысы

Ғылыми жетекші: Садыбаева Назкен Жақсылыққызы

Информатика пәні мұғалімі

Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамыған уақытында біз қаласақ та, қаламасақ та баланы компьютерсіз, ұялы телефонсыз, МР-3, МР-4, i-Pod-сыз елестету мүлде қиын. Өйткені өркениетті қоғамның тірлігін компьютерсіз көз алдыңызға келтіру мүмкін емес. Енді осы компьютерге анықтама беріп көрейік. Компьютер - ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады. Тоқсан ауыз сөзді түйіндер болсақ «компьютер - уақыт талабы». Компьютер көп жұмысымызды оңайлататыны анық. 1990-шы жылдардың соңында еліміздің табалдырығын имене аттаған компьютер бүгінде төрімізді жаулап алған. ХХІ ғасыр - компьютер заманы. Сондықтан өскелең ұрпақтың виртуалды әлемді жан-жақты меңгергендігіне қуанамыз. Интернеттің арқасында қазіргі кезде ел орталығы мен шет аймақтар арасындағы ақпараттық алшақтық жойыла түсуде. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» да, ғылыми-танымдық ізденістеріңізде сізге көмекші болатын да - осылар. Тіпті компьютердің күрделі бағдарламаларын былай қойғанда, оның басқа да қарапайым, бірақ керемет артықшылықтары барын барлық жастағы тұтынушылар баяғыда-ақ бағалап қойған.

Ал енді тек балалар әлеміне ғана игі әсер ететін жағын айтар болсақ. Балалар сәби кезінен компьютерлік ойындарды еркін меңгерулері арқылы есейе келе стратегиялық шешімдерді жылдам қабылдай алатын қабілетке ие болатын көрінеді. Интернет арқылы сабақ әзірлеген кезде балалар есептеу, мәтінді оқу және географиялық карталармен жұмыс жасау, яғни тану үдерістерін танымдық тұрғыда едәуір жедел меңгеретін болып шықты. Оқытудың компьютерлік технологиясы - мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру процестері. Сонымен қатар балалардың кішкентайынан-ақ интернет арқылы ақпаратты жабу, жинақтау және оны тиімді түрде сұрыптау істерінің шебері болатыны нақты істе дәлелденіп отыр. Демек, біздің ұрпақтарымыздың болашағы осы аталған технологияларға тікелей байланысты. Дей отырсақта бесаспап бұл құралдың адамға тигізер пайдасымен қатар зияны да мол. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, компьютердің зиянды жақтары қазірдің өзінде бой көрсетіп, оның салдарының адамзат үшін оңай болмайтындығын аңғартқан сыңайы бар.

Тірі пендемен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын пенделер қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Компьютердегі алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін ерте кезде-ақ ғылыми негізде дәлелденген.

Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынадай:

  • көздің көру қабілетін төмендетеді:
  • омыртқалардың қисаюына әкеледі;
  • жүйкеге салмақ түсіреді;
  • шаршағыштық, әлсіздік басады.

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі балалар арасында «компьютерлік көру синдромы» деген диагноз жиі кездеседі. Бұл теледидар алдында көп отырғаннан, компьютермен жұмыс істеудің қарапайым ережелерін сақтамаудан болады.

Компьютермен жұмыс істеу ережелері:

  • компьютердің мониторы мен көзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет;
  • компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек;
  • күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз дұрыс;
  • компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз;
  • ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек;
  • балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасап отыру керек;
  • көзге жасалатын жаттығуларды жасап отыру керек;
  • оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқу керек, көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді.

Осы жұмысты жүргізу барысында мен мектептің оқушылары мен мұғалімдеріне келесі сұрақтарды қойған болатынмын:

1. Қол мен көзге арналған жаттығуларды орындайсыз ба?

24, 5 пайызы қол мен көзге арналған жаттығуларды орындайтынын, ал 75, 5 пайызы оны мүлдем орындамайтынын айтты.

2. Компьютермен жұмыс жасау нормаларын білесің бе?

Осы сұрақ қойылған кезде оқушылардың жартысынан көбі компьютермен жұмыс жасау нормаларын білетіндіктерін мойындады, бірақ оны жұмыс жасау барысын келгенде қолданбайтындықтарын айтып кетті. Неге? Бұл сұраққа оқушылардың ешқайсысы жауап бере алмады. Сонда бұл өз өміріне жауапсыздықпен қарау ма?

3. Компьютер алдында неше сағат отырасың?

Мектептерде өткен медициналық бақылау балалардың жетпіс пайызында жақыннан көру ауруы бар екенін, ал олардың жиырмасында көз бұлшық етінің көп жұмыс істегендігінен болатын «аккомодация спазмы» бар екенін көрсетіп отыр. Бұл көз ауруын емдеуге болады, тек оған тәртіпті қатаң сақтау қажет, яғни орта жастағы немесе ересек балалар монитордың алдында 40 минуттан артық отырмауы керек. Өкініштісі осы ережені ешкімнің сақтағысы келмейді.

Компьютерде көп отырған балалардың омыртқасы да қисая бастайды да, соның салдарынан миына оттегі аз баратын болады, әрі бұл да біртіндеп көз көруінің нашарлауына алып барады. Сонымен бірге мойын, бастың, қолдың және иық бұлшық еттеріне күш түсіп, осыдан омыртқаға артық жүктеме болып, ересектерде «остерохондроз», ал балаларда «сколиоз» пайда болады. Отырып көп жұмыс істейтін адамдарда, орындықта көп отырғанда жамбас мүшелерінде қан айналымының нашарлауына әкеліп соғады, мұның салдарынан «простатит» және «гемаррой» пайда болады. Бұдан басқа қозғалыстың аз болуы май басуға әкеледі.

Дәрігер мамандардың айтуынша, ұзақ мерзім жүйеге қосылып тұрған компьютерден электромагниттік зиянды өрістер пайда болады да, ол ауа құрамындағы ағзаға пайдалы түрлі иондарды жоя бастайды. «нәтижесінде сол бөлмеде «өлі» ауа құрамы пайда болады», - дейді мамандар. Жоғарыда айтылып кеткендей компьютерде отырған бала ағзасына ауа шамадан тыс аз түсіп, түрлі ауруларға жол ашылады. Қауіпсіздік үшін компьютерлерге арналған сүзгілерді пайдаланған жөн. Дегенмен оның пайдасы тым аз. Тамаққа деген тәбеті де төмендейді. Ішкен асы дұрыс қорытылмайды. Денені шынықтыратын қимыл-қозғалысы көп ойындармен айналыспаған баланың ағзасы мардымсыз тамақ ішуге көндігіп алады. Нәтижесінде баланың физиологиялық қарқыны да тежелетін боп шығады. Тіпті компьютерге құмар кейбір балалар талма ауруларынада душар болады.

Қол саусақтарымен пернетақтаны үнемі басқан соң жансыздану, әлсіздік пайда болады. Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан әрі қарай қол ұшының ауруы созылмалы жағдайға өтеді.

Компьютерде және оның маңында шаң көптеп жиналады, бұл сол жұмыс аумағын ластайды. Лас болған жерде әртүрлі микробтар, бактериялар болады. Осының бәрі аллергиядан бастап әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін.

Бұдан да сорақысы - интернетке тәуелділік. Интернет және компьютерлік ойындар психикалық проблема ретінде сипатталады. «Игромания» және «агентомания» дегеніміз осы. Әсіресе, әлі дүниетанымы толық қалыптасып үлгермеген жеткіншек үшін интернет өте қауіпті. Біздің елімізде интернеттегі зорлық-зомбылықтарға заң тұрғысынан белгілі бір деңгейде шектеулер қойылмаған. Мәселен, жастардың қолымен жасалған қылмыстарды алыңыз. Қатыгездіктен жан шошиды, ал аяушылық жоққа тән. Мұның бәрі қайдан? Әрине, интернеттен.

Интернет пен компьютерлік ойындарға құмар балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы қиынға соғады, мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Өмірдегі өзгерістерге, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа, қимыл мен іс-әрекеттерге толы ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім «жабық әлем» қалыптасады.

Баланың интернет арқылы қабылдап жатқан ақпараты көбіне бұзақылық сипатта болып келеді де, баланың қоғамдық өміріндегі жағымды бағытына кері әсер етеді.

Компьютерде көп отыратын балаларды бақылаған кезде жасөспірімдердің даму деңгейінің төмендейтіндігі, ойлау қабілетінің нашарлайтыны, назар аудару қабілеті мен сараптамалық қабілетінің әлсірейтіні белгілі болған. Көптеген балалар жаңа ғана айтқан нәрсені есінен тез шығарып, тіпті сөйлем құрауға қиналады екен.

Интернетке және компьютерге тәуелділіктің негізгі белгілері:

  • бақылауды жоғалту, яғни компьютер алдында үзіліссіз шамадан тыс көп отыру;
  • әлеуметтік ортадан оқшаулану, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасының бұзылуы. Үйдегі адамдармен, достарымен байланысын үзу немесе оларды мүлде елемеу;
  • шынайы өмірден алшақтап кету;
  • басқа жұмысты немесе сабағын қойып, интернетке ұмтылып тұру;
  • іс-әрекеті мен мінезінің жиі құбылуы;
  • интернетті пайдалануға кедергі туа қалғанда жүйкесінің қозуы;
  • интернетке немесе компьютер алдында отыруды азайтамын деп азайта алмау;

Оқушыларға интернетке байланысты сұрақтар қойылды.

1. Интернет алдында қанша уақыт отырасыз?

2. Компьютерлік ойындарға қаншалықты қызығасыз?

Жоғарыдағы көрсеткіштерге зер сала қарасаңыздар, балалар уақыттарының көбісін интернет пен компьютерлік ойындарға жұмсайды деген сөз. Яғни олардың сабақ оқуларына жұмсаған уақыттарынан компьютерде отырған уақыттары әлде қайда көп.

Интернетпен жұмыс кезінде нервтік-эмоциональдық жүйеге жоғары дәрежеде күш түседі. Интернетпен қатынасу кезінде, ол өзінің байланыс жасап отырған досымен ойындар ойнауы мүмкін. Ойындар барысында олардың нерв жүйесі қатты шаршауы мүмкін, себебі жылдам жауап беріп, тез қимылдауды талап етеді. Нерв жүйесінің қысқа уақытта жылдам жұмыс істеуі жас баланың шаршауын тездетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютермен жұмыс істегендегі қауіпсіздік. ұялы телефон қауіпсіздігі
Компьютер қауіпі
Компьютер - адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі
Оқушылардың биоактивті нүктелерінің электрофизиологиялық көрсеткіштеріне персональды компьютерді пайдалануының әсері
Компьютер және балалар
Компьютердің пайдасы мен зияны
Ғаламтор желісінің пайдасы мен зияны
Компьютерлік ойындардың бала психикасына кері әсері
Компьютерлік ойындардың мінез - құлыққа агрессивті әсер ету проблемалары
Информатиканың бастауыш сыныптарда оқытылатын басқа пәндермен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz