Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жолдары



1 Тіл дамыту жұмыстарының негізгі мақсаты
2 Қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйретудің басты шарты
Тіл дамыту жұмыстарының негізгі мақсаты - өзге тілді жастардың өз ойын қазақ тілінде ауызша не жазбаша түрде толық жеткізуге, қазақ тілінде сөйлеген сөзді жақсы түсінуге үйрету. Орыс тілді сыныптарда қазақ тілін оқытудың алғашқы кезеңінде оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға баса көңіл аударылады.
Оқу тілі орыс тілінде жүретін сыныптарда тіл дамыту жұмысына мынандай талаптар қойылады: тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру; тіліміздегі сөздерді орфоэпиялық ережелерге сай айта білуін қалыптастыру; сөздерді дұрыс байланыстырып, өз ойын дұрыс, жүйелі жеткізе білуге үйрету, т.б.
Орыс тілді сыныптарда ауызша тіл дамыту жұмыстарына баса назар аударылады. Мұғалім әр оқушының ауызша жауабын тыңдай отырып, оның қандай қате жібергенін анықтап, сол қателерді жою мақсатында түрлі жұмыстар жүргізуі тиіс. Әсіресе, мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелету, мәтінге ауызша жоспар жасату, сөйлем құрастыру, белгі адамдар өмірі мен шығармашылығы туралы ауызша немесе жазбаша әңгімелету, т.б. жұмыс түрлерін жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет.
Оқушының сөздік қорын дамыту, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айта білу, сөз тіркесін құрастыра білу қабілеттерін дамыту – байланыстырып сөйлеуге үйретудің шарты. Бұған Ы.Мамановтың: «Сөздердің бір-бірімен байланысып, сөз тіркесін құрауда грамматикалық формалардың басты рөл атқаратынын, ендеше грамматикасыз тіл үйрету мүмкін емес ...», - деген тұжырымы дәлел бола алады.
1. Маманов Ы. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту. Алматы, 1980
2. Текучев А.В. Методика преподавание русского языка. М., 1980
3. Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы. Алматы, 1989

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Текесбаева Р.М. - № 19 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі (Алматы
қ.)

Тіл дамыту жұмыстарының негізгі мақсаты - өзге тілді жастардың өз ойын
қазақ тілінде ауызша не жазбаша түрде толық жеткізуге, қазақ тілінде
сөйлеген сөзді жақсы түсінуге үйрету. Орыс тілді сыныптарда қазақ тілін
оқытудың алғашқы кезеңінде оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға
баса көңіл аударылады.

Оқу тілі орыс тілінде жүретін сыныптарда тіл дамыту жұмысына мынандай
талаптар қойылады: тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру; тіліміздегі
сөздерді орфоэпиялық ережелерге сай айта білуін қалыптастыру; сөздерді
дұрыс байланыстырып, өз ойын дұрыс, жүйелі жеткізе білуге үйрету, т.б.

Орыс тілді сыныптарда ауызша тіл дамыту жұмыстарына баса назар
аударылады. Мұғалім әр оқушының ауызша жауабын тыңдай отырып, оның қандай
қате жібергенін анықтап, сол қателерді жою мақсатында түрлі жұмыстар
жүргізуі тиіс. Әсіресе, мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелету, мәтінге ауызша
жоспар жасату, сөйлем құрастыру, белгі адамдар өмірі мен шығармашылығы
туралы ауызша немесе жазбаша әңгімелету, т.б. жұмыс түрлерін жүйелі түрде
жүргізіп отыру қажет.

Оқушының сөздік қорын дамыту, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру,
дыбыстарды дұрыс айта білу, сөз тіркесін құрастыра білу қабілеттерін дамыту
– байланыстырып сөйлеуге үйретудің шарты. Бұған Ы.Мамановтың: Сөздердің
бір-бірімен байланысып, сөз тіркесін құрауда грамматикалық формалардың
басты рөл атқаратынын, ендеше грамматикасыз тіл үйрету мүмкін емес ..., -
деген тұжырымы дәлел бола алады.

Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру олардың дұрыс жазу дағдысын
меңгеруіне негіз болады. Оқушыны қазақ тілінде сөйлеуге үйретуді тілімізге
тән дыбыстарды меңгертуден бастаған жөн. Қазақ тіліне тән дыбыстардың
емлесін меңгерген оқушы тіліміздегі сөздерді дұрыс айтып, жаза білетін
болады. Тілімізге тән дыбыстарды жекелей айтқызу арқылы кез келген сөз
құрамында осы дыбыстардың дұрыс айтылуын меңгертуге дайындаймыз. Қазақ
тіліне тән дыбыстарды өткенде жаңа сөздерді меңгертіп отырамыз. Бұл қазақ
тілінің фонетикасын оқып үйренудің лексикамен тығыз байланысын айқындайды.

Қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйретудің басты шарты – үндестік заңын
меңгерту болып табылады. Дыбыстардың өзара тіркесу заңдылықтарын, сөздердің
байланысу жолдарын білмей тұрып, сөйлем құрату мүмкін емес.

Оқушылардың қазақ тілін меңгерту үшін мынандай жұмыстарды ұйымдастыру
тиімді:

1. Фонетика, лексика, синтаксис мәселелерін салыстыра отырып,
ережелерді меңгерту.
2. Сабақта сұрақ-жауап әдісін жиі қолдана отырып, оқушылардың
қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға тырысу.
3. Мәтінмен жұмыс. Мәтін бойынша жұмысты түрлі жолмен өткізуге
болады:
• мәнерлеп оқыту;
• түсінуге қиын сөздердің мағынасын ашу;
• мәтіннен жаңа сөздерді тапқызу, олардың айтылуы мен жазылуын,
мағынасын меңгерту;
• мәтін бойынша сұрақтар қойып, оған жауап алу;
• мәтінге тақырып қойғызу;
• мәтін бойынша жоспар жасату;
• мәтін мазмұнын әңгімелету;
• мәтін мазмұны бойынша оқушыларға сұрақ дайындату, т.б.
4. Жаттығу жұмысы. Жаттығу – грамматиканың теориялық курсы бойынша
білімді бекіту мақсатындағы оқушының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Ағылшын тіл сабағындағы жазбаша коммуникативтік құзіреттіліктің маңызы
Қазақ тілі сабағындағы жазылым әрекетін қалыптастыру жолдары
Әдебиет сабағында көрнекіліктерді қолдануың тиімді жолдары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
ҮІІІ типтегі арнайы түзету мектебіндегі ақыл-есі кем кіші сынып оқушыларының тіл дамыту сабағында сөздік қорын байыту
Тілдің негізгі элементі - сөздік қор
Бастауыш мектепте оқыту туралы
«Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы»
Әдебиет сабағындағы көрнекілік құралдарының жалпы сипаттамасы
Пәндер