Қазақстандағы Ұлттық банк және оның банк жүйесіндегі рөлі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы Ұлттық банк және

оның банк жүйесіндегі рөлі.

Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты - экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтаммасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы - несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне - шаруашылық сүбъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкі соны жасайды. Оның клиенттері-коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкі де банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі “Банктердің Банкі”.

Ұлттық (орталық) банк “банктердің банкі” қызметін атқару үшін:

  • коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды.
  • коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттілік-теріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді.
  • Жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады.
  • Банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.

Ұлттық (Орталық) банкінің маңызды қызметі - банктердің, жинақ және т. б. несиелік мекемелердің резевтер деп аталатын салымдардын сақтау болып табылады. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы” және “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің нешелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.

Ұлттық (Орталық) банк-коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық-несиелік мекемелерді нешелеу қызметін атқарады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді. Аукциондық несиелерді енгізу (1993 жылдың аяғында) кезінде көп қолданатын директивті несиелерден айрықша несие ретінде, нақты (нарықтық) пайыз мөлшерлемесін белгілеуге мүмкіндік берді. Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие, және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие “банктердің банкі”, “соңғы сатыдағы несие беруші” рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-тендік саясатын жүргізеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму саясатында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырылысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқада материалдық құндылықтардан туратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде мына қаражаттар есебін құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмекетесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • Ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
  • Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.

Ұлттық банкі жұмысының

негізгі бағыттары.

  • елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару,
  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті) есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
  • банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
  • банк ісін бақылау және қадағалау;
  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
  • ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
  • валюталық операциларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т. б.

Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады.

  • меншікті қаражаттары
  • басқа банктермен тартылған және келісім-шарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған қаражаттар
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
  • Мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан

Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқада мәселелері “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы және “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Ережесі негізінде анықталады.

Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылы құрылымы 6-сызбада көрсетілген.

Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына -Ұлттық банк төрағасы, оның төрт орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерің экономикалық рөлі
Банктік қызметтің мәні
Қарыз капиталының қорлануы
Банк ресурстарынын қалыптастыру теориясы
Банктердің экономика дамуындағы рөлі
Банктер нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпкерліктің дербес түрі
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесi
Қарыз капиталы өнеркәсіп капиталының оқшауланған бір бөлігі
Қазақстанның банк жүйесі туралы
Қазақстандағы банк жүйесінің қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz