Қазақ жерінде ислам діні



1 Қазақ жеріне ислам діні
2 Ислам діни дәстүрлерінің түркілер сенімінде басты орын алуы
3 Ислам діни дәстүрлерінің түркілер сенімінде басты орын алуы
4 Халық арасында ислам дінінің ықпалы
Қазақ жеріне ислам діні сопылық ілімді уағыздаған дәруіштер сұхбаты арқылы енді. Олар халық дүниетанымындағы құндылығын арттыра түсетін сопылық ілімді дамытқаны үшін әулиеге баланды. Сондықтан олардың қабірінің басына тұрғызылған кесенелер тәубе ететін киелі орын ретінде танылды. Түбі бір түркі халықтарының барлығы қазіргі күннің өзінде зиярат жасайтын қасиетті орын ретінде санайды. Соның ішінде даналық хикметтері арқылы халық сеніміне иман ұялатқан Ахмет Ясауи ілімнің орны ерекше. Ахмет Ясауи ілімінің маңызы мен негізгі мақсатын, даму ерекшелігін танып білу үшін ең алдымен түркі халықтарының ежелгі салт дәстүрлері мен діни сеніміне назар аударғанымыз жөн.
Түркілер ежелден қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылысында көкке сиынып, көк тәңірге арнап құрбандық шалған. Табиғаттың түрлі құбылыстарына гректер тәрізді «Зевс», «Пасейдон», «Гера» немесе үнділер тәрізді «Ваю», «Атман», «Вайша» деп жеке атау беріп, түрлі сиыну рәсімдері мен дәстүрлерін қалыптастырып, қоғам ішінде әр-түрлі сенімдердің белең алуына жол бермей табиғатты билеуші ортақ күштің көк тәңірі екенін танытты. Түркі халықтарының соғыс жорықтарын қолдайтын әрі жеңіс әперетін тәңірі ұлан байтақ жерде қағанат құрып, оны басқаруға да дем берген. Мұны өз кезегінде В. В. Бартольд ерекше атап өтеді: «Қаған өз тағы үшін халыққа борыштар. Өйткені тайпалық құрылымдардың бірлесуі жалпы халықты құрайды. Дегенмен хан өзінің таққа отыруын халықтан емес тәңірінің қолдауымен жүзеге асады деп санады» [1].

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ жеріне ислам діні сопылық ілімді уағыздаған дәруіштер сұхбаты
арқылы енді. Олар халық дүниетанымындағы құндылығын арттыра түсетін сопылық
ілімді дамытқаны үшін әулиеге баланды. Сондықтан олардың қабірінің басына
тұрғызылған кесенелер тәубе ететін киелі орын ретінде танылды. Түбі бір
түркі халықтарының барлығы қазіргі күннің өзінде зиярат жасайтын қасиетті
орын ретінде санайды. Соның ішінде даналық хикметтері арқылы халық сеніміне
иман ұялатқан Ахмет Ясауи ілімнің орны ерекше. Ахмет Ясауи ілімінің маңызы
мен негізгі мақсатын, даму ерекшелігін танып білу үшін ең алдымен түркі
халықтарының ежелгі салт дәстүрлері мен діни сеніміне назар аударғанымыз
жөн.
Түркілер ежелден қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылысында көкке
сиынып, көк тәңірге арнап құрбандық шалған. Табиғаттың түрлі құбылыстарына
гректер тәрізді Зевс, Пасейдон, Гера немесе үнділер тәрізді Ваю,
Атман, Вайша деп жеке атау беріп, түрлі сиыну рәсімдері мен дәстүрлерін
қалыптастырып, қоғам ішінде әр-түрлі сенімдердің белең алуына жол бермей
табиғатты билеуші ортақ күштің көк тәңірі екенін танытты. Түркі
халықтарының соғыс жорықтарын қолдайтын әрі жеңіс әперетін тәңірі ұлан
байтақ жерде қағанат құрып, оны басқаруға да дем берген. Мұны өз кезегінде
В. В. Бартольд ерекше атап өтеді: Қаған өз тағы үшін халыққа борыштар.
Өйткені тайпалық құрылымдардың бірлесуі жалпы халықты құрайды. Дегенмен хан
өзінің таққа отыруын халықтан емес тәңірінің қолдауымен жүзеге асады деп
санады [1].
Барлық діннің негізінде болмыстың түбірін танып білу және сол арқылы
өмір даналығын іздеуге талпыныс орын алған. Міне, түркілерде Адамның
әлемдегі орны, Алғашқы жаратылыс, Болмысты жаратушы тәрізді алғашқы
философиялық талдауларды өз дәстүрлеріне лайықты етіп түсіндіре алды. Адам
әлемдегі құбылыстарды логикалық тұрғыдан ақыл-ой күшімен танып білуге
қауқарсыз дәуірде діни қызметкерлердің жорамалдарын негізге ала отырып
әрекет жасады. С. Орынбеков Түркілер түсінігінде тәңірі өмір сүрудің
негізі. Кейбірі тәңірі деп аспанның көкшілдігін айтса, басқалары тәңірді
аспан ретінде қабылдады [3] -деп, табиғи залаладан арашалайтын рухани
күштің көк аспан аясында екеніне назар аудартады. Д. Банзаров пен К.
Яковлевтің пікірлерін негізге алған Л. Гумилев Тағыр-тайық әдет ғұрпы
бойынша түркілердің көк тәңіріге сиынуы әруақтарға сиынуынан жоғары тұрады.
Тағыр-тайық дәстүрінде бүкіл қауым ерлері жиылып тәңірі құрметіне
құрбандық шалады. Сойылған мал еті түгел тарқатылып, құрбандықтың аяғы
үлкен тойға ұласады. Л. Гумилев Тағыр-тайық дәстүрінде адам рухынан
жоғары құдірет күшіне табынушылыққа баса назар аударып, ол құдірет күшін
жарық деп көрсетеді.
Ақылға-ойға тәуелсіз адам өміріндегі рухани қажеттіліктер Тағыр-
тайық дәстүрі іспетті құрбандық шалумен толысады. Бұл қажеттілік адамның
психологиялық әлсіздігінен туындаған әрекет емес, оның мәні одан да тереңде
жатыр. Яғни, адам өміріне жауапты түрде қарайтын бір рухани күштің барын
біліп, соған сену. Ислам дінін мойындаған әр мұсылман да осы принципке
бағынған. Яғни, Алладан басқа табынатын Тәңірдің жоқтығына және де сендім
Мұхаммед оның құлы және елшісі екеніне-деп сенім келтірумен ғана
мұсылмандар қатарына қосылған. Сонымен, түркілер көкке, күн мен айға
жоғарыдан шапағат беретін күш есебінде табынумен қатар ата-баба рухында
қастерлеген. Жарық дүниеде үстемдігін жүргізген құдірет иесі көк тәңірі
адамзат қаза болғаннан кейін, өз үстемдігін жояды. Адам жер мен көктің
аясында дүниеге келіп, соның аясында өмірден өтеді. Яғни тәні жер ана
қойнауына қойылса, рухы көкке көтеріледі. Осы сәттен бастап барлық құдірет
күштерінен тәуелсіз аруаққа айналады. Аруақтар өзінің ұрпақтарына
қиыншылықта сүйенер сүйеніші болған. Сондықтан соғыс шайқасына кіргенде, ат
бәйгеден келе жатқанда және палуан күресінің жұлқысында ата-бабаларының
атын ұран етіп шақырып, олардың аруағынан медет күткен.
Осы жерде басты назар аударатын мәселе, түркілердің ата-баба аруағын
қастерлеп, қадір тұтуын көк тәңіріге сыйынумен салыстырып, бірін-бірінен
төмен немесе жоғары деп қарастыру қате. Өйткені бұл нанымдар түркі
халықтарының танымдық жүйесінен өзіндік орын алған және бір-біріне бергісіз
рухани күштерге ие. Сондықтан, бұлардың өзара айырмасын немесе үстемдігін
айқындағаннан гөрі, екеуі бірлесіп келгенде ғана түркілердің рухани
мұқтаждығын өтейтінін ескергеніміз жөн. Тәңіріге шалынған құрбандық ата-
баба рухына да тиесілі етілген. Қаншама ғасыр өтсе дағы, қазірдің өзінде
тәңірге (Алла) арналып шалынған малға оқылған құран ата-баба рухына
бағышталады. Түркілер аруақтарға бағыштап төрт түліктің қайсысын болсын
құрбандыққа шалған. Тірісінде аруағы асқан кісілердің мазарына барып қан
шығарып, өзінің қолы жетпей жүрген көкейтесті арманын өтеуді тілеп, кей-
кездері көзінің қарашығындай ұстаған қимасын атаған. Егер де тілеген арманы
орындалар болса, атағанын құрбандыққа шалған. Бұл көріністі жақсы бағалаған
С. Нестеров, Дағдарыс қаншалықты қатты болса, құрбандық сонша бағалы болуы
шарт,-деген. Көшпенділер үшін бағалы жылқы малы. Өйткені жылқы жауға шапса
- сәйгүлігі, көшсе, жүрсе - көлігі, тойларда көкпар, бәйге ойындарында
қызықтайтын құмары. Қимастық істесе, тәңірінің қаһарына ұшырап, қайғы-
қасіретке шалдығамыз немесе аруақтар мазарда тынышынан айырылады - деген
ұғымдағы түсінік қалыптасқан. Бұл рухани тәсілдер мен филососфиялық ойлар
адамзат баласына түрлі идеяларды ұсынды. Құрбандыққа негізделген діни
философиялық дәстүрлер де адам түйсігінің күшімен түзілген. Адамзат
танымының қуаттылығын көрсеткен Н. Кузанский: Адамзат өз ақыл-ойының
шығармашылық қызметі арқылы тәңірі ретінде танылды. Демек, адамзат өзіне
беймәлім болған рухани күштерге табынып, табиғат аясында өз орнын
белгілейтін философиялық тұжырымдарды қалыптастырды. Бұл тұжырымдар өмір
ақиқатының негізгі нормаларын түзді. Бұл жөнінде Гегель: Дінге деген сезім
адамзат рухында философиялық ізденістердің қортындысы ретінде пайда болды
- деп, рухани күштерге деген сезімнің адамзат ақыл-ойынан тысқары нәрсе
еместігін түсіндіреді.
Табиғат құпиясын білуге құштарлық танытқан бақсы-балгерлер нақ сол
рухани күштермен адам арасындағы байланысты реттеп отырған. Бақсылар
қобыздың сарынына елтіп, жын шақырып, тәңірінің қолдауымен адамзатты
қауіп-қатерден сақтандырды. Тағдырға алдын-ала болжау жасап, табиғат
күштерін игергендігі соншалық, кейде айдай ашық күні аспаннан қара бұлт
төндіріп, нөсерлеткен немесе аяқ астынан дауыл тұрғызып, айналасының астан-
кестеңін шығарған. Олар емдеу ісімен болжау жасаудан құралақан болмаған
тәрізді. Оны бақсы атауына балгер, емші сөздерінің қосылуы айшықтай түседі.
Әлі күнге дейін халық арасында бақсы-балгердің емдеу үстіндегі әдіс-
тәсілдері мен жындарын шақырып, зікір салу қимылдары жөнінде түрлі
пікірлер сақталған. Бір қызығы, ол аңыз әңгіме немесе ертегі кейіпкері
ретінде емес, сиқыр күшін бағындырған емші кейпінде танымал.
Ш. Уәлиханов бақсыларды жәрдем сұрар жындарына қарай үлкен, орташа,
ұсақ деп үш топқа бөлшектеп, үлкен бақсының іс-шаралары мен әдіс-
тәсілдеріне кеңінен тоқталады. Шамандық наным тек жынын шақырып, адамның
сырқатын емдеуден құралған жоқ. Дін басында халыққа ықпалы зор, түркілердің
рухани сүйенішіне айналған біліктілері тұрғанын естен шығармағанымыз абзал.
Олар өмір қиыншылығына төтеп беруге жәрдемі тиер білікті рухани ұстаз
қызметін атқарды. Орхон жазба ескерткішінде білік сөзі - басқарушы,
данышпан деген мағынада қолданылады. Ал Жүсіп Баласағұнидің Құтты
білігінде білім деген мағынаны береді. Шындығында білім басқаруға
жетелер алғашқы құрал. Білім мен басқаруды ішінара бірлестірген біліктілік
қасиеті кез-келгеннің бойына дарымаған.
Халық арасында аты аңызға айналған білікті тұлғалардың бірі Қорқыт-
Ата. Оның айтқан әрбір нақыл сөзі өз алдына түркілік философияның маңызын
түзеді: Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес... Мінген атың қиналмайынша жол
алынбас... Шалып кесер өз қылышыңды мұқалтып шалғанша, шалмаса игі. Жалған
сөз бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жеріне алғаш ислам дінінің келуі
Қазақстандағы діндер
Ислам діні қазақ жерінде таралуы.Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары
Ислам дінінің таралуы
Дін тарихы Республика жерінде таралған негізгі діндер
Жақия қажы Бейсенбайұлы өмірбаяны
Ислам діні туралы мәліметтер
Қазақ жеріндегі ислам діні және шаман діні
Қазақстандағы дәстүрлі емес ислами ағымдар
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
Пәндер